Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы ұйымдардың бейiнiне сәйкес
келетiн, бiрақ олардың негiзгi қызметiне жатпайтын шаруашылық қызмет үшiн қажеттi
басқа да объектiлерi болуына құқылы.
16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау
ұйымдарының құқықтық жағдайы
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар және
мемлекеттiк дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк
кәсiпорын нысанында құрылады.
2. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер
учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен
ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi мемлекеттiк
кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргiзу
немесе жедел басқару құқығымен берiледi.
4. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң
мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауаптылықта болады.
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған
мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
5. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта
ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: