Конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік


Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата02.03.2017
өлшемі94,56 Kb.
#5121
түріКонкурс
1   2   3

2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      10. Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

      1) бiрiншi кезең – мектепішілік, орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарында өткізіледі;

      2) екiншi кезең – облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдары,

республикалық білім беру ұйымдары мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру

ұйымдары мәртебесi жағынан облыстық кезеңдермен теңестiрiледi);

      3) үшiншi кезең – iрiктеу кезеңi екі турда өтедi. Бірінші тур – бейiндiк пәндер бойынша

тестiлеу, екінші тур – жобаны алдын ала сараптау;

      4) төртiншi (қорытынды) кезең – республикалық.

      11. Ғылыми конкурстың бірінші кезеңiн өткiзу мерзiмi облыстық, Астана және Алматы қалалары

бiлiм басқармаларының бұйрықтарымен белгiленедi, сондай-ақ Ғылыми конкурстың екінші, үшінші,

төртінші кезеңдерi Министрліктің бұйрығымен белгiленген мерзімде өткізіледі. Ғылыми конкурс Осы

қағидаға 

 сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар

2-қосымшаға

конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.

      12. Ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми

жетекшiлерінiң ұсынуымен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

      Зерттеу жұмысын екi оқушыдан артық орындауға болмайды.

      13. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн

және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.

      Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында

(бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) тиісті жылдағы 20 қыркүйектен кешiкпей тiркелуi тиіс.

      14. Ғылыми конкустың үшінші (іріктеу) кезеңiне қатысуға үміткерлер ретінде облыстық,

Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДБҰ-ның, «Дарын» РҒПО-ның «Жас ғалым» республикалық

мектебiнiң жүлдегерлері әр секция бойынша бiр жобамен қатыса алады.

      15. Сараптамалық комиссия осы Қағидада мазмұндалған талаптарға сәйкес iрiктеу кезеңiн

ұсынылған зерттеу жұмыстарын әр секция бойынша Ғылыми конкурстың төртінші кезеңiнiң

қатысушыларын анықтайды.



      16. Үшінші кезең екi турда өткiзiледi:

      бірінші тур - бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу. Екінші кезеңнiң қорытындылары

хабарланғаннан соң, осы Қағидаға 2-қосымша негізінде тиісті сыныбы мен секциясына сәйкес осы

пәнді тереңдетiп оқыту бағдарламасы бойынша бейiндiк пәннен тестiлеу өткізіледi.

      Әдiстемелiк кеңес дайындаған тестер орындауға 2 астрономиялық сағат берiлетiн 60 сұрақты

(120 балл) қамтиды.

      Алдын ала сараптауға тестiлеудiң жалпы ұпай санынан 50%-дан төмен емес ұпай жинаған

авторлардың зерттеу жұмыстары ғана жiберiледi. Iрiктеу кезеңiн қорытындылауда тестiлеуде алған

ұпайлары қосылмайды.

      Командалық жұмыстар үшiн өту балы жұмыстың авторлары жинаған балдардың орташа

арифметикалық саны болып табылады.

      Екінші тур – iрiктеу кезеңi бойынша сараптама комиссиясының жұмыстарды алдын ала

сараптамадан өткізуі.

      Iрiктеу кезеңiнiң қорытындылары бойынша әр секция бойынша 36 жобаға дейін алынады.

      17. Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн Министрлiк бекiтедi және бекiтiлгеннен кейін

үш күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ, «НЗМ» ДБҰ-ның

назарына жеткiзіледi.

      Iрiктеу кезеңiнiң қорытындылары бойынша апелляция Ғылыми конкурстың тиісті кезеңі

аяқталған соң 1 күн ішінде өткiзiледi.

      18. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағиданың 6-тарауының талаптарына

сәйкес ресімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезiнде авторға (бiрiккен авторларға)

баяндама үшiн 10-15 минут берiледi.

      Ғылыми конкурстың қорытындысы жұмыстардың алдын ала сараптауда алынған балдарын есепке ала

отырып шығарылады.

      Республикалық кезеңнен кейiн апелляция Ғылыми конкурстың нәтижелері хабарланған соң 3

сағат ішінде жүргiзiледi.



3. Қорытынды ереже

      19. Мектепішілік, аудандық және облыстық (қалалық) Ғылыми конкурстың жүлдегерлерi бiлiм

беру саласындағы жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың дипломдарымен, грамоталарымен және

жүлделерімен марапатталады.

      20. Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр секция бойынша әр жоба бойынша Ғылыми

конкурстың республикалық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.

      Ғылыми конкурстың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелi дипломдармен

марапатталады. Ғылыми конкурстың әр кезеңінің I, II және III дәрежелi дипломдар саны келесідей

үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелi

дипломдармен -30%-ы, I дәрежелi дипломдармен 20%-ы марапатталады.

      21. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес

бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

Жалпы білім беретін пәндер   

бойынша республикалық ғылыми  

жоба конкурстарын ұйымдастыру 

және өткiзу қағидасына    

1-қосымша          

«Қазақстан-2030» стратегиясын iске асыруда республиканың

экономикалық және әлеуметтiк-мәдени дамуының модельдерi» атты

республикалық жарыстарға ұсынылатын оқушылардың зерттеу жұмыстарын бағалау өлшемдері


Бағаланатын өлшем

Мүмкiн бағалар

Бағалау негiздемесi

1. Шығармашылық

қабiлеттiлiгі

Жеке жұмыс үшiн

30 балл,

командалық жұмыс

үшiн 25 балл

Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудiң жаңа

ғылыми тәсiлiн жасауда шығармашылық қабiлеттiлiк

танытса, жеке жұмыс үшiн 25-30, командалық жұмыс

үшiн 20-25 балл қойылады.

Егер автор(лар) мәлiметтердi талдаудың жаңа

қондырғылар жасау немесе жаңа тәсiлiн қолдануда

шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн

20-25, командалық жұмыс үшiн 15-20 балл қойылады.

Егер автор(лар) мәлiметтердi өзiнше түсiндiруде

шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн

10-20, командалық жұмыс үшiн 10-15 балл қойылады.

Егер жоба реферативтi сипатта болса, 10 балға дейiн

қойылады.

2. Ғылыми ойлау

Жеке жұмыс үшiн

30 балл,

командалық жұмыс

үшiн 25 балл

Жекелеген өлшемдердің әрбiрі жеке зерттеу жұмысы

үшін 3 балл және командалық зерттеу жұмысы үшiн 2,5

балл көлемiнде бағаланады.

Ғылыми жоба үшiн:

1) қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын

және нақты ұсынылған;

2) жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкiндiгi мол

болуы үшiн шешетiн міндет қаншалықты айқын

көрсетiлген;

3) міндетті шешудiң нақты жоспары бар ма;

4) міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған

ба;

5) автор нәтижелердi кезең-кезеңімен тексерудің



қажеттiлiгiн (егер ол қажет болса) көре алды ма және

оны дұрыс қолданды ма;

6) қорытындыны нақтылау үшiн мәлiметтер сәйкес

таңдалған ба;

7) автор(лар) мәлiметтердiң қорытынды үшiн

шектеулілігін мойындай ма;

8) автордың (команда) мәселенi шешуге кепiлдiк

беретiн зерттеудiң келесi кезеңi турасында идеясы

бар ма;

9) автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана



көпшiлiк әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме.

техникалық жоба үшiн:

1) жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;

2) жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма;

3) нәтиже өмiрде iске аса ма;

4) үнемдi орындалған ба;

5) әлеуетті тұтынушыға тиiмдi ме;

6) нәтиже түпкiлiктi қойылған мәселенi шешуде

жетiстiкпен қолданыла ма;

7) техникалық шешiмнің шын мәнiнде алдыңғы белгілі

нұсқаларымен салыстырғанда елеулi артықшылығы бар

ма;


8) нәтиже нақты жағдайда тексерiлген бе;

9) зерттеудiң келесi кезеңiне байланысты мәселенi

шешуге кепiлдiк беретiн автордың (команданың) идеясы

бар ма;


10) автор(лар) ғылыми, әдебиеттерден немесе тек қана

көпшiлiк әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме.

3.Қолданылған

зерттеу әдiстерiнiң

тиiмдiлiгi

Жеке жұмыс үшiн

15 балл,

командалық жұмыс

үшiн 12 балл

Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында

бiлiмнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға

мүмкiндiк беретiн қазiргi тиiмдi қондырғыларды

немесе қазiргi теориялық әдiстердi пайдаланса, жеке

жұмыс үшiн 10-15 балл, командалық жұмыс үшiн 10-12

балл қойылады. Егер зерттеудiң бұрынғы (ескірген)

әдiстерiн пайдаланып, бiрақ жаңа нәтиже шығарылса

жеке жұмыс үшін 5-10 балл, командалық жұмыс үшін

5-10 балл қойылады. Егер жұмыс реферативтi сипатта

болса, 5 ұпайға дейiн қойылады.

4. Тақырыпты ашу

дәрежесi (жете

ашуы)


Жеке жұмыс үшiн

15 балл,


командалық жұмыс

үшiн 12 балл

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша

бағалар негiзiнде қойылады:

1) жұмыс жоспарланған деңгейге дейiн жеткiзiлген бе;

2) шешілетін проблема қаншалықты толық қамтылған;

3) қорытынды жекелеген тәжірибеге негiзделген бе,

әлде қайталанған ба;

4) материал жобада қаншалықты айқын және нақты

берiлген;

5) автор(лар) мәселенi шешудiң басқа тәсiлдерiн бiле

ме;


6) автор(лар) зерттелiп отырған проблема бойынша

ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс.

Әрбір өлшем бойынша жеке жоба үшін ең көбі 2,5 балға

дейін, командалық жұмыс үшін ең көбі 2 балл қойылуы

мүмкін.

5. Шешендiк



шеберлігі,

ұсынылатын

материалдың сапасы,

айқындылығы

Жеке жұмыс үшiн

10 балл,


командалық жұмыс

үшiн 10 балл

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша

бағаларды ескере отырып қойылады:

1) автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын және

ұтымды баяндай алады (3 балл);

2) баяндамада жоба материалы қандай дәрежеде толық

баяндалған (2 балл);

3) жобаның негiзгi жерлерiн қаншалықты баса көрсете

алған (1 балл);

4) жобада қолданылған тәжірибелік мәлiметтер

қаншалықты нақты және айқын ұсынылған (1 балл);

5) жоба нәтижелерi қаншалықты айқын және нақты

көрсетiлген (1 балл);

6) жоба нәтижелерiн стенд қаншалықты жақсы

ұғындырады (2 балл).

6. Команда

мүшелерiнiң

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша

бағалар негiзiнде қойылады:

1) жалпы жұмыста әр қатысушының мiндеттерi

қаншалықты айқын және нақты белгiленген (4 балл);

2) команданың әр мүшесi команданың барлық жұмысымен

қаншалықты таныс (3 балл);



үйлестiру деңгейi

(тек командалық

жұмыстар үшін)

Барлығы 16 балл

3) аяқталған жұмыс команда мүшелерiнiң күш-жiгер

үйлесiмдiгiн қаншалықты көрсеттi (3 балл);

4) команданың әр мүшесi жұмыс материалын қаншалықты

жақсы баяндайды (3 балл);

5) берiлген жобаны командамен орындау қаншалықты

қажет болды (3 балл) немесе бұл нәтижелердi жекелей

алуға болатын ба едi (0 балл).

      (Әрбір өлшем үшін қойылатын барынша көп балдар көрсетілген)

      БАРЛЫҒЫ: 100 балл

Жалпы білім беретін пәндер   

бойынша республикалық ғылыми  

жоба конкурстарын ұйымдастыру 

және өткiзу қағидасына    

2-қосымша          



Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми

жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі

Бағыты                                      Пәні

1. Физика                                   Физика

2. Техника                                  Физика

3. Жер және ғарыш туралы ғылымдар           Физика

4. Математика                               Математика

5. Қолданбалы математика                    Математика

6. Информатика                              Математика

7. Экономика                                Математика

8. Биология                                 Биология

9. Химия                                    Химия

10. Қоршаған ортаны қорғау және

адам денсаулығын сақтау                     Биология

11. Тарих                                   Дүниежүзі тарихы

                                            және Қазақстан тарихы

12. Құқықтану                               Дүниежүзі тарихы және

                                            құқықтану негіздері

13. Өлкетану                                География және Қазақстан

                                            тарихы

14. Әдебиет                                 Қазақ әдебиеті және орыс

                                            әдебиеті

15. Этномәдениеттану                        Дүниежүзі тарихы және

                                            Қазақстан тарихы

16. Тіл білімі                              Қазақ тілі немесе орыс

                                            тілі

Жалпы білім беретін пәндер   

бойынша республикалық ғылыми  


жоба конкурстарын ұйымдастыру 

және өткiзу қағидасына    

4-қосымша          

Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру

және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары

(бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 

 сәйкес әзірленді және

Заңына

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру



ұйымдары) студенттері арасында орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізуді ұйымдастыру

тәртібін белгілейді.

      2. Орындаушылардың республикалық конкурстарын (бұдан әрі – конкурстар) Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының студенттері (бұдан әрі –

қатысушы) арасында білім алушылардың кәсіби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды

анықтау, олардың шығармашылық өсіруі және Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау мақсатында

өткізеді.

      3. Конкурстардың негізгі міндеттері оқушы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру мен дамыту, орындаушыларды оқытудың

жаңа тиімді әдістемелерін іріктеу және енгізу, білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің

шығармашылық қызметін ынталандыру болып табылады.

      4. Конкурстар «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Ән салу», «Музыка

теориясы» мамандықтары бойынша осы Қағидаға 

 сәйкес мамандану бағыттары кезегімен

1-қосымшаға

ауысып өткізіледі.

      5. Конкурстарға қатысуға орындайтын конкурстық бағдарлама дайындаған және білім беру ұйымы

педагогикалық кеңесінің ұсынымын алған қатысушылар жіберіледі.

      6. Білім беру ұйымы конкурстарға қатысуға әрбір номинация бойынша 2-ден көп емес қатысушы

ұсынады.


      7. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға қатысуға өзге де музыкалық

мамандықтардың студенттері жіберіледі.

      8. Ұйым қатысушыларды алып жүру үшін концертмейстерді және бір оқытушыны анықтайды және

жолдайды.

      9. Конкурстарға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

ұйымдастыру комитеті көрсеткен мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған түрде ғана осы

Қағиданың 

 сәйкес нысан бойынша қабылданады.

2-қосымшасына

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) туу туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке куәліктің көшірмесі);

      2) 10х15 см көлеміндегі бір фотосурет;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық

кеңесінің ұсынымы;

      4) конкурсқа қатысушылардың турлар бойынша бағдарламасы.

      10. Конкурстардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      11. Ұйымдастыру комитеті конкурстың өткізілетін орнын айқындайды, конкурс материалдарын

дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне бекітуге ұсынады.

      12. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстың өнер көрсетулерін бағалайды, конкурстық

тапсырмалар аяқталған соң нәтижелерді хабарлайды. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады

және қайта қаралмайды.

      13. Конкурстық комиссияның шешімі ашық түрде қарапайым дауыс беру арқылы конкурстық

комиссия құрамының 3/2 қатысқан кезде қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның

дауысы шешуші дауыс болып табылады.


      14. Қазылар алқасының мүшесі қазіргі уақытта өзі оқытып жүрген қатысушылардың

кандидатурасы бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда,

төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.

      15. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне баға береді, оларға бірінші,

екінші және үшінші орын береді, оларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

2. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      16. Қатысушылар орындайтын музыкалық шығармаларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Конкурс бағдарламасы жасалады, Конкурс бағдарламаға сәйкес

өтеді. Қатысушылардың өнер көрсету кезегі ұйымдастыру комитеті 1-турдың алдында өткізетін жеребе

бойынша анықталады және конкурс аяқталғанша сақталады.

      17. «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Ән салу» мамандықтары бойынша

Конкурстың әрбір туры мына көрсеткіштер бойынша 25 балдық жүйемен бағаланады:

      музыкалық дарындылықтың айқындылығы - 5 балл;

      орындау техникасы (тазалығы, сауаттылығы, айшықталуы) - 5 балл;

      шығарманы стильдік айшықтау - 5 балл;

      әртістігі - 5 балл;

      жеке-даралығы - 5 балл.

      Екінші турға жиынтығында кемінде 18 балл алған қатысушылар жіберіледі.

      Үшінші турға әрбір аспап (дауыс) бойынша жиынтығында кемінде 21 балл алған қатысушылар

жіберіледі.

      18. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларды өзгертуге жол берілмейді. Барлық шығармалар жатқа

орындалады. Әрбір шығарма бір рет қана орындалады.

      19. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстар нысандары мен мазмұны әртүрлі 3 турда

өткізіледі:

      1) сольфеджио және гармония мамандандыруы бойынша конкурс:

      2 тапсырмадан тұрады, біреуі - сольфеджиодан, екіншісі - гармониядан.

      Қатысушылар соңына дейін барлық турларға қатысады:

      1 тур - жазбаша жұмыс;

      2 тур - ауызша жауап;

      3 тур - есту бойынша талдау және орындау.

      Әрбір тапсырма 10 балдық бағалау жүйесі бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:

      Бірінші тур екі бөлімге бөлінеді:

      сольфеджиодан диктант;

      гармониядан есеп.

      Сольфеджиодан диктант мына параметрлерден тұрады:

      диктантты сауатты әрі дұрыс жазу;

      жазу уақыты.

      Диктантты жатқа сақтағаны бойынша қайталаған қатысушы қосымша балл алады.

      Гармониядан есептер шығару мына көрсеткіштермен бағаланады:

      функционалды сауаттылық;

      қызықты фонизм;

      мүлтіксіз дауыс меңгеру.

      Есепті 2 нұсқада шешкен қатысушы қосымша балл алады.

      Екінші тур - парақтан оқу және секвенциядан тұрады.

      Парақтан оқу мына параметрлермен белгіленеді:

      мелодияны сауатты орындау;

      мәнерліп ән салу.

      Өзін-өзі сүйемелдеген қатысушы қосымша балл алады.

      Секвенция мына параметрлермен анықталады:

      сауатты орындау;

      адым мен бағытты таңдау;



      музыкалық сезімталдығы.

      Ұсынылған 2 секвенцияның екіншісін орындаған қатысушы қосымша балл алады.

      Үшінші тур екі бөлімнен тұрады: есту арқылы талдау және периодты ойнау.

      Есту арқылы талдау мына параметрлермен бағаланады:

      тональдық жоспарын есту арқылы анықтау;

      музыкалық материалдың такт бойынша аккордтық мазмұнын анықтау.

      Жатқа (алдын ала жазусыз) есту бойынша, талдау жасаған қатысушы қосымша балл алады.

      Ойнау кезеңі мына көрсеткіштермен бағаланады:

      Ойластырылған аккордтан тыс дыбыстарды қолдана отырып, дауыстың сауатты меңгерілуі (алдын

ала берілген басталуы мен тональдық жоспар бойынша периодты ойнау - ең жоғары балл - 5;

берілген тоналдық жоспар бойынша өздігінен периодты бастап ойнау - 4; алдын ала дайындалған

периодты ойнау - 3);

      Стильдік біркелкілік. Периодтың жанрлық өңдеуін жасаған қатысушы қосымша балл алады.

      2) «Музыкалық әдебиет» мамандандыруы бойынша конкурс 3 турдан тұрады:

      концертке кіріспе сөз;

      викторина;

      коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау.

      Бірінші тур «Концертке кіріспе сөз» екі бөлімнен тұрады:

      концертке кіріспе сөзді жазба ресімдеу (90 мин.);

      қатысушылардың ауызша сөйлеуі (5-7 мин.).

      Бірінші турдың бөлімдері 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      Концертке кіріспе сөзді жазбаша ресімдеу мына көрсеткіштермен бағаланады:

      баяндаудың толықтығы;

      баяндаудың логикасы;

      баяндаудың стилі.

      Ауызша сөйлеу мына көрсеткіштермен бағаланады:

      сөйлеу мәдениеті;

      сөйлеу техникасы;

      әртістігі.

      Екінші тур «Викторина» 20 нөмірден тұрады. Бір нөмірді тыңдау уақыты - 1 минут, нөмірді

ресімдеу - 1 минут.

      Екінші тур 20 балдық жүйе бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:

      табылған нөмірлерінің саны;

      жауаптың толықтығы (композитор, шығарма, әрекет, бөлім, тональдығы).

      Үшінші тур «Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау» екі бөлімнен тұрады:

      коллоквиум (әңгіме түрінде 10 сұраққа ауызша жауап беру);

      музыкалық тақырыптарды орындау. Тізімде кемінде 100 нөмір болуы керек.

      Қатысушы 10 тақырыпты орындауы керек.

      Үшінші турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      Коллоквиум мына көрсеткіштермен өлшенеді:

      материалды толық білуі;

      сөйлеу мәдениеті.

      Музыкалық тақырыптарды орындау мынадай көрсеткіштермен бағаланады:

      орындау сапасы (орындаудың дұрыстығы, сауаттылығы);

      орындаудың музыкалық сезімталдығы.

      «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар бойынша ең жоғарғы балдың

қосындысы 60-қа тең.

3. Конкурстардың қорытындыларын шығару

      20. «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға тиісті балл

жинағанда мынадай орындар беріледі:

      1 - орын және лауреат атағы - кемінде 24-25 балл;



      2 - орын және лауреат атағы - кемінде 22-23 балл;

      3 - орын және лауреат атағы - кемінде 20-21 балл.

      Кемінде 18 балл алған конкурстарға қатысушыларға дипломант атағы беріледі.

      21. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға мына орындар беріледі:

      1-орын және лауреат атағы - кемінде 57-60 балл;

      2-орын және лауреат атағы - кемінде 54-56 балл;

      3-орын және лауреат атағы - кемінде 51-53 балл.

      Дипломант атағы 48-50 балл жинаған қатысушыларға беріледі.

      22. Барлық лауреаттар өз қалауларымен конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті

ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.

Орындаушылардың республикалық

конкурстарын ұйымдастыру және

өткізу қағидаларына 1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет