ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады
Толыққанды тілсіз — толыққанды ұлт болуы мүмкін емес.
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады.
Қазақтың қазақтығының басты белгісі — қазақша сөйлеуі. Үйде де,
түзде де. Баласымен де, немересімен де. Досымен де, туысымен де.
Бажасымен де, құдасымен де. Тек осыны жасаған адам ғана өз ана тілін
өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады.
38
Қазақ тілін білу — қазақтың баласына парыз, ал білмеу — ұят жəне
өз еліңді сүймеген мен бірдей.
Өз баласын қазақша сөйлетпеген қазақтың, «қазақ тілі» деп
сарнауының ешбір реті жоқ.
Өркениет өнегесі — өз тіліңмен өмір сүру. Əлі-ак, қазақ тілі
тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады. Оған
ешқандай күмəнданудың керегі жоқ.
Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтей
қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл — аз уақыттың аясында тындырып
тастайтын іс емес. Бұл — мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы
айналысатын іргелі іс.
Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі — тіл.
Қазақ тілі мəдениеттің, бір бөлігі ретінде, барлық қазақстандықтарды
біріктірудің қосымша факторы болуға тиіс. Ол барлық ұлттар мен
ұлыстарға қазақ халқының мəдениетін, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын,
тұрмыс-тіршілігін танып білудің негізі болып табылады. Оны оқып-үйрену
мəжбүр ету арқылы емес, саналы түрде, жұрттың барлығы үшін бала
жастан басталуы, ұйымдық жəне əдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі
тиіс. Жəне де мұнда тұратын əрбір адам осындай көзқарастың қажеттігін
айқын түсінуі керек.
Қазақ тілі — ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Тек оны
насихаттай білуіміз керек. Ғажап тілді азап тіл сияқты етіп көрсететін
оқулықтардан кұтылуымыз керек.
Қазақ елі барда, қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді.
...Қазақ тілі өзінің барша құдірет - қуатымен əлемдік тіл кеңістігінің,
құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілінің жетістігі — украин, өзбек
жəне орыс тілдерінің жетістігі сияқты бүкіл адамзатқа ортақ мəн-
мазмұндық байлықтың бір бөлігі. Əлем халықтарының бірде-бірінің
сөздігінде ұшыраспайтын, тек қана қазақтілінің мүмкіндіктері арқылы
нақтылы құбылысты та- нып-түсінуге болатын сөздер бар.
Орыс тілі біздің мəдени байлығымыздың бөлінбес бөлшегі, əлемдік
білімнің алып қабатын танып-білудің тілі, ұлтаралық қатынастың тілі
болып келді жəне болып қала береді.
39
Тіл мəселесі — аса күрделі, аса жауапты мəселе. Асығатын,
аптығатын, ретін тауып саяси үпай жинап қалатын жер бұл емес.
Наукқаншылдыққа орын болмауға тиіс. Басқалардан қалып қоймайық деп
қазірше қолдан келмейтін, тек қоғамды ырың-жырыңға түсіргеннен басқа
ештеңе бермейтін жоспарларды, баянсыз бағдарламаларды қою керек.
Жыраулыққа, аңыз айтуға бейімі бар, ақыл-парасаты мол адам
халықтың рухани ақыл-ой қазынасын сақтаушы ақын болған. Олардың
арасынан шыққан неғүрлым беделді де құрметті, тілі өткір шешендер
халықтың көкейкесті ой-пікірін ел билеушіге бетің бар, жүзің бар деп
жалтақтамай, көзіне түп-тура ашық та батыл айтып салудан тайынбаған.
Қазақ тілін дамыту дегеніміз, жалпы гуманитарлық тұрғыдағы
қуатты қаруды шыңдау деген сөз, қоршаған ортаны парықтап бағалаудың,
бір құралын жетілдіру деген сөз.
Түркі əлемінің эпостары — қазіргі түркі тектес халықтардың тарихы
мен мəдениетінің біртұтас екендігін терең түсініп, жете сезіну үшін теңдесі
жоқ құнды қазыналар. Сонау есте жок, ежелгі замандардан бері бауырлас
түркі халықтарының асыл қазынасы болып табылатын эпостар олардың
даму тарихындағы небір қиын-қыстау кезеңдерде халықпен бірге жасасып,
бірге сақталып келеді.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең
негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып жатқан Қазақстан азаматтық
қоғамының біріктіруші ядросы ретінде көрінуде.
Қазақ тілі өзінің, бар таңғажайып қалпымен жəне қуатымен əлемдік
тілдік кеңістіктің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілінің жетістігі
— бұл бүкіл адамзаттың ортақ семантикалық, мағыналық байлығының бір
бөлігі.
Қазақ тілінің мемлекеттілігі — қолдану аясын тарылту мақсатында
орыс тіліне кедергі келтіру емес, қазақтардың тілінің жойылып кетпей, оны
Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына дейін көтеруге талпыну.
Қазақ тілінің дамуы жалпы гуманитарлық сипаттағы қуатты құрал,
бұл танымның, жəне қоршаған ортаны бағалаудың жетілдірілуі.
Қазіргі қазақстандық үшін үш тілді меңгеру — бұл өз игілігінің
кепілі.
40
Жауапты тіл саясаты қазақ ұлтын топтастыратын маңызды
факторлардың бірі болып табылады.
Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып
қоймаған, ол қазақ мəдениетінің барлық тамырына нəр берген.
...Қазақтардың рухани əлемі, негізінен, ауызекі поэзия дəстүрінің
ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын
осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық əлем тек қана сұлулық пен
сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата
да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында
мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дəстүрлі
поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады.
Өнер əрқашанда шынайылық пен үндестікке шақырып, ұлтаралық
қатынастың əмбебап тілі қызметін атқарады.
Шүкір, ел есін жиды: тілден артық қасиет жоқ екенін кештеу де
болса түсіндік.
Қазақты этномəдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың,
ауызекі сөзінің кұдіретіне айрықша мəн береді. Əрине, жадау тірліктің
жайдаң сөзі емес, бүл жерде əңгіме армансыз сұхбаттан тұратын асыл сөз
туралы болып отыр. Салиқалы сөз «қазақылықты» құлпыртудың кілті
болған.
Менің терең сенімім мынада: қазақ тілі мен мəдениетін дамыту
міндетін шешпейінше, ұлттық саясат мүмкін болмайды.
Əсіресе мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі
керек. Болмаса басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз?
Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.
Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең
болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мəн бермеушіліктің, оны құрметтемеудің
орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.
Ұлт пен тіл мəселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан,
томаға-түйықтықтан қашу керек.
Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені, бабаларымыздың
ғүмыр тəжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы
тілде қаттаулы жатыр.
41
Сөз бұзылса, ой да бұзылады. Тіліміз ішкі əуезінен айырылып,
сынын жоғалтады.
Ана тілі — бəріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы.
Абайдың сөзі — қазақтың бойтұмары.
Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Ана тілін қадірлеу — əр азаматтың перзенттік парызы.
Абайдың мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің
туған халқымен мəңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін,
қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
Қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ
тілі бүгінгі өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тегеурінді тетігі болуға
тиіс.
Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас.
Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек.
Қазақ тілін білу — адамның жеке бəсекеге қабілеттілігінің, маңызды
шарттарының бірі.
Ана тіліміз — бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман
жеткізген бірден-бір арымыз да, нарымыз да.
...Дауға салса — алмастай қиған, сезімге салса — қырандай
қалқыған, ойға салса — қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген
орайында əрі қару, əрі қалқан, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы
Ана тілінен артық қазақ үшін бүл дүниеде қымбат не бар екен?!
Тарих пен тіл — тамырлас.
Бізге Ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай
қастерлеуден асқан биік парыз жоқ.
Əр елдегі қазақ əр елдің, тілін мықтап игерсе, ол — білім. Ол шетел
тілінде сөйлесе — тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін
тұншықтырып, көміп тастаса — ол кешірілмес күнə.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең
негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.
Діл деген догма емес. Ол да өзгеріске түседі. Əрине, бұл ұзақ
42
процесс, қиын процесс.
Жақсы шығарма — жан серігің, Сəтті сомдалған кейіпкерімен қоса
қуантады, ойландырады, мұңайтады.
Ғасырлар бойы бірде ерлікке, бірде ездікке тартып келген екі мінез
бүгін де бойымызда бар. Жақсы жағын ойдағыдай жалғастырып сезіне
алмадық, жаман жағынан біржолата безіне алмадық.
Біз етекке жабысқан, ағайынмен алысқан, билік жолында ұлттың
ұлы мұраттарын да ұмытып кететін адамдарды айыра білуіміз керек.
Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орга жығатын емес, өрге
шығатын жол сілтейді.
Біз жиырма бірінші ғасырдың қазақтардың шындап бағы жанатын
ғасыры болуы жолында, қай жағынан да көсегесі көгерген халықтар
қатарына қосылуы жолында бəріне де тəуекел ете алуға тиіспіз.
Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін
атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұратын
атауларды да өзгерту керек.
Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін əркім өзгені емес, өзін қамшылауы
тиісті.
...ұлт дегеніміз ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған
адамдардың жиынтығы.
Ұлттық сипатқа айналған дəстүріміз бен дүниетанымымызға
сырттан
келіп
түзету
жасағысы
келетіндерге
жол
бере
алмайтындығымызды ашық айтамыз.
Үлттық идея қоғамның өзінде пісіп-жетіледі. Онда сырттан
таңылған сипат болмайды. Ұлттық идея идеология жəдігөйлерінің ашқан
жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттың міндеттерін
түсінуінің жемісі болып табылады.
...Казақстан барлық ұлттық мəселелер атауыны өзінің жаңа
тарихының алғашқы бес кылындағыдай бірте-бірте, тізеге салмай пешіп
отыратын болса ғана қуатты да тəуеліз, егемен, аумағы біртұтас мемлекет
ретінде ақтала алады.
Ұлттық идеяның қалыптасуы өзіміздің, төл тарихымызды жаңаша
ұғыну негізінде ғана мүмкін болады.
43
Басшылыққа алатын идеяң болмайынша, ештеңеге де қол жеткізе
алмайсың.
Ұлттық рухты сақтап қалу үшін ең бастысы, сырттан жау іздемей,
өзіндік ұлттық мазмұныңды дамыту екенін пайымдау қажет.
Кез келген ұлт мəдениетінің ұйытқысы, ұлт рухының өзегі —
халықтың салт-дəстүрі.
Бір халықты бір халыққа айдап салу оп- оңай. Ол кез келген
жəдігейдің қолынан келеді. Ал ұлт мəселесінде ондаған, тіпті кей тұста
жүздеген жылдар бойы қордаланып қалған таптаурын түсініктер мен
ұшқары ұғымдарды адамдар санасынан арылту — көршінің терезесіне тас
атқандай таңданарлық іс болмағанымен, ең бір ұсынақты зергердің
шеберлігін қажет ететін қиын шаруа.
«Мен қазақстандықпын» деген сөзді əркім де маңтанышпен айтуы
үшін бəріміз де аянбай еңбек етуге тиіспіз.
Ұлттық идеяны ұлттық астамдықтың идеясына айналдыру этностың
өзіне опа таптыр- майды.
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі
этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті.
Ұлттық намыс — ұлы ұғым.
Ұлттық идеяның тұжырымы ұлттық тарихи кеңістікте жатыр.
Ұлттық жаңғыру, мемлекеттілікті қалпына келтіру əрдайым оп-оңай
жүзеге аса бермейді.
Біз үйренетін ұлттан енді үйрететін ұлтқа айналуымыз керек.
Көпұлттылық пен көптілділік — патриотизм, мораль мен
парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық сынды
құндылықтардың бірі жəне біздің еліміздің басты артықшылығы.
Ендігі жерде біз бəріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз.
Ендігі жерде бəріміздің де туған жеріміз біреу — ол жалпақ қазақ даласы.
Оның қай атырабының да тілегін бірге тілеп, тауқыметін бірге көтеруге, өз-
өзімізді көкіректен кері итермеуге, сен анаусың, мен мынау- мын деп
алаламауға үйренуге тиіспіз.
44
...ұлт мəселесін бірден біржолата шешіп тас- тау еш мүмкін емес.
Оны көсегесі көгерген демократиялық елдердің өздері де жүзеге асыра
алмай келеді. Осыған байланысты бізге ұлт мəселесін біржола түпкілікті
шешіп тастауға тырысушылықтан бас тартып, түбегейлі түрде басқа бір
стратегияға көшуге тура келеді. Объективті түрде пайда болып жататын
қайшылықтарды сүртіп тастауға тырысу əбестік. Біздің стратегиямыз
сондай қайшылыңтардың алдын алып, оның қантөгісті тайталастарға
ұласып кетпеуіне қам жасауға бағышталуы тиіс.
Біз — мемлекетті ұйымдастырушы ұлтпыз. Əр адам жедел
жаңғырмайынша, мемлекет жедел жаңғыра алмайды. Тұтас ел бəсекеге
қабілетті болмайынша, мемлекет əлемдік экономика мен қоғамдастыққа
кіріге алмайды.
Үйренетіні бардың, ғана үйретері болады.
Ұлтаралық
жəне
конфессияаралық
қарым-қатынастардың,
саясаттануына жол бермегеніміз — біздің маңызды жетістігіміз.
Шамадан
тыс
саясаттандырылып,
шамадан
тыс
идеологияландырудан аулаң, шынайы ұлттық, сана жоқ жерде өзге ұлттар
мен өзге ұлттық мəдениетті шынайы құрметтеу де мүмкін емес нəрсе.
Менің көзім анық жеткен бір нəрсе: өзгелердің ұлттық мəдениетіне
тиісті құрметтеу жок, жерде шынайы азаматтық татулық та болмайды.
Біздің Ассамблеяның тарихы — біздің тұрақтылығымыздың тарихы.
Ұлтты жаңғырту ұзаққа созылады.
Ассамблеяны құру арқылы біз ұлттық бірліктің дербес жолын
таптың.
Əр халықтың қайталанбас, тек өзіне ғана тəн дəстүрлері, тарихы,
ойлау қабілеті бар. Əркім адамзаттық сан əуезді рухани мəдениетіне өзінің
айрықша əуенін қосады.
Қазаққа тарылған жараспайды.
Бізде этностар құқығын шектейтін бір де бір заң жоқ.
Сан алуандық — кемшілік емес, керісінше, бүл Құдайдың баға
жетпес сыйлығы, сол сан алуандықтың арқасында шынайы өзара
молығушылық, нағыз даму жүреді.
Бүгінгі қазақ — ұлттық сана деңгейіне көтерілген қазақ.
45
...
Қазақстанның
этномəдени
əртектілігі
дегеніміз
біздің
артықшылығымыз, бұл қатерлі тұзаң емес, өркендеуіміздің тұғыры.
Егер Қазақстанда тамаша бір таңда жұрттың бəрі ұйқыдан оянып,
адамдардың бəрінің, бет пішіндері, көздерінің түсі мен қиықтары бірдей
екенін байқаса, өмір сүру қандай көңілсіз болар еді!..
Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа
жетеріміз хақ.
Əрине, экономиканы жаңаша жүргізу де, сыртқы саясат та,
қорғаныс мəселесі де мəнді. Алайда осы жерде біздің жүрегімізді басқа бір
гəп тербейді, атап айтсақ ұлттық сана, яғни ұлттық жан-жүрегі не күйде
деген мəселе.
Бір-бірімен жауласатын діндер емес, адамдар мен мемлекеттер.
«Бүгін мақтанатыны қалмаған елдер өткенімен мақтанады» деген
сөз бар. Біз өткенімізбен де, бүгінімізбен де мақтанатындай ұлт болуымыз
керек.
Азаттыққа
Қазақстан
аумағының
тұтастығына,
нақтылы
экономикалық, əскери, ақпараттық дербестікке қол жеткізу дегеніміз,
мейлінше күрделі жəне ұзақ уақытқа созылатын, сондай-ак, ұлттың, ерекше
қажыр-қайратын қажет ететін үрдіс екенін сезіну əрбір қазақ үшін əліппелік
ақиқат болуға тиіс.
Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атаң- даңқы да, мерейтойы да
кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі.
Адамның ішкі жан дүниесінің, тазалығы мен діни сенімі бір-бірімен
тығыз байланысып, қатар жүрері хақ.
Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы
кұндылықтар бар, олар адам үшін əрдайым басым жəне негіз қалаушы
болып қалады.
Олардың бастаулары — руханият, адамгершілік. Бұларды өз бойына
жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
жəне діни дəстүрлерді, əр халықтың төлтума тарихи жəне мəдени
тəжірибесін сақтап келеді.
Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып
алған жетілу жолына қайтару болып табылады.
46
Діннің тұтастығы — елдің, тұтастығы: діни алауыздық ұлттың
алауыздыққа апарып соқтырады.
Ислам дегеніміз мінез-құлық пен өмір-салт кодексін белгілеп немесе
бағдарлап қана қоймайды, сонымен бірге моральдық құндылықтар мен
психологиялық қалыпты орнықтырып отыратын тұтас жүйе.
Біз христиандық пен исламның, иудаизм мен буддизмнің жауласу
үшін емес, бейбіт өмір үшін жаратылғанын білеміз.
Жалпы, екі заттан — діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан
бірдей сақтанған жөн.
Ислам дүниесінің əскери-экономикалық қатері деген сөз кейбір
мүдделі күштер желеу қылып жүрген жай бір ертегі. Ислам қатерінің жоқ
болатын себебі, өзгені былай қойғанда, араб елдері, мұсылман дінін
ұстанған басқа да елдер сияқты ұлттық мүдделер бойынша бөлініп жатыр.
Ислам — біріктірушілік сипаттағы ілім. Мұхамедтің пайымдауынша,
барлық дін де бір сенімді білдіреді. Ол бірде-бір қағидасымен өзгелердің
қағидасын жоққа шығарған жоқ. Ислам басқаның сеніміне төзіммен
қарауға шақырады. Ислам елдерінде əр алуан діннің қатар жүретіні
сондықтан. Меніңше, діннен адамдарды бір-біріне қарсы қоятын емес, бір-
бірімен табыстыратын бастауларды іздеген абзал.
Қазіргі заманғы жəне болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам
əлемінсіз көзге елестету мүмкін емес.
Оған тосқауыл коюдың кез келген түрі көрегендік емес, тіпті қатерлі
де.
Біртұтас діни кеңістік құруға болмайды.
Біреу өзге дінді құрмет тұтпаса, өзге ұлттың өкіліне қол көтерсе, ол
өз дінін қорлап, тұтастықтың бөлінбейтін бөлшегі ретіндегі туған халқы
мен оның мəдениетін де қауіпті жағдайда қалдырады.
Дін — ұстараның жүзіндей нəзік нəрсе. Мұнда жаза басып
болмайды.
Дін — рухсыздық пен ашкөздіктің алдына қойылған ең, берік
қамалдардың бірі.
Біз,
қазақтар
үшін
ислам
—
бірінші
кезекте
біздің
47
дүниетанымымызды айқындайтын жоғары идеал əрі фактор, бір кездері
ұмытылып кете жаздаған бабаларымызға жəне бай мұсылман мəдениетіне
тиісті құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін өзіндік Символ іспеттес.
Ислам — адамзаттың мəдени жəне материалдық мұрасының
қомақты əрі өсіп бара жатқан қабаты.
Ислам діні — халқымыздың сенімді рухани тіректерінің бірі.
Дін — халық даналығының, мəдениеті мен салт-дəстүрлерінің,
шырақшысы.
Саяси жолмен реттеу əдістері нəтиже бермеген жерде Құдай Сөзі
жарастыру мен үміттің жалғыз құралы болып қалады.
Алуан түрлілік кемшілік емес, керісінше, соның арқасында шынайы
өзара толығу мен нағыз дамуға жол ашылатын Күдайдың баға жетпес
сыйы.
XXI ғасырда діндер емес, тап осы революциялар халықтар үшін
апиынға айналды.
Мен рухани дінбасылардың қазіргі жоғары миссиясы адамдарға өз
сенімін біржақты бұрмалаусыз, түсінбеушіліктен, əсіресе өшпенділік пен
ашу-ызадан ада, таза күйінде жеткізу деп білемін.
Рухани əмбебаптығымен қатар дін халықаралық ынтымақтастықтың
ықпалды институты да.
Біздің бəрімізде хаққа бастайтын жол біреу. Сондықтан да діндер
арасындағы əлдеқайда белсенді үн қатысудың уақыты жетті.
Дін — жаһандану дəуірі басталғанға дейін дүниеде гуманизм мен
үндесу идеясын сақтаған жəне таратушы бірден-бір жаһандық құбылыс.
Адамның санасында діни жəне ұлттық сезімдер əрдайым тығыз
астасып жатады.
Дүниеде үлкен немесе кіші мəдениет, күшті немесе əлсіз діндер
деген жоқ. Тек олардың ажырамас бірлігі ғана бар. Қазіргі əлем мозаика
тəріздес бір тасы түсіп қалса болғаны, картинаның бəрі де шашылып сала
береді.
Сөзден жаңылып, ізден адасатын ретіміз жоқ.
Мен рухани уағыздаушылардың бүгінгі биік мұраты өз дінін
48
адамдарға кіршіксіз таза, артықшылдық көрсетумен бұрмаланбаған,
түсінбеушіліктен, əсіресе дұшпандық пен ашу-ызадан арылған күйде
жеткізуінде деп білемін.
Жалпы, кез келген істе, ең абзалы түсіндіру, ұғындыру.
Экстремизммен күресте де солай ету керек. Əлемдік тəжірибе күш
көрсетуге иек арта беру экстремистік пиғылдарды қоздыра түсетінін
дəлелдейді.
Мен «Адам Күдайға жақын болу үшін оған өмір бойы сапар шегуі
керек» дегенді жұбаныш етемін.
Діни фанатизм нанымның кеңдігінен емес, шынайы діни
мəдениеттің кемдігінен шығады.
Өзімізді жамандай бергенде, бізге жақсылықты кім əкеледі?!
49
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Өткенге қарап, ертеңіңді түзе!
Адамзат өркениеті халықдар мен мемлекеттердің тарихи аренаға
келуінің, өсіп-өркендеуінің жəне одан кетуінің үздіксіз құбылысы.
Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес. Ол едəуір дəрежеде
болашақтың да көрінісі.
Бүгінгі ісімізге қарап ұрпақтарымыз бізге баға беретін болады.
Біздің ұлттық тарихымыздың мəн-мағынасы о бастан үш жүйе
құраушы міндет тиімді əрі күшті мемлекет, біртұтас толерантты қоғам жəне
инновациялық экономика құруды шешуден тұрады.
Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешігінің
деңгейінде емес, жалпыұлттық өреде мақтан тұту, ұлан-байтақ Еуразия
тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының
өзіндік орнын танып-түсіну, ұлттың қадір-қасиетіңді қорлайтын жаттанды
жалалардан арылу, міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бүгінгі күннің
ең қуатты тетіктері осылар!
Өз тарихың қаншалықты ащы болса да оған құрметпен қарау, менің
ойымша, қазіргі кез келген өркениетті қоғамға тəн болуы тиіс.
Өз тарихын сыйламаған, өзін де сыйламайды.
Тарихи сенімділік — біздің ұлы тірегіміз.
...тарих қаншалықты келеңсіз болса да шындықтың ғана жағында.
...қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор
дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш.
Жалпы тарих тағылымының, атап айтқанда, мəдениет тарихы
тағылымының халық жүрегінде жүргенде ғана мəні бар. Ал халық өз
жадында аман қалуына пайдасы тиетінді ғана сақтайды.
Тарихтан тағылым алмағандар өтемін өз қанымен төлейді.
Тарих — кім-кімнен де жоғары тұрған ұғым.
Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді
дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз
сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым
50
ала алмайды.
Иə, тарихтың ұлы ұстаз екені рас, дегенмен, мəңгі бақи оның
аясында қалып қоюға болмайды.
Шежіре — халықпен біріктіруші, тұтастандырушы сипатта рөл
атқаратын идеологиялық құрал.
Тарих ерте классицизм мен пролеткультшылдық əдебиеттердегідей
емес, мейлінше жағымды, мейлінше жағымсыз кейіпкер дегенді атымен
білмейді.
...жылға бергісіз күндер, ғасырга бергісіз жылдар болады.
Тарих — өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі.
Жаныңменен түсінбесең тегіңді,
Жігеріңмен қайрамасаң кегіңді,
Болмысыңмен біле алмасаң шегіңді,
Ұқпағаның —
Өзіңді де,
Өмірді.
Тарих жолы қашанда тайғақ.
Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының мазмұны
азаттық үшін күреске сайып келеді. Елдік пен бостандық жолындағы
күресіміздің байырғы скиф, ғүн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ,
замандарынан кешегі шерлі Желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық шежіресі
бар.
Адамзаттың жаһандық тарихында бейбітшілік пен келісімнен өткен
құндылықтар болған емес.
Бүгінгі
қазақ
халкы
сонау
есте
жоқ
ескі
замандарда-ақ
тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі
ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын
атажүртта сақтап қалған халық. Бүл — ескіден қалған көне жəдігерлер, сақ
заманының куəгері «Алтын киімді адамның» алтын тостағанындағы жəне
Түрік қағанатының тарихын танытқан Орхон-Енисей мен Талас жазбалары
дəлелдеген шындық.
51
Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының
болашағын да қапысыз қамдай алмақшы.
Тарихтың даңғыл жолынан Қазақстан да шет қалған жоқ. Оның
ежелгі жерінде көптеген мемлекеттік құрылымдар өмір сүріп, олар да
адамдар сияқты басынан балалық жастық, кəмелеттік дəуірлерді өткізіп,
құлдырау жəне күлден қайта бой көтеру дəуірлерін бастан кешірді.
Екі құрлық тоғысындағы бұл кеңістік тек жаһанды жаулап алар
жойқын жорықтардың ғана емес, дін мен дінді, мəдениет пен мəдениетті,
ұлт пен ұлтты ұластырар тарихи тамырластықтың да ұлы арнасы бола
білді. Атақты «Жібек жолынан» көп бұрын біздің дəуірімізге дейінгі
мыңжылдықтарда Ежелгі Элладаны Қиыр Шығыс халықтарымен
жалғастырған даңқты «Дала жолы» тап осы өлкенің үстімен өтті.
Қазақтың тек өз төл тарихы, əдебиеті мен мəдениеті əлі талай ұрпақ
үшін таусылмайтын қазына. Ұрпаққа өнеге болар өзіміздің хан-сұлтан,
батыр-бағлан, би-шешен, ақын-жазушыларымыз қаншама? Ендеше, біз неге
əйтеуір туырлықта дүниеге келді екен деп есте жоқ ескі дəуірдің ерлерінің
жыртысын жыртамыз? Қайта, керісінше, бүгінгі ұрпаққа өз ата-бабамыздың
өнегелі тарихын ұсынбаймыз ба? Ұлттық тəрбиенің өзі осындайдан
басталмаушы ма еді?
Егер сіз өткеннің бет-жүзін көргіңіз келсе, археологиялық қазба
орындары мен кітапханалар тыныштығына асықпай-ақ қойыңыз. Біздің
өткеніміз біздің өн бойымыздағы ескі мен жақаның күресінде, мəңгілік пен
сəттіліктің бəсекесінде жатыр.
Біздің, жасампаз тарихымызды елдің əрбір азаматы мақтан етуге
тиіс. Сондықтан да, біз тамырын тереңге тартып, тəуелсіздікпен бірге
мəуесін жайған тарихи танымды ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.
Мəртебелі болашақ тұралы армандай отырып, мерейлі өткенімізді де
жадымызда сақтағанымыз жөн.
Жұртымыз халықтығына қатер, мемлекеттігіне қауіп төніп,
айдарлысы құлға, тұлымдысы күңге айналғалы тұрған сын сағатта ағайын
арасындағы бұрынғы өкпе-назды сыртқа сырып тастап, намыс туын
көтеріп, ардақ тұтқан азаматынық төңірегіне топтаса білген. Арғы-бергі
тарихымызда оған мысал көп.
Қазақстан жерінде байырғы да төлтума өркениеттің өсіп-
өркендегенін біз əрі мақтаныш, əрі таңданыс сезімде танып-біле бастадық.
52
Қазақтың ұлан-байтақ қуаң даласы бір кездері Еуразияның ұлы кеңістігіне
тіршілік ырғағын дарытқан. Көкжиекпен астасып, үнсіз мүлгіген бейіт-
қорымдар əлемдік ауқымдағы оқиғалардың куəсі. Осы даладан бірде бейбіт,
енді бірде жорық сапарымен қиянға аттанған бабаларымыз өзімен бірге
талай елге жеткізген білім-біліктің кейін талай-талай айтулы жаңалықтарға
тұғыр болғаны да белгілі.
Біздің ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі,
Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің
дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атңарып келді.
Орасан
зор
кең-байтақ
аумақты
қоныстанған
көшпелілер
Еуразияның этностық жəне мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет
өзгертті.
Нақ осыны маңдайымызға жазған Тарих біздің ұрпаққа тəуелсіздік
бастауында тұру құрметін беріп, туған Қазақстан үшін жауапкершілікке
бөледі.
...біздің тəуелсіздігіміздің, керек десеңіз, кез келген мемлекеттік
тəуелсіздіктің қалыптасу тарихы дегеніміз бұл тек қана қоғамдың-саяси
қайта құрудың тарихы емес. Бұл — өмірлік құндылықтардың, тіптен
өмірдің өз мəнін психологиялық қайта парақтаудың тарихы. Бұл — əлемдік
өркениеттің құшағына халықтардың жəне біздің əрқайсымыздың қайта
оралуымыздың тарихы.
Желтоқсанның ызғарлы табиғатын жұмсартып, жанымызды жарқын
шуаққа бөлеп, көк аспан көңілімізді шайдай ашқан мемлекеттік мерекеміз
біздің тарихи көшімізді ғасырдан ғасырға жалғай береді.
Тың игеру — жиырмасыншы ғасырдың аса зор əлеуметтік-
экономикалық жобасы, оған ұқсас жоба əлем тарихында болған емес.
Өзінің ядролық арсеналынан бас тартып жəне əлемдегі аса ірі
ядролық полигонын мəңгілікке жауып, дүниежүзіне үлгі көрсеткен де
Қазақстан болды.
Өткенге қарап ертеңіңді түзе.
Əр халықтың тарихында есімі мəңгі өшпестей ел жадында
сақталатын тарихи тұлғалар болады. Қазақ халқының тарихындағы сондай
киелі тұлғалардың бірі ғана емес, бірегейі — Абылай хан.
Біз аға ұрпақтың абыройлы істерін одан əрі жалғап, бізден кейінгі
53
ұрпақ жаңылмай жүретін жол саламыз. Бұл жол — тəуелсіз
Қазақстанымыздың гүлдену, өркендеу жəне даму жолы болады.
Өткеннің өкінішін айтқанда, елдің еңсесін езе түсетіндей етіп емес,
тарихтан тағылым алып, кемшіліктерден безе түсетіндей етіп айту керек.
Тыңдай біліп заманыңның тынысын,
Төрге оздыру қазағымды —
Ұлы сын.
Мойындатсақ мұратыңды жаһанға,
Сонда гана...
Пенде емес —
Ұлысың!
Сонда ғана,
Ұлықтайды ұлысың.
Біз тойларды тарихтан тағылым алу, ұлылықтан ұлағат алу үшін
өткізуіміз керек.
Тарих бізбен тоқтап қалмайды.
Өмір де аққан дария сияқты, бір орнында тұрмак, емес.
Қасиетті қазақ жері — ата-бабаларымыздың, даңқты тарихын
атының тұяғымен жазып кеткен жер.
Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу — алдымен өзің тұрған
өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.
Өткеннің өнегесі — бүгінгінің баға жетпес байлығы.
Қазақ ұлты, басқа қай ұлтпен салыстырғанда да, мемлекеттікке
лайық екендігіне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дəлелдеп
отыр.
Болашаққа бағытталса ғана тарих сабақтарының мəн-мағынасы бар.
Ананың құлағы тұңғыш нəрестесінің алғашқы уілі мен сөздеріне
қаншалықты сергек болса, тарихтың жаңа туып жатқан кезеңдердің
сипатына көзқарасы да соншалықты ұқыпты.
54
Қазақстанның тарихы мен мəдениеті — бұл біздің жастарымыз
жасампаздықтың қуатты энергиясын көсіп ала алатын бұлақ көздері.
Тарихтың арифметикалық есептерден бір ерекшелігі: онда біржақты
жауап бола бермейді.
Артта қалған жиырма жыл — біздің, жаңа еліміздің ұлы
жылнамасының алғысөзі ғана.
Бабаларымыз
бізге
туымызды
биік,
жүрегімізді
таза,
дастарқанымызды бай етіп ұстауды, осы дұрыс жолда өзімізге тиесілі, біз
үшін пайдалы еш нəрседен де бас тартпауды аманат етіп тапсырды.
Қазіргі тарихтың кестесі тым тығыз. Бұрын жүзжылдықтарға,
онжылдықтарға созылған нəрсе қазір қас-қағым сəтке ғана созылады.
Тарих шартты райға мойынсыну дегенді білмейді, сондықтан əрбір
шешім тек бүгінге ғана емес, болашаққа да жауап беруі керек.
Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ.
Тарих сабақтарын жалпы алғанда, сондай-ақ мəдениет тарихының
сабақтарын жеке алғанда, олар халықтың жан-жүрегінен орын алса ғана
мəн-мағынаға ие.
Қазақ халқының тарихы бай əрі күрделі. Біз тек өткенді тиісінше
бағалап қана келешегімізді көз алдымызға елестете аламыз.
Тарих сол күннің сұранысына ғана сəйкес жазылса, оның тағдыры
аяушылық тудырады.
Тарихты елдің азаматтары жасайды.
Оның ұлы адамдары туралы түсінігіміз болмай тұрып бірде-бір
дəуірді дұрыс түсінуге болмайды. Себебі, адам тағдырының призмасы
арқылы тек қана тарихтың барысын түсініп қана қоймай, оның рухын да
сезінеміз.
Біздің ұрпақтың бойындағы тарихтың тынысы — бұл поэтикалық
метафора емес. Бұл біздің миллиондаған бабаларымыздың алдындағы
жоғары жауапкершілік.
Жарқын болашақ туралы ойлаған кезде жарқын өткеніміз туралы
ойлауды да ұмытпайың.
Қазақтың кең-байтақ жерінде аңызға айналмаған түс тіпті аз, бəрі де
55
қастерлі өлке, қасиетті мекен.
Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған əділ баға беру — үлкен
парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді.
Өткендердің қадірін білу, олардың арман-мүдделерін жалғастыру —
адамгершілік парыз ғана емес, қоғамдық дамудың ілгері басудың негізгі
алғышарттарының бірі.
Өткен заманды аңсау емес, тауқыметі мол болса да, өзіңе етене
жаңын өз тарихыңды қастерлеу қажет.
«Көшпелілер мал жайып өткен жерінің бəрін өзімдікі санай берген»
дейтін сандырақты ғылыми түрде əшкерелеу шарт.
Тарихтың тағылымы бізден ел қамын ойлар естілікті тілейді.
Атадан қалғанның бəрі алтын емес.
Қазақтың бүкіл тарихы — бірігу тарихы, тұтастану тарихы.
Қазақ — тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы
үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты
тағылымы, міне, осында.
Достарыңызбен бөлісу: |