Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм


ә) Кеңес үкіметі кезеңіндегі әйел құқығы және феминизм



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.02.2017
өлшемі0,95 Mb.
#5077
1   2   3   4   5   6

ә) Кеңес үкіметі кезеңіндегі әйел құқығы және феминизм  

Қазақ  қоғамындағы  әйелдің  орны  өткен  ғасырлардың  өзінде  өзге 

мұсылман  елдеріндегі  ахуалмен  салыстырғанда  анағұрлым  прогрессивті, 

яғни демократиялық талаптарға жақын болғаны белгілі.  

Атақты  араб  саяхатшысы  ибн  Батута:  «Бұл  өңірде  (Орта  Азия)  мені 

таңқалдырған  жайт  –  мұндағы  халық  әйелдерді  ерекше  құрметтейді  екен»  

деп жазды. Расында да, Алаш баласы әйел затына ерекше құрметпен қараған. 

Нәзік  жандыларға  арнап  қаншама  қимас  сөз,  жыр-дастандар  шығарған. 

Қаншама  тарихи  жер-су  атауларды  әйел  затының  атымен  атаған.  Тіпті, 

бейнелі  түрде  көкке  көтеріп,  әйел  жаратылысын  космогониямен  де 

байланыстыра білген. Яғни әйел жайлы пайымдаулар қазақ дүниетанымының 

ажырамас бөлігіне айналған десек, асыра айтқандық емес.  

Десе  де,  ХХ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  Алаш  зиялыларының  әйел 

турасындағы  көзқарастары  өзгеше  пайымдауды  қажет  етеді.  Өйткені  олар 

өмір  сүрген  тарихи  кезеңде  адам  бостандығы,  құқықтық  теңдік  мәселелері 

ғаламдық деңгейде қоғам талқысына түсіп жатты. ХІХ ғасырда қазақ жеріне 

ғылыми экспедиция жасаған орыс зерттеушілерінің көпшілігі қазақ әйелдерін 

қалыңмалға  сатылатын,  әйелдің  үстіне  әйел  болып  баратын,  тұрмыс 

тауқыметін  тартқан  салпы  етек  сорлы  сипатында  бейнеледі.  А.Левшин, 

Н.Гродеков,  Н.Израцов,  И.Андреев,  И.Ибрагимов,  Ф.  Лазаревский, 

Л.Баллюзек,  А.Диваев  т.б.  зерттеушілердің  жазбаларынан  осындай  

пікірлерді  кездестіре  аламыз.  Тіпті,  халқымыздың  алғашқы  ағартушылары 

Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаевтар  да  қазақ  даласында  әйел 

құқығы аяққа тапталатынын ашына жазды.  

Сол себепті жеке адамның бас бостандығы үшін күрес идеясы          ХХ 

ғасырдың  басында  әдебиет  саласындағы  негізгі  тақырыпқа  айналды.  Қазақ 

әйелінің  бейнесі  әдебиеттің,  оның  ішінде  жаңа  жанр  –  қазақ  романының 

басты  кейіпкері  рөлін  сомдады.  Соған  орай  бостандық  идеясын  ту  етіп 

көтерген  әдебиетке  тән  еркіндік,  азаттық,  адамгершілік  идеялары  әйел 

образының тағдыры мен арман-мұңы арқылы өрбітілді.  

ХХ ғасырдың бас кезі қазақ халқының мәдени өмірінде елеулі өзгерістер 

мен  тың  жаңалықтарға  толы  болды.  Қазақ  зиялы  қауымдарының  үлкен 

шоғыры қалыптасып, жазба әдебиет өркендеді.   

Қазақ  әдебиетінде  әйел  тақырыбын  ұлы  ойшыл  ақын  Абай  бұрын 

болмаған дәрежеде дамытып, әйел бейнесін сомдауда үлкен төңкеріс жасады. 

Әйел  теңдігі  тақырыбы  Абай  өлеңдерінде  кең  қамтылып,  жалпы 

адамгершілік  идеясымен  қабысты.  Ол  қазақ  қызының  теңсіздікті  басынан 


32 

 

кешіріп, теңіне қосыла алмай келген ауыр халіне күйінішін білдіріп, осыған 



наразылық белгісі ретінде өлеңдерін арнады.  

Әйелдерге білім беру мәселесін арнайы көтерген қазақтың аса көрнекті 

ағартушы-педагогы  Ы.Алтынсарин  болды.  Ол  дәстүр  қыспағында  қалған 

қазақ  қыздарына  білім  беру  керектігін,  олардың  табиғи  зеректігі  мен 

құштарлығын атап өтіп, қоғамнан өздеріне тиісті орын алуларын талап етті. 

Қыз  балаларды  оқытуда  олардың  белгілі  бір  кәсіптің  түріне  бейімділіктері 

бар  екенін  ескеріп,  қолөнер  шеберлігіне  баули  отырып,  білім  беруді  мақсат 

етті. Ы.Алтынсариннің қажырлы еңбегінің арқасында 1887 жылы тұңғыш рет 

Ырғызда  қазақ  қыздарына  арналған  қолөнер  шеберлігіне  баулитын  қыздар 

училищесі, ал оның жанынан қазақ қыздарына арналып 1888 жылы интернат 

ашылды.  Жанында  интернаттары  бар  қыздар  училишелері  1891  жылы 

Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ поселкесінде және 

т.б.  өңірлерде  де  ашыла  бастады.  Қазақ  әйелдерінің  білім  алуымен  қатар, 

теңдігі мен құқығын көтерген мәселелер де қатар жүріп отырды.  

С.Дөнентаев  қаламынан  «Әйел  теңдігін  қалай  түсіну  керек»,  «Хат 

танымаған қатарға қосылмайды», «Көркем қызға», «Жәмилә қыз», «Әйелдер 

мейрамына»,  «Ерікті  Айша»  және  «Әйелдердің  он  жылдық  тойына»  атты 

өлеңдерінде әлеуметтік мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде қыз мұңы 

түрінде беріледі. 

Халық  тағдыры  М.Дулатовтың  прозалық  шығармаларына  да  арқау 

болды.  1910  жылы  жазылған  «Бақытсыз  Жамал»  еңбегі  қазақ  әдебиетінде 

көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман болды. Романда әйелдердің 

бас  еркі,  қоғамдағы  жағдайы  баяндалды.  1907  жылы  ол  «Жесір  дағуалары 

хақында»  еңбегінде  әйел  адамдардың  азаматтық  құқығын  қорғады.  Ата-

аналардың  балаларына  бесіктен  құдаласуына,  60-70  жастағы  шалдарға  15 

жасар  қыздарын  беруіне  қарсылығын  білдірді.  Қыздарды  17-18  жасқа 

толғаннан  кейін  ғана  күйеуге  беруге  болатынын  түсіндірді.  «Әйелдердің 

азаматтық құқығы қазақ қоғағымынын әлеуметтік жағдайын анықтайды және 

елді өркениетке жетелейді», - деп жазды.  

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  көпшілікке  арналған  аралас 

мазмұнды,  безендірілген  журналдар  көбірек  шығарылды.  Қазақ  тіліндегі 

алғашқы  журнал  –  «Айқап»  болса,  кейінірек  «Садақ»,  «Айна»,  «Мұғалім», 

«Қызыл Қазақстан», «Шолпан», «Әйел теңдігі», «Қазақстан әйелдері», «Жаңа 

мектеп», «Жаңа әдебиет» және т.б. журналдар жарық көрді. Аталмыш баспа 

басылымындарында  қазақ  халқын  толғандырған  мәселелермен  қатар, 

қоғамды әйел теңдігі тақырыбы жиі сөз болды.  

Жас  ақын,  1913-1914  жылдары  «Айқап»  журналының  редколлегия 

мүшесі  С.Торайғыров  қазақ  әйелдерінің  теңдігі  мәселесін  ашық  қолдады. 

1912  жылы  жазылған  «Неке  кияр»  атты  поэтикалық  памфлетінде  жас 

қыздарды  еріксіз  кәрі  шалдармен  некесін  қиятын  молдаларға  және 

әмеңгерлікке,  қалыну  малға  қарсы  өз  көзқарасын  білдірді.  Оның  жаңа 

әлеуметтік  әуендері «Әйел» атты өлеңінде бейнеленді, әйелдердің ерлермен 

бірдей  теңдік  алатын  күн  туатынына  сенді.  Оның  «Қамар  сұлу»  романы 


33 

 

қазақтың әдеби және қоғамдық өміріндегі ғасырлық оқиға болып табылады.  



«Қазіргі  қырғыз  әйелінің  қайғылы  жағдайы»  атты  еңбегінде  де  жоғарыдағы 

аталған ойлар өз жалғасын тапты.   

Әйел  теңдігі  мәселесін  «Айқап»  журналының  беттерінең  А.Ғалимов  те 

«Бейшара  қыз»  атты  өзінің  шығармасы  арқылы  көтерді.  Автор  халықтың 

қоғамдық  санасын,  психологиялық  денгейін,  қазақ  әйелінің  қиын  жағдайын 

бейнеледі.  

«Айқап»  журналының  редакциясы  қалың  мал  мәселесін  қазақ  қоғамын 

өркениетті  дамыту  бағдарламасымен  байланыстырды.  «Қазақ  түріктерінің 

некесі» атты мақалада: «Біздің пікірімізше қазіргі кезеңде қазақтарда әйелдер 

аз туылады, көп өледі. Әйелдердің аз туылуы құдайға байланысты болса, ал 

олардың көп өлуі – біздің өміріміздің қолайсыздығынан. Барлық ауыр жұмыс 

әйелге  жүктелген,  олардың  тәрбиесіне  көңіл  аударылмайды.  Кәмелетке 

жетпеген  қыздарды  тұрмыска  берудің  қаншалықты  зиян  екенін  адамдар 

түсінбейді. Егер біздер осындай өмір салтын өзгертпесек, келешек ұрпақтың 

азаю қаупіне тап боламыз», - деп жазды. Аталмыш баспа басылым қоғамдағы 

әлеуметтік-демографиялық  мәселелерін  көтерді.  Әйелдер  мен  ерлердің 

азаматтық  құқығын  теңестіру,  әйелдердің  білім  алуы  жайлы  көтерілген 

мәселелер  прогрессивті  және  адамзаттың  анасы  ретінде  әйелдерді 

құрметтеуге шақырады.  

Журнал  беттеріне  алғашқы  қазақ  әдебиетші  әйелдерінің 

– 

К.Өтегенқызының, С.Тілеубекқызының, М.Сейдалықызының өлеңдері жарық 



көрді.  С.Тілеубекқызының  «Көптен  күткен  арман»  атты  мақаласында 

көпшілікті әйелдерге білім беруді дамытуға шақырды.  

1913  жылдың  2  ақпанында  Орынбор  губерния  Троицк  қаласында 

«Қазақ»  газетінің  1-ші  номері  жарық  көрді.  Редакторы  А.Бөкейханов 

болатын.  Ол  қазақ  халқынын  білімге,  еңбекке,  халықтың  санасын  оятуға 

шақырды.  Газеттің  бір  бөлімі  әйел  мәселесін  көтерген  тақырыптарға 

арналды.   

«Қазақ» газетіндегі талқылаудың соңы «Сайлау хұқы» деген мақаламен 

(№229.1917) шегіне жетеді. Оның авторы А.Байтұрсынов әйелдерге ерлермен 

бірдей  сайлау  құқығын  беруді  сөз  етті.  Ол  әйелдерді  мемлекеттік  Думаға 

сайлау жайлы пікірін ашық айтты.  

1917  жылдың  25  сәуір-7  мамыр  аралығында  Орынборда  өткен 

жалпықазақ  съезінде  «Алаш»  партиясы  қазақ  әйелдерінің  теңдігі  туралы 

мәселені көтерді. Бұл мәселе жөніндегі съезд қаулысы сегіз баптан тұрды: 

1. Әйелдер мен ерлердің саяси құқығы тең болу керек. 

2. Әйел өзінің күйеуге шығу мәселесін өзі шешеді. 

3. Қалың малды жою. 

4. Қыздарға 16 жасқа дейін, ер адамдарға 18 жасқа дейін үйленуге тиым 

салу. 

5.  Үйлену  үшін  күйеу  жігіттің  ғана  емес,  қалыңдықтың  да  келісімі 



қажет.  

6. Жесір әйел кімге күйеуге шығарын өзі шешеді. 



34 

 

7. Екі әйел алу тек бірінші әйелдің келісімімен ғана орындалады.   



1920  жылдың  28  желтоқсанында  Қазақстан  Орталық  Атқару  комитеті 

қалың  малды  жою  туралы  декрет  қабылдады.  Бұл  декрет  қазақ  әйелдерінің 

адамгершілік  құқығы  мен  құпиясына  қол  сұқпау  және  кәмелетке  толмаған 

қыз  балаларға  құда  түсуді  жою  туралы  шешім  шығарды.  Осылай  қазақ 

әйелдері жаңа өмірге араласа бастады. Олармен жұмыс жүргізу мақсатында 

жер-жерлерде кеңестер құрылды.  

Қорыта  айтқанда  1905-1907  жылдардағы  Ресейдегі  буржуазиялық-

демократиялық  революция;  1909-1913  жылдарда  Қазақстан  даласына 

миллиондаған  орыстар  мен  украиндықтардың  қоныстануы;  1914-1917 

жылдардағы Бірінші дүниежүзілік соғыс; 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс; 

1917  жылғы  ақпан  революциясы;  1941-1945  жылдардағы  Екінші 

дүниежүзілік  соғыс  және  т.б.  саяси-әлеуметтік  жән  тарихи  маңызы  зор 

оқиғалар қазақ халқының қоғамдық санасының даму үрдісіне тікелей ықпал 

етті.  


XVIII  ғасырда  Батыс  елдерінде  негізі  қаланған  феминизм  негізінде 

қалыптасқан  гендердік  саясат  ұстанымдары  Кеңес  үкіметі  арқылы  қазақ 

даласына да енді. Бір жағынан әйел адамдарды жаппай сауаттандыру үрдісі 

жүріп  жатқанымен,  екінші  жағынан  әйелдер  мен  ерлердің  құқықтары  тең 

деген ұран аясында олар кен өндіру, темір жол жұмыстары мен астық жинау 

және осы сынды т.б. ауыр жұмыстарға тартыла бастады. 

«Феминизм»  сөзі  латынның  «әйел»  деген  сөзінен  шыққан.  Феминизм 

әйелдердің  теңдік  үшін  түрлі  ағымдағы  күресінің  жалпы  атауы  ретінде 

айқындалады.  Феминология  –  әйелдер  рөлін,  әйелдер  қозғалысын  және 

олардың  ерлермен  тең  құқығын  қарастыратын  ғылым  болып  саналады. 

Феминология  әлеуметтік  статусы  мен  әлеуметтенудің,  саясаттың,  үкіметтің 

гендерлік  аспектісін,  дискриминация  мәселелерін,  әйелдер  мен  ерлердің 

арақатынасын зерттейді.  

Кеңес  дәуірінде  қазақ  әйелдері  өндірістегі  жұмыстарда,  ғылымда, 

басқару  қызметінде  және  т.б.  салаларда  қызмет  атқарды.  Олар  еңбек  пен 

соғыста батыр атанды. Орал облысының тумасы Алма Оразбаева (1898-1943) 

өзін  басшылық  қызметте  көрсете  білді.  Алматыда  дүниеге  келген  Нағима 

Арықова  (1902-1956)  да  басшылық  қызметін  атқарды.  1928  жылы  үкімет 

деңгейінде  әйелдер  теңдігі  туралы  баяндама  жасады.  Нәйла  Базанова  қазақ 

қыздары арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымдарының докторы болды. 

Қостанайдан  шыққан  тракторшы  Кәмшат  Дөненбаева  32  жасында 

Социалистік  Еңбек  Ері  атағын  алып,  Мәскеудегі  Жоғарғы  Кеңес 

депутаттығында отырды.  

Әлемге  кеңінен  танымал  әртістеріміз,  әншілеріміз,  сөз  шеберлері, 

жазушы  Жамал  Омарова,  Күләш  Бәйсейітова,  Әмина  Өмірзақова,  Сара 

Жиенқұлова,  Фариза  Оңғарсынова  сынды  апаларымыздың  елімізге  сіңірген 

еңбегі орасан.   

Қорыта  айтқанда  Кеңес  үкіметі  тұсында  әйел  теңдігін  ту  етіп  көтерген 

идеология  белгелі  бір  деңгейде  әйелдерді  отбасынан  аластатуға  ықпал  етті. 


35 

 

Олар  қоғамдық  істерге  жегіліп,  екі  жақты  қысымға  ұшырады.  Аналардың 



мойнына  ауыр  жүк  артылды.  Олар  бала  босанып,  ұрпақ  өрбіту  міндетімен 

қатар, қоғамдық жауапкершілікті де қоса ала жүрді. 

ХХ  ғасырдың  соңына  таман  саяси-мәдени  және  экономикалық 

үдерістерге,  яғни  жаңа  заман  талабына  сай  әйелдер  қауымының  бейнесі  де 

бірқатар өзгеріске ұшырады.   

 

б)  Қазіргі  тәуелсіз  Қазақстандағы  әйелдің  әлеуметтік-құқықтық 



мәртебесі  

Гендерлік статистика және Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарының 

көрсеткіштері.  Мемлекетіміздің  ірге  тасының  нығаюына,  экономиканың 

тұрақтылығы  мен  демографиялық  мәселелердің  шешім  табуына,  ұлттық 

идеологияны  дамытуда  әйел  адамдардың  қосар  үлесі  зор.  Отанымыздың 

өркендеуі  жолында  халқымыздың  жоғын  жоқтап,  ар-намысын  қорғайтын 

ертеңгі ұрпақты тәрбиелеу − бүгінгі күннің басты мәселесі. Соңғы жылдары 

әйел адамдардың қоғамдық өмірдегі, саясаттағы, бизнестегі және т.с.с. орны 

мен рөлі артуда.  

ХХ ғасырда әлемнің көптеген мемлекеттерінде әйел мен ерлердің теңдігі 

жарияланды. 

Жаңа 


мыңжылдықта 

әйелдер 


құқығы 

халықаралық 

заңнамаларда  дискриминациялық  сипатын  түбегейлі  жоғалтып,  жаһандық 

дамудың ажырамас компоненті ретінде қарастырылып келеді.  

2000  жылдың  қыркүйек  айында  өткен  Саммитте  дамыған  елдердің 

көшбасшылары  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  (БҰҰ-ның)  Декларациясын 

қабылдады.  Онда  негізгі  сегіз  мақсаттың  бірегейі  болып  гендерлік  теңдік 

бекітілді.  Осы  мәселеге  «2000  жылдағы  әйелдер:  ер  мен  әйел  теңдігі,  ХХІ 

ғасырдағы  даму»  атты  БҰҰ-ның  Бас  ассамблеясының  ХХІІІ  сессиясы 

арналды.  Жиынға  қатысушыларға  өз  мемлекеттеріндегі  әлеуметтік  өмірдің 

барлық  салалары  мен  деңгейлерінде  әйел  құқығын  қамтамасыз  етуге 

бағытталған нұсқаулар ұсынылды.  

Гендерлік  теңдіктің  жетістігі  адами  дамудың  тұрақты  негізгі 

факторларының  бірі  болып  табылады.  Гендер  –  бұл  ерлер  мен  әйелдердің 

мінез-құлқын  анықтайтын  әлеуметтік  және  мәдени  рөлдер  мен  нормалар 

жиынтығы, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынас. 

«Гендер» сөзі жыныс деген мағынаны бергенімен, гендер жыныстардың 

биологиялық 

емес,  әлеуметтік 

қатынасын 

сипаттайды.  Гендерлік 

зерттеулерге  теңсіздіктен  туындаған  ер  мен  әйелдің  өзара  қарым-қатынасы 

жатады.  Қазіргі  таңда  гендер  ұғымы  әлеуметтану  және  психологиямен 

байланыстырылады.  



Гендерлік  теңдік  –  әлеуметтік  функцияларды  орындау  барысында 

жынысына тиесілі тәуелсіз ресурстар мен игіліктерге ерлер мен әйелдер үшін 

тең қолжетімділік. 

Гендерлік статистика ерлер мен әйелдердің жағдайы туралы деректер 

жиынтығын  келесі  салаларда  көрсетеді:  халық,  отбасы,  денсаулық  сақтау, 

білім және коммуникациялар, жұмыспен қамту, адам құқығы және саясат. Ол 


36 

 

ерлер  мен  әйелдердің  тең  құқықтары  мен  тең  мүмкіндіктері  принциптерін 



жүзеге асыру, әлеуметтік-демографиялық саясатты тиімді әзірлеу барысында 

ерекше  әлеуметтік-демографиялық  топ  ретінде  ерлер  мен  әйелдердің 

ерекшеліктерін  ескеруге  мүмкіндік  берудің  маңызды  құралдарының  бірі 

болып табылады. 

Қазақстанда  гендерлік  статистика  мәселесіне  жоғары  көңіл  бөлінеді. 

2006-2016  жылдарға  гендерлік  теңдіктің  Ұлттық  стратегиясында  әр 

мәлімделген  бөлімі  бойынша  толық  гендерлік  статистика  және  гендерлік 

индикаторларды  толық  жетілдіру  мәселесіне  жеткілікті  назар  аударылған 

стратегиялық міндеттер мен іс-әрекеттер қаралады. 

 

Қазақстан  Республикасы  да  көштен  қалмай  Үкімет  қаулысымен  2003 



жылдың  27  қарашасында  гендерлік  саясат  концепциясын  қабылдады. 

Қазақстанда  гендерлік  және  отбасылық-демографиялық  саясатты  жүзеге 

асыру  мақсатында  ҚР  Президентінің  нұсқаулығымен  құрылған  Әйелдер 

істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы 

қызмет атқаруда.   

Аталмыш  комиссияның  міндеттеріне  Қазақстанның 2030 жылға дейінгі 

Даму  стратегиясын  іске  асыру  тұрғысында  аймақтық  ерекшеліктерді  ескері 

отырып,  отбасыға,  әйелдер  мен  балаларға  қатысты  кешенді  мемлекеттік 

саясатты  қалыптастыру  үшін  басымдықтарды  айқындау;  отбасын,  әйелдер 

мен  балаларды  әлеуметтік,  экономикалық,  заңдық  және  психологиялық 

тұрғыда  қолдаудың  кешенді  жүйесін  әзірлеуге  жәрдемдесу;  қоғамның 

экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер 

мен  балалардың  ақиқат  жағдайын  анықтау  мақсатында  ғылыми  зерттеулер 

жүргізуге, ақпараттық базаны түзуге жәрдемдесу; халықаралық ұйымдармен 

ықпалдастық, халықаралық деңгейде өткізілетін отбасы, әйелдер мен балалар 

жағдайының  мәселелері  жөніндегі  конференцияларға,  кеңестер  мен 

семинарларға қатысу және т.б. кіреді.  


37 

 

Комиссия  жұмыстарының  негізгі  бағыттары  мемлекеттің  саяси  және 



экономикалық 

дамуына 


әйелдердің 

қатысуын 

қамтамасыз 

етуге, 


демографиялық  саясат  пен  рухани-адамгершілік  тәрбиеге,  сонымен  қатар 

халықаралық  ынтымақтастықты  арттыруға  бағытталған.  Аталмыш  бағыттар 

өз  ішінде  отбасына,  ана  мен  балаға,  әйел  адамдардың  қоғамдық  рөліне  

қатысты бірқатар жоспарларды қамтиды.  

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық 

комиссиясының  жұмыс  есебі  бойынша  бүгінгі  таңда  әйелдер  қауымының 

еліміздің 

қоғамдық-саяси 

өміріне 

қатысуда 

белсенділік 

танытып 


отырғандығы  белгілі  болды.  Жұмыс  істейтін  адамдардың  қатарында 

әйелдердің үлесі 50% - дан  асса,  шағын  және  орта  бизнес  субъектілері 

басшыларының 40%-дан астамы кәсіпкер әйелдер екендігі анықталды. 

 

Ұлт  Көшбасшысы  «Қазақстан  –  2050  стратегиясы:  қалыптасқан 



мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  Жолдауында  жаңа  кезеңдегі  әлеуметтік 

саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды бірінші 

орынға  қойды.  Осы  мәселенің  негізінде  «Саламатты  Қазақстан»  Қазақстан 

Республикасы 

денсаулық 

сақтауды 

дамытудың 

мемлекеттік 

бағдарламасының 

іс-шаралары 

жүзеге 

асырылуда. 



Статистикалық 

мәліметтерге  жүгінсек,  соңғы  5  жыл  ішінде  қазақстандықтардың  өмір  сүру 

ұзақтығы  70,4  жасқа  дейін  ұзарса,  аналар  арасындағы  өлім-жітім  деңгейі  2 

есеге,  ал  нәрестелер  арасында  1,7  есеге  азайған.  Бұл  көрсеткіштер  әйелдер 

мен балаларға бағытталған жұмыс нәтижесін көрсетеді.  

Қазақстан  Республикасының  2012  жылы  14  ақпанда  Ананы  қорғау 

туралы  конвенция  ратификацияланып  еңбек  саласында  барлық  әйелдердің 

теңдігіне, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне одан әрі 

жәрдемдесу  үшін  ананы  қорғау,  оның  ішінде  жүктілігі  мен  бала  тууы 


38 

 

бойынша  демалыстың  ұзақтығы  және  сақтандырылған  табыс  мөлшеріне 



байланысты анаға ақшалай төлемақы мөлшері белгіленген.  

«Қазақстан  –  2030»  стратегиялық  бағдарламасында  отбасын  жоспарлау 

мәселесі енгізіліп, туу мен көп балалы болуды ынталандыру бағытында 2010 

жылдан  бастап  көпбалалы  аналардың  туған  және  тәрбиелеген  балаларының 

саны  азайтылды,  яғни  «Алтын  алқа»  белгісімен  марапаттау  үшін  10-нан  7 

балаға дейін, «Күміс алқа» үшін 8-ден 6 балаға дейін төмендеді.  

Отбасы маңызды әлеуметтік  бірлік ретінде заңның қорғауында болады. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, 

ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп атап көрсетілген. 

Мемлекет отбасын нығайтумен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға және 

қалыптастыруға ерекше назар аударуда.  

Осыған дәлел ретінде Елбасымыз Жолдауының «Мәдениет, дәстүр және 

даралық» атты тарауында: «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деп 

ұлттық  мәдениетіміз  бен  дәстүрімізді  қорғауға,  бірлікке  шақырып,  «үйдің 

берекесі  қабырғасының  қиюымен  емес,  теңінің  жиюымен,  отбасындағы 

сыйластықпен, татулықпен кіреді» дейді.        

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық 

комиссия  тарапынан  бүгінгі  таңда  бірқатар  шаралар  атқарылып,  қызметтер 

жүзеге асырылуда.  

2015  жылдың  20  наурызында  өткен  ҚР  Мемлекеттік  хатшысы                   

Г.Әбдіқалықованың  төрағалық  етуімен  ҚР  Президенті  жанындағы  Әйелдер 

істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 

кезекті 

отырысында 

индустрияландыру 

бағдарламасының 

бірінші 

бесжылдығында  770  жоба  іске  қосылғанын  атап  өтілді.  Бұл  жобаларға           

63 мың адам тартылса, оның 18 мыңын (29%) – әйелдер қауымы құраған.  

Отырыста 

сондай-ақ 

мемлекеттік 

органдардың 

стратегиялық 

жоспарларының  гендерлік  аспектілері,  Астана,  Алматы  қалалары  мен 

облыстар аумақтарын  дамыту бағдарламалары, Солтүстік Қазақстан облысы 

әкімдігінің  өңір  халқының  репродуктивті  денсаулығын  сақтау  бағытында 

қолданылып жатқан шаралары қаралды. Г.Әбдіқалықова халықтың қалыпты 

өсуін  және  жалпы  өмір  сапасын  арттыру  үшін  репродуктивті  денсаулықты 

сақтау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті. 

2015 жылдың 12  маусымында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 

өткізілген  ғылыми  конференция  негізінде  «Қазақ  хандығы  тұсындағы 

ханымдар мен арулар» атты жинақ жарық көрді. Еңбек даналық пен парасат-

пайымы арқылы көзге түсіп, тарихта аты қалған қазақ әйелдеріне арналған. 



«Дін  және  әйел»  республикалық  форумы.  Қазіргі  таңда  Қазақстан 

Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  даму  барысында  саяси-

идеологиялық,  мәдени  тұрғыдан  жаңаруына  сай жас ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 

беру 


үкіметіміздің 

жаңа 


стратегиялық 

бағдарламасының 

басым 

бағыттарының  бірі  болып  саналады.  Қазақстандық  қоғам  дамуының  басты 



стратегиялық  бағыты  –  жастар  тәрбиесі,  соның  ішінде  ару  қыздарымыздың 

тәрбиесі.  



39 

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  кезекті  жолдауында:  «Халқымыз  қыздың 



жолы жіңішке дегенді ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың 

жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің 

қоғамның  теңқұқылы  мүшесі,  ал  ана  –  оның  ең  ардақты  тұлғасы  болды»,  - 

деп ерекше тоқталған болатын.  

Осы мақсатта 2013 жылдың наурыз айында Алматы қаласындағы Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дін және әйел» форумы 

өткізілді.  ҚР  Дін  істері  агенттігі  (қазіргі  ҚР  МСМ  Дін  істері  комитеті),          

ҚР  Президенті  жанындағы  Әйелдер  істері  және  отбасылық-демографилық 

саясат  жөніндегі  комиссия,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  бірлесе 

ұйымдастырған  бұл  форумның  жұмысы  Атырау,  Көкшетау,  Павлодар, 

Қызылорда,  Шымкент,  Орал,  Жамбыл,  Талдықорған  және  Астана 

қалаларындағы  жетекші  оқу  орындарында  жалғасын  тапты.  Аталмыш 

форумның мақсаты: 

- қоғамның әр саласындағы әйелдердің басын қосу арқылы әйел құқығы, 

әйел мәртебесі, қазіргі әйел тұлғасы секілді ортақ мәселелерді талқылау

-  отбасылық  құндылықтарды  сақтай  отырып,  қоғамды  рухани  дамыту 

жолдарын іздестіру; 

-  жастар  тәрбиесі,  соның  ішінде  қыз  бала  тәрбиесі  мен  олардың 

құқықтарын қорғау мәселелері; 

- қазіргі таңдағы діндар әйел келбетін айқындау және діни фанатизмнен 

сақтандыру жолдарын анықтау; 

- «Қыз Жібек» клубын ашу. 

Форумға  қатысушылар  дін  және  әйел  тақырыбының  кең  ауқымды 

мәселелерін  қарастырып,  пікірталас  барысында  көтерілген  мәселелердің 

маңыздылығын пайымдай отырып, төмендегі шараларды ұсынды: 

-  мемлекет  пен  қоғамға:  қазіргі  таңдағы  қазақстандық  әйелдердің 

отбасындағы,  қоғамдағы,  саясаттағы  мәртебесі  мен  беделін  көтере  түсу 

бағытында шаралар жүргізу; 

-  әйел  ананың  қоғамдағы  рухани  құндылықтардың  дамуы  мен  ұрпақ 

тәрбиесіндегі ерекше рөлін ескере отырып, оның отбасылық және қоғамдық 

тәрбие үдерісіне белсене араласуына қажетті жағдайлар туғызу; 

-  «Қазақ  тарихындағы  әйелдер  келбеті»,  «Зайырлы  мемлекеттегі  әйел 

және дін», «Ислам дініндегі әйелдің орны», «Исламдағы діндар әйел келбеті» 

тақырыптарында  арнайы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  нәтижесін  қоғам 

өкілдерне кеңінен таныстыру;  

-  қоғамның  дамуы  мен  рухани  жаңғыруындағы  әйел-ананың  ролін 

насихаттау,  әйелдер  арасында  діни  фанатизмнің  таралуының  алдын  алу 

мақсатында дін қызметкерлерімен, мүдделі мемлекеттік органдар және зиялы 

қауым өкілдерімен бірлесе отырып, оқу орындарының барлық деңгейлерінде 

және  басқа  да  мақсатты  аудиторияларда  түрлі  форматтағы  іс-шаралар 

ұйымдастыру, 


40 

 

-  отандық  зайырлы  және  діни  ұйымдардың  әйелдер,  отбасы  және  неке 



мәселелерін  көтеруге  және  жариялауға  бағытталған  жұмыстарын 

жандандыру; 

-  дәстүрлі  отбасылық  құндылықтарды  сақтай  отырып,  қоғамды  рухани 

дамытуға бағытталған арнайы теле-радио бағдарламалар мен басылымдарды 

әзірлеп, жарыққа шығару; 

- жастардың, соның ішінде қыз балалардың дұрыс рухани тәрбие алуын 

қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау мақсатында өскелең ұрпақтың 

құқықтық және діни сауаттылығын арттыру. 

Осы  форумның  аясында  еліміздегі  жетекші  университеттері  базасында 

«Қыз  Жібек»  клубтар  ашылды.  Бұл  клуб  «Ұлтыңды  тәрбиелеймін  десең, 

қызыңды тәрбиеле» деген ұстаным негізінде жұмыс істейді.  

«Қыз  Жібек»  клубының  негізгі  мақсаты  –  қазіргі  қоғамдық  ортада 

азаматтық  ұстанымдары  бар,  жеке  өмірде  отбасылық  міндеттерді  алған 

білімімен  ұштастыра  білетін  ұлтжанды,  парасатты,  ұлттық  салт-дәстүр  мен 

мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және университет 

білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын 

текті қыздар ортасын құру.  

«Қыз Жібек» клубының негізгі міндеттері: 

- тарихи дара тұлға арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ 

қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру; 

- ұрпаққа берілер ұлттық тәрбие көзі ретінде даярлау

- кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту; 

-  сұлулық  пен  денсаулықты  сақтаудың,  саламатты  өмір  сүрудің  басты 

қағидаларын ұстануды үйрету; 

қоғамдағы  білім  беру  және  тәрбие  мәселелерін  ұлттық 



құндылықтармен сабақтастыру; 

- болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау; 

- салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;  

үй  шаруашылығына  қатысты  өмірлік  қажеттілік  дағдысын 



қалыптастыру.  

«Қыз Жібек» клубының ұстанымдары: 

- Республикасының тарихи және мәдени, ұлттық құндылықтарын сақтау, 

тән  саулығын,  саламатты  өмір  салтын  ұстануға  баулу,  адамгершілік  және 

рухани дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

-  қыз  қоғамның  белсенді  мүшесі  екенін  ұғынуға,  өткен  тарихымызды 

білуге,  адал  достықты  түсінуге,  өнерге,  мәдениетке,  отан  сүйгіштікке 

тәрбиелеу; 

-  мейірімділік  пен  қамқорлық  қасиеттерін,  ізеттіліктерін  қалыптастыру. 

Қыз  алдында  қоғамның,  елдің,  ұлттың  болашағы  үшін  үлкен 

жауапкершіліктің  тұрғандығын  ұғындыру.  Әдеп  пен  сыпайылық,  ибалық, 

инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату; 

-  үлкенді  сыйлайтын,  кішіге  қамқор  болатын,  білікті,  білімді,  құзіретті 

қызды қалыптастыру. 



41 

 

«Қыз Жібек» клубының негізгі бағыттары: 



1. Тарихи тұлғалардан өнеге 

2. «Қыз Жібек» клубы мүшелерінің бейнесін қалыптастыру 

4. Қыздарды тектілікке тәрбиелеу 

5. Отан отбасынан басталады 

6. Дәстүрлі діни танымдар 

Білім  алушы  қыздарды  ұлттық  санада  тәрбиелей  отырып,  ата-баба 

мирасы  болған  салт-дәстүрімізді,  киелі  отбасы  құндылықтарын  насихаттап, 

болашақ  ұлт  аналарын  дайындауға  бағытталған  «Қыз  Жібек»  клубы   

парасатты  қыздардың  діни  ой-өрісін  тереңдетіп,  мемлекет  тәуелсіздігін 

нығайтуға, қоғамды әлеуметтендіруге өз үлесін қосады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Дін  істері  комитетінің  бастамасымен  қолға  алынған  «Дін  және  әйел» 

форумы  еліміздің  бірқатар  аймақтарында  өткізіліп,  көптеген  жоғары  оқу 

орындарында «Қыз Жібек» клубының құрылуы өз жалғасын табуда.   

Бүгінгі  таңдағы  қазақ  әйелдерінің  бейнесін  анықтау  мақсатында 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстаздары сауалнама 

жүргізген болатын. «Әйел үшін қандай қасиеттер ең қажетті?» деген сауалға 

сұрау  салынушылар  бірінші  кезекте  шыдамдылық,  еңбексүйгіштік, 

қажырлылық  қасиеттерін,  екінші  кезекте  ақыл  мен  білімді  атап  көрсеткен. 

Бұл  бір  жағынан  ғасырлар  бойы  қазақ  әйелінің  болмысына  серік  болған 

қасиеттердің  қазіргі  қыздар  тарапынан  да  жоғары  бағаланатынын  аңдатса, 

екінші  жағынан  әйелдің  болмысын  айқындайтын  нәзіктік,  сезімталдық, 

инабаттылық  секілді  қасиеттердің  замана  ағымына  сай  кейінгі  орындарға 

ысырылып қалғанын аңғартады.  

«Қазақ қызына анықтама беріңіз» деген сауалға респонденттердің басым 

бөлігі «білімді» деп жауап берген. «Тұрмысқа қай кезде шығуды қалайсыз?» 

деген  сауалға  қыздардың  барлығы  дерлік  «Жоғары  білім  алғаннан  кейін»,  - 

деп  жауап  беруді  жөн  көріпті.  «Нағыз  қазақ  қызы  ретінде  кімдерді  атай 

аласыз?»  деген  сауалға  қыздардың  басым  бөлігінің  Әлия  мен  Мәншүкті, 

Ұлпан  мен  Зерені  атауы  еріксіз  сүйіндіреді.  Бұл  қазақ  қыздары  ардақ  тұтар 

тұлғалардың  ақылына  көркі  сай,  ерлігіне  парасаты  жарасқан,  ел  билеп, 

ұлтына ұйытқы болған аяулы аналар болып отырғанын айғақтайды.  

Дегенмен  алаңдатарлық  жауаптар  да  жоқ  емес.  «Қазіргі  қазақ  әйелі 

өзгерді  ме?  Өзгерсе,  қалай  өзгерді?»  деген  сауалға  «Ол  ер  адамдарға  тән 

мінездерге ие бола бастады»,  - деп жауап беріпті басым көпшілік. Ерлердің 

көпшілігі  «Әйелдер  ұлттық  құндылықтарды,  салт-дәстүрді  ұмытты»,  -  деп 

санайды.  

Ал ең басты назар аударарлығы: «Ел басына күн туса, қолға қару алар ма 

едіңіз?»  деген  сауалға  қыздардың  92,7  пайызы:  «Иә,  елді  қорғау  біздің  де 

борышымыз», - деп жауап берген.  

Ғасырлар сынынан өтіп, сұрыпталып жеткен, шынайы адамгершілік пен 

иманға  негізделген  ұлттық  құндылықтар  құнын  жоймайды  әрі  өміршең 

келеді. Ұлтының ұлағатты үрдістерін қазіргі таңда да көптеген қазақ әйелдері 

үздіксіз жалғастырып келеді. «Қазақ қызы» деген атқа лайық болудың өзі аз 


42 

 

мәртебе  емес.  Ата-бабаларымызды  сан  ғасырлар  бойы  адамгершілік  пен 



ізгілікке  тәрбиелеп келген  қазақтың ұлттық  дәстүрлері  келер  ұрпақ үшін де 

мың  жылға  жетерлік  рухани  азық  болмақ.  Бірақ  күн  санап  жоғалтарымыз 

көбеймесін  десек,  сол  рухани  бұлақтың  бітелуге  айналған  бастау  көзі 

бүгіннен  бастап  аршылуға  тиіс.  Бұл  орайда  «Ұлтыңды  тәрбиелеймін  десең, 

қызыңды тәрбиеле!» деген ұлттық ұстанымды ұлықтау қажет.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет