Кіріспе «Машина жасау технологиясы» оқулығының екінші
бөлігінде бірінші бөлігінде көрсетілген машина жасау
технологиялық үдерістерін дайындау әдістерін тәжірибелік
есептерді орындау үшін түйіндерді құрастыру және
бөлшектерді дайындаудың нақты мысалдарында пайдалану
көрсетілген.
Бұл әдіс кез-келген машиналар мен бұйымдарды дайындау
технологияларын әзірлеудің жалпы тәсілі болып табылады
және мамандарды дайындауда технологияларды салалар
бойынша
бөлуден
кетуге
мүмкіндік
береді,
себебі
бұйымдарды дайындау технологиясының мазмұны салалық
қажеттілігіне қарай анықталмайды, бұйымдардың қызметтік
міндетіне, дәлдігі мен сандық шығарылымына тәуелді.
Кез-келген
машинаны
дайындаудың
технологиялық
үдерісін әзірлеуді дәлдік нормалары мен техникалық
талаптарын сараптаудан бастау қажет.
Одан кейін белгіленген жүйелілікпен және сандық
шығарылымды есепке ала отырып, машина мен оның
түйіндерін жинаудың технологиялық үдерісін дайындау
қажет. Машинаның әрбір бөлшегін дайындау технологиясы
жалпы ережелер мен тәртіптерді есепке ала отырып, қатаң
белгіленген жүйелілігін көздейді, ол технологиялық үдерісті
дайындаудың
әртүрлі
кезеңдерінде
шешімдердің
келісімділігін қамтамасыз етеді.
Корпус бөлшектерін, біліктерді, тісті берілістердің
бөлшектерін
жасаудағы
технологиялық
үдерістерді
дайындауға арналған тараулар бөлшектерді дайындаудың
технологиялық үдерістерін дайындау әдістеріне сәйкес
бірыңғай жоспар бойынша жазылған және
конструкция
ерекшеліктері мен сандық шығарылымға қарай қолданылады.
Оқулықта икемді өндірістік жүйелерді (ИӨЖ) пайдалана
отырып жаппай және ұсақ сериялы өндірістегі өндірістік
үдерістерді автоматтандыру жолдары мен құралдары
сипатталған, отандық және шетелдік машина жасайтын
кәсіпорындардың үдемелі технологиялары көрсетілген.