42
Sauap.org
- Қарашы, газетке менің суретім шығыпты. Қарашы. Міне, мынау ортада
тұрған менмін. Міне, міне.
Әжемнің кӛзі онша жетіңкіремейді:
- Қайсы? Мынау кӛп адам тәрізді ғой жыпырлаған.-
- Мен мынау... ең алда тұрмын ғой қасқая қарап. Осы менмін. Дәл ӛзім.
- Басқалар кім?
- Ӛзіміздің балалар. Мынау, міне, Темір,
мынау қолына тырма ұстаған
Батырбек, мынау басы қылтиып тұрған Жантас... Кӛрдіңіз бе: «Жаңа ӛмір»
колхозы жетіжылдық мектебінің оқушылары жазғы демалыстарында артель
шаруашылығына айтулы кӛмек тигізді. Суретте колхоздың шӛп шабу
науқанында үлгілі еңбек еткен бір топ оқушы...».
Ім... м... м... суреттің астындағы жазуды әжеме дауыстап ақырын оқып
берсем де, кенет тілімді тістеп алғандай болдым. Аяғымды ұшынан басып,
сыртқа зытып отырдым. «Мәссаған!
Мен бұның байыбына бармай, мақтан
кӛріп жатырмын. Ұят-ай! Қандай ұят іс болған! Шӛп шабыс науқанына мен
қашан қатыстым? Қашан үлгілі еңбек еттім?». «Ӛлімнен ұят күшті» деп бекер
айтылмаған ғой. Осы оймен қабаттасып, бетіме қаным теуіп шыққанын
сезінемін.
Суретке
қараймын, сол қалпы. Бәрін бір ӛзі тындырғандай қақ ортада
қасқиған баяғы Қожа. Батырыңның ойына түк кіріп шықсайшы. Танауы
делдиіп, кӛріңдер мені дегендей,
кеудесін алға тосып, қасындағы басқа
балалардан ӛрескел тұр. Әй, сығыр, ӛзімнің де оңатын қылығым жоқ қой.
Тым құрыса, бір жақ шетке таман қағаберіс тұрсамшы. Кимелеп алға
шығатын не әкемнің құны бар десеңші. Қысылғаннан маңдайымнан бұрқ етіп
тер шығып кетті. Енді балалар,
басы Жантас қу болып, мені күлкі ететін
болды.
Кенет басымда қуанышты бір ой жылт ете қалды. Ура! Ақыл табылды.
Суреттің астындағы жазуын сиямен танылмастай етіп ӛшіріп тастаймын.
Сонан соң құйынша зырлап, бүкіл ауылды аралап кӛрсетіп шығуға болады.
Тфу, неткен ақымақпын. Газет осы бір ғана дана болып шығып па екен? Қазір
оны балалардың бәрі алып оқып жатқан шығар...
Айтып, айтпай не керек, осы сурет мені талай тәлкекке жем қылды.
Бірақ біраздан соң мен мойымайтын болып алдым. Балаларға: «Бәлем, енді
мені жазда колхозда жұмыс істеген жоқ деп айтып кӛріңдерші. Айта
алмайсыңдар. Менің жұмыс істегеніме «Қазақстан пионерінің» ӛзі куә деп,
кеудемді қағамын.
Республика жұртшылығына мен осылай танылдым.