3
3
№11 (8261) 11.02.2015 жыл
Жарамсыз деп есептелсін
Бапахова Бақыт Тұрмаханқызының атына берілген жеке куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Рақышев Бақыт Алдабергенұлының атына Шиелі кенті, ГРЭ-23,
С.Есенов көшесі, №1 “а” үйге 2011 жылдың 30 маусымы күні берілген
жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісі (N 01 999 26)
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Камалдинова Фаузия Фарзудиновнаның атына берілген жеке
куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Алтаев Оралхан Шуюшбаевичтің атына берілген жеке куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Бағдатқызы Ақбаянның атына берілген жеке куәлігі жоғалуына
байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Ибраева Гульназ Айтмановнаның атына берілген жеке куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Әлімханова Гүлбану Әлдиярқызының атына берілген жеке
куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Қалмағанбетов Қалдыбек Өтебайұлының атына берілген
жүргізуші куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Әбішев Бақыт Қасымханұлының атына берілген жеке куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Отарбаев Нурлан Абдиашимовичтің атына берілген әскери
билетінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Әділов Бекбол Тұрсынбайұлының атына берілген жеке куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Байділдаев Бейбарыс Ертайұлының атына берілген жеке куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Маханбетов Мырзаян Шадиевичтың атына берілген жеке куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Орынбаев Бауыржан Аманбайұлының атына берілген мемлекет-
тік белгісі N123 CDA 11 санды “Ниссан премера” жеңіл көлігінің
тех.паспорты жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
Хабарландыру
“Тұрангаз” ЖШС мекемесі газ баллонының төмендеген бағасын
хабарлайды. Үлкен баллон – 1340 теңге, кіші баллон – 670 теңге,
автокөліктерге 1 л газдың бағасы – 31 теңге болып белгіленді.
Хабарласу телефоны: 4-47-28.
Жалюздер жасаймыз
Жалюздер жасаймыз, жеңілдіктерімен. 700-ден астам түрлері
бар, өлшеу, орнату тегін. Телефондары: 4-59-29, 87025084775,
87015181505.
Хабарландыру
Мемлекеттік сату, сатып алу шарты бойынша кепілдендірілген
тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде, тендерді ұтуына бай-
ланысты қол жетімсіз топтарға (балаларға, жасөспірімдерге,
екіқабат әйелдерге) “АЛМА ДЕНТ” стоматологиясы тегін көмек
көрсетеді.
Мекен-жайы: АО Локомотив сервис орталығы (отдыхающий).
байланыс тел: 6-16-25.
Әкімшілік.
Дəріхана ашылды
Шиелі кенті, Тоқтаров көшесі мен Ы.Жақаев көшесінің
қиылысында бұрынғы ПАТП мекемесінің ғимаратында азанғы сағат
9.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейтін
дәріхана ашылды. Дәрі бағасы 30-40 пайызға төмен. Ішінде ине
шаншу (укол) бөлмесі бар. (Сол аймақта тұратын тұрғындарға ине-
шаншу тегін жүргізіледі). Хабарласу телефондары: 87028350134,
87714783658.
Компьютер сатылады
Қолданылған компьютер столымен сатылады. Бағасы келісімді.
Хабарласу телефоны: 4-11-02, 87021436629.
Кафе сатылады
Темір жол вокзалында (перронда) орналасқан. “Ин Сая” кафесі
сатылады. Үш бөлмелі, жер асты қоймасы бар. Бағасы келісім бо-
йынша. Телефондары: үй - 6-13-19, ұялы.87781914515.
Жер
сатылады
Шиелі кенті, Шәкәрім көше -
сі, №98-де жер сатылады. Дү -
кенге ыңғайлы, құ жат тары тү -
гел және “ЗИЛ” ав то көлігі қоса
сатылады.
Хабарласу телефондары:
52-8-39, ұялы.87023725564.
Қоғамдық
тыңдау
СТК “Сазқұм” ҚР Эколо
-
гиялық Кодексінің 57-бабына 3
тармағына сәйкес қоршаған ор -
таға эмиссия өтінімін Қызыл ор -
да облысы бойынша экология
департаментіне тапсыру үшін
қор шаған ортаға іс-шаралар
жос пары жобасын талқылау
бой ынша қоғамдық тыңдау өткі -
зеді.
Өткізілетін орны: Шиелі кен -
ті әкімдігінің мәжіліс залы. Өт -
кізі летін уақыты: 23.02.2015 ж.
сағат 15.00-де Қоршаған ортаға
іс-шаралар жоспары жобасын
талқылау бойынша мүдделі
аза маттар мен қоғамдық бір-
лестіктерді тың дауға қатысуын
сұраймыз. Барлық сұрақтармен
87018655755 телефоны арқы -
лы хабарлассын.
Үй
сатылады
Гигант ауылы, М.Шоқай
көшесінде сырты селикат №7
үй тез арада сатылады. Үй 8
бөлмелі, сарайы, жазғы кух-
нясы, бау-бақшасы, гаражы,
моншасы, мал, тауық қоралары
бар. Ауыз су, аяқ су келіп тұр.
Хабарласу телефоны:
87716936354, 87016932321.
***
РУ-6, НУС №30 үй, 23 пәтер
сатылады. Үй 3 бөлмелі. Евро-
ремонт жасалған. Бағасы келі-
сім бойынша. Теле фондары: үй:
35-2-14, ұялы.87026529030,
87016976043. Айзат Сұлтан.
***
Шиелі кенті, Асқаров
көшесі, №5 үй сатылады
(бұрынғы Дзержинский қазіргі
Сейтенов көшесіне параллель
жатқан көше). Үй 7 бөлмелі,
времянкасы, сарайы, гаражы,
қоймасы, ауыз суы бар. Арис-
тон арқылы жылытылады.
Үйдің құжаттары түгел. Интер-
нет, телефон тартылған. Аяқ су
келіп тұр, есіктің алдында түрлі
жеміс ағаштары бар. Бағасы ке-
лісім бойынша.
Байланыс телефондары:
4-11-36, ұялы.87013651675,
87775120673. Электронды
почта: agcam@maiI.ru.
***
Шиелі кенті, Жайлыбаев
көшесі, №34 үй сатылады. 7
бөлмелі үлкен үй, ауыз су, аяқ
су, қоймасы, есіктің алдында
бір үйлік жері, жеміс ағаштары,
жұмыс істеп тұрған дүкені бар.
Хабарласу телефондары: үй -
4-38-92, ұялы.87026942559,
87027746834.
***
Шиелі кенті, Дәулеткерей
көшесі, №4 үй, 4 пәтер тез
арада сатылады. Үй 2 бөлмелі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілген
немесе 1 бөлмелі үйге айыр-
басталады. Байланыс теле-
фоны: 87022747383.
Кетпейді нұр бейнең
жадымыздан
Шиелі кенті, Байтерек мөлтек ауданы, 8-квартал, 16 үйдің
тұрғыны болған Мақұлбекова Асыл Бергенқызының 18 ақпан күні
сағат 18.00-де қонақасы, 19 ақпан күні
сағат 12.00-де берілетін 40 күндік асына
бар лық ағайын-туыс, құда-жекжаттар мен
дос-жарандарды шақырамыз. Жатқан
жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Кетпейді нұр бейнең жадымыздан,
Қиналғанда табылушы-ең
жанымыздан.
Бар мейірімің төгіліп тұрушы еді,
Алақанмен сипағанда басымыздан.
Ардақты ана, аяулы ана, мейірлі ана,
Күміс даусың кетпейді әлі отбасынан.
Құранды бағыштаймыз анамызға,
Тірі болсаң жүрер-ең қасымызда.
Енді міне, барлық ағайынды,
Шақырамыз қырық күндік асыңызға.
Еске алып, асқа шақырушылар: жолдасы – Ғани қажы
және Мақұлбековтер әулеті.
Сағынышпен еске аламыз
Бидайкөл ауылының тұрғыны болған атпал азамат, қимас дос,
ағайынға жанашыр, отбасымыздың тірегі, берекесі болған жан
әкеміз Әлімбет Қалихан Рысбайұлының өмірден өткеніне 16
ақпанда 1 жыл толуына орай сағынышпен еске аламыз. Туған елінің
ел ағасы, ұрпағының ақылшысы, жарына
адал, ұл-қыздарына, келіндеріне сыйлы,
немерелерінің аяулы атасы болған
Қалекең мәңгі жүрегімізде сақталады.
Қырандай ең таймайтындай
тұғырдан,
Келіп жетті-ау сұм ажал қапиядан.
Амал нешік зар жылап іздегенмен,
Үкім тездеп келген соң бір Алладан.
Рахымы мол жаратушы бір Алла,
Жәннатыңды нәсіп ет сауапты адал
бұл жанға.
Иман нұрын жарық ет жұмаққа барар
жолына,
Қастерлеп өтер елі мен ұрпағы бар
соңында.
Еске алушылар: жұбайы – Райкүл, ұл-қыздары, келін-күйеу
балалары, немерелері, жиендері.
Тым тереңнен бастаттырсам ой көшін,
Тіл кеспек жоқ, маған кімдер қой десін.
Тірі елесі деп ұғынсын тыңдаушы,
Ортаңызда Шоқайұлы сөйлесін!
Мұстафа мұңы
Құба белде құбылса сағым елес,
Ол да менің сорым не бағым емес.
Жабылғаннан күн көзі мұңданамын,
Қабырғамнан сұраймын тағы кеңес.
Сән құрса да санамда шағын егес,
Қиял жүйрік, оны ешкім жабы демес.
Алты қырдың естимін ар жағынан,
Қазақ әнін, әнші айтқан лағыл өңеш.
Жүргенімде бір хабар тосып әрең,
Орындалмай қалады-ау осы дәмем.
Домбыраның жоқтығын қарасаңшы,
Әлгі әншіге ыңылдап қосылар ем.
Көңіл сарай ішінен қайғы аластап,
Менің ғазиз арманым айдан аспақ.
Нала-мұңға көмілсем сен керек ең,
Шанағында мейірім бар қайран аспап.
Ел қадірін біледі шетте жүрген,
Қайғым ауыр кәдімгі көк темірден.
Өзегімнен жауларым тебе берсін,
Соған деген бекиді кекпен іргем.
Тамырынан сүлікше жала сорған,
Құтылмады-ау, қазақтың баласы ордан.
Сән-салтанат құрар күн қашан туар,
Түркістаным, беу, менің Алашордам.
Аласұрған жанымды ұғар кім-ау,
Көтере алмас иыққа жүк алдым-ау?
Қайманаға жүргенде теңдік іздеп,
Айдалада қалатын шығармын-ау?
Тартылмады Құдайдың сыйы неден,
Өз отыма сірә, мен күйіп өлем.
Байғұс анам мені ойлап жүдеп жүр-ау,
Соңғы кезде түсімде жиі көрем.
Кең дүниеге жүргенде өзім сыймай,
Сезім сыйлай алмадым, сезім сыйлай.
Мәрияжан, сүйіктім, қоштасарда,
Қалып едің жәудіреп көзің қимай.
Шабатындай басымды мұң-қылышым,
Алай-дүлей боп кетті сыртым-ішім.
Мен өлсем де арманым жоқ дер едім,
Не көрсем де тәуекел ұлтым үшін.
Хақ Тәңірден тек қана өкім келме,
Сыр береді жақсылап бекінген де.
Өзге жердің желі де мейірімсіз,
Өзімсініп өппейді бетіңнен де.
Өкінгенде қайтемін, өкінгенде..?
Ұлықбек ТӘҢІРБЕРГЕН.
Рухын
қазағымның
желбіреткен
Наршоқы көрініп тұр мұнарланып,
Нар ұлын сағынғандай, мұң айналып.
Секілді күңіреніп үн қатқандай:
“Ұлымды құша алмадым құмарланып”.
Айылы қызыл-жендет жиылмады,
Топырақ туған жерден бұйырмады.
Шет жерде – Берлин, Париж жүрсе-дағы,
“Еліме азаттық бер!” – сыйынғаны.
Ұлтымның мақтанышы – жанашырым.
Қазақтың қасиеті – қарашығым.
Өз ұлтын сүйіп өткен өмір бойы,
Мұстафа жүрегінде Алашымның.
Өр тұлғаң жаңғырып тұр санамда әлі,
Түркістан тұтастығы – қара орманы.
Намысын, ар-ожданын биік қойған.
Ұлтшылдық идеясы – бар арманы.
Шаш ал десе, бас алған сұмдықтарға,
Қарамай, тарта берді шындықты алға.
Бар ойы тәуелсіздік жолда елін,
Құтқару бодандық пен құлдықтардан.
Тарихтың ашылады ақ парағы,
Арыстар әлі талай ақталады.
Ерлігі Мұстафаның әр жүректе,
Ескерткіш боп мәңгілік сақталады.
Сүйінші! Хабар жетті олжасы көп,
Мұстафаға ескерткіш орнатылып.
Париждің қақ төрінде жайғасады,
Қалғандай өткен тарих жалғасы боп.
Шаттаныңдар, Алаш деп, аттаныңдар,
Алда әлі ататын ақ таңым бар.
Рухын қазағымның желбіреткен,
Мұстафадай ұлыңмен мақтаныңдар!
Еске алып тау тұлғаны, жыр арнадық.
Наршоқы көрініп тұр мұнарланып.
Құтылып бодандықтан қазақ елі,
Ұлының орындалды ұлы арманы.
Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ.
Мұстафаның
шырағы
Құлап еді.
Шабытымның кісінеп Құлагері.
Зар жылайды даламның құба, белі.
Жапан түзде мұңайып Мұстафа-мұң,
Жатыр жалғыз қазақтың жылап ері.
Қансырады.
Жас емес көзімнен қан тамшылады.
Текті ұлдың тектілігі қамшылады.
Әлі де жарқырап тұр Мұстафаның,
Жұртым деп көкте жанған жан шырағы.
Құяды мұң.
Көкірекке қасірет сыяды мың.
Киелі жер еске алды зиялы ұлын.
Шаң басқан тарихымның парағынан,
Ізін көрдім тас жарған тұяғының.
Дара тұлғам.
Қазағымның маңдайына жаратылған.
Жазықсызда ақбергенмен ар атылған.
Зар күннің заңғарына ұмтыла алмай,
Қауырсын – жыр құлап түсті қанатымнан.
Сырда мына.
Жабығады жас құйып құндағына.
Бұйырыпты қайтейін, мұң бағыма.
Өр ұлыңның бақытын бірге әкетті,
Құзғын-қайғы іліп ап тырнағына.
Қарияңның.
Естіп тұрмын жоқтауын дариямның.
Абыройы бұзылмас ар-ұямның.
Мұстафаға Сыр сезімі таусылмайды,
Мәңгілік махаббатындай Мәриямның.
Тағдырымды.
Қашырдым қасиетім, қадірімді.
Зар заман ұсынарсың зәбіріңді.
Тау тұлғаң жат топырақ жастанған соң,
Қара өлеңнен қазып қойдым қабіріңді.
Кей үкімге.
Қарсы тұра алмаспыз. Кейіп кімге?
Жалғанның қарайладым кейіпіне.
Мұстафаның мұң-мүрдесін жырларым
мен,
Жерледім жүрегімнің бейітіне...
Салтанат ЖҮСІПОВА.
Әлемнің
әйгіленген
біртуары
Ағытсам жырдың кенін жүрегімнен,
Текті ата пір тұтатын киелім ең.
Шыққан ғой Мұстафадай талай дарын,
Киелі, қасиетті Шиелімнен.
Болған соң әу бастан-ақ баба құтты,
Тектілік ұрпағына таралыпты,
Жастайынан анадан тәлім алып,
Боп өстің алғыр, дерек талантты.
Халқыңның тең бөлісіп мұң мен зарын,
Еліңнің ертеңіне алаңдадың.
Ел үшін туған нағыз есіл ер ең,
Тәуелсіз аңсаған ел болашағын.
Танытып ірілікпен ұлығыңды,
Жұртыңа арнадың бар ғұмырыңды.
Мәңгілік мәйегіндей мұраң қалды,
Ұрпағың лайлатпас тұнығыңды.
Тағдырдың тауқыметін көп көріп ең,
Өмір жол өлшенеді өткенімен.
Түркі әлемнің төрінде тұлға болдың,
Шыңдалып өмір-сынақ мектебінен.
Саясаттың сезсең де салқын шағын,
Қазақтың қайсар ұлы тартынбадың.
Шартарапқа шашылған шуақтай боп,
Білімнің биігінде жарқылдадың.
Ақ жолын анық танып, бір Алланың,
Жүрекке жолдау тапты, Құран кәрім.
Түркі әлемін жинадың ту астына,
Бүгінде орындалды ұлы арманың.
Өзге елде жүрсең де өгейсінбей,
Төрелік ете білдің төресіндей.
Ұлтыңның салт-дәстүрін ұмытпадың,
Қарияның қалған мирас көнесіндей.
Білмедің тарыққанды, жабыққанды,
Жампозым жала менен айыптады,
Ақтық отын ақымақ өшірмейді,
Іздерің артта, жарқырап жанып қанды.
Еліңе өзгелермен тең тұр дедің,
Халқың үшін мәңгілік өр тұлға едің.
Елде туып, түзде өлген, қайран бабам,
Ел, халқыңның сенімін өлтірмедің!
Бүгінде Мұстафаның даңқы қандай,
Жыл өткен сайын есімің жаңғырардай.
Ақиқаттан аңызға айналдың ба?
Барыс мінез бабамның нарқы дардай.
Ұрпағын ұлықтайды ұлтым әлі,
Әлемнің әйгіленген бір туары.
Халқының маңдайына Мұстафадай,
Марқасқалар мың жылда бір туады.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
Нар тұлға
Жасыңнан құйып бойға ақылды ұғым,
Танылып батырлығың, батылдығың.
Шырайлы Шиеліні думандатып,
Той-тойлап ұрпақтарың жатыр бүгін.
Жарқылдап шуақ төгіп бай далаңа,
Жинадың жайсаңдарды айналаңа.
Тұлғасын Түркістанның тұғырлы етіп,
Қазақтың қамын жедің, қайран аға.
Тербетіп тіршіліктің тал бесігін,
Ұлтыңның қорғап атын, бар несібін.
Алаштың атақ-даңқын, туын ұстап,
Жұртыңның жүрегінде қалды есімің.
Шырайлы Шиелінің күні қандай,
Мақпал қыз, маңғаз жігіт тілі балдай.
О,Мұстафа аға көтер басты, қара бері,
Келіпті ел-халқыңның бірі қалмай.
Жақсының соңынан жұрт келеді еріп,
Шетелдік тағзым етті кеше келіп.
Ұлықтап нар тұлғаңды жатыр елің,
Атыңа ауыл, мектеп, көше беріп.
Арада жылжып айлар, жыл өткенде,
Айтылар естеліктер, тілектер де.
Нар бейнең Мұстафа аға тұрар мәңгі,
Сағынып, іздейтін бар жүректерде.
Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ.
М.Шоқай - 125
Мүшәйра!
ЖЫР АРҚАУЫ - ЕР МҰСТАФА
ЖЫР АРҚАУЫ - ЕР МҰСТАФА
Газет редакцияныѓ компьютер
орталыѕында терiлiп, беттелiп,
“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында
басылды. Ћызылорда ћаласы,
Бейбарыс Сџлтан к шесi, №4.
Тел: 8(7242) 40-06-68.
Таралымы 5792.
Тапсырыс №135.
Газет Ћазаћстан Республикасы Байланыс ж
әне аћпарат агенттiгiнде
19.06.2014 ж. ћайта тiркелiп, №14410-Г куќлiгi берiлген.
Газет ќр аптаныѓ сќрсенбi, сенбi кљндерi шыѕады.
Ћолжазбалар ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.
Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi.
Телефондар:
Бас директор -8(7242) 70-00-36
Бас редактор -44-6-22
Бас редактордыѓ орынбасары - 44-7-32
Жауапты хатшы, есепшi
Факс -44-9-07.
Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Яссауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru
Бас директор
Аманжол ОЃЅАРБАЕВ
Шиелi аудандыћ
“ скен ѓiр” газетiнiѓ редакциясы
Бас редактор
Алтай АЙЫП
Меншiк иесi:
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
4
4
№11 (8261) 11.02.2015 жыл
Ақпан айы
-
ның 6-жұлды
-
зын да барша
-
мызға белгілі
бүкіл еліміз
б о й ы н ш а
Қазақстан хал
-
қы Ассамблея
-
сының ашылуы
бо лып өтті. Біз
дің аудандағы
ашылуы Көк шоқыдағы “Арман”
мә де ниет үйінде өткені белгілі.
Арнайы тапсырмамен сол жерге
барған соң ешбір нәрсе біздің
назарымыздан тыс қалмады
десем де болғандай. Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні сол
жерде арнайы қойылған көрме -
лердің ішінде түрлі көлемдегі
жіптерден тоқылған бұйымдар
мен көздің жауын ала тігілген
кестелер ерекшеленіп тұрды
өзге лерден. Менің айтпағым да
осы қолөнер бұйымдарының
иесі жайында болмақ.
Әр адамның тағдыры әр-
түр лі өріледі. Сол тағдыр тарау -
ын дағы жол нұсқасына әркім
өзінше таңдау жасайды. Оның
ішін де бағыты айқын да даңғы -
лы бар да, көмескі, бұралаңы
бар. Тұрмысы қазақ халқымен
ас тас қан, жоғарыда айтқан ал -
ғаш қы тағдыр тарауына ие жан -
дардың бірі - Зотова Прасковья
Леонтьевна.
Прасковья Зотова 1983 жыл -
дың 26 желтоқсанында Шиелі
кентінде қарапайым отбасында
дүние есігін ашады. Содан 2001
жылы мектептен түлеп ұшып,
2003 жылы ғана М.Әуезов атын -
дағы Оңтүстік Қазақстан уни
-
вер ситетінің колледжіне түсудің
сәті түседі. Бастауыш сынып
-
тар дың мұғалімдігі мамандығын
2006 жылы игеріп шығады. Бұл
күнде №252 мектепте тәлімгер
болып қызмет жасайтын Прас-
ковья жұмыстан бос уақытта
қарап отыруды жөн көрмейтін
жандар қатарынан екен. Бұлай
деуімнің өзіндік себептері бар.
Бала күнінен әжесінің түрлі
бұйымдар тоқуменен, іс тігуме-
нен, астың түр-түрін дайындау-
менен айналысатынын көріп,
қысқасын айтқанда, қолөнеріне
қанығып өскен. Көріп, қызығып
қана қоймай бойына сіңіре де
білген. Әжесі ғана емес, ана сы -
ның да, әпкелерінің де мұндай
өнерден құр алақан еместігін
айтқанда, Прасковьяның кеуде-
сін қуаныш кернегенін аңғару
қиын емес еді. “Тіпті, киім іздеп
дүкендерге сарсылмайтынбыз.
Біздің отбасы мүшелерінің қо -
лынан шыққан көйлектердің,
шалбар, белдемшелердің әдемі
әрі сәнді шығатыны сонша қа -
сымдағы құрбыларым қызыға
қарайтын еді. Менің үлкен арма-
ным - еңбек пәнінің ұстазы бол-
сам деймін. Мен бойыма сі ңір ген
өнерді өзгеге үйрету, шәкірт
тәрбиелеу арманым. Сөйтіп, мен
шыңдаған шәкірттерім осы
өнер дің қаншалықты шыңына
шықса да, қарапайым дағды ла -
рынан танбаса екен. Қанша жыл
өтсе де өнерге бізді баулыған
ұстаз Зотова Прасковья Леонть-
евна деп айтып жүрсе, олармен
мен мақтанатын дәрежеге жет-
сем деймін. Алдағы жоспарым -
да осы аталған мамандықты
жоғарғы оқу орнында бітіріп алу,
- деді өнерлі қыз.
Дина ЖҮСІПОВА
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 20 ЖЫЛ
Қолөнері қуаныш сыйлайтын жан
Бақыт жолы тек білімнен
табылар.
Ахмет Иүгінеки.
Келер күннің бүгінгіден гөрі
нұрлырақ болуына ықпал ететін
адамзат қоғамын алға апаратын
құдірет күші білімде екені дау-
сыз. Қай елдің болсын өсіп-
өркендеуі, өркениетті дүниеде
өзіндік орын алуы оның ұлттық
білім жүйесінің деңгейіне, да-
муына тікелей байланысты.
Осы орайда, Назарбаев ин-
теллектуалды мектебі мен Кем-
бридж университетінің бірлескен
білім беру жобасының атқарып
жатқан жұмыстары ауқымды.
Бұл жобаның мақсаты – тұтас
педагогикалық үдерістер өзгер -
тіліп, білім берудің тиімді деп
табылған жаңа технологияла-
рын дүниеге әкеліп, сабақ беру
үдерісінде жүйесін табу. Әрине,
осы мақсатта жоба бағдар
-
ламасымен танысқан деңгейлік
курс пән мұғалімдері өз тәжі р -
бие сімен ұштастыра отырып, із-
деніс сабақтарын өткізуде. Со -
ның бірі - «Мұғалімдердің кәсі -
би жетілуіндегі оқушылардың
сыни ойлау дағдыларын қалып -
тастыру» тақырыбында № 219
Ы. Алтынсарин атындағы қазақ
орта мектебінде өткізілген
аудан дық семинар-практикум.
Мұғалімдердің сындарлы оқыту
теориясын практикада тиімді
қолданудағы іс-тәжірибиесімен
алмасу мақсатында өткізілген
шара мектеп директоры Қ.Бе -
рімбеттің ұйымдастыруымен өт -
кі зілді. Семинарға аудандық
білім бөлімінің әдіскері Қ.Сәр -
сен баева, ресурс жетекшілері,
деңгейлік курстардан өткен пән
мұғалімдері қатысты. Бағдар ла -
мада жоспарланған жұмыстар
өз дәрежесінде жүргізілді. Се-
минарды А.Ибраева «Кездесу»
тренингімен бастады. Сонымен
қатар, “Сіз көшбасшы бола ала-
сыз ба?” деген тақырыпта пси -
хологиялық тест өткізді. Атал -
мыш тест семинар қонақтары -
ның көңілінен шықты. Ары қа -
райғы шаралар бағдарламаға
сәйкес жалғасымын тапты.
Б.Кәрібаева «Шығармашылық
тапсырмалар арқылы сыни ой -
лауға үйрету», Н.Бимұратова
«Оқу мен оқытудағы кедергілер
және оны жою жолдары» та қы -
рыптарындағы коучинг сабақта -
ры сәтті өтті. Мұғалімдердің
бар лығы топ болып бірлесе,
ынтымақтаса қиыншылықтарды
жеңіп, белсенділік танытты. Ой
толғап, нақты, анық дәлелдер
келтіріп жұмыс жасады, Ж.Жа-
наділова «Lesson study» педа -
гогикалық тәжірибеде панора -
ма лық сабағында қатысушы
-
лар ды Lesson Studyдің шығу та-
рихы мен оның кезеңдерімен
таныстырды. Түрлі интербел-
сенді әдістер арқылы мұға лім -
дерді бейне таспада көрсетілген
сабақты талдау үдерісіне бел-
сенді араласуға тартты. Бұл
жұмысқа мұғалімдер үлкен қы -
зығушылықпен қатысты. Олар
сабақтың сәтті және сәтсіз тұс -
тары жайлы өз пікірлерін стикер-
лерге жазып, постерлерге жап -
сырып қызу талқылады. Г.Сыз -
дық «Өзіне-өзі баға беру мен
өзіне-өзі сенімді болуға тәрбие -
леу» тақырыбында оқушыларға
рефлексивті практик бола от-
ырып, проблеманы шешудің
жол дарын Маслоу пирамидасы,
ЖАДА, Блум таксономиясын
тәр бие жұмыстарына енгізу ар -
қылы тәрбие сағатының мазмұ -
нының жақсарып, нәтиже бола -
тындығын атап өтті. С.Мадиева
«Биіктік және тереңдіктің кар-
тада бейнеленуі» тақырыбын да -
ғы панорамалық сабағында
оқу шының пәнге қызығушылық -
тарын арттыру мақсатында
ауызша, жазбаша тапсырмалар
орындатудағы жаңаша тәсіл
-
дер ді қолданғандығы қатысу -
шы лардың көңілінен шықты.
К.Қарабалаева шебер сыныпта
мәтінді талдау мен шығар
ма -
ларды қорытындылау кезінде
«Стоп кадр», «Блум гүлі» әдіс -
терінің тиімділігін көрсетті. Ма-
тематика мен тарих пәнінің
мұға лімдері Г.Жәнібекова,
Ғ.Байтұрсыновалардың үлгі
сабақтарында оқушылар тап-
сырманы жеке, жұппен, топпен
орындаған кезде басқаның пікі-
рін тыңдап, талқылап және дәй -
ектер келтіріп отырды. Реф -
лек сия немесе кері байланыс
жүргізу-оқушылар үшін қызықты
үдеріс болды. Өз пікірлерін біл-
діріп, алдағы уақытта сабақ
жүйесін құрылымдауда ұстазға
айтар талап пен тілектерін
ұсынып отырды. Мектеп психо-
логі Ж.Сапарбаева сергіту тре-
нингін, Л.Кембаева оқушылар -
мен сыныптан тыс жұмыстарын
көрсетті.
Семинардың қорытынды
бөлімінде мектеп директоры
Қ.Берімбет мұғалімдерге Кем-
бридждік оқыту мен оқудың
мақсаты мен тиімді тәсілдерін,
жаңа тәсілдердің тиімділігін,
біздің қолдануымызға әкелер
жетістіктері мен мүмкіндіктерінің
мол екенін атап өтті. Білім бөлі -
мінің әдіскері Қ.Сәрсенбаева се-
минарды қорытындылап, атқа -
рылған жұмыстарға тоқтала ке -
ле семинар-мұғалімдердің кез-
десуі және пікір алмасуы ғана
емес, сонымен қатар, серти фи -
катталған мұғалімдерінің өнімді
жұмысын көрсету үшін маңызды
іс-шаралардың бірі екендігін
тілге тиек етіп, осындай шара-
лар барысында өзекті мәсе
-
лелердің де шемімі табыла
-
тындығына тоқталды.
Ұстаз мектептің жүрегі ғана
емес, ол сонымен қатар, шә
-
кірттің шамшырағын жағып, бо -
лашақтағы бағытын нұсқаушы
да. Ел ертеңі жастардың қо
-
лында десек, онда жастардың
келешегі ұстаздардың еншісінде
екендігін ұмытпаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |