ЛИТЕРАТУРА
1.
Бахарев В.Г.. Аутотреннинг. М., «Знание», 1992.
2.
Психология экстремальных ситуаций: Хрестоматия / Сост. А.Е.
Тарас, К.В. Сельченок. – Минск.: Харвест, М: АСТ, 2000.
3.
Айви А. Е., Айви М. Б., Саймэк–Даунинг Л. Психологическое
консультирование и психотерапия. Методы, теории и техники: практическое
руководство: Перев. с англ. – М., 1999.
4.
Колодзин Б. Как жить после психологической травмы – М. Шанс,
1992.
5.
Лебедев В.И. Личность в экстремальных условиях. – М.
Политиздат, 1989.
6.
Марищук В., Евдокимов В. Поведение и саморегуляция человека в
условиях стресса. – СПб. Сентябрь, 2001.
7.
Психогимнастика в тренинге. Под ред. Н.Ю. Хрящевой. - СПб.
«Речь», Институт Тренинга, 2000.
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2.
2013
98
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций
ӘОЖ 821. 512. 122 - 1: 82. 09 = 943. 42
Д.Қ.Шаяхимов – ҚР ТЖМ КТИ ӘГПТ және ПД кафедрасының профессоры, ф.ғ.к.
АБАЙДЫҢ «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ» ӨЛЕҢІНІҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ
В данной статье рассматривается текстология стихотворения Абая
Кунанабаева «Көзімнің қарасы».
In this article is considered the lyrics of poem “Kozimnyn karasy” by Abai
Kunanbaev.
Көркем шығарманы текстологиялық тұрғыдан зерттеу – әдебиеттану
ғылымындағы ең өзекті саланың бірі.
Текстология саласын орыс ғалымдары да зерттеп, елеулі нәтижелерге қол
жеткізді. Олардың алғашқы зерттеу нысандары А.С.Пушкин мен М.Ю.
Лермонтов өлеңдерін текстологиялық тұрғыдан зерттеуден басталады. Орыс
ғалымдарының арасында текстология саласы жайында әртүрлі пікір
қалыптасқан.
Текстология сөзі салыстырмалы түрде жақын арада пайда болған түсінік.
Текстология – жеке ұғым ретінде ғылым саласына 1930 жылдары енгізілді. Бұл
ұғымды алғаш енгізгендердің бірі Б. В. Томашевский болатын. Ол 1926 - 1927
жылдары Ленинград қаласындағы Өнер тарихы институтында текстология
пәнін арнайы курс етіп, оқу бағдарламасына енгізді. Бұл курс 1928 жылы
«Писатель и книга» айдарымен жарық көрді. Алайда бұл курсты сол кезде
«Текстология жайында жазылған очерк» деп атау мүмкін болмады [1].
Текстологиялық тұрғыдан алғаш зерттеу үлгісі болған Абай
шығармалары. 1923 жылы жазылған І. Жансүгіровтің «Абай кітабы» атты
мақаласында Абай өлеңдері мәтініне текстологиялық тұрғыдан қисынды
түзетулер мен құнды пікірлер айтылған [2]. 1963 жылы М.О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты жанынан «Текстология және қолжазба» бөлімін
ашу қажеттілігі туындады. Аталған ғылым саласында: Т.Кәкішев,
Қ.Мұхамедханов, М.Мырзахметов, М.Жармұхамедов, Б.Әзібаева, Ғ.Мұсабаев,
Т.Әбдірахманова, С.Қасқабасов, Ш.Сарыбаев, Т.Әкімов сынды ғалымдардың
зерттеулері ғылыми жинақтарда жарияланды.
Қазақ әдебиетіндегі текстология саласының негізін салған, осы ғылыми
саласының небір қиындықтарын жеңіп, өзінен кейінгі зерттеуші ғалымдарға
бұл саланы зерттеудің қыр - сырын ашып, бағыт-бағдарын көрсетіп, жол сілтеп
кеткен Мұхтар Омарханұлы Әуезов болатын.
Профессор М. Мырзахметов текстология ғылымының қалыптасуы
жайында мынандай пікір айтады: «Қазақ әдебиеті тарихында текстологиялық
ғылыми жұмыс жүргізудің өзі де Абай шығармаларын зерттеу кезеңіне тұс
келеді. Ұлы ақын мұрасын жан - жақты терең тануды ертерек қолға алған М.О.
Әуезов ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар ақын
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2. 2013
99
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций.
шығармаларының текстологиялық жағынан да ерекше ден қоя ізденеді. Абай
шығармаларының тұңғыш толық жинағы 1927 жылы М. Әуезов тарапынан
даярланып әрі Абайдың ғылыми өмірбаяны да бірінші рет жазылып біткен еді.
Бірақ бұлар кейбір жағдайларға байланысты 1933 жылы ғана жарық көрді. Абай
шығармалары толық жинағы текстологиялық сұрыптаудан өтіп жариялануы –
республикамыздың рухани өмірінде, әсіресе, Абайтану тарихында маңызы зор
мәдени құбылысқа айналды» [3, 38-39]. Абай шығармаларын текстологиялық
тұрғыдан алғаш зерттеушілердің Әбіш Жиреншиннің еңбегін атап өту ләзім.
Сталиндік қуғын-сүргін саябырлап, «Хрущевтік жылымық» басталған сол
кездерде шығармашылық қауым, оның ішінде абайтанушы ғалымдар ес жиып,
үзіліп қалған ғылыми тақырыптарын қайтадан қолға алғаны белгілі. Жиреншин
ұстазы Мұхаңнан Абайдың бір томдық толық жинағын әзірлеу жайлы тапсырма
алды. Оның 5 жылдай (1955-1961 жылдар аралығы) уақытты талап ететін аса ірі
жоба екенін о баста кім білген. Жинақ материалдарын даярлау, яғни Абай
сөздерінің текстологиясы, жаңа өлеңдерді сүзгіден өткізу, сапалы түсінік-
темелер жазу, т.б. қатысты жауапкершілік Әбіш Жиреншинге жүктелген.
Сөйтіп, тынымсыз еңбектің нәтижесінде 1961 жылы Абайдың толық
жинағы (көпшілік оны «сары кітап» дейді) жұртшылықтың қолына тиді. Ол
кемел ұстаз Мұхтар Әуезовтің тікелей басшылығымен әзірленген соңғы жинақ
болды. Бұл жинақ бұрынғы жинақтардан өзгерек. Неге десеңіз, ол қазақтың
бағына 75 мың таралымымен жарық көрді. Бұрынғы, кейінгі Абай жинақтары
дәл осындай таралыммен жарық көрген емес [4,5].
М.Жармұхамедов айтыс өлеңдерінің текстологиясын зерттеп құнды
еңбектер жазды [5]. Осы саланы зерттеудегі көлемді еңбектердің бірі «Қазақ
фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» [6].
Текстология ғылымы жайында айтылған түрлі пікірлер көп. Орыс ғалымдары
текстология саласын зерттеп, құнды еңбектер жазып шықты. Солардың ішінде
Б.В.Томашевский ұсынған анықтама, теориялық текстологияның мән-
мазмұнын, мақсатын ашады.
Текстология дегеніміз – шығарма мәтінінің тарихын зерттеу екені айқын.
Бірақ көп жағдайда зерттеушілер екі нәрсені шатастырып келеді. Олар мәтінді
зерттеуді баспаға даярлау деп түсінеді. Ал мәтіннің жазылу тарихына немесе
басылу барысындағы өзгерістерін зерттеу мен мәтінді баспаға әзірлеу екі басқа
пән. Біздің айтатынымыз біріншісі, яғни теориялық текстология. Жалпы
текстология ғылымының басты мақсатын академик Д.С.Лихачев еңбектерінде
мейлінше айқындалған: «Текстология дегеніміз – тексті жарыққа шығаруды
реттейтін қосымша пән емес, ол – шығарма тексінің тарихын зерттейтін жеке
ғылым. Оның іс жүзіндегі көрінісінің бір белгісі – текстің ғылыми басылымы»
[7, 35].
Осы пікірді С.А. Қасқабасов та қолдай отыра былай дейді: «Текстология
– дегеніміз екі саланы қамтитын пән. Бірі – шығарма мәтінінің тарихын зерттеу
де, екіншісі – мәтінді ғылыми негізде жарыққа шығару. Демек, мәтінді зерттеу
бар да, жарыққа шығару бар деген сөз» [8, 51]. Жалпы текстология деген
термин - әдеби шығармалардың мәтінін бастапқы автор айтқан ойға жуықтау,
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2.
2013
100
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций
яғни автордың қолжазбасы негізінде немесе бұрынғы басылымдармен
салыстырып тексеру деген ұғымды білдіреді [9, 92-95].
Қазақ әдебиеттану ғылымында жеке - жеке текстологиялық мәселелерді
қарастырған азды - көпті зерттеулер мен ғылыми мақалалардың құндылығын
атап өту керек. Текстология жайында жазылған зерттеулер мен жүйелі ғылыми
еңбектердің ішінен белгілі абайтанушы Қайым Мұхамедханұлының сіңірген
еңбегін атап өту ләзім [10].
Текстология ұғымын жан-жақты зерделей келе біз де Абайдың «Көзімнің
қарасы» атты өлеңіне мәтінтану тұрғысынан талдау жасауға талпыныс
жасадық. Мұнда біз әр жылдары жарық көрген ақынның өлеңдер жинағындағы
«Көзімнің қарасы» атты өлең нұсқаларын салыстырып шығып біршама
өзгерістерді анықтадық. Бір қарағанда біз анықтаған өзгерістер соншалықты
өлеңнің мазмұнына нұқсан келтірмейді. Алайда, Абай өз өлеңдерін өз
замандасы ақын Көкпай Жантайұлының атынан шығарып жүргенін де
ұмытпауымыз керек. Және де, Абай өлеңдерінің қолжазбаларын жинастырып
1909 жылы ақынның бел баласы Кәкітай Санкт-Петербург қаласынан жинақ
етіп басып шығарғаны бізге мәлім. Бұл жинақтың өзі 1905, 1907 жылдардағы
Мүрсейіт қолжазбаларын негізге алған. Кейінгі зерттеушілер 1945 жылғы
басылып шыққан жинақта Абайдың 15-20 өлеңін шығарып тастаған. Белгілі
абайтанушы Қайым Мұхаметханов хәкім Абайдың өлеңдері мен шығармаларын
зерттеуде қыруар еңбек сіңірген ғалым екенін айта кету парыз. Қайым ағаның
«Абайдың ақын шәкірттері» атты еңбегінің өзі баға жетпес құнды еңбек. Абай
шығармашылығын зерттеу Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны»
мақаласымен басталып бүгінгі күнге дейін әлі де жалғасып келеді, және де
жалғаса бермек. Осындай мақсатта біз де Абайдың «Көзімнің қарасы» атты
өлеңін нысанаға алып, зерттеу жүргізіп көрдік. Бұл өлең 1881 жылы жазылған.
Зерттеу барысында біз Абайдың 2002 жылы Атамұра баспасынан шыққан
«Қалың елім, қазағым ......» атты толықтырылып шығарылған нұсқасыны негізгі
нұсқа ретінде қарастырдық. 2002 жылғы басылым нұсқасындағы «Көзімнің
қарасы» атты өлең 31 шумақтан тұрса, 1968 жылғы басылым нұсқасында
аталған өлең 19 шумақты құрайды ал, 1986 жылғы басылым нұсқасы 22
шумақтан тұрады. Аталған нұсқаларды негізгі нұсқамен салыстырып біршама
айырмашылықтарды аңғардық. Ерте кезде басылып шыққан басылым
нұсқаларында кейбір шумақтар белгісіз себептермен жинаққа енбей қалған. Біз
осы жерлерін де анықтап көрсете кетуді жөн көрдік. Бұл зерттеу
жұмысымыздың негізгі мақсаты Абайдың «Көзімнің қарасы» атты өлеңіне
талдау жасау және түпнұсқаға жақын нұсқасын анықтау.
Көзімнің қарасы
2002 жылғы басылым нұсқасы:
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде
Ғашықтың жарасы.
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2. 2013
101
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
Бар демес сендей бір
Адамның баласы [11,115].
2002 жылғы басылым нұсқасы:
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын [11,115].
1968 жылғы басылым нұсқасы:
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын [12,160].
1986 жылғы басылым нұсқасы:
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде
Қалқаға сөз дайын [13,135].
Байқап отырсақ, 2002 жылғы басылым нұсқасы мен 1968 жылғы басылым
нұсқасында қалқама - деп берілсе, 1986 жылғы басылым нұсқасында қалқаға
деп берілген. Бір ғана әріп өзгерген, соның өзі өлеңнің ішкі мағынасына әсер
етіп тұрғанын байқау қиын емес. Қалқама – сөзі нақты бір адамға айтылған сөз
деп ұғу керек сияқты. Ал, қалқаға - деген сөздегі ойы нақты емес күңірттеу
берілген. Ой ашық айтылмай астарлап айтылғандай әсер береді.
Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Терең деп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың.
2002 жылғы және 1986 жылғы басылым нұсқасында:
Сан кісі мұңайсын,
Сабырман шыдайсың.
Күйемін, жанамын,
Еш рақым қылмайсың [11,115] – деп, берілсе, 1968 жылы нұсқада Сен кісі
мұңайсын [12,161], деп берілген. Бұл жердегі а –дыбысы мен е – дыбысының
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2.
2013
102
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций
ауысып келуіне байланысты сөздің мағынасы өзгеріп тұрғаны көрініп тұр.
Сондықтан біздің пайымдауымызша бұл жердегі ( Сен кісі мұңайсын) - сөзі
орынды қолданылып айтылмақ ойдан алшақтамаған. Демек, 1968 жылы
нұсқадағы Сен кісі мұңайсын – сөз тіркесі дұрыс қолданылған. Айтылған ой бір
адамға бағытталып тұр. Салыстырып отырған 1968 жылы басылым нұсқасында
басқа нұсқаларға қарағанда осы жерде белгісіз себептермен 2 шумақ өлең
жолдары енбей қалған. Анықтап айтатын болсақ, 7, 8 – шумақтар. Ал, ары
қарай 2002 жылы және 1986 жылы басылым нұсқасымен үндесіп өз жалғасын
тапқан.
Сен кісі мұңайсын,
Сабырмен шыдайсың.
Күйемін, жанамын,
Еш рақым қылмайсың
Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Жүректе оты жоқ
Адамда ми болмас [12,161].
2002 жылғы басылым нұсқасының 9- шумағында ғашық – сөзі
қолданылса, 1968 жылғы басылым нұсқасында асық – сөзі қолданылған. ХІХ
ғасыр мен ХХ ғасырдың басында шыққан әдеби мұралардың көпшілігінде
ғашық - сөзінің орнына асық – сөзі жиі қолданылған. Бұл жердегі асық сөзі
ғашық сөзінің синонимі, баламасы екені анық. Асық – сөзін Абайдың ізбасары,
талантты шәкірті, дала ойшылы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Нартайлақ
пен Айсұлу» поэмасынан да кездестіруге болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін,
«Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасынан үзінді келтіре кетуді дұрыс көрдік.
2003 жылғы басылым нұсқасында:
Әрине, осы сөзден екі ай бұрын,
Ұқтыңыз Нартайлақтың кеткен түрін.
Самсы мен Барғанаға қор қылам деп,
Әкетпек балдызы мен асық нұрын [14, 221].
Сондықтан, 2002 жылғы басылым нұсқасындағы ғашық - сөзіне қарағанда
1986 жылғы нұсқада қолданылған асық – сөзі дұрыс қолданылған деп айтуға
негіз бар. Ал, 1968 жылғы басылым нұсқасына келер болсақ онда да осы ғашық
сөзі қолданылған.
Шын ғашық сый болмас [12,136],
Сый болса, сыр болмас.
Арызымды айтайын,
Құй болар, қой болмас.
2002 жылғы және 1986 жылғы басылым нұсқаларымен салыстырғанда
1968 жылғы басылым нұсқасында 18- шумақ кездеспейді.
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2. 2013
103
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций.
Нақтырақ айтсақ: Көрік –тәңірі дәулеті [12,161] деп, басталатын бір
шумақ өлең жолдары 1968 жылғы жинаққа енбей қалған.
Не десем саған еп ?
Ғашығың да қайғы жеп.
Өртенген жүрекке
Бір көрген болар сеп.
Біздердей ғашық көп,
Қайсысы саған дөп ?
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп.
Назына кім шыдар ?
Бұраңдап жүр шығар.
Қасқая күлгені
Қылады тым құмар.
Ер емес қымсынар,
Әркім – ақ ұмсынар.
Құдай-ау, бұл көңілім
Күн бар ма бір тынар ?
1968 жылғы шыққан жинақ «Ер емес қымсынар» –деп, келетін шумақпен
аяқталып 20-шумақ өлең жолын құраса, 1986 жылғы басылым нұсқасы да осы
шумақпен аяқталып 22 шумақ өлең жолын құрайды. Ал біздің негізге алып
салыстырып отырған өлең шумақтары 31 шумақтан тұрады. Демек, 9 шумақ
өлең жолдары кейінгі зерттеулердің жетістігі деп білуіміз керек. 2002 жылғы
жинақта өлең өрнегі былайша ұтымды өз жалғасын тапқан.
Мұндай елден бойың тарт,
Мен қажыдым, сен қажы!
Айтып-айтып өтті қарт,
Көнбеді жұрт, не ылажы? [11,119]
Ойымызды қорыта келе айтпағымыз біз салыстырып өткен 1968 ж, 1986
ж және 2002 жылғы басылып шыққан өлең нұсқалары бірін – бірі толықтырып
отыратын нұсқалар. Өлең шумақтарында кездескен екі түрлі ерекшелікке біз өз
ойымызша түсінік беруге тырыстық. Оның бірі 2002 жылғы және 1986 жылғы
басылым нұсқасында (Қалқама сөз дайын) деп берілген сөз тіркесі біздің
пайымдауымызша дұрыс қолданылған. Сөз тіркесі ойға қонымды және де
сөздің мағынасы айтылмақ ойдан алшақтамаған. Ал, 1968 жылғы басылым
нұсқасында берілген (Қалқаға сөз дайын) сөз тіркесінің мағынасы күңгірттеу
берілген. Ал келесі бір ерекшелік 2002 жылғы және 1986 жылғы басылым
нұсқасында (Сан кісі мұңайсын) –деп, сөз мағынасы көпше түрде қолданылып
тұрса, 1968 жылғы басылым нұсқада (Сен кісі мұңайсын) деп келетін –деп,
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2.
2013
104
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций
қолданылған сөз тіркесінде айтылмақ ой анық, нақты бір адамға бағытталып
тұр. Және де айтылмақ ой, өлеңнің негізгі мазмұнынан алшақтамаған.
Біздің ойымызша, 2002 жылғы және 1986 жылғы басылым нұсқасына
қарағанда 1968 жылғы басылым нұсқасы алғашқы нұсқалардың бірі болуы
мүмкін деген тұжырым жасауға болады. Әрине, аталмыш нұсақа да
кемшіліктерден ада емес. Алайда, 1968 жылғы басылым нұсқасы өлең жолдары
ақынның сөз саптауы, оның өмір сүрген дәуіріндегі сөз қолданыстарына жақын.
Бұдан шығатын қорытынды ақынның осы «Көзімнің қарасы» атты өлеңі әлі де
болса зерттеуді қажет етеді деген білдіреді.
ӘДЕБИЕТ
1.
Томашевский Б.В. Писатель и книга. Москва: Искусство, 1959. - С.
207-330.
2.
Жансүгіров І. Абай кітабы. Алғаш текстологиялық үлгіде Абай
шығармаларының зерттелуі. // Тілші. 08. 06. 1994.
3.
Мырзахметов М. М.Әуезов және Абай шығармаларының
текстологиясы. Алматы: Қазақстан, 1997.- 39 б.
4.
Омаров А. Егемен Қазақстан. Абайтанушы. №104. 2013. 11 сәуір
5.
Жармұхамедов М. Айтыс өлеңдерінің текстологиясы. Кітапта: Қазақ
әдебиеті тарихы мәселелері. Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының
баспасы, 1976.- 149
6. Бердібаев Ғ. Дербісәлин Ә. Нұрмағамбетова О. Қазақ фольклоры мен
әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. Алматы: Қазақ ССР
Ғылым Академиясының баспасы, 1983. -263 б.
7.
Лихачев Д. Текстология на материале русской литературы Х-ХVІІІ
вв. 2 - ое изд. Лениград: Наука, 1983. – 639 с.
8. Қасқабасов. С. А. Қазақ ертегілерінің текстологиясы туралы. Қаз. ССР
Ғылым академиясының хабаршысы. 1976. № 2 - 51 б.
9.
Саламатова А. Абай мұрасының текстологиялық тұрғыдан
зерттелуіндегі жалғастық. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002. № 11. – Б. 92-95.
10. Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.
Алматы: Жазушы, 1959. - 125 б.
11. Абай. «Қалың елім, қазағым ......». Өлеңдер. – Алматы: Атамұра,
2002. – 224 бет.
12. Абай Құнанбаев Шығармалары екі томдық. І том. Жазушы баспасы
Алматы -1968. – 319 бет.
13. Абай Құнанбаев Шығармалары жинағы екі томдық. І том. Өлеңдер
мен поэмалар. Жазушы баспасы. Алматы -1986. – 301. Көзімнің қарасы.
14. Қазақ айнасы. Шәкәрім өлеңдері мен поэмалары. (Жолсыз жаза).
Алматы: Жалын, 1988. -248 бет.
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2. 2013
105
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций.
МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ – CONTENTS
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И ПРАКТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ И ЛИКВИДАЦИИ ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЙ
Приветственное слово Министра по чрезвычайным ситуациям Республики
Казахстан В.К. БОЖКО, посвященное 15-ому юбилейному выпуску курсантов
Кокшетауского технического института
3
Раимбеков К.Ж. – 15-й юбилейный выпуск как веха на пути становления и развития
Кокшетауского технического института
4
Досмагамбетов Ж.О., Ильюшонок А.В. – Селевые явления на территории
Республики Казахстан на современном этапе
7
Шарипханов С.Д., Кусаинов А.Б. - Единый банк данных гидротехнических
сооружений
10
Испулатова А.С. - Алгоритм сбора информация о пострадавших при чрезвычайных
ситуациях различного характера
13
А.Н. Крутолевич, Д.А. Бурминский - Восприятие работниками экстремальных
служб поддержки со стороны организации
15
С.Т. Нұрғалиева – Қазақстан Республикасында экологиялық білімнің және
тәрбиенің басты міндеттері
20
Тимеев Е.А., Кусаинов А.Б. – Правовые проблемы организации защиты населения от
чрезвычайных ситуаций
23
ОБЕСПЕЧЕНИЕ ПОЖАРНОЙ И ПРОМЫШЛЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ
Баймаганбетов Р.С. - Экологическая обстановка на пожарах, влияющая на здоровье
пожарных
26
Паснак И.В. - Повышение эффективности ликвидации пожаров на промышленных
предприятиях путем использования мобильных пожарно-спасательных модулей
30
Рахимжанов Д.Б. – Исследование процессов теплообмена и распространения тепла
в угле и вмещающих породах
37
Тимеев Е.А., Карменов К.К. – К вопросу совершенствования организации и
управления деятельности ГПС при осуществлении пожарной профилактики
42
Шапкенов Б.К., Кайдар А.Б., Шонтаева Г.Е. – Микропроцессорный
экспериментальный комплекс по защите элементов системы электроснабжения
45
ПРОБЛЕМЫ ОБУЧЕНИЯ
Голякова И.В., Карпиевич В.А., Комкова Е.И., Кулик А.Н., Гетман Р.А. –
Психолого-педагогические аспекты обучения населения взаимодействию с
диспетчерами аварийно-спасательных служб в чрезвычайных ситуациях
52
Голякова И.В., Комкова Е.И., Кулик А.Н. – Психолого-педагогические основы
формирования культуры безопасности жизнедеятельности
59
Даренская А.А. – Интерактивные технологии. Формы, приемы, методы
65
Исин Б.М. – ҚР ТЖМ КТИ 1-курс курсанттарының дене шынықтыру дайындығы мәселесі
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2.
2013
106
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций
жайлы
72
Қ.Ә.Нарбаев – Ағылшын тілі грамматикасын үйренудегі кейбір қиындықтар
74
Ожерельева О.А. – Психологические аспекты в ведомственном учебном заведении
80
Рахметулин Б.Ж.
–
Методика преподавания дисциплин пожарно-
профилактического профиля
84
Шарипханов С.Д., Баймаганбетов Р.С. – Профессионально-психологическая
подготовка к деятельности в экстремальных ситуациях курсантов КТИ, сотрудников
ОГПС МЧС Республики Казахстан
88
Д.Қ. Шаяхимов – Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңінің текстологиясы
91
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2. 2013
107
Теоретические и практические аспекты предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций.
Научный журнал
Вестник Кокшетауского технического института
МЧС Республики Казахстан №2(10), 2013
Редакция журнала:
Кусаинов А.Б., Корпибаева Ж.С.
Формат А4. Бумага офсетная.
Тираж 300 экз.
Отпечатано в АО «Кокше-Полиграфия»
г.Кокшетау, тел,: 25-62-12
Кокшетауский технический институт МЧС РК
020000, Кокшетау, ул. Акана сері, 136
Вестник Кокшетауского технического института МЧС Республики Казахстан. № 2.
2013
108
Достарыңызбен бөлісу: |