Басылым: жетінші


-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдаланудың ерекшелiктерi



Pdf көрінісі
бет70/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   174
61-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдаланудың ерекшелiктерi 
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-
ағарту 
және 
оқу 
мақсаттарында 
пайдаланылады. 
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзiлiк 
флораны жерсiндiру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның 
өсiмдiктер әлемiн зерттеу, сақтау және тиiмдi пайдалану жөнiнде ғылыми зерттеулер 
жүргізiледi. 
Өсiмдiктердiң коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану жөнiндегi 
ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк 
тапсырыстар 
негiзiнде 
жүзеге 
асырылады. 
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерiн, қорлар, 
мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметiнiң 
мәселелерi бойынша ғылыми, ғылыми-көпшiлiк әдебиет шығаруға құқылы. 
4. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және 
басқа салаларға енгiзу мақсатында ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктер мен олардың 
репродукцияларын өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк 
базалар 
құруға 
құқылы. 
5. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы ұйымдардың бейiнiне сәйкес 
келетiн, бiрақ олардың негiзгi қызметiне жатпайтын шаруашылық қызмет үшiн қажеттi 
басқа да объектiлерi болуына құқылы.
16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау 
ұйымдарының құқықтық жағдайы 
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар және 
мемлекеттiк дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк 
кәсiпорын нысанында құрылады. 
2. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер 
учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi. 
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен 
ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi мемлекеттiк 
кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргiзу 
немесе жедел басқару құқығымен берiледi. 
4. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң 
мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауаптылықта болады. 
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған 
мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi. 
5. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта 
ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет