СөЖ тапсырма: Атақты әлеуметтанушы -теоретиктің



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата20.12.2022
өлшемі137,26 Kb.
#58359
1   2   3
Байланысты:
99579 (1)

Г.Зиммель-Германиядағы қалыпты әлеуметтану мектебінің өкілі — белгілі неміс социологы
Берлин университеті философия факультетінің түлегі Георг Зиммель (1858-1918) Берлин қаласында 
дүниеге келген. Георг Зиммель 1881 жылы сол кездегі ғылым әлеміне белгілі, атақты ғалымдардан 
дәріс алды. Нәтижесінде Иммануил Канттың философиясынан докторлық диссертация қорғап, 
университетті аяқтап шығады. 1885 жылы Г. Зиммель Берлин университетінің приват доценті, ал 
1901 жылы штаттан тыс профессоры кызметіне орналасты. Оның лекциялары студенттер арасында 
үлкен қызығушылық туғызды. Замандастарының айтуына карағанда, Георг Зиммельдің 
лекцияларында аудитория үнемі лық толы болатын. Оның жан-жақты білімі, парасатты ойлары, 
ғылыми қисынды дәлелдері шәкірттерін, әріптестерін таң қалдырған. Осыған қарамастан 1914 
жылы ғана Г.Зиммель Страсбургтегі университет профессоры қызметіне қолы жетіп, өмірінің 
соңына дейін осы қызметті тұрақты атқарды. Георг Зиммельдің ұзақ жылдар университеттерге 
орналаса алмауын -ұлтының еврей болуымен ғана түсіндіруге болады, себебі XIX ғасырдың соңы 
мен XX ғасырдың басындағы неміс қоғамында антисемитизмнің ықпалы күшті еді. Г.Зиммель 
әлеуметтанушы ғана емес, сонымен қатар философия тарихы, дін философиясы, этика, психология, 
өнер философиясы мәселелерімен жан -жақты айналысты. Зиммельдің артында мүраға қалған 30 
кітабы — ғалымның еңбекқорлығының, ғылыми парасаттылығының көрінісі. Антисемитизмнің 
«уына буланған» соғыстан кейінгі Германия Георг Зиммель мұрасына немқұрайлы қарады. 
Германиядағы ғылыми ортада Зиммельдің алатын орнына берілген бағаның соңғы 
онжылдықтарда ғана өзгергенін байкаймыз. Неміс қоғамының Зиммель мұрасына деген көзкарасы 
түбегейлі жаңарды десе де болғандай. Оған дәлел — Г.Зиммельдің шығармаларының 24 томдық 
толық жинағының Германияда шығарылуы. Георг Зиммель элеуметтануындағы негізгі ұғым — 
«қалып» немесе «түр» болып табылады. «Түр» (қалып) мазмұнды көрсету мен жүзеге асырудың 
бірден-бір әдісі ретінде, яғни адамдардың өзараықпалдастығының тарихи шартты мотивтері, 
мақсаты мен түрткілерін түсіндіретін, білдіретін әдіс деп танылған. Г.Зиммель «кез келген 
әлеуметтік құбылыстың мазмұны мен қоғамдық калпы (түрі) біртұтас нақтылықты құрайды; 
кеңістіктік түрдің материясыз болмайтыны сияқты әлеуметтік қалып немесе түр де мазмұнсыз бола 
алмайды» дейді. Г.Зиммель диалектиканы жақсы түсінді. Даму процесінде түрдің өзгеретіндігін, 
яғни біртұтастық бөліктерінің жеке қозғалысын мойындады. Түр мен мазмұнның өзара тығыз 
байланыстылығына баса назар аудара отырып, кейбір жағдайларда түр мен мазмұнды бір-біріне 
карсы қойды. Мысалы, геометриялық денелерді қарастырғанда, Георг Зиммель түрлердің мазмұны 
әртүрлі болатынын көрсетті. Жалпылама немесе ортак түр әртүрлі жағдайда саналуан мазмұнға ие 
болуы мүмкін дейді, себебі оның мақсаты — басқа. Айталық, геометриялық дене кеңістікте әртүрлі 
жағдайда, мақсатта болады. Георг Зиммель іліміндегі негізгі ұғымның бірі — «өзара ықпалдасу». 
Оны ғалым қоғамдык өмірдің «негізгі тіні» деп есептейді және осы қағидаға сүйене отырып, 
әлеуметтанудың негізгі категориясы болып табылатын «қоғамды» -түр мен мазмұнның өзара 
ықпалдастығының жиынтығы ретінде қарастырды. Міне осы негізде Г.Зиммельдің қоғамға берген 
анықтамасы — ғылымда акиқат деп мойындалып жүрген тұжырымдардың бірі. Бұл анықтамада 
адамдар қоғамды тек олардың әрқайсысында қандай да болмасын бір нақты айқын немесе оның 
өзін ғана қозғаушы базбір өмірлік мазмұн болғандықтан құрамайды, осы мазмұндардың 


өміршендігі өзара ықпалдың белгілі бір түрін (қалпын) иеленгенде, яғни біреу екінші біреуге тікелей 
немесе үшінші біреу арқылы ықпал еткенде, яғни кеңістіктегі «нақты коңсыластықтан немесе 
адамдардың уақытша ауысуынан қогам пайда болады» деген тұжырым өзінің алғашқы ірі 
жұмыстарының бірінде-ақ қоғамды адамдармен байланысты қарайды. Онда ғалым индивидтердің 
рөлін жоғары бағалады. «Тек адамдар арасындағы нақты қарым-қатынас ғана ғылым объектісі бола 
алады», ал «ғылым қоғамдағы адамдардың өзара ықпалдастығын зерттеу керек», — дейді. 
Г.Зиммель адамзат үшін «өтпелі» сипаттағы түрлерге мән береді. Мысалы, ол «шиеленіс», 
«бәсеке», «бағыну», «басқару», «өкілдік», «келісім», «бедел», «еңбек бөлінісі» т.б. түрлерді немесе 
қалыптарды қарастырады. Бұл түрлердің әмбебаптығын — олардың өмірдің саналуан саласында 
кездесуімен түсіндіруге болады. Осыны түсіндіру үшін Георг Зиммель қарапайым мысал ретінде 
бәсекені қарастырады. «Бәсеке туралы әртүрлі салалардан білеміз. Мысалы, саясат, сондай-ақ, 
халық шаруашылығы, діндер тарихы, сондай-ақ өнер, оның сан жетпес көріністерін байқатады. Осы 
деректердің негізінде бәсекені адами қарым-қатынастардың таза түрі ретінде қандай жағдайларда 
пайда болады, қалай дамиды, оның объектісіндегі ерекшеліктерді қандай өзгерістер тудырады, 
қоғамның бір уақыттық, калыптық және материалдық қандай жағдайлары оны (ресми) күшейтеді 
немесе әлсіретеді, тұлғалар арасындағы бәсеке бір-бірінен несімен ерекшеленеді, бір сөзбен 
айтқанда, оның адамдар арасындағы қарым-қатынас түрі ретіндегі мәні неде…», — деп жазады 
Зиммель. Сонымен, Георг Зиммельдің қоғам туралы тұжырымында «коғам» ұғымын екі мағынада 
түсіндіреді. 
Қоғам — «коғамдастырылған тұлғалар кешені» немесе «қоғамдық рәсімделген адами материал»; 
Қоғам адамдардың коғамға бірігуіне мүмкіндік беретін қарым-қатынас түрлерінің жиынтығын, 
адамдардың өзара ықпалдастығы арқылы үнемі ұдайы өндіріп отырады. 
Адамдар коғамға біріге отырып, «қоғамдасады». Осыдан келіп Г.Зиммель ілімінде «қоғамдастыру» 
ұғымы да жиі колданылады. Енді осы ұғыммен байланыстыра отырып, әлеуметтанудың ғылым 
ретіндегі міндеттерін көрсетеді. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі міндеті — қоғамдасудың 
саналуан түрін зерттеу, әлеуметтік өмірдің түрлерін топтастыру, талдау. Байқасак, Г.Зиммель «түр», 
«қалып» туралы жиі кайталайды. Ол мазмұнға аса көңіл аудармайды. Зиммельдің пікірінше, 
мазмұнды толып жатқан баска ғылымдар зерттейді. Г.Зиммель әлеуметтік қарым-қатынастарды 
динамикада және кайшылықты табиғатын сипаттай отырып зерттейді. Қоғамды жүйе ретінде, оның 
құрылымы мен институттарын оның элементі ретінде Зиммель карастырған жоқ. Ал, енді қоғамның 
калыптасуы мен ұдайы өндірісі процестерін Зиммель әлеуметтану пәні ретінде карастырған. 
«Қоғамдастыру» процесіне қатысты Зиммель «оның катысушылардың санына да байланысты 
екені» туралы пікір айтты. Қоғамдасу үшін екеуден кем болмау керек. «Әрбір өзараықпал айырбас 
ретінде түсінілуі тиіс және түсіндірілуі тиіс» деген Г.Зиммельдің пікірі Фердинанд Тённиспен үндесіп 
жатыр, бірак Г.Зиммель «айырбас — өте кең аукымды ұғым» деп көрсетті. Қоғамдасудың тағы бір 
белгісі — белгілі бір кеңістікпен шектелу талабы. Г.Зиммельдің пікірінше, қоғамдастыруды зерттеу 
— әлеуметтік құбылыстарда таза күйінде бақыланатын факторларды табуы тиіс. Грамматикалык 
мазмұннан тілдің таза түрлерін бөліп алу сияқты әлеуметтану әлеуметтік құбылыстардан 
қоғамдастыру сәтін бөліп алады. Социолог осы «таза түрлерді» тауып қана қоймайды, оларды 
жүйелеп, психологиялық негіздеп, тарихи тұрғыдағы өзгерісі мен дамуын сипаттап беруі тиіс. Міне 
осылай әлеуметтану «түсіну» немесе «ұғыну» әлеуметтануына айналады. Г.Зиммель «ұғыну 
әлеуметтануы» — таным ілімі» деп түсінді. Зерттеу кезінде құбылысты зерттеуші мен зерттеушінің 
өзі өкілі болып табылатын әлеуметтік топтың мүддесіне қатыстылығы ескерілуі тиіс. Георг Зиммель 
әлеуметтану ғылымын «жалпы» және «таза» деп бөліп қарастырды. Ол «жалпы әлеуметтану» деп 
социологиялық әдістерді баска ғылымдарда колдануды айтса, «қалыпты социология» деп 
қоғамдастырудың таза түрлерін сипаттау мен жүйелеуді түсінді. Әлеуметтанулық білімге 
әлеуметтанулық таным ілімі мен әлеуметтік философияны енгізді. 


Георг Зиммельдің ғылыми шығармашылығын зерттеушілер оның әлеуметтік түрлерді 
топтастыруын төмендегідей деп түсіндіреді: 
Әлеуметтік процестер; 
Әлеуметтік типтер; 
Даму үлгілері. 
Әлеуметтік процестерге Георг Зиммель «бағыну», «үстемдік», «көну», «жарысты» жатқызады. 
Екінші категорияға адамның кейбір өзара ықпалдастыкқа байланысты емес қасиеттерін топтайды. 
Мысалы, «аристократ», «кедей», «саудагер», «әйел», «бөтен» т.т. Ал үшінші топ әлеуметтік 
дифференциацияны көрсетеді. Ол топтар мен жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттердің 
ерекшелігі арқылы сипатталады. 
Г.Зиммельдің пікірінше, адамдар неғұрлым индивидуализмнен алшақ болса, солғұрлым оның 
тобындағылар азғындап, тез құрып кетеді. Ал топ неғұрлым үлкен болса, соғұрлым адамның 
индивидуализмі жоғары болмак, олай болса, ол топтағылар бір-біріне ұксай қоймайды. Міне 
осындай әлеуметтік өмір «түрлері» немесе «қалыптары» нәтижесінде Г.Зиммель көптеген 
құбылыстарды түсіндіреді. Мысалы, сәнді (моданы) әлеуметтік өмірдің түрі немесе калпы ретінде 
қарастырады. Оның сән туралы жазған әлеуметтанулық эссесі күні бүгінге дейін өз өзектілігін 
жойған жоқ. Зиммель сән «белгілі бір топтың барлық мүшесі бірден кабылдайтын құбылыс емес» 
дей отырып, «сәнді алдымен топтың азғана бөлігі мойындап, ұстанады, содан соң біртіндеп 
басқаларға тарайды да сән ретіндегі мәнін жоғалтады» деп көрсетеді. Қазір бізге үйреншікті 
киімдер мен оның детальдары (галстук, гофрэ немесе плиссе белдемше, пиджактың жеңіндегі 
түйме, бас киімдер) бір кезде сәнқойларға тән болған екен. Сән — бір жағынан, адамның өзіндік 
қайталанбас қасиетін көрсетсе, екінші жағынан, оның еліктегіштігін байқатады. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Нысанбаев: «Социология» 
2. Култыгин В.П. Ранняя немецкая классическая социология. М.,1991 
3. История теоретической социологии. М., 1998. Т.,2 
4. Уикипедия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет