Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет28/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   316
Байланысты:
mm

37
 


1.25. сурет Сыртқы цилиндрлі бетті ысқылау схемасы 
__________________________________________________________ 
■ 
жұмсақ қажаушы материалдарды (мысалы, веналық әктас 
(кальций мен магний тотықтарының қоспасы), хром 
тотығы т.б.) пайдалану кезінде бос енгізілмейтін 
қажақпен; 
■ 
өңделетін беттен оксидтерді алу үшін керосин ортасында 
химиялық пасталармен (мысалы, ГОИ).
АӨС орнына керосинді, бензинді және машина майын 
пайдаланады. 
Машиналықпен қатар қолды ысқышты (мысалы, қос 
беттестірілген бөлшектерді бір мезгілде өңдеу) пайдаланады. Бұл 
жағдайда, екі бөлшектің беттестірілген беттері өзара бір бірімен 
ысылып, ысқыштардың функциясын орындайды. 
Сыртқы цилиндрлі бетті ысқылау үшін ысқышты ысқыланатын 
бетті түгел жабатын екі жартылай цилиндр түрінде (оларды 
жақындату мүмкіндігімен) жасауға болады. Сыртқы цилиндрлі А 
бетін (1.25-сурет) машиналық-қолдан ысқылау кезінде кішкентай 
айналмалы ω жылдамдығымен 1 дайындаманы айналдыруды 
механикалық іске асырады, ал 2 ысқышты қолдан Р күшімен 
қысады, айналымнан тоқтатады және дайындаманың осінің 
бойымен v
өнім. 
жылдамдығымен жылжытады.
Ысқылаудың дәлдігі мен өнімділігі көбінесе түйіршіктілігі мен 
қажақтың, майлаудың және өңдеу режимінің түріне байланысты. 
Пішін бойынша кемшіліктері 0,001 мм болып шығады, бұдырлығы - 
14 сыныпты. Өңдеуге жіберілген әдіп 0,01 мм-ден артық болмау 
керек, өйткені ысқылау үдерісі уақыты бойынша өте ұзақ болуы 
мүмкін. 
Аса ажарлау. Бұл соңғы ажарлаудан кейін алынатын, беттің 
бұдырлығын көбірек азайтуға бағытталған өңдеу үдерісі.
38
 


Кейбір жағдайларда бетті өңдеуді қажақты қайрақпен жүргізеді, 
олар азғантай күшпен өңделетін бетке тақалады. Басқа жағдайларда 
өңдеуді, 2,5 м/с дейін айналмалы жылдамдықтағы қажақты 
шарықтастармен жүргізеді. Қажақты 1 қайрақтарды (1.26-сурет), 
олардың азғантай күшпен өңделетін А бетке тақалуын қатамасыз 
ететін 2 бастиегіне бекітеді. Дайындама 3 және 1 кесуші құрал бұл 
жерде кемінде үш 
салыстырмалы қозғалыс алады:
■ 
v
айн.
= 0,05...2,5 м/с айналмалы жылдамдығы бар 3 
дайындаманың жай айналмалы қозғалысы;
■ 
қажақты қайрақ пен бастиектің дайындаманың осі 
бойымен v
терб. 
болар болмас тербелмелі қозғалысы, 
амплитудасы 2...6 мм және жиілігі минутына 
тербелістердің 200...1 000. 
■ 
қажақты құрал мен бастиектің 
v
өнім. 
болар болмас 
жылдамдығымен 
дайындаманың осі бойымен бетімен 
жылжуы
.
Өңдеу арнайы қолдану білдектерінде немесе арнайы бастиекті 
пайдалана отырып, жонғыш білдектерде жүргізіледі. Майлау 
міндетті (керосин мен май). Өңдеу барысында металлдың өте аз 
бетін (0,005...0,0075 мм) алады.
Дайындаманы жеткізуді қажақты қайрақпен немесе қажақты 
шарықтаспен іске асырады.
1.27-суретте тарату білігінің жұдырықшаларын жеткізу схемасы 
көрсетілген. Бұл жағдайда, өңдейтін құрал 1 ажарлаушы шарықтас, 
ол жұмыс барысында 3 тарату білігінің 2 жұдырықшасының 
бетімен түйісіп тұрады. 
__________________________________________________________ 
1.26-сурет. Аса ажарлау схемасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет