Жұқалап жону. Жұқалап жону кезінде алмаз (қатты қорытпалы)
кескіштермен жай бойлап, жоғары жылдамдықты кесумен және
азғантай кесу тереңдігімен жүргізеді. Кесу жылдамдығы тек
кескіштердің беріктігімен, айналдырғының
айналу санымен және
айналдырғының ең жоғары айналу айналымынан пайда болатын
дірілдеумен
шектеледі.
Жұқалап
жонуды
түрлі-түсті
материалдардан
және
қоспалардан,
шойыннан,
көміртекті
болаттардан жасалатын бөлшектерді өңдеу үшін пайдаланады.
Тек белгіленген қолданыстағы білдектерді ғана емес, қажетті
кинематикалық параметрлері мен дәлдігі бар жонғыш білдектерді
де пайдаланады. Дайындаманы бекіту
және орналастыру кәдімгі
қайраудағыдай, бірақ жоғары дәлдікпен. Алмаз кескішпен жұқалап
жону келесі дәлдікті алуға мүмкіндік береді:
■
диаметрі бойынша - 5-ші квалитет деңгейінде;
■
пішіні бойынша - 0,003...0,005 мм кем емес сопақтығы
және конустығы;
■
бұдырлығы бойынша
-
Ra 0,25 мкм.
2-қосымшада жұқалап жону режимдері көрсетілген.
Ысқылау. Ысқылау - бұл дөңгелектігі бойынша жақсы
көрсеткіштері бар дәл беттерді алу үшін қолданылатын жұқа және
дәл қажақты өңдеу. Ысқылау амалдарын ысқыштар, қажақты ұнтақ
және майлау көмегімен орындайды. Үдерістің механикалауына
байланысты ысқыштар қолды және машиналық болу керек.
Ысқылау үшін жұмсақ материалдар: шойын, түрлі-түсті
металл
және қоспалар, пластмасса, айналы әйнек және басқалардан
дайындалатын ысқыштарды пайдаланады.
Негізгі
ысқылау материалдарына қарапайым корунд,
қалыпты
және ақ электркорунды, кремний карбиді, хром тотығы, алмаз
ұнтағы және бор карбиді жатады. Қажақты түйіршіктердің
шамалары немесе микроұнтақтар
металл орымына және ысқылау
және жетілдіру үдерісіндегі беттің бұдырлығына әсер етеді,
сондықтан ысқылау материалдарын таңдау берілген талаптарға
тәуелді.
Ысқылауды келесідей жүргізеді:
■
ысқыш беті және өңделетін беттің кейбір қысымына
қажалу нәтижесінде ысқыш бетіне өңдеу үдерісінде
енгізілетін бос қажақпен
;
■
ысқыш бетіне алдын
ала енгізілген қажақпен
;
Достарыңызбен бөлісу: