Алтыншы тарау



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#5428
1   2   3   4   5

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

Ел берлігі - асыл қасиет

Қазақ


халқының

ынтымағы

мен

бірлігі


болмайынша,

мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

Қазақтың бəрі де бір-біріне ағайын.

Ел бірлігі — ең асыл қасиет.

Бірлік,  ынтымақ,  сабырлылық  пен  парасаттылық,  ең  алдымен,

өзімізге қазақтарға керек.

Бірлік — біздің қасиетті туымыз.

Үдеудің сыры — бірлікте,

Жүдеудің сыры — алауыздықта.

56


Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды.

Бізді  біріктіретін  жеке  бастың  қамы  емес,  бізді  ел  туралы  биік

үғымдар, ортақ мүдделер ғана біріктіре алады.

Көршілік қақысы мүдделерді біріктірмей қоймайды.

Бақ  та,  тақ  та  таласқанға  бұйырмайды,  халықтық  істе  жарасқанға

бүйырады.

Біздің бабаларымыз тірі болуы үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір

болуымыз керек.

Ортақ  мүдде  ортақ  жетістіктерге  жігерлендіруі  тиіс.  Бүгінде

Орталық  Азияда  қоян-қолтық  жатқан  бауырлас  елдердің  бəрінің  мүддесі

біреу — ғасырлап күтіп, əзер қолы жеткен азаттықтан айрылып қалмау. Ол

үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығындай сақтай

білу керек.

Тек  бірлесіп  қана,  бүкіл  халықтың  күш-жігерін  біріктіріп  қана  біз

алға баса аламыз.

Бірлігі  берекелі,  тірлігі  мерекелі,  ынтымағы  жарасқан  елдің  ғана

ырысы мен табысы мол болмақ.

Білікті адам ойымен ғана жарқ етер,

Бүгінгі таңда —

Бой жарыстыратын уақыт па?

Астанадағы əр ғимарат пен əр пəтер

Бөленсе деймін бақытқа!

Тұрақтылықсыз  баршаның  бақуатты  болмасын  халқымыз  жақсы

түсінеді. Біздің халықтың кемел даналығы да осында.

Егер  де  халықтың  бірлігі  болмаса,  отансүйгіштік  жанқиярлығы

болмаса,  бұл  жерде,  қазақ  деген  халық  та,  Қазақстан  деген  тəуелсіз  ел  де

болмас еді.

Жұлдыздың жаманы айды күндейді.

Адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар

57


ең берік дəнекер — мүдде бірлігі.

Жүзге,  руға  бөлінушілік  —  қоғамды  артқа  тартатын,  ұлт

тұтастығына нұқсан келтіретін нəрсе.

Ауызбіршілік  жоқ  жерде  ешқашан  да  ұлттың  идеялар  жүзеге  асқан

емес.

Қазақты  еш  уақытта  сырттан  жау  алған  емес,  ала  алған  да  емес,



қазақ əлсіресе — алауыздықтан əлсіреген, күшейсе — бірліктен күшейген.

Елдік  тұтастыққа  жік  түсіретін,  ағайын  арасын  суытатын

қадамдардан аулақ болайық.

Қазақ өзімен-өзі тату болмай, өзгемен ешқашан тату бола алмайды.

Ұлы той көппен көрген халқың үшін,

Ешқашан адастырмас салтық, үшін.

Жаратқан!

Қазағыма ынтымак, бер,

Тұрғанда мына заман тартып ішін.

Біз Ордабасын бабаларымыздың бастамасымен баян тапқан берекелі

бірліктің кұт ұясы деп білеміз.

Атырау  мен  Алтайдың  арасындағы  алып  даланы  жайлап  жатқанда,

мемлекеттің,  реттеуші  тетіктері  іске  қосылмай  тұрған  қазірдің  өзінде,

ешқашан  да,  еш  жерде  де  қазақта  тайпа  мен  тайпа  тұрмақ,  ру  мен  ру

соғысып көрмеген!

Бабаларымыз өзгелердің төріне шығу үшін өзі де меймандарына қақ

төрінен орын беріп, кұрмет көрсеткен.

Ендігі  жерде  біз  бəріміз  бір  атаның  —  қазақ  халқының  ұлымыз.

Ендігі жерде бəріміздің туған жеріміз біреу — ол жалпак, қазақ даласы.

Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шашады.

Өз  халқын  сүйетін  адам,  өз  жұртына  жақсылық  тілеген  кісі  өзге

халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

Отбасында  екеу  келіспесе,  шаңырақ  шайңалады,  екі  басшы

келіспесе, компания күйрейді, ал ел ішінде, ұлт пен ұлыс арасында жанжал

58


шықса, мемлекет кұлайды.

Қазақстандағы  ұлтаралың  жарастықтың  негізгі  ұйытқысы  болу

міндетін  алдымен  осы  Атамекеннің  иесі  —  қазақ  халқы  өз  мойнына  алуы

керек.


Жаулықтың  ең  үлкені,  ең  қиыны  —  ынтымақ  үшін  ымыраға  бара

алмау.


Ордабасы биігінде бар қазақтың басын қосып, тірі қалу үшін ірі болу

керектігін,  ірі  болу  үшін  бір  болу  керектігін  ұрпақтан  ұрпаққа  ұқтырып

кеткен  үш  ұлы  биіміз  —  Төле  би,  Қаз  дауысты  Қазыбек  би,  Əйтеке  би  —

алдымен қазақтың бар баласының азаттықты мұрат тұтуын қамдаған.

Тайталасу  жолы  орасан  зор  сілкініске  жəне  сан  мыңдаған  адам

құрбандығына əкеліп соғады.

Дүниеде  өзара  сенім  мен  ынтымақтастың  негізінде  шешуге

болмайтын  проблемалар  жоқ  екеніне  сенімдімін.  Мұны  үғыну  үміт

ұялатып, болашаққа деген сенімді нығайтады.

Біз  келісім  саясаты  мен  парасатты  ұлттық  стратегиясыз  ешқандай

міндеттерді шеше алмаймыз.

Жаңа  қоғамға  өтудің,  қуатты  мемлекет  құрудың  негізгі  тетігі  —

саяси тұрақтылық.

Кіммен  дос  болу,  кіммен  жақындасу,  кімнен  өзіңді  алысырақ  ұстау

— ұлтты сақтаудың бір кепілі.

Егер қандай да бір ел тұрақтылықтан айрылса, онда күллі жаһандық

тыныштыққа қауіп төнгені.

Тұрақтылық  —  этникалық  əр  алуан  қоғамдарда  ұлтаралық

келісімдерге арқа сүйейді.

Тұрақтылық  —  саяси  мəселелерді  шешудің  күшке  негізделмеген

тəсілдеріне көбірек сүйенгенде ғана сақталмақ.

...бүгінгі  əлемде  жаһандық  түйіндерді  шешудің  қарапайым  жолы

жоқ.

XXI  ғасырда  төңкеріс  тек  ғылыми  білім  мен  технологиялар



саласында  ғана  мүмкін  жəне  орын  алуға  тиіс.  Өйткені  олар  саяси

тəжірибеде жəне əлеуметтік өмірде құрдымға апарады.

59


XXI ғасырда елдерді ұлы жəне қосалқы, бастаушы жəне еруші елдер

деп бөлу — өркениеттілік тұрғысында мүлде ескірген. Үстемдікке ұмтылу

инерциясы прогреске апармайды. Ол планетамыздың жекелеген елдері мен

аймақтарын  жаһандық  дамудан  шетқақпай  қалдыру  қаупін  туғызады.  Бұл

— баршамыз үшін де тығырық.

Толеранттылық болмайынша жаһандық сенім де болмайды.

Саяси  қайраткер  тек  кеңесшілерінің  айтқанына  ілесе  бермей,  өзі  де

осы заманғы қоғамдың теорияны, ұсынылып отырған реформаның барлық

егжей-тегжейін жетік білуі қажет.

Популистер саяси ұпай жинау үшін ештеңеден тайынбайды. Ең бір

қасиетті ұғымдарды да саудаға салады. Олар адамдардың үлкен уəделерге,

даңғаза  ұрандарға  оңай  иланатындықтарын  да  жақсы  біледі.  Қоғамның

небір  күрделі  мəселелерін  оп-оңай  шешіп  тастауға  уəде  береді.  Ал  ондай

жол  көбіне-көп  біреу-ақ:  өз  халқыңды  жұрттың  бəрінен  артық  халық  деп

ұғындырып, оны басқаларға қарсы айдап салу.

...этнопопулизм  —  демократиялық  қоғамның  денесіне  шыққан

«безеу» емес. Ол — дерт. Онымен ұдайы күреспей болмайды. Ол жағдайға

байланысты тез өзгеріп тұрады. Қоғамды одан əрі жетілдіргенімізде де қыр

соңымыздан  қалмайды.  Мұндай  кесапатпен  əкімгершілік  жолмен  де,

идеологиялық  жолмен  де  күресіп,  көп  ештеңе  бітіре  алмайсың.  Онымен

күрестің  жалғыз  жолы  —  адам  материалының  сапасын  жаңсартуға  күш

салу.


Нағыз  саясатшыға  ең  кемі  үш  қасиет  керек:  теориялық  дайындық,

экономикалық  қызмет  тəжірибесі,  қабылданған  шешімнің  орындалуына

жауапкершілік.

Нағыз


саясаткер

мемлекеттің

басымдықтарын

өзінің


жеке

басымдықтары етуімен де ерекшеленеді.

Халық  сенімі  —  бұл  награда,  Мемлекет  басшысы  үшін  одан  биік

ештеңе болуы мүмкін емес.

Оркестрдің  бір  ғана  дирижері  болуы  тиіс,  бірақ  сонымен  бірге  ол

жеке  музыканттың  абыройы  мен  рөлін  төмендетпейтін  дирижер  болуы

тиіс.

Адам  əрдайым  кешегісімен,  қазіргісімен  жəне  болашағымен  өмір



сүреді.  Қазіргі  кешегіге,  өткендегіге  айналып,  тез  өтіп  кетеді.  Демек,  біз

60


өмір бойы тек болашаққа ұмтылып өмір сүреміз.

Мен  үшін  алғашқы  əрі  бүкіл  халық  болып  сайлаған  Қазақстан

Республикасының  Президенті  үшін  —  мемлекет  тəуелсіздігі  абстрактылы

рəміз емес, нақты əрі ұлы тарихи жетістік.

Батылдық  пен  дербес  шешімділік  танытатын  кезді  тым  ұзақ

сұрыптауға  сарп  ету  саяси  мұраларды  тиісті  сапасынан  айырып,

құнарсыздандырып жібереді.

Тыңдай білу заманыңның тынысын

Төрге оздыру қазағымды —

Ұлы сын.


Мойындатсаң мұратыңды жаһанға, Сонда ғана...

Пенде емес —

Ұлысың!

... Сонда ғана



Ұлықтайды ұлысың.

Жаңғырту  саясатын  кұруда  барлық  сын-пікірлерді  жай  ғана  есепке

алып  қоймай,  жағдайды  оңға  қарай  өзгерту  бойынша  шаралар  қабылдау

маңызды. Осыны ескерғен ғана сақтанады. Ал сақтанған — сақталады.



ОНЫНШЫ ТАРАУ

Ұлтық намыс – ұлы ұғым.

Адамзаттың арманы — рухани бостандық пен сөз еркіндігі.

Адам мен оның, өмір сүру құқығы, бостандығы — қоғам дамуының

басты басымдығы.

Көзсіз көнтерілік те, ессіз кұстаналық та — бірдей қауіпті.

...соғыс ең басты құндылықты — адамның өмірін үзеді. Ал өмірден

артық ештеңе жоқ.

Менің  ойымша,  ең  жақсы  идеология  —  өмірдің  өзінен  туындайтын

идеология.

61


Ұлттық  идея  —  идеология  жəдігөйлерінің  ашқан  жақалығы  емес,

миллиондаған  адамдардың  өздерінің  ұлттық  міндеттерін  түсінуінің  жемісі

болып табылады.

Сын сағатта елдігіміз де, ерлігіміз де бойымыздан табылуға тиіс.

Селеулі қырлар,

Жусанды,


Көшімді көріп бусанды.

Құдайым қуат берсе екен,

Жұртымның жоғын қусам бір...

Шығыстың  саяси  мүдделері  көбіне-көп  дəстүршіл  топтардың

қолдауына арқа сүйейді.

Кез  келген,  тіпті  ең,  керемет  деген  идеялардың  өзі,  егер  оларды

жүзеге  асыру  үшін  адам  қанын,  көз  жасы  мен  тақсіретін  талап  етсе,  көк

тиындық құны болмайды.

Саяси  элита  жалпыұлттық  мүдделерді  білдіру,  оны  барынша  дəл

сəулелендіру,  сөйтіп  халықтың  өзін-өзі  танып,  бағалау  дəрежесін  көтеру

қабілетімен емес, сол мүдделерді жүзеге асырудың жолын табу қабілетімен

де дараланып тұруға тиіс.

Қоғамдық  дамудың  өзіндік  ішкі  заңдылықтары  бар.  Экономикада

ертеңгі істі бүгін атқарып тастауға болар, бірақ саясатта ертеңгі істің ертең

атқарылғаны жөн.

Бір  кезде  біреулердің  еркінің  қолжаулығы  болған  едік,  енді  тағы

біреулердің пікірінің қолжаулығына айналмасақ екен!

Билік  үшін  күрестегі  батылдық  пен  билік  басындағы  батылдық  екі

басқа.

Асықсақ асығайық алайда аптықпайық. Бəрі жөнімен жүрсін.



Ұлттың  идеяны  ұлттың  астамшылық  идеясына  айналдыру  ешбір

этносқа да опа берген емес.

Бойымыз да, ойымыз да азат болсын.

Əскери  қақтығыстардың  жосықсыз  екенін  əлемнің  ұғынғанына  зор

62


сенім  артсақта,  парасатты  мемлекет  басқа  үміттердің  уəдесіне  сеніп  қана

қоймай, өз елінің қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн.

Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.

Адам баласы қай жерде жүрсе  де өмірге шыр етіп түсіп, ана  əлдиін

естігеннен  бастап,  өзін  қазақпын,  орыспын,  украинмын,  өзбекпін  деп

сезінеді. Адам бойындағы бұл сезімді қандай аса зор идеологиялық қарумен

атқыласаң да, шапқыласаң да құртып жібере алмайсың.

Бүкіл  кеңестік  тарих  жолында  халықтардың  құқын  таптау  мен

тікелей геноцид қаны бар.

Саяси  сұрқияларды  адамның  көз  жасы  да,  күнəсіз  құрбандықтар  да

тоқтата алмайды.

Біз


тұрмыстағы

ұлтшылдықты,

чиновниктік

мейірімсіздікті,

бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  ойланбай  жарияланған  мақалаларды

назардан тыс қалдырмауға тиіспіз. Бүл жеке-жеке оқиғалар болып көрінер,

бірақ ол ауыр зардаптарға да əкеліп соғуы мүмкін.

Ұлт мəселесін шешудің əмбебап əдістері болмайды.

Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл: саясатшы даналығы дегеніміз

— осы.


Қайықты қарсы есіп қара суға,

Талай-ақ тура келді таласуға.

Қос қанат:

Жігер-сенім алып шықты,

Мызғымас мұратымды сан асуға.

Мемлекет,  қоғам,  ұлт  деңгейінде  пайымдайтын  зиялыларымыз  —

біздің баға жетпес бай- лығымыз, сарқылмас қазынамыз.

Ұлыстың  ұлы  күні  —  көңілде  кірбең  қалмай  қауышатын,

түсіністікпен табысатын күн.

Наурыз  —  Жыл  басы  ғана  емес,  береке-бірліктің,  ізгілік  пен

татулықтың,  қайырымдылық  пен  кешірімділіктің,  бауырмалдықтың

мерекесі.

Жасампаздықтың,  əсемдік  пен  махаббаттың  нұрын  шаша  отырып,

63


Наурыз мəдениеттің ұлылығы мен халқымыздың дəстүрлерін көрсетеді.

Наурыз  —  бұл  достықтың,  бірліктің,  ізгілік  пен  Отанға  деген

қалтқысыз сүйіспеншіліктің мерекесі.

Уақыттың  бір  қасиеті  —  сенбесті  иландырады,  көнбесті  ырқына

алады.

Пасха — бұл адам бойындағы махаббат, ізгілік, өзара түсіністік жəне



кешірімділік сиякқты аса маңызды қасиеттерді ашатын нұрлы мереке.

Кеше  əлі  ерте  болған,  ал  ертең  кеш  болып  қалуы  мүмкін  сəттер

болады.

Болашақты  əрдайым  ол  өзіне  тек  бүгінгіні  ғана  емес,  өткенді  де



сіңіретіндей етіп қалыптастыруымыз керек.

Кейде  бүгінгі  мүмкіндіктердің  ертең  қатерге  айналуы  немесе

керісінше болып шығуы да əбден мүмкін.

Оңалту үшін кейде оташылық тəсілді де қолдануға тура келеді.

Иə,  бүгін  бəріміз  де  қиындықтар  салмағын  сезінудеміз,  бірақ

қиындықтарсыз  кезең  болған  ба:  тарихтың  парағы  кітаптың  парағы  емес

қой?!

Идеялық  бағдарламалар  догмаларға  емес,  өмір  шындығына



негізделгені маңызды.

Дүние  жаһандық  өзара  тəуелділік  сипат  алды:  жаһандык,  əріптестік

үстемдік ету үшін бұл таным біздің берік принципімізге айналуы тиіс.

Бүгінгі əлемде бүған дейін ойлап табылғанды қайта ойлап табудың

қажеті жоқ.

Мемлекеттік  идеологияның,  бізге  қажет  бір  ірі  бұтағы,  қомақты

тармағы  —  халықты,  ұрпақты  патриотизмге,  отаншылдық  рухқа,  елді,

жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.

Əлсіздің  өзіне  одаңтас  болатын  күштіні  таңдамайтыны  ақиқат,  ал

өзінен күштіге бағынуға мəжбүр болатынын аңдамайтыны өкінішті.

Байсалды саясаткер «өзімнің іс-əрекетім баспасөз бетінде нашар баға

алып қалуы мүмкін-ау» деген қауіп-қатерден қорықпауға тиіс.

Реформаларды  жақтайтындардың  қатарын  жаппай  көбейту  —

экономикалық  қана  емес,  идеологиялық  та  міндет.  Бізге  қазір  жартылай

64


социалистік  ұрандардың  басын  оңды-солды  қоса  салған  қойыртпақ  емес,

реформашылық идеология керек.

Реформа тек ағымдағы танымал теорияға бас ие салғанда ғана емес,

стратегиялық  тұрғыда  жан-жақты  мықтап  пайымдалса  ғана  нəтижелі

болмақшы.

Қазақстан  билік  құрылымдарын  революциялық  жолмен  күйрете

салуға  бой  ұрған  жоқ.  Реформаның  сипатына  жəне  даму  барысына  орай

бірте-бірте өзгертіліп, жаңа сатыға көтерілді.

Революцияны  алыпұшпа  жандар  жүзеге  асырады,  ал  реформаны

бəріне байыппен қарайтын ақылды жандар жүзеге асырады.

...біз  маңызы  бойынша  да,  уақыты  жағынан  да  елеулі  өтпелі

кезеңнен өтуге тиіспіз.

Жол іздеп табар берік білік, терең танымың болмаса — адасуың түк

емес.


Мені сынайтындар да табылар. Келісе қоймайтындар да бар шығар.

Бірақ халқымыздың көпшілігі қолдап отырған жол — біреудің тап- таурын

ізімен кету емес, өз соңпағымызды тауып, сонымен жүруге талпыну.

Адамзаттық  тарихи  тəжірибесі  көрсеткеніндей,  өркениеттік  даму

процесін  кері  бұрып  əкету  мүмкін  емес.  Жекелеген,  тіпті  данышпан

адамдар,  не  кейбір  қоғамдық  топтардың  бұрынғы  жəне  дəстүрлі  қоғам

үлгісіне  қайтып  барғысы  келіп,  қаншама  ұмтылғанымен,  одан  бəрібір

нəтиже шықпайды.

Жаңару  процесін  қолдан  зорлап  баяулатуға  болар.  Бірақ  ол  ішкі

əлеуметтік қайшылықтарды ушықтыруға ұрындырады.

Ұлылардың ұлағатын ұмытпау — ел боламыз деген халықтың тарих

алдындағы парызы.

Ұлылар қашанда халықты рухани асылдандырып отырған.

Кез  келген  реформа  тек  күшті  өкімет  пен  көсемдердің  саяси  еркі

арқылы  жəне  халықтың  барлық  топтары  қайта  құрудың  мəнін  түсінумен

қабылдаған кезде ғана мақсатқа жете алады.

Ең  басты  міндет  —  қайталап  айтамын,  халықтың  рухын  көтеру.

Өзіне деген сенімін арттыру.

Ақынның  шешеннің  данагөй  сөзі  халық  үшін  қашанда  қастерлі,

65


қашанда қасиетті.

Иə, қай кезде де ұлыны ұлы түсініп, бағалаған!

Зиялылар бірлігі — ел бірлігі.

Зиялылар  —  қай  заманда  да  өмір  сыры  мен  сынын  жан-жүрегімен

бағамдап,  толғай  білген,  халқының  келешектегі  тағдырын  зерек  көңілмен

болжай білген жандар.

Ұлтымыздың  зиялылары  —  халқымыздың  қиядағыны  шалатын

қырағы жанары, қоғамымыздың əділ қазысы.

Нағыз  отаншылдықтың  басты  өлшемі  де  біздің  зиялыларымыздың

адалдығы  мен  əділдігінде,  елі  мен  халқының  алдындағы  парызын  терең

түсінуінде.

Саясаттың негізгі мақсаты — адам қамы, қоғам қамы, ел қамы.

Зиялылардың  саясаткерлер  қолындағы  ойыншыққа  айналуға

хақысы жоқ. Зиялылар саясаткерлерге қарағанда анағұрлым арғы келешекті

болжауы керек.

...жалғыз  жер  байлығына  сеніп  қалуға  болмайды.  Ең  алдымен,  ел

байлығына  сену  керек.  Ел  байлығы  деген  не?  Ол  —  білім,  ол  —  жаңа

технология,  ол  —  осы  заманғы  инфракұрылым,  ол  —  бəрінен  бұрын

отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм.

Өзгелердің  қатесінен  сабақ  алып  қана  қоймай,  жетістіктерінен  де

үйренген жөн.

Саясат безбеншісі — ел.

Саяси мұрат пен саяси ақиқаттың орнын алмастыру — əлі бұғанасы

бекіп,  қабырғасы  қата  қоймаған  жас  мемлекеттің  шаңырағын  шайқалтар

шатқалаңдарға ұрындыруы мүмкін.

Біз  өзіміздің  арғы-бергі  ата-бабаларымыздың  жүздеген  буынының

қалдырған  өсиетін  ақтап,  мұраларын  сақтап,  молайта  беру  жолында

топтасуға тиіспіз.

Əулетіміздің  асуы  да,  дəулетіміздің  тасуы  да  өз  қолымызда.  Не

істесек  те,  ақылмен  істейік,  арзан  ұранға  ермейік.  Ұшпа  сезімге  ерік

бермейік.

Нақақ көз жасы мен нақақ төгілген қан ешқашан да ұмытылуға тиіс

66


емес.

Жұмыс  істемесең,  қателік  те  жасамайсың.  Жұмыс  барысында,  өмір

болған соң, кемшілік болмай тұрмайды.

Қауесет деген қара күйе сияқты: күйдірмейді, күйелейді

Проблеманы анық көре білу қажет, одан түйеқұс секілді «құтылуға»

болмайды.

...жай  жүрсең  —  қасірет  қуып  жетеді,  асықсаң  —  қасіретті  қуып

жетуің мүмкін.

Теңізде дауыл тұрғанда, түбіндегі қоқыстың, бəрі судың бетіне шыға

келеді.


Ақыл табылмай тұрып, ештеңе де табылмайды.

Тарихтың соншама байсан қырлы болып келетіні сияқты, танымның

жолы да сан тарау.

Намыссыз азамат өзгелер түгілі өзінің көсегесін де көгерте алмайды.

Бақыт — бағасын білгеннің ғана басында тұрады.

ОН БІРІНШІ ТАРАУ

Демократия жарылқпен орнатылмайды

Демократия  дегеніміз,  ең  алдымен  қатаң  тəртіп.  Өзіңді,  ортаңды,

өмір сүрген қогамыңды сыйлау, құрметтеу.

...демократия

дегеніміз

қоғамның



горизонтальды

емес,


вертикальды прогресі.

Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды.

Жабық қоғам — тіпті өте үлкен болған күннің өзінде де тек қапаста

ғана ұшу мүмкіндігі. Ал ашық қоғам — бұл ашық аспанда ұшу мүмкіндігі.

Əрбір  ел,  əрбір  халық  өзінше  демократия  құрады.  Сондықтан  да

демократия үлгілері де, оған баратын жол да көп.

Демократиялану  —  тиянақ  ахуалды  білмейтін,  ұзаққа  созылатын

процесс.


Адам  санасын  азат  ету,  жанына  еркіндік  дарыту  əлі  талай  уақыт

алдымызда тұрған күрделі міндет боп қала беретін түрі бар.

67


Демократия  тежеусіз  биліктен  де,  босбелбеуліктен  де  толық  ада

мемлекеттік билікті қажет етеді. Оны міндетті құқықтық тəртіптерін сақтау

арқылы ғана қорғауға болады, өйткені, азшылықтың, сондай-ақ керісінше,

көпшіліктің зорлық жасауы да бірдей қауіпті.

Таңдаудың бар болуын демократияның бірден-бір белгісі санап, оны

бұлжымастай абсолютке айналдыру атымен қате деп санаймын.

Кедей  елде  демократиялар  өркен  жайып  кете  бермейді  ...  Мен  де

Америкадағыдай  демократияны  жасағым-ақ  келеді,  бірақ  мен  Қазақстанда

соншама американдықты қайдан алмақпын?

Иə, жаңа ақпараттық мүмкіндіктер бұрын-соңды болмаған еркіндікті

көлденең  тартады,  алайда  сонымен  бірге  өз  бойында  адамдардың  сана-

сезімімен ойнау жəне оны зақымдау қатерін ұстап тұрады.

Демократия — əлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де

таңдауымыз.

Қай мəселеде де қатал ұстануға тырысатын қағидамыз: бассыздыққа

ұрындырып,  қан  төгіске  апаратын  демократияны  біз  тегін  берсе  де

алмаймыз.  Біздің  демократияның,  негізі  —  саяси,  əлеуметтік  жəне

ұлтаралық тыныштық. Біз əлдебір елдердің бізге «тыз етпе» демократияны

шұғыл  орната  салғанымыз  үшін  қол  соқсын  деп  тілемейміз.  Ол  үшін  өз

халқымызга өзіміз тəжірибе жасағымыз келмейді.

Демократия  идеясы  мəңгілік  екені  рас.  Алайда  демократиялану

процесіне  шектен  шығушылық,  бейберекеттік,  бетімен  лағушылық

салдарынан  туатын  ұрыс-жан-  жалдың  өте  қауіпті  екенін  ескермей

болмайды.

Тоталитарлық  ертегілердің  қандайы  да  туу  барысында  ізігілікті-ақ

деген ұрандармен келген.

Тоталитаризм  мен  авторитаризм  езгісінен  құтылу  —  біржола

еркіндік  алу  деген  сөз  емес.  Ол  тек  одан  арғы  авторитаризмнен

либерализмге  жеткенге  дейінгі  дамудың  қандай  үлгісін  таңдап  алуға  ғана

мүмкіндік береді.

Тоталитаризм  сұмдықтарын  сұңқылдатып  қаншама  тізбектесең  де,

оның  жойқын  кесапаты  мен  жымысқы  жылымдығының  сырын  ұғына

алмайсың.

Демократиялануды  академиялық  жалпылама  ұғым  емес,  келешек

68


тағдырын  кемелдендірудің  нақты  саяси  тəжірибесі  ретінде  қарастырған

жөн.


Демократияландыру

ақырғы



ахуалы

болмайтын

ұзаққа

созылатын процесс.



Біз сияқты, тоталитарлық жүйеден жаңа шығып жатқан мемлекеттің

басшысы  үшін  демократия  дегеніміз  өз  көзқарасымызды,  басшылық  ету

стилі  мен  əдістерін,  ойлау  жүйемізді  түбегейлі  өзгерту  деген  сөз.  Ол  —  өз

халқың үшін өзіңді құрбандыққа шалу деген сөз. Ол — адамдардың пікіріне

құлаң асу, ойындағысын ашық айтуына, сөйтіп, өзін еркін сезінуіне жағдай

жасау,  қай  адамның  да  бұл  дүниеге  терезесі  тең  боп  туғанын  мойындау

деген сөз...

Сөз бостандығы — бұл ақиқатты айту құқығы.

Бостандың  пен  демократия  —  үлы  игілік.  Егер  өз  халқыңның  шын

перзенті  болсаң,  онда  өз-өзіңді  тізгіндеп,  кейде  жеке  басыңа,  саяси

мансабыңа  зияны  тисе  де,  қалыптасқан  демократиялық  қағидалармен

есептесіп  қана  қоймай,  оны  нығайтып,  бірте-бірте  дамытып,  бір  сатыдан

бір сатыға биіктете беруге тиіссің.

Демократия жарлықпен орнатылмайды.

Демократияның  сырт  түрін  орнату  онша  қиын  емес.  Алайда

өктемшіл  саяси  мəдениетті:  бүқараның,  тəртіпті,  айтқаннан  шықпауды

көксеуін,  саяси  элитаның  күш  көрсетуге,  белден  басып,  ара-тұра  ақылға

сыймайтын  да  шешімдер  қабылдауға  бейімділігін  еңсеру  —  қиынның

қиыны.

Мен  эволюциялық  дамуды,  қоғамды  біртіндеп,  жан-жақты



дайындап алып барып, реформалауды жақтаймын.

Орнықты


демократия

дамыған


жеке

меншікті,

орнықты

парламентаризм дəстүрлерімен астасатын азаматтың қоғамды талап етеді.



Бүгінгі  таңда  біз  Қазақстанды  батыстық  ұғымдағы  демократиялық

мемлекетке де, авторитарлық мемлекетке де жатқыза алмаймыз. Екеуі үшін

де  жеткілікті  əлеуметтік,  саяси,  институттылық  жəне  басқа  негіздер  жоқ.

Алайда  біздің  өзгерістеріміздің  демократияға  бағышталғанын  ешкім  де

жоққа шығара алмайды.

Демократия  —  бүл  тек  оппозициялық  қызмет  мүмкіндігі  ғана  емес,

сонымен бірге мемлекеттің формасы, қоғамдық саяси өмірдің климаты.

69


Конституция — кемел келешектің кепілі.

Демократиялық  еркіндік  жоқ  жерде  экономикалық  еркіндіктің  де

болуы мүмкін емес.

Біз  демократияның  жеңісі  деп  тек  жалпы  адамның,  табиғаты  біздің

халқымыздың  этнотарихи  мəдениетімен  синтезделіп,  ерекше  ұлттық

нысандарда көрініс берген кезде ғана айта аламыз.

Кұқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ.

Азаматтық  қоғам  —  бұл,  егер  қажет  десеңіздер,  сыбайлас

жемқорлық пен төрешілдікке қарсы «азаматтық қорғаныс».

Əлемдік  тарихтың  көрсеткеніндей,  бейберекеттік,  революция  жəне

соғыс — диктатураның тууының ежелгі серіктері.

Саяси  демократияға  бірнеше  жағдайлар  керек.  Солардың  ішінде

қоғамда, əсіресе элиталық қауымда кең қанат жайған өзара  түсіністік қана

емес,


жеткілікті

мөлшерде

бүқаралық

сипатқа


ие,

мемлекетке

экономикалық  жағынан  тəуелсіз  орташа  таптық,  бүғанасы  бекіген

құқықтық мəдениеттің, келісім мен мəмілеге бейімділігінің мəні зор.

Құқықтық  мемлекет  құруды  мемлекеттің  өзінен  бастау  керек.  Бұл

нарықтық экономиканың, демократиялық қоғамның қатаң талабы.

Біз  құқықтық  қоғамға  неғұрлым  жақындай  түскен  сайын,

қазақстандықтар өздерінің еліміздің толыққанды жəне белсенді азаматтары

екендіктеріне  көбірек  сене  түсетін  болады.  Солай  болған  сайын,

этнопопулизм вирусының қорек аясы азая түседі.

Құқық  реформасы  өзінің  маңыздылығы  мен  күрделігі  жағынан

экономикалық реформамен тең екенін атап өткен жөн.

Өркениетті  қоғамда  құқық  мəдениеті  əр  адамның  жалпы

мəдениетінің  қажетті  бөлшегі,  əрбір  лауазымды  адамға  қойылар  кəсіби

талап болып табылады.

Демократиялық  қоғам  орнату  —  біздің  халқымыздың  саналы

таңдауы.

Біз енді демократия мектебінен өтіп жүрген ғана ел емеспіз, біз енді

тоталитарлық  қоғамнан  кеше  ғана  шыққан  мемлекетте  демократияның

қалай қалыптасатындығын өзгелерге көрсетіп те берген елміз.

Мен  тирания  мен  авторитаризмді  жан-тəніммен  жек  көремін.  Бірақ

70


демократияны  да  асыра  бағалағым  келмейді.  «Неғұрлым  көптің  сөзі  —

соғұрлым əділ шешім» деуге бейім тұратын сыңарезуліктен сескенемін.

Біз  қарапайым,  алайда  сөзсіз  бір  ақиқатты  түсінуге  тиіспіз,  бүгінгі

дүниеде  біздің  бəріміз  өзара  тəуелдіміз.  Жəне  бұл  өзара  тəуелділік  кез

келген  жайт  пен  тербелісті  сезінетін  шетін  де  сезімтал  тетік  болып

табылады.

...Жеңіліс  тапқан  адам  ешқашан  өзін  жазғырмайды,  əрдайым  өзгені

кінəлауға ұмтылады. Ал жеңіс үшін қисыны қашқан деп тағдырға налу да,

көңіл ауанына салыну да керек емес, нақты іс пен əрекет қана керек.

Демократия мен заңдылық — бөлінбейтін нəрселер. Бірінсіз екіншісі

өмір сүре алмайды. Шынайы саяси мəдениет те тап осыған арқа сүйейді.

Демократия мен əсіре демократия — екі басқа үғымдар.

Əлеуметтік  жанжалды  тек  сот  қана  өркениетті  диалогқа  айналдыра

алады.


Судья  —  халықтың  ожданы.  Ол  мейлінше  таза  əрі  кіршіксіз  болуы

тиіс.


Мен

дұрыс


жолмен

келе


жатңанымызды,

одан


ауытқымайтынымызды сезінемін.

Əркім өз сөзіне жəне іс-əрекетіне жауап беруі тиіс. Олай болмағанда,

демократияның, өзегі — бостандық бейберекетсіздікке айналмақ.

Егер  қоғам  ашық  болмаса,  онда  оны  жеке  адамның,  немесе

партияның диктатурасы алмастырады.

Отан,  Тəуелсіздік,  Тұрақты  даму!  Біздің  ортақ  ұранымыз  осындай.

Нақ  осылар  барша  қазақстандықтардың  тыныш  та  өркенді  өмірін

қамтамасыз етеді. Егер біз осы мəселеде біртұтас болсақ, онда қалғанының

бəрі туралы келісе аламыз.

Қазақстан үнемі демократия жолымен жүретін болды. Бұл менің нық

сенімім жəне ұстанымым, менің саналы таңдауым.

Біз  конфессияаралық  келісім  орнату  арқылы  діни  наным-сенім

бостандығын қамтамасыз еттік.

Біз  түбегейлі  экономиканы  табысты  жүргізу  арқылы  мүқтаждықтан

бостандықты орнықтырдық.

71


Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы

адамдарды үрейлерден арылттық.

Біз  баспасөз  еркіндігін  қалыптастыру  арқылы  сөз  бостандығын

баянды еттік.

Біз ашықта еркін қоғам құрдық.

Осының  бəрі  қазақстандық  демократияның  басты  жетістігі  деп

білемін.

Мемлекеттің  міндеті  —  адамдардың  еңбек  етіп,  өмір  сүруінің  тиісті

заңдық тетіктерін жасау, конституциялық құқықтарына кепілдік беру.

Біз сөз бостандығын қолдаймыз, бірақ біз ғайбат сөйлеу мен жалған

ақпаратқа қарсымыз.

Кез  келген,  тіпті  ең  төзімді  де  кемел  көп  этносты  елде  ұлтаралық

келісім  өздігінен,  мемлекеттің,  белсенді  ұлттық  сипатынсыз,  қоғамдағы

ұлттық  элитаның  белсенді  рөлінсіз  сақтала  алады  деп  ойлау  аңғалдық

болар еді.

Демократия еркін қоғам — бұлар жолдың соңы емес, ал біз оның дəл

бастауында тұрмыз.

Мен баршаға мынаны нақты айтқым келеді: біздің жағдайда биліктің

əлсіздігі басқарудан айрылуды жəне біз қол жеткізгеннің бəрінен кері кетуді

білдірген болар еді.

Билік дегеніміз — ең алдымен жауапкершілік.

Демократияның  əдемі  тонын  жамылып,  айнала  бере  өзгенің

қолымен  от  көсеп,  өтірік  өзеуреп,  жүгенсіздікке  жол  беру,  қоғамды  бей-

берекеттік пен қылмыстың көк тұманына батыру — өзің отырған бұтақты

балталаумен бірдей.

Бостандық  пен  либерализм  заң  алдындағы  жауапкершілікпен  тең

тұрады. Адамдар емес, заңдар үстем болуы керек.

Либерализм  жекелеген  адамдардың  «қыңырлығы  мен  тентектігі»

алдында биліктің əлсіздігі ретінде қабылданбауы тиіс.

Мемлекеттің мемлекеттігі оның, өз тағдырына қатысты ең маңызды

мəселелерді өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс.

72


Мемлекеттер  арасында  пайда  болуы  мүмкін  кез  келген  қарама-

қайшылықтарды шешудің əмбебап тетігі тап осы Сенім.

Жалаң тойшылдықтан, желүшты сөзден ештеңе шықпайды.

Сан  ғасырлар  бойы  рухани  төлтумалықтың  Темірқазығы  тек

зиялылар  ғана  емес,  қара  халықтың  өзі  болып  отырған  мұндай  кұбылыс

əлемдік  тарихта  мейлінше  сирек  кездеседі.  Бұл  шын  мəнісінде  қазақ

дүниетанымының төл қасиетін орнықтыруда түбірлі ықпал еткен, мазмұны

мен болмысы демократияшыл құбылыс болатын.

Қазіргі  ру-тайпалық  идеология  —  бұл  ішкі  ұлттық  ыдырау  мен

бағдардан айрылудың ең қауіпті түрі.

Аз  қазақтың  азаматын  ру,  жүзге  теліп  сөйлеудің  ендігі  жерде

ешқандай қисыны келмейді. Мазаққа қалмайық, ұрпақты азапқа салмайық.

Демократия — тежеусіз билеушіліктен де, босбелбеуліктен де толық

ада мемлекеттік билікті қажет етеді.

Демократия  —  оппозиция  қызметіне  жол  ашу  ғана  емес,

мемлекеттіліктің бір нысаны, қоғамдың-саяси өмір ахуалының бір деңгейі.

Менің  жеті  атама  дейінгі  жадымда  сақталған  бабаларымның

ерліктері мен жеңілістері, бей- неттері мен жеңістері маған ұдайы дем беріп,

өз  жолымда  кездескен  кез  келген  қиындықты  жеңетіндей  сенімге  жетелеп

отырды.  Міне,  дəл  осындай  идеология  əрбір  қазақтың  жүрегіне  жылу

берген.

Конституция — біртұтас бүкіл халық еркінің шығармасы.



...мен  тəртіп  диктатурасы,  дəлірек  айтқанда,  ұлы  мəртебелі  Заның

диктатурасы салтанат құрғанын қалаймын!

Қазақстан  Конституциясы  —  бұл  заң  мəтінінде  жүзеге  асқан

жалпыұлттық идея.

Бəрі  де  кезең-кезеңімен,  жөнімен,  жолымен,  қоғамдың  дамудың

деңгейін жан-жақты ескере отырып жүргізілуі керек. Ең бастысы, ел өмірін

демократияландыру эволюциялық жолмен жүзеге асырылуы шарт.

Əлем  алуан  қырлы,  оның  тартымдылығы  да  осында:  ішкі  мəні

бірдей  бола  түрғанымен,  демократияның  бірдей  нысандары  жоқ,  əр  ел

міндетті түрде өзіне тəн бір ерекшелік қосады.

Конституция — бұл көненің қатып қалған жұрнағы емес. Ол қоғам

73


соның  конструкциясынан  жаңа  жағдайларға  жəне  Қазақстан  социумының

сапасына сай келетін құқықтың əрі əлеуметтік инновацияларды көсіп алып

отыруға тиісті тірі механизм.

Заң — бұл билік пен халықтың арасындағы келісім.

Біздің  Негізгі  заңымыз  —  үстіне  біз  бəріміз  бірлесе  отырып  жаңа

қоғам,  жаңа  мемлекет,  жаңа  экономика  орнықтырып  жаткан  сенімді

іргетас.

Заңдарды  білмейінше,  оларға  құрметпен  қарап,  бұлжытпай

сақтамайынша, біз өмірдің бірде-бір саласындағы қиындықтардан ешқашан

құтыла алмаймыз.

Болып  жатқан  құбылыстарға  енжар  қарап,  оқиғалардың  аяқталуын

мойынсынып отыратын кішкентай адам да, үнсіз көпшілік те болмауы тиіс.

Элита  тек  қана  өзінің  жалпыұлттық  мүддені  білдіру,  жалпыұлттық

мақсаттарды  түжырымдай  білу,  сол  арқылы  халықтың  өзін-өзі  бағалау

планкасын өсіру қабілетімен ғана емес, сол мақсаттарға жетудің, жолдарын

көрсету қабілетімен де ерекшеленуі тиіс.

Парламент — саяси мəміле мектебі.

Анық  көзім  жеткені:  билік  басындағылардың  популизмі  де  билік

басындағыларға қарсылардың популизмінен кем қауіпті емес.

Сайлаудың билікке лайықты адамдардың келуіне көмектесетіні рас,

бірақ  оның  қоғамды  биліктен  əлдеқайда  аулақ  жүргені  жөн  кездейсоқ

адамдардан қорғауға ешқандай кепілдік бере алмайтыны да ақиқат.

Шынайы парламентаризм халықтың барлық топтарының мүдделері,

əртүрлі  пікірлердің  спектрі  көрініс  тауып,  еркін  шығармашылық  ахуал

салтанат құрған жерде ғана өмірге келеді.

Заң бүзғанға зауал бар.

Егер  қоғам  билікті  тек  оның  сыртқы  əлем-  жəлемі  үшін

ұнататындарға сеніп қалса, оңбай қателеседі.

Адам  еркін  болмайынша  —  қоғам  еркін  болмайды.  Қоғам  еркін

болмайынша  —  ой  еркін  болмайды.  Ойың  еркін  болмайынша  —  ісің  алға

баспайды.

Адамзат  өркениеті  экономикада  шаруашылық  жүргізудің  нарықтық

тəсілінен,

саясатта

демократиядан,



идеологияда

пікір



74

алуандылығынан тиімді еш нəрсе таба алған жоқ.

Тек  еркін  де  демократиялық  қоғам  ғана  біздің  таяу  болашақтағы

тұрақтылығымыз бен бақытты өміріміздің кепілі бола алады.

Тарих тəжірибесіне көз жүгіртсек, қандай болмасын демократияңыз

елдік  мінезге,  халықтың  қалыпқа,  мемлекеттік  тəртіпке  бой  ұсынып

отырған.  Осы  үш  нəрсе  бойынан  табылмаған  жерде,  демократияның  күлі

көкке ұшып, демагогияның құбыжығына айналуы күмəнсіз.

Егерде  Қазақстанда  бір  адамның,  құқығы  бұзылса,  барлық

қазақстандықтардың құқығы бұзылуы мүмкін-ау деп санауға болады. Егер

бізде дəлелдеуді қажет етпейтін осындай ұстаным əрекет ететін болса, онда

бізде даму да болады, жарқын болашақта болады.

XX ғасырдағы əділеттілік бұл тек мораль категориясы ғана емес. Бұл

— ұлттық жəне жаһандық табысты дамудың шешуші шарттарының бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет