СөЖ тапсырма: Атақты әлеуметтанушы -теоретиктің



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата20.12.2022
өлшемі137,26 Kb.
#58359
1   2   3
Байланысты:
99579 (1)

М.Вебер-Әлемдік әлеуметтік ой тарихында ерекше орны бар ғалымдардың бірі — Макс Вебер 
(1864-1920). Макс Вебер — классикалық әлеуметтанудың көрнекті өкілі. Ол Эрфурт қаласында 
дүниеге келді. 1882 жылы Гейдельберг университетінің құқық факультетіне түсті. Макс Вебер 
кұкықпен қатар философия, экономика, тарих, теологияға да қызыққан болатын. 1884 жылы 
әскерден қайтқаннан кейін Берлин, Геттинген университеттерінде окуын жалғастырды. Макс Вебер 
1889 жылы Берлинде «Орта ғасырлардағы сауда қоғамдарының тарихы» деген тақырыпта 
диссертация қорғады. Ал екі жылдан кейін ол «Римнің аграрлық тарихы және оның мемлекеттік 
және жеке құқық үшін маңызы» деген тақырыпта екінші диссертациясын қорғады. Осыдан кейін 
Макс Вебер Берлин, Фрайбург, Гейдельберг университеттерінде қызмет атқарды. 1904 жылдан 
бастап Макс Вебер Вернер Зомбартпен бірге шығарған «Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат 
мұрағаты» әлеуметтанулық журналының редакторы болды. Журналдағы қызмет Макс Вебер 
шығармашылығында ерекше орын алды. Осы журналда оның дін әлеуметтануы бойынша жазған 
біраз еңбектерімен катар атақты «Протестанттық этика және капитализм рухы» деген еңбегі де 
жарық көрді. Макс Вебер өз еңбектерінде марксизмге қарсы көзқарастарын білдіреді. Дегенде 
Макс Вебердің Карл Маркс көзқарастарымен ортақ тұстары да баршылық. 1907 жылы мұрагерлікке 
ие болған М.Вебер тек ғылыммен айналысуға ден койды. 1913 жылы ғалымның «Ұғыну 
әлеуметтануының кейбір категориялары туралы» деген еңбегі жарық көрді. Ал 1909 жылы ғалым 
өзінің «Шаруашылық және қоғам» деген негізгі еңбегін жазуды бастады. Осы іргелі еңбегі автор 
дүниеден өткеннен кейін 1923 жылы жарық көрді. Мұраны ғалымның зайыбы баспаға дайындаған. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Макс Вебер Гейдельберг қаласындағы әскери госпиталдарды 
басқарды және бірнеше еуропалық елдердің астаналарында ресми миссияны жүзеге асырады. Осы 
кезеңде М.Вебер «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» және «Дін социологиясы» (1916) 
деген еңбектерінің бірнеше тарауын жазады. Экономикалық әлеуметтану, дін әлеуметтануы, 
әлеуметтік мобилдік ілімінің маңызды қағидаларымен катар М.Вебердің рационалдық туралы ілімі 
нарықтық қарым-қатынастар кезеңiнiң қалыптасуындағы әлеуметтiк іс-әрекеттің (ғадеттiң) өзгерiсi 
мен табиғатына ғылыми талдау болып табылады. Макс Вебердің алғашқы еңбектерінің тұтастай 
аграрлық мәселеге арналуы — ХІХ ғасырдың 90-жылдары қалыптасқан жағдайға байланысты 
болды. Ол Германиядағы либералдық ағымның жаңа саяси платформасын жасауға ұмтылды. Макс 
Вебер ілімінің қыр-сырына қанық болу үшін ХІХ ғасырдағы қоғамдық ғылымдағы үстем болған 
бағыттардың ара қатынасын білген артық болмайды. Белгілі француз тарихшысы, әлеуметтанушы 
Раймон Арон айтқандай, «Веберді түсіну үшін неміс тарихын, неміс болмысын білген жөн». Макс 
Вебер зерттеулерінде мәдениеттің рөлі ерекше көрініс тапты. Ғалым психологизмді жақтамады. 
Вебер ілімінде ерекше орын алатын рационалдық, мәдени құндылықтардың экономикаға әсері 
жөніндегі ойлары -мәдениет пен экономика арақатынасының жалпы шаруашылық дамуға ықпалын 
жүйелендіруді мүмкін етті. Макс Вебердің «мінсіз типтер» туралы iлiмi, басқаша айтқанда, «ұғыну 
әлеуметтануы» — қоғамға идеалистiк көзқарастың айқын көрiнiсi. Вебер әлеуметтануы қоғамдық 
ғылымдардың ерекше әдісі ретінде «ұғынуға» жүгінеді. Оның пікірінше, әлеуметтік өмірдің кез-
келген түрі — біз өзіміз оған тән деп есептейтін субъективті мәнге ие. Олай болса, осы субъективті 
мәнді зерттеудің әдісі — «ұғыну», яғни зерттеу пәнін — зерттеушінің «сезінуі». Бұл -субъективті 
процесс. Веберше, мінсіз типтер тарихи және әлеуметтанулық деп бөлінеді. Әлеуметтанулық ұғыну 
тек индивидтердің әрекеттері және ғадетімен шектеледі. Әрекет — индивидті түсінуге мүмкіндік 
береді. Макс Вебер түсіндірілетін іс-әрекеттің (ғадеттің) бар екенін көрсететін басты 
ерекшеліктердің үшеуін көрсетті. Олар: біріншіден, әрекет етуші тұлға өзінің субъективті тұрғыда 
мәнді мүмкін әрекетін басца адамдардыц гадетімен сәйкестендіреді; екіншіден, оның осы әрекеті 
мәнді ғадетпен айқындалған; үшіншіден, осы мүмкін мәніне сәйкес түсінікті ұғындырады. Осы 


тұрғыда зерттеулер әлеуметтік іс-әрекет (ғадет)туралы, оның тарихи тұрғыда өзгерістеріне талдау 
жасау арқылы әлеуметтік іс-әрекеттің (ғадеттің) өзгерісі сараланды. Макс Вебер әлеуметтік іс-
әрекеттің (ғадеттің) негізгі тарихи түрлерін көрсетіп берді. Аффективті іс-әрекет (ғадет) — 
индивидтің табиғи, жыныстық табиғатына жақын, санадан тыс іс-әрекет. Дәстүрлі іс-әрекет (ғадет) 
— топтағы қарым-қатынастар, салт-сана, дәстүр арқылы реттеледі.Рационалдық іс-әрекет (ғадет). 
Ғадеттің бұл түрін Макс Вебер екіге бөліп көрсетті: құндылықты-рационалдық, мақсатты-
рационалдық. Әлеуметтік ғадеттің дәстүрлі түрі дәстүрлі қоғамға тән болса, рационалдық ғадет 
нарықтық қарым-қатынастар кезеңіне тән. Олай болса, шаруашылық қарым-қатынасы әлеуметтік 
мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес келіп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет