Əрбір деңгей жоғарғы деңгейдегі модель арқылы анықталған өз қызметтерін атқарып,
мәліметті келесі деңгейге беріп отырады. Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір
деңгейінің өзіне ғана тән хаттамасы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.
Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын
функциялар жиыны.
Хаттамалар стегі (тізімі) – бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр
түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.
Сонымен хаттама байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналарындағы кедергілерді
азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасындағы мәліметті мүлткісіз тасымалдау ісін
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген хаттамалардан
немесе солардың жиынынан тұрады.
Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Ол жүйелік
программалық жабдықтама мен пайдаланушының программалық жабдықтамалары арқылы
жүзеге асырылады.
Қолданбалы деңгей қосымша программалардың жүйемен жұмыс істеуіне жауап береді.
Бұл деңгейдің міндеті – файлдарды тасымалдау, пошталық хабарламаларды жеткізу, желіні
басқару.
Мұндағы жағары үш деңгейдің (қолданбалы, ұсынылу, сеанстық) кеңінен таралған
хаттамалары:
FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды беру хаттамасы
TFTP (Trivial File Transfer Protocol) – файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы;
X.400 –электрондық пошта хаттамасы;
Telnet –қашықтағы терменалмен жұмыс істеу;
SMTP (Simple-Mail Transfer Protocol)-пошталық алмасудың қарапайым хаттамасы;
CMIP (Common Management Information Protocol) ақпаратты жалпы басқару
хаттамасы;
SLIP IP (Serial Line IP) тізбекті арналар үшін әрбір объект бойынша мәліметтерді
жіберудің тізбекті хаттамасы,
SNMP (Simple Network Management Protocol) желілерді басқаруға арналған
қарапайым хаттама;
FTAM (File Transfer, Access and Management) файлдарды тасымалдау, қатынасу
және басқару хаттамасы.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға
арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ,
IRC, IP – телефония және басқалары.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі
функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан
туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша
сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат
іздеу жүйесі, оны Web деп те айта береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің
немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке
компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы
тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.
WWW мен оның программалық жабдықтары – Желінің ең қуатты, әрі болашағы бар
құралдары. WWW ортасы гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы HТТP арқылы
жұмыс істейді. Ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper
Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers (“browser” –қарап шығу,
шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткіш, шолушы деп аталатын программалар қолданылады.
Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator, Mozilla Fifefox, Opera, т.б.
броузерлер жиі қолданылады.
FTP қызметі
FTP (File Transfer Protocol –файлдарды тасымалдау хаттамасы). Қашықтағы
компьютерден екілік түрдегі және мәтіндік файлдарды алуға болады. Ол –
программалаушылардың бір-бірімен программа, сурет, мәтін алмасуы үшін өте қажетті қызмет
тұрі. Бұл қызметті FTP-серверлер атқарады.
Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP
арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлерді FTP-серверлер деп атайды. Олар кез келген
форматтағы файлдарды тасымалдай алады.
FTP хаттамасын іске қосу үшін Интернет Explorer терезесінің адрес өрісіне файл
серверінің адресін, мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: