Саңылауларды бұрғылау, үңгілеу және жазу кезінде револьверлі
білдекте өңдеу дәлдігі жонғыш білдекте өңдеумен салыстыруға
болады, ал жөрмеу және кеулей жону кезінде жонғыш білдекпен
салыстырғанда 1-2 квалитетке дәлдігі төмен.
Шеткі беттердің өзара орындарының дәлдігі бойлық жылжуды
автоматты түрде айырып тастайтын таяныштарды жөнге салудың
дәлдігі мен кезектілігіне тәуелді. Таяныштарды жөнге салу кезінде
негіздерді қиыстыру принциптерін сақтау қажет. Нақты өңделетін
беттің орнын анықтайтын таянышты амал көлемімен байланысқан
өңделетін беттен бастап жөндеу қажет.
1.5 суретінде негіздерді қиыстыру принциптерін сақтай отырып
таяныштарды жөндеуді кезектеу мысалы көрсетілген, мұнда шеткі
беттердің өзара орындарының қателіктері ең аз болады.
А (2 шыбығын келтіру шамасы) шеткі бетінің орнын
анықтайтын таянышты жөнге келтірген соң,
1 (көлемі
К) және
5
(көлемі М)
кескіндері үшін таяныштарды жөнге келтіру қажет.
3
(көлемі
С)
кескіні үшін таянышты 1 кескін үшін таянышты жөнге
келтірген соң жөнге келтіреді, ал
4 (көлемі
В)
кескін үшін
таянышты 3 кескін үшін таянышты жөнге келтірген соң жөнге
келтіреді. Негіздерді қиыстыру принципінен тайынса, көрсетілген
көлемдерде негіздердің келіспеуі себебінен кемшіліктердің пайда
болуына алып келеді.
Револьверлі білдек арнайы жөндеулерді: қайталанатын
жөндеуді, қос немесе тұрақты жөндеуді пайдалана отырып, одан әрі
ұтымды пайдалануға болады.
Қайталанатын жөндеу кезінде револьверлі бастиектердің бос
ұяшықтарына кесетін құралдың екінші жинағын салады.
______________________________________________
1.5-сурет. Таяныштарды
жөндеу
кезектілігінің
схемасы
Достарыңызбен бөлісу: