аќсу Өњірі
13 желтоқсан 2014 жыл
Адамзат тарихында өз ізіңді
қалдырудың ең ұтымды жолы
өнермен
қалыптасады.
Ал
адамзаттың, соның ішінде өз
халқының санасында қалу үшін
не істеу керек? Жаныңды елің
үшін құрбан етіп батыр болуға
болады немесе алтын бесігі
бекіген халқыңды соңыңнан
ертіп жарқын болашаққа бас-
тау керек. Бұл аталғандардың
екеуі де екінің бірі көтере
алатын жүк емес. Себебі, ел
басына күн туса халық ал-
дында үлкен жауапкершілікті
арқалаған толағай ақылың да,
мінезің де, қайсарлығың да
сынға ұшырайды. Мұндай сын-
ды тарихтың төрінен ойып орын
алған ел басшылары көтеріп жа-
татыны атам заманнан айқын.
Қазақ хандығының шаңырағы
асқақтап көтерілген күннен ба-
стап, ел алдындағы парызын
аянбай орындаған қайратты
хан-төрелеріміздің аты ел
ойларға сүйене отырып, жаңа
қырларын ашуға тырысамыз.
Тұңғыш Президент күні – та-
рихи таңдау күні. Ал тарихтың
төрі тек таңдаулы дара да, дана
тұлғаларға тиесілі. Елбасының
бойында аталған екі қасиеттің
де орын тепкеніне ешкім күмән
келтіре алмас. Оған дәлел, 2012
жылы қараша айында Астанадағы
Назарбаев
университетінде
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
деген тақырыпта өткен «Назар-
баев оқулары» халықаралық фо-
румы.
Аталмыш форумға Италия,
Ұлыбритания,
Ресей,
Румы-
ния, Сингапур, АҚШ, Фран-
ция секілді әлемінің 51 елінен
келген меймандардың ішінде
«Назарбаетың болмысын бір ғана
форум аясында ашу мүмкін емес»
дегендер де болған. Сегіз қырлы,
бір сырлы президентіміздің бар
болмысын бір күнде ашу мүмкін
еместігін белгілі ғалымдар да
Президентіміздің өз қазанында
ғана қайнайтын, тар шеңберлі
тұлға еместігін аңғартады. Бұл
туралы Татарстанның бұрынғы
көшбасшысы Минтемер Шай-
миев: «Қазақстанның Тұңғыш
Президенті қысқа мерзім ішінде
өз елін әлемге танытты. Түбі
бір, тегі бір халықтармен ара-
ластырды. Ол бабалар ама-
натына
адалдық
танытты.
Ұрпақ сабақтастығын, дәстүр
жалғастығын сақтап қалды»,-
деп айтады.
Жоғарыда аталған форум-
да Елбасының болмысын ашу
үшін бір форум жеткіліксіз де-
ген пікірге әлемдік ғалымдар
тоқталып өткенін айтып өттік.
Сондықтан, бір мақала арқылы
тұлғалық бейнесін ашу да
жеткіліксіз екенін айтпасақ та
оқырмандар жете түсінетін бо-
лар. Бірақ, біздің тарапымыз-
дан Назарбаевтың тұлғасына
тоқталмай өту де айыпты
болар еді және бұл туралы
пікірді Отандық азаматтардың
еншісінен байқағанымыз абзал.
Мысалы, Смағұл Рахымбек атты
журналист Назарбаев тұлғасын
төмендегідей
сөздермен
жеткізеді.
«...Назарбаев
тұлғасына
келер болсақ, біз тек қана
саяси қайраткерді ғана емес,
аса ауқымды таным мен
құбылыстың қандайын да бол-
сын өзіне табиғат туа бітірген
даналық көрегендікпен сара-
лап, онысын қызметінің саяси
өрістеріне шеберлікпен пайда-
лана білетін кемеңгер парасат
иесін танимыз. Сондықтан да,
ол өз ұлты мен елінің табиғи
көшбасшысынан
ғаламдық
деңгейдегі саясаткерге айнал-
ды».
Күнделікті
әлем
жаңалықтарына зер салсақ
дүниеге
дүрбелең
орнап
жатқаны барлығымызға аян.
Әлемдік хаос орнап жатқанда
Қазақстан
Республикасы
бейбітшілік пен тыныштықтың
құшағында ғұмыр кешіп жатыр.
Бұның барлығы Президентіміз
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың еңбегінің жемісі
екенін, күлімдеген сәби мен са-
бырлы күндерін кешіп жатқан
азаматтарымыздың жүзінен де
байқауға болады.
Алмагүл САпАровА,
Ақын Сараның мемори-
алды музейінің экскурсия
жүргізушісі.
Дара тұлға-
Дана тұлға
1991
жылғы
16
желтоқсан
Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік күні болып жа-
рияланды. Белгілі қоғам қайраткері М.Шақанов:
«1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып
үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе
қақтығысты. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген
демократиялық бой көрсетулер болып өтті,
тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз
мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986
жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі
бар» - деп атап өткені белгілі.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде
дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат
байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі
ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен
аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан
аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды
талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын
ел болып қалыптасты. Егемендік алған жылдар
ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік
қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табы-
латын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен
тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Конституциялық жол-
мен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын
жаңарту негізінде елдің демократиялық жол-
мен дамудың берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі
экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған
өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін
нарықтық қатынастар мен институттар құрылды.
Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономика-
да өз орны бар елге айналды.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл
ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.
Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған пара-
сатты саясатының нәтижесі, яғни Еліміздің
тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан
халқының жарастығы мен ынтымақтастығының
арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып,
жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің,
ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген
тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі
болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға
ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп,
Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей
мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың
тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті
барша халық болып жалғастыру керек. Тәуелсіздік қазақтың сан
ғасырлық арманы. Осы тәуелсіздікті алу жолында біздің ата - баба-
ларымыз көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді.
Ендеше, тәуелсіздік жолында, яғни 1986 жылдың 16 - желтоқсан
оқиғасының қаһарман ұлдарының бірі Қайрат Рысқұлбеков,Сәбира
Мұхамеджанова,Ербол Сыпатаевтар "Алтын анам - Отаным, се-
нен аяр жаным жоқ" - деп ұрпақтардың болашағы үшін жанын пида
еткендер. Ал, бүгін тәуелсіздікке ұмтылу жылдарында қан кешкен
асыл боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Олар Ота-
нын жан- тәнімен сүйіп,қаһармандықтың үлгісін көрсетті." Ел үмітін
ер ақтар, ер атағын ел сақтар" демекші, ерлікпен қаза тапқан сол бір
боздақтардың есімдерін көзге жас алып еске түсіреміз.
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы
армандап жеттік.
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты,
халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық
жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз.
Елімізде, білім, денсаулық,спорт салалары айрықша даму
үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес
құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы
Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және
серпімді дамуға байланысты.
Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді,
дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық
рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған
асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз
үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде
бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез
келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.
Тәуелсіздік
Жат қой бізге теріс қылық-көргенсіздік,
Қазағым деп әрдайым өрге жүздік.
Ар-намысым, болашағым, ертеңім,
Тәңірімнің сыйлығы бұл — Тәуелсіздік!
Қазағым, Қазақстан өрле алға,
Надандықтың өмірін көрме алда.
Қасиетті тәуелсіздік ұраным,
Созыла бер ғасырлардан, ғасырларға! деп Тәуелсіздік күні –
жанарға жас толтыратын, ерлік пен өрлікке тағзым жасататын
қаситетті күн. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең ал-
дымен барша қазақстандықтардың арман-мұраты еді.
Сонымен, ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол
жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді
осы тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын
жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің
гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру
жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.
Гүлжан МұхАМеджАнқызы .
Ұлтымыздың қастерлі мерекесі
мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі,
экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі,
Қазақстан халықтарының өз болашақтарына де-
ген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті
қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы –
стратегиялық негізгі бағыттарды құрады.
Біздің халқымыздың ата-мекенді ардақтау
сезімі өте терең. Олар үшін туған жерді қасиет
тұту – қанға сіңген берік және ежелгі дәстүр. Бұл
таным, біздің жанымызға ана сүтімен дарыған.
Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше
көрген тон пішер» деген даналық пікірін сара-
лап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай
ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі
істері – елін, жерін қорғау – бірлікте, ынтымақта
өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу
– парыз деген ізгі мұраты екен. Сондықтан
да бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас
елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, соны-
мен қатар, өткенге деген тағзымды салауат пен
болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып
табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба
рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жо-
лына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз –
Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осы-
нау мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен
қарап, бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру ке-
рек. Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік
үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің ал-
дымызда оны нығайта түсу міндеті тұрғанын
әрбір қазақстандық өзінің жан-тәнімен, шынайы
патриоттық сезіммен түйсінуі тиіс.
А.МұқАМеТжАновА,
аудандық хқКо бөлімінің
инспекторы.
есінде сыр сандықтай сақталуда.
Бүгінгі күні ата-бабамыздың
даналығы мен даралығынан
айнымаған
Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
ев ел бірлігі мен тыныштығын
тиянақты сақтауда.
Тәуелсіздік
жылдарында
аяғынан нық тұрып, күннен-
күнге гүлденген Қазақстан Рес-
публикасы әлемдік сахнада
қадірлі орын таба білді. Биыл
тәуелсіздігімізді алғанымызға
23 жыл толмақ. Өткен ғасырдың
соңы мен 21 ғасырдың жаңа
толқынына іліккен Қазақстан
қара шаңырағын асқақтатып,
босағасын берік бекітті. Өткен
23 жылда Қазақстанда көңілге
медеу боларлық көптеген істер
атқарылды. Мұнымен қоса,
еліміздің болашаққа қойылған
белсенді жоспарлары дамушы ел
мен дамыған елдердің екпінінен
өз қисынын тауып отыр. Мұның
барлығы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың
арқасында
жүзеге
асып
жатқанына,
Қазақстанның кез-келген аза-
маты сенімді. Сондықтан, алда
келе жатқан Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-
ты халықтың көкейіндегі көрікті
түсінген болар. Тіпті бұл фо-
румда, Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
Мұхтар ҚұлМұхаммед «АҚШ үшін
Джордж Вашингтон мен Томас
Джефферсон қандай тұлға болса,
Назарбаев та сондай деңгейдегі
тұлға» деп мәлімдеген болатын.
Ал бұрынғы ҚР Білім және ғылым
министрі Бақытжан Жұмағұлов
Елбасын: - «Әуелі ол заманда
Елбасы болады» деп жазған еді
ұлы Абай. Болашақты болжаған
Абай бабамыз қандай ұлы болса,
халық, заман сынынан мүдірмей
өтіп келе жатқан Назарбаев та
сондай ұлы тұлға»-, деп ұлы
кемеңгер Абаймен теңестірген
еді.
Қазіргі
әлемде
Қазақстан
Президентіне
тәжірибесі,
даналығы, ерік-жігері, көрегендігі,
нәтижесі жағынан балама жоқ,
сондықтан
оны
шетелдерде
ғаламдық саясаткер деп атайды.
Әрине, аумалы-төкпелі за-
манда билік басына келіп, қазақ
өркениетін өрескел заманның
көшіне қосу жолында қасық
қанын
аямай,
ұлтаралық
келісім мен халықтың әл-
ауқатын көтеру деген екі үлкен
алып істі арқалап өткендігі
Ер мЕн ЕзДің арасына
сына қаққан күн
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде
жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған
күні. Тәуелсіздік күні кең байтақ даламыз ата-бабамыздан қалған
мұра және кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел
болып берілетін аманат.
1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет
араласқан, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. Желтоқсан көтерілісінің
арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш
Тәуелсіз ел дүниеге келді. Сан ғасырлық тарихымызда мақтан
тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан
алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған.
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтық нешеме
бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер
кеппеді.
Тәуелсіздік -1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан
жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың
арман-мұратының салтанат құруы.
Тәуелсіздігімізді жариялағанан берігі мезгіл ішінде көптеген елеулі
табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған
парасатты көреген саясатының нәтижесі-Еліміздің тыныштығы
мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен
ынтымақтастығының арқасында болып отыр.
Егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер Барыс текті намысты ұрпақ
бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл-ойы мен жүрегінде туған
жер мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл еліміздің дамуы,
өркениетке ұмтылуы жолындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.
Барша Қазақстандықтар Сіздерді 16 –желтоқсан Тәуелсіздігіміздің
- 23 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры
мықты, ғұмыры ұзақ, болашағы нұрлы болсын демекпін.
Б. АлСеиТовА,
аудандық Әділет басқармасының
жетекші маманы .
ЫзғарлЫ жүйенің
күйреуі
азаттЫқ деген ұғЫмнЫң
4 бет
аќсу Өњірі
13 желтоқсан 2014 жыл
Желтоқсан айының 8 -
ші жұлдызында Молықбай
мәдениет үйінде желтоқсан
айның сегізінші жұлдызында
Ақсу аудандық ішкі саясат
бөлімі және Ақсу аудандық
«Ізгілік» қоғамдық бірлестік ая-
сында ауданда «Отбасылық
құндылықты
насихаттау,
гендерлік
теңдікті
сақтау
мақсатында» кешенді іс – ша-
раларды атқару ауқымында
аудандық «Супер әжелер»
байқауын өткізді. Байқауға
әр ауыл округтерінен бір
әжеден және жасы 60 жа-
стан кем емес ақ жаулықты
аналар қатысты. Сонымен
бірге, әр үміткер өзінің өмір
және еңбек жолы, қол жет-
кен жетістіктері, үкіметтік
наградалары,
аудан
мен
ауыл аумағында қоғамдық,
мәдени - көпшілік, тәрбиелік
жұмыстардағы белсенділігі,
отбасы
мүшелерінің,
ұрпақтарының
жетістіктері
мен үлгілік жақтары, өнерге,
жаңашылдыққа,
нарыққа
бейімділіктері,
өзінің
ең
жақсы меңгерген қол өнер
түрі (тұрмыстық бұйымдар,
жабдықтар жасау, ұлттық
тағам дайындау, т.б) өз
өнерлерін халыққа көрсетіп,
өздерін таныстырды.
Байқау бес талаптар бой-
ынша өткізілді. Бірінші та-
лап «Сәлем – сөздің атасы»
үміткер сәлемдесу арқылы
өздерін, отбасы мен әулетінің
«Супер Әжелер» байқауы
үлгіліктік жақтарын ауызша
көпшілікке таныстыру. Екінші
талап бойынша «Білімді әже –
ақыл кеніші» деген тақырыпта
дайындалған сұрақтар топтам-
деген тақырыпта асы арқылы
үміткерлердің білгірлік, біліктілік
деңгейі тексерілді. Мемлекет
саясатына байланысты, елге
танымал жерлестер жайлы, ау-
дан тарихы мен бүгінгі тіршілігі
жөнінде, ғылым , өнер, спорт са-
ласынан хабардарлығы, ұлт салт
– дәстүрлерінен білгірлігі, ұлттық
тағамдар дайындау тәртібі бой-
ынша, жұмбақтар, викториналық
сұрақтар қойылды. Үшінші та-
лапта «Өнерім - ұрпаққа» де-
ген өз таңдауы бойынша өнер
түрлерінен (қисса – дастандар-
дан үзінді, көркемсөз оқу, күй,
терме, дәстүрлі эстрадалық
әндер ұлттық, классикалық
билер, сурет салу, спорттық)
жеке бір нөмерін орындады.
Төртінші талапта әжелер өзінің
көпшілікке, аудан халқына, жа-
старына, кейінгі ұрпаққа «әже
тілегі – ұрпаққа тағылым» де-
ген ақылын, ізгі ниетін, бата –
тілектерін алдын – ала дайын-
дап келген шешендік сөздерін
отырған қауымға айтып берді.
Бесінші талап «Ұлттық өнер –
аналардан мұра» ұлттық қол
өнерлерінің өздері ең жақсы
меңгерген түрлерінен тұрмыстық
бұйымдарын, жабдықтар жасау-
ын, ұлттық тағам дайындағанын
көрсетті. Осы өнер сайысы-
на
қатысқан
әжелеріміздің
өнерлерін
өздерінің
сахна
төрінде таныстыра білуі және
сөйлеу шеберлігіне, ой тереңдігі
мен
жүйелігіне,
қоғамдық
өмірден хабарлық деңгейіне,
қазақ тілі байлығын пайдалана
білуі мен тазалығына, шешендік
шеберлігіне,
дауыс
мәнері
мен сахна мәдениетіне, киім
сәндігіне назар аудара отырып,
қазылар алқасы ашық және
балдық түрде бағалады.
Осы байқауға әр ауыл
округтерінен келген әжелеріміз
тыңғылықты дайындалып, өз
өнерлерін ортаға салып, келе-
шек ұрпаққа үлгі болатындай
тәрбиелік мәні бар әжелік ақыл
өсиеттері, даналық сөздерін
аянбай ортаға салды.
әжелеріміздің
байқауына
аудан әкімі ә.Е.Далбағаев
қатысып,
осы
өтікізіліп
жатқан іс – шара өсіп келе
жатқан ұрпаққа, әсіресе қыз -
келіншектерге тәлім – тәрбие
жағынан мәні зор екенін ай-
тып,
ұйымдастырушыларға
алғысын
білдірді.
Байқау
нәтижесі
бойынша
ақтық
мәреге жеке дара оқ бойы
озып
шыққан
Қарашілік
ауылдық округінен келген
Құмарбекова Төлеухан әжеміз
өзінің жан – жақты дайында-
лып келгенін, басқаларға үлгі
болатындай бас жүлдені ұтып
алып, түрлі – түсті теледи-
дар, аудан әкімінің грамота-
сымен марапатталды. Бірінші
орынды Қызылағаш ауылы-
нан келген Нұрмұханбетова
Бекжамал әжеміз жеңіп алды.
Екінші орындарға екі округ-
тен келген әжелеріміз Ақсу
ауылдық округінен келген
Бекеева Райхан апамызбен
Ойтоған ауылдық округінен
келген Искакова Роза апа-
мыз иеленді. Үшінші орын-
дарды Жаңалық ауылынан
Рахимова Бақыт және Б.
Сырттанов ауылдық округінен
Мансұрова Рахима әжелеріміз
ұтып алды. Бұл байқауға
қатысқандар
арасындағы
әжелеріміздің
ең
жасы
жағынан үлкені Қамбылова
Сарқыт апамыз. әжеміз жасы
үлкендігіне қарамастан, әліде
болса
өмірге,
артындағы
бала – шағасы, немере –
шөберелеріне айтар ақыл -
кеңесі көп екенін байқатты.
Сәбетбай атамыз бен Сарқыт
анамыз екеуінен 10 бала өсіріп
жеткізіп, қазіргі кезде 48 неме-
ре, 37 шөбере, 4 немене сүйіп
отырған кейуана. Кезінде кеңес
үкіметі тұсындағы еңбегіне
тыңның 65 жылдық медалімен
марапатталған. Ал қалған ау-
ылдардан келген әжелеріміз
құр қол қайтқан жоқ, аудан
басшылары
әжелеріміздің
ақ көңіл ниеттеріне сай сый
құрмет көрсетіп, барлығына
бірдей сыйлықтар мен гра-
моталарды аудан әкімі ә.Е.
Далбағаев және мәслихат
хатшысы
С.Серпербаев
құттықтап, табыс етті. Байқау
соңы Молықбай мәдениет
үйінің көркем өнерпаздарының
концерттік
бағдарламасына
ұласты.
Достарыңызбен бөлісу: |