Н. ШОМБАЛОВ,
Батыс Қазақстан жоғары
медициналық колледжінің
директоры
көкеЙкесТі
10
Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл
Б
ұл мәселені біз осыдан
төрт ай бұрын көтерген-
біз. Нақтырақ айтар бол-
сақ, «Орал өңірі» газетінің биылғы
26 мамыр күні жарық көрген са-
нында
(«Оө», №61, 26. 05. 2016 ж.)
«Қайғылы оқиғаның алдын ала
йық» атты мақала жарық көрді.
Үшбу материалда Зашаған кенті ау-
мағында салынып жатқан көктем-
де еріген қарайған қар суы мен
жазғы-күзгі нөпір жауынның суын
Анискин көліне құяр арнайы арна
жөнінде сөз болған. Сөз жоқ, ке-
рек жоба. Әйтпесе, аталмыш кент-
тің аумағында еріген қар суы мен
нөсер жауынның суы жаяуға да,
көліктіге де көп кедергі келтіре-
тіндігін өз көзімізбен талай көр-
генбіз. Бірақ бұл жобаның үлкен
кемшілігі бар. Ол – арнаның күре
жол жақ бетіне жағалай қорға-
ныш-кедергілердің қойылмауы.
Негізі Зашаған кентіне қарас-
ты «Көктем», «Кең дала», «Арман»
шағынаудандары аумағынан ағын
суларды бұрып әкету бойынша
құрылыс жұмыстары 2014 жылы
басталды. Осы жобаға сәйкес был-
тыр жыл соңына таман медкол-
ледж маңындағы «Октан» жанар-
май бекеті айналасынан жер асты
жазатайым жағдайды
күту керек пе?..
Атты полицей көрсеңіз,
Алдағы жылы Оралда полицейлердің атты
взводы пайда болатыны жөнінде бұған дейін
құлағдар едік. Жақында осы хабардың жай
жапсарын білу мақсатында облыстық ішкі істер
департаменті жергілікті полиция қызметінің
басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғаб
дуллинге жолықтық. Ол дайындық барысы мен
ұйымдастыру шаралары жөнінде баяндады.
О
ның айтуынша, қазіргі
уақытта атты взвод ор-
наласатын ғимарат За-
шаған кентінің Пятимар көшесін-
де, облыстық ішкі істер департа-
ментінің құқықтық тәртіп пен ар-
найы дайындықты қамтамасыз
ету базасында салынып жатыр.
Күні бүгінге взводқа аттестация-
дан сәтті өткен 25 үміткер қабыл-
тың үстінде отыруға ерекше қабі-
лет пен мығым күш, еп керек. Со-
ны ескердік. Взводқа қабылдан-
ғандар әлі де арнайы жаттығу
жасап, күш-жігерін, әдіс-тәсілін
шыңдай түсуде. Жобаны қолға
аларда Тараз қаласындағы атты
взводты көрдім. Әріптестер тә-
жірибесіне қанығып қайттым», -
деді Манарбек Серікқалиұлы.
Полицей-кавалеристер
қала
маңындағы саяжайларды торуыл-
дап қана қоймай, шаһардағы көп-
шілік жүретін мәдени-демалыс
орындарында қоғамдық тәртіпті
бақылауға көмектеспек. Взвод құ-
рамында екі атбегі, бір ветеринар
бар. Сонымен қатар ер-тұрман
жөндейтін, ат тұяғына таға жасай-
тын бір ұста алынған.
Жоба жөнінде саяжай қауым-
дастықтарының төрағалары мен
тұрғындарына құлаққағыс қылған-
да, олар игі бастаманы бірден құп
алған. Бұл аумақтарда көктемде
оралған үй иелері көбіне ұрлық
болғанын айтып, шағымданып жа-
тады. Саяжайға, әсіресе, баспана-
сы жоқтар үйір. Арасында іздеуде
жүрген қылмыскерлер де бола-
тыны жасырын емес. Қуғынға
түскендер осында келіп, ізін суы-
тып кетеді. Тіркелмеген қарулар
да табылып жатады екен. «Алты
айдың қорытынды есебін жасар-
да қарауылшылармен бірге сая-
даныпты. «Жасыратыны жоқ, жол-
патрульдік полиция бөлімінің қыз-
меткерлерінің 90 пайыздайы кү-
ні кешегі ауылдың қарадомалақ
балалары ғой. Аттың құлағында
ойнайтын жігіттер бар екен поли-
цейлер сапында. Шабандозға тән
қасиетін көріп, таңғалып жатыр-
мыз. Алғашында қызығушылық
танытқандар көп болды. Бірақ ат-
жайларды араладым. Кейбір үй-
лерге біреулердің рұқсатсыз кәді-
мгідей орнығып алғандарын бай-
қадық. Иесіз саяжайларын пай-
далануға беру жөнінде облыс
әкімдігіне ұсыныс жасалған. Мен-
шікке алғандар да саяжайды бос
қалдырмай, ең болмаса, шаруа-
шылық жүргізуге жалға берген-
дері дұрыс», – деді Манарбек Ғаб-
дуллин. Бір жағынан, саяжайлар-
дың қалалық мекенжай тіркеуіне
алынбауынан да көптеген мәселе
туындауда. Қыс кезінде тәртіп сақ-
шылары шақырту болғанда ғана
барады екен.
Келесі жылы атты патруль осы
олқылықтың орнын толтырмақшы.
су өткізер құбырын тарту үшін
Орал – Атырау тас жолының екі
жағынан тереңдігі 2 – 2,5 метрлік
ор қазылды. Алайда әрлі-берлі
жаяу да, аутокөлік те, тіпті вело-
сипедші мен мототицклші де ағы-
лып жатқан жол бойындағы әлгі
ордың айналасына дені дұрыс
қауіпсіздік тосқауылдары орна-
тылмаған. Тек бар болғаны ауто-
көлік түгілі, велосипед қақса бол-
ды, ұшып кететін бірнеше жіңішке
темір шыбық шаншылған. «Жа-
ман айтпай, жақсы жоқ» деген-
дей, жауыннан кейінгі лайсаң,
көктем мен күзгі һәм қысқы көк-
тайғақ кезінде жолдың жаңағы
бөлігі өте қауіпті. Мамыр айында-
ғы материалдың жазылуына сол
маңдағы тұрғындардың дабылы
түрткі болған-ды. Біз осы жайт-
ты алға тартып, кезінде Орал
қалалық құрылыс бөліміне хат
та жолдағанбыз. Өйткені бұл ме-
кеме аталмыш жобаға тапсырыс
беруші болып табылады. Ал Орал
қалалық құрылыс бөлімі басшы-
сының орынбасары А. Пішенбаев-
тың атынан келген жауап хат-
та «Бұл нысанда жоба бойынша
қоршау-кедергі және арнайы жол
белгілерін қою қарастырылма-
ған. Алайда қауіпті жағдайларды
болдырмас үшін жолдың екі жа-
ғынан сигналды бағана орнатыл-
ды. Егер тұрғындар тарапынан
өтініштер болса, нысанның құры-
лысы толық аяқталғаннан кейін
БҚО ІІД әкімшілік полициясы бас-
қармасының ұйғарымымен Орал
қаласының тұрғын үй-коммунал-
дық шаруашылық және автомо-
биль жолдары бөлімі арнайы
жол белгілерін қоя алады» деп
жазылған. Пішенбаевтың «сигнал-
ды дабылдар орнатылды» деп
отырғаны, шамасы, біз жоғарыда
сөз еткен жарық шағылыстыра-
тын жіңішке темір шыбықтар бол-
са керек. Оның тайғанаған көлік
атаулыны жол-көлік оқиғасынан
құтқарар еш қауқары жоқ. Осыған
әбден көзіміз жеткесін, біз жоба
мердігері «Уральскводстрой» АҚ-
ның президенті Геннадий Мута-
совқа хабарлағанымызда, ол жол
қозғалысына қатысушыларға тү-
гелдей қауіп төндіріп тұрған ай-
маққа арнайы барып, жағдаймен
танысқаннан кейін көлік жүргізу-
шілеріне күндіз де, түнде де анық
көрінетіндей етіп, темірден мық-
ты қоршау-кедергі орнататында-
рын тілге тиек еткен-ді. Ал арада
төрт ай өтсе де, «Баяғы жартас
– сол жартас». Яғни Геннадий Му-
тасов айтқан қоршау-кедергі әлі
орнатылмаған... Шамасы, оқыс
оқиға орын алмай, жауапты адам-
дар қозғала қоймайтын сияқты.
Міне, біз сол себепті «Жазатайым
жағдайды күту керек пе?» деп бай-
балам салуға мәжбүрміз. Қайта-
лап айтамыз, біздіңше, жаңағы су
жолдарының күре жол жақ беті-
не жаппай қорғаныш-кедергі ке-
рек. Мен бұл мәселені облыстық
мәслихаттағы «Нұр Отан» партия-
сы фракциясы жанынан құрыл-
ған Тұрғын үй-коммуналдық ша-
руашылық инфрақұрылымын, су-
мен және жылумен жабдықтау же-
лісін жаңғырту, тұрғын үй инфра-
құрылымын нығайту жөніндегі ко-
миссия төрағасы, облыстық мәс-
лихаттың депутаты Фарид Бахтио-
зиннің назарына ұсындым. Фарид
Нәйілұлы үшбу ұсыныстың орын-
ды талап екендігін айта келе, бұл
мәселені құзырлы мекемелерге
жеткізетіндігін алға тартты...
Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,
«Орал өңірі»
көкеЙкесТі
11
Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл
Саяжайда профилактикалық ша-
ралар күшейіп, тұрғындар еш
алаңсыз ұйықтайтын күн де жа-
қын. Манарбек Ғабдуллин атты
взводты алғаш қолға алып жат-
қан соң, кейбір мәселелерді ал-
дын ала ескеріп жатқандарын
айтты. Оқыс оқиғадан хабар
түскенде қала ішінен атпен ша-
уып өту мүмкін емес екені белгілі.
Сондықтан уақыт ұту үшін пат-
рульдік көліктерге жылқы тиейтін
үш дана тіркеме алынбақ. Оның
біреуіне үш қылқұйрықты еркін
сыйып кететін болады. Облыстық
ішкі істер департаментінің жер-
гілікті полиция қызметінің басшы-
сы Манарбек Ғабдуллин қазіргі
ескі-құсқы, ырық-жырық вагондардан
қашан құтыламыз?
...Мамыр айының орта шенінде
«Мәскеу – Алматы» пойызымен
Алматыға сапар шектік. Биылғы
мамыр жауынды әрі салқын бол-
ғаны жадыңызда шығар. Алдын
ала алынған билет бойынша жай-
ғасқанымыз купелі вагон болға-
нымен, ескі вагонның есік-тере-
зесі ызғырық желден пана бол-
мады. Біздің купедегі үш жолау-
шы – ерлі-зайыпты және үш-төрт
жасар қыз бала бір үйлі жан екен.
Отағасы Байқоңырда әскери қыз-
меттегі Ресей офицері кезекті ең-
бек демалысында Мәскеу түбін-
дегі ата-анасына отбасымен ба-
рып келе жатқан бойы көрінеді.
Суық жел 3-4 жасар сәби түгілі,
ересек адамның өзінің құтын қа-
шырды. Сондай сәттердің бірін-
де офицер сапарласым: «Ресей-
дің қазіргі плацкарт вагондары-
ның өзі қазақстандық мына купе
вагондардан әлдеқайда артық»
- деп қалды. Мұндайда орыс аға-
йындардың әдетте «За державу
обидно» дейтіні бар...
Әлқисса, осы жылғы тамыздың
отыз бірінші жаңасы. Қадірбек
құдамыздың үлкен ұлының үйлену
тойына қатысып, келген шаруа-
мыз біткесін, Шымкент вокзалы-
нан №379 «Алматы – Орал» ба-
ғытындағы пойыздың купелі то-
ғызыншы вагонына аяқ арттық.
«Жыласаң, тағы сабаймын» деген-
дей, бұл вагонның қасында ма-
мыр айында мінген вагонымыз
тойға барғандай ма деп қалдық.
Өйткені үшбу тоғызыншы вагон
ескілігіне қоса, мүлдем ырық-
жырық әрі адам көргісіз кір-
қожалақ екен. Сол жолы да тура
мамыр айындағыдай күн салқын,
түн суық болды. Түнге қарай ку-
пеміздің терезесінің қалың (бре-
зент) жапқышын жабайық десек,
ілгіші жарамсыз. Амал жоқ, па-
кетпен шоқпыттап байлап қой-
дық. Вагон дәлізінің купенің есі-
гіне қарсы терезесінің қалың жап-
қышы да жұлым-жұлым. Ал күн
көзін көлегейлер жұқа пердесі
саусағыңның ұшы тиер-тиместен
ұшып түсіп, аяғыңның астында
жатады. Купедегі жарықты айы-
рып-қосқыш пен қол шаяр жерде-
гі сабын салғыш баттасқан кір, ай-
на салтақ-салтақ. Мұны азсынса-
ңыз, тамбурдың шыға берісі қо-
қыстан, ал әжетхананың едені
кілкілдеген судан жол бойы бір
арылмады. Қалай арылсын, егер
жолсеріктер тазалыққа көңіл бө-
ліп, вагонды ең болмаса, тәулігіне
бір сыпыруға құлық танытпаса!
Ел-жұрттың айтуынша, еліміздің
басқа облыстарына қатынайтын
пойыз вагондары түгелдей жаңар-
тылған көрінеді. Ал Ресейдің бес
бірдей губерниясымен шектесе-
тін Батыс Қазақстан облысына
қатысты вагондарға «Қазақстан
темір жолы» АҚ»-ның басшылығы
тарапынан неге жеткілікті көңіл
бөлінбейді? Жолаушы тасымалы-
на қатысты пойыз билеттері ар-
зан деп ешкім де айта алмасы
анық. Ендеше, қызмет сапасы неге
қымбат бағаға лайық емес?! Әрі
ең бастысы, батысқазақстандық-
тарға ескі-құсқы, ырық-жырық
вагондардан құтылар күн бар ма
екен?..
Болат ӘЛЖАНҰЛЫ,
Теректі ауданы
уақытта патруль қызметіне лайық
арғымақтарды іріктеу үшін жер-
гілікті мамандармен ақылдасып
жатқандарын айтты.
Полицей-кавалеристің күдікті-
ні ұстаған сәтте ескеруі тиіс нұс-
қаулар нормативтік құжаттарда
нақты белгіленген. Мәселен, жеңіл
көлік жүре алатын тұсқа жеткен
соң тұтқынды автопатруль эки-
пажы қабылдап алады. Атты пат-
руль қаладағы қоғамдық тәртіпті
нығайта түсуге себеп болмақшы.
Алғашқы жылдары жоба сәтті
жүзеге асса, ауыл-аймақта да бұл
тәжірибе кең қанат жаюы мүмкін.
Нұртай ТЕКЕБАЕВ
Редакциядан:
Біз осы мәселенің жай-жапса-
рын анықтамақ ниетпен «КТЖ - жүк тасымалы»
АҚ-ның – «ГП Орал бөлімшесі» филиалы директоры
Дархан Куланбаевқа және жолаушылар тасыма-
лы бойынша аймақтық бөлімше Орал учаскесінің
басшысы Думан Қарағойшинге телефон шалып
көргенбіз. Олардың біреуі іссапарда, ал енді
біреуі Астанадан келген комиссиямен жүрген бо-
лып шықты. Орындарынан таппадық, әйтеуір...
таңғалмаңыз...
Кірқожалақ айырыпқосқыш
Кірқожалақ сабын салғыш
Қалың пердені осылай байлап қойдық
Жұлымжұлым жапқыш
Тамбурға шыға берістегі қоқыстар
Саусақ тисе, ұшып түсетін перде
оТАндАсТАР
12
Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл
Өткен жексенбіде Орал қала-
лық мәдениет және демалыс сая-
бағында Сорочин жәрмеңкесі өт-
ті. Онда «Орал-Кров-Авто Плюс»
аутосалоны өздерінің жаңа тауар-
ларын көрмеге қойды.
Осы шара барысында «Орал-
Кров-Авто Плюс» салонының қыз-
меткерлері жаңа аутокөліктерді
көрмеге шығарып, сатылым кезін-
де оларға бірталай жеңілдіктер
болатынын жиналған қауымға тү-
сіндірді.
- Күзгі айларда біздің аутокө-
Дүйсенбі күні облыстық
Достық үйі алаңында
аймағымыздағы кәріс
ұлтының өкілдері өздерінің
ұлттық мерекесі - Чхусокты
кең көлемде атап өтті.
Соңғы жылдары бұл мерекені
дәстүрлі түрде тойлауды әдетке
айналдырған облыстық кәріс эт-
номәдени орталығы ежелден ке-
ле жатқан отбасылық мейрамды
бұл жолы ерекше көңіл күймен
тойлады.
Чхусок – кәрістер үшін шығыс
күнтізбесі бойынша жаңа жылды
тойлаудан кейінгі маңыздылығы
жағынан екінші мейрам. Айту-
лы күнді орақ мерекесі санай-
тын кәрістер осы күні өздерінің
бақилық болған ата-аналарын
еске алады. Бейіт маңын тазартып,
еске алу үстелін жасап, қабір ба-
сына егін орағының ең үздік сый-
ларын қояды. Еске алу шаралары
өткеннен кейін мереке отбасы ор-
тасында жалғасын табады.
Облысымызда өмір сүретін түр-
лі ұлт өкілдері жиналған Достық
үйінің ауласында кәрістер ұлттық
өнерлерін көрсетіп, көпшілікке
ұлттық тағамдарын ұсынды. Мере-
кеге жиналғандарды Батыс Қазақ-
стан халқы ассамблеясы төрағасы-
ның орынбасары Ғайса Қапақов,
кәріс этномәдени орталығының
төрағасы Максим Пак, шешен-ин-
гуш қоғамдық бірлестігінің жетек-
шісі Данильбек Саратов құттық-
тады.
Жиналғандарға жақсы көңіл күй
сыйлаған ұлттық мереке концерт-
тік бағдарламаға ұласты.
Нұрбек ОРАЗАЕВ,
«Орал өңірі»
Жаңа «Renault Кaptur»
Сорочин жәрмеңкесінде
Ж
Чхусокты атап өтті
Үлкенге ізет
Жақында өткен
Құрбан айт мерекесіне
орай татар этномәдени
бірлестігінің жетекшісі
Флюра Миликеева
қаладағы соғыс және
еңбек ардагерлеріне
арнап дастарқан жайды.
Ғабдолла Тоқай мұражайын-
да өткен басқосуда ардагерлер
мерекелік дастарқаннан дәм та-
тып, «Ялқын» ұжымдық ансам-
блінің өнерін тамашалады. Шара
соңында ардагерлер жиналған-
дарды айтулы мерекелерімен
құттықтап, өздеріне көрсетілген
ілтипаттары үшін ұйымдастыру-
шыларға алғыстарын білдірді.
Мүсілім ХАЛЕЛОВ
Суретті түсірген
Рафхат ХАЛЕЛОВ
ліктерді сатып алу үшін арнайы
жеңілдіктер қарастырылған. 2015
жылы шығарылған «Lifan» аутокө-
ліктеріне 1 000 000 теңгеге дейін
жеңілдік болса, ал Renault Duster
300 000 тг, Sandero Stepwаy және
Renault Logan 200 000 теңгеге де-
йін жеңілдіктер қарастырылған.
Жақын арада «Орал-Кров-Авто
Плюс» салонында «Lifan Sоlano2»
жеңіл көлігі сатылымға шығарыла-
ды, - дейді автосалонның бренд-
менеджері Әсем Қазиева.
Көрмеге қойылған көліктердің
ішінде «Renault Кaptur» аутокөлігі
көзге ерекше көрініп, назарды
аудара берді. Ең соңғы үлгідегі
техникалық жабдықтармен жа-
рақтандырылған аталмыш көлік
жол талғамайды. Ерекше талғам-
дағы дизайнмен жасалған «Renault
Кaptur» көлігі, қос бірдей қозғалт-
қышқа ие. Бұған қоса төрт типті
трансмиссиялық, толық жетекті
кроссовер аутокөлігін ESP, кілт-
картасы арқылы басқаруға бола-
ды. Сонымен қатар Renault Start
мултимедиялық MediaNAV 2.2
системасымен жабдықталған кө-
ліктің ішкі салоны соңғы үлгідегі
дизайнерлік көркемдігімен ерек-
шеленіп, жолсапар кезінде жүр-
гізушіге демалыс, көңіліне қуа-
ныш сыйлайды. Қазіргі таңда
«Renault Кaptur» аутокөлігі Орал
қаласындағы бастапқы жарнасы
5 530 000 теңгені құрайтынын жә-
не аутосалонда оның 19 түсі бар
екенін оқырман қаперіне берген
жөн.
Сонымен қатар «Орал-Кров-
Авто Плюс» салоны мен «Евразия»
банкімен одан әрі тұрақты серік-
тестігін жалғастыра отырып, өз-
дерінің тауарларын жеңілдетіл-
ген бағдарлама бойынша 0,1%-ды
және бастапқы жарнасы 10%-бен
7 жылға дейін береді.
Аутосалон мекенжайы: Lifan
және Chery аутосалоны, Шолохов
көшесі 11/4. Тел: 8 (7112) 21-45-45,
21-55-55.
Renault аутосалоны, Шолохов
көшесі 41. Тел.: 8(7112) 222-700.
8 747 508 00 00.
Темірболат ӘНуАРҰЛЫ
Үлкенге ізет
Ғаламтор деректеріне үңілсек, адамзат тарихында ең алғашқы өздігінен қозғалатын көлік құралын 1769
жылы Николос Джозеф есімді француз ғалымы ойлап тапқан екен. Сол кездегі Францияның министрі Этьен
Француаның тапсырмасымен жасалған көлік бумен жүретін болған. Бірақ бес тоннаға дейін жүк тиеуге
болатын бұл көліктің жылдамдығы сағатына төрт шақырымды ғана бағындыра алатын еді. Ал жанармаймен
жүретін алғашқы автоның авторы Карл Бенц саналады. Ол 1885 жылы үш дөңгелекті, үш орындық көлік
жасап шығарды. «Ал әлемдік қолданыста өзінің ең алғашқы өміршеңдігін көрсеткен 1886 жылы Готлиб
Дайлер құрастырған автокөлік болды» деп санайды автокөлік тарихын зерттеушілер.
АуТомоТовело
13
Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл
М
іне, сол уақыттан бері
адамзат жерде, суда
жүретін, аспанда ұша-
тын көліктерді де, қарапайым
өмірде қажетті тұрмыстық техни-
каларды да ойлап табудан және
жетілдіре түсуден жалыққан емес.
Адамзаттың тұрмыс жағдайын же-
ңілдету мақсатында техника са-
ласы мамандарының атқарып
жүрген еңбегі ұшан-теңіз. Сондай
өнертапқыш жандардың қатары-
на оралдық жерлесіміз Зейнолла
Ғабдуллин ағамызды қосуға бо-
лады.
Бар саналы ғұмырын техника
саласын жетілдендіруге арнаған
ағамыз 1948 жылы киелі Сырым
елінде дүниеге келген. Орта мек-
тепті бітірген соң, жүрек қалауы-
мен Бөрлі ауданындағы ауыл-
шаруашылғы техникумына оқуға
түскен. Осы оқу орнынан меха-
низатор мамандығын игерген
кейіпкеріміз Отан алдындағы
борышын атқаруға әскерге ат-
танған.
- Жалпы, адам баласы кішкен-
тай кезінен немен әуестенсе, со-
ған қол жеткізуге тырысады ғой.
Біздің балалық шағымыз елдің
соғыстан кейінгі ес жинау жылда-
рына тұспа-тұс келді. Қазіргідей
дүкен сөрелері ойыншыққа толып
тұрған жоқ. Бала кезімде көзім-
мен көрген көлік құралдарына
ұқсатып, ағаштан немесе түрлі
бұйым қалдықтарынан жасап алу-
шы едім. Кейін үлкен ағам Мәскеу
қаласынан техника мамандығын
игерді. Осы салаға қызығушылы-
ғымның артуына сол ағама елік-
теуім де бірден-бір себеп болды,
- дейді балалық шағын еске ал-
ған ағамыз.
Әскер қатарында жүрген жас
жігіттің алған білімі мен бойында-
ғы техникаға деген ептілігін бай-
қаған командирлер ағамызды
жанар-жағармай базасының мең-
герушісі етіп тағайындапты. Ол
жерде де жанармай тасымалдай-
тын көліктердің ақаусыз жүріп
тұруы үшін біраз еңбек сіңіріп,
елге абыроймен оралады.
Отан алдындағы борышын адал
орындап келген жас жігіт енді
Ауыл шаруашылығы институтының
конСТрукТор
ҒАБдуллин
инженер-механик
фа-
культетіне оқуға түсуді
армандайды. Техника
саласының қыр-сырын
толық меңгеруді
мақсат еткен
а ғ а м ы з ғ а
б
ұ
л
институтқа
түсу де қиын-
дық тудырмап-
ты. Аталмыш оқу
орнының студенті
атанған соң да меха-
ника факультеті тари-
хында алғаш болып
конструкторлық үйірме
ашып, студенттік топ құ-
рып, егін ору жұмыста-
рына да атсалысқан.
- Бала кезімнен техни-
ка тілін меңгеруге тал-
пынған соң, мектепте фи-
зика мен математика пән-
дерін тереңдете меңгеру-
ге тырыстым. Тырнақалды
туындым теледидирдан кө-
ріп жасаған «аэросани», яғ-
ни моторлы шана болды. Алай-
да тәжірибенің аздығы шығар, сол
шананы іске қоссам деп токқа
да соғыла жаздағаным
әлі есімде, - дей-
ді Зейнолла Ғаб-
драхманұлы.
Ж о ғ а р ы
оқу
орнын
тәмамдаған, қо-
лынан іс келетін
жас маманды Қоста-
най өңіріне жұмысқа
шақырады. Сол жақта
ғылыми-техникалық инс-
титут жанында қызмет
ете жүріп, әр салаға
қажетті өзінің алғашқы
оңтайландырылған тех-
никаларын
құрастыра
бастайды. Тың игеруге
қажетті қуатты трак-
тор, орман көшеттерін
отырғызатын техника ой-
лап тапқан жас маманды
институт Алматы қаласына
аспирантураға оқуға жібере-
ді. 2-3 жыл Қостанайда жемісті
еңбек еткен ағамызға тіпті үй
жағдайының барлығын жасайтын
болып, сол институтқа жұмысқа
қалуға да үгіттейді. Бірақ Зейнол-
ла ағамыз әкесінің айтуымен ту-
ған елге оралған.
Ауылға келген соң, Сырым ау-
данының «Жетікөл» және «Абай»
совхоздарында инженерлік қызмет-
те болған. Соңынан Орал қаласын-
дағы механикалық зауытқа конст-
рукторлық жұмысқа орналасқан.
- Елге келген соң да жаным
сүйген жұмысымды шыңдай тү-
суге талпындым. 1989 жылдары
«Ақжайық» атты жеке ғылыми-
өндірістік кооператив құрдым. Ол
қолға алған ісіміз де бастапқыда
өз нәтижесін бере бастады. Үкі-
мет тарапынан да көп қолдау
көрдік. Сол жылдары Павлодар-
дан шығарылған «ДТ-75» шынжыр
табанды тракторын дөңгелекті
тракторға айналдырып шығардық.
Халық ол жобаның да игілігін күні
кешеге дейін көрді. Кейін сол коо-
ператив жанынан қыс мезгілінде
қала көшелерінің қарын жинай-
тын трактор, балмұздақ таситын
велосипед, қала орталығындағы
су арықтарын тазалайтын құрыл-
ғы сияқты түрлі техникалар шы-
ғардық. Заман талабына сай жел-
дің көмегімен қуат алатын құрыл-
ғы да ойлап таптық. Келер жылы
елімізде өтетін «ЭКСПО - 2017»
көрмесіне де қатысудан үмітіміз
бар, - дейді өнертапқыш ағамыз.
Зейнолла Ғабдуллиннің ой-тол-
ғамынан туған дүниелер өндіріс-
те қолайлы, тұтынуға да тиімді.
Ағамыздың соңғы жылдардағы
тағы бір елеулі еңбегі ауылдық
шаруаларға
оңтайландырылған
машина жүйесін жасап шықты.
Ондағы басты мақсат артық жұ-
мыс күшін жұмсамай, бір ғана
трактормен мал азығын дайын-
даудың барлық жұмысын ат-
қару болып табылады. Бұл жо-
ба 100 бас малы бар шаруашы-
лықты мал азығымен толық қам-
тамасыз ете алатын көрінеді.
– Қазақстанда басым көп-
шілікті құрайтын шағын шаруа-
шылықтар үшін дәл осы жүйе-
нің тиімдірек екені сөзсіз. Ме-
нің ойлап тапқан сызбаммен жа-
салған тракторға тіркелетін шөп-
шапқыштар, биіктетілген шөп тие-
гіштердің біразы өңіріміздегі ша-
руа қожалықтарымен қатар Ақ-
төбе, Атырау облыстарына да та-
рады. Себебі бұл жерде тракторға
тіркелген шөпшапқыш, тырнауыш,
орамға салу, бес метр биіктікке
дейін шөп тиегіш жұмысын бір ғана
трактор жүргізушісі басқара ала-
ды. Бұл жүйеде шөп тасымалдағыш
бір мезетте 24-36 орамға дейін
тией алады. Шағын, салыстырма-
лы түрде арзан, бесаспап мұндай
жүйе толығымен өндіріске енгі-
зілсе, шағын шаруа қожалықтары-
ның шығыны мен уақытын үнем-
деп, тез өсіп-өркендеуіне зор ық-
палын тигізер еді, - дейді оралдық
өнертапқыш Зейнолла Ғабдуллин.
Міне, бала кезінен техниканың
қыр-сырын меңгеруге талпынып,
өз арманына қол жеткізген, адал
еңбегімен елге танылған бүгінгі
мақаламыздың кейіпкері Зейнол-
ла Ғабдрахманұлының өмір жолы
кейінгі ұрпаққа үлгі болар деген
үміттеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |