Əдебиеттер
1. Джунусбеков А.С., Сатаев М.И., Голубев В.Г. Модель движения жидкости в
мембранном аппарате //Поиск.– 2008, №.3 – С.128-131.
2. Ханхунов Ю.М., Хантургаев Г.А. Баромембранные процессы и аппараты: учебное
пособие. – Улан- Удэ: Изв-во ВСГТУ, 1991. – 55 с.
3. Джунусбекова С.Ш., Сатаева Л.М., Шакиров Б.С., Сатаев М.И. Активный перенос
примеси через мембрану //Узбекский химический журнал. - 2007, № 4. - С. 37-40.
4. Шаймерденова Г.С., Сатаев М.И., Ескендиров Ш.З. Моделирование растворения
примесей в мембранных порах в среде с поверхностно-активными мицеллами. //
Узбекский химический журнал. – 2007, №6. - С.64-67.
5. Борисов Г.С., Брыков В.П., Дытнерский Ю.И. Основные процессы н аппараты
химической технологии: Пособие по проектированию. - М.: Химия, 1991. - 496 с.
248
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МЕТАЛЛ
КОНСТРУКЦИЯЛАРЫНДАҒЫ ТОТТАНУДЫҢ ДАМУ
МЕХАНИЗМІН ЗЕРТТЕУ
Б.Ж.Манапбаев
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Қазіргі пайдаланудағы гидротехникалық құрылымдардың көбінің негізгі
конструкциялары əбден тозған. Əсіресе, өте ауыр жағдайларда гидротехникалық
құрылымдардың металл конструкциялары мен механикалық құрал-жабдықтары жұмыс
істеуде, өйткені оларға түрлі жүктер мен əсерлерден, моральдық тозудан бөлек,
тоқтаусыз жүретін металдың тоттануы да əсер етуде. Олардың істен шығуы үлкен
экономикалық, материалдық, экологиялық шығындарға, сонымен қатар адамдардың да
шығынына алып келуі мүмкін. Оған мысал ретінде Ресейдің Саяно-Шушенск су электр
станциясындағы жəне Алматы облысының Қызылағаш бөгетіндегі апаттарды айтуға
болады.
Гидротехникалық құрылымдардың металл конструкциялары сумен тікелей
байланыста жұмыс істегендіктен, тоттану процесі оларда үздіксіз жүреді. Көп
жағдайларда тоттану металл конструкцияларының тозуы мен істен шығуына алып
келеді. Сондықтан металл конструкцияларының тоттануға төзімділігін (шыдам
мерзімін) арттыру жолдары бүкіл дүниежүзілік деңгейдегі өте өзекті проблема болып
қалуда.
Көтерілген мəселе бойынша жасалған талдаулар [1,2], гидротехникалық
құрылымдарды салу жəне пайдалану тарихында металл конструкциялардың тоттануға
ұшырау салдарынан, апаттық жəне істен шығу жағдайларының орын алғанын көрсетті.
Металл конструкциялардың тоттанудан бүлінуі, əлі толық шешіле қоймаған жəне
металл
конструкцияларды
тоттанудан
қорғау
мəселелерімен
айналысатын
мамандардың алдында тұрған мəселе болып табылады. Бұл жағдай металл
конструкциялардың тоттануға ұшырау құбылысына жаңа зерттеулер жүргізуді қажет
етеді.
Осы уақытқа дейін бұл құрылымдардағы тоттанудың табиғаты жайлы көптеген
зерттеулер жүргізілгенімен, оларда ұсынылған тоттанудың даму механизмдерінің
келесідей кемшіліктері бар болатын:
- тоттану механизмін зерттеу кезінде, ферромагнитті материал болып табылатын
металл конструкциялардың магниттік қасиеттері ескерілмеген;
- ұсынылған механизмдерде тоттану жарықшақтарына Н
+
жəне ОН
-
иондарын
тартатын күштер табиғаты толық ашылмаған.
Сондықтан жұмыста, біздің ферромагнитті бұйымдар болып табылатын
гидротехникалық құрылымдардың су ішінде кернеуленген күйде жұмыс істейтін
металл конструкцияларының тоттануына магниттік қасиеттердің əсерін зерттеу мақсат
етіп қойылып, келесі тоттанудың даму механизмі ұсынылады.
Су ішіне түсіру сəтінен бастап гидротехникалық құрылымдардың металл
конструкцияларының беті ортаның адсорбциясының əсерінен əр түрлі өзгерістерге
ұшырап, олардың беттік энергиясы төмендейді жəне біршама мөлшерде Ребиндер
эффектісі орын алады. Ортаның адсорбциясы гидротехникалық құрылымдардың
металл конструкцияларының бетіндегі беттік атомдардың əлсіреуіне алып келеді. Əр
түрлі жүктемелер мен соққылар əсерінен гидротехникалық құрылымдардың металл
конструкцияларының адсорбциядан əлсіреген беттерінде жарықшақтар, яғни
реомендер [3,4] пайда болып, шекараларында тоттану басталып, күшейе түседі. Реомен
алынған соққы жəне жүктерге байланысты əр түрлі материалдардың шытынау жəне
ұсақталу өлшемдерін көрсетеді. Тоттану процесі реоменді құрылымдарда басталуы
249
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
үшін, су ішінде металдың тоттануы кезінде болатын химиялық реакцияларды іске
асыратын физикалық-химиялық күштердің əсері қажет.
Гидротехникалық құрылымдардың металл конструкциялары ферромагнитті
бұйымдар болып табылады. Олардың құрылымында тосыннан магниттелу
құрылымдары - домендер болады. Өз кезегінде, пайда болған реомендер ферромагнитті
материалдар болып табылатын болат конструкциялардың қалыпты домендік
құрылымдарын жарады. Болаттың домендік құрылымы бұзылуы кезінде, домендердің
екі бөлікке бөлінуі жүреді (сурет 1), соның салдарынан жарықшақтарда магниттік
полюстер пайда бола бастайды, ал олардың арасында магниттік өріс əсер етеді (сурет
2).
Сурет 1 – Домендік
құрылымның бөліну схемасы
Сурет 2 - Болаттың доменді құрылымындағы
жарықшаққа қатысты Лоренц күшінің, иондардың
қозғалыс жылдамдығының жəне магнит өрісінің
бағыттары
Ферромагнитті домендер құрылымдарының бөлінуінен пайда болған, яғни
жарықшақтар жиектері арасындағы магнитті өрісте қозғалатын зарядтарға (сурет 2)
Лоренц күші əсер етеді [5].
Электрхимиялық тоттанудың бастапқы процестері өткен соң, яғни судың Н
+
жəне
ОН
-
иондарына диссоциациялануынан кейін, олар оң жəне теріс зарядтарға ие болады.
В магнит өрісіндегі белгілі бір υ жылдамдықпен қозғалып жүрген иондарға q Лоренц
күші F
Л
əсер етіп, оларды перпендикулярлы бағытқа бұруға тырысады, бұл магниттік
өрісте əсер ететін Лоренц күші арқылы сутегі ионы Н
+
жəне гидроксил - ионы ОН
–
жарықшақ жиегіндегі магнит полюстарына тартылады (сурет 3).
Берілген магниттік өрісте пайда болған Лоренц күші су ішіндегі қозғалып жүрген
бөлшектерді абсорбциялауда өте маңызды орынға ие. Əсіресе, Лоренц күшінің
бағытымен оң зарядталған сутегі иондарын Н
+
жарықшақ қарқынды сіңіре бастайды,
өйткені реоменді құрылымдардың салдарынан пайда болған болаттың бөлінген доменді
құрылымында (жарықшақта)
жəне
B
векторларының бағыттары Лоренц күшіне
перпендикулярлы болып келеді (сурет 2).
Тоттанудың физикалық процесі өткен соң, химиялық процесс басталады, яғни
тоттану жарықшақтарының даму кезеңі - оларда тоттану өнімдерінің түзілуі болады.
Гидроксил - иондары ОН
–
темірдің гидратталған иондарымен темірдің (II)
гидроксидінен тұратын қабықша құрайды, сонымен қатар, бұл кезде сутегі
тотықсызданады жəне абсорбцияланады (сурет 4). Бұл жағдайға, яғни кернеу
астындағы тоттану процесінде жарықшақ арқылы металдың құрылымына сутегінің
қарқынды абсорбциялануына ертеректе көптеген зерттеушілер көңіл бөлген болатын.
Бірақ, олар сутегінің қарқынды абсорбциялануына қандай күштің ықпал ететінін
анықтамаған. Біз көрсеткеніміздей, ол күш - Лоренц күші. Лоренц күшінің арқасында
жарықшақтың ұшына тек қана сутегінің иондары Н
+
қатты тартылып абсорбцияланады,
өйткені олар оң зарядты болып келеді.
250
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Сурет 3 - Бөлінген домендік құрылымы
бар ферромагнитті бұйымның
жарықшағына Н
+
жəне ОН
–
иондарының тартылуы
Сурет 4 - Жарықшақтың темірдің (II)
гидроксидімен толығуы жəне жарықшақ
ұшының алдында сутегі-кернеуленген аймақ
шекті комбинациясына алып келетін сутегі
иондарының тотықсыздануы
Жарықшақта сутегі иондары Н
+
тотықсызданып, екі сұлба бойынша жарықшақтан
кетеді, яғни бір бөлігі металдың құрылымына жарықшақтың ұшы арқылы
абсорбцияланады, ал қалған бөлігі газға айналып, атмосфераға тарайды. Сутегінің
металл ішіне түскен бөлігі оның көлемі бойынша жарықшақ ұшының алдында
орналасқан максималды үш осьті кернеулер аймағына келіп жиналады. Бұл аймаққа
түскен сутегі жарықшақтың тоттанудан өсу процесін тездетеді, өйткені, металдың
сутегімен толығуы оның тоттануға төзімділігін айтарлықтай төмендетеді (сурет 4).
Темірдің (II) гидроксиді Fe(OH)
2
болат конструкцияның бетінде диффузионды-
тосқауылды қабатты құрап, ол темірдің (III) гидроксидіне ( γ-Fe
3
О
4
- магнетитке) дейін
тотығады:
4Fe(OH)
2
+ 2H
2
O + О
2
→ 4Fe(OH)
3
(1)
Ары қарай темірдің (III) гидроксидінен тұратын қабықшаның бір бөлігі
сусыздануға ұшырап, гётит - FeО(OH) пайда болады. Бұл реакция келесі формуламен
көрсетілген:
Fe(OH)
3
- H
2
O → FeО (OH)
(2)
Гидротехникалық құрылымдардың металл конструкциялары айнымалы жүктердің
(кернеулердің) тұрақты əсер ету жағдайларында жұмыс істейді. Кішкене ғана
механикалық əсер ету, яғни механикалық кернеулер шамаларының жоғарылауы немесе
қақпаны жəне басқа да болат конструкцияларды көтеріп-түсірудегі қарапайым
механикалық əсер ету кезінде жоғарыда аталған жарықшақтар ашылып,
гидротехникалық құрылымдардың болат конструкцияларының тоттану процесі қайта
басталады.
Ұсынылған тоттанудың даму механизмінің теориялық қағидаларын тəжірибелік
дəлелдеу мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Наноинженерлі зерттеу əдістері» ғылыми-зерттеу зертханасындағы электрондық
сканерлеуші JSM–7500F микроскобымен
тоттанған
үлгілерге
электронды-
микроскопиялық зерттеулер (сурет 5) жүргізілді. Зерттеулерді жүргізу үшін, бөлшекті
зерттеу жүргізілген жəне тоттанудың даму деңгейі анықталған Аса су торабының
сегментті қақпаларының болат қаптауынан тоттанған үлгілер алынды [3].
Сурет 5 - Х2000 ұлғайтумен жасалған үлгінің тоттанған бетінің көріністері
251
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Электронды-микроскопиялық зерттеулердің нəтижелері көрсеткендей, сыртқы
факторлардың, оның ішінде механикалық кернеулер мен жүктердің əсерінен металл
беттерінде жарықшақтар жəне ақаулар пайда болады, ал олар реомендердің бар
екендігін дəлелдеп тұр. Көптеген жарықшақтар домендердің өлшемдерімен бірдей
жəне одан да төмен болып келгендіктен, олардың домендік құрылымдарды
жартындығы айқын. 5-суретте болат конструкцияларына əсер ететін жүктерден пайда
болған үлгінің тоттанған бетіндегі жарықшақтар көрінеді. Көрсетілген сурет реоменді
құрылымдар жайлы жасалған теориялық болжамдарға толығымен сəйкес келіп тұр.
Ұсынылған теориялық болжамдарды толықтай түсіндіру мақсатымен Аса су
торабындағы металл конструкцияларының тоттанған беттерінен алынған үлгілер мен
тоттану өнімдеріне Қ.И. Сəтбаев атындағы геология ғылымдары институтының
зертханаларында рентгенспектрлік микроталдау (сурет 6,7), термиялық талдау (сурет 8)
жəне рентгендифрактометрлік талдау (сурет 9) жүргізілді. Зерттелінетін үлгілерден
темірдің (II) гидроксидің Fe(OH)
2
жəне темірдің (III) гидроксидің Fe(OH)
3
немесе
олардың өнімдері мен жекелей түрлерін табу қажет болатын.
Сурет 6 - Сегментті қақпаның тоттанған
бетінен алынған үлгінің спектрограммасы
Сурет 7 - Тоттану өнімдерінен алынған
үлгінің спектрограммасы
Сурет 8 - Тоттану өнімдерінен алынған
үлгіні термиялық талдаудың
дериватограммасы
Сурет 9 – Тоттану өнімдерінен алынған
үлгінің дифрактограммасы
Жүргізілген химиялық талдаулар нəтижелері көрсеткендей, металл бетіндегі
тоттану өнімінің қабығынан алынып зерттелінген үлгіде Fe
2
О
3
гидроксиді, темірдің (II)
гидроксиді Fe(OH)
2
, темірдің (III) гидроксидінің Fe(OH)
3
бір түрі - магнетит Fe
3
O
4
жəне
темірдің (III) гидроксидінің бір бөлігінің сусызданудан кейінгі өнімі - гётит FeO(OH)
кездесіп, ұсынылған тоттанудың даму механизмі дұрыс болатындығы айқындалды.
Ұсынылған кернеу астындағы тоттанудың даму механизмін ескере отырып,
металл конструкцияларының бетіне алдын-ала кернеу жəне жүктеме түсірумен
252
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
зауыттық жағдайларда тоттануға қарсы қаптаманы жағуға негізделген қорғаушы
қаптаманы жағу тəсілі ұсынылды:
-
болат конструкцияларының жаңа элементінің бетіне зауыттық жағдайларда
қаптама жақпастан бұрын, пайдалану тəжірибесі бойынша оның кернеулі-
деформациялы жұмысын біле отырып, шынайы жағдайларға жақын максималды
рұқсат етілген жүктермен жүктейміз. Сонда оның бетінде сырғанау жолақтары,
дислокациялар, жарықшақтар, біркелкісіздіктер, ақаулар жəне т.б. зақымданулар
пайда болуы қажет;
-
элементті осы жағдайда ұстап тұрып, барлық пайда болған жарықшақтар мен
ақаулардың қаптамамен толтырылуын бақылай отырып, оның бетіне тиянақты
түрде тоттануға қарсы қаптаманың бірінші қабатын жағамыз жəне барлық
талаптарға сəйкес оны кептіреміз.
-
осыдан кейін жүктеуді алып тастап, қаптаманың сапасын тексереміз де, элементтің
барлық бетіне тоттануға қарсы қабаттың екінші қабатын жағамыз;
-
қаптаманың сапасын тексеріп, қажет болған жағдайда жоғарыда көрсетілген іс-
шараларды қайта орындап шығамыз.
Мұндай қаптаманы жағу бойынша іс-шараларды орындау шынайы жағдайларда
жəне тоттандырушы ортада жүктелген болат конструкцияларының беттерін
бұрынғыдан тиімдірек қорғайды жəне олардың шыдам мерзімін жоғарылатады.
Өйткені, ертеректе зауыттық жағдайларда қаптаманы жағу кезінде пайда болған
жарықшақтар мен ақаулар созушы жүктердің əсерінен ашылғанда, олардың іші
қаптамамен толып тұрады, бұл қарқынды тоттануға мүмкіндік жасайтын
тоттандырушы орта ішіндегі агрессивті заттардың абсорбциялануына жол бермейді.
Əдебиеттер
1. Манапбаев
Б.Ж.
Гидротехникалық
құрылымдардың
металл
конструкцияларының сенімділігін бақылаудың маңызы. // М.Х. Дулати
атындағы ТарМУ Хабаршысы «Табиғатты пайдалану жəне антропосфера
мəселелері». - Тараз, 2008. - №2. - Б. 268-275.
2. Алимбаев Б.А., Манапбаев Б.Ж. Повышение долговечности металлических
конструкций гидротехнических сооружений. Аналитический обзор. – Тараз:
Жамбылский филиал АО «НЦ НТИ РК», 2010. - 45 с.
3. Манапбаев Б.Ж. Гидротехникалық құрылымдардағы тоттанған металл
конструкцияларының беттерін микро- жəне нано деңгейде электронды-
микроскопиялық зерттеу. // «VI Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-
тəжірибелік конференциясының жинағы. – Тараз: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,
2009. - Б. 311-313.
4. Алимбаев Б.А., Манапбаев Б.Ж., Джанузакова Р.Ж. Об одном факторе развития
коррозии в элементах металлических конструкций гидротехнических
сооружений // Механика и моделирование процессов технологии. - Тараз, 2010. -
1. - С.116-126.
5. Алимбаев Б.А., Манапбаев Б.Ж. Особенности развития коррозии в элементах
стальных конструкций гидротехнических сооружений. // Материалы
международной научно-практической конференции «Проблемы инновационного
развития общества: настоящее и будущее» посвященная 70-летию академика
М.Ф.Уркумбаева.-Алматы: Эверо, 2009. - С. 91.
253
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ИІРІМ ЖІПТІҢ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СПАЙКАСЫНЫҢ БЕРІКТІГІН
ЖІП ОРАҒЫШ МАШИНАСЫНДА АНЫҚТАУ
З.Султанова, В.М.Джанпаизова
М.Əуезов ат. ОҚМУ
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан 50 елдің қатарына кіру» туралы
стратегиясы бойынша, өзіміздің елде өндіретін жаңа техника мен технологияларды
шығару жəне өндіру. Тоқыма өнеркəсібі бойынша өндіретін киімдер əдемі, сəнді жəне
сапалы болу керек. Ол үшін шығарылатын матаның сапасы жоғары болу керек.
Матаның сапасының жоғары болуы, оны тоқуға дайын болған иірім жіптің сапасын
жоғары дəрежеде өндіру .
Мата сапалы болу үшін иірім жіптің сапасы жоғары болуы керек. Иірім жіптің
сапасы оның беріктігіне байланысты. Оның үзілгеннен кейінгі беріктігін арнайы
құралдарда анықтайды.
Иірім жіптің спайкасын екі түрлі құралда атқаруға болады. Орау машинасында
орналасқанның бірі аквасплайсер, ал екіншісі Мурате.
Аквасплайсердегі иірім жіптің спайкасын қолмен істейді. Ол кішкене арбалы
бағыттағыш болып табылады. Иірім жіпті суландырып, ауа қысымы арқылы жұмыс
істеп, жіптерді біріктіреді. Кез келген ағартылған, боялған, бұралған, таралған жіптерді
біріктіруге болады.
Мурате қондырғысында иірім жіптің спайкасын автоматты түрде атқаруға
болады. Оның негізгі құрылымы: Сервоқозғалтқыш-тіке басқарылатын орағыш
барабаны; Байланыс қысымын бақылау; Орау жүйесі; Жеке дабыл жүйесі;
Парафиндеу құрылғысы; Иірімжіпті жақсартқыш; Біріктіргіш; Картридж процессі ;
Түйіннің алдын алу жүйесі – Қатты қалдықты азайтушы; Bal-Con баллон
бақылаушысы.
Аквасплайсер мен Муратенің айырмашылығы, олардың жұмыс істеу
принципінде болып табылады. Олардың спайкасының беріктігінде бірнеше
айырмашылықтар болады. Осыған орай зерттеу нəтижесінде осы екі құралда жіптердің
спайкасының беріктігінің мықтылығы анықталды.
Иірім жіп ылғалдылығын жоғалғатуына қарай спайканың сапасы нашарлайды.
Себебі, егер өндірістен кейін иірім жіп құрғақ қоймада ұзақ уақыт мерзімінде
сақталынса жəне ылғалдылсызданатын болса, онда спайкаланған жер 8 – 10 %
əлсірейді, сондықтан келесі процестерде үзілуі жоғарлайды.
Зерттеулер АО «Меланжда» «USTER» фирмасының Tenzarapid 4 үзілу
машинасында иірім жіптің гребендік жəне пневмомеханикалық иіру тəсілдерінде
жүргізілді.
Жүргізген зерттеу иірім жіптің беріктігін анықтау. Иірім жіптің сапасы оның
беріктігіне байланысты. Оның үзілгеннен кейінгі беріктігін арнайы құралдарда
анықтайды.
Иірім жіптің спайкасын екі түрлі құралда жұмыс жасағаң болады, ол орау
машинасында орналасқан бірі аквасплайсер, ал екіншісі Мурате. Алынғаң ңəтижелер
диаграмма ретіңде корсетілғең.
Тəжірибе жүргізгенде аквасплайсер мен Мурате құрылғыларындағы иірім жіптің
спайкасының беріктігін анықталды. Алынған мəліметтер төменде кесте мен диаграмма
түрінде көрсетілген.
Аквасплайсер мен Муратедегі спайка сапасын салыстыру.
Муратедегі № 29,8 кендір иірім жіптің спайкаға дейінгі көрсеткіштері: Ne =29,8
N=2,96 Rkm=15,25
254
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
№
Үзілу
уақыты
s
Үзілу
күші
N
Үзілудегі
ұзару
%
Салыстырмалы
үзілу жүктемесі
Rkm
Үзілу
жұмысы
N.cm
Орташа
CV
Min
Max
0,32
2,8
0,31
0,34
2,96
4,7
2,63
3,11
5,36
2,8
5,10
5,59
15,25
4,7
13,54
16,00
4,29
4,8
3,91
4,52
Бұл графикте үзілуге сыналған тарақты иірім жіп өте жақсы нəтижелерді
көрсетті, үзілу күші R (15,25) жəне үзілу күші бойынша тербеліс кэффициенті CV=4,7
% төмендейді. Ұзындығы бойынша ауытқуы Е төмен 5,4 тен 5,8 аралығында.
( ұзындығы бойынша CV 2,8%).
Муратедегі № 30 кендір иірім жіптің спайкадан кейінгі көрсеткіштері: Ne =30
N=2,40 Rkm=12,45
№
Үзілу
уақыты
s
Үзілу
күші
N
Үзілудегі
ұзару
%
Салыстырмалы
үзілу жүктемесі
Rkm
Үзілу
жұмысы
N.cm
Орташа
CV
Min
Max
0,27
10,5
0,22
0,31
2,40
9,5
2,11
2,82
4,47
10,5
3,72
5,09
12,45
9,5
10,94
14,61
2,92
17,9
2,13
3,73
Аквасплайсердегі № 34,2 кендір иірім жіптің спайкаға дейінгі көрсеткіштері: Nm
=34,2 N=3,62 Rkm=12,56
255
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
№
Үзілу
уақыты
s
Үзілу
күші
N
Үзілудегі
ұзару
%
Салыстырмалы
үзілу жүктемесі
Rkm
Үзілу
жұмысы
N.cm
Орташа
CV
Min
Max
0,28
8,7
0,23
0,33
3,62
6,1
3,11
3,92
4,72
8,7
3,86
5,48
12,56
6,1
10,79
13,58
4,81
11,4
3,40
5,21
Бұл графикте тарақты иірім жіп нашар нəтижелерді көрсетті. Алдыңғы иірім
жіпке қарағанда R жүктеме төмен ал 12,45; ал CV жоғары, CV=9,5 ол осы автоматтан
алынған тарақты иірім жіпті нашар жағынан көрсетті. E ұзаруы (4,47) орташа, ал
ұзындығы бойынша CV-10,5%. Егер CV жоғары болса, онда ол алынған иірім жіп
үшін нашар.
Аквасплайсердегі № 34 кендір иірім жіптің спайкадан кейінгі көрсеткіштері: Nm
=34 N=1,60 Rkm=5,53
№
Үзілу
уақыты
s
Үзілу
күші
N
Үзілудегі
ұзару
%
Салыстырмалы
үзілу жүктемесі
Rkm
Үзілу
жұмысы
N.cm
Орташа
CV
Min
Max
0,14
35,2
0,06
0,20
1,60
41,1
0,72
2,54
2,26
35,1
1,06
3,27
5,53
41,1
2,51
8,81
1,04
63,7
0,22
2,18
Осы зерттеулерді жүргізе отырып мынадай қорытынды жасалды Италия
фирмасының GEMINIS S орау машинасындағы аквасплайсерден Жапония
фирмасының орау машинасындағы Муратеде спайканың сапасы жоғары болады.
256
Достарыңызбен бөлісу: |