«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ


Әдістемелік кабинет – инновациялық іс әрекет, тәжірибе, нәтиже



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37

Әдістемелік кабинет – инновациялық іс әрекет, тәжірибе, нәтиже 
 
Рамазанова А.Е –әдістемелік  
кабинет меңгерушісі 
Утегулова Б.А –әдіскер 
Дауешова С.М– әдіскер 
 
Әдістемелік  қызмет  -    педагогтардың  кәсіби  құзыреттілігін  жетілдіре  отырып,  білім 
сапасын  арттыру,  оқушылар  бойында  жаңа  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  -  
бәсекеге қабілетті  тұлға  тәрбиелеудің негізі болып табылады. 
Әдістемелік кабинет қызметі - қазіргі білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметті  тек 
іс  әрекетін    сипаттау    ғана  емес,  сонымен  қатар  әдістемелік  қызметтің    ауқымын  кеңейту 
арқылы педагогтардың шығармашылығын шыңдау болып табылады. 
Әдістемелік қызмет-  ҚР  Заңдары негізінде жүзеге асырылады. 
Қазіргі  заманғы  білім  беру  мекемесіндегі  әдістемелік  жұмыс   –  педагогты жеке,  
авторлық,    педагогикалық-дидактикалық,    тәрбиелік,    әдістемелік    жүйелерді  құруға  
ынталандыратын,    өздігінен    дамуға    көмектесетін    тұлғаға    бағытталған  жүйелі    жұмыс.  
Мұғалімге    өз    қызметінде    оқушылардың    үздіксіз    оқыту    жүйесі  арқылы  жаһандану 
заманында интеграцияға дайындау үшін оқытудың әдістерін, тәсілдерін,  амалдарын  ұғыну  
мен    меңгеруге    көмектесетін    жеке    педагогтар    менжалпы    педагогикалық    ұжымның  
педагогикалық  шеберлігін  қалыптастыруға бағытталған мектептің әдістемелік орталығы. 
Бала тәрбиесі үштік одақ арқылы жүзеге асады.   
Яғни,    Бала  тәрбиесіне  осы  үштік  одақтың  әсері  тепе-тең.  Олай  болса,  осы  үштікті 
өзара байланыстырайық. 
І. Ақпаратты жинақтау: 
-
 
Әкімшілікпен бірге Орал қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметіне 
педагогикалық талдау жасау, болашақ даму жолын анықтау; 
-
 
Педагог  кадрларды  білімділік  құндылықтарын  анықтау,  білім  беру  мекеме 
басшыларымен  педагог  кадрлардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  ұйымдасқан 
педагогикалық орта құруға көмек беру; 
-
 
Білім  беру  ұйымдарындағы  әдістемелік  қызметті  саралау  және  дамыту  жоспарын 
құру 

 
 
212 
 
-
 
Білім  беру  жүйесіндегі    педагогикалық  тәжірибелер,  инновациялық  технологиялар, 
жаңашылдықтарды  жүйелі педагогтарға таныстыру 
-
 
«Электронды әдіскер»  желісі арқылы үнемі педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал ету 
-
 
Педагогтардың  ғылыми,  зерттеу,  тәжірибе  жүргізу,  инновациялық  іс  әрекеттерді 
жүргізуіне  әдістемелік қолдау көрсеті, жүзеге асыруға көмектесу; 
-
 
Педагогтардың жоспарлауына, оқу әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқаулықтар 
-
 
Педагогикалық тәжірибелер қорын құру, зерттеу, тарату 
-
 
Педагогтардың сапалық құрамын көтеру барысында әдістемелік жұмыстар жүргізу;  
Сапалық құрам: 
№ 
Оқу жылы 
Барлық 
педагог 
Жоғары 
санат 
І санат 
ІІ санат 
Санатсыз 
Сапалық 
құрам 

2011-2012 
2743 
450 
1030 
817 
446 
53,96% 

2012-2013 
2748 
459 
1054 
789 
446 
55,1% 

2013-2014 
2948 
452 
1026 
872 
998 
50,14% 

2014-2015 
3129 
495 
1039 
934 
661 
49,03% 

2015-2016 
3143 
519 
1059 
883 
682 
50,21% 
 
Мектепке дейінгі ұйым бойынша: 
 
жылы 
2014-2015 
оқу жылы 
2015-2016 
оқу жылы 
2016-2017 
оқу жылы 
2016  ж  біліктілігін  көтеруге 
арыз берген педагогтар саны 
Педагог саны 
916 
981 
1037 
299 (145 –ІІ санат) 
Жоғ санат 
75 
72 
74 
62   (31  көтеру) 
1 санат 
120 
117 
124 
92   (69 көтеру) 
Сапалық 
көрсеткіш  
21,28% 
19,26% 
19,10% 
 
 
ІІ. Талдау, зерттеу орталығы: 
Бүгінгі  күн-  білім  беру  мазмұнына,  оқушы  мен  педагог  тұлғасына  және  қызметіне 
деген көзқарастардың  түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  өз  сөзінде:  «Біз  қазір  «білім-ғылым-инновация» 
атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген 
еді.  Қазақстанның  әлемдік  үрдістерге  кіруі,  дамыған  елдердің  стандарттарына  деген 
ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. 
Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық 
деңгейлердегі  білім  мазмұнын  жаңартуға  және  өсуден  тұрақты  даму  кезеңіне  өтуге 
бағытталған. 
 Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету 
арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру- Елбасымыздың 
жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – «Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы»,  «Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2014-2018 
жылдарға арналған стратегиялық жоспары», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары»  және  басқа  да 
білім  саласындағы  стратегиялық  бағдарламалық  құжаттар  негізінде  жүзеге    асырылып 
келеді.   
Әдістемелік  кабинеттегі  қызметті    -    жүйелі  жүргізудегі    жалпы  заңдылық  пен  
қағидаларын зерттесе, яғни ұйымдастыру  теориясы болса, екінші бөлігі ұйымдастыру өнері  
деп аталады.  
Ең  бастысы  –  әрбір  әдіскердің    педагогикалық  шеберлігі.  Зерттеулердің  негізінде 
«педагогикалық шеберлік» түсінігіне төмендегі  мағыналарды кіргізуге болады: 
Әдістемелік кабинеттің негізгі  мақсаты мен міндеті. 

 
 
213 
 
«Білім    берудегі  басшылық  пен  басқаруды  модернизациялау-оқыту  мен  тәрбие 
үдерісінің тиімділік негізі»  
Осы мақсаттарға жету үшін келесі басты міндеттер анықталды: 
1.  Жаңадан  ашылған  мекемелер  мен  мектепке  дейінгі  ұйымының  педагог 
кадрларының  сапалық  құрамын  жақсартуды  әдістемелік  даярлығы  мен  біліктілігін  арттыру 
арқылы қол жеткізу; 
2.  Мектепке  дейінгі  білім  мекемелерінде  денсаулық  сақтау  технологияларын  сақтау 
нысандары мен механизмдерін жетілдіру
3.Бейінді  оқыту  бойынша  базалық  мектептерді  анықтай  отырып,  жоғарғы  буындағы 
бағдарлы оқытуды ұйымдастыру  мәселелерін шешуді жалғастыру
4.Білім беру мекемелері бойынша жалпы және сапалық үлгерімнің оқу жылдары мен 
жартыжылдықтар бойынша өсуін талдай отырып, білім сапасы мониторингін жалғастыру; 
5. Дарынды балалармен жеке жұмысты жандандыру
6.  Педагог  кадрлардың  жаңа  педагогикалық  және  ақпаратық  технологияларды 
қолдану есебінен мектептердің жұмыс тиімділігін арттыру; 
7.ОЖСБ,ҰБТ  нәтижелерін  талдау  және  өзінше  пайымдау  есебінен  білім  жүйесі 
қызметінің  және  оның  барлық  компоненттерінің  тиімділігін  арттыру,  білім  беру 
технологияларын және оқыту әдістемелерін арттыру; 
8.  Оқушылардың  білім  алу  сапасын  арттыру  мақсатында  оқуға  ынтасы  жоғары 
оқушылар  үшін    облыстық,  республикалық,  халықаралық  олимпиадалар,  жобалау  және 
зерттеу жұмыстарын, түрлі интеллектуалдық конкурстар өткізуді үйлестіру және бақылауды  
күшейту; 
9.  Эксперименталдық  алаңдардың  эксперименталдық  және  инновациялық  іс-әрекетті 
сараптау және сапасын бағалау жүйесін жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру; 
10.«Дінтану», 
«Экономика», 
«Өзін-өзі 
тану», 
«Азаматтану», 
«Абайтану» 
факультативтері  бойынша  оқу  үдерісінің  сапасын  бақылау  және  әдістемелік  дайындығын 
назарға алу; 
11.Бейіндік  жоба  бойынша  12  жылдық  білім  беруге  көшу  жағдайында  педагог 
кадрлардың кәсіби біліктілігі мен даярлығын ұйымдастыру, үйлестіру мен басшылыққа алу; 
12.Оқушылардың  кітап  оқуға  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  кітапхана 
жұмысының мазмұнын жаңартуды жалғастыру; 
13.ҚР мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жұмысын, патриоттық тәрбие, 
салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту; 
14.Құқықбұзушылықтың  алдын-алу,  АҚТҚ/ЖҚТБ-дан  және  зиянды      заттардан 
сақтауда психологиялық қызмет жұмысын күшейту, 
15.Дене  шынықтыру  және  бастапқы  әскери  дайындықта  әдістемелік  қызмет 
жұмыстарын  бақылауды  күшейту,  түрлі  бағыттағы  спорттық  секцияларға  балалардың 
қатысуын қамтамасыз ету; 
16.Қиын жағдайға тап болған балалардың банк негізін құру; 
17.Білім  беру  мекемелерінің  логопункттер,  психологиялық-педагогикалық  түзеу 
кабинеттерінің жұмысын жолға қою, әдістемелік қызметін жандандыру; 
18.Білім беру ұйымдарының Интернет желісіне кедергісіз қосылуын қадағалау; 
19.Мектептердегі электронды оқытудың жүйелі жүргізілуіне әдістемелік көмек беру, 
қадағалау; 
20.Қала педагогтарының озық іс-тәжірибелер жүйесін құруды жалғастыру; 
21.  Жарытылыстану-математика  қауымдастығы,  «ЖОО-ҚБББ-ЖОББМ  өзара 
байланысы  арқылы  білім  беруді  модернизациялау»  жобасы  мен  пән  мұғалімдері 
қоғамдастығы жұмыстарының әдістемелік қызметке тигізетін тиімділігін қадағалау; 
22. Инклюзивті білім  берудегі тиімді  әдіс-тәсілдерді  жандандыру. 
Осы мақсат, міндеттерді негізге ала отырып оқу жылына жоспар құрылды. 
ІІІ.Әдістемелік шығармашылық орталық 

 
 
214 
 
«Мектептер  диалогы»,«МдҰ  әріптестігі»,  «Интеллектуалды  тұлға  –  ұлт  келешегі»  
қауымдастықтары  арқылы    әдістемелік  кабинет  түрлі  бағытта  шығармашылықта 
жұмыстанып  келеді:    байқау,  коучинг,  семинар,  апталық,эксперимент  алаңдары,      жоғарғы 
оқу орнымен байланыс, «Ұлағат» әкелер қауымдастығы т.б 
 -әдістемелік кабинет 
- орта перпендикуляр, ақпаратты жинау, талдау,зерттеу, әдістемелік , шығармашылық 
орталықтары 
-үштік одақ (отбасы, қоғам, мектеп) 
Шеңбер бойы - Орал қаласының білім беру мекемелері. 
Аксиома бойынша, үш орта перпендикулярдың қиылысу нүктесі үшбұрышқа сырттай 
сызылған шеңбердің центрі болып табылады. Бұл аксиома. Олай болса, әдістемелік кабинет 
–   үштік одақ арқылы барлық білім беру мекемелерінің орталығы болып  шығармашылықта 
жұмыстанып отыр.  
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
 
ҚР Білім туралы Заңы 
2.
 
ҚР  білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
3.
 
 ҚРЕлбасы Жолдауы  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 30 қараша, 
2015ж 
4.
 
Елбасының  Назарбаев  Университетінде    «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты  интерактивтік 
дәрісінен, 5 қыркүйек, 2012 жыл 
5.
 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  жұмыстарына  заманауи  білім  беру  бағдарламалары  мен 
технологияларын енгізу,  ҚРБжҒМ, «Мектепке дейінгі балалық шақ орталығы, Әдістемелік құрал, 2013 
6.
 
Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г 
7.
 
Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г 
8.
 
Есіркепов  А.Ж,  Жаңаберген  Ә.С,  Мұхамбетова  С.Қ,  Тышқанбаева  А.  Мектепішілік  бақылауды 
ұйымдастыру. Әдістемелік құрал. 2002 ж  
 
 
Инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы 
 әдістемелік қызмет жұмысын дамыту 
 
Елешова А.И. 
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы  
мемлекеттік коммуналдық қазыналық 
 кәсіпорыны, І санатты әдіскер 
 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  жұмыстардың  басты  бағыты  –  оқу-тәрбие  үрдісін 
жүйелі  жоспарлау,  жаңа  инновациялық  технологияларды  ендіре  отырып,  балаларды  жан-
жақты  дамытудың  тиімді  жолдарын  қарастыру. Тәрбиелеу  мен  оқыту  үрдісін 
ұйымдастырудағы  негізгі  жауапкершілік  әдіскерге  жүктеледі.  Әдіскер  дегеніміз  –  үнемі 
ізденіс  пен  еңбектің  нәтижесінде  тәжірибе  жинақтайтын,  бүгінгі  қоғам  дамуының 
мүддесінен  шыға  білетін,  өз  мамандығының  шынайы  фанаты.  Әдіскерлік  адам  жанының 
қалауы мен тәжірибесінің нәтижесінде келетін шеберлік.  
Мен  Батыс  Қазақстан  облысы,  Орал  қаласындағы  №34  «Балбұлақ»  бөбекжайының 
әдіскері  қызметін  атқара  отырып,  мектепке  дейінгі  ұйымда  инновациялық  тәртіпте  жұмыс 
істеуге  дайын,  инновациялық  және  эксперименталды  жұмыс  ұйымдастыра  білетін, 
ақпараттық технологияларды меңгерген, басқалардың сөзіне құлақ асатын, қарым-қатынасқа 
түсетін, өз мамандығын және балаларды жақсы көретін маманмын. (қосымша 1) 
Іскер әдіскер тәрбиелеу-оқыту үрдісіне қойылатын міндеттерді анықтай отырып, оны 
шешудің  жолдарын  қарастырады.  Мектепке  дейінгі  ұйым  әдіскері  жұмысының  негізгі 
бағыттары мыналар: 
- мектепке дейінгі ұйымның ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру; 

 
 
215 
 
-  инновациялық және эксперименттік жұмысты ұйымдастыру; 
-  озат педагогикалық тәжірибені зерделеу, тарату; 
-  педагогтардың біліктілігін арттыру, кәсіби дайындау; 
-  мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ынтымақтастығын арттыру. 
Әдіскерлік  қызметімді  2008  жылдың  күзінде  елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  қатысуымен 
ашылған  Орал  қаласындағы  №34  «Балбұлақ»  бөбекжайынан  бастап,  жұмыстанудамын. 
Бөбекжай  Орал  қалалық  білім  беру  бөлімінің  «№34  «Балбұлақ»  бөбекжайында  оқу-тәрбие 
жұмысын үш тілді бағытта жүргізу туралы» (08.09.2008 жылғы №372-Ө) бұйрығына сәйкес, 
бөбекжайдың тәрбиеленушілерімен барлық жұмыстарды үш тілді бағытта (қазақ-тілі, орыс-
тілі, ағылшын-тілі) жүйелі жүргізіп келеді.  
Елбасымыздың  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқытумен  қамтамасыз  ету 
жөніндегі  2010-2020  жылдарға  арналған  «Балапан»  бағдарламасында  «Мектепке  дейінгі 
ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту бағытында жұмыстарды енгізу керек» делінген. 
Елбасымызды  тапсырмасын  жүзеге  асыру  және  бөбекжай  бүлдіршіндеріне  алғашқы  білім 
беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы балалардың танымдық 
қабілеттерін арттыру мақсатында «Балалардың логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық 
ойындар  арқылы  үш  тілде  дамыту»  тақырыбындағы  тәжірибе  алаңын  (Орал  қалалық  білім 
беру бөлімі №604-Ө бұйрығы) ашып, жұмыстанудамыз.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  берілетін  білім  тек  ойын  арқылы    жүзеге  асады. 
Ойын  арқылы  балалардың  танымын  дамыта,  ойната  отырып,  ана  тілімен  қатар,  орыс, 
ағылшын  тілдерін  жас  ерекшеліктеріне  сай,  ойын  барысында  үйрету  сынды  тиімді  әдісті 
қолдану  барысындағы  еңбегіміздің  нәтижесі  жаман  емес.  Бес  білім  беру  саласына  сай 
жабдықталған  бөбекжайдың  барлық  топтарына  қосымша,  тәжірибе  алаңының  жұмысын 
тереңдете жүргізу үшін «интеллектуалды аймақ» жабдықталды. Бұл бұрыш балалардың жас 
ерекшеліктеріне сай, түрлі материалдардан жасалған логикалық ойындармен толықтырылып 
отырылды. Интеллектуалды, логикалық ойындар ұйымдастырылған оқу қызметінде, күннің І 
және ІІ жартысында қосымша ойнатылып, балалар интеллектінің дамуына өз әсерін тигізуде. 
Тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың 
бағыттары 
анықталып, 
алаңның 
бағдарламасы, іс-шаралар жоспары жасалып, мақсат-міндеттері анықталды, күтілетін нәтиже 
нақтыланды. «Балалардың логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық ойындар арқылы үш 
тілде дамыту» тақырыбындағы бағдарламасы (ҚББ Хаттама №3, 29.01.2016ж)   құрылды. 
Бағдарламаның мақсаты: 

 
Мектеп жасына  дейінгі балаларды интелектуалдық әр түрлі ойындар арқылы  ақыл-
ойын  дамыту,  ойлау  қабілеттерін  үш  тілде  жетілдіру,  өзіндік  іскерлік  қасиеттерін 
қалыптастыру; 

 
Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  балаға  алғашқы  білім  беру,  тәрбиелеу  жұмыстары 
барысында  түрлі  әдіс-тәсілдерді  ойын  түрінде  үйлестіре  қолдану,  оқыту  мен  тәрбиелеу 
мазмұнын жаңарту; 

 
Балалардың  логикалық  ойлау  қабілеттін  арттыру  барысында  үш  тілді 
интеллектуалдық ойындарды қолдану арқылы әдіс-тәсілдерді жаңалау;   

 
Отбасындағы қарым-қатынас үндестігі және оның бала тәрбиесіне ықпалын арттыру; 

 
Баланың  жас  ерекшелігін  ескере  түрлі  логикалық  тапсырмалар  беру  арқылы, 
білімнің  беріктігін  қамтамасыз  ету,  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту, 
интеллектуалдық деңгейін көтеру. 
Міндеттері: 

 
Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттерімен бірге, логикалық ойлау қабілеттері жан-
жақты  дамыған  еркін  ойлы,  жасына  сай  үш  тілде  білімі  жетік,  ерікті-жігерлі,  өзіне  сенімді 
балдырғанды келесі білім сатысына  - мектепке дайындау;  

 
Баланың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту  жұмысының  қаншалықты  маңызды 
екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды 
қатыстыру;  

 
 
216 
 

 
Баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: 
оқыту  мен тәрбиелеу  жұмысын баланың жас ерекшелігі  мен өзіндік ерекшеліктерін ескере 
отырып,  мектепке  дайындау,  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  бағдарламасы  мен 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізінде ұйымдастыру  

 
Балалардың  бір  орнында  ұзақ  уақыт  отырып  қалмауын,  жалығып  кетпеуін  ескеріп 
ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерін  логикалық,  танымдық,  инттелектуалдық    ойындар 
түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді  ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы 
тапсырмалар,  шағын  топтар  жұмысы,  тапсырмаларды  алма-кезек  ауыстырып  орындату, 
эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.); 

 
Логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды жаңалап (жұмбақ суреттер, 
ситуациялық  тапсырмалар,  тест  тапсырмалары,  ертегі  негізіндегі  тапсырмалар  және  т.б.) 
түрлендіре қолдану;  

 
Балалардың  өздерінің  талаптануы,  өзіндік  қалауы  еркіндігіне  жағдай  жасап  өзіндік 
іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге 
бейімдеу;  

 
Көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;  

 
Психологиялық  ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай 
жасау, жағымды микро ахуал туғызу ; 

 
Ата-аналарды   ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне,  күн  тәртібі  бойынша 
жүргізілетін  тәрбиелік  шараларға,  ойын  сауықтарға,  т.с.с.  басқа  шараларға  тек  бақылаушы 
ретінде  ғана  емес,  білімдік,  танымдық  жұмыстарда  үлес  қоса  отырып,  балаларына  білікті 
көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;  

 
Балаларды  мектепке  педагогикалық  және  психологиялық  тұрғыдан  дайындау 
мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.  
Бағдарламаның ерекшеліктері: 

 
Бағдарламада  бүлдіршіндердің  даму  жағдайын  жасаумен  қатар  олардың  ықпалы, 
қалауы, қызығушылығы, іс-әрекетке талпынуының толық ескерілуі; 

 
Білім  беру  мен  тәрбие  шаралары  үшін  арнайы  жасақталған  бөбекжайдағы 
интелектуалдық аймақ орталығының жасақталуы; 

 
Ата-аналармен,  педагогтармен  жыл  бойы  атқарылатын  жұмыстардың  айқындалып, 
ұйымдастыру, орындау, қорытындылау кезеңдері көрсетілуі; 

 
Педагогтардың  ұйымдастырылған  оқу  іс  әрекеттерінің  технокарталарында  
интелектуалдық ойындар міндетті түрде жазылуы, жүргізілуі; 

 
Балалардың  танымдық  қабілеттері  дамуы  үшін,  барлық  топтарда  интеллектуалдық 
аймақтар жасалып, түрлі форматтағы логикалық ойындармен толықтырылуы; 

 
Бөбекжайдың  инновациялық  технологиялармен,  құралдармен  (интерактивті  тақта, 
Smartboard,  компьютер,  ноутбук,  интерактивті  білім  беру  құралдарымен)  толық  қамтылуы 
және бағдарлама аясындағы жұмыстарда қолданылуы. 
Күтілетін нәтиже: 

 
Интеллектуалды  ойындар  арқылы  балалардың    ақыл-  ойлары  дамып,  сөздік 
қорлары үш тілде молайып, өз ойларын еркін де нақты жеткізе алады. 

 
Қиялдары, зейіндері ұшқыр болып, тез, дұрыс шешім қабылдауға, ойнай отырып, 
ойлауға үйренеді.  

 
Ұжымдық сезім әрекеттері дамып, бірігіп іс-әрекет етуге тәрбиеленеді. 

 
Адамгершілік, сүйіспеншілік, достық сезімдері қалыптасады 

 
Балалардың  үш    тілдегі  сөздік  қорлары,  білімдері  кеңейеді,  өз  елінде,  шет 
мемлекеттері туралы түсініктері қалыптасып, ойлау аясы кеңейеді; 

 
Үш  тілді  жас  ерекшелігіне  сай  меңгерген,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға 
тәрбиеленеді. 
Эксперимент  алаңы  барысында  жұмыстанатын  педагог-экспериментаторлар  жайлы 
деректер  базасы,  жалпы  нормативтік-құқықтық,  оқыту-әдістемелік  кешендер  жинақталды. 

 
 
217 
 
Жұмыс  кезеңдері  мына  үш:  дайындық  кезеңі,  негізгі  кезең, қорытынды  кезеңдері  бойынша 
жүргізілуде. Бөбекжай бүлдіршіндерінің танымдық қабілеттерінің артуын, үш тілдегі сөздік 
қорларының  молаюын  –  біліктілік  даму  деңгейін  қадағалау  мақсатындағы  индикатор 
көрсеткіштері арқылы анықтап, сәйкесінше жеке жұмыстар жүргізіліп отырады.  
«Балалардың логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық ойындар арқылы үш тілде 
дамыту» тақырыбындағы тәжірибе алаңы аясында педагогтардың өз білімін, кәсіби деңгейін 
жетілдіруіне жағдай жасап, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, іс-тәжірибесімен 
бөлісу  мақсатында  12  қалалық  семинар,  5  облыстық,  1  республикалық  семинар 
ұйымдастырылып,  136  педагог  қатысып  іс-тәжірибесімен  бөліссе,  489  педагог  тамашалап, 
тәжірибе жинақтады. 
Бөбекжай  бүлдіршіндері  мен  педагогтар  түрлі  деңгейде  ұйымдастырылған  32 
республикалық,  12  облыстық,  20  қалалық  іс-шаралар  мен  байқауларға  белсене  қатысып, 
нәтижесінде 2-бас жүлде, 21-І орын, 8-ІІ орын, 29 номинация мен алғыс хатты иелендік. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  іс-әрекеттерін,  танымдық  қызығушылықтарын 
дамытуға  бағытталған,  тәрбиелеу  мен  оқытудың  неғұрлым  тиімді  әдістері  мен  түрлерін 
пайдалану барысымен бөліскен 7 облыстық, 8 қалалық озық тәжірибе таратылды. Сондай-ақ, 
баспасөзбен  байланыс  орнатылып,  11  педагог  республикалық  басылымға,  9педагог  -
облыстық, 6 педагог-қалалық басылымға іс-тәжірибесін жариялады. 
Бөбекжайымызда сонымен қатар, 2015 жылдың 20 қаңтарынан  ҚР Білім және ғылым 
министрлігінің  №408  бұйрығы  негізінде  «Жаңа  технологиялар  мен  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларын    мектепке  дейінгі  ұйымда  апробациядан  өткізу»  тақырыбындағы 
республикалық  тәжірибе  алаңы  ашылып,  балалардың  қажетті  дағдыларды  игеруіне  әсер 
ететін,  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясына  сәйкес  жалпыадамзаттық  құндылықтармен 
негізделген  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  кешенді  дамуын  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  бағдарламаны  апробациядан  өткізудеміз.  Бұл  тәжірибелік  алаңға  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  4  топ  (сәбилер,  кішілер,  ортаңғы,  ересектер),  8  экспериментатор-
тәрбиеші, 93 бала қамтылды. Тәрбиелеу-оқыту үрдісінде Дамыта оқыту технологиясы, Ойын 
технологиясы, Денсаулық сақтау технологиясы,Ақпараттық коммуникативтік технологиясы, 
ТРИЗ  технологиясы,  АРТ  емдері,  Монтессори  әдістемесінің  элементтері  инновациялық 
педагогикалық  технологияларын,  ойын  және  жобалық  оқыту  әдістерін  ендіре  отырып, 
«Ақылды  балапан»  интерактивті  оқу-танымдық  кешені,  «Крошка  кролик»  интерактивті 
кешені,  «Фантазёры  МУЛЬТИтворчество»  бағдарламалы–әдістемелік  кешені,  «Графика» 
аспабы, «Электронды қазақ үйі» инновациялық білім беру құралдарын қолданамыз. 
Мектепке  дейінгі  ұйымның  әдіскері  өз  жұмысын  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 
тәрбиелеу  мен  оқытуды  жетілдіру  мақсатында  ұйымдастырады.  Ізденімпаздықпен, 
шығармашылдықпен жұмыс жасай білген әдіскер, қызмет барысында өзін жетілдіре түседі, 
шыңдалады.  Өзгеге  айтарың,  үйретерің  болу  үшін,  өзің  де  жан-жақты  болуың  қажет. 
«Инновациялық  әдіс-тәсілдерді  тиімді  қолдану  арқылы,  әдістемелік  қызмет  жұмысын 
дамыту»  шығармашылық  тақырыбында  жұмыстана  отырып,  қалалық,  облыстық  
семинарларға,  ғылыми-практикалық  конференцияға,  педагогикалық  оқуға,  облыстық, 
қалалық  тамыз  кеңестеріне  қатысып,  шығармашылығымды  шыңдаудан  жалықпаймын. 
Бөбекжай  педагогтарының  кәсіби  шеберлігін  арттыруға,  жеке  тұлғалық  өсуіне  мүмкіндік 
жасап,  инновациялық  топтар  құрып,  біріккен  кешенді  жобалар,  даму  бағдарламасын, 
әдістемелік  нұсқаулықтар  құрастыруда  бағыт-бағдар  беремін.  Қазіргі  уақытта    «Тілашар» 
(ҚББ  Хаттама  №1,16.11.2012ж),  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  пәндік 
апталықтарды  ұйымдастыру  жұмыстары»  (ҚББ  Хаттама  №2,  26.12.2014ж),әдістемелік 
жинақтары, мектепке дейінгі  ұйымдардың ортаңғы топтарына арналған үш тілдегі  «Білімді 
қуыршақтар әлемінде», «В мире образованных кукол»,«In the world of knowledge dolls» (БҚО 
ББ  Хаттама  №2,  05.06.2015ж)  инновациялық  жобасы,  «Қызықты  ағылшын  әлемінде»  (БҚО 
ББ Хаттама №1, 04.03.2016ж),  «Мультишығармашыл балдырғандар» (БҚО ББ Хаттама №1, 
04.03.2016ж)  әдістемелік  құралдарының,  «Балалардың  логикалық  ойлау  қабілетін, 

 
 
218 
 
интеллектуалдық  ойындар  арқылы  үш  тілде  дамыту»  (Хаттама  №3,  29.01.2016ж) 
бағдарламасын  құрастырушы-авторының  бірімін.  БҚО  білім  саласындағы  бақылау 
департаментінің  тәжірибелі  мектепке  дейінгі  мамандардан  жасақталған  сарапшылар 
құрамына еніп, мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшесі ретінде мемлекеттік аттестаттау 
жүргізуге қатысамын.  
Заман  талабына  сай  оқыту  мен  тәрбиенің  соңғы  түрлерін  игеріп,  кәсіби  шеберлікті 
ұштап отыру- әр педагогтың парызы. Мектепке дейінгі  жастағы бүлдіршіндердің болашағы 
үшін  мектепке  дейінгі  ұйымдағы  әдістемелік  қызметті  тиімді  де,  жаңаша  ұйымдастыра 
білсек, егеменді еліміздің өркендеуіне тамшыдай үлесімізді қосқан болар едік. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет