■
45 - бұранды жонғыш (код 4271): бұранды жону М52 х
1,5 - 8g ақырғы. Білдек - бұранды жонғыш (код 391632)
мод. 5Б63Г. Айлабұйымдары - центрлер (код 392840),
жетектемелі құрылғы (код 396115). Базалау - центрлі
тесіктері бойынша. Құрал
- бұранды тарақты жонғыш
маркасы Р6М5 (код 391810). Өлшеу құралы - бұранды
калибр-сақиналар М52 х 1,5 - 8g (код 393140).
Берілген топтың нақты біліктеріне жұмыс маршрут процестерін
құрған кезде операциялардың бір бөлігі түсірілуі мүмкін (мысалы,
білікте бұранды, оймакілтектері,
кілтекті бунақтары немесе
басқалары
болмағанда).
Келтірілген
процестің
кейбір
операцияларында білікті өңдеуге және өлшеуге қажетті кескіш және
өлшеу құралдарының барлығы аталмаған.
Біліктерді
жону
өңдеуі
кезінде
цилиндрлі,
конусты,
оймакілтекті, бұранды және өзге үстіңгі беттерді жөрмелейді. Бұл
ретте алынатын үстіңгі беттердің дәлдігі мен кедір-бұдырлығы 2.2-
кестеде
келтірілген.
Біліктерді
жонып
өңдеу
кезіндегі
технологиялық базалар білік білдегіне орнатылған сол шетжағы мен
центрлі тесіктер болып табылады.
Бұл шетжақтан осьтік және
сызықтық өлшемдердің дәлдігін қамтамасыз етуге ыңғайлы, себебі
құралкүймешіктердің бойлық жылжуын шектейтін тірек жүйелері
айналдырғы белдемесімен байланысты. Жонып өңдеу өндіріс үлгісі
мен біліктердің құрылымына байланысты түрлі білдектерде
орындайды: жеке-дара және ұсақ сериялы өндірісте - жонғыш-
бұрама кескіш
және ЧПУ жону білдектерінде, орта сериялы
өндірісте - көп кескіштерде және басқаларында.
2.15-суретте,
а илемнен алынған дайындаманы өңдеу кезінде
көп кескішті білдекті баптау схемасы. Бұл
жағдайда баптауды әдіпті
бөлу әдісі бойынша өткізеді. Кескіштермен
2 және
3 алынатын
әдіптер тым үлкен, және олардың
бір жұмыс барысында кетіру
қиындатады. Сондықтан кескіш
1 жұмысын оң шетжағынан
бастайды,
әдіпті I кеседі, ал кескіштер
2 және
3 әдіптің қалған
бөліктерін ІІ және ІІІ кеседі. Бұл жағдайда кесудің қосынды қуаты
кескіштің қайрайтын сатысына келетін әдіпті кесуден кем болады.
Бұл әдісті қозғалтқыштың қуаты жетпегенде де қолданады.
Машина
уақыты
t
маш
= (
1
1
+
1
2
+
1
3
+
1
кір
)/(
nS),
Достарыңызбен бөлісу: