Әрлеп тегістеу кезінде беткі беттің пішінін өзгерту тереңдігі
беттің бұдырлығының шегінде орналасады. Цилиндрлі беттің
диаметрі бетінің қисықтығының
Ra биіктігінен тегістеуге дейін
10...30% азаяды. Тегістеудің бұл түрі нақты жағдайларда ажарлауды
немесе ысып жылтыратуды ауыстыра алады.
Беріктеп тегістеу міндетті бөлшектрдің беріктігін күшейту үшін
пайдаланылады.
Көбінесе,
домалау
үйкелiсi
жағдайында
құралбілікпен жаймалау немесе жазу үшін пайдаланады.
Тегістеудің бұл түрінде материалдың пішінін өзгерту тереңдігі
беттің бұдырлығының биіктігінен асатын аса тереңдікте жүреді. Бұл
жерде дәлдікті күшейту және бұдырлығын азайту туралы мақсат
қойылмайды, себебі ол беріктелу үдерісімен жүреді.
Тегістеудің ерекше түрі алмазбен тегістеу болып табылады, бұл
кезде алмаздың жұмыс бөлігіне радиусы 1,5...4 мм сфералық форма
береді. Алмаздың әртүрлі металлдардың үстімен
сырғанау
үйкелiсiнің аз коэффициенті және жоғары беріктігі жоғары
қаттылығы бар (HRC ≥ 60) дайындамаларды тегістеу кезінде жақсы
нәижелер алуға мүмкіндік береді. Бұл кездегі өңдеу режимдері
келесідей болады: бойлап беріліс - дайындаманың 0,04...0,1 мм/об,
өңдеу жылдамдығы - 40...50 м/мин
.
Әрлеу. Құрамында қажағы бар жылтыратқыш паста бетіне
жағылған киізден, теріден немесе матадан дайындалған иілгек
шарықтастың көмегімен бетті өңдеуді айтады. Әрлеуді ұсақ
қажақты
түрпі кағаз
бен жүргізуге болады.
__________________________________________________________
В 2
а
В 2
б
1.28-сурет. Сыртқы цилиндрлік бетін тегістей схемалары:
а - шарикпен қатты тегістеу;
б - роликпен берік тегістеу
Достарыңызбен бөлісу: