Проблемы языкознания



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#5514
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

 
Ҽдебиеттер тізімі 
1
 
Рысалды Қ. докторлық дисс. 171б. 
2
 
Оспанова Ф. Фразеологизмдер уҽждемесінің лингво мҽдени аспектісі (қаз. ағылшын 
тілд. материал. негізінде) дисс.  филолог. ғылымд. канд. 127б. 
3
 
Опанова Ф. 67б. 
4
 
Калимулина Л.А. Современные трактовки категории эмотивности\\ Филологические 
науки. – Москва, 2006. – №5. – С. 293. 
5
 
Грамматика  азерббайджанского  языка.  Фонетика.  Морфология  и  синтаксис.  Под 
общей редакцией М.Ш.Ширалиева и Э.В.Севоротяна. – Баку:Элм, 1971. – 413с. 
6
 
Жанпейісов Е. Сын есімдер сҿзжасамы \\ Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. -784б. 
7
 
Сыздықова  Р.  Алғы  сҿз  \\  Қазақ  лексикасындағы  жаңа  қолданыстар.  –  Алматы: 
Ғылым, 1990. -134б. 
8
 
Коныров  Т.К.  Структурно-  семантическая  природа  сравнения  в  казахском  языке.  – 
Алматы: Мектеп, 1985. – с.151 
9
 
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім шырайлары. – Алматы, 1951. – 182 б. 
10
 
Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. –Алматы: Мектеп, 1978. – 256 б. 
11
 
Қазақ тілінің түсіндірмелі сҿздігі . – Алматы: «Ғылым » 1985. -32 б 
12
 
Жанпейісов Е. Сын есімдер сҿзжасамы\\ Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. -780 б. 
13
 
Сыздықова Р. Сҿздер сҿйлейді. –Алматы: Санат, 1994. -174 б. 
14
 
.Рысалды Қ докт. дисс.-176 б. 
15
 
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндгі сын есім шырайлары. – Алматы: Ғылым, 1967. – 229 б. 
16
 
Будагов Р.А. Проблемы развтиия языка. –М.-Л., 1965. – 247 с. 
17
 
Копыленко  М.М.  Средства  выражения  количества  в  русском  языке.  –Алма-Ата. 
1993. – 256 с. 
 
В  данной  статье  рассматриваются  применение  имен  прилагательных, 
функционирование  данной  категории  при  отражении  национальной  языковой  картины. 
Автором  проводится  семантического  поля  данных  единиц  на  примере  передачи 
множественного и единственного числа имен прилагательных. 

107 
 
This article discusses the use of adjectives, the functioning of this category in the reflection 
of the national language picture. The author analyzes the semantic  field of data transmission units 
on the example of the singular and plural of adjectives. 
 
 
 
ҼҾЖ 316.42.:802.0                                                                        
Ф.А. Оспанова  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қызылорда, Қазақстан 
 
 
ЖАҺАНДАНУ ҤДЕРІСІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН СӚЗДЕРДІҢ ЕНУ 
СИПАТЫ 
 
 
Англицизмдердің  енуі,  сондай-ақ  кейде  оларды  жолымен  аударып  алу  қабылдаушы 
тілдің сӛздік құрамын толықтырып байытады. Қазақ тілінің, лексикасы  ағылшын тілінен, 
орыс  тілі  арқылы  басқа  тілдерден  енген  сӛздермен  толығып,  оның  аумағы  кеңілді.  Белгілі 
бір тілдің сӛздік құрамы, ең алдымен, сӛз тудырудың сан алуан тәсілдері арқылы сол тілдің 
ішкі мүміндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сӛздерден туынды сӛздер жасаудың  есесінен 
дамып  байыса,  сонымен  қатар  басқа  тілдерден    жаңа  сӛздердің  енуі  арқылы  да  толығып 
отырады.  Міне,  бұл  тәсілдер  тілдің  лексикасының    баю  жолдарының  ең  басты  тәсілдері 
болып табылады. Англицизмдердің қабылдаушы тілдің грамматикалық заңдарына бағынып 
игерілуі 
қабылдаушы 
тілде 
олардың 
грамматикалық 
формасының 
мағынасы 
сақталынбауынан айқын кӛрінеді. 
 
Тірек  сӛздер:  билингвизм,  ағылшын  тілінің  лексикасы,  қоғам,  кірме  сӛз,  сӛйлеу 
мәдениеті, жаһандану, сӛздік қор, мофологиялық тәсіл. 
 
Кез-келген  халықтың  тілі  жеке  дара  ҿмір  сүрмейді.  Қандай  да  бір  тілге  басқа  тілден 
кірме  сҿздердің  енуі  сол  тілдің  дамуына  қажетті  табиғи  үдеріс  болып  табылады.  Ҿзге 
тілдердің  ықпалына  ұшырамаған    ешқандай  тіл  жоқ  деуге  болады.  Соңғы  20-30  жыл 
бедерінде  англицизмдер  қазақ  тіліне  қарқынды  ҽрі  үлкен  кҿлемде  енгені  соншалық, 
лингвистер  оларды  ағылшын  –  қазақ  билингвизм  құбылысы  деп  атап  жүр.  Бұл  мҽселені 
біріншіден, қоғамдағы ашық халықаралық қарым-қатынас пен ағылшын тілінің халықаралық 
тіл ретіндегі мҽртебесінің ҿсуімен байланыстыра қараған жҿн.  
Тіл  ҿзі  қызмет  атқаратын  қоғаммен  бірге  ҿмір  сүріп,  сол  қоғаммен  бірге  ҿзгеріп 
отырады, ҽрі оның ішкі заңдылықтарына сҽйкес дамиды.  
Кірме  сҿздер,  яғни  шығу  тҿркіні  жағынан  басқа  тілдік  сҿздер,  ҽрбір  тілдің 
лексикасында да бар. Сҿздік құрамына басқа тілден сҿз еңбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние 
жүзіндегі түрлі тілдерде сҿйлейтін халықтар ҿз ара бір-бірімен қарым-қатынаста болады да, 
бір-біріне    сҿз  ауысады.  Ҽрбір  тілдегі  басқа  тілдік  сҿздер  санының  аз  я  кҿптігі  тарихи 
жағдайлармен байланысты.  
Ал ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сҿздерді ҿте жиі кездестіруге 
болады.  Ағылшын  тілі  лексикасында  ағылшындық  тҿл  сҿздер  70%  шамасында  ғана,  ал 
ҿзгелері басқа тілдерден енген. Ағылшын тілінен түркі  тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне, 
ертеректе еніп қалыптасқан сҿздердің сіңісіп кеткені соншалық, олардың басқа тілдік сҿздер 
екені бірден аңғарылмайды да.  
Ағылшын тілдері мен түркі тілінің бір-бірімен жоғарыдағыдай сҿз алысуы бұл тілдерде 
сҿйлейтін  халықтардың  жүздеген  жылдар  бойына  қоныстас,  кҿршілес  елдер  болып, 
экономика мен мҽдениет саласында қарым-қатынас жасап келуінің нҽтижесінде болды.  
Шет тілдерден сҿздердің ену сипаты түрліше болады. Бір тілден екінші тілге сҿздердің 
ауысуы  белгіленетін  заттар  мен  ұғымдардың  ауысып  келуімен  байланысты.  Мысалы, 

108 
 
ағылшын  тілінен  қазақ  тілдеріне  енген  сҿздерді  осы  сҿздер  арқылы  белгіленген    жаңа 
ұғымдардан  бҿліп  қарауға  болмайды.  Бұл  жаңа  сҿздердің  жаңа  ұғымдармен  бірге  енгені 
ҽркімге аян.  
Сҿздердің    жаңа  заттар  немесе    жаңа  ұғымдармен  бірге  ену  құбылысы  тіл-тілде  сҿз 
алмасудағы басты жҽне дағдылы құбылыс болып саналады. Тіл-тілдің лексикасында ауызша 
енген кірме сҿздер де, жазбаша енген кірме сҿздер де бар. 
Ауызша  түрде  енген  сҿздердің  кҿпшілігі  тұрмыс  қажетіне  байланысты  зат  атаулары 
болып  келеді.  Мұнымен  бірге  олардың  ішінде  мҽдениетке  байланысты  ұғымдардың  да 
атаулары  болады.  Ауызша  енген  кірме  сҿздерге  тҽн  ерекшелік  сол  –  олар  қабылдаушы 
фонетикалық заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сҽйкестендіріледі. 
Жазбаша  немесе  кітаби  кірме  сҿздер  кҿбінесе  ғылыми–техникалық,  ҽдебиет  пен  ҿнер 
т.б.  арқылы  енген  жҽне  солардың  белгілі  бір  саласына  бейімделіп  қолданылатын  сҿздер 
болып табылады. Бұлар ҿркениет ұғымдарына телінген сҿздер болу қасиетімен сипатталады.  
Сҿздердің  бұл  тобы  білдіретін  ұғымы  мен  мҽніне  байланысты  интернационалдық  сҿздер 
болуға икемделеді де,  олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады. 
Ондай  сҿздердің  кейбіреулері  ҿзінің  білдіретін  ұғымы  мен  мазмұнының  айрықша  маңызды 
болуына  байланысты  дүние  жүзіне,    күллі  халықтардың  тіліне  ауызша  түрде  де,  жазбаша 
түрде  де  еніп,  жаппай  жҽне  жиі  қолданылатын  сҿздерге  айналады.  Мысалы,  кастинг,  шоу, 
видео  клип,  компьютер,  интернет  деген  сҿздер  бүкіл  ҽлемге  таралып,  ҽр  түрлі  тілдерде 
сҿйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сҿздерге айналып отыр.  
Шет  тілдерден  енген  сҿздер  уақыт  озған  сайын  ҽбден  кірігіп,  фонетикалық, 
грамматикалық  жҽне  семантикалық  жақтан  игеріліп,  сіңісіп  кетеді.  Англицизмдердің 
қабылдаушы тілдің грамматикалық заңдарына бағынып игерілуі қабылдаушы тілде олардың 
грамматикалық формасының мағынасы сақталынбауынан айқын кҿрінеді. Мысалы, ағылшын 
тілінің  рельс  деген  сҿзі  ағылшынша  кҿптік  жалғаулы  сҿз  болғанмен  (  ағылшын  тілінде 
жекеше түрі – rail,  кҿпше түрі – rails ), қазақ тілінде жекеше түрінде ұғынылып, кҿпше түрде 
қолдану қажет болғанда, оған кҿптік жалғауы жалғанады ( қазақша – рельстер ). 
Шет  тілінен  енген  кейбір  сҿздердің  қабылдаушы  тілде  кейде  мағынасынын, 
тартылатыны  да  болады.  Шет    тілден  сҿз  қабылдағанда,  оның  (  сҿздің)  ішкі  формасы, 
дҽлелдемесі  ұмытылады.  Қабылдаушы  тілде  бұл  тҽрізді  сҿздердің  қандай  морфемалардан 
құралғаны,  қалай  пайда  болғаны,  ҽдетте,  еске  алынбайды.  Мысалы  :  Бидің  бір  түрін 
білдіретін  «фокстрот»  шығу  тегі  жағынан  ағылшынның  –  foxtrot,  сҿзбе  –  сҿз  аударғанда, 
«түлкінің  аттамы»  деген  сҿз.  Қазақ  тілінде,  сондай-ақ  басқа  тілдерде  де  бұл  сҿздің  арғы 
тҿркіні, шығу тегі мүлдем ескерілмейді, ол жағы бізге тіптен белгісіз. Бұл сҿз тек бидің бір 
түрінің  атауы  ретінде  ғана  ұғынылады.  Кейбір  кҿп  мағыналы  сҿздер  басқа  бір  тілге 
ауысқанда, ҽр түрлі мағынасында емес, белгілі бір мағынасында  ғана ауысуы мүмкін. 
Англицизмдердің  тілден  тілге  ену  жолдары  мен  олардың  бірсыпырасының  ҽр  түрлі 
ҿзгерістерге  түсіп,  қабылдаушы  тілдің  құрылысына  сай  икемделіп  игерілу  жолдары  алуан 
түрлі болады. 
Кейде  шет  тілдік  сҿздер  мен  сҿз  тіркестері  тілден  тілге  аударылғанда,  олардың 
құрылысы  сақталып  аударылады  да,  солардың  үлгісі  бойынша  сҿздер  мен  сҿз  тіркестері 
жасалады.  Шет  тілдік  сҿздер  мен  сҿз  тіркестерінің  үлгісі  бойынша  жасалған,  олардың 
құрылысының  кҿшірмесі  болып  табылатын  сҿздер  мен  сҿз  тіркестері  калька  деп  аталады. 
Кейбір  тұрақты  сҿз  тіркестері  де,  баламасы  болмаған  жағдайда,  калька  жолымен 
аударылады.  
Англицизмдердің  енуі,  сондай-ақ  кейде  оларды  жолымен  аударып  алу  қабылдаушы 
тілдің  сҿздік  құрамын  толықтырып  байытады.  Қазақ  тілінің,  лексикасы    ағылшын  тілінен, 
орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сҿздермен толығып, оның аумағы кеңілді. Белгілі бір 
тілдің сҿздік құрамы, ең алдымен, сҿз тудырудың сан алуан тҽсілдері арқылы сол тілдің ішкі 
мүміндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сҿздерден туынды сҿздер жасаудың  есесінен дамып 
байыса,  сонымен  қатар  басқа  тілдерден   жаңа  сҿздердің  енуі  арқылы  да  толығып  отырады. 

109 
 
Міне,    бұл  тҽсілдер  тілдің  лексикасының    баю  жолдарының  ең  басты  тҽсілдері  болып 
табылады. 
Англицизмдер  –  қоғамдағы  саяси,  мҽдени,  экономикалық  қатынастардың,  ғылым  мен 
техниканың  дамуына  байланысты  тілге  енген  жаңа  сҿздер  мен  сҿз  тіркестері, 
фразеологиялық  оралымдар.  
Англицизмдер  лексикалық  жҽне  семантикалық  болып  екіге  бҿлінеді.  Лексикалық 
англицизмге  жаңа  ұғымдардың  тууымен  бірге  пайда  болған  жаңа  терминдер  жатса, 
семантикалық  англицизмдер  деп  сҿзбе-сҿз  аудару  арқылы  тҿл  сҿзге  қосылған  жеке 
мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, fresh juice – жаңа 
сызылған жеміс шырыны, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food –( фаст фуд) жеңіл әрі 
тез  әзірленетін  тағам,  week  end  –  уик  энд  –  демалыс  күндер,  party  –  парти  –  сауық  кеші, 
sponsor  –  спонсор  –  демеуші,  прайс  –  баға,  бизнесвумэн  –  бизнес  әйелі,  юзер  –  қолданушы, 
computer system – компьютерлік жүйе, computer center – компьютер орталығы т.б. Мысалы : 
I like fresh juice – Мен  жаңа сығылған жеміс шырынын ұнатамын, yogurt is a dairy product ( 
soy  milk,  nut  milks,  such  as    almond  milk,  and  coconut  milk  can  also  be  used)  produced  by 
bacterial  fermentation  of  milk  –  йогурт  құрамында  сүтті  тағамдар  (гайканың  соя  сүті,  бадам 
сүті, какос сүті ) сондай  – ақ табиғи сүттерден жасалады, Fast food is the term given to food 
that can be prepared and served  very  guickly  –  Фаст –  фуд  термині  жеңіл  ҽрі  тез ҽзірленетін 
тағамдарға  айтылған,  The workweek  and  weekend are those complementary parts of the week 
devoted to labour and rest respectively – Жұмыс күні жҽне уик – энд бір – бірін толықтыратын 
жұмыс пен демалыс күндеріне арналған апта күндері,  «А  party is a gathering of people who 
have been invited by a host for the purposes of socializing, conversation, or recreation» – Парти - 
қонақ  күтушінің  шақырған  адамдарының  ҽңгімелесіп,  демалу  үшін  жиналатын  жері,  To 
sponsor something is to support an event, activity, person, or organization financially or through the 
provision of products or services – Спонсорлық ету бір ұйым немесе адамдарды материалдық 
жҽне физикалық түрде кҿмек беру болып табылады. 
Англицизмдер  сҿзжасамдық  калькалау  (макроұя,  кодтану),  сондай-ақ  синтаксистік-
морфологиялық,  семанткалық,  морфологиялық  тҽсілдер  арқылы  жасалып,  тілдің  сҿздік 
құрамын байытады.  
Шет  тілден  енген  сҿздердің  басым  бҿлігі  ҿздерінің  бастапқы  мағынасын  сақтайды, 
семантикалық жақтан ҿзгерістерге кҿп ұшырамайды. Англицизмдер  тҿл сҿздермен де беріле 
алады,  сҿздік  құрамында  бұрыннан  қолданылып  жүрген  сҿз  тұлғалары  жаңа  мағынаға 
ауысып,  жаңа  ұғымды  белгілеуге  мүмкіндік  алады.  Англицизмдер  тілдің  лексикалық 
құрамына  ауызша  жҽне  жазбаша  түрде  енеді.  Ауызша  енген  сҿздердің  кҿпшілігі  тұрмыс 
қажетіне,  мҽдениетке  қатысты  атаулар  болса,  жазбаша  енген  англицизмдер  ғылым  мен 
техниканың  жетістіктеріне  қатысты  болып  келеді.  Қазіргі  тілімізде  жасалған  англицизмдер 
кҿпшілігі  сҿз  тіркестері  түрінде  келіп,  анықтауыштық  қатынаста  болады.    Мысалы,  human 
factor – антропогендік фактор, week end – уик-энд (демалыс күндер ), price list – прайслист, 
hot  dog  –  хот-дог,  ,  computer  system  -  компьютерлік  жүйе,  computer  center  –  компьютер 
орталығы, Media – Holding – медиа-холдинг т.б.  
Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар:  
1) Бұрын-соңды тілде болып кҿрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. 
Мысалы : hot dog – хот дог, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food- фаст – фуд, spray – 
спрей, скраб – scrub, bowling-боулинг, cartridge – картридж, printer – принтер, disk – диск, 
file – файл, password – пароль, air conditioner – кондиционер, cooler – кулер, mixer – миксер, 
toaster  –  тостер,  blender  –  блэндер,  perfume  –  парфюм,  manager-менеджер,  promoter  – 
проумотер, distributor – дистрибьютер, dealer  – диллер, mentality   - менталитет, jacuzzi  – 
джакузи, stapler – степлер, scotch  tape – скотч, computer – компьютер, monitor – монитор, 
display  – дисплей, presentation  – презентация, calculator  – калькулятор, notebook  – ноутбук, 
жҽне т.б.  
2)  Бұрыннан  тілде  бар  атауларды  жаңартып,  ескіні  жаңғыртып,  жаңаша  мҽн  беріп, 
түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Англицизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы 

110 
 
үшін,  оның  жаңа  мағыналы  сҿздермен  толықтырылып  отыруы  үшін  мҽні  зор.  Мысалы  :  
briefing  –  брифинг,  candidate  –  үміткер  (кандидат),  share  –  үлес(акция),  journalist  – 
тілші(журналист) жҽне т.б. 
Тіл  басқыншылығы  тек  қазақ  тілінде  ғана  емес  сонымен  қатар  барлық  тілдерде  де 
кездеседі. Мысалы, орыс тілінде И.А. Стернинның айтуы бойынша 90 жылдардың басы орыс 
тілінің  бҿгде  тілдердің  лексикасымен  араласуымен  ерекшеленді.  Қазіргі  тіл  білімі 
ғалымдарының  зерттеуіне  сүйенсек  күніне  300  сҿз  қазақ  тіліне  енеді  екен.  Ол  сҿздердің 
басымы  ағылшын  тілінен  енген.  Қазақ  тіліне  де  англицизмдер  кҿптеп  енуде.  Ресей 
ғалымдарының пікірнше  ҽсіресе кҿптеген кірме лексика  газет, журнал беттерінде кҿрінеді, 
сондықтан  газет,  журнал  бетінде  кездесетін  мҽтіндерді  оқу  үшін  алдымен  ағылшын  тілін 
оқыту мҽселесі ҿзекті болып келеді. 
Кҿптеген тарихи жағдайларға байланысты қазақ тіліне шетел тілінен кірген сҿздердің 
ауысуы дҽнекер тіл орыс тілі арқылы жүзеге асады. Шетел тілінен енген сҿздер ғылым мен 
ҽртүрлі  халықаралық  деңгейде  іске  асып  жатқан  шаралардың  негізінде  кҿптеп  енуде.  Бұл 
туралы А. Исланова «Шетел сҿздердің белгілері мен деректері» атты еңбегінде атап, жұмыс 
барысында  қазақ  тіліне  енген  шетел  сҿздеріне  толық  сипат  береді  [1,  19].  Қазақ  тілінде 
кездесетін  ағылшын  тілінен  кірген  сҿздер  ғана  емес  сондай-ақ  француз,  герман  тілдерінен 
енген  сҿздер  кҿп.  Олардың  қазақ  тіліне  ену  жолдары  тіл  білімінде  кең  кҿлемде  зерттеліп 
келеді.  Себебі    жаһандану  үдерісінде  қос  тілдік,  кҿп  тілдік  мҽселесі  бүгінгі  күннен  бастау 
алып жатыр. Мысалы  қазақ тілінде кездесетін француз тілі сҿздерін А.К. Ахмадина  «Қазақ 
француз  қостілділігі  оқу  саласында  үдемелі  түрде  дамып  отыр,  себебі  осы  тілді  тұлғалар 
кҿбінесе жасанды жағдайда үйренеді» [2, 9], - деп қазақ француз қостілділігінің мҽселелерін 
ашып  кҿрсетті..  Е.А.  Штейнер  «  Вопросы  фонетического  и  гамматического  освоения 
англицизмов и германизмов в русской разговорной речи города» атты еңбегінде орыс сҿйлеу 
тіліндегі  ағылшын  жҽне  герман  тілдерінің  бірліктерінің  ҿзгеріске  ұшырап  күнделікті 
қолданыстағы сипатына тоқталады [3, 15]. Бұл еңбекте қазақ тіліндегі ағылшын мен герман 
тілдерінің  элеманттері  дҽлорыс  тіліндегідей  ҿзгеріске  ұшырайтынына  кҿз  жеткіземіз. 
Англицизмдерді  дыбыстық  құрамдық  ҿзгерістерімен орыс тілі арқылы қабылдаймыз. Қазақ 
тіліндегі шетел сҿздерінің кҿптеп енуін халықтың ғаламторды кеңінен  пайдалануын айтуға 
болады. Олар орыс тілі арқылы қазақ тіліне еніп тілдік қолданысқа енген ағылшын сҿздері. 
Солардың бірқатарына тоқталатын болсақ :  
Аутсайдер – 1. Монополиялық  ұйымға кірмейтін, капиталистік кҽсіпорын, 2. Жарыста 
соңғы  орынды  алып  жатқан  немесе  алып  қойған  спортсмен  немесе  команда,  3.  Белгілі  бір 
ҽлеуметтік топтың мүшесі – ойын – сауық, ҿнімділік, спорттық т.с.с. 
Боулинг  -  кеглдердің  спорттық  түрі.  Боулингті  арнайы  жабық  спорттық  бҿлмеде 
ойнайды.  
Брифинг  -  белгілі  бір  мҽселе  жҿнінде  үкіметтің  ұстанымы  баяндалатын  немесе 
халықаралық  келіссҿздердің  барысы  жҿнінде  ақпарат  берілетін  қысқа  баспасҿз 
конференциясы. 
Букмекер – тотализатор ойынында ақшалай қойылымды қабылдап алатын адам. 
Дайвер – сүңгуір. 
Дилер – жеке тұлға немесе мекеме – кҽсіпорын, фирманың сауда ҿкілі, алып сату мен 
айналысатын биржалық делдал.  
Дистрибьютер – белгілі бір ҿнеркҽсіптің немесе фирманың тауарын сауда нарығында 
ҿткізуші жеке тұлға немесе мекеме.  
Картридж – белгілі бір таспаға жазылған құрылғыға арналаған элементтер жиынтығы.  
Маркетинг  –  тұтынушылардың  сұранысына  белсенді  ҽсер  ететін  жҽне  нарықты 
қарастыратын шаралар жүйесі.  
Медиа  –  Холдинг  –  медиа  –  қиын  сҿздерінің  біршама  бҿлігі,  БАҚ  саласына  жататын 
обьектілер мен түсініктер, холдинг – басқа серіктестіктерді басқарыпотыру мақсатында, ҿзге 
серіктестіктердің акция пакеттерін сатып алу  үшін ҿз қаржыларын  жұмсайтын акционерлік 
серіктестік.  

111 
 
Менеджер  –  1)  Ҿндірісті  басқарумен  айналысатын  маман.2)  Шоу  бизнесте,  кҽсіби 
спорттағы т.с.с. ҽртістер, спортсмендердің ҿнер кҿрсетуін ұйымдастыратын кҽсіпкер. 
Мерчендайзер – Тауарды тарату мен сатудағы маман. 
Мониторинг  –  1.  адамның  тұрмыстық  қызметіне  байланысты  қоршаған  ортаны 
бақылау,  бағалау,  тексеру.  2.  Белгілі  бір  нҽтиженің  алғашқы  ұсыныстың  қалыптылыққа 
(немесе қалыпсыздыққа) сҽйкестігіне кҿз жеткізу мақсатындағы жүйелі бақылау.  
Плеймейкер – футболда ойынды ұйымдастыратын ойыншы. 
Қазақ тіліндегі шетел тілінен енген сҿздер бүгінгі таңда варианттылықпен беріліп жүр. 
Тілдік  варианттардың  біріне  осы  шетел  сҿздерін  жатқызуға  болады.  Н.Уҽлиұлы  «біршама 
уақыт бҽсекелесе қолданыла келген шеттілдік сҿзер, ендігі жерде балама сҿзге орын берді де, 
бір кездегі  босаң норма қатаң нормаға кҿшті»,  - дей келе,  «алайда  қайсыбір сҿзқолданыста 
бір кездері босаң норманың қатаң норма болып, кодификацияланғаны ескерілмей, шеттілдік 
сҿздерді дағды бойынша қолдану қатаң норманың бұзылуы деп, тілдік қатеге жатқызылуын 
қажет  деп  білеміз»,  -  деп  баса  айтады.  [4,  11]  Мысалы  кҿлік  (транспорт  емес),  тҿрелік  сот 
(арбитраж  емес),  тҿреші  (  арбитр  емес),  жалға  беру  (аренда  алу  емес),  жалгер  (арендатор 
емес), мұрағат (архив емес), бос орын (вакансия емес), тізім (ведомаость емес), рұқсатнама ( 
виза  емес),  ҿмірбаян  (автобиография  емес),  мекенжай  (адрес  емес),  кесте  (таблица  емес), 
келісімшарт (контракт емес), құжат (документ емес), тҿлқұжат (паспорт емес), сынып (класс 
емес),  кеден  (таможня  емес),  ұлықтау  (  инаугурация  емес),  керек-жарақ,  мүкҽммал 
(инвентарь  емес),  нұсқаушы  (инструктор  емес),  нұсқау  (  инструкция  емес), 
ақпарат(информация  емес),  күнтізбе  (календарь  емес),  хұснихат  (каллиграфия  емес), 
біліктілік  (квалификация  емес),  іссапар  (командировка  емес),  сараптау  (экспертиза  емес), 
ұжым (коллектив емес), жарғы (устав емес), құзыр (компетенция емес), ымыра (компромисс 
емес),  тҽркілеу  (конфискация  емес),  несие  (кредит  емес),  жиһаз  (мебель  емес),  ҽдіс  (метод 
емес),  ҽдістеме  (методика  емес),  нысана  (объект  емес),  ҽкімшілік  (  администрация  емес), 
пайыз  (процент  емес),  шҽкіл  (шкала  емес),  зейнетақы  (пенсия  емес),  зейнеткер  (пенсионер 
емес), мердігерлік (подряд емес). 
Бұл дегеніміз кейбір терминдердің, шетелдік сҿздердің қазақ тіліне аударылып қолдану 
мүмкіндігін  жоққа  шығармайды.  Керісінше  тіліміздің  сҿзді  қоры  кеңейіп,  кемелденуінің 
белгісі екенін кҿрсетеді.  
Қазақ  тілінде  кездесетін  осы  сияқты  сҿздер  тілдердің  ҿзара  ҽсерінен  пайда  болады. 
Тҽуелсіздік алған уақыттан бері ұлттық құндылықтарымызға қайта үңіліп, тіліміздің ҿзіндік 
болмысын тарихи тұрғыдан тану, сҿйлеу мҽдениетін кҿтеру, тіл тұғырын берік ұстау міндеті 
бүгінгі  күннің  келелі  мҽселерінің  бірі  болып  отыр.  Болашақта  жаһандану  үдерісінде 
елдігімізді  сақтап  қалу  үшін  ана  тіліміздің  мҽселелеріне    ерекше  кҿңіл  бҿлу  керек. 
Сондықтан  қазақ  тіліндегі  шетел  сҿздерінің  соның  ішінде,  ҽсіресе  ағылшын  тілінің 
элементтеріне саралау қажет деп білеміз.  
 
Қолданылған ҽдебиеттер 
1 Исланова А. Шетел сҿздердің белгілері мен деректері. – А., 2003. – 34 б. 
2  Ахмадина  Б.К.  Қазақ-француз  оқу  қостілдігі  (ҽлеуметтік-лингвистикалық 
қыры).филология  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дҽрежесін  алу  үшін  дайындаған 
диссертацияның авторефераты. – А., 2007. – 31 б. 
3  Штейнер  Е.А.  Вопросы  фонетического  и  грамматического  освоения  англицизмов  и 
германизмов  в руссской разговорной речи города. – А., 2006. – 124 с. 
4 Уҽлиұлы Н.У. Қазақ сҿз мҽдениетінің теориялық негіздері. – А., 2007. 
 
В статье рассматриваются теоретические основы заимственных слов иностранного 
языка, понятие «англицизма», научно анализируется причины появления заимственных слов. 
Одной    из  проблем  современной  лингвистики является  взаимосвязь  между  собой  и  влияние 
языков.  Сравнивая  родной  язык  с  другим  языком  можно  найти  отличие  и  общие  черты  и 
это влияет на дружеские отношение между странами. 

112 
 
The  article  deals  with  the  theoretical  basis  of  foreign  words,  the  notion  of  Anglicism, 
scientific interpretation of the causes of the foreign words. One of the issues of modern linguistics is  
interrelation and the influence of the languages. Comparing the mother tongue to other language it 
is  possible  to  find  a  difference  and  general  lines  and  it  influences  on  friendly  relation  between 
countries. 
 
 
 
УДК 373.24 
А.О. Рахимова  
Казахский гуманитарно-юридический университет 
Астана, Казахстан 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет