осы жұмысты жұмыс қадамының ұзындығын 3 есе азайтып
жүргізуге болады, бұл жерде әрбір кескіш тек өзінің сатысын ғана
өңдейтін болады (1.3,
б сурет). Бұл негізгі өңдеу уақытын үш есе
азайтуға мүмкіндік береді. Өңдеу ұзындығы көбірек бөлікке
бөлінген болса (жұмыс барысында бір уақытта пайдаланылатын
кескіштер санына байланысты), сонша уақытқа негізгі уақыт
қысқарады. Негізгі уақыттың қысқаруымен қатар, бұл өңдеу әдіс
қосалқы тәсілдердің уақытының қысқаруына мүмкіндік береді,
себебі біліктің әрбір сатысын өңдеу кезінде кескішті икемдеуге
(кескіштер
білдектің көпкескішті ұстағышында жонылатын
сатылардың цилиндрлік беттерінің радиустарының айырмасымен
анықталған өзгерумен орналастырылады) қажеттілік болмайды.
Сатылы біліктің дайындамасын сыртқы бетімен үлкен әдіппен
кескіштің беріктігі мен әмбебап жону білдегінің күштілігімен
анықталатын жағдайлар бойынша бірнеше жұмыс қадамдары
арқылы (1.3,
в суретте көрсетілген жағдайда
t
1
, t
2
және
t
3
кесу
тереңдіктерімен үш жұмыс қадам арқылы) өңдеуге болады.
Сол білдекте бірнеше кескіштерді пайдалана отырып өңдеу
кезінде жұмыс қадамдарының санын бірге дейін азайтуға болады.
Мысалы, үш кескішті орналастырғанда (1.3,
г сурет) барлық әдіпті
бір жұмыс қадамымен, ұзындығын шамалы ғана
(l + a) ұзарту
арқылы шешуге мүмкіндік береді.
Кескішке барынша жүктеу кезінде бір өтіп әдібін шешу
жағдайларында әдіпті бөлу әдісін пайдалану жұмыс істеп тұрған
кескіштердің әрқайсысының жеңілдетуге, кесу режимдерін қайта
қарауға және машина уақытын азайтуға мүмкіндік береді.
Айналудың сыртқы беттерін өңдеуде ең көп үлес салмағын
револьверлi жону тобындағы білдектерде өңдеу алады, олар
машина жасау кәсіпорнының жалпы білдектер паркінің
25...50%
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: