7.2. Егіншілікте пайдалану нəтижесінде топырақ
құнарлығының өзгеруі жəне
оны қалпына келтіру жолдары
Егіншілік
жүйесі
бір
аймаққа
тікелей
байланысты
қалыптастырылады. Ғылымға негізделген егіншіліктің интенсивті
жүйесін жүргізуге топырақтың пайда болуы мен топырақ
құнарлылығының құралу заңдылығын игеріп, оны одан əрі пай-
далану шешуші шарттардың бірі. Əрине, егіншіліктің жал-
пы заңдылықтарынан туындайтын агротехникалық əдістерді
нақтылы аймаққа қарай қолданған жөн. Өйткені біздің кең байтақ
республикамыздың егістік алқаптары əртүрлі аймақтарда – орман-
ды, далалық, шөл, шөлейт, таулы, суармалы жерлерде орналасқан,
соған орай егіншілікті жүргізудің əдістері əрқилы.
Топырақ құрайтын табиғи процестің дамуымен топырақтың
құнарлылығының басқа да көрсеткіштері – физикалық, суға жəне
ауаға байланысты қасиеттері жақсарады.
Климаты, температурасы мен су тəртіптері қолайлы аймақтарда
өсімдіктердің, жер қыртысының үстіңгі қабатында микрофлоралар
мен жан жануарлар дүниесінің өркендеуіне қолайлы жағдай жа-
салынатыны белгілі. Бұл əрине, топырақ құралуын жеделдетеді,
топырақтың құнарлылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Мұндай
221
аймақтарда топырақтың өнімділігі мен биологиялық қуаты арта
түседі.
Топырақ құралу процесін биологиялық процестер айқындайды.
Биологиялық процестер неғұрлым жедел жүрсе, топырақ
құнарлығының да соғұрлым қарқынды артатыны зерттеулер-
ден белгілі. Сондықтан да егіншілік саласында топырақ қабатын
тиімді биологиялық процестердің белсенділігін көтеруге болады.
Мелиорациялық шаралардың ғылыми жүйесіне сүйене отырып,
топырақты кез келген климат жағдайында мəдени дақылдарды
өсіруге қажетті су жəне ауа режимімен қамтамасыз етуге толық
мүмкіндік бар. Сондықтан табиғаттың өз күш қорын, оның даму
жолдарының заңдарын меңгеріп, ақылмен пайдаланса, топырақтың
құнарлылығы кемімей, қайта керісінше оның құнарлылығы да,
құрылымы да жақсара түседі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топырақ құнарлылығы дегеніміз не?
2. Топырақтардың физикалық қасиеттеріне нелер жатады?
3.Топырақтардың химиялық қасиеттері.
4. Топырақтың биологиялық қасиеттері.
5. В. В. Докучаев «топырақ патшасы» деп нені айтады?
6. Топырақ құнарлылығына əсер ететін жағдайларды атаңыз
7. Қайта культивациялау деп нені айтады?
8. Құнарлықтың элементтері жəне факторлары дегеніміз не?
9. Топырақтың агрофизикалық жəне физикалық-химиялық
қасиеттері қандай?
222
8-ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ СУ-ФИЗИКАЛЫҚ
ЖƏНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның құнарлылығын си-
паттайтын маңызды көрсеткіштер: топырақ құрылымы, су ауа
режимі жылылық, меншікті жəне көлемдік салмағы, сонымен қатар
өндірістік құрылыс жол салуға топырақтың қаттылығы, иленгіштігі,
жабысқақтығы сияқты қасиеттері жатады.
Топырақ құрылымы. Топырақ үгілу нəтижесінен пайда
болатындығы, əр түрлі механикалық бөлшектерден тұратыны жа-
йында жоғарыда айтылды. Осы механикалық бөлшектер топырақ
түзілу жəне оның əрі қарай даму процестерінде топырақ шіріндісі,
өсімдік тамырлары, топырақтағы жəндіктер əрекеттері арқылы
бір-біріне желімденіп, жабысып, əртүрлі топырақ түйіртпектерін –
агрегаттарын құрады. Топырақ құрылымы (структурасы) дегеніміз
осы. Топырақ құрылымы – оның су – ауа алмасуына, т.б. көптеген
физикалық қасиеттеріне əсер етіп, оның құнарлылығына өте үлкен
септігін тигізеді. Топырақ құрылымы төмендегідей болады:
1. Құрылымы жоқ, шан-тозаңды, борпылдақ;
2. Құрылымы майда түйіртпекті, мөлшері оқ дəрідей шамамен
0,5-1 мм;
3. Дəнді түйіртпекті, диаметрі 1-5 мм;
4. Жаңғақты құрылым, бөлшектері 5-10 мм;
5. Майда кесекті құрылым. 10 мм-ден ірі;
6. Ірі кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше
см-ге жетеді.
Сонымен
шамалы
ылғалданбаған
топырақтар
өздері
орналасқан табиғи жағдайларына қарай осы жоғарыда айтылған
құрылымдардың біреуіне ыңғайлана бастайды. Игерілген жер-
лерде топырақ құрылымы адам əрекетіне, яғни өңделу, қандай
егістіктерге пайдалану жағдайларына тікелей байланысты.
Топырақ құнарлылығына, ондағы ылғал ауа режиміне майда-
түйіртпекті, дəнді-түйіртпекті құрылым жақсы əсер етеді.
Топырақтардың мұндай құрылымдары топырақ қара шіріндісіне
бай, топырақ сіңіру кешені (комплексі) негізінен кальций катио-
нына қаныққан қара топырақ пен қара қоңыр топырақтарға тəн.
223
Ал топырақ сіңіру кешені натрий катионына қаныққан сортаң
топырақ қара шіріндісі аз, құрғақ жəне шөлейтті топыраққа
тəн. Топырақ құрылымы оның құнарлылығының бір шарты
болғандықтан, игерілген жерлерде оны қолдан жасау шаралары
да қарастырылады. Мəселен, академик Р. В. Вильямс топырақ
құрылымын жақсарту үшін егіншіліктің шөптанапты жүйесін
енгізді. Бұл əдіс еліміздің көптеген жерлерінде қолдау тап-
ты. Оның мəні былай: егісті жерлерге шөптанапты емес, бір
дақылды жылма-жыл егіп, оны өңдеген кездерде топырақтың
құрылымы бұзылып, егістік өнімі кемиді. Мұны болдырмас
үшін негізгі дақылды міндетті түрде шөптанапты егістіктермен
ауыстырып, кезектестіріп егу кажеттігін (мəселен, шөптанапты
егістіктер үшін, бұршақтұқымды дақылдар мен дəнді шөптерді
араластырып егуді) ұсынды. Сонда топырақтың əрі құрылымы
жақсарып, оның құрамына азот көп жиналады.
Топырақ құнарына жəне ондағы болатын процестерге топырақтың
құрылымы мен оның физикалық қасиеттерінің əсері көп. Топырақтың
үйлесімді су ауа режимі де оның көп физикалық қасиеттеріне тікелей
байланысты. Топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанымен,
онда ауа немесе су тапшы болса, өсімдіктердің нашар өсетіні, ал
кейде тіршілігінің тіптен тежелетіні мəлім. Топырақта ауаның жəне
судың үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дəрежесімен
анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне қарай əртүрлі болады.
Адамдар топырақтың кеуектілігін жасау үшін оны қолдан өңдейді.
Топырақтың жыртылған, қопсыған қабатында жартысына дейін
кеуектер болады да, қалғаны топырақтың қатты бөлігінің үлесіне
тиеді. Шымтезекті топырақтарда кеуектілік одан да артық, ал құм
топырақтарда 30-40%-дай болады. Өсімдіктер тамырлары кеуекті
топырақтарда жақсы өсіп, оңай таралады.
Топырақтың кеуектілігі оның көлем салмағына, яғни
тығыздығына жəне топырақтың меншікті салмағына тікелей байла-
нысты. Топырақтың көлем салмағы деп оның табиғи күйіндегі ылғал
мен ауаны коса есептегенде 1 см
3
көлемдегі салмағы грамм есебімен
өлшенетін шаманы айтады. Ал топырақтың меншікті салмағы, яғни
оның қатты фазасының 1 м
3
көлемдегі салмағы грамм есебімен
алынады. Топырақтың қатты фазасының салмағы сол көлемдегі су
салмағының қатынасымен салыстыру арқылы анықталады. Əдетте,
топырақтар өздерінің құрамына қарай, олардың көлем салмақтары
224
1-1,6 г/см
3
-ге дейін, ал меншікті салмағы 2,4-2,8 г/см
2
болып
кездеседі. Міне осы мəліметтер арқылы топырақтардың кеуектілігі
(Р, %) де анықталады. Ол үшін төмендегі формула қолданылады:
Р=(1- v/d)100,
мұндағы; v – көлемдік салмақ, г/см
3
; d – үлес салмақ, г/см
3
.
Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектілігіне тікелей бай-
ланысты. Құрылымы (структурасы) жақсы топырақтарға су оңай
сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырақтарда су-
мен қатар жеткілікті мөлшерде ауа да сақталады. Сондықтан да бұл
топырақтарда судың булануы төмендейді де, топырақ сіңірген ылғал
ысырап болмай біраз уақытқа дейін дұрыс сақталады.
Топырақтың суды өз денесіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін оның су
сыйымдылығы деп атайды. Əртүрлі топырақтың су сыйымдылығы
əртүрлі болады.
Топырақтың су сыйымдылығына оның кеуектілігімен қатар
механикалық құрамы, топырақтағы қара шіріктің мөлшері де əсер
етеді. Мысалы, қара шірікке бай 100 грамм балшықты топырақ 50
грамдай суды бойына ұстаса, 100 грамм құмдақ топырақ не бары
5-25 грамм суды ғана ұстай алады. Ал органикалық заттарға өте
бай шымтезекті топырақтардың 100 грамы өзінен екі-үш есе артық
көлемдегі суды сіңіре алады.
Топырақтың дұрыс құрылымы бұзылып, қажетті кеуектілігі
сақталмаған жағдайда топырақ нығыздалып, ондағы қылтүтіктер бір-
бірімен жалғасып, топырақ ішіңдегі сулар осы қылтүтіктер арқылы
тез буланып кетеді. Мұны болдырмас үшін топырақты дер кезінде
өңдеп тұру кажет. Ал суармалы жерлерде топырақты суару шарала-
ры қалай болса, солай жүргізілмей, мұнда оның су сыйымдылығы,
су өткізгіштігі, т.б. сияқты қасиеттері ескеріледі.
Топырақтың суды көтергіш қасиеті де оның механикалық
құрамына тікелей байланысты. Мəселен, құрамы ірі құмдақ
топырақтар жерасты ыза суларынан ылғалды не бары 50-60 см-
ге ғана көтереді. Ал механикалық құрамы ауырлау саз балшықты
топырақтар өздерінің майда қылтүтіктері арқылы жерасты ыза
суларының ылғалын 3-3,5 метрге шейін көтере алады.
Топырақтағы ылғал режимі оған түсетін ылғал мен одан
шығын болатын ылғалдар мөлшерімен анықталады.
225
Түсетін ылғал: а) ауа ылғалы (жаңбыр, қар); ə) еріген қар суы; б)
будан түсетін ылғал; в) жерасты ыза суынан көтерілетін ылғал.
Шығын болатын ылғалдар: а) булану; ə) топыраққа сіңбей ағатын
ылғалдар; б) өсімдіктер арқылы буланып транспирацияланатын
ылғалдар; в) өсімдіктердін жапырақтары мен бұтақтарында қалатын
ылғалдар. Түсетін ылғал мен шығын ылғалдың арақатынасы əртүрлі
топырақтардың ылғалдану коэффициентін анықтайды.
Табиғаттың салқын-орманды, жылы-субтропикалы тропикалық
зоналарында түсетін ылғал мол, шығын аз болып топырақтарда ша-
йылу ылғал режимі бой көрсетеді. Ал орталық коңыр салқын зона-
ларда ылғалдану коэффициенті шамамен, 1-ге тең, сулану мен була-
ну тепе-теңге жуық. Табиғаттың басым аймақтарында ауадан түсетін
ылғал топырақтан шығын болатын ылғал мүмкіндігіне қарағанда
анағұрлым аз. Бұл аймақтарда (құрғақ дала, шөл-дала, шөл)
негізінен ылғалдың булану режимі өріс алады. Ал игерілген жерлер-
де ылғал режимін адам өз мұқтаждығына ыңғайлап, кей жерлерді
қолдан құрғату, ал көп жерлерде су көздері табылған жағдайларда
топырақтың ылғал режимін суару арқылы өзгертеді.
Топырақтың жылулық режимі. Топырақтардың дамуы мен
өсімдіктердің тіршілігі үшін жылу керек. Топырақтың жылулық
қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің бірі. Топырақ жылуы белгілі
бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда өсімдіктер тамыры өсе бастай-
ды. Жылу əсерінен микробиологиялық жəне химиялық процестердің
қарқыны өзгереді. Топырақ жылуды негізінен күн сəулесінен,
оған қоса топырақтың жоғарғы қабатынан, жердің ішкі қызған
қабаттарынан, сонымен бірге топырақтағы микробиологиялық про-
цестерден, тірі жəндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жану-
арлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір
заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының суға айналуы-
нан, судың булануынан алады. Сонымен, топырақтағы жылу режимі
– жылудың күн сəулесінің топыраққа түсіп, оның қабаттарына еніп,
жоғарыдан төмен қозғалып, қайтадан ауаға оралу процесі.
Топырақтың
жылулығы
топырақтың
температурасымен
белгіленеді. Температура тəуліктік, апталық, айлық, маусымдық
жəне жылдық көрсеткіштермен ажыратылады.
Топырақтың жылулық режиміне ауа райы, өсімдік, жер бедері,
қар жамылғысы, топырақтың механикалық құрамы, ылғалдылық
пен түсі əсер етеді. Əртүрлі топырақ күн сəулесінен əртүрлі
15–1427
226
қызады. Ашық түсті топырақтарға қарағанда, қара шіріндіге бай
қара топырақ пен қара қоныр топырақ анағұрлым тез жылына-
ды. Ал құмдақ топырақтар балшықты топырақтарға қарағанда,
тез жылынады. Дегенмен, ол топырақтар тез арада суиды. Ылғал
топырақтармен салыстырғанда құрғақ топырақтар тез жылынады.
Ылғал топырақтардың баяу жылынатын себебі, ондағы суды жылы-
тып, буландыру үшін көп жылу жұмсалады.
Құм топырақтар саз топырақтардан құрғақтау болғандықтан
анағұрлым тезірек жылынады. Топырақтың жылулығына оның
орналасқан жері де əсер етеді. Мысалы, оңтүстік баурайдағы
топырақтар солтүстік жағымен салыстырғанда жақсырақ жылына-
ды.
Топыраққа берілген жылу оның бөлшектерімен, су жəне ауа
арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты бөлшектері
су, жылуды жақсы өткізеді. Ал ауа жылуды нашар өткізеді.
Түнде топырақ бетінен бастап салқындайды, ал күндізгі жылу
толқыны тереңірек қабатқа өтеді. Жылудың толқындары осылайша
күнбе-күн тереңірек қабаттарға өтіп отырады. Топырақ бөлшектері
жылудан біресе ұлғайып, біресе суықтан кішірейіп отырады.
Бұл олардың тез жəне толық үгілуіне көмектеседі. Топырақтағы
өсімдіктермен бірге тірі жəндіктердің дамуы үшін жылы топырақ
қолайлы.
Қыста топырақты қар басып, ондағы су қатқан кезде жəне жылу
толқындарының орнын суық толқындар басқанда топырақтағы
тіршілік едəуір бəсеңдейді.
Топырақтың жоғарғы сипатталған физикалық қасиеттерінен
басқа кейбір топырақтарға тəн жəне оның құнарлылығына едəуір
нұқсан келтіретін, мысалы, топырақтардың сортаң немесе сорланған
болып келетін жағдайлары болады. Мұндай топырақтар оңтүстік
жəне кейбір солтүстік зоналарда кездеседі. Ол топырақтарды тиімді
пайдалану үшін оларды алдын ала мелиорациялау қажет.
Топырақтың механикалық құрамын, əрқилы көлемдегі: ірі дəнді,
ұсақ дəнді бөліктері бойынша айырады. Ірі дəнді топырақтар:
балшықты, балшықтылау, шымтезекті (торф) болып бөлінеді.
Топырақтың механикалық құрамы физикалық қасиетіне,
саңылаулығына, ауа жəне су өткізгіштігіне, ылғал сыйымдылығына,
жылу өткізгіштігіне əсер етеді. Осы қасиеттерге топырақтың
өнімділігі мен санитарлық күйі тікелей байланысты.
227
Ірі дəнді топырақтар ауа мен су өткізгіштігі жақсы топырақтар
болып табылады. Олар құрғағырақ əрі санитарлық тұрғыдан
қолайлы. Мұны бұндай топырақтарда органикалық заттарды ми-
нералдау үшін қажетті оттегінің көп болуымен түсіндіруге бола-
ды. Бұл ірі дəнді топырақтарда топырақтың сіңіру қабілеті мен
ондағы микроорганизмдердің тіршілік ету қасиетіне байланысты
топырақтың өздігінен тазару үрдісі жақсы өтетінінің дəлелі.
Ұсақ дəнді топырақтар төменгі дəрежеде сіңіргіштігімен си-
патталады, алайда, олар ылғалды жақсы сіңіреді. Мəселен, құмды
топырақ өз бойында 15-20%, балшықты топырақ 70%, ал шымтезекті
200-300% су ұстай алады.
Ылғалды топырақтар жоғары жылу сыйымды жəне жылу
өткізгішті, олар нашар қыздырылады, оларда органикалық заттар
ыдырауы баяу өтеді. Ұсақ дəнді топырақтардың капиллярлығы
жоғары, бұл оларда салынатын құрылыс орындарындағы
ылғалдылық себебі бола алады. Осы ерекшілікті органикалық тас-
тандылар мен шайынды суларды залалсыздандыру телімдері мен
фермалар салу кезінде ескеру қажет.
Топырақ түрлі химиялық қосылыстарды, бұзылып ыдыраған
органикалық тастандылары, микроорганизмдерді сіңіріп, бойында
ұстай алады.
Бұл қасиетінің үлкен санитарлық-гигиеналық маңызы бар. Оны
топырақта өтіп жатқан түрлі үрдістермен жəне құрамында балшық
бөліктері мен қарашіріктің орын алуымен түсіндіруге болады.
Алайда, тастандылармен қатты ластанған кезде топырақтың сіңіру
қабілеті бұзылады.
Бұл жағдайда органикалық заттар минералданбайды, ал топырақ
пен ауаны сасық иісті шіру өнімдерімен (NH
3,
H
2
S, CH, индол)
лас тайды, топыраққа түскен заттар мен микроорганизмдер одан
атмосфералық жауын-шашындармен жуылып, онымен қоса жер су-
ларына келіп түседі.
8.1.Топырақ ылғалы
Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан,
оның құрамында əр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ
ылғалы – оның құнарлылығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауа-
дан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан жəне жер астының
228
ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы əр жерде əрқилы. Бір жерлер-
де топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшы-
лау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі
əртүрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті
сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге
бөлінеді.
Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына
еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы
биологиялық процестерге қатыспайды.
Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін судың жоғары
температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге
сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре
алады.
Гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген
молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен
тығыз байланысқан бұл суды тек 100
о
-тан астам температураға дейін
қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады.
Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи
отырып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен
төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз
салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдала-
на алмайды, ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына
қосылады.
Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты
күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп,
өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғатта олардың көлемі негізінен
суық аймақтарда, Антарктида түгелдей, терістік мəңгі тоң тараған
алқаптарда жыл бойы кездессе, кей аймақтарда тек жылдың кыс ай-
ларында, ал кейбір аймақтарда тіпті, жылдың қыс айларында да бол-
майды. Себебі əлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.
Жерасты ыза суы топырақтың, ал көбіне, топырақ түзуші тау
жыныстарының əртүрлі тереңдіктерінде əдетте, су өткізбейтін қабат
үстіне жиналады. Жерасты ыза суы көбіне, топырақ қабатынан көп
тереңдікте жататындықтан топыраққа жəне өсетін өсімдіктерге
еш əсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, əдетте, ТМД
елдерінің батыс жəне теріскейде түсетін аудандарында, өзен бой-
лары мен сағаларында жəне суармалы егіс алқаптарында топырақ
229
астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге,
өсімдіктер өміріне өте үлкен əсерін тигізеді. Мұндай жағдайда
көбінесе, шалғынды топырақтар кездеседі.
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл –
құрамында суға еріген əртүрлі заттары бар топырақ ерітінділері.
Өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бо-
йына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның
құнарлылығының негізгі шарттарынын бірі. Академик Г. Н. Высоц-
кий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам
қанымен салыстырған (Г. Н. Высоцкий 1962).
8.2. Топырақтың су қасиеттері
Топырақ суы топырақ қыртысындағы əртүрлi минералдық
тұздарға бай болып келеді. Топырақ суын ауыз су ретiнде, не
шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Топырақ суы –
өсiмдiктер əлемінің негiзгi қорегi, өсiп жетуiне қажеттi су көзi. Құм
топырақтарда салмағының 4-10 пайызын, құмайт, құмды саздардың
10-30 пайыздан, саз топырақтардың 25-30 пайыздан астамы топырақ
суы құрайды.
Топырақ суының мөлшерi ауа райына, жыл маусымдары-
на сəйкес өзгерiп отырады. Топырақ ылғалдылығы өсiмдiктерге
екi түрлі əсер етедi: бiрiншiден, тамырдың өсуi мен тармақталуы
топырақ ылғалдылығына байланысты; екiншiден, өсiмдiктің
ылғалды қабылдауы топырақтағы судың мөлшерiне де байланысты.
Топыраққа су жаңбыр, қар, бұршақ, не шық түрiнде түсiп отырады.
Кейде ол топырақтың беткi қабаттарына төменнен көтерiледi. Бұл
жерастындағы су немесе ыза суы топырақтың беткi қабатына таяу
орналасқанда кездеседi. Қандай топырақта болмасын азды көптi
ылғал болатыны белгiлi. Топырақта кездесетiн су түрлi құрамда
болады, ол жыл мезгiлiне, ауа температурасының өзгеруiне қарай
түрлiше күйге ауысып отырады. Мысалы, топырақ кесектерiнің
арасындағы ауада кездесетiн су топырақ температурасы жоғары
болса, көбiне бу күйiнде болады, ал температура төмендесе, ол су
тамшысына айналады. Топырақта кездесетiн бу күйiндегi суды
өсiмдiктер пайдалана алмайды, оны – топырақтағы судың пайдасыз
қоры деп атайды. Аталған су өсiмдiктерге тиiмдi болу үшiн, топырақ
230
түйiршiктерiнiң сыртын толығымен қапталдап мөлшерi өскенде
ғана, ол топырақ түйiршiктерiнiң аралықтарындағы қылтүтiкке енедi
де өсімдіктердің қоректік минимумынан қолайлы режимiн реттеуге
көмектеседi. Құбылыстар жиынтығы арқылы анықталатын топырақ
ылғалының жиналуы, жылжуы, жұмсалуы жəне оның физикалық
жағдайын өзгерту топырақтың су режимi деп аталады.
Топырақтың су тəртiбi – топырақтың құралуындағы ең
маңызды фактордың бiрi, ал оның құнарлығын арттыратын бас-
ты жағдайлардың бiрi болып саналады. Топырақтың су тəртібінің
мөлшер көрсеткiшi, яғни ылғалдың жиналуы мен жұмсалуы
жиынтығының барлық шамасын жəне белгiлi бiр кезең аралығында
оның қорының өзгеруін су тепе-теңдігі деп атайды. Су тепе теңдігінің
көпжылдық орташа мөлшерi, топырақтың су тəртiбiнiң түрлерін си-
паттайды. Су – табиғатта ең көп таралған, сонымен бiрге нағыз ерек-
ше зат. Өсiмдiк тiршiлігiне қажеттi су қорын негiзiнен топырақтан
алады. Топырақ ылғалды жинайтын, сақтайтын жəне өсімдіктерді
барлық даму кезеңдерiнде ылғалмен қамтамасыз ететiн орын бо-
лып табылады. Су өсiмдiкте өсетiн барлық тiршiлiк процестерiне
мiндеттi түрде қатысады. Көптеген өсімдіктердің клеткаларында
80-90 пайыз, ал тұқымдарында 10-15 пайыз су кездеседi. Өсiмдiк
табиғатында су айналымы да елеулi рөл атқарады. Топырақтағы
судың мөлшерi оның құнарлылық тиiмдiлiгiн анықтайтын судың
технологиялық қасиетiне, химиялық, физикалық-химиялық жəне
микробиологиялық процестердiң қарқынды етуiне байланысты.
Топырақтағы судың түрлері. Топырақ ылғалы əртүрлi күйде болады.
Олардың барлығы бiрдей өсiмдiкке сіңе бермейдi. Жалпы топырақ
суларын мынадай түрлерге бөлуге болады.
Химиялық байланыс күйіндегі су. Су көбiнесе əртүрлі минерал
кристалдарымен байланысты болады. Бұл су заттың молекуласы-
на гидроксил (ОН) ион тобымен кiредi. Мысалы, Fe2O3+ НО=2Ее
(ОН)3. Ол топырақтан 400-800 С градуста ажыратылады, сондықтан
топырақтағы биологиялық процестерге тiкелей қатыса алады.
Гравитациялык су деп топырақтың түйірлерінің аралықтарын
жайлап өз салмағымен (гравитация аралық) көбiнесе, төмен қарай
жылжитын суды айтамыз. Мұны өсiмдiктер оңай сіңіре алады. Де-
генмен, оның ағысы қылтүтік судан гөрi шапшаңырақ болғандықтан,
өсiмдiктердi ылғалмен қамтамасыз етуге тiкелей қатыспайды.
Қылтүтiк (капилляр) суы. Топырақ түйірлерінің iшiндегi су барлық
|