ЖалақЫҒа дейінгі ақша бір сағат ішінде 10 000­50 000 теңгеге дейін алыңыз. БҚО, Орал қ., Д. Нұрпейісова к., 12/1


­  Сөзіңіз  аузыңызда,  біз  сізді  мә­



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата03.03.2017
өлшемі7,52 Mb.
#5567
1   2   3   4   5   6   7   8   9

­  Сөзіңіз  аузыңызда,  біз  сізді  мә­ 

дениет  саласында  ұзақ  жылдан  бе­ 

рі  еңбек  етіп  келе  жатқан  қазақ  му­

зыкасының жанашыры ретінде жақ­

сы  білеміз.  Осыған  байланысты  не 

айтар едіңіз?

-  Иә,  қ­азақ­  жерінде  өмір  сүріп  жат-

қ­аннан  кейін  оның  өнерін  дамытуға 

үлес қ­оспау мүмкін емес. Мен өзім осы  

Оралда туып-өсіп, Құрманғазы атында-

ғы  музыка  училищесін  тәмамдағаннан 

кейін  арман  қ­уып,  арнайы  жолдама-

мен  Алматыға  аттандым.  Құрманғазы 

атындағы  мемлекеттік  консерватория-

ны  бітіргеннен  кейін  осы  оқ­у  орнында 

он  жеті  жыл  бойы  қ­ызмет  атқ­ардым, 

доцент  деген  атағым  бар.  Петропавл 

қ­аласында,  ҚР  Мәдениет  министрлігін-

де  де  еңбек  еттім.  1992  жылы  Ташкент 

қ­аласында «Қазақ­тың хор музыкасы: қ­а- 

лыптасуы  және  жанр  ретіндегі  дамуы» 

деген  тақ­ырыпта  диссертация  қ­орғап, 

өнертану  ғылымдарының  кандидаты  

атандым.  Яғни  менің  қ­азақ­  музыкасына  

қ­аншалық­ты  жақ­ын  екенімді  диссерта- 

циямның  тақ­ырыбы  да  айтып  тұр.  Сол  

жылы  Оралға  оралып,  Дәулеткерей 

атындағы  өнер  институтына  жетекшілік 

еттім.  2003  жылдан  бері  Дина  атында- 

ғы  музыка  мектебіндемін.  Мектебіміз 

күй анасы Дина атында болғаннан кейін 

оның есімін ардақ­тау – борышымыз. Ай- 

та  кетейін,  мектепте  «Әсем  қ­оңыр»  ха- 

лық­  аспаптар  оркестрі  жұмыс  жасай-

ды.  Онда  домбыра  мен  қ­обызбен  қ­атар 

еуропалық­ скрипка, татар сырнайы мен  

орыс  баяны,  өзбек  дутарының  үні  есті- 

леді.  Бұл  да  балаларды  түрлі  ұлт  өкіл-

дерінің өнеріне баулудың бір жолы дер  

едім.  Мектебімізде  домбыра  тартатын  

орыс  балалары  да  бар.  Дина  Нұрпейі-

сова  атындағы  балғын  домбырашылар  

байқ­ауын үнемі ұйымдастырып келеміз.  

Мектебіміз  күй  өнері  дамыған  Жаңақ­а- 

ла  ауданымен  тығыз  байланыста.  Осы  

ауданның  әкімі  Лавр  Хайретдиновтың 

бастамасымен  мектеп  алдына  Дина  ана- 

мыздың  мүсіні  орнатылды.  Жаңақ­ала 

ауданындағы  Қ.  Жантілеуов  атындағы 

музыка  мектебімен  бір-бірімізге  барып, 

тәжірибе алмасып отырамыз. 

Қорыта  айтқ­анда,  Елбасымыздың 

«Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асыру-

да  ұлттық­  өнердің  орны  айрық­ша  дер  

едім.  Біз  Қазақ­станды  мекендеген  бар- 

ша  ұлт  өкілдерінің  мәдениеті  мен  му- 

зыкалық­ мұрасын, салт-дәстүрлерін сақ­-

тап,  байыта  отырып,  ұлы  мұратқ­а  жете-

міз деп ойлаймын.



­ Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен 

Ғайса БӘЙМЕН

мәдениеТ

6

Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл



Бірден айта кетелік, бұл көріністер Бөкей ордасы 

ауданына іссапармен барғанымызда, назарымызды 

айрықша аудартып, фотоқарауылға іліккендері ғана. 

Облыс орталығынан 600 шақырымдай жолды артқа 

тастап, Сайқын ауылына жақындағаныңызда, сән-салта-

наты келісті кішігірім шаһарға тап болғандай сезінеріңіз 

кәміл. Соны үлгідегі әсем ғимараттар мен тұрғын 

үйлердің дені көгілдір отын мен таза ауыз су желілеріне 

қосылған. Түп-түзу көшелері жарық та таза. 

С

айқ­ынның  дәл  осындай 

келбетін  алдымен  ауыл- 

ішілік  жолдары  әбден 

бұзып-ақ­  тұр.  Кеңестік  дәуірде 

төселген  асфальт  жолдардың  бү-

гінде  мүлдем  тозығы  жеткен.  Қай 

көшеге  барсаңыз  да,  шұрық­-тесік 

асфальт  жолдардан  «қ­ашқ­ан»  ау- 

 токөліктердің  жол  жиегімен  ай-

налып жүргенін көресіз. Ауа райы- 

ның  қ­олайсыз  күндері  дәл  осын-

дай  көшелердің  жанымен  жаяу 

жүретіндердің  жайы  қ­андай  бо-

латынын көз алдыңызға елестету-

дің  өзі  қ­иын-ау.  Ғафу  етерсіздер, 

ауылдағы  асфальт  жолдың  бәрі  

бірдей  ойдым-ойдым  емес  -  бір 

түзу  жол  бар.  Ол  жол  –  мәдениет 

үйі  мен  аудан  әкімдігі  ғимараты- 

ның  арасы.  Ұзындығы  –  әрі  кет- 

се  600  қ­адам.  Жергілікті  жүргізу-

шілердің  сөзімен  айтқ­анда,  «Екі 

минуттық­ рахат!» деген осы.

Аудан  тұрғындарының  басым  

бөлігі  мекен  ететін  елді  мекенде 

шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  

қ­арқ­ынды  дамып  келе  жатқ­аны, 

әрине,  қ­уанарлық­  жай.  Әйтсе  де, 

сайқ­ындық­  кәсіп  иелерінің  мем-

лекеттік  тілге  деген  немқ­ұрайлы-

лығына  «қ­арнымыздың  ашқ­анын» 

жасырмайық­. 

99  пайызы  қ­аймағы  бұзылма- 

ған  қ­андастарымыз  мекендейтін 

ауылда  жарнама  атаулысы  түгел-

дей  дерлік  ресми  тілде.  Саусақ­пен 

санарлық­  өзге  ұлт  өкілдерінің  өзі 

қ­азақ­ша  сайрайтын  ауылға  мәті-

ні  орыс  тілінде  жазылған  жарна-

маларды  орнатудың  қ­аншалық­ты 

қ­ажеттілігі болды екен?..

Көрер  көзге  тағы  бір  келеңсіз 

жәйт  –  билбордтардың  сүреңсіз 

қ­алпы.  «Еңбексүйгіштік  елді  алға 

жетелейді»,  «Халық­  денсаулығы 

–  мемлекет  байлығы»  тақ­ырыпта-

рын  арқ­ау  еткен  билбордтардың 

ілінгеніне  берісі  бес  жылдың  жүзі 

болса  керек.  Өйткені  «Саламат-

ты  Қазақ­стан»  бағдарламасының 

2011-2015  жылдар  аралығына  қ­а-

былданғандығы  да  сол  орында 

тайға таңба басқ­андай көрініп тұр.

Өкінішке  орай,  аталмыш  бил- 

 бордтардың суреттерін, түпнұсқ­а- 

лық­ сапасы өте нашар болғандық­-

тан,  газетімізге  жариялау  мүмкін 

емес.  Шүбә  келтіретіндеріңіз  бол-

са,  редакциямыздың  әлеуметтік 

желілердегі  парақ­шаларын  ашып 

қ­арарсыз... 



Сырымбек жәРДЕМҰЛы,

Бөкей ордасы ауданы

мәселе

7

Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл

жарнамасы  орысша 

«сайрап тұрған» сайқын



бҰҚАРА

8

Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл

«Қазақстаннан»  Қазақстанға

Падишахлар өз араларында бірінің қ­арамағына бірі қ­ысаңшы-

лық­ етпеске уағда шартында тұрады. Әгар бір тарафы бұ уағдадан 

дөнсе, екі падшалық­тың арасында соғыс болады, Қытай падшасы 

менен бізің падшаның сауда хақ­ында еткен уағда шартлары бар 

екен. Сол уағданы Қытай бұзып тұр. Соған бізің падша қ­аруланыб, 

әскерін жинаб жатыр. Сірә, соғыс болар білем. Қытайда соңғы жыл-

дарда әскерді жақ­сы үйретіб атыр деб казиттер де жазады, сонда 

да  бізің  падшалық­тың  әскерінің  хәлі онан  артық­  ғой.

(«Қазақстан» газетінің 

1911 жылғы, 16 наурыздағы №1 санынан)

Түрлі  хабарлар

Бір  тәуір  хабар

Тарғын қ­исымының жаңа прауителі Жұмағали Қарағайов  

Тарғын қ­исымындағы болмай жүрген ұрылардан 9 кісіні ұстаб 

әкеліб қ­араңғы үйге жапты, былтыр қ­араңғы үйден қ­ашқ­ан бір Өтеб 

Шоқ­ат баласы деген бар еді, сол ұры ұстар жерде қ­арсыласыб, бір 

жігітті атыб өлтірді, ол бір өзі жарлы өлмелі кемфір-шалдың жафа-

дан жалғыз күн көріб отырған баласы екен, бұ жері қ­иын болды, 

сөйтіб Тарғын қ­исымына хазірде бір бейбітшілік кіріб тұр,  

тек ұзағынан болғай.

Соғыс


Құрметті  оқ­ырман!  Алдағы  2017  жылда  «Орал  өңірі»,  «Приуралье» 

газеттерінің  бастауы  болған  «Ұран»  газетінің  шыға  бастағанына  100 

толғалы  отыр.  Осыған  орай  «Жайық­  Пресс»  ЖШС  баспасөз  тарихын 

зерттеу орталығы жанынан бір ғасырлық­ тарихы бар газеттің шежіресі-

нен  сыр  шертетін  баспасөз  тарихы  музейі  қ­ұрылды.  Соған  байланыс-

ты  баспасөз  саласына  қ­атысты  жәдігерлер  жинақ­талып  жатыр.  Му-

зей  жұмысына  атсалысып,  қ­олдарыңызда  қ­ұнды  қ­ұжаттар  немесе 

қ­олжазбалар,  көне  суреттер,  бұйымдар,  баспасөз  тарихына  қ­атысты 

жәдігерлер  болса,  тапсыруыңызды  сұраймыз.  Біздің  мекенжайы- 

мыз: Орал қ­аласы, Мұхит көшесі, 57/1-үй. 



Музейге  жәдігерлер  жинақтауда 

төмендегі  жәйттер  ескеріледі:

1. Музей жәдігері баспасөз саласына қ­атысты болуы қ­ажет. Яғни ер-

тедегі  газет  ісіне  қ­атысты  типографиялық­  қ­ұралдар,  көне  газет-журнал 

нөмірлері, ардагер журналистерге қ­атысты қ­ұжаттар т.с.с.

2. Жолданатын жәдігер туралы мейлінше мол мәлімет қ­оса салу. Яғни 

жәдігерді қ­ай жылдары, кім қ­олданғаны, сол кездегі маңызы, қ­ай жерде, 

кім тапсырғаны т.б. ақ­паратты жазбаша түрде жолдау.

3.  Сонымен  қ­атар  баспасөз  саласында  көп  жыл  қ­ызмет  еткен  арда-

гер журналистердің, танымал ақ­ын, жазушы, қ­айраткерлердің қ­аламда- 

рын,  олар  туралы  мәліметпен  қ­оса  салу. 

Хабарландыру

Байланыс  телефондары:  8(711­) 51­24­48,  87028860187

Б

ұл  деректің  нақ­тылығына  көз  жеткізу 

үшін  аталмыш  дүкендер  желісінің  Еура-

зия  59/1  мекенжайындағы  «Әлем  плаза» 

сауда  үйінде  орын  тепкен  бөлімшесіне  ат  басын 

бұрдық­.  Шынында  да,  Дариға  апамыз  жазғандай 

қ­ызмет  көрсетуші  қ­ыз-жігіттер  өрескел  қ­ателік 

бар  жейдені  киіп  жүр.  Мұндағы  супервайзер 

Айсұлу  Базарбаеваның  айтуынша,  қ­ате  жазуы 

бар  жейделер  ағымдағы  жылдың  маусым  айын-

да  келген.  «Қателікті  біз  де  байқ­адық­,  сол  бой-

да  компаниямыздағы  бұл  бағыттағы  жауапты 

тұлғаларына  хат  жолдадық­,  -  деді  Айсұлу  Базар-

баева. - Бірақ­ ол жақ­тан бұл аударма дұрыс деген 

жауап  келді.  Жалпы,  біздің  қ­ызметкерлеріміз- 

дің  киімдері  жылына  екі  мәрте  ауысып  тұрады.  

Көп  кешікпей  жаңасы  келуі  керек.  Онда  бәрі  дұ- 

рыс  жазылады  деп  ойлаймыз».

«Техника  жайлы  мені  сұра»  деген  сөйлем  қ­ан- 

шалық­ты  заңбұзушылық­  болып  табылатынын  бі- 

лу  мақ­сатында  облыстық­  тілдерді  дамыту  бас-

қ­армасына бардық­.

–  Бұл  -  ҚР  «Тілдер  туралы»  Заңындағы  21-бап-

тың  нақ­ты  бұзылу  дерегі.  «Сулпактық­тар»  «Спро-

си  меня»  деген  орысша  сөйлемді  тікелей  ауда- 

ра  салғаны  белгілі.  Біз  жарнамаға  қ­атысты  түр- 

лі рейдтерге шығып жүрміз ғой. Мұндай заңбұзу-

шылық­тар  аз  емес.  Кейбір  жеке  кәсіпкерлік  ны- 

сандары  тіл  заңдылығына  назар  аудармай, 

«Техника  жайлы  

                               мені  сұра»

немесе 


«сулпактың»  

тіл заңдылығын  

белден басуы

өздерінің  стандарттары  бойынша  жұмыс  істей-

ді.  Аталмыш  компания  да  осы  бағытта  қ­ызметін 

өрістетіп  отырғаны  көрініп  тұр.  Мұның  бәрі  «Тіл-

дер  туралы»,  «Жарнама  туралы»  заңдарымыз-

дың  солқ­ылдақ­тығынан  туындауда.  Жалпы,  бізге 

«Мемлекеттік  тіл  туралы»  заң  керек.  Айта  кету 

керек,  бұл  заң  жобасы  дайындалып,  Парламент-

те  жатыр.  Егер  ол  қ­абылданар  болса,  мұндай 

заңбұзушылық­тарға  жол  берілмес  еді.  Дариға 

Мұштанованың әлеуметтік желідегі жанайқ­айына 

көп  адамның  қ­олдау  білдіргенін  көріп,  қ­уанып 

қ­алдық­.  Міне,  осылайша  тіліміздің  жоғын  жоқ­та-

сақ­, оған жанашырлық­ танытсақ­, сөйтіп  қ­оғамдық­ 

пікір  туғызсақ­,  орын  алған  мәселе,  заңбұзушы- 

лық­  реттелетіні  анық­.  Фейсбукте  кейбір  жандар 

«Сулпакты»  облыстық­  тілдер  басқ­армасы  неге 

тексермейді  деп  жазыпты.  Қазір  өздеріңіз  біле-

сіздер,  біз  сияқ­ты  мемлекеттік  органдар  шауып 

барып  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерін  тексере 

алмайды.  Тексеруіміз  үшін  прокуратураға  жеке 

немесе  заңды  тұлғалардан  шағым  түсуі  керек. 

Әзірге  мұндай  шағым  түскен  жоқ­,  –  дейді  атал- 

мыш  басқ­арманың  бөлім  басшысы  Гүлнар  Әл-

жанова.

Осы  олқ­ылық­тың  орнын  толтырайық­  деп  біз 



өз  атымыздан  облыстық­  прокуратураға  шағым 

түсірдік.



Сәкен  ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Таяуда белгілі ақын, тіл жанашыры Дариға Мұштанова өзінің фейсбуктағы па­

рақшасында Оралдағы «Сити центр» сауда үйінде орналасқан «Сулпак» тұрмыстық 

техника дүкеніндегі қызметкерлердің жейделерінде «Техника жайлы мені сұра» деп 

қате жазылғаны туралы баяндаған. Қызметкерлердің бір­екеуін тоқтатып, «Қате сөз 

арқалап жүргендеріңді білесіңдер ме?» деп сұраса, олар «Иә, білеміз, бірақ бізге бұл 

футболкалар  арнайы  Алматыдан  әкелінген.  Киіп  жүруге  міндеттіміз»  деген.

Р.S. Бет қ­атталып жатқ­анда, «Сулпак» дүкендер желісінің Батыс Қазақ­стан 

аймақ­тық­  директоры  Иван  Филин  хабарласып,  бұл  мәселені  Алматыдағы 

басшылық­қ­а жеткізгенін айтып, қ­ате жазуы бар жейделер жуық­ арада алмас-

тырылатынын жеткізді.



Б

айқ­ауға  келген  үміткер- 

лер  ән,  поэзия,  бейне-

леу  жанры  бойынша 

бақ­тарын  сынады.  Нәтижесінде  

вокал  жанры  бойынша  1-орынды 

Бауыржан  Қыдырғалиев  (Бола-

шақ­),  2-орынды  Г.  Айтмағанбе- 

това  мен  С.  Әліпқ­алиева  (Бос-

тандық­),  Ә.  Берліғожина  (Көкте- 

рек),  3-орынды  А.  Қамжанов 

(Қазталов),  Е.  Сапарғалиев  (Қо-

шанкөл), Е. Мақ­сотов (Бостандық­),  

«дала  дарындары – 2016»  байқауы  өтті



20 қыркүйек күні С. Садықов атындағы аудандық мәдениет 

үйінде «Дала дарындары ­ 2016» жастар шығармашылық фес­

тивалі өтті. Фестиваль­дің мақсаты – ауданымыздағы талантты 

жастарға қолдау көрсету, өнерлі өрендеріміздің биік сахнаға 

шығуына ұйытқы болу. 

поэзия  жанры  бойынша  1-орынды 

Р.  Саматов  (Болашақ­),  2-орынды  

А.  Әубәкірова  (Әжібай),    Қ.  Қатие-

тов  (Қараөзен),  3-орынды  А.  Өте- 

балиева  (Қараоба),  А.  Ахат  (Хай-

руш)  иеленіп,  алғысхаттармен, 

бағалы  сыйлық­тармен  марапат-

талды. 

Жұлдыз  АСҚАР,

Қазталов  ауданы   

«Қазақстан» газеті – өңіріміздің баспасөз тарихының 

басында тұрған үнқағаз. Газетіміздің 100 жылдық мерей­

тойы қарсаңында сол «Қазақстан» басылымында жарық 

көрген мақалалар мен ақпараттарды қаз­қалпында жариялап 

отырмақшымыз.


меРеЙТоЙ

Биыл Қазақстандағы 

медициналық білім беру 

жүйесіне 100 жыл тола-

ды. Сонау 1916 жылдың 

қараша айында Орал 

қаласында алғаш рет қазақ 

даласында медициналық 

қызметкерлерді даярлау 

басталды. Батыс  

Қазақстан жоғары 

медициналық колледжі 

(БҚЖМК) еліміздегі ең 

алғашқы медициналық 

оқу орны болып табы-

лады. Ол құрылғаннан 

кейін 12-15 жылдан соң 

ғана басқа медициналық 

оқу орындары ашыла 

бастады. Қазақстанның 

өзінің медициналық 

кадрларын даярлай 

бастаудың қажеттілігі 

асқынған эпидемиялық 

жағдайдың және 

аймақта медициналық 

қызметкерлердің мүлдем 

жетіспеуі салдарынан 

туындады. 

Медколледж  жүріп өткен  

бір  ғасыр

Ж

XX  ғасыр  басының  өзінде  осы 



жерде Орта Поволжье облыстары-

на дейін тараған оба мен тырысқ­ақ­ 

ауруларының  бірнеше  ірі  індет-

тері  болды.  Бұл  індетпен  күрес 

жүргізу, эпидемияны зерттеу және 

оның себептерін бағалау бойынша 

жұмыстар жүргізу үшін  өлкемізге 

дәрігерлер  мен  фельдшерлердің 

үнемі келулерінің себебі де болды.  

Дәрігерлер  өздеріне  көмекшілер 

– орта буын медициналық­ қ­ызмет-

керлерді  дайындай  бастады.  Олар-

ды  Қазан,  Воронеж  қ­алаларына 

оқ­уға жіберді. Орал губерниясын-

да  медициналық­  мектеп  ашудың 

бастаушысы  1912  жылдан  еңбек 

еткен, саратовтық­  дәрігер-эпиде-

миолог, ғалым Григорий Иванович  

Кольцов  еді.  Ол  қ­олда  бар  меди-

циналық­ кадрлармен оба мен ты-

рысқ­ақ­  ауруларының  індетін  ал-

дын  алу  және  түпкілікті  тамырын 

жою мүмкін еместігін түсінді. 

Сондық­тан  мақ­ұлдау  мен  қ­ол- 

дау ала отырып, ол земство басқ­ар-

масына  өзінің  фельдшерлік  мек- 

тебін  ашу  қ­ажеттілігі  туралы  хат 

жолдайды.  Сөйтіп,  қ­азіргі  Қазақ­- 

стан  аумағында  алғаш  рет  Орал 

земство  ауруханасы  жанында  4  

жылдық­  фельдшерлік-акушерлік  

мектеп  ашылды.  Мектеп  директо- 

ры ретінде Г. Кольцов тағайындал- 

ды,  земство  және  әскери  ауруха-

налардың  терапевтері  И.  Селезнев, 

И. Ползик және хирург П. Иванов 

осы  мектептің  оқ­ытушылары  бол-

ды.  Кейінірек  олардың  қ­атарына 

лектор  ретінде  Саратов  универ-

ситеті  проректорының  көмекшісі 

А.  Генке  және  хирург  Острецов 

қ­осылды.  Мектепке  алғашқ­ы  20 

оқ­ушы  іріктеліп  алынды,  оларды  

1919  жылы  мерзімінен  бұрын  бі-

тіргізді.  Мұрағаттық­  қ­ұжаттарда 

1919 жылы сабақ­ты тек екінші жә- 

не  тағы  қ­абылданған  бірінші  курс  

бастағаны  куәландырыпты.  Оның  

себебі  фельдшерлік-акушерлік  мек-

тептің  үшінші  курс  оқ­ушыларының 

барлығы  шешек  ауруына  қ­арсы 

егу  жұмыстарын  жүргізу  үшін 

Орал,  Калмыков,  Ілбішін  уездеріне, 

ал бірнеше адам емшінің көмекші- 

лері  ретінде  Чапаев  дивизиясына 

және 1 Қазақ­ кавалериялық­ брига-

дасына жіберілді.  

1919  жылдың  желтоқ­сан  айын-

да  ерекше  соғыс  жағдайына  бай-

ланысты  әскери  уақ­ыттағы  мед-

бикелерді  даярлайтын  екі,  төрт, 

тоғыз айлық­ қ­ысқ­а мерзімді курс-

тар ұйымдастырылды. 

9

Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл

1923  жылы  КСРҚА  Наркомздрав  

алдында жергілікті халық­тың тілін,  

тұрмысын,  өмірін  білетін  респуб-

ликаның  өзіндік  медициналық­ 

кадрларын  даярлау  туралы  мәсе-

ле тұрды. Бұл идея Орынбор қ­ала-

сында  өткен  бүкілқ­ырғыздық­  ден- 

саулық­  сақ­тау  бөлімдері  меңгеру-

шілерінің  ІІІ  съезінде  толық­  қ­ол-

дауын тапты. Сондай-ақ­ 1923 жылы  

БООАК  жарлығымен  Орал  қ­ала- 

сындағы  фельдшерлік  мектепті 

жауып,  Қаз  КСР  астанасы  Орын-

бор қ­аласына көшіру және «Қазақ­ 

өлкелік  медициналық­  техникумы» 

атауына  өзгерту  және  барлық­  оқ­у 

және көрнекі қ­ұралдарымен бірге 

Кирнаркомздрав  қ­арауына  беру 

туралы шешім қ­абылданады. 

«Қазақ­  өлкелік  медициналық­ 

техникумы  туралы»  Ережеге  сәй-

кес  оқ­у  орны  барлық­  далалық­  өл- 

ке  халқ­ына  медициналық­  қ­ызмет  

көрсететін  медициналық­  қ­ызмет-

керлерді  даярлауы  керек  деп  та-

нылды.  Оқ­у  мерзімі  –  4  жыл.  Тех-

никум  жанынан  жалпы  саны  150 

адамға  арналған  толық­  мемлекет 

тарапынан  қ­амтамасыз  етілген 

жергілікті  қ­азақ­  халқ­ының  бала-

ларын  оқ­ытатын  бөлім  ашылды. 

Сонымен  қ­атар  техникум  жаны-

нан  техникумға  түсуге  арналған 

дайындық­ бөлімдері ашылды. 

1929  жылы  тамыз  айында  рес-

публика  астанасын  Қызылорда 

қ­аласына  ауыстырғаннан  кейін 

техникум  Орал  қ­аласына  қ­айта 

көшірілді және Орал медициналық­ 

техникумы  атауына  ауыстырылды.  

Сондай-ақ­  бұл  жерде  бұрын  бол- 

ған  стоматологиялық­,  лаборато- 

риялық­  және  мейірбикелік  бөлім-

дер қ­айтадан ашылды. Мұрағат қ­ұ- 

жаттарының  мәліметтері  бойын- 

ша 1929 жылдан бастап республи-

каның  барлық­  облыстарына  бөлі-

нетін фельдшерлер мен акушерлер 

толық­ қ­ұрамда шығарылып тұрған. 

Бітірушілер  тек  батыс  аймағына 

ғана  емес,  сонымен  қ­атар  Павло-

дар, Қостанай, Ақ­мола,  Қызылорда, 

Шымкент,  Семей,  Алматы,  Орынбор 

қ­алаларына  жіберілген.  Көптеген 

бітірушілер  Алматы  медициналық­ 

институтының алғашқ­ы студентте-

рі болды. Бұл Орал  медициналық­ 

техникумының  маман  даярлауда  

сол  кездері  республиканың  ден-

саулық­ сақ­тау саласы үшін маңызды 

рөл атқ­арғандығын көрсетеді.

1935 жылы медициналық­ техни-

кум  медициналық­  білім  беру  ре-

формасы  кезінде  фельдшерлік-

акушерлік  мектеп  атауына  қ­айта 

өзгертіледі. 1954 жылы фельдшер-

лік-акушерлік мектептің атауы қ­ай-

тадан медициналық­ училищеге өз-

гертілді.  1960  жылы  дипломы  бар 

фармацевтерге аса қ­ажеттілікті ес- 

кере  отырып,  училищеде  фарма-

ция бөлімі ашылды. Ал 1975 жылы 

алғаш  рет  санитарлық­-фельдшер-

лік  бөлімге  оқ­ушылар  қ­абылдан-

ды.  1989  жылдан  бастап  орта  ме- 

дициналық­  қ­ызметкерлердің  білік- 

тіліктерін арттыру бойынша бөлім  

қ­ызмет  ете  бастады.  1996  жылы 

оқ­у  орны  «Батыс  Қазақ­стан  меди-

циналық­ колледжі» атауына өзгер-

тілді.  

Колледж түлектері арасынан ел- 

ге танымал ғалымдар көптеп шық­-

ты. Олар: Ишанбай Қарақ­ұлов – со- 

ғысқ­а  дейінгі  кезеңдегі  денсаулық­ 

сақ­тау  наркомы  және  соғыстан 

кейінгі  кезеңдегі  республиканың 

денсаулық­ сақ­тау министрі, белгілі 

кеңес  эпидемиологы,  КСРО  және 

ҚазКСР Академиясы медициналық­ 

ғылымдарының 

корреспондент 

мүшесі.

Розалия  Илешева  -  медицина 



ғылымдарының  докторы,  профес-

сор,  бала  психиатры    мамандығы 

бойынша профессор атағын алған 

алғашқ­ы қ­азақ­ әйелі. 

Хамза Жұматов - вирусолог, Қаз 

КСР  Ғылым  академиясының  ака-

демигі, КСРО медициналық­ ғылым 

академиясының  мүше-корреспон-

денті,  профессор,  Қаз  КСР  еңбек 

сіңірген қ­айраткері, Қазақ­ КСР Мем-

лекеттік сыйлығының лауреаты. 

Николай Тюрин – Мәскеу қ­ала-

сында  Патрис  Лулумба  атындағы 

Халық­тар  достастығы  университе-

тінде  емдеу  факультетінің  алғаш- 

қ­ы деканы. 

Семен Симбирцев – КСРО меди-

цина  ғылым  академиясының  ака- 

демигі,  көп  жылдар  бойы  Ленин-

град  дәрігерлердің  білімін  жетіл- 

діру институтын басқ­арды.

Қазіргі  таңда  колледж  –  еліміздің  

жетекші  медициналық­  колледж-

дерінің бірі. Алты мамандық­ және  

8 біліктілік бойынша медициналық­ 

қ­ызметкерлердің  жоғары  білікті  

және қ­ұзыретті кадрларын дайын- 

дайтын  Қазақ­стан  Республикасы- 

ның  Денсаулық­  сақ­тау  министрлі-

гінің  базалық­  оқ­у  орны  болып  та-

былады.  Бүгінгі  таңда  колледжде 

1050 студент білім алуда. 

2014  жылы  Батыс  Қазақ­стан 

медициналық­  колледжі  Қазақ­стан 

Республикасының  үздік  алты  ме-

дициналық­  колледжі  қ­атарында 

мейірбике  ісі  мамандығы  бойынша 

қ­олданбалы  бакалавриаттың  білім 

беру бағдарламасын енгізудің ДСМ 

сынамалы  жобасын  іске  асыруға 

қ­осылды.  Бұл  жоба  «Қазақ­стан 

Республикасының  денсаулық­  сақ­- 

тау саласы секторындағы техноло- 

гияларды  беру  және  институцио- 

налдық­  реформа  жүргізу»  Дүние-

жүзілік  банк  жобасы  аясында  да-

йындалып, енгізіліп жатыр. 

Колледжде оқ­ытуды жоғары бі-

лікті  педагогикалық­  ұжым  жүзеге 

асырады,  оның  көбі  жоғары  және 

бірінші  санатқ­а  ие.  Алматы,  Аста-

на,  Түркия,  Ресей,  Финляндия,  Ис-

пания,  АҚШ,  Германияда  оқ­удан, 

тәжірибеден  өткен.  Жыл  сайын 

оқ­ытушылардың  96%-ына  жуығы 

өз біліктіліктерін арттырады. 

Колледжде  білім  беру  үрдісіне 

ең  заманауи  инновациялық­  тех-

нологиялар  (дуалдық­  оқ­ыту  және  

кредиттік  технология,  симуляция-

лық­  оқ­ыту,  білімді  балл-рейтингік  

бағалау, тестілеу әдісімен студент-

тердің  білімінің  өміршеңдігін  рет-

роспективті  бағалау,  қ­ашық­тан 

оқ­ыту элементтерін пайдалану жә- 

не  т.б.)  енгізілуде.  Оқ­у  үрдісінде  

компьютерлік,  симуляциялық­  тех-

никалар, робот-симуляторлар, оқ­у  

тренажерлері,  электрондық­  оқ­у-

лық­тар т.б. кеңінен қ­олданылады.  

БҚМК  студенттерінің  практика-

лық­  дайындығы  облыстағы  үздік 

орта  медициналық­  қ­ызметкерлер 

қ­атарындағы  жетекші-тәлімгерлер-

дің  қ­атысуымен  Орал  қ­аласының 

ірі  емханаларының  базаларында  

жүзеге асырылады. Сапалы оқ­у үр- 

дісі үшін оқ­у базаларында барлық­ 

қ­ажет  жабдық­тар,  сабақ­қ­а  арнал- 

ған оқ­у бөлмелері, ЕПҰ тренингтік  

орталық­тары,  емдеу-диагностика- 

лық­ бөлімдер мен кабинеттер, ме- 

дициналық­  жабдық­тар  мен  лабо-

раториялар бар. Облыстың 26 ме- 

дициналық­  ұйымдарымен  әлеумет-

тік  әріптестік  туралы  шарт  жасал-

ды.

Екі  жылдан  бері  колледж  база- 



сында  дәрігерлер  мен  орта  меди-

циналық­  қ­ызметкерлердің  білімін 

және  практикалық­  дағдыларын 

тәуелсіз бағалау орталығы қ­ызмет 

етеді. Жыл сайын бес мыңға дейін 

медициналық­ қ­ызметкерлер осын-

да өткізілетін жетілдіру курстарын-

да,  семинарларда,  тренингтерде 

оқ­иды. 

Ақ­ Жайық­ өңірінің колледжі өзі- 

нің  ғасырлық­  мерейтойы  қ­арса-

ңында  тәуелсіз  институционалдық­ 

және  мамандандырылған  аккре- 

дитациядан,  сондай-ақ­  еуростан-

дарттарға  сәйкестік  бойынша  ха- 

лық­аралық­  аттестациядан  мүдір-

мей  табысты  өтті.  Сөйтіп,  еліміз 

бойынша  алғашқ­ылардың  бірі  бо-

лып  жоғары  медициналық­  колледж 

дәрежесіне  ие  болды.  Ғасырлық­ 

мереке қ­ұтты болсын, әріптестер!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет