1.78-сурет.
Бұрамдық дөңгелектерді радиалды (
а) және
тангенциалды (
б) беру әдістерімен
кесу схемалары
__________________________________________________________
Аталмыш әдістің кемшілігі, бұрамдық жонғыш барлық кескіш
жиектерімен жұмыс істемейтіндігінде, сондықтан дайындамамен
үнемі байланыста болатын жонғыштың
ортаңғы бөлігіндегі тістер
ғана тозады. Осы әдіспен бұрамдық дөңгелектердің тістерін
қалыпты тіс жону білдектерінде қосымша арнайы суппортсыз
кеседі. Бұл ретте білдектің бөлу тізбегін икемдеу түзу тісті
цилиндрлі тісті дөңгелектерді кесу кезіндегі икемдеуге ұқсас.
Үстелді радиалды ауыстыру үшін қосымша икемдеу радиалды
беруге байланысты болады.
Тангенциалды беру әдісі барысында
(1.78,
б сур.
) бұрамдық
дөңгелектің
дайындамасын
1 ортааралық қашықтық мөлшеріне А
орнатып, жонғышты
2 дайындамамен ілініске осьтік ауыстыру
арқылы енгізеді. Жонғышта
2 конустық алу бөлігі болады және ол,
өзінің барлық кескіш
жиектерімен жұмыс істей отырып, тегіс
тозады. Кесу үрдісінде жонғыш тек айналып қана қоймайды,
сонымен қатар ол ось бойынша ілгерілемелі ауысады. Бұл ретте
дайындамада
1,
ілініспен
байланысты
негізгі
айналым
қозғалысынан басқа, жонғышты
2 осьтік
ауыстыруға тәуелді
қосымша айналым қозғалысы болу керек, әйтпесе бұрамдық
жонғыш тістері бұрамдық дөңгелек тістерін кеседі. Жонғыштың
2
осьтік ауысуы мен бұрамдық дөңгелектің дайындамасының
1
қосымша айналымын
арнайы суппорт орындайды, оны бұрамдық
дөңгелектерді кесу кезінде тіс жонғыш білдектерге орнатады.
Бұрамдық дөңгелектерді кесудің
аралас әдісі дегеніміз, радиалды
және тангенциалды беру әдісінің дәйекті қосылуы болып табылады,
және біріншіні тістерді алдын ала кесу үшін, ал екіншісін - соңғы
өңдеу үшін қолданады. Соңғы
өңдеуге сәйкес әдіп қалдырады, оның
мөлшері алдыңғы өңдеудегі кемшілікті өтеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: