1.12 -сурет. Көп айналдырғы
алты позициялы тік жартылай
автоматта дайындаманы өңдеудің технологиялық
схемасы
______________________________________________
Көп айналдырғы жартылай автоматтарда төрт немесе алты
айналдырғы болады, сирек - бес және сегіз.
1.13-суретте көп айналдырғы
автоматта шыбықтан жасалған
дайындаманы өңдеудің мысалы көрсетілген. 1.13,
а суретінде төрт
айналдырғы
автоматта дайындаманы
параллельді әдіс
пен өңдеу
көрсетілген.
Схемада көрсетілгендей, әрбір автоматта амалдардың
ауысуы қайталанады және кезең аяқталғанда автомат бір уақытта
төрт дайындама жасайды.
1.13,
б суретінде төрт айналдырғы автоматта дайындаманы
жүйелік әдіс
пен өңдеу көрсетілген. Схемада көрсетілгендей, әрбір
айналдырғыда бөлек ауысым орындалады және кезең бойы автомат
бір дайындаманы өңдейді.
Сегіз
айналдырғы автоматта дайындаманы параллелді-жүйелі
әдіспен өңдеу 1.13,
в суретте көрсетілген.
Схемадан екі параллель
топтағы айналдырғының әрқайсысында бөлек ауысым орындалады
және
21
кезең аяғында автомат екі дайындаманы бір мезгілде жасайды.
Көп айналдырғы автоматтарда өңдеу кезінде ауысымдарды
барынша қосарлауға және барлық позицияларды шашамен бірдей
өңдеу
ұзақтығына жетуге тырысады; оған ең ұзақ ауысымдарды
бірнеше позицияларға сәйкес беріліс шамасын таңдай отырып, көп
құралды
жөнге келтіру, біріктірілген құралдарды және т.б.
пайдалана отырып мүшелерге бөлу арқылы жеткізіледі.
1.14-суретте бір қалыпты сомынды жасау үшін төрт айналдырғы
автоматты жөнге келтіру мысалы көрсетілген. Мұндай жөнге
келтіруде материал таянышқа жеткенше екі сомынның ұзындығы
бойымен беріледі. І және ІІІ позицияларда
бір қалыпты кескіштер
сомындарды үлгі бойынша егейді және бір уақытта бастапқы
жырашықты кесілген кескіштің астымен ұштайды. II және IV
позицияларда сомындарды кеседі.
Бұрғылауды біріктірілген
(сатылы) бұрғылармен іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: