Дәріс кешені дəріс Кіріспе. Клиент-серверлік архитектурасы. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі əрекеттесуі


Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі



Pdf көрінісі
бет15/36
Дата20.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#58571
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
web tehnologiyas umk (2)

Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі
Желі компьютерлерінің физикалық адрестерін пайдалану ыңғайсыз (адамдар ұзақ
цифрлар тізбегін есте сақтауы қиын), сол себепті физикалық адрестерге сәйкес әріптерден


тұратын мағынасы бар символдық (домендік) адрестер жасалған. Домендік адресті жазу
ережесі:
Хаттама://компьютер аты.домен аты[/каталог/ішкі каталог/файл аты]
Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, келесі компьютер аты жазылады да
одан ткейін домен аты тұрады, мысалы, microsoft.com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог
атттары мен файл аттары жазылады. Тік жақшаның ішіндегі адрес жазылмаса да болады.
Бірнеше нақты адрестерден мысалдар келтірейік:
Аймақтық домен аттары
Домен
Аймақ
kz
Қазақстан
uk
Ұлыбритания
ru
Ресей
us
АҚШ
uz
Өзбекстан
kg
Қырғызстан
Домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, ең оң жақтағы жоғарғы (шеткі) домен мемлекет
атына сәйкес келеді немесе мекеме типін көрсетеді.
Қызмет бабына қарай қойылатын домен аттары
До
мен
Мекеме типі
com
Коммерциалық ұйымдар
edu
Білім мекемелері
gov
Мемлекеттік ұйымдар
mil
Əскери ұйымдар
org
Басқа мекемелер
net
Желіні басқару мекемелері
int
Халықаралық ұйымдар
Аттардың домендік жүйесі
Аттардың домендік жүйесі (Domain Name System - DNS) домендік аттарды санмен
жазылатын IP-адреске түрлендіреді. Осындай түрлендіру ісін атқаратын компьютерлер DNS-
серверлер деп аталады.
DNS жүйесі жасалғанға дейін домендік аттарды IP-адреске ауыстыруға қажетті ақпарат
hosts файлында сақталатын еді.
Хост (host-ағылшын тілінен аударғанда «қонақтарды қабылдайтын қожайын» деген
мағынаны білдіреді) – «клиент-сервер» ортасының сервер режиміндекез келген бір қызметкер
түрін қөрсететін құрылғы. Көп жағдайда хост ретінде жергілікті немесе ауқымды желіге
қосылған сервер-компьютер қарастырылады.
Қосымша анықтай білу қажет, олар немен немесе кіммен бірлесіп әрекет ететінін. Бұл
үшін кейбіреулерінің IP-адрестері жеткіліксіз, өйткені бір компьютерде бір уақытта бірнеше
қосымшалар орындалады, алыстатылған немесе әртүрлі компьтерлерде орналасқан , олар


басқаларымен бірлесіп әрекет ете алады, мысалы, I компьютерде жұмыс істейтін А қосымшасы,
2 компьютердегі В қосымшасымен байланыс орнатқысы келеді.Сол уақытта 3 компьтердегі С
қосымшасын 2 компьютердегі D қосымшасымен байланыстыру қажет. В және D қосымшалары
үшін 2 компьютерге бірнеше IP-адрестер қолдануға болады. Бірақ бұл кеңістіктегі адрестік
шығынға әкеліп соғады. Сондықтан байланыс порт арқылы орнатылады. UDP және TCP
хаттамаларында порттар жіберілетін және қабылдайтын қосымшаларды қалай теңестіретіні
туралы төменде айтылады. Қосымшалар орындалатын компьютерлерде ғана жіберуші және
қабылдаушының адрестері теңестіріледі.
Сол себептен, канал (немесе деректер ағымы) келесі мағынаға ие:
Жіберушінің порт номері;
Жіберушінің IP-адресі;
Қабылдаушының IP-адресі;
Қабылдаушының порт номері.
Кейбір порттардың номері маңызды және ауқымды қосымшалармен бекітілген. Мұндай алдын-
ала анықталған порт номерлері тек қана серверлер үшін қолданылады.Клиенттердің порты
динамикалық түрде бөлінеді, Сервердің бір порты оған қосылған әртүрлі клиенттердің деректер
ағымына қызмет ете алады. Бұл ештенеге кедергі бола алмайды, себебі , жоғарыда айтылған 4
параметрдің үйлестірілуі бірегей. Порттар номерінің маңыздылығы артады, себебі әріқарай осы
бөлімде баяндалатын кейбір желі аралық экрандарды трафиктік фильтрлау ережісінің
тапсырмасына қолданады. RFC 1122 феномен баяндалған, желі ресурстарын нәтижесіз
қолдануға және өнімділіктің төмендеуіне соқтыратындықтан, ол «ақымақ» (Silly Window
Syndrome) синдром атағына ие болды. Егер терезе өте аз түйін қабылдаса, «ақымақ терезе»
синдромы пайда болады. «Сырғыма терезе» (Sliding Window) механизмі бір уақытта
жіберілетін мәліметтер пакетінің максималды саны ретінде “терезе” ұғымын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет