33
Проективті əдістемелер психоанализ бойынша жеке адамның деза-
даптация себептерін диагностикалауға бағытталады.
Проективті əдістер – белгілі бір
мінез-құлық пен бейнелерге
негізделген жобалаушы əдістер. Алғаш рет 1894 жылы «Жобалау»
термині З. Фрейдтің «Невроз страха» мақаласында қолданылған
болатын. Проективті əдістер тарихы хронология жəне табиғат ту-
ралы түсініктермен, оны тəжірибе барысында зерттеу техникасы-
мен ажыратылады. 1904-1905 жылы К. Юнг өзінің ауызша ассо-
циациясын
құрған соң, жобалық əдісті қолдану дəстүрге айналды.
Қазіргі уақытта психология ассоциациясының жобасына енгізілген
жаңалықтар Вунд жəне Гальтон есімдерімен байланысты, бірақ
феноменнің ашылуы мен дəлелдеулері Карл Юнгпен байланысты
болды. К. Юнг өзінің бүкіл жобалық əдісінде негізінен ессіз қобалжу
жеке тұлғаға əділ диагностика жасауға қолайлы екенін дəлелдеді.
Диагностика жобасын қолдану 1921 жылы шыққан Г. Роршахтың
неміс тілінде жарық көрген «Психодиагностика»
еңбегімен байла-
нысты (Герман Роршахтың өмірбаяны мен кəсіби жолы). Роршахтың
медицина саласындағы диссертациясы галлюцинация механизмін
зерттеуге арналған болатын. Ол ғылыми еңбегінде өзінің басынан
өткен жағдайға байланысты тəжірибе жасап, адамның арманы мен
қиялы өткен жағдайлар туралы ой береді деген қорытынды жасады.
Роршах көргенді елестетуге бағытталған қара нүкте қара моторлы
қиялды жандандырады, сергітеді деп шешті.
1935 жылы жобалау əдісінің дамуына өз үлесін қосқан Морган
мен Мюррейдің алғаш рет қиялдауды тəжірибе жүзінде дəлелдеген
жобасының тақырыптық апперцептивтік тесті (ТАТ) жарық көрді.
Томкинстің
пікірінше, психиатрлар мен психологтар адамдардың
түрлі жағдайларға деген мазмұнды да, шынайы көзқарасын сурет-
терде көрсеткен бейнелердің негізінде көрсете білген. Жалпы ТАТ
фруструация өзіндік «МЕН-нің» қажеттігіне ішкі қарсылығына
байланысты сипатталады.
Мюррейдің пікірінше, ұйқыдан безіну,
тамаққа тəбеті жоғалу, өтіп кеткен сəттілік немесе сəтсіздікке жауап
тақырыптық апперцептивтік тестте баяндалады.
Алғаш рет психологиялық жобалау əдісінің негізгі принциптерін
Лоуренс Фрэнк (1935-1948) тұжырымдады. Л. Фрэнктің пікірінше,
адамның ойы мен сезімін білдіруге деген мүмкіндік белгісіз ын-
таландыру күштерінің салдарынан болады деп есептеді. Бұл жоба
негізінде ұсынылған бейне жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін ашуға,
субъектінің қобалжуына, сезіміне, ойына үмітіне бағытталады.
34
Проективті зерттеу шарты тест жағдайының бірізділігі мен
шынайылылығы болып табылады. Бұл шынайылылық жасандылық
бейнесін алып тастауға мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайда жеке
адам өзіне тəн мінез-құлықты көрсетеді. Жеке адамға құрылымдық
стимулдық материалдармен байланысы барысында санасыз
еліктеулер, инстинкттер, конфликттерді сыртқа шығаруға мүмкіндік
беріледі. Проективті əдіс жеке адамды тұтас əмбебап жүйе ретінде
көрсетуге əсер етеді. Жеке адамның əлеуметтік ортамен қарым-
қатынасы «өмірлік кеңістіктің» құрылымдық үдерісін көрсетеді.
Экспериментте зерттеушінің алатын орны белгісіз жағдайлардан
тұрады: зерттелуші «өмірлік кеңістік» элементтерін таңдау бары-
сында еркіндік алады жəне оларды құру тəсілдерін өзі таңдайды.
Эксперименттік зерттеулер проективті əдістерге
төмендегідей
жаңа түсініктер енгізді: «бақылау», «когнитивтік стиль». Жоба-
лау əдісінің құндылығы тапсырманы орындау барысында таным
əрекетінің күрделі негіздері туралы түсінік береді, бұл когнитивті
жəне мотивациялық компоненттер түрінде қарастырылады. Жоба-
лау əдісі жетістіктермен жəне кемшіліктермен сипатталады. Соны-
мен бірге проективті əдістер жеке адамның қасиеттерімен интеллект
ерекшеліктерін өлшеуге бағытталады.
Олар стандартты əдістермен ерекшеленеді:
1) Стимулды материалдардың ерекшелігі;
2) Зерттеу жұмысының алдына қойылған міндеттерінің ерекшелігі;
3) Нəтижелерді өңдеу жəне талдау ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: