32
Объективті принцип жиналған материалдарды өңдеуде де көрініс
табуы мүмкін. Алынған фактілердің барлығы, оның ішінде бір-біріне
қарама-қайшылық жан-жақты талдауға түсуі керек. Қарама-қайшы
фактілерге ерекше назар аударған жөн. Психологиялық зерттеулерді
құрудың тағы бір маңыздылығы, психикалық құбылыстарды даму
барысында зерттеу принципі болып табылады. Егер объективті
дүние ұдайы қозғалыста жəне өзгерісте болса, онда осыған орай,
оны бейнелендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес.
Психикалық құбылыстарды олардың даму барысында зерттеу адам
бойында қалыптасқан психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен
қатар жаңа пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді
зерттеудің, əсіресе, оқушы психикасын бақылаудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: