Сеңкібай Оразғұлұлы
(1709-1786)
Сеңкібай батыр 1709 жылы қазіргі Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданында туып, 1786 жылы Шет ауданының
Қызылту жайлауында сексеннен асқан жасында қайтыс
болған. Руы- қарашор.
14
бір сыйласымды заманд
Қалың ел Арғын тайпасының ХVІІ жəне ХVІІІ
ғасырларда «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұламаға» дейін
Сыр бойында көшіп –қонып жүргені тарихи ақиқат. Сол
Арғыннан тараған Қаракесек руына жататын Қожас батыр
Əнет бабаның адалдығы, əділеттілігі үшін жақсы көретін өте
асы болған. Осы тұстағы құба қалмақ шабуылы кезінде Қожас
елін қорғауда ерен ерліктер көрсетіп, ерекше көзге түседі. Оның жаудан тайсалмас
батылдығына, қайсарлығына риза болған Тобықты руының əрі иісі қазақ халқының
15
қадірменді биі, ақылгөй Əнет баба өзінің кіші қызы Тоқта сұлуды Қожас батырға
қосады.
Қожастың сол Тоқта сұлу əйелінен Құлбас, Бектас eciмді перзенттер дүниеге
келеді. Бектас та жасынан өжет болып, ел намысын корғауға ат салысады.
Халық арасында Жаксы қара атанған Қожас батырдың ұpпaғы Бектастан: Мойнақ,
Бөргөз, Opaзғұл eciді балалар тyғaн. Мойнак жасынан ел арасындағы дау-
шарларды шешуге араласып, би атанады. Ал Бөргөз жас күннен қару ұстап, қал-
мақтарға карсы талай рет шайқастарға қатысады.
Қара шаңырақ иесі Оразғұл ел ішінде адамгершілігі, қайырымдылығы мол,
парасатты дəулет иeci болған. Оразғұлды халык қадірлеп Ожаң деп атап
кеткен, Қазіргi ұрпағы да Ожан, балалары делінеді. Ол — ұзак жасаған адам;
Оразғұл жасы ұлғайып қaлғaн кезде үйленген үшінші əйелі—қарақалпақ қызы.
Оның бəйібшесінен — Сеңкібай, A қ к i c i , Желтау, Найза, Акжол,Балта, Қылыш,
Жолдыбай eciмді ceгiз ұл туған. Coлардың ең үлкені, төл басы—Сенкібай. Екінші
əйелі Сырымбикеден— Шой, Койсары, Тайсары, үшінші əйелінен—Сасықбай,
Далбату деп аталатын Қара ұрпақтары тарайды. Ал көп ұлдың 6ipi Тайсары
болса ел арасында Атам аулы атанған. Өйткені, Opaзғұл осы Тайсарының
қолында кайтыс 6oлған. Ол қазіргi Қарқаралы ауданынын, «Бейбітшілік»
совхозынын, жеріндегі «Оразғұл басы» деп аталатын кең, өлкеде тас бейітте
жерленген. Ел аузындағы аңызға қарағанда мұнда оның мəіті аманат ретінде
қойылған. Ожанның мүрдесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассуидің мазарына
жеткізілуі тиіс болған. Бірақ, сол тұста жонғарлардың үсті-үстіне жасаған
шақпыншылығы салдарынан елбасына туған аума-төкпе ауыр заман сол өсиетті жүзеге
асыруға мүмкіндік бермеген...
1726 жылы Бөгенбай батыр 10 мың қолмен Алакөл шайқасына бара жатқанда
жолшыбай Қарқаралының Жарлы өзенінің бойына тоқтап, əскерін демалдырып,
жүздіктерге, мыңдықтарға, бөліп, əртүрлі ұрыс тəсілдерінен жаттығулар жасатады.
Ол сол маңда «Қожас батырдың ауылы жайлап отыр» дегенді ecтіп, əкесінің жақын
досына сəлем берейін жəне одан бата алайын деп арнайы іздеп барады. Бұл тұста
Қожас сек-сеннен асса да əлі тың, ширақ екен. Атағы жер жарған арыстандай
айбарлы Бөгенбай батырдың əдейі сəлем бергелі келгеніне көңілі таси риза
б о л ы п , о н ы ү л к е н қ о ш а м е т п е н қ арсы алады. Қожас дəулеті мол баласы
Opaзғұлға бірнеше арнайы үй тiктіріп, Бөгенбай батырға ерекше сый көрсетеді.
Əcipece Ожаңның үлкен баласы Сеңкібай қонақты күтуде асқан ілтипат жасайды.
Бөгенбай жас Сенкібайдың көрсет-кен құрметіне шексіз риза болады.
Қожас осы жолы Бөгенбай батырға шөбересі Сеңкібайдан зор үміт
күтетінін айтады. Сеңкібай қарт атасы Қожас батырдың тəрбиесінде болып, жас
күжнен садақ тартып, найза сілтеуді, жекпе-жекке шығуды машықтанады. Ат
құлағында ойнап өседі. Ержүрек, орақ тілді ол тіпті он бес жасында ауыл
арасындағы, ағайын ішіндегі реніш пен қуаныштарға ортақ болып, даулы
мəселелерге өз пікірін білдіре бастаған екен. Сеңкібайдың əділдігі, ақыл
парасатының тұлғаланып келе жатқандығы ерте сезіледі. Бөгенбай батыр
жорыққа аттанарда:—Қаракесекте қара көп қой, Қожас батырдың, ұрпағы
бүдан былай «Жақсы қара» деп аталсын деген бата береді. Бұл кезде ел билігіне
етене араласып жүрген Мойнақ би Бөгенбайға оң сапар тілей отырып: - Осы жорыққа
Сеңкібай да сіздің қасыңызға еріп, əскерлеріңізбен бірге аттансам екен деп тіленіп отыр.
Қасыңызға ертіп, қолтығыңызға алуды өтінеміз, - дейді.
Бөгенбай батыр Сеңкібайдың тұр-тұлғасына, жүріс-тұрысына, сабырлы да
салиқалылығына, батыл қимыл əрекетіне оны көргеннен бері көңілі əбден толғанын
жасырмай, «Жарайды, өз жанымда болсын» деп келісім береді. Бұл кезде Бөгенбай батыр
45 жаста болса, Сеңкібай 17 жасқа жаңа толған екен.
Ол бір жойқын бəсеңдемеген, шапқыншылық толастамаған кез еді. 1723 жылғы
жоңғарлар соқысынан кейін есін жия сала қазақ батырлары қайтадан атқа қонып, қолына
найза алуына тура келді. Өйткені, жау жан түршігерлік айуандық əрекеттерді одан əрі
16
өршіте түскен болатын. Жоңғарлар қолға түскен еркектердің басын кесіп, əйелдерді
шашынан матап, малша қосақтап айдап əкетумен болады.
1728 жылы Сарыарқаға еніп кеткен жоңғарларға қазақ қолы бірнеше соққылар беріп,
олардың бетін қайтарады.
Нұра даласында жоңғарларға қарсы бір соғыста 20 жасар Сеңкібай Қонтажының
немересі Əмірсананың басқаруындағы 10 мыңдықтың қолбасшысы Ноян Қоренге қарсы
жекпе-жекке шығады. Жас батыр Сеңкібай астындағы Көкдауыл тұлпарын ойнақтатып,
майдан даласына қасқая, бет түзейді. Ноян Қорен онымен жас шамасы қатарлас, бірақ ірі
денелі, қара нардай жуан, білектей ұзын айдарлы, қабығынан қар жауған сұсты екен. Ол:
«Ал, қазақ батыры, арманда кетерсің, алғашқы кезекті саған бердім» деп айғай салады.
Көкдауылын ойқастата шауып, етің қызд-ау деген шақта сол қолында найзасын, оң
қолында Қожас атасының жеті бүктемелі ақ семсерін ұстаған Сеңкібай құйындай
ызғытып, жауға қарай ұмтылады. Қалмақ батыры аса қауіпсінбей, оны менсініңкіремей
жайбырақаттау тұрады.
Сеңкібай атын жұлдыздай ағызған бетінде сол қолындағы емен сапты найзаны
Ноян Қоренге шаншуға ұмсына беріп, ақ семсермен жаудың мойын тұсынан сілтеп
үлгереді. Тегеуірінді күшпен сілтенген ақ семсер жау батырының дөңбектей басын
шауып өтіп, оның басы жерге домалап түседі. Қан шапшыған ауыр дене ат үстінен гүрс
қулайды. Жеңіске жігерленген қазақ қолы «Ақжолдап!» ұрандап, жауға қарсы
өршелене көтеріледі.
Бөгенбай, Малайсары, Олжабай батырлар Əмірсана əскерінің тас-талқанын
шығарып, оңтүстік шығысқа қарай ығыстыра қуады. Осы шайқастан кейін
Сеңкібайдың есімі елге кеңінен тарай бастайды…
Əдебиеттер:
Артықбаев Ж.О., Жакин М.С. Шет өңiрiнiң тарихы.- Қарағанды: ҚарМУ, 1998.-
275 бет.
Қашқынов Ж. Абылайдың жауға шапқан қос батыры // Азия Транзит.- Қарағанды,
2001.- N11.-21-24 б.
Қашқынов Ж. Сеңкібай мен Жидебай баһадүрлер //Орт.Қазақстан.-1994.- 8 қазан.
Мəкенбайұлы Қ. Сеңкібай батыр Оразғұлұлы ел қорғаны болған //Қарқаралы.-
1992.- N7-8.- 2-11 б.
Мəкенбайұлы Қ. Сеңкібай батыр //Мысты өңір.-Жезқазған, 2006.-20 қаңтар.-8 б.
Омарбекұлы М. Даңқты бабаға ескерткiш-белгi қойылды: мəдени мұра//
Орт.Қазақстан.- 2005.- 15 қазан.-14 б.
Омарбекұлы М. Қарқаралыда даңқты бабаға ескерткiш-белгi қойылды//
Қарқаралы.- 2005.- 8 қазан.-3 б.
Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі,
2001, - 592 бет.
Жидебай Қожаназарұлы
(1713-1812)
Əруақты батыр əрі би, əрі шешен. Əлтеке Дос
батырдың немересі. Абылайханның беделді де белді батыры
болып, арнайы жасағын басқарған. Айсыз қараңғы түнде де
барар жерін дəл табатын жершілдік ерекше қасиеті болған.
ХVІІІ
ғасырда
өмір
сүрген
Жидебай
батыр
Қожаназарұлы Абылайханның атақты əскербасыларының
бірі болған. Екі жасында шешесінен, жеті жасында əкесінен
айырылып жетімдіктің тауқыметін тартады. Тоқал шешесі
Анардың қолында болып сан алуан ауыртпалықтарды
басынан кешіреді. Анар шешеміз бойы аласа шағын денелі адам екен. Киіз үйді тігіп,
17
уықтың бауын байлар кезде жеті жастағы Жидебайдың иығына шығып алады екен.
Осыны көрген ел-жұрт: “Шырағым-ай, көзің бір ашылмады ғой! Шешең тірі болғанда
мұндайды көрмес едің-ау! – деп айтқанда Жидекең: “Бұл қылып жүргені маған қастық
емес, достық, пісіп-қатып, жетілсін дегені ғой,” – деп жауап береді екен. Міне,
осылайша ер жеткен Жидебайға батасын беріп, бауырына тартқан, əскери өнерді
үйреткен Қаракерей Қабанбай батыр. Жас батыр Бұланты, Өлеңті өзендерінің
аралығында болған, кейін “қалмақ қырғын” аталып кеткен шайқаста ханның да,
халықтың да көзіне түседі. Сөйтіп, арнайы сарбаздардан жинакталған қосынға
мыңбасы болып тағайындалады. Абылайханның “Жеті жарғыш” деп аталатын
кенесшілер тобына Жидекең де енеді. Оган оның батыр ғана емес, өткір тілді шешен
болуы, тереңнен толғап айтуы бірден-бір себеп болған. Жидекеңнің сөз шебері
болғандығы жайлы ел ішінде де талай-талай қызықты əңгімелер баршылық.
Сеңкібаймен, Тобықты Қаременде бимен дос-жар болған. Жасы жүзден асып барып көз
жұмған. Оған өзінің айтқан сөзі дəлел бола алады.
Абылайхан бірнеше рет қол жинап, мықты деген батырларын басшы етіп, Қаратау
бойындағы Қарақожа халқына талай мəрте шабуыл жасайды. Бірақ ала алмайды. Бірде
Абылай Жидебайды Қарақожа еліне жорыққа аттандырады. Ертеректе Балқаш көлінің
Ұзынарал тұсындағы су астына төселген тас өткелмен Ібір-Сібірге апаратын Ұлы
Жібек жолының бір тармағы өтіпті. Талай жылдар ұмытылған өткелді Жидебай батыр
біліпті. Сол өткел арқылы сарбаздармен теңізді кешіп өтіп арғы беттегі Қарақожа елін
бағындырып қайтады.
Сонда Қарақожа: -Бұл жолды көзің шыққыр Жидебай ғана білсе керекті, -деп өз
өкінішін білдіріпті.
Кейін жасы тоқсаннан асқанда Жидебайдың қос көзі көрмей қалады. Көңілін
сұрай келгендерге: Жасымның жүзге жеткені
Алты Алаштың алғысы
Қос жанардың кеткені
Қарақожаның қарғысы, -дейді екен.
Бірде Əлмұрат байдың үйіне Қаракерей Қабанбай батыр келіп қонақ болады. Сол
түнде Жидекеңнің түсіне бабасы Дос кіріп аян береді: “Шырығым балам, алашқа аты
шыққан Қабанбай батыр келіп жатыр, барып батасын ал! – дейді. Ертеңіне батыр
отырған үйге Жидебай сəлем беріп кіріп келіп: “Ассалаумағалейкум, Ата! Маған керек
бата”, -деп қолын жайып, бір тізесін бүккен күйінде отыра қалады. Сонда Қабанбай:
“Дос батыр түсімде айтып еді, берейін батамды:
Сөзіңді келісті шешен боламын десең
Тіліңді шыңдағын!
Көпті билеп көсем боламын десең
Білімді шыңдағын!
Əнші, ақын, сері боламын десең
Жыр мен күйді жайлағын!
Елдің орған ері боламын десең
Қару-жарағыңды сайлағын!
Төрт алмажайым бар еді
Біреуін саған байладым, ал балам!”
-
деп батасын беріпті. Сол айтқан төрт алмажайының бірі- қызыл түлкі екен.
Сонан бастап Жидекеңе аруақ қоныпты.
Жидекең айтыпты деген сөздер де ел ішінде кездесіп отырады. Мұндай
əңгімелердің бойынан батырдың сөзге шебер, өткір тілді, терең ойлы, ақылды,
парасатты адам болғандығын байқаймыз.
Үлкен шапқыншылықта Абылайханның əскерлері жеңіске жетеді. Жеңіс
құрметіне той жасап, сол тойда Абылайхан өз əскерінің күшін мақтан тұтып сөз
сөйлейді. Кезек батырларға келгенде олар да хан сөзін мақұдап, бас изеседі. Сонда
Жидебай: “Уа, хан аяғың алшақ, садағың тұқыл екен – қамаған жауыңнан сақтан”,
деген екен.
18
Абылайхан Жидебайды батырлығы, шешендігі үшін ғана қадірлемеген, оның
тапқырлығын, қысталаң шақта жол табатындығын, соғыс тəсілін жетік білетіндігін
қастерлеген.
Көбінесе, Абылай Жидебайды бес мыңдай қолмен қосымша күш есебінде ұстаған.
Өте қиын, алынбайды- ау деген қамалға, берілмейді деген бекініске, мықты-мықты
деген жау күшіне жұмсаған. Ел арасындағы əңгімеге қарағанда Ордадағы жиындарда
хан Жидебайдың сөзіне ерекше мəн беріп отырған. Жəне Жидебай да шындықты
бүкпей, ханнан қаймықпай бетке айтқан.
Бірде Абылайхан “Жеті жарғы” заңын жүзеге асырып отыратын, жеті адамнан
тұратын “Жеті жарғыш” ұйымын сайлайды. Солардың ішінде Жидекең де болады.
Тағайындалғандардан хан: “Түрлі-түрлі жау көп, солар жайлы не айтар едіңдер?” – деп
сұрайды. Сонда Жидекең: “Жау екі түрлі болады: көрініп келетін хауіпсіз жау бар,
жекпе-жекке шығасың, күшің асса жығасың, ол өзіндей адам, несіне бұғасың: көрінбей
келетін хауіпті жау бар, сенен де сақ, ұтып алар амалын тап, ақылдан түспе, ойланып
істе, сақтанбасаң солардан, кетеріне мен кепіл, басында тұрған бақ” деген екен.
Жоңғар басқыншылығы кезінде елін-жерін жаудан қорғаушылардың көшін
бастаған ұлы бабаның мазары Ақсу-Аюлы-Жарық бағытындағы асфальт жолдың
бойында Шет селолық округінің Тұмсық елді мекенінен алты шақырым жерде Нұра
өзенінің жағасында бой көтерген.
Əдебиеттер:
Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері.- Алматы: Қазақ ССР-нің “Ғылым”
баспасы, 1984.- 136 б.
Артықбаев Ж.О., Жакин М.С. Шет өңiрiнiң тарихы.- Қарағанды: ҚарМУ, 1998.-
275 бет.
Əбдуов М. Ер - елдiң қорғаны: Жидебай Қожаназарұлы туғанына 290 жыл//
Орт.Қазақстан.- 2005.- 27 қаңтар.-8 б.
Əбдуов М. Жидебай батыр //Білім жəне еңбек.- 1986.- N9.- 27-28 б.
Жəңгiрұлы Ə. Əулие бабам Жидекем //Балқаш өңiрi.- 2001.- 22 мамыр
Жұмабеков Ж. Қазақ аңыздарындағы тылсым құбылыстар// Орт.Қазақстан.- 2005.-
12 қараша.-14 б.
Жүністегі К. Құба белдер.-Қарағанды: ОПО «Полиграфия», 1996.-286 б.
Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. /Араптың хадим жазуынан бүгінгі жаңа
əлипбиге түсіріп əзірлеген-С.Дəулет ұлы.-Алматы: Жалын, 1993.- 76 б.
Қашқынов Ж. Абылайдың жауға шапқан қос батыры // Азия Транзит.- Қарағанды,
2001.- N11.-21-24 б.
Қашқынов Ж. Сеңкібай мен Жидебай баһадүрлер //Орт.Қазақстан.-1994.- 8 қазан.т
Қашқынов Ж. Тоқырауын топжарғандары: мұра//Орт.Қазақстан.- 2005.- 24
наурыз.-10 б.
Мұсатайұлы Б. Жидебай батыр //Балқаш өңiрi.- 2001.- 18 шiлде
Нұрбеков Х. Баба аруағына адалдық: Тағзым // Орт.Қазақстан.- 2004.- 24
ақпан.-9 б.
Сматаев С. Елімай.- Алматы, 1980.- 295 б.
Шет өңiрiнің тарихи-мəдени ескерткіштері: фотошежіре /Ред.Ж.С.Ақылбаев;
мəтін авт.,құраст. М.С.Жакин.- Қарағанды: ҚарМУ- «ТАиС» ЖШС баспасы, 2004.- 152
б.
Көкбөрі Керней Жарылғап батыр
(
1718-1769 ж.)
Елі мен жерін жаудан қорғаған белді батырлардың бірі, əрі
бірегейі Жарылғап көпке көсемдігімен танылған Керней-Түйтенің
баласы. Ел аузындағы аңыз-əңгімелерге сүйенсер болсақ,
батырдың есімі Қанжығалы Бөгенбаймен өкшелес шыққан. Белгілі
зерттеуші Мəшһүр Жүсіп Көпеев: «Жарылғап –батыр Жарылғап
атанған, қаракесекте ірі, дөкей болған. Қанжығалы Бөгенбаймен
замандас болған. Бөгенбай батырдың кенже қызы Борсылдақты
тұңғышы Қырбасқа алып Берген»,-дейді. Бөгенбай батыр 1680-
1760 жылдардың аралығында өмір сүрген. Олай болса, Жарылғап
батырды ХVІІ ғасырдың екінші жартысында қайтыс болған деп
жобалауға болады. Жарылғап батыр Абылай ханның белді
қолбасыларының бірі болған, Бөгенбай, Олжабай, Байғозы батырлармен тығыз аралас
өмір сүрген.
Байғозы бабамызға Жарылғап батыр жиен екен. Байғозы бабамыздың бір əйелі
Жарылғаптың нағашы апасы болса керек. Байғозы жауға жауға тигенде үндемей
тұтқиылдан килігеді екен, Жарылғап аюша ақырып, айдардан от шашырап, жыланның
құйрығындай жауға үрей сап, құбыжық болып көрінеді екен. Сүңгіше қадалған көзінен
жанып жəне жаудың үрейін алады дейді. Кейбір дерекке жүгінсек, Жарылғап батыр
Байғозы батырдан кіші. Бір деректе былай делінеді: Жарылғап батыр Байғозының
ауылына бара қалса, 7 жерден жер ошақ қаздырып, Байғозы батыр құрт қайнатып
жатыр екен дейді. – Уа, байеке, жер ошақ күзетіп жүргеніне жол болсын? Ауылынан
шөміш ұстайтын қатын шықпады ма?- депті.
Сонда Байғозы: -Сен екуімізге қатын-қалаш қайнатқан құрт ас болушы ма еді,-
депті. Сонда Жарылғап: -Қыр астында қысық көз жау жақанда алтын малта ас болған
күндерді ұмытып маған не көрініпті. Қоржындас болармын,- деген екен.
Хантауында мекендеген Усан Серен деген қалмақ Қонтайшысының
шапқыншылары арқадағы қазақ ауылдарының адамдарын байлап, малдарын айдап,
əкетіп маза бермепті. Сосын Байғозы мен Керней Жарылғап батырлар Көкшетаудағы
Абылайға барып жагдайды айтыпты. «Усан Сереннің бергі жағында əскер жатыр. Оған
тису үлкен соғысқа ұласады. Одан гөрі шағын қолмен Қонтайшысының ордасын қамап
алайық. Соған қолды дұшпанның көзінге түсірмей Бетбақ шөл арқылы кім бастап
барады?» дейді Абылай хан.
-Көзге түсірмей мен бастап барамын,- дейді Байғозы батыр. –Шөлдетпей мен
бастап барамын, -дейді Жарылғап.
Абылай хан 500 кісілік қолмен Арқадан аттап өтті. Əскері бірінің артынан бірі
шұбырып, түнде жүріп, күндіз жатады. Жарылғап батыр əскердің алдында барлаушы,
Байғозы батыр əскердің артында бақылаушы болып, қолды Хантауында бейқам
отырған қалмақ ордасының үстіне түсіріпті. Абылай Қонтайшының үрейін ұшырып,
қан төкпей айдап əкеткен адамдарын, малдарын қайырып, айыбына қызын алып, бұдан
былай бір-біріне тиіспеуге бітім жасап қайтады.
Байғозы батырдың жасы ұлғайған кезінде қалмақпен тағы бір қырғын соғыс
болады. Қазіргі Мыңбаев атындағы кеңшарда «Сасық Жартас» деп аталатын алаңқайда
қалмақтар мен қазақ жасақтарының бетпе-бет келген қырғын ұрысы болғаны ел
аузында сақталған аңыздардан белгілі. Бейқам ауылды басынып, қалмақтар еркінсіп,
ішке ене бастайды. Бірақ Байғозы абдырмай қолайлы сəтті күтіп жасағын тау ішіне
жасырып, Жарылғапқа хабар жібереді. Тоқа Күшікбай батыр науқастығы салдарынан
бұл ұрысқа қатыса алмаған. Қашан да томағалы бүркіттей сергек Жақаң жасағын
бастап, уақытында жетеді.
-Батыр, қартайғанда еліңді жауға шаптыртып, жайбарақат отырғаның қалай? –
дейді Жақаң.
19
20
-Сəт аусын, Жарылғабым. Қартайғанда саған бір кереметімді көрсеткелі отырмын,
-дейді Байғозы.
Сөйткенше болмай маңайды қара тұман басып, дүниені көрсетпей жібереді. Сол-
ақ екен, Жақаң айқайды басып, жауға тиіп кеп береді. Шайқас сəтті аяқталып, қалмақ
жасағы ойсырай жеңіледі. Шажағай бойындағы сол қырғын болған жер күні бүгінге
дейін «Сасық Жартас» деп аталады.
Жақаң дүниеден озған кезде тұрғылас ағасы Байғозы батыр: «Жау айбарыңнан
ығушы еді. Айбарлы арыстаным-ай!»- деп жылаған екен.
Қаракесек Көкбөрі Керней Жарылғап батыр жоңғарларға қарсы көзге түсіп?
Қолбасына дейін жеткен санаулы батырларымыздың бірегейі. Егеулі найза қолға алып?
Жауға қарсы шапқанда батыр небəрі 18 жаста екен№ Өзінің көзсіз ерлігінің арқасында
Қаракесектің ғана емес, қазақтың Жарылғабы атанған.
Батыр жөніңде Мəшһүр-Жүсіп Көпей мол дерек қалдырды. Сондай-ақ Сапарғали
Бегалин, Жүсіп Алтайбаев, Софы Сматай, Алдан Смайылов тағы басқа қаламгерлер
шығармаларынан да батырға қатысты деректерді ұшыратуға болады.
Əдебиеттер:
Бағаев М. Қазақтың Жарылғабы: Көкбөрi Жарылғап батырдың 285 жылдығы
қарсаңында // Орт.Қазақстан.- 2002.- 24 сəуiр
Кəрiпұлы Ө. Халқының қамал-қорғаны: Көкбөрi Жарылғап батырдың 285
жылдығы қарсаңында// Орт.Қазақстан.- 2002.-30 наурыз
Қашқынов Ж. Баһадүрдiң сом тұлғасы //Орт.Қазақстан.- 2002.- 6 қараша.-11 б.
Қозыбаев М. Ұлт намысы үшiн// Қазақ əдебиетi.- 2000.- 3 наурыз (N9).-6 б.
Майбас Т. Жəнiбек би: мұра// Орт.Қазақстан.- 2005.- 13 қаңтар.-13 б.
Оразов С. Аманат: Жыр дəптерiнен// Орт.Қазақстан.- 2002.-9 ақпан
Сматаев С. Елім-ай: Роман-трилогия. Т.2 - Астана: Фолиант, 2003.- 424 б.
Сматай С. Жарылғап батыр: Өлеңмен жазылған роман.- Алматы: АБА "Айкос",
2000.- 283 бет.
Таймас Бектасұлы
(1795-1870)
Қареке руынан шыққан Таймас батыр ХVІІІ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында
(кейбір деректерге қарағанда 1795 жылы) дүниеге келіп, ХІХ ғасырдың жетпісінші
жылдарына дейін өмір сүрген. Қарекелер ешқайда қоныс аудармаған. Осы
Сарыарқадағы Нұра, Соқыр өзендері бойындағы Сұлу Мəдина, Жартас, Қарамұрын,
Топар, Қарабас, Шахан, Қаражар аумағында өсі-өніп, өмір сүрген.
Қарекеден Тоқбура, Ақбура, Байбура өмірге келген. Солардың ішінде Тоқбура
батыр болыпты. Қалмақтармен ұрыста талай рет ерлік көрсетіп, аты шыққан. Ақыры
сол кездегі қиян-кескі соғыстардың бірінде елі үшін жанын пида етіп, ерлікпен қаза
тапқан. Тоқбура батырдан тоғыз ұл тараған. Олардың есімдері: Əлгөшек, Сейіт, Қазы,
Сəкі, Есен, Батықой, Өтен, Құлан, Тілеке. Тоқбураның тоғыз ұлының ішінде ерекше
батырлығымен көзге түскен Əлгөшек көрінеді. Ол талай жауына қырғидай тиіп,
өмірінің ақырына дейін ат үстінде жүріпті.
Ел аузындағы əңгімеде Əлгөшек елуге келгенше балалы болмапты. Артымда
ұрпақ жоқ болғасын жинағаным «тістегеннің аузында, ұүстағанның қолында» кететін
болды ғой, деп уайымдайды екен. Сөйтіп жүргенде бір күні түс көреді. Түсінде
бабалары аян беріпті. «Балам, неге ұйықтап жатырсың? Тұр, оян. Бəлен деген жерде бір
қолында қос бармағы бар кедейдің қызы бар. Сол қызға үйлен. Сол қосбармақ қыздан
ұрпақ тарайды» - депті. Түсін ешкімге айтпай өзі барып, қосбармақ қыздың үйіне құда
түсіп, соған үйленеді. Содан Əлгөшек: «бұл қызды ауылдан басқа жерге киіз үй
тігілсін, сол үйге орналастырыңдар», - деп жарлық береді. Сонда қосбармақ қыз:
21
«Мырза, мені бəйбішенің қолына түсіріңіз, егер олай етпесеңіз мен сізге бармаймын
жəне риза болмаймын», -деген екен. Əлгөшек оның айтқан тілегін орындап,
бəйбішесінің қолына əкеп түсіріпті. Қыз келе жатқанда Əлгөшектің кісесін сұрап алып,
есіктен аттай бергенде кісені мойнына салып: «Құдайым, бала берсең екеуімізге бірдей
бер», - деп тілеген екен. Содан бəйбішеден - Қошыбай (Көшібай) мен Кішік (Кетік),
тоқалдан - Бектас, Меңдібай, Шілікбай (Шылық-бай), Қошан, Баймырза туады.
Көнекөз қариялар Əлгөшектің баласы Бектас жайлы аса бір ілтипатпен айтып
отырады. Бектастың 13-14 жасқа келген кезі болса керек, əкесі Əлгөшек оны аң аулауға
бірге ала шығады екен. Сонда Шерубай батыр балаңа тек қана аң аулатып қоймай,
қаруды қалай пайдалануды жəне кімге қарсы пайдалануды үйрет депті, Бұл айтқанын
екі етпей орындаса керек. Бірде аң аулап жүріп, Қарабас тауын аралап келе жатқанда
Алтыба-сардың тұсынан қалмақтың бес-алты əскерін көреді. Осы кезде əкесі Бектасқа
анау тұрған жау, қолында туы бар, сол туды садақпен бір тартып түсірсең, олар қашады
дейді. Түсіре алмасаң бізге қарсы шабады. Осы кезде бала ойланбастан қорамсақтан бір
оқ алып тартып жібереді. Оқ дəл тиіп, ту жерге құлайды. Аңдаусыз тұрған қалмақтар
тұра қашады. Бала тұра қуады. «Қап, мені қара басты» - деп əкесі баланың соңынан
шабады. Содан бұл тау Қарабас атанған екен. Қалмақтар қазіргі Қарамұрын тауына
келгенде баланың жалғыз екенін біліп, қарсы тұрып күтіп алады. Айқас басталады.
Бала екеуін аттан түсіреді де, өзі де ауыр жарақаттанып, ат үстінде кейін шегінеді.
Артынан келе жатқан еңгезердей Əлгөшекті көрген жау сескеніп, өзеннен əрі өтіп
кетеді. Келсе Бектас қанға боялыпты, шоқпар бетіне тиген екен. «Баламды аң аулатып,
аузын майға толтырам деп жүргенде, мынау жау қара мұрын етіп кетіпті-ау» - деген
екен. Содан бұл тау Қарамұрын атанып кетіпті.
Бектастан төрт ұл туған: Матақбай, Үсенбай (Сембай), Мыржықбай, Таймас. Бізге
жеткен хикая бойынша, Таймас батырдың атына байланысты оқиғалар екі ғасырға
жуық уақыттан бері аңыз болып айтылып келе жатыр. Мысалы, Таймастың жас кезінде
наға-шысына жиендік жасағаны жайлы əңгімені ақсақалдар осы күнге дейін айтады.
Нағашысында тұлпар бар екенін əкесі Бектастан естіп, сырттай соған беріле
қызығып жүрген Таймас он екі, он үш жасқа толған шағында сол атты қалап алып,
тақымына басуды мақсат етіп сапар шегеді. Нағашысының бар сый-сияпатын көріп
болып, енді ауылына қайтпаққа жиналған Таймасқа үй иесі:
- Ал, жиен, сенің келгенің бірінші рет қой, мен саған тай мінгізейін, -дейді.
Жылқыға əкелген соң, бала нағашы атасына: «Ата, анау кетіп бара жатқан атты ұстап
беріңізші, одан басқаңыз маған керек емес», - деп өтінеді. Жиенінен мұндайды
күтпеген нағашысы оның бетін бірден қайтарып тастамақ болып, іле-шала:
- Қой, шырағым, бұл - өзіңдей жасқа мүлде лайық емес, тек батырлар үшін ғана
жаратылған тұлпар. Басқаны қала, - дейді.
Жалын атқан намысшыл жас батыр нағашысының өзін кемсіткенін көріп қатты
ашуланып, бұрылып кетпекші болады. Қимағандықтан жəне сынау үшін нағашы атасы
жиеніне: «Жарайды, балам, өзің ұстап ала ғой», - деген екен.
Жиені жылқының ішіне барып, жүгіріп, тұлпардың құйрығынан шап беріп
ұстағанда, ат төрт аяқтап тұрып қалған екен.
Нағашы атасы жиенінің күшіне таңғалып, тұлпарды өзі жүгендеп жатып: «Балам,
менің саған айтар тілегім бар»,-депті. Ол тілегі мынау екен: «Мықтымын деп топқа
түспе, шешенмін деп айтысқа түспе».
Таймас Бектасұлының іс-əрекеттері Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ
даласындағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз
байланысты болды.
Халық əңгімесінде көрнекті батырдың бірі- Арғынның Қареке руынан шыққан
Таймас батыр Бектасұлы. Ол өз заманында ел бостандығы үшін өлшеушіз үлес қосқан
қолбасы. Бұл туралы көрнекті тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов өзінің еңбегінде былай
жазады: «Баянауыл округтік приказындағы Төрткүл болысының көтеріліске шыққан
қазақтарын Таймас Бектасов басқарды. Кейінен Кенесарының жанында елеулі рөл
атқарады жəне оның əскери мəселелер бойынша ең жақын кеңесшілерінің бірі болды.
22
Таймас Бектасовты Кенесары қатты сыйлап, жақсы көреді. Сол уақыттағы ресми үкімет
қужаттарында Таймас Бектасов туралы былай делінген: «Ол Кенесарыдан бір елі
қалмайтын жəне орыс отрядтарына шабуыл жасаған сайын, істің басы-қасында болып,
орыстарға қалай қарсы тұру керек екенін айтып, Кенесарыға көбінесе жөн-жоба
көрсетіп отырды, сонысы үшін Кенесары оны жақсы көретін жəне онымен бір
табақтағы тамақты бөліп жейтін» // Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-
жылдарында (Оқу құралы). –Алматы: «Санат», 1994, 233-ші бет/.
Тарихи деректерден білетініміз, Кенесарының қолға түсуінің негізгі себебі;
«Соғыста жаудан қашқан хан, хан бола алмайды. Сайдан шыққанымыз – майданнан
шыққанымыз, қашқанымыз. Қашсам мен хан емеспін», -деушілігі болыпты.
Кенесарымен бірге болған Таймас, Бұғыбай, Саурық, Ағыбай, Бəйсейіт, Орман,
Таятай т.б. батырлар Кенесары мен Наурызбай қолға түскен соң ғана шегінген. Олар да
қоршауда болған (дала жағынан), бірақ та олар соғыс арқылы таумен шегініп, құтылып
кеткен.
Таймас батыр Кенесары көтерілісі ыдырағаннан кейін Сарыарқаға қайта көшіп
келген.
Достарыңызбен бөлісу: |