Түйінді ұғымдар: Интернеттегі мекендеу, домендік аттар жүйесі, DNS-сервер, прокси-
сервер, URL-мекенінің форматы
Дəріс жоспары:
1. Интернеттегі мекендеу
2. Домендік аттар жүйесі
3. DNS-сервер
4. Прокси-сервер
5. URL-мекенінің форматы
Интернеттегі адресация. IP-адрестер мен URL-адрестер.
Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын
әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықтағы жеке физикалық адресі (IP-адрес) болады. Желідегі
компьютерлер бір-бірін осы сандар көмегімен тауып алады. Мысалы, 194.84.93.29 немесе
128.29.15.124, желңге тұрақты қосылған компьютерге осындай бекітілген адрес тағайындалады,
ал желіге телефон арқылы уақытша қосылған компьютер сол сеансқа арналған уақытша IP-
адрес алады, ол динамикалық IP-адрес деп аталады.
Осылай адрестеу тәсілі 256
2
=4,3 млрд алу мүмкіндігін береді. Егер нақтылап айтар болсақ,
мұндай физикалық адрес 32-разрядты екілік сан түрінде (4 байт) желіде айналыста болады.
Құжаттар үшін адрестің екінші түрі
-
URL-адрес (Uniform Resource Locator –
Ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) қолданылады. Мұндай адрес те желідегі әрбір құжатқа
меншіктеледі.
URL-адресті ре,сурс адресі немесе жәй адрес деп те атайды. Интернетпен жұмыс
жасайтын әрбір пайдаланушының бөл адрестің дұрыс жазылуын білгені абзал. URL-дің барлық
элементтерін қамтитын толық адрес мынадай түрде жазылады:
Хаттама://сервер_адресі/жол/файл атауы
Хаттама – адрестің алғашқы бөлігі, ол адрестің басқа бөліктерінен қос нүкте және екі
қиғаш сызықпен ажыратылады. Қатынас құру әдісі
http.ftp түрінде берілуі мүмкін.
Жол – соңғысында қажетті файл сақталған бумалар мен ішкі бумалардың тізбегі.
Бумалардың атаулары бір-бірінен қиғаш сызық арқылы бөлініп жазылады.
Файл атауы- өзіміз іздеп отырған файл аты. Оның кеңейтілуі веб-парақтар үшін –
html, ал
ғылыми мақалалар үшін -
pdf, т.с.с. болады.
Хаттамалар
Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлері арасындағы мәлімет алмасу ісі
қабылданғанжалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс.
Əртүрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай
түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Түрлі компьютерлер мен
операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкесті түрде
дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:
базалық хаттамалар (TCP мен IP)және қолданбалы хаттамалар (HТТP, FTP, TELNET, SMTP
және т.б.) .
Базалық хаттамалар Интернет компьютерлері арасындағы кез келген типтегі электрондық
хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Олар көбінесе бірге жұмыс
істейтін болғандықтан , оларды бірге жазылатын TCP/ IP терминмен белгілейді. Қолданбалы
хаттамалар жоғарғы деңгейде болып есептеледі, бұла Интернеттің арнайы қызмет баптарының
HТТP (Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP
(File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан
қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) –
поштаны жөнелтудің қарапайым хаттамасы тәрізді хаттамалардың жұмысын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: