Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет87/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   316
Бұрамдық дөңгелектерді кесуді қарастырайық. Бұрамдық 
дөңгелектерді бұрамдық жонғыштармен тіс жону білдектерінде үш 
әдіспен кеседі: радиалды және тангенциалды беру әдістері және 
аралас әдіс.
Радиалды беру әдісі барысында (1.78, а сур.) дайындама 1, үнемі
бұрамдық жонғышпен 2 іліне отырып, жонғышқа белгіленген А 
мөлшеріне дейін радиалды беруді орындайды, бұл ретте жонғыш 
тек айналым қозғалысын ғана орындайды. Бұрамдық дөңгелекте 
бұрамдық жонғыш дайындамамен толық ілескен жағдайда тістердің 
дұрыс бейіні алынады. 
117
 


1.78-сурет. 
Бұрамдық дөңгелектерді радиалды (а) және 
тангенциалды (б) беру әдістерімен кесу схемалары 
__________________________________________________________ 
Аталмыш әдістің кемшілігі, бұрамдық жонғыш барлық кескіш 
жиектерімен жұмыс істемейтіндігінде, сондықтан дайындамамен 
үнемі байланыста болатын жонғыштың ортаңғы бөлігіндегі тістер 
ғана тозады. Осы әдіспен бұрамдық дөңгелектердің тістерін 
қалыпты тіс жону білдектерінде қосымша арнайы суппортсыз 
кеседі. Бұл ретте білдектің бөлу тізбегін икемдеу түзу тісті 
цилиндрлі тісті дөңгелектерді кесу кезіндегі икемдеуге ұқсас. 
Үстелді радиалды ауыстыру үшін қосымша икемдеу радиалды 
беруге байланысты болады.
Тангенциалды беру әдісі барысында (1.78, б сур.) бұрамдық 
дөңгелектің дайындамасын 1 ортааралық қашықтық мөлшеріне А 
орнатып, жонғышты 2 дайындамамен ілініске осьтік ауыстыру 
арқылы енгізеді. Жонғышта 2 конустық алу бөлігі болады және ол, 
өзінің барлық кескіш жиектерімен жұмыс істей отырып, тегіс 
тозады. Кесу үрдісінде жонғыш тек айналып қана қоймайды, 
сонымен қатар ол ось бойынша ілгерілемелі ауысады. Бұл ретте 
дайындамада 
1
ілініспен 
байланысты 
негізгі 
айналым 
қозғалысынан басқа, жонғышты 2 осьтік ауыстыруға тәуелді 
қосымша айналым қозғалысы болу керек, әйтпесе бұрамдық 
жонғыш тістері бұрамдық дөңгелек тістерін кеседі. Жонғыштың 2 
осьтік ауысуы мен бұрамдық дөңгелектің дайындамасының 1 
қосымша айналымын арнайы суппорт орындайды, оны бұрамдық 
дөңгелектерді кесу кезінде тіс жонғыш білдектерге орнатады.
Бұрамдық дөңгелектерді кесудің аралас әдісі дегеніміз, радиалды 
және тангенциалды беру әдісінің дәйекті қосылуы болып табылады, 
және біріншіні тістерді алдын ала кесу үшін, ал екіншісін - соңғы 
өңдеу үшін қолданады. Соңғы өңдеуге сәйкес әдіп қалдырады, оның 
мөлшері алдыңғы өңдеудегі кемшілікті өтеуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет