22
Sauap.org
- Золдың қамы, — деді Сұлтан аузы сӛйлеуге әзер келіп. Онысы
«жолдың қамы» дегені.
Сұлтан тізгінді қолына алды да, ерге қайтадан қарғып мінді. «Ал енді
кеттік» деп, мен асығыстық білдірем. Сұлтанның артына жарбиып мінгесіп
кетіп бара жатқан мына түрімді Жанар кӛрмесе екен деймін.
Ауылдан былай шыға беріп, Сұлтан маған қалтасынан пряник алып
берді. Екеуіміз қытырлатып жеп келе жатырмыз. Құла денеңнің тағасы
тастақ жолға шық-шық соғылады.
Бір кезде Сұлтан артына бұрылып:
- Сен шылым шегесің бе? — деп сұрады.
- Жоқ.
Ол ерге қырындап отырған күйі аттың тізгінін тежеді де, қалтасынан бір
пачка сигарет суырып алды. Аузын ашты да, маған ұсынды:
- Мә, үйрен.
- Ӛзің тарта бер, — дедім мен.
- Осы күнге дейін шылым шегуді үйренбей, неғып жүрсің? — деді
Сұлтан мені кінәлай сӛйлеп. — Мә, тарт.
Алдым. Сұлтан оттық жағып ұсынды. Тұтаттым да, бұрқылдатып тарта
бастадым. Аузыма түтіннің жап-жаман ыс дәмі келеді.
- Ой, сауатсыз, — деді Сұлтан менің шылымды қалай шегіп келе
жатқанымды кӛріп. — Сӛйтіп те тарта ма екен. Жап-жақсы сигарет босқа қор
етуін қарашы. Ішке тарт. Міне, былай. Аузыңа түтінді толтырып ал да, жұтып
кеп қал.
Бала десе, бәрімізге тиеді, бізден ӛткен ақымақ жан жоқ қой. Кейде
қайдағы бір залалды нәрсеге, соның сол залалдығын біле тұра, иттей әуес
келеміз. Осы арада маған: «Кәне, жұтсам, жұтып кӛрейінші, — деген ой
келді, — не болар екен».
Ал енді бұл бақытсыздықты бастан кешірген болсаңдар, ӛздерің де біліп
отырған шығарсыңдар. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп
қалғаным сол екен, бір керемет улы газ ӛңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті.
Тынысым бітіп, қақалдым да қалдым. Кӛзімнен жасым ыршып кетті... Енді
бір шақта кӛзім бұлдырап, жер-дүние тӛңкеріліп бара жатты.
- Ойбай, тоқта!
Аттан ауып түсіп, қылжия кеттім жол шетіне. Жүрегім лоблып, құса
алмай, қиналып жатырмын.
Менің бұл аянышты халіме жаны ашудың орнына, Сұлтан оңбаған мазақ
етіп тұр:
- Қайран Қара Кӛжем-ау, ажалыңнан үш күн бұрын ӛлетін болдың-ау.
Миллат апайға не бетімді айтып барар екем? Тым құрса, жайлауға жетіп те
ӛлмей, әуреге салатын болдың-ау.
Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгіл, иісі мұрныма келсе, зытып
жӛнелемін.
Достарыңызбен бөлісу: