Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет19/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   316
Байланысты:
mm

25
 


1.1. кесте. Әртүрлі қаттылықты шарықтастардың атаулары
Шарықтастың қаттылық класы
Қаттылық кластарының атаулары
Өте жұмсақ
F, G
Жұмсақ
Н, I, J
Орташа жұмсақ
K, L
Орташа
M, N
Орташа қатты
O, P, Q
Қатты
R, S
Өте қатты
T, U
Тым қатты
V, W, X, Y, Z
қалыптымен (1.15, д сурет) және тіке бір қалыпты (1.15, е сурет). 
Бұрандаларды ажарлау үшін арнайы бір қалыпты шарықтастарды 
қолданады. Р 52781-2007 «Ажалауыш және қайрағыш шарықтары. 
Техникалық шарттар» МемСТ бойынша қажақты шарықтастардың 
22 түрі көзделген. 
Тозған шарықтасты геометриялық пішінін түзету және ажарлау 
білдегінде орнатқаннан кейін айналу осіне қатысты жұмыс бетіне 
дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету үшін майланудың және 
мұқалудың нәтижесінде жойылған кесуші қасиеттерін қайта 
қалпына келтіру үшін ажарлаушы шарықтастар түзетілуге 
ұшырайды. 
Шарықтасты түзету дегенді оның бетінен тозған қажақты 
түйіршіктердің қабатын алып тастау үдерісін түсінеді. Қажақты 
шарықтастарды 
түзетуді 
техникалық 
алмаздармен: 
болат 
жиектемемен дәнекерленген алмазды-металлды қарындаштармен 
немесе алмаз кристалдарымен жүргізеді; сонымен қатар, алмазды 
ауыстырғыштар: қатты қорытпалы дискілер, арнайы қажақты 
дискілер, 
металлды дискілер және жұлдызшалар пайдаланылады. 
__________________________________________________________ 
1.15 -сурет. Ажарлағыш шарықтастардың пішіндері (а-е)
26


Сыртқы беттерді сыртқы шарық ажарлау кезінде өңдеудің 
әртүрлі әдістерін қолданады: 
■ 
бойлап беру әдісімен ажарлау;
■ 
тереңнен
ажарлау;
■ 
кірекесу әдісімен ажарлау;
■ 
центрсіз 
ажарлау және басқалары.
Ажарлау кезінде металлдың азғантай қабаты алынатындықтан, 
беттерді тазалап жонғаннан кейін ажарлайды. Ажарлауға бөлінетін 
әдіптің көлемі оған дейінгі механикалық өңдеудің сапасына, 
мысалы ажарлауға дейінгі жонуға және бөлшектің ажарлауға 
дейінгі жылумен өңдеуден өңін айналдыруына тәуелді. 1-
қосымшада әдіптердің ұсынылған нормалары мен шарық ажарлау 
білдектерінде өңдеу кезіндегі дәлдік параметрлері көрсетілген. 
Ажарлаудың барлық түрлерінде қажақтастың ең көп 
жылдамдығына (кесу жылдамдығы) жетуге тырысады, бірақ оны 
қажақтастың өзінің беріктігі шектейді. Қарапайым ажарлау кезінде 
шарық жылдамығы 30...35 м/с болса, жеделде (аса берік шырақ) - 
75м/с дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет