Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет306/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   316
Байланысты:
mm

411
 


корпусы жерлендірілген табанмен сенімді металл жалғасы болмаса, 
оны дербес шинамен жерлендіреді. Электр сымдардың жылжымалы 
учаскелері ССЖ мен майдың енуіне қарсы тығыздықпен қамтылған 
икемді металл жеңдерде болуы қажет.
Металл кесетін білдектердегі жұмыс нақты көру жұмыстардың 
тобына жататын болғандықтан, білдектерде жарықтандыру жүйесі 
құрастырылған болуы тиіс (жалпы және жергілікті жарықтандыру).
Білдектер санитарлық нормаларға сәйкес, жұмыс аумақтарын 
жарықтандыру үшін жергілікті жарықтану шамдарымен қамтылуы 
қажет (өңдеу орындары, лимбтерді беру, білдекті реттеу кестелері).
Білдектерді жергілікті жарықтандыру құрылғысы қауіпсіз болуы 
керек, сондықтан жергілікті жарықтандыру желісінің кернеуі 36 В 
аспауы керек, электр сымдарының шамға қосылуы жасырын болуы 
тиіс, сондықтан шамның құрылғысы сымдардың қайта бұралуын 
және қажауын және оларды өңдеу кезінде пайдаланатын 
сұйықтықтардың түсуін келтірмеу қажет (майлар, эмульсиялар 
және т.б.).
Шапшаң 
жону 
негізінде 
қатты 
құймадан 
жасалған
табақшалармен жабдықталған кескіштерді кәсіби пайдалану (көп 
жағдайларда механикалық табақшаларды бекіту) білдек бөлшектері 
қозғалысының және өңделетін бұйымның жоғары айналуымен
өңделуші бұйымнан жоңқалардың көп көлемде ұшуымен 
сипатталады.
Білдекке тек ақаусыз кескішті ғана орнату қажет. Орнату 
алдында қатты қорытынды пластинаның бекіту сенімділігін 
(әсіресе, оны механикалық бекіту кезінде), кетігі, жарығы, торы 
және күйгені жоқ қатты қорытындыдан пластинаның тұтастығын 
тексеру қажет. Кесетін жиек жеткізілуі тиіс. Кескішті қатаң түрде 
білдектің орталық биіктігі бойынша орнату қажет. Егер кескіштер 
орталық осіне биік немесе төмен, бұйым осінен перпендикуляр 
немесе параллельді орнатылмаса, кесу бұрыштары қашау 
бұруыштарына сәйкес келмейді де, пластинанының үгілуіне және 
кескіштің сынуына әкеліп соғады. Кескішті орталық осьтері 
бойынша орналастыру үшін арнайы төсемдерді ғана пайдалану 
қажет. Барлық жағдайларда кескіштердің кескішұстағыштан 
минималды ұшуын қадағалау қажет. Сондай-ақ, жақсы сапада 
өңделген бетті алу үшін кескішұстағыштан кескіштің ұшуы 
кескішұстағыштың биіктігінен 1,5 аспау керек. Кескішті 
кескішұстағыштың екі бұрандамасымен нықтап бекіту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет