Ажарлау білдектерінде өңдеу. Егер дәл тесікті алу үшін
күшейту немесе хонингілеуді қолдану әртүрлі жағдайлармен
мүмкін емес болса, тесіктерді ажарлауды пайдаланады. Тесіктерді
ішкі ажарлау білдектерінде ажарлайды. А диаметрлі абразивті
шарықтасы (тесіктің 0,6...0,7 диаметрі) жылдам тозады, сондықтан
жиі түзеу мен ауыстыруды қажет етеді. Сонымен қатар, ажарлау аз
жылдамдықты кесумен іске асады, ажарлаушы шарықтастың
айналасының көп шығып кетуі дірілдеуге алып келіп, салдарынан
өңдеу дәлдігі азаяды.
1.34,
а суретте ішкі ажарлау білдегінде А өтпелі тесігін өңдеу
схемасы көрсетілген.
1 абразивті шарықтасы ω
бұр.
бұрыштық
жылдамдығымен айналады және
S
өнім.
бойлық берілісімен қайтпалы
үдемелі қозғалыс жасайды, ал дайындама ω
дайын.
бұрыштық
жылдамдықпен айналады. Қысқа тесіктері кіресу әдісімен
ажарлайды, бұл кезде
1 ажарлаушы шарықтасы ω
бұр.
бұрыштық
жылдамдығымен айналып қана қоймай (1.34, б суреті),
S
көлд.
көлденең беріліспен айналады. Дайындама
3 құрылғы
2 бекітіліп,
ω
дайын.
бұрыштық жылдамдықпен айналады.
5-қосымшада ішкі ажарлауға ұсынылатын жедел әдіптер мен сол
кездегі өңдеу дәлдігі көрсетілген.
Ішкі ажарлауды негізінен шыңдалған бөлшектердің тесіктерін
дәлдеп өңдеу кезінде пайдаланады.
__________________________________________________________
1.34-сурет. Тесіктерді ажарлау схемасы:
а - өтпелі;
б - бітеу
Достарыңызбен бөлісу: