Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм


Дәстүрлі  ислам  және  қазақ  әйелі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.02.2017
өлшемі0,95 Mb.
#5077
1   2   3   4   5   6

Дәстүрлі  ислам  және  қазақ  әйелі.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  «Біз  мұсылманбыз,  оның 

ішінде  Әбу  Ханифа  мәзһабын  ұстанатын  сүнниттерміз.  Бабаларымыз 

ұстанған  бұл  жол  ұлттық  салт-дәстүрді,  ата-ананы  сыйлауға  негізделген. 

Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, 

ата  дәстүрін  ардақтағаны  абзал»,  -    деп  атап  көрсетті.  Осыған  орай,  бүгінгі 

қоғамда  пікірталас  өзегіне  айналған  әйелдердің  қоғамдағы  орны  мен  рөлі 

мәселесін  бір  қырынан  ашу  үшін  қазақ  халқы  дәстүрлі  дін  –  исламның 

құндылықтары 

жүйесіндегі 

әйелдердің 

мәртебесін 

қазіргі 


заман 

парадигмасымен салыстырып қарастырған жөн.  

Сонау  ежелгі  ғасырлар  қойнауынан,  яғни  көшпенділердің  еркін 

тұрмысынан  бастау  алған  қазақ  әйелінің  бейнесі  заман  ағымына  қарай 

бейімделіп  отырды.  Бұл  бейімділік  әсіресе  қоғамдық  қатынастарда  орын 

алды.  ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  зиялы  қауым  өкілдерінің  көптеген 

туындылары  әйел  теңдігіне,  қыз  балаларға  білім  беруге  арналған  болатын. 

ХХ  ғасырда  Кеңес  Одағының  саяси-идеологиялық  ұстанымынан  әйелдер 

қауымы  да  тыс  қалмады.  Әйелдерді  құқықтық  тұрғыдан  бұрын,  қара  күш 

арқылы ер адамдармен теңестіру әрекеттері жүзеге асырылды. Кен орындары 

мен темір жол бойында қызмет атқарған әйелдер қауымының аянышты хәлі 

аталмыш  саясаттың  айқын  көрінісі  болмақ.  ХХІ  ғасыр  батыстық  немесе 

шығыстық,  яғни  кезкелген  мәдениет  ағынына  тосқауыл  болу  мүмкін  емес 

ақпарат пен  технологияның қарыштап дамыған  жаһандану  дәуірі.  Батыстық 

«құндылықтар»  немесе  аралас  құндылықтар  (батыстық  және  шығыстық) 

жаһандану дәуірінің негізгі ұстанымына айналып отыр.  

Бүгінгі  таңда  түрлі  ақпараттар  легіне  төтеп  бере  отырып,  өзіміздің 

рухани, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу жолында қазақ әйелдерінің  

болмысын қалыптастырып, ары қарай жетілдіру үлкен мәнге ие.  

Кеңес  Одағы  ыдыраған  соң,  елімізде  қалыптасқан  рухани  бос  кеңістік 

салдарынан  дәстүрлі  дінімізге  жат  көзқарастарды  насихаттаған  түрлі 

ағымдар  етек  алды.  Жат  ағым  идеологиясы  кейбір  әйел  адамдардың  қазақи 

болмысы  мен  тұрмыс-тіршілігіне,  өмірлік  ұстанымына  кері  әсерін  тигізбей 

қоймады. Қоғамымызда хиджаб кию мен қара киімге оранып жүру әрекетіне 

қатысты мәселелер бой көтерді. Көзі ашық оқырман да, көкірегі ояу қаламгер 

де, зердесі сара зиялы да үн қосып, пікір білдіріп жатуынан-ақ бұл мәселенің 

қазақы қаны бар ешбір азаматты бейтарап қалдырмайтыны байқалады.  

Сөздік  қорына  «хиджаб»  деген  сөзді  енгізбеген  қазақтың  «хиджаб» 

аталатын  киім  үлгісіне  де  тосырқай  қарауы  негізсіз  емес.  Бұл  қауіп  қазақы 


43 

 

болмыстың қаймағы бұзылмаған, басқаша айтқанда ұлттың қорғаныс қабілеті 



әлсіремеген кезеңдерден бастау алғаны анық.  

Қазақ орамалға қарсы емес. Исламды қабылдағанына он үшінші ғасырға 

аяқ басқан кешегі түркілердің ұрпағы  – бүгінгі қазақ ислам дінінің аясында 

ұлт  болып  қалыптасты.  Мұсылмандық  қазақ  халқының  қаны  түгіл,  сүйегіне 

сіңіп кеткен. ХVІ ғасырда «Қазақ деген сахарада жайын жүрген дінсіз халық, 

бұларды  кәпір  деп  пәтуа  шығарып,  құлдыққа  сату  керек»  деген  Бұхараның 

білімдар  ғұламаларын  тақуалығымен  таңдай  қақтырып,  Орта  Азияның  дін 

астанасы болған Бұхараның ортасынан ойып Көкілташ медресесін салған да 

қазақ  халқы  болатын.  Қазақ  халқы  кешегі  қалмаққа  қарсы  шайқас  пен 

орыстармен күресте де парыз намазын қалдырмаған. Дін қарындас татардың 

ғұламасы  Шихабуддин  Маржани  өткен  ғасырдың  басында-ақ:  «Жарықтық 

Хазіреті  Қожа  Ахмет  Яссауи  қазір  тіріліп  келсе,  халыққа  дін  үйретпес  еді. 

«Өздерің де мұсылман екенсіңдер» деп, кәсіптің көзін үйретер еді» деп, қазақ 

мұсылмандығының кемдігі жоқтығын астарлап өткен.  

«Дін – апиын» деп жетпіс жыл ұрандағанымен, кешегі кеңестік кезең де 

қазақ  ұлтының  дін-тұғырын  шайқалта  алған  жоқ.  Намазын  жасырын  оқып, 

насихатын үзбеген, айтын ашық тойлап, жаназасын жария өткізген халықпен 

алысып жүріп-ақ Кеңес үкіметінің де дәурені өтті.  

Тәуелсіздікке  қол  жетісімен  ұлт  руханиятының  тұғыры  болған  ислам 

діні  қайта  жаңғырды.  Зайырлы  мемлекет  болғанмен,  дінсіз  қоғам 

еместігімізді айғақтап, елімізде дербес мүфтият құрылды. Ықылым заманнан 

шариғат  пен  дәстүрді  астастырып,  ата-баба  жолы  болған  ханафи  мазхабы 

қазақ  халқының  сенім  тұғыры  ретінде  бекіді.  Мешіттер  бір  орталықтан 

басқарылып, дін насихаты жолға қойылды. Діни оқу орындары ашылып, дін 

мамандарының  деңгейі  көтерілді.  Сонымен  қатар,  діни  басылымдар  да 

молайды.  

Әурет  жерлерін  жасырып,  етек-жеңі  ұзын  киім  кию  –  әйел  затына 

Алланың  аманат  еткен  парызы.  Қасиетті  Құранның  аяттарымен  жеткізілген 

аянның бұйрығы мен тыйымына бойұсыну – саналы мұсылманның пенделік 

борышы.  Осы  пенделік  парызын  абыроймен  атқарған  қазақ  халқы  да 

ғасырлар  бойы  қыз  баласы  мен  әйел  затына  етек-жеңі  ұзын  киім  кигізіп, 

жалаңбас  жүргізбеген.  Бойға  жеткен  қыз  баланың  етегі  қысқа  киім  киюі 

кедейліктің,  тапшылықтың  белгісі  саналған.  Мойны  ашық  тұрмауы  үшін 

әдетте қыз балалар мен әйелдердің көйлегі жағалы етіп тігілген. Мұның бәрі 

мұсылмандық шарттарынан қиыс кетпеген.  

Бірақ қазақтың танымы мен талғамына, табиғатына сай ұлттық киімнің 

де  өзіндік  ерекшеліктері  болған.  Ең  алдымен  қазақ  әйелдер  мен  қыздарға 

қолапайсыз  кең  көйлек  кигізбеген.  Ол  әйел  затының  сәніне  ғана  сын  емес, 

тұрмысына  да  қолайлы  болмаған.  Ыстық-суығы  аралас  дала  табиғаты  да, 

әсемдікті айшықтай білетін қазақы талғам да әйел затына жинақы көйлек пен 

қынама  бел  камзолды  лайық  көрген.  Қыз  бала  бой  жете  бастағаннан  ата-

анасы:  «Өмірде  жалғыз  болмасын,  қосағымен  қоса  ағарсын»  деп  ырымдап, 

қос  бұрым  шаш  өсіретін.  «Қыздың  көркі  –  шаш»  деп  білген  қазақтың  қыз-


44 

 

келіншегі  бұрымын  жасырып  көрмеген,  шолпы-шашбаумен  сәнденген. 



Бойжеткен қыз қызыл орамал тағып, үкілі тақия, құндыз бөрік киіп, жалаңбас 

жүрмеуге  тырысқан.  Ақ  босаға  аттаған  әйел  заты  ақ  жаулығын  басынан 

тастамаған, кимешек пен күндігін сәндеп салған.  

Соңғы  кездері  мектеп  қабырғасында  оқитын  оқушы  қыздардың 

хиджабпен  сабаққа  келу  үрдісінің  жиі  кездесуі  қоғамдағы  өзекті 

мәселелердің біріне айналып отыр.  

Кейбір діндар адамдар, яғни ата-аналар тарапынан «хиджаб кимеген қыз 

–  мұсылман  емес»  деп  айтылып  жүрген  көзқарастар  шынайы  ислам  дінінің 

қағидаттары  мен  ұстанымына  жат.  Ислам  дінінде  адамның  сыртқы 

атрибутикалық  келбетінен  бұрын,  оның  ішкі  жан  дүниесіне,  иманының 

шынайылығына үлкен мән берілетіндігі «Алла Тағала сендердің түрлерің мен 

мал-дүниелеріңе  қарамайды.  Алла  Тағала  сендердің  жүректерің  мен 

амалдарыңа қарайды» деген хадис шарифтен көрініс тапқан (Әбу Һурайрадан 

Муслим жеткізген).   

Мектеп  қабырғасында  хиджаб  кию  бірқатар  мәселелердің  туындауына 

алып барары анық. Ұстаздардың қыз балаға деген жиі ескертулері мен тыйым 

салуы,  сыныптастары  тарапынан  келемежге  ұшырауы,  қоғамнан  қолдау 

көрмеу  сынды  әрекеттер  жасөспірім  оқушы  бойында  моральдық  және 

психологиялық тұрғыда кемшін түсініктерді қалыптастырады. Оқушының өз 

ортасынан  оқшаулану  әрекеті  қалыптаса  бастайды.  «Менікі  ғана  дұрыс» 

деген  максималистік  тұрғыда  түсінік  пен  агрессивті  мінез  қалыптасып, 

психологиялық  дертке  шалдығады.  Белгілі  бір  ортадан  оқшауланып, 

моральдық-психологиялық  қиындықтарға  тап  болған  жасөспірім  қыздар 

қолдауды  туыс-туғандарынан,  достарынан  емес,  жат  адамдар  тарапынан 

іздей  бастайды.  Мұның  салдары  орны  толмас  өкініштерге  апарып  соғады.     

Санасы  тұмшаланып  әлеуметтік  ортадан  өз  орнын  таппаған  қыз  бала  ислам 

атын  жамылған  ағымдардың  жетегіне  оңай  еріп  кетері  сөзсіз.  Қоршаған 

ортасын  күпірлік  жасады  деп  айыптап,  «қарулы  жиһад»  идеологиясын 

жақтаушылар қатарынан оңай орын алу ықтималыда аз емес. 

Ата-ана  баласының  білім  алуын  қамтамасыз  етуі  міндетті.  Білім 

негізінде  жасақталған  мектептің  ішкі  ережесіне  бағыну  да  азаматтық 

міндеттердің бірі.  

Қазақ  қыздарының  арасында  хиджаб  тағу  үрдісінің  белең  алғандығын 

ескерген  ҚМБД  өз  ұстанымын  былай  деп  білдіреді:  «...  Қасиетті  Құранда 

Алла  Тағала:  «Уа,  Пайғамбар!  Жұбайларыңа,  қыздарыңа  және  иман 

келтіргендердің  әйелдеріне  айт:  үстеріне  жамылғыларын түсірсін...»  (Ахзаб, 

59)  деп  бұйырған.  Аятта  киімнің  түсі  немесе  үлгісі  анық  айтылмаған. 

Сондықтан  әр  ұлт,  әр  мәдениет  өкілдері  Алланың  әмірін  өз  ұстанымдары, 

тарихи таным-түсініктері бойынша орындайды. 

ҚМДБ  еліміздегі  мұсылман  қыз-келіншектер  мен  әйелдерді  киім  кию 

үлгісінде  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін  сақтай  отырып,  жинақы  киінуге 

кеңес  береді.  «Көзге  ерсі  көрінетін,  дене  бітімін  айқындайтын,  қара  түсті 

киім-кешектерді  пайдаланбаған  дұрыс.  Ал  паранжа  (ниқаб)  кию  –  дәстүрлі 


45 

 

дінімізге,  салтымызға  қайшы,  бұл  діні  мен  дәстүріне  берік  болған  ата-



бабларымыздың  жолы  емес.  Мұсылман  жамағаты  мен  ата-аналарды  хижаб 

мәселесінде қоғамдық келіспеушіліктерге, оқу орындарында әркез кездесетін 

түсінбеушіліктерге  сабырлық  сақтауға  шақырамыз.  Бұл  мәселені  ушықтыру 

дұрыс емес». 

Мектеп  табалдырығын  енді  ғана  аттаған  қыз  балаға  орамал  тақтыру 

орынсыз болып табылады. Өйткені, балиғат жасына толмаған қызға жаулық 

жабу немесе орамал тағуға міндеттеу  – шариғатқа қайшы. Мұндай әрекетке 

бармас бұрын ата-аналардың байсалды, ұстамды болуларын, ыждаһаттылық 

танытулары  қажет.  Мүмкіндігінше  мектеп  басшыларымен  ортақ  мәмілеге 

келулері,  қыз  баланың  толыққанды  зайырлы  білім  алуына  назар  аударғаны 

жөн. Білімсіздік – бүлікке бастайды.  

Қазақстан  мұсылмандары  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамнан  бөлініп, 

бөлек тіршілік етпейді. Ата Заңымыз қоғамдық қатынастарды реттейді және 

азаматтардың  бостандығы  мен  діни  сенімдеріне  еркіндік  береді. 

Мұсылмандар  да  Алланың  әмірі  бойынша  заңды  сақтайды  және  оған 

құрметпен қарауы тиіс» делінген ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы 

сұхбатында. 

Хиджабты  жаттандыра  түсетін  тағы  бір  жайт  бар.  Ол  хиджаб  киген 

қыздардың  мінез-құлқы,  пайымдау  ерекшелігі,  өмір  сүру  мәнері.  Өкінішке 

орай,  Алланың  парызын  өмір  салтына  айналдырып,  хиджаб  киіп  жүрген 

қыздар  арасында  Алланың  жолы,  пайғамбардың  сүннеті,  ата-бабамыздың 

дәстүрі  деп,  қазақы  үрдіспен  орамал  таққандары  некен-саяқ.  Көпшілігі  не 

түріктің,  не  арабтың  тәліміне  ұйып,  жақыннан  туып,  жат  болған  

жамағаттардың  санатына  кіріп,  шәкірті  болып  жүреді.  Бірақ  жамағатта  тек 

дін  ғана  үйренілмейді,  бөгде  тіл  де,  мәдениет  те  сіңіріледі.  Асыл  мен 

жасықты  айыра  алатындай  деңгейге  жетпеген  жастар  дінді  кімнен  үйренсе, 

соның  мәдениетін  озық,  дәстүрін  кемел  деп  таниды.  Соның  тілімен  сөйлеп, 

соның  салтын  ұстануды  ар  көрмейді,  сән  көреді.  Дін  дәстүрсіз  таралмайды. 

Дін таратушы сөзсіз дәстүрін қоса таратады.  

Дін таратушы жаттанған жамағаттардың іс-әрекетінен саяси немесе діни 

астар  іздемегеннің  өзінде  осы  табиғи  түрде  жүріп  жатқан  ұлтсыздану 

үдерісінің өзі қазаққа жығылған үстіне жұдырық болып табылады. Тағы бір 

назар аударарлығы – «Біздің ғана жолымыз дұрыс, өзгенің бәрі адасып жүр» 

деген  астам  пиғыл  әрбір  жамағатқа  дерлік  тән  (бөлініп  шығудың  өзі 

дұрыстығын  дәлелдеуге  тырысудан  басталады).  Осы  астамшылық  көзқарас 

хиджаб киген көптеген қазақ қыздарынан анық байқалады. Нәтижесі тағы да 

әдеттегідей:  не  өзіне  жолыққан  әрбір  қандасын  жамағатына  тартуға 

тырысады, не оларды «күпір» санап, біржола қол үзеді.  

Үлкенге  сәлем  салуды  Аллаға  серік  қосумен  шатастырып,  қазақтың 

дәстүрін  күпірліктің  көрінісі  санайтын  келіндер  де  өкінішке  орай  сол  әсіре 

ағымдарда жүрген хиджаб таққан қыздардан шығып отыр. Хиджабты күнәнің 

көзінен емес, ұлттың мәдениетінен алыстататын тосқауыл сынды қабылдаған 

қаракөздеріміз  үшін  ұлтымыздың  таңғажайып  ән-күйі  де,  әуен  өнерін 


46 

 

жеткізген  музыка  аспаптары  да  шайтанның  сыбыры  мен  сырығынан  басқа 



ештеңе  емес.  Қазақтың  тәрбиелік  мәнге  толы  ырым-тыйымдары  мен 

тағылымға тұнған зиярат әдебін жат ағымға бой ұрған хиджабты қыздардың 

ортасында ауызға алу қиын. 

Хиджаб  –  мұсылмандықтың  символы  емес,  мұсылман  әйелдердің 

күнделікті  киімі.  Бірақ  қазіргі  қоғам  хиджабты  символ  ретінде  қабылдап, 

хиджаб киген қыздарға бір жағынан тосырқай қараса, екінші жағынан оларды 

имандылықтың үлгісіндей көреді. Өзгелерге қарағанда хиджабты қыздардың 

қылығы  ел  назарын  көбірек  аударады,  оларға  қойылатын  талап  та  ауыр, 

олардан  күтілетін  мінез  де  ерек.  Осындайда  киіміне  қылығы  сай  келмей 

жататын  талай  хиджабты  қыздарымыз  көпшіліктің  хиджабқа  деген  теріс 

көзқарасының  қалыптасуына  ықпал  етіп  отыр.  Үлкенді  сыйлау,  жандының 

жанын  ауыртарлық  сөз  айтпау,  жан  мен  тән  тазалығына  бірдей  көңіл  бөлу, 

өзімшілдіктен  аулақ  тұру  тәрізді  қарапайым  адамгершілік  қағидаларын 

сақтай  білмейтін  хиджабты  қыздардың  аз  еместігі  өкінішті.  «Исламда 

темекіге ашық тыйым салынбаған» деп көптің көзінше темекі тартатындары 

да бар. Заманауи үлгімен киініп жүрген қыздардың өзіне ерсі саналатын бұл 

қылықты  хиджабты  қыздардан  көру  тіпті  ауыр  көрініс.  Дін  исламның 

қастерлі құндылықтарын сіңіріп болмай, хиджабты кездейсоқ қабылдағандай 

көрінетін  осындай  қыздарды  көргенде:  «Сырт  тазасы  не  керек,  Тазарт  әуел 

ішіңді»  деген  өлең  ойға  оралады...  Адамзаттың  асылы  болған  Мұхаммед  

пайғамбардың  өзі  қасиетті  хадистерінің  бірінде:  «Алла  Тағала  сіздің  сырт 

көрінісіңізге қарамайды, жүрегіңізге назар салады» деп ескерткен.  

Хиджаб  мәселесіне  қатысты  Мәдениеттер  мен  діндердің  халықаралық 

орталығы  жүргізген  әлеуметтанулық  сауалнама  қорытындыларына  зер 

салсақ:  «Әйелдердің  хиджаб  киюінің  себебі  неде  деп  ойлайсыз?»  деген 

сауалға  респонденттердің  41,2%-ы  «сән  қуушылық  немесе  тұрмыс  құру 

мәселесін шешудің жолы» деп жауап берген. Хиджаб киюдің себебін бұлай 

бағалау бастапқыда тым үстірт пайымдау секілді көрінгенімен, осы мәселеге 

қатысты  хиджабты  қыздардың  өз  аузынан  айтылған  бірқатар  сырларды 

оқығанда,  бұл  көзқарастың  да  негізсіз  еместігіне  көз  жеткізуге  болады. 

Астана  қаласындағы  жоғарғы  оқу  орнының  3  курсында  оқитын  20  жастағы 

Самал  есімді  қыз:  «Мен  түзу  жолдағы  мұсылманға  тұрмысқа  шығу  үшін 

хиджаб кидім. Мұндай адам отбасына қамқор болады, демек мен мұқтаждық 

көрмей өмір сүремін» деп жазған. 24 жастағы қарағандылық Дана есімді қыз: 

«Мен  хиджаб  кигенімнің  арқасында  тұрмысқа  шықтым.  Әрине,  хиджабты 

киіп  жүру  қолайсыз,  бірақ  оған  да  үйреніп  кетесің»  дейді.  Ал  Қызылорда 

қаласынан  келген  28  жастағы  Жазира  есімді  қыздың  әңгімесі  тіпті  тосын: 

«Мен кәдуілгі көп қыздардың бірі болып жүргенде тұрмысқа шыға алмай-ақ 

қойдым.  Қалай  хиджаб  кидім  –  солай  үйлену  туралы  ұсыныстар  қарша 

борады,  тіпті  кімді  таңдарымды  білмей,  дал  болдым.  Мен  мұсылманға 

тұрмысқа шықтым, Аллаға енді сене бастадым» дейді ол...  

Қазақ  үшін  қауіп  хиджабтың  өзінде  де,  хиджаб  арқылы  көрінетін 

діндарлықта  да  емес,  дін  формасының  ар  жағындағы  жат  мазмұнда.  Сол 


47 

 

мазмұнның 



сыналап 

ішке 


еніп, 

қазақы 


қалпымыздан, 

ұлттық 


менталитетімізден,  береке-бірлігімізден  айыра  бастауында.  Ал  болмыс 

бұзылған жерде бүтін ел туралы сөз қозғау қиын – айтып келмейтін апаттар 

болжаусыз-ақ  орын  алмақ.  Елімізде  дәстүрлі  дінімізге  жат  көзқарастағылар 

арасында  әйел  адамдардың  ислам  шариғатына  сай  құқықтарының  тиісті 

деңгейде сақталмайтындығы байқалып отыр. Ағым құрамындағы әйелдердің  

жиі талаққа ұшырап, бірнеше рет тұрмысқа шығу үрдісі, ақырындай кімнен 

туылғаны  белгісіз  баламен  қамқорлықсыз  қалып  қоюы  осыған  дәлел  бола 

алады.  


Діни  санасына  сызат  түскен  әйел  адамдар  психологиялық  тұрғыда  жат 

ағымдар  арбауына  қарсы  тұра  алмайды.  Ағым  жетегінде  кеткен  әйел  адам 

отбасы  шаңырағын  шайқалтып  қана  қоймай,  қоғамның  дертіне  айналады. 

Әйел  адамдарды  ислам  атын  жамылған,  деструктивті  немесе  басқа  да 

сипаттағы 

ағымдардан 

арашалау 

мақсатында 

еліміздің 

бірқатар 

аймақтарында  діни  ағымдардан  зардап  шеккендерге  психологиялық  қолдау 

көрсету орталықтары өз қызметтерін атқаруда. Олар:  

-  Алматы  қ.  «Перспектива»  ақпараттық-кеңестік  топ  қоғамдық 

орталығы»;  

-  Талдықорған  қ.  «Алматы  облысының  теріс  пиғылды  ағымдардан 

зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚҚ;  

- Көкшетау қ. «Сана» дінтанулық ақпараттық-консультативтік орталығы 

ҚҚ және «Зерделі Ұрпақ» ЖҚБ; 

- Тараз қ. «Исследование агрессивных культов» ҚБ; 

-  Орал  қ.  «Жайық»  деструктивті  діни  ағымдардан  зардап  шеккендерге 

көмек көрсету орталығы» ҚҚ;  

- Петропавл қ. «Прозрение-Көз жету» ҚБ; 

- Павлодар қ. «Адал» ЖҚБ;  

-  Қарағанды  қ.  «Діни-психологиялық-құқықтық  кеңес  беру  орталығы» 

ҚБ  және  «Виктория»  Әлеуметтік-психологиялық  және  құқықтық  көмек 

орталығы»;  

-  Атырау  қ.  «Шапағат»  деструктивтік  діни  ағымдардан  жапа 

шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ;  

- Ақтау қ. Жеке жастар қоры «Позитив Ақтау» 

- Қызылорда қ. «Сырдария- Руханият» ҚҚ.   

Орталықтар  тарапынан  зардап  шеккен  азаматтардың  діни  сенім 

еркіндігін  қамтамасыз  етіліп,  құқықтық,  моральдық-психологиялық  және 

ақпараттық көмек көрсетілуде. 

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-

қимыл  жөніндегі  2013  -  2017  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарлама 

аясында  ҚР  МСМ  Дін  істері  комитеті  тарапынан  бірқатар  шаралар 

атқарылуда.  Комитет  тарапынан  құрылған  республикалық  ақпараттық-

түсіндіру  топтары  (РАТТ)  мен  өңірлік  ақпараттық-түсіндіру  топтары  (АТТ) 

халықтың  діни  сауатын  арттыру,  діни  экстремизм  мен  терроризмге,  жат 

ағымдарға қарсы күресу жұмыстарын жүргізуде.  



48 

 

Аталмыш  міндеттер  қатарынан  әйел  адамдар  аудиториясымен  жұмыс 



жүргізу  де  орын  алуда.  Әйелдердің  діни  сауатын  арттыра  отырып,  жат 

ағымдардан  сақтандыру,  дәстүрімізге  сай  әйел  бейнесін  қалыптастыру, 

отбасылық тәрбие және т.б. мәселелер қамтылуда.  

Зайырлылық  −  мемлекеттің,  ал  діндарлық  –  жеке  тұлғаның  сипаты. 

Зайырлы  мемлекет  аясындағы  қоғам  ішінде  діндар  да,  дінсіз  де,  құдайды 

мойындағанмен,  құлшылық  жасамайтындар  да  қатар  өмір  сүре  береді. 

Олардың  барлығы  да  зайырлылық  қағидаттарын,  мемлекет  заңнамаларын 

мойындамаса,  оның  аясында  тіршілік  ете  алмас  еді.  Яғни  зайырлы 

көзқарастарды  қабылдап,  олардың  да  дамуға  құқылы  екенін  мойындау  – 

зайырлы мемлекеттегі дінді-дінсіз әрбір азаматқа тән ерекшелік (тіпті өздері 

оны толық сезінбеген жағдайда да). 

Әрбір  дәстүрлі  дінде  зайырлылық  қағидаттарымен  үндесетін 

көзқарастар  мен  құндылықтар  жеткілікті  дәрежеде  кездеседі.  Әсіресе 

исламда  зайырлылық  қағидаттары  мейлінше  терең  орныққан.  Ислам 

шариғаты  мемлекетте  өмір  сүріп  жатқан  адам  өмірінің  барлық  қоғамдық 

қырларын, барша қатынастарын реттеуге бағытталған, бұл орайда діндарлық 

деңгейіне  қатысты  ешбір  алалау  орын  алмайды.  Сондықтан  шынайы 

мұсылман адам зайырлы көзқарастары да берік тұлға бола алады. 

Ал  зайырлылықтың  басты  қағидаттары  –  ар-ождан  және  діни  сенім 

бостандығы,  құқықтық  қорғалу,  адамгершілік-өнегелілік  қағидаттардан 

бастау  алатын  жоғары  рухани  құндылықтар,  өзара  құрмет,  түсіністік, 

мәмілегерлік  (толеранттылық)  ұстанымдарына  негізделген  ұлтаралық  және 

дінаралық  татулық  секілді  мемлекеттің  ішкі  тұрақтылығы  мен  дамуына 

септесетін қағидаттар.  

Жаһандану  жағдайында  ұлттық  болмысымызды  сақтап  қалу  үшін 

ұлттық  бастауларға  оралу  керек.  Ұлтты  ұлт  еткен  құндылықтарды  қайта 

тірілту керек. Далада туған дәстүрді тым болмаса санада сақтап қалу керек. 

Ұрпақ  тәрбиесіне,  адам  тағдырына  шынайы  жанашырлықпен  қарау  керек. 

Әйел-анаға,  отбасына  қамқорлық  жасау  керек.  Ең  бастысы  –  рухани-

адамгершілік  тәрбие  саласында  жүргізіліп  жатқан  жұмыстарға  қарсы 

бағытталған іс-әрекеттерге тосқауыл қойылуы қажет. 

Кезінде  М.Әуезов  те:  «Егер  қазақ  мешел  болып  қалмасың  десең, 

бесігіңді  түзе,  әйелдің  хәлін  түзе»  деп  өсиет  айтқан.  Әйел  адам  әрқашан 

өзінің  нәзік  болмысты  әйел  адам  екендігін  ұмытпай,  әдеп  сақтауы  тиіс. 

Тарихта  есімі  қалған  Ұлпан,  Домалақ  аналар,  Зере  әжеміз,  Әлия  мен 

Мәншүктей 

батырларымыз, 

Динадай 


күйшілеріміз 

біздерге 

мәрт 

табиғатымен, өнегелі істерімен үлгі болмақ. 



Қазіргі  қазақ  әйелі  дәстүрлі  құндылықтараға  адалдық  танытуда.  Ол 

өзінің  елеусіз  жүріп,  ел  басқара  білген  парасатты  болмысын  дамытуда. 

Ұлттық  идея  мен  еліміз  ұстанып  отырған  болашақ  туралы  стратегия  тек 

тарихилықпен ғана шектеліп қалмайды, логикалық ұстанымды қоса қамтиды, 

демек,  дамуда  дәстүршілдік  пен  жаңашылдық  қағидаларын  қатар  ұсынады. 

Осыны  ескере  келсек,  исламдағы  әйел  мәселесінде  де,  Орта  Азиялық  және 



49 

 

Қазақстандық өзіндік бір үлгі қажет екендігі сөзсіз. Ол – бүгінгі мемлекетіміз 



ұстанып отырған дін мәселесіндегі зайырлылық пен діни төзімділік арқылы 

оң шешімін табуы тиіс. 



 

 

50 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет