Əдебиеттер:
Алшынбаев Ж. Кіндіктөбе //Орт.Қазақстан.-1995.-14 желтоқсан.
Асқартегi Т. Шерубай батыр: Естелiк əңгiме // Абай-Ақиқат.- Абай, 2002.- 23
қараша
Бексейiт С. Шерубай батыр: Шерубай батырдың туғанына - 310 жыл// Азия
Транзит.- Қарағaнды, 2003.- N6.-9 б.
Каренов Р. Шерубай батыр: [Қазақ батырының 310 жылдығына арналды] // Қазақ
батырлары.-2003.- шiлде(N7).-4-5 б.,тамыз(N8).-4 б.
Каренов Р. Жауына ойран салған Шерубай батыр // Азия Транзит.- Қарағанды,
2001.- N1.-39-41 б.
Кəренов Р. Аты ұранға айналған Шерубай батыр: Шерубай батырдың туғанына -
310 жыл// Азия Транзит.- Қарағанды, 2003.- N6.-4-8 б.
Орайханұлы С. Шерубай батыр: Қарағандының 70 жылдық мерейтойына//
Орт.Қазақстан.- 2004.- 6 қараша-16 б.
Орайханұлы С. Шерубай – ердің заты, жердің де аты //Орт.Қазақстан.-1995.-14
желтоқсан.
Жалаңтөс Жансарыұлы
(1696-1768)
Тарихқа үңілсек үш Жалаңтөс батыр болған. Бірі – қалмақ пен
қазақ арасындағы Орбұлақ шайқасында 20 мың қолмен келіп
қатысқан Самарқанд билеушісі. Екіншісі – атақты тарихшы-ғалым
Əлкей Марғұлан айтып кеткен Жалаңтөс. Үшіншісі Арғын тайпасы
Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан баһадүр. Ел ішінде
«Шақадан туған Қараменде бидей еді, Құлықтан туған Жалаңтөс
батырдай еді» деген нақыл сөз бар. Жалаңтөс батырдың əкесі-
Жансары. Оны жеңгелері Құлық деп атап кеткен. Кейін қалың елге
Құлық атымен жайылған ол ағайындарға мейірімді, елге беделді,
шаруақор адам болыпты. Оның атамекені Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы
Қызыларай тауының күнгейіндегі Қаратал өзенінің бойы.
Сол Құлықтың балаларының үлкені Жалаңтөс қолына жастай найза алып, елін
жаудан қорғауға ат салысады. Дау-жанжалдарға араласып, билік айтуға қатысады.
Абыз бабамыз Қаз дауысты Қазыбек бимен, Балқаш көлінің теріскейіндегі
Тобықтының атқамінерлерімен, Нұра бойындағы Қуандықтың белді адамдарымен ерте
араласқан Жалаңтөс өзінің батырлығымен, тапқырлығымен жұрт көзіне түседі.
8
9
Балқаш көлінен бастап, Қоңырат, Əулиеата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау
мен Қарағанды аралығындағы сайын даланы дұшпаннан азат етуге қатысқан Жалаңтөс
баһадүрге Қаз дауысты Қазыбек би ерекше ден қойған. Бірде ауылын шауып,
жылқысын айдап кеткен қалмақ ханына құн сұрай барған бидің қасындағы
батырлардың арасында Жалаңтөс пен баласы Алтай да болған.
Қазыбек бидің бес ұлының ортасында ерке өскен ақылды қызы Манқан
Жалаңтөсті ұнатады. Қалмақ еліне барған сапарынан мінезіне қанық, батырды жақсы
білетін Қазыбек би қызының теңін тапқанына ризашылық білдіреді. Манқан
Жалаңтөстен Бəйгел, Берістен, Белтей, Серке деген төрт ұл көтереді.
Жалаңтөс Қанжығалы Бөгенбайды пір тұтқан. Баһадүрдің қасында жүріп сан
жорықтарға қатысқан. Атақты Бұланты шайқасында көзге түскен. Жас батырларды
тəрбиелеп, маңына шоғырландыра білген.
Бір жылы Сарыарқаны емін-еркін билеп-төстеуді арман еткен қалың қалмақ
Қарағанды төңірегін басып алуға күш жұмсайды. Жауға Түйте, Жарылғап, Керей Есей,
Құлық Жалаңтөс, Əлтеке Жидебай, Төлеңгіт Қасабай, Қожағұл Торақ, Тобықты Байзақ
бастаған батырлар қарсы шабуылға шығады.
Осы майдан төсінде Жалаңтөстің көзіне қалмақтың дəл атқан жебесі қадалады.
Батыр көзіндегі жебені өзі суырып алады. Бірақ соғысты тоқтатпайды. Қазақ қолы
жеңіске жетеді. Жалаңтөстің бір көзі шыққан өзенді жұрт бұдан былай «Соқыр өзені»
дейтін болған.
Əдебиеттер:
Қашқынов Ж. Апайтөс батыр – Жалаңтөс// Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.-N2.-
39-42 б.
Қашқынов Ж. Халқымен қауышқан баһадүр //Орт.Қазақстан.- 1996.- 23 мамыр.-6
б.
Тоғжанов Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т. Аршабеков.-
Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 324 бет.
Халиолла М.Ж. Батыр баба зираты басындағы ой //Орт.Қазақстан.-1995.-17 қазан.-
4 б.
Нияз батыр
ХVІІ ғасырдың соңы ХVІІІ ғасырдың басы Сарыарқа жерінде мамыржай тіршілік
болмағанға ұқсайды. Бұл заман Еуразияның кең байтақ далалық өңірін мекендеген
көшпелі ұлыстардың апшысын қуырылып, өрісінің қысқарған кезеңі. Батыстан жауар
бұлттай түнеріп Ресей империясы төнсе, Шығыстан Мəнжүр əулетіне бағынышты қара
құрттай Қытай қаптап келді. Қазақтың ежелден келе жатқан ескі жауы қалмақ болса
өзінің ата қонысынан батысқа қарай лықсып, Сарыарқа мен Жетісуға ендеп енді.
Ел басына осындай күн түсіп, ат ауыздықпен су ішіп, ер азамат қан кешкен
заманда қазақ ынтымағын ойлап, мемлекеттігін жаңғыртуды көксеген асыл
азаматтардың бірі Орта жүз Нияз батыр еді. Оның тегі Сайдалы (Сайдалы-Арыстан-
Барқы-Нияз болып келеді). Өзі үш ағайынды екен, бəрі де бірінен бірі өткен батыр
болған. Нияздың тұқым-жұрағатындағы шежіре-аңыздар ете жұтаң. Соның бірі
Сайдалы Нияз батырдың Орта жүз сұлтаны Абылайды қалмақ тұтқынынан босатып
алуы. Тарихи деректер бойынша қалмақ пен қазақтың арасында жаугершілік қызып
түрған 1741 жылы Ұлытау баурайында Абылай Қалдан Сереннің əскеріне жолығып
қолға түседі.
Қазақ шежіресіне иек артсақ əңгіме былай болған. Абылай бір соғыстың кезінде
Қалдан Сереннің жақын туысы, кей шежіреде інісі делінеді, Шарыш деген батырды
жекпе-жекте өлтірген. Оның үстіне сол жылдары қазақтың ішіне Сына батыр деген
лақаппен башқұрттың Қарсақал деген батыры жүрген. Шын Сына батыр Қалдан
10
Сереннің əкесі бір, шешесі бөлек інісі, ағасымен таққа таласып Еділ бойына ауып, сол
жерде 1732 жылы қайтыс болады. Сына атын Қарасақалдың пайдаланып жүргенінен
бейхабар қалмақтың біраз жақсысы Сына қазақ ортасына дегенді естіп, Қалдан
Сереннен бөліне көшіп Абылай қол астына келген. Сол қалмақтың біразы Бес Мейрам
руларының арасына сі кетті. Қалдан Серен:
-Кісімді өзіме қайтарып берсін, - деп елші жіберсе, Абылай қайырып бермепті.
-Қалдан Серен қолынан келгенін менен аямасын, -деп. Бұл турадан Қалдан Серен
қалмақтың өзінен басқа Қонтəжі болсын, Аюке болсын (Еділ бойындағы құба
қалмақтың ханы) баршасына ат шаптырып:
Көктің астында,
Жердің үстінде,
Абылай хан бар болса,
Қоймасын ұстап алыңдар, -
деп Сүзекенің қолы деген қол аттандырыпты. Жəне қалмақтың жайсандарына
жарлық беріпті:
Абылайды тірі ұстап əкелгендерің Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың
малсыз беремін деп. Ұлытауда бүркіт салып жүріп, ұйықтап жатқан жерінен Абылайды
қалмақтың қолы ұстап алыпты. Жөн ұүраса, бір ғана өзі үшін аттанған қол екенін
білген соң, күтінбеген елді шаптырып қайтемін деп Абылай:
- Мен, іздеген Абылайың, - депті. Қалмақтың қолы Қалданның тапсырған
Абылайын тапқан соң елге тимей қайта беріпті.
Абылай қалмақ қолында екі жылдан астам уақыт тұтқында болып, ақыр соңында
абыроймен, сый сияпатпен, Топыш сұлуды алып келгені оқырман қауымға онсыз да
белгілі оймен тиянақтап жазуды артық санаймыз. XVIII ғасырдың жырауы Үмбетейдің:
Қалдан ханның əскері
Іздеп сені əрі-бері,
Қапыда ұстап алғанда,
Алып барып Тəшкенде
Көр зынданға салғанда,
Елің қирап қалғанда,
Тоқсан жақсы үш жүзден
Сені сұрап барғанда
Өлтірем деп Қалдан хан
Орайына Шырыштың,
Сөзіне қарсы сөз айтып, .
Жауаптастың, қарыстың.
Қапияда тұтылдың,
Қалмакқа бітеу жұтылдың,
Шешендік жолын тұтындың,
Үш ауыз сөзбен құтылдың,
Ұмыттың ба соны Абылай! -
деп жырлауы шежіреде айтылған жағдайды одан əрі нақтылай түседі.
Абылай мəселесін шешу үшін қалмаққа алғаш тоқсан жақсыны бастап
Қаздауысты Қазыбек барды. Екінші елшілікті Сайдалы Нияз бастап барып Абылайды
Қалдан қолынан босатып алып келген. Бұл мəселе тарихи құжаттармен де, ауызша
шежіремен де тікелей дəлелденді. Шежіреге қарағанда қалмақ еліне барған елшілікті
қалмақтың қара арғымаққа мінген алпамсадай батыры қарсы алып жекпе-жекке
шығатындай батырын болса шығар, мəмле-мəселе батырдың шайқасынан кейін
басталды-мыс десе керек. Сонда Нияз батыр пайғамбар жасына келген кез екен өлсем
жаным Абылай сұлтаннан қадірлі емес, өлмесем жолымыз болып сұлтанды қапастан
алып шығамыз деп майдан ортасына шығып, қалмақтың батырын киімінен жанай
шаншып, жерге түсіріпті дейді. Жерде домалап жатқан қалмақтың кеудесіне найзаны
тіреп қойып мен сенің қаныңды мойныма жүктемеймін, Абылай сұлтанның жолына
кештім: Ханыңа айта бар сені жеңген 63 жастағы Сайдалы Нияз батыр депті.
11
Қалдан Серен көп ойланып апырмай, бұлар тегін жау емес екен, келіссөз
жүргізуге тұрарлық адамдар екен деп алғашқы сынақтан аман-есен өткен елшілерді
дұрыс қабылдапты деп əңгімелейді шежіре. Келіссөз кезінде, Нияз батыр Қалдан
Серенге үш талап қойыпты:
-Біріншіден, Абылайдың өлі болса сүйегін бер, тірі болса өзін бер.
-Екіншіден, Есіл-Нұра бойындағы жайлауымды бер. Бұл жерден іргеңді алыстат.
Өйткені, екеуіміз екі туды тігіп алып, біріміз Еділге, біріміз Есіл-Нұраға қарай
тартамыз. Сонда қазақтың жартысы саған еріп кетсе мен үндемеймін, қалмақтың
жартысы саған еріп кетсе сен үндемейсің депті.
Қалдан Серен Ниязға бірінші өтінішінді орындау үшін бір жұма уақыт керек
дейді. Сөйтсе олар Абылайды сіріге қаптап тастапты, соны жібітпек екен. Ақыр
аяғында қалған екі талабың ақылға қонады деп Қалдан Серен келісімге келіп,
Абылайды босатып береді. Есіл-Нұраның басынан қоныс аударады.
Нияз батыр қазақ жерінің тарихын ресейлік ғалымдардың алғашқысы болып хатқа
түсірген П.И. Рычковқа көп мəліметтер берген адам. Қазақтың хан шежіресін
Əбілмəмбетке дейін таратып берген де, басты-басты рулардың арасындағы жол тəртібін
түсіндірген де, Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды атап айтып, олардың қазақ
тіршілігіндегі орнын анық көрсеткен де Нияз батыр. П.И. Рычковтың "Топография
Оренбургской губернии" кітабының негізгі деректері сол жолғы кездесуде жинақталды.
Тамыздың аяғы, қыркүйектің басындағы көп мəжілісте қазақ қолындағы орыс
тұтқындарын босату, ақ патшаға, Санкт-Петербургқа елшілік жіберу, қазақ арасында
ты-ғылып, орыстан бой тасалап жүрген башқұрт көтерілсінің басшысы Қарасақал
батыр, Ресей керуендерін тонауды тоқтату, 1733 жылғы тоналған керуеннің тауарын
қайтару, Ресей елшіліктерін, керуендерін қазақ жерінен аман-есен өткізу мəселелері
талқыланды. Ол заманда ел жаугершілікке үйреніп қалған, бəрі қарулы, оның үстіне заң
билігі "ақтабан шұбырындыдан" кейін орныға қоймаған уақыт. Өзге елдің адамы түгілі,
қазақтың езі де жолаушы жүргенде қауіп-қатерсіз болмайтын. Нияз батырдың көп
сөйлескен тақырыбы сауда керуендерінің қауіпсіздігі, Түркістан, Ташкенттегі орыс
саудасын қолдау "а теперь усердно желают, чтобы торги к ним в Туркистан (ибо он,
Нияз батыр, житель Туркистанской) и в Ташкент бесприпятственно продолжались".
Сауда керуендерін тонауды тоқтату, оларға салық салмау мəселелері
талқылағанда Нияз батырдың ұсынысы бойынша үш жүздің осы жиынға келген белгілі
аталардың өкілдері шақырылып, олардың əрқайсысына өз елдерінің ішіндегі ұрыс-
қарыны тыю жөнінде талаптар айтылды. Тіпті Алтайдың өзінен Олжагелді Қареке би
ұлы, Екібай Бекайдаров, оның інісі Баба Бекайдаров, Өтеулі Құлмырзаұлы, оның
қосшысы Үмбетай Бегенов т.б. шақырылды.
1741 жылғы Құба қалмақпен жасалған бітімнің кезінде де Нияз батыр белсенді
қызмет атқарды. Əбілмəмбет Құба қалмақтың ханшасымен келісіп құда болды. Ол
кезде Құба қалмақтың Дондук Омбо деген кан əліп, оның орнына уақытша бəйбішесі
Дарма бала иелік жасап отыр еді.
Қарасақал мəселесіне байланысты 1740-43 жылғы келіссездерге Нияз батыр түгел
қатысты. 1742 жылғы Əбілқайырдың Орынбор комиссиясына жазған хатында да Нияз
батыр аты аталады. Түркістан мен Ташкентте билік құрған Əбілмəмбет хан мен Барақ,
Жəңгір сұлтандарды, қала маңына иелік еткен Мырзағүл мырза мен Нияз батырды
Ресейге қарсы күштерді ұйымдастырушылар дейді (44, 190 б.).
Қазақ шежіресінің Абылайды тұтқыннан босатып алып келген Нияз батыр деген
дерегін ресейлік құжаттары да растайды. Орынбор генерал-губернаторы И. Неплюев
1742 жылы күзде патшаға жазған хабарында бірнеше мəселені көтерген: "Абульмамбет
хан... по много имевшемся секретным советом с бывшими при нем эюнгарскими
посланцами и с некоторыми киргизскими старшинами, а наипаче с Нияз батыром,
Давлет баем, да Шамратом, которое и напередь сего лежащих около Ташкента городов
дань обирывали, отправил ко одному зюнгарскому владельцу меныпого сына своего
Абулфеиза с помянутым старшиною Нияз батыром, про которого ска-зывают, что он
паче всех его ханским духом владеет...".
12
Ендеше екі жыл бойы қалмақ тұтқынында болған Абылай сұлтанның аман-есен
еліне қайтқаны, Нияз батырдың еңбегі. Жоңғариямен осы жылы жасалған əскери-одақ
екі елдің арасында біраз жылдар бойы тыныштықты ұстап отырды. Ресей мен Қытайға
бағынбай тəуелсіз отырудың ең басты шарты екі ел арасындағы ынтымақ деп түсінген
көшпелі екі ұлыс өз арасында ақ үйлі аманат алмасты. Қалдан Серенге Нияздың алып
барғаны да осы татулықтың белгісі ретінде Əбілфеиз бастаған ақ үйлі аманат еді.
Қалмақ енді бұдан былай қазақтың қонысына соқтықпауға уəде берді. Тəшкент пен
Түркістанға, Сарыарқаға тыныштық орнады.
Нияз батыр туралы екінші əңгіме, жоғарыдағы келісімнен шығады. Көшіп бара
жатқан қалмақтардан олжа алып қаламыз деп Нияз батырдың екі үлкен баласы
Əлдеберлі мен Байназар əкесінің тілін алмай аттанады, - дейді шежіре. Нияз батыр мен
антты бұзбаймын, бейбіт кетіп бара жатқан елдің берекесін алмаңдар дегеніне екі ұлы
көнбепті. Содан қалмақтың көшіне барып тиген уақытта екеуі бірдей қолға түсіпті.
Қалдан Серен оларды Нияз батырдың балалары болғандықтан, өлтірмей аман-есен
қайтарыпты.
Нияз батырға байланысты ел жадындағы əңгіменің бірінде оның мемлекет
шаруасымен қатар ағайынның да жағдайын ойлайтын қамқор азамат екені айтылды.
Шамасы Абылай сұлтанды тұтқыннан босататын жолы болса керек, қалмаққа аттанып
бара жатқан Ниязға қартайған ағасы Аралбай Өмірді тауып əкел деп етініш айтыпты.
Барған шаруалары оңынан шешіліп, енді елге қайтамыз дегенде Нияз батыр нені
ұмыттым, нені ұмыттым деп қасындағылардан сұрай беріпті. Сонда жанында батыр
інісі Ақтайлақ бар екен. "Өмірді ұмыттың. Аралбай ағаңның аманатын ұмыттың" - деп
айғай салыпты. Сонда Нияз батыр қайтадан Қалдан Серенге жолығып қалмақ
қолындағы тұтқындарды түгел қарап, арасынан Өмірді таптырып алып еліне алып
қайтқан екен. Өмірді қалмақ деуге осы əңгіме себеп дейді.
Дегенмен Нияз батырға қатысты əңгіменің соңы Тəшкент пен Түркістанға
байланысты. Біздің шамалауымызша Нияз ертерек атқа мінген ел таныған төрге
шыққан адам.
Əдебиеттер:
Тоғжанов, Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т. Аршабеков.-
Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- 324 бет.
Іслəмұлы І. Шежірелі өлке - Жаңаарқа: Таным// Азия Транзит.- Қарағанды, 2000.-
N7 (қыркүйек).-9-17 б.
Байғозы Наймантайұлы
(1705-1803)
Байғозы Наймантайұлының туып - өскен жері Арқаның
Ортау, Қызылтау деп аталатын сілемді тауларының арасы.
Батырдың шыққан тегі Орта жүздің ноқта ағасы тарақты
руынан. Шежіре дерегі бойынша он екі ата тарақтының бір
атасы Қыдыр болса, одан – Қаржау, одан – Есенгелді, одан –
Сүтемген, одан – Наймантай батыр, одан – Байғозы батыр
туған. Бағозының əжесі, яғни Наймантай батырдың шешесі
Шолпан – Кіші жүздің жетіруын билеген тархан Есет батырдың
(1667-1749) туған қарындасы. Ал, Байғозының туған нағашысы
əйгілі Қанжығалы Бөгенбай батыр. Байғозының анасы Баяу –
Қанжығалы Бөгенбай батырдың туған қарындасы.
Байғозы батырға топырақ бұйырған жер – Қарағанды облысының Жаңаарқа жəне
Шет аудандарының жапсарындағы Жаман Сарысу өзенінің бойы. Ол кездің ел-жұрты
негізінен көшпелі өмір салтта болған. Тарақтылар жаз айларында Шажағай, Атасу,
13
Сарысу, Есіл өзендерін бойлай көшіп, солтүстіктегі Көкше өңіріне дейінгі алапты
жайласа, қысқа қарай Шу мен Сырдария өзендерінің бойын қыстап қайтып отырған.
Байғозы батыр күздің жаңбырлы қара суығынада оңтүстікке қарай көшіп келе жатқанда
дүние салса керек. Өлерінде төңірегіндегілер: “Япыр-ай, не қыстауда емес, не жайлауда
емес – орта жолда ауырып қалдыңыз-ау!” дегенде, Байғозы батыр: “Маған қазақ
жерінің жаттығы жоқ. Өлсем Жаман байдың жанына қойыңдар. Өзен Жаманның
атында қалып, жердің аты маған бұйырар”, депті. Айтқанындай Сарысу өзенінің бір
сағасы күні бүгінге дейін тарақты Жаман байдың атымен “Жаман Сарысу” деп аталса,
Байғозы батырдың бейіті тұрған жер “Байғозы басы” деп аталады. Сол атаулармен
картаға да түскен.
Байғозы алғаш əкесі Наймантайға еріп, жауға аттанғанда жасы он сегізде екен.
Байғозы батырдың он сегізінде жауға аттанатыны 1723 жыл. Əйгілі “ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұламаның” басы. Сол жылы қыс қатты болып, қазақ даласы “ақ
мешін” жұтына ұшырайды. “Жұт жеті ағайынды”, “Жығылған үстіне жұдырық”
дегендей, жұттан тұралап шыққан елге жоңғардың 70 мыңдай əскері тұтқиылдан лап
қояды.
Сол кезден бастап жау-жарағын иығынан түсірмеген Байғозы батыр қазақ пен
қалмақ жасақтарының арасында болған Бұланты, Қарасире, Талқы, Қозымаңырақ,
Қалба, Терісаққан, Аңырайқай, Хантау, Қызылтау, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы,
Ыстықкөл шайқастарының бел ортасында болып, ерен ерліктер көрсеткен. Ол
ерліктерінің небір ғажайып оқиғалары Ш.Уəлихановтың, Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің
еңбектерінде.
Ш.Уəлиханов еңбектерінде былай суреттейді.
“Торғауыттардың өкшелей қуған шабуылынан кейін қазақтар ашық далада дамыл
алып жатса керек. Қазан көтеріліп, жылқының сүр еті асылып, торсықтағы құрт езіліп,
ұзақты күнге əл болар таңғы тамақтың ішілер кезі екен. Керіп тастаған еңселі шатыр
ішінде Абылай отырады. Келесі бір шатыр өзімшілділігімен жұртқа мəлім болған арғын
Шақшақ Жəнібек батырдікі. Батыр насыбайын атып, ой үстінде үнсіз түнеріп
отырыпты. Бір кезде қазақтың жас жігіті астындағы атын сау аяңдатып, төніп келген
бетінде:”Жəнібек батыр, шақшаңыздан ауыз тигізіңіз!” – деп, ат үстінен қол созады.
Мұндайға лып ете қалатын Жəнібек пе, жан-ау деп мойын бұрып қарамайды да. Қарау
былай тұрсын, жақтырмаған шырай танытып, түнерген қалпында шақсасын алады да,
сары сақтиян етігіне тық-тық соғып, асықпай, бияздап, насыбайын атып, шақшаны
қайтадан қалтасына салып қояды.
Кешікпей-ақ ханның дабылы қағылып, əр ру өздерінің белгі туларының астына
жинала бастайды. Алдыға өңшең сауыт құрсанып, қарқаралы дуылға киген, садағы мен
жебелі қорамсағы салпылдаған батырлар шығып, ханды қоршай тұрысады. Жорық
жолында хан кеңесі осылай құрылатын. Бір пəтуағы келген келісім бойынша,
дұшпанның күші қаншалықты басым болғанымен, қазір шабуылға аттанулары керек.
Ол үшін алдын ала шолғыншы шығарып, торуылдап қайту үшін ебі бар жігіттер
шақырылады. Осы кезде бірінші болып əлгінде Жəнібектен шақша сұрайтын жігіт
шығады.
Жəнібек батыр олардан: “Жаудың қарасы қанша екен?” –деп сұрайды. Сонда əлгі
шақша сұрайтын жігіт суырылып шығып:”Көпте емес, аз да емес”, -деп жауап береді.
Ұрыста тұрыс бола ма, шайқас басталып кетеді. Қалмақтар он мың болса керек.
Қазақтарды жайпап, тықсырып, əрі-беріден соң өкшелей қуып береді. Əсіресе, қара
түндей түнерген, қара ат мінген, қапсағай қалмақ туын желбірете қуып, қазақтардың
жеткенін баудай түсіріп келеді дейді. Осынау аласапыран шегіністің жуан ортасында
Жəнібек те келе жатса керек. Бір мезгілде: “Япыр-ау, мына дүлейді тоқтататын бір
қазақтың тумағаны ма!”- деп, айқай салады. Сол баяғы шақша сұрайтын жігіт атының
ауыздығын шірей тартқан қалпы жалт бұрылып, қайқайып тұра қалады да, садағын
қолына алады. Керілген адырнадан зың етіп ұшқан жебе қалмақты қалбаң еткізіп, аттан
жұлып түсіреді. Алапат тегеурінмен атылған оқ одан əрі бұландай ұшып, көзден ғайып
болады. Оғының қалмақтан өтіп, бұлаңдай ұшқанын көрген жас батыр: “Мына дүлей
құдайдың терісін жамылып алғаннан сау ма!” деп қынжылған екен.
Туы жығылып, батыры өлген дұшпанның есі шығып, еңсесі түседі. Қазақтар осы
сəтті пайдаланып, бел ала ұрыс салып, қалмақтарды түре қуып, дұшпаннан күшін
асырған екен. Сонда қара атты қалмақты түсірген Байғозы батыр деп аталатын жас
жігіт Жəнібек батырға жанасып келіп: “Батыр, шақшаңыздан ауыз тиетін кез енді келді-
ау деймін”,-депті.
Тарақты руынан шыққан Байғозы батыр алғаш рет осындай ерлігімен көзге түседі.
Содан бастап оның есімі дүйім жұртқа əйгілі болған екен.
Байғозы батыр – қазақ халқының елдігі мен еркіндігін қорғау жолында жоңғар
шапқыншылығына қарсы жүргізілген соғыстарда ерен еңбектер жасап, иісі қазаққа
даңқы жайылған батырларының бірі. Қан майданда талай-талай сыннан өткен Байғозы
батыр Абылайханның ту ұстаушы батырларының бірі болған.
Əдебиеттер:
Айтұлы Н. Ерлiкке тағзым: Байғозы батырдың туғанына - 300 жыл//
Орт.Қазақстан.- 2005.- 21 шiлде.- 11 б.
Арынұлы С. Тарақты Байғозы батыр// Жас Алаш.- 2001.- 28 тамыз.-4 б.
Əбiлдинов Қ. "Тарақтыда - Байғозы, бұ да асқан ер едi": тойдан тəбəрiк//
Орт.Қазақстан.- 2005.- 18 тамыз.- 9 б.
Жұмаділдин А. Жаңаарқа: Дерекнама .-Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003.-
521 бет.
Жүсiп Н. Елдiк пен ерлiк жолында ерлердiң iсi бiтпейдi: [Байғозы батырдың
мерейтойы]// Егемен Қазақстан.- 2005.- 18 тамыз.-1-2 б.
Кəдір-Төлек С. Тарақтыдан Байғозы, жауды жеңіп алға озды //Азия транзит.-
Қарағанды, 2005.-N9.-4-5 б.
Кекiлбайұлы Ə. Қазақ тарихының қақ төрiнен орын алатын тұлға: [тарақты
Байғозы батырдың 300 жылдық тойы]// Егемен Қазақстан.- 2005.- 18 тамыз.-3 б.
Рақымов Б. Аңыз бен ақиқат: Байғозы батырдың туғанына - 300 жыл//
Орт.Қазақстан.- 2005.- 11 тамыз.- 8 б.
Сейдiмбек А. Байғозы батырға құрмет// Орт.Қазақстан.- 2001.- 23 мамыр
Сейдiмбек А. Байғозы батыр// Егемен Қазақстан.-2005.- 22 шiлде.-3 б.
Тарақты Байғозы батыр// Азат.- 2003.- 21 мамыр.-6 б.
Тобаяқов Б. Байғозы батыр// Орт.Қазақстан.- 2005.- 18 тамыз.- 9 б.
Тоғжанов Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т. Аршабеков.-
Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 324 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |