Байланысты: P NAO EKTU 027-II-2021 положение по практике
Стр. 90 из 116 Іс-тәжірибені ӛтуге жіберілген магистранттарға арналған нҧсқаулық 1. Іс-тәжірибе оқу үдерісінің ажырамас бӛлігі болып табылады және де оның
мақсаты:
1) магистранттың таңдаған беру бағдарламасы бойынша ғылыми іс-тәжірибе
жағдайында зерттеу жұмыс дағдыларын қалыптастырып,
2) университетте алған теориялық білімін бекіту.
2. Іс-тәжірибеге шығар алдында, магистрант мыналарды алуға міндетті:
1) іс-тәжірибе бағдарламасы;
2) әдістемелік нұсқаулар;
3) жеке тапсырмалар;
4) толтырылған жолдамасы бар күнделік;
5) жете жасалған нұсқамалық (техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалық).
3. Жеке тапсырманы іс-тәжірибе бағдарламасына және іс-тәжірибені ӛту
орнына сәйкес мектептен тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі құрайды,
тапсырмаға магистрант, мектептен және ӛндірістен тағайындалған іс-тәжірибе
жетекшілері қол қояды.
4. Іс-тәжірибе күнделігін магистрант ӛз қолымен ұқыпты әрі түсінікті етіп
толтырады. Орындалған зерттеулер мен ӛткізілген экскурсиялар туралы жазбалар
күн сайын жүргізіліп, іс-тәжірибе жетекшісінің қолы қойылып расталады. Күнделік
есепті құрастыру негізі болып табылады*. Іс-тәжірибеден келер алдында магистрант
ӛндірістік мінездеме алуға міндетті.
5. Магистрант іс-тәжірибе тапсырмасы мен бағдарламасына сәйкес, және де
іс-тәжірибе аяқталған уақытта есепті де аяқтау есебімен, есепті құрастыру кезінде
жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Іс-тәжірибе туралы есепті толық ресімделген
күнделіксіз қорғауға рұқсат етілмейді.
6. Іс-тәжірибе бағдарламасын орындағаннан кейін, магистрант университетке
келесі құжаттарды ұсыну керек:
1) толық ресімделген күнделік;
2) жеке тапсырмаға сәйкес орындалған іс-тәжірибе есебі;
3) білі беру бағдарламасына байланысты сызбалар, сұлбалар, аудармалар және
т.б.
____________________________________________________________________