А. Ш. Жангазин жалпы білім беру мектебінде


Оқу базасына мыналар кіреді



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#5581
1   2   3   4   5   6

Оқу базасына мыналар кіреді: 

1.

 



АӘД кабинеті. 

2.

 



Жаттығу  қарулары,  кіші  калибрлі  винтовка  мен  олардың 

патрондарын  сақтауға  арналған  арнайы  жабдықталған  бөлме.  (Қару-

жарақ бөлмесі). 

3.

 



Атыс тирі. 

4.

 



Саптық дайындық сабағы мен ату тәсілдері және ережелерін 

практикалық  жағынан  оқып  үйренуге  арналған  алаң  (жүк  көлігінің 

кузовының макеті). 

5.

 



Сақшы  міндеттерін  практикалық  жағынан  оқып  үйренуге 

арналған орын. 

6.

 

Тәулік  кезекші  міндеттерін  практикалық  жағынан  оқып 



үйренуге арналған орын. 

7.

 



Кедергілер алаңы (жолағы). Денешынықтыру қалашығы. 

8.

 



Тактикалық дайындық сабағын жүргізетін алаң. 

Жастарды 

әскери-патриоттық 

жағынынан 

тәрбиелеумен 

байланысты  іс-шараларды  өткізу  үшін  әр  оқу  орны  мен  орта 

мектептерде әскери атақ мұражайы немесе бөлмесі болуы керек. 

Атыс тирі. Тир – кіші калибрлі винтовкалардан нысананы атуға 

арналған арнайы жабдықталған құрылыс немесе жер участкесі. Оның 

алдыңғы  жағы  оқ  қағармен  және  толқынмен,  ал  бүйірлері  оқтың 

тирдан  тыс  жерге  ұшып  кетуіне  кедергі  келтіретін  валдар  немесе 

қабырғалармен жабдықталған. Тир ашық, жартылай жабық және жабық 

болуы мүмкін. 

Атыс тирін салған және пайдаланған уақытта атыс өткізу кезінде 

қауіпсіздік  шаралары  жөніндегі  негізгі  талаптарды  басшылыққа  алу 

қажет.  Атыс  тирі  қоршаған  ортаға  толық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 

ететіндей  және  адамдар  мен  жан-жануарлардың  атыс  аймағына  кіріп 

кету мүмкіндігін болдырмайтындай салыну керек. Атыс тирінде атыс 

жүргізетін  аймақ  пен  атуды  дайындайтын  орын  болуы  шарт.  Атыс 

жүргізу  аймағында  бастапқы  жағдай  мен  атуды  бастау  шебі  жақсы 

көрінетін  сызықтармен  және  тиісті  жазбалары  бар  нұсқаулармен 

белгіленеді. Атуды бастау шебінде атқыштарға арналған төсемдер мен 

атуға,  тіреліп  жатуға  арналған  тіреулер,  құм  немесе  үгінді  салынған 

қапшықтар болуы керек. 

Саптық  дайындық  бойынша  сабақтарға  арналған  алаң  (жүк 

көлігінің кузовының макеті). 

Саптық дайындық бойынша өткізілетін барлық сабақтар арнайы 

жабдықталған  алаңдарда  жүргізіледі.  Ол  оқу  ғимараты  аймағы 

шеңберінде жабдықталады, тегіс және асфальт немесе бетон төселген 

болуы керек, оған ақ сырмен нақты белгілер түсіріледі. 



 

13 


Алаң  периметрі  бойынша  80  см.  жүргізілген  сызықтар  саптық 

адымды дұрыстауға арналған және оның жалпақтығына сәйкес болады. 

Алаң периметрі бойынша салынған шеңберлер оқытушылардың 

саптық тұрысты дұрыстауына және орындағы бұрылыстарға арналған. 

Шеңберді  төртке  бөлу  АӘД  оқытушы-ұйымдастырушысына  орындағы 

бұрылыстан соң аяқты дұрыс қоюды бақылауға мүмкіндік береді, аяқ 

басы фронт сызығы бойынша өкше еніне қарай түзелуі керек. 

4,4 мүлке  шаршылар  қозғалыстағы  бұрылыстарды  реттеуге 

арналған.  48 м.  немесе  60  қадам  саптық  дайындық  бойынша  сабаққа 

арналған  алаң  периметрі  АӘД  оқытушы-ұйымдастырушысына 

оқушылардың  саптық  адымдағы  қозғалыс  жылдамдығын  бағалауға 

мүмкіндік  береді  (ҚР  Қарулы  Күштерінің  басқа  да  әскерлері  мен 

әскери  құрылымдарының  саптық  жарғысының  талаптарына  сәйкес 

қозғалыс жылдамдығы минутына 110-120 қадам). 

Көрнекілік үшін алаң периметрі бойынша 70х150 см. көлемінде 

қалқандар  орнатылады,  онда  негізгі  саптық  тәсілдер  бейнеленеді: 

қарумен  және  қарусыз  саптық  тұрыс,  орнынан  және  қозғалыстағы 

бұрылу, саптық адыммен қозғалу, орнынан және қозғалыстағы әскери 

ізет ету. Сабаққа арналған алаң оқытушылардың бір сыныбымен сабақ 

өткізуге  есептелуі  керек.  Сонымен  қатар  машиналар  жанындағы 

саптық  дайындықты  өтуге  арналған  жүк  машинасының  кузовының 

макетін орналастыру қажет. 

Сақшы  міндеттерін  практикалық  жағынан  оқып-үйренуге 

арналған алаң. 

Орын  қарауыл  мен  сақшының  күзет  орнында  туындаған  түрлі 

жағдайдағы практикалық әрекетін игеру үшін оқу орнының ауласында 

жабдықталады және оған келесі элементтер кіреді: 

– шарбақпен  (ағаш  немесе  басқа)  қоршалған  қорғалатын  нысан 

(қабырға, қосалқы үй-жайдың кіре берісі пайдаланыла алады); 

– автоматтан түрегеліп тұрып атуға арналған окоп (құрлықтағы 

әскердің  ұрыс  жарғысы  талаптарына  сәйкес  жабдықталады).  Бұл 

жаттығу орнында сақшының әуе дабылы, күзет орнына шабуыл жасау 

және т.б. кездегі әрекеті жаттықтырылады; 

– қаруды  оқтау  және  оғын  алуға  арналған  орын,  оқ  қағар 

макетімен  жабдықталады,  ол  бағаналарға  жерден  30  см.  биіктікте 

орнатылады; 

– күзет  орнына  келетін  немесе  кузет  орнынан  кететін  қарауыл 

ауысымын  сапқа  тұрғызуға  арналған  орында  қарауылдар  құруды 

оқтап және оғын алуға жаттығады; 

– өрт  сөндіру  құралдары:  өрт  сөндіргіш,  құмы  бар  жәшік,  суы 

бар бөшке, шелек және құралдар (күректер, балталар, ломдар); 


 

14 


– қорғалатын  нысан  қасында  күзет  орнында  өрттің  туындауын 

елестетуге  арналған  орын  жабдықталады  (кесілген  металл  бөшке 

немесе металл жәшік пайдаланылады); 

– қорғалатын  нысан  тіреушісі  сыртында  «Тыйым  салынған 

аймақ» сызығы белгіленеді, ол үшін «Тыйым салу аймағы шекарасы» 

деген жазуы бар тақтайша орнатылады. Осы оқу орнында сақшының 

бөгде адамның (бұзушының) бекетке немесе тыйым салынған аймаққа 

жақындаған  кездегі  бекетке  (тыйым  салынған  аймақ  шекарасынан 

өтіп кету) қорғалатын нысан (пост) аймағына өтіп кету кезіндегі және 

сақшыға немесе ол күзететін нысанаға шын мәнінде шабуыл жасаған 

кездегі  әрекетті  жаттықтырады.  Осы  мақсатта  нысана  орнатылады: 

№8 бойлық фигура – тыйым салынған аймақ сызығы сыртында (тыйым 

салынған  аймаққа  жақындаған  адам);  №6  –  кеуделік  фигура  тыйым 

салынған аймақта (тыйым салынған шекарасынан өтіп кеткен бұзушы). 

№8  бойлық  фигура  –  күзетілетін  нысан  аймағында  постқа  өтіп 

кеткен бұзушы. 

Осы жаттығу орнында ротаға тікелей бастықтар келген кездегі, 

дабыл  немесе  өрт  болған  жағдайда,  телефон  бойынша  баяндалғанда, 

басқа  ротаның  әскери  қызметкерлері  келгенде,  бос  ауысымның 

практикалық әрекеттері тәуліктік кезекшісін рота бойынша кезекшіге 

шақырғанда,  қару  мен  рота  мүлкін  сақтауды  қамтамасыз  ету,  рота 

орналасуынан  шығару  кезіндегі  тәуліктік  кезекшінің  практикалық 

әрекеттері жаттықтырылады. 

Дене  шынықтыру  қалашығы  (гимнастикалық  қалашық).  Ол 

стадионның  ауласында  немесе  мектеп  ауласында  орналастырылады. 

Металдан  немесе  ағаштан  жасалған  биіктігі  6  метрлік  құрылғы,  оған 

төрт  саты,  6  өрмелеп  шығуға  арналған  арқан;  әр  түрлі  биіктіктегі 

турниктер,  бөренелер  5-6  оқушы  бірден  жұмыс  істеуге  есептелген. 

Гимнастикалық снарядтар (ат, кіші ат), ұзындыққа, биіктікке секіруге 

арналған орындар, гимнастикалық қабыорға (биіктігі 2,5 м., ені 5 м.), 

гимнастикалық орындықтармен (биіктігі 35 см) жабдықталуы керек. 

Тактикалық сабақ жүргізуге арналған алаң. 

Бұл  алаң  жақын  оқу-дала  жиындарын  өткізетін  жерге  жақын 

болады. Бұл алаңда төмендегі сабақ түрлерін оқып үйренуге арналған 

оқулық  құралдар  орналастырылады.  Сарбаздың  соғыс  кезіндегі  іс-

әрекеті,  түрлі  қиындықтағы  кедергілерден  өту,  мина  жарылатын, 

жарылмайтын  кедергілер,  инженерлік  кедергілер,  әр  түрлі  жағдайда 

уланған аймақтар, көрсетілген жазулар, сымнан жасалған қоршаулар. 

Атыс ұясын дайындау, жатып атуға арналған оқпана, бақылаушы 

сарбазға арналған орын, сарбаз (бөлімше) шабуылда бөлімшеге арналған 

оқпаналар, траншеялар, инженерлік кедергілер, өтуге арналған, сарбаз 

(бөлімше) қорғаныста бөлімшенің тірек нүктесі. 



 

15 


2. БӘД ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ 

 

Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бірін-бірі 

толықтырып тұрады. Дене шынықтыру сабақтарын саптық дайындықсыз 

өткізу мүмкін емес, себебі ол гимнастиканың негізі болып табылады. 

Ол өз негізінде өмірдің қауіпсіздік негіздері пәнімен қосыла, болашақ 

бастауыш  әскери  дайындық  пәнінің  негізін  қалайды.  Ал,  БӘД  пәні 

жастарды  болашақ  Отан  қорғауға  дайын  болуға,  патриотизмге 

тәрбиелейді  десек,  ол  мақсатқа  дене  тәрбиесіз  жету  мүмкін  емес. 

Өскелең ұрпақты осындай биік мақсаттарға жетелеу үшін 1-сыныптан 

бастап  париотизмге,  Отанын,  елін  сүюге  тәрбиелеу  мектептің  негізгі 

міндеті.  Жыл  сайын  мектептерде  БӘД  пәнін  бастау  жайлы  бұйрық 

жүйелі  түрде  беріледі,  осы  бұйрықта  аудандық  әскери  комиссариаттың 

ұсынысымен:  «Дене  шынықтыру  сабақтарындағы  саптық  пәндер  ҚР 

Әскери  жарлықтарының  талаптарына  сай  берілсін»,  -  деген  сөздер 

айғақтайды, яғни саптық пәрмендерді, әскери терминологияны жүйелі 

оқушылар  санасына  жас  кезінен  енгізу  болып  табылады.  Бұдан 

шығатын қорытынды: бұл екі пән егіз және оларды қатар алып жүру 

мұғалім үшін үлкен парыз. 

ҚР 

Жоғарғы 


Бас 

Қолбасшысы 

еліміздің 

Президенті 

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму бағдарламасындағы негізгі 

жеті  даму  саласында  бірінші  болып  ұлттық  қауіпсіздік  тұрғаны 

бәрімізге мәлім. 

Ал,  егеменді  ел  тірегі  Қарулы  Күштер  болса,  сол  Қарулы 

Күштерге  жастарды  мектеп  табалдырығынан  даярлайтын  БӘД  пәні 

болып табылады. 

Қысқа  мерзім  ішінде  қазіргі  қаруды  меңгеру,  тәуелсіз 

демократиялық  Отанымызға  лайықты  қорғаушы  болу  күрделі  іс, 

сондықтан  әрбір  жасөспірім  мектеп  табалдырығынан  бастап  өзін 

әскери қызметке дайындауы, өз Отаны – Қазақстан Республикасы мен 

оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғынуы тиіс. 

БӘД  пәнінен  әдістемеілк  жұмыс  басқа  пәндермен  салыстырғанда 

қатаң түрде жүйеге келтірілген. Оған себеп: бұрынғы Кеңестер Одағы 

кезінен  жинақталған  мол  тәжірибелік  қор.  Бірен-саран  тақырыптар 

идеологиялық  тұрғыдан  мәнін  жоғалтқаны  болмаса,  әдістемелік 

нұсқаулықтар  жетерлік.  Ал,  саяси  мәні  жоғалған  тақырыптар 

бағдарламадан алынып тасталынған. Тек, осы әдістемелердің қазақ тіліне 

баламалануы  уақыт  еншісінде.  Ал,  ай  сайын  өтілетін  аудандық 

семинарларда 4-5 ашық сабақ өтіліп,  талданады.  Мұндай  белсенділік 

басқа  ешбір  пән  бірлестіктерінде  жоқ.  Мұның  бәрі,  әрине,  БӘД 

пәнінің  ерекше  мемлекеттік  статусында,  әскери  қатаң  тәртіптің 


 

16 


арқасында деп түсінген жөн. Әдістемелік кеңестердің, жас мамандарға 

берер пайдасы орасан зор.  

Оқу-әдістемелік  жұмыстарды  жетілдіру  үшін  мынадай  ұсыныстар 

айтар едік: 

1. Мектептерді оқу-жаттығу қаруларымен жабдықтауды жеделдету. 

2. Мектептердегі  тозығы  жеткен,  істен  шыққан  диапроекторларды 

жаңа  бейнемагнитофон,  теледидармен  ауыстыру.  Ал,  саяси  мәні 

жоғалған  диафильмдердің  орнына  жаңадан  оқу-әдістемелік  бейне-

таспалар жазып, тарату, көбейту. 

Әрине,  мұның  бәрі  мемлекетіміздің  экономикалық-әлеуметтік 

жағдайына  байланысты  екенін  түсінеміз.  Бастапқы  әскери  дайындық 

сабақтарында  мен  негізінен  дифференциалды  және  ұжымдық  оқыту 

әдіс-тәсілдерін  пайдаланамын.  Әсіресе,  практикалық  сабақтардан 

саптық  даярлық  бойынша  сабақтар  алдыңғы  сабақтарда  дағдыланған 

машықтардың  ұмытылмауы  үшін  жүйелі  түрде  және  бірдей  уақыт 

аралықтары  арқылы  өткізіліп  тұруы  тиіс.  Саптық  машықтарды  басқа 

сабақтарда  күн  ілгері  орнықтырып  отырса,  оқушылардың  саптық 

даярлығы жоғарғы нәтижелерге жетеді. 

Басқа қай сабақтағы сияқты болсын, саптық даярлық сабағында 

да  ол  мұқият  әзірленіп,  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етілген 

болса  көзделген  мақсатқа  қол  жетеді.  Әрбір  сабақ  үш  бөлімнен 

тұрады:  

1. Кіріспе бөлім, бұған сыртқы келбетті қарау, саптық плацтағы 

сабақ жүретін орынға шығу, тақырыпты, сабақ пен оқу мәселелерінің 

мақсаттарын жариялау кіреді. 

2. Негізгі  бөлім,  оған  тарау-тарауымен  және  тұтастай  жаңа 

амалдарды оқып білу мен жасап үйрену қамтылады. Саптық жаттығуды 

жасап үйрену мұғалімнің пәрмені бойынша жеке өз алдына, жұптасып 

және бөлімше құрамында саптық алаңшаларда жүргізіледі; 

3. Қорытынды  бөлімде  сабаққа  талдау  жасап,  оқушылардың 

бағаларын  жариялау,  таңдаулыларды  атау  және  өзінше  даярлыққа 

тапсырма беріледі. 

Бұйрық  беру  алдында  мұғалім  «Тіктел»  қалпын  қабылдауға 

міндетті. Мұның өзі тәртіптілік және сапқа құрметпен қарауға баулиды. 

Саптық тәсілдерді үйретуді мынадай дәйектілікпен жүргіземін: 

– тәсілмен таныстыру және көрнекті құралдар стендісін көрсету; 

– тәсілді үйрету, жаттығу; 

Саптық  тәсілмен  таныстыру  үшін  тәсілді  атап,  ол  қай  жерде, 

қандай  мақсатпен  қолданылатынын  көрсетемін.  Тәсілді  орындауға 

анық  әрі  тез,  зор  дауыспен  пәрмен  беремін.  Тұтастай  әдістің  қалай 

орындалатынын Жарғы бойынша көрсетуге тырысамын, ал содан соң 


 

17 


баяу  қарқынмен  бөліктері  бойынша  оны  орындау  ретін  қысқаша 

түсіндіріп көрсетемін. 

Саптық  әдістің  күрделі  болуына  қарай  оны  үйрету  былай 

жүргізіледі: 

– егер әдіс күрделі болмаса, тұтастай; 

– егер әдіс күрделі болса, бөліктерге бөлшектеу арқылы; 

– егер әдіс күрделі болып, оның жекелеген элементтерін меңгеру 

қиын болса, дайындық жаттығуларының көмегімен жүргізіледі. 

Тәсілмен  таныстыру  үшін  оқушыларға  тұтастай  орындап,  үлгі 

түрінде  көрсетемін.  Одан  әрі  қарай  өзімнің  әр  іс-қимылыма  ілесе 

түсіндіре  отырып,  жеке  элементтер  бойынша  көрсетемін.  Дәлме-дәл, 

дұрыс  және  әдемі  көрсетілген  әдістер  мен  іс-қимылдар  оқушыларға 

әрқашан  үлкен  әсер  етіп,  соған  құлшынады.  Көрсету  әрқашан 

қысқаша түсіндірумен ұштасуы керек. 

Жаттығу  бастапқыда  баяу,  одан  соң  әдепкі  қарқынмен  пәрмен 

беруімен  жүргізіледі.  Қимылды  қайталау  арқылы  жылдамырақ  жасауға 

қол жеткізеді. Әсіресе, жұптасқан сабақ әдісі өте қолайлы. Бұл әдістің 

ұтымды  жақтары  мынадай:  екі  сабаққа  бір-ақ  рет  кіріспе  бөлімі 

өтіледі де, уақыт жағынан ұтамыз, оқушылар корпустан корпусқа көп 

сабылмайды,  «Саптық  даярлық»  сабақтары  күн  қызбай  өтілсе,  сабақ 

кезінде  ешкімнің  басы  айналмайды,  оқушыларға  жеңіл  тиеді.  Бұл, 

біріншіден,  денсаулықтың  жоқтығынан,  екіншіден,  әлеуметтік-

отбасылық  жағдай,  үшіншіден,  экологиялық  әсерлер.  Осындай 

себептердің әсері болар, қазір бізде бағдарлама бойынша қыз балалар 

практикалық сабақтардан босатылған. 

Ал,  практикалық  сабақтарды  өту  үшін  календарлық  жоспарға 

ауа  райына  байланысты  өзгертулер  енгізуге  тура  келеді.  Мысалы, 

сыртта  күн  қатты  ыстық  болса  немесе  жаңбыр  жауса  саптық 

даярлықтың  орнына  теориялық  сабақ  өткен  абзал.  Ал,  керісінше, 

тактикалық  даярлықтан  жүз  рет  айтқанша,  бір  рет  далаға  шығарып, 

қар  үстінде  бөлімшенің  жорық,  ұрыс  кезіндегі  әрекеттерін,  төрт 

тағандап  немесе  жатып  өрмелеу  әрекеттерін  іс  жүзінде  көрсетіп 

жаттықса,  оқушыларға  сабақ  қызықты  болады,  практикалық  сабақ 

әрқашан  естерінде  сақталады.  Ол  үшін  сабақ  жоспары  кемінде  бір 

апта  бұрын  жасалуы  тиіс.  Ал,  БӘД  пәні  бойынша  сабақ  жоспарын 

мектеп  директоры  ғана  бекітіп  береді.  Сабақ  тақырыптарының 

байланысы үзілмегені абзал. 

Пәнаралық  байланысқа  келетін  болсақ,  теориялық  сабақтар 

ішінде  тарих  пәні  бірінші  кезекте  болады,  практикалық  сабақтардан, 

әрине,  дене  шынықтыру  сабағы  деп  есептеймін.  Осы  пәндердің 

мұғалімдерімен  үнемі  байланыс  жасап,  «Жалпыға  бірдей  әскери 


 

18 


міндет  және  әскери  қызмет  Заңы»  тақырыбы  мен  Президенттік  тест 

қабылдау сабақтарына қатысып отырамын. 

Қазақстанның  әрбір  азаматы  –  өзінің  Отанының  қорғаушысы 

болуға міндетті. Отанымызды қорғау ісі Қазақстан Республикасының 

бүкіл  халқының  ісі.  «Қазақстан  Республикасының  Қорғанысы  мен 

Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және және Қазақстан 

Қарулы  Күштеріне  қызмет  ету  халық  пен  мемлекет  аясындағы 

Конституциялық  міндеті  мен  парызы  болып  табылады  деп  көрсетілген. 

Сондықтан  да  қазіргі  таңда  мектепте  өскелең  ұрпақ  –  еліміздің 

болашақта  білімді  де  отансүйгіш  патриоттары  болу  үшін  ұстаздарға 

аянбай  еңбек  ету  керек.  Соның  ішінде  әсіресе  мектептегі  алғашқы 

әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқушы-

ларға патриоттық тәрбие берудегі міндеті, жауапкершілігі орасан зор. 

Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың 

Отан  мүддесі  жолында  жасаған  ерлік,  батырлық  істерінің  ұлылығын 

жете  түсіндіру  мұғалімнің  міндеті.  Әр  жас  жігіт,  бойжеткен  қыз 

еліміздің  келешегі  жолында  табанды  күрескер  екенін  сезінуі  тиіс. 

Патриотты,  ержүрек  адамды,  табанды  күрескерді  тәрбиелеудің  негізі 

мектепте  қаланады.  Еліміздің  Конституциясында  кең  сөз  болған  аса 

маңызды теориялық және саяси проблемалар арасында Еліміздің Отан 

қорғау  қабілетін  одан  әрі  нығайту  мәселелері  көрнекті  орын  алады. 

Әскери-патриоттық  тәрбие  –  жас өренді  Отанды  қорғауға  ұдайы әзір 

болуға  моральдық  және  бітім  жағынан  даярлау  болып  табылады. 

Өскелең ұрпақтың идеялық сенімі мен өз Отаны үшін күреске әзірлеу 

бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Алғашқы  әскери  даярлықтың 

енгізілуіне байланысты мектептерде оқушылар арасында жүргізілетін 

қорғаныс  бұқаралық  жұмыстардың  аясы  кеңейді,  осы  жұмыстардың 

арқасында  жас  жігіттерді  Қазақстан  армиясы  қатарына  қызмет  етуге 

әзірлеу  жақсарды.  Алайда  бұл  пән  10-11  сыныптарда  өтеді,  ал  идеялық 

тәрбие бірінші сыныптан-ақ басталады. 

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы 

–  қоғамның  идеялық  бірлігінде»  атты еңбегінде:  «Біздің  тағы бір аса 

маңызды міндетіміз – Қазақсатндық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір 

азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» – деп жазды. 

Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани 

саладағы  тәту-тәтті  тірлікке,  азаматтық  келісімге  ғана  емес, 

мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. 

Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне 

қосылып,  дүниежүзілік  қауымдастықтан  лайықты  орын  алуына 

мүмкіндік беретін бірден-бір күш. 



 

19 


«Отанды  сүю  отбасынан  басталады»,  отансүйгіштік  қасиетті 

қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. «Еліңді сүйсең, ерлік 

істейсің»,  «Ер  жігіт  ел  үшін  туады,  ел  үшін  өледі»  тәрізді  мақал-

мәтелдерінен  Б. Момышұлының  патриоттық  тәрбиеге  жоғары  талап 

қойғанын  байқауға  болады.  Одан  біз  ерлердің  ерен  ерліктері  ұрпақ 

жалғастығын табатынын ұғынамыз. 

Әскери-патриоттық  тәрбие  берудің  басқа  тәрбие  процестерінен 

өзіндік  ерекшелігі  бар.  Себебі,  әскери-патриоттық  тәрбие  беруде, 

негізінен,  әр  түрлі  жағдайларда  Отанын  қорғауға  даяр  тұру,  әскери 

міндетін  атқаруға  және  күнделікті  бейбітшілік  сақтау  үшін  күреске 

дайындық жұмыстары қамтылады. 

Әр  түрлі  жастағы  оқушыларға  әскери-патриоттық  тәрбие  берудің 

мазмұнына,  мақсатына,  міндетіне  тоқтала  келе,  тәрбие  белгілері 

төмендегідей жіктеледі: 

– мектеп  жасына  дейінгілермен  жұмыс  істеу  жолдарына 

баланың  әскери-патриоттық  әңгімелерге  араласуы,  әскери  ойындарға 

сезімталдық  қатынастары,  дене  бітімінің  өз  жасына  лайықты  болуы 

жатады; 


– бастауыш мектеп оқушылары үшін Отанның өткен тарихынан 

мағлұмат алуы, әскери ойындарға, әр түрлі әскери рөлдерді орындауы, 

тәртіптілік жатады; 

– кіші  және  жасөспірім  оқушылар  үшін  халқымыздың 

революциялық,  әскери  және  еңбек  дәстүрлерін,  жер  бетінде  болып 

жатқан  әскери  жағдайларды  дұрыс  бағалай  білуі,  еңбек  және  соғыс 

ардагерлеріне  құрмет,  дене  бітімінің  дамуы,  әскери  ойындарға  және 

жарыстарға қатысу міндетті; 

– жоғары  сынып  оқушылары  үшін  Отан  қорғаудың  негізгі 

теориясын  меңгеру,  дүниежүзілік  соғыстардың  тарихы,  олардың 

себептерін  білу,  қазіргі  әскери-саяси  жағдай,  еңбексүйгіштік, 

жауаптылық, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру, әскери-спорт түрлеріне 

қатынасу,  әскери  орындарға  саяхат.  Президенттік  сынамалар 

нормативтерін орындау, дене бітімінің жасына сай дамуы міндетті; 

– мектеп  бітірушілер  үшін  өз  еркімен  әскери  борышын өтеудің 

қажеттілігін сезіну, сенімді түрде әскери қызметке саналы дайындық, 

өмірде болып жатқан саяси-әскери жағдайларға талдау жасау, әскери 

талаптарды  түсіну,  АӘД  сабақтарында  терең  және  нақты  біліммен 

қарулану, әскери-патриоттық шараларға белсене қатысу міндетті. 

Пәнаралық  байланысты  пайдалана  отырып  ән  пәнінің 

мұғалімдерінің  келісімімен  ән  сабақтарында  әр  сынып  өздеріне 

патриоттық  тақырыпта  әндерін  дайындайды.  Сынып  жетекшілері 

«Өмір  қауіпсіздік  негіздерін»  жүргізе  отырып,  жыл  бойы  белсенді 


 

20 


санитарларын анықтайды. Сол сияқты спортшыларымыз дене шынықтыру 

сабақтарында  анықталса,  әр  сыныптың  редколлегия  мүшелері  сурет, 

сызу  сабақтарында  өнерлерін  шыңдау  үстінде  болады.  Оқушыларды 

әскери бөліміне жыл сайын жоспарлы түрде 11-сынып апарып, әскери 

бөлімнің тыныс тіршілігімен сарбаздардың өмір салттарын таныстыру 

да  дәстүрге  айналып  келеді.  Оқушылардың  болашақ  сарбаз  өмірі 

жайлы  түсініктері  молайып,  әскери  техника  мен  осы  заманғы 

қаруларын  көзбен  көріп,  қолмен  ұстауы  қазіргі  заманғы  Қарулы 

Күштер  жайында  көзқарасын  қалыптастырып,  егемен  еліміздің 

ертеңіне үлкен сеніммен қарауларына септігін тигізеді. 

 

 

3. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ СЫНЫПТАН ТЫС 



ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР 

 

Оқушыларды  патриотизмге  баулудағы  маңызды  істің  бірі  – 

сыныптан тыс шаралар. Соның бірі Отан алдындағы борышын өткізу-

шілермен кездесу кештер. Болашақ жауынгерлер кадет корпусындағы 

курсанттармен,  әскери  борышын  өтеп  келген  жауынгерлермен 

өткізілген  сұхбаттан  мол  әсер  алады,  өздерін  толғандырып  жүрген 

беймәлім жауынгерлік өмір туралы сұрақтар қояды. 

Мектепте  құрылған  «Мың  бала»  әскери-патриоттық  клубының 

мүшелері  кезекшілік  атқарып,  ауылдан  келген  балалар  мен  қала 

мектептері  оқушыларының  татулық  жұмыс  істеуіне  жағдай  туғызып 

отырады.  Елдік  пен  ерлік  дәстүрдің  жалғасы  саналатын  Ауған 

соғысының  батыры  мен  ҚР  ҚК-і  шекара  қызметінің  жауынгерлері  – 

мектеп оқушылары үшін зор мақтаныш, үлкен өнеге. 

Отаншылдық  сергектік  пен  жігерлік  және  өжеттілік  сезімге 

тәрбиелеген  ұстаз  болашақ  жауынгерлер  үшін  спортпен  шұғылданудың 

маңыздылығын  естен  шығарған  емес,  сондықтан  мектептегі  дене 

тәрбиесі  бірлестігінің  жетекшісі  ретінде  сыныптан  тыс  үйірмелердің 

өз  нәтижесінде  оқушылар  жыл  бойы  бес  күндік  әскери  дала 

жаттығуларында болады. 

«Менің Отаным – Қазақстан» атты патриоттық туристік акциясы, 

теннис,  тоғызқұмалақ,  шахмат,  т.б.  спорттық  сайыстар;  «Жас  ұлан» 

әскери-патриоттық  сайысында  мылтық  ату,  баяндау,  бастыққа  келіп, 

кету  кезіндегі  қимыл,  газ  тұмылдырық  кию,  кермеге  тартылу,  гір 

көтеру бойынша сайыстарын да өткізуді ұсынамыз. 

Мектеп,  қала  берді  аудан  өмірінде  әскери-патриоттық  істерді 

ұйымдастыруда  аудандық  алғашқы  әскери  даярлық  бірлестігінің 

жетекшісі  ретінде  көп  істер  атқарылды.  Мектеп  оқушылары  –  болашақ 

Отан  қорғаушылар.  Сондықтан,  болашақ  сарбаздардың  азаматтық 

тұлғасының  қалыптасуына  көңіл  бөліп,  жағдай  туғызып  отырған 


 

21 


аудан,  облыс  басшыларының  қамқорлығына  риза  болып,  үлкен 

жауапкершілік сезіледі. Әр жылғы Жеңіс күні мерекесі, Ұландар күні 

–  болашақ  сарбаздар  үшін  ұлы  мереке.  Бұл  күні  олар  арнайы 

әзірленген  формаларымен  бауырластар  зиратына,  Кеңес  Одағының 

батыры  ескерткішіне  гүл  шоқтарын  қойып,  ерлікке  тағзым  етеді. 

Әсіресе,  оқушылар  үшін  ең  әсерлі  сәт  бірнеше  жыл  қатарынан 

өткізіліп  келе  жатқан  салтанатты  шерулер.  Шеру  барысындағы 

оқушылардың  формасы,  саптық  жүрістері,  патриоттық  әнді  орындау 

шеберлігі  жөнінен  мектеп  командасы  жергілікті  әкімшіліктің  зор 

алғысына  бөленді.  Сөйтіп,  оқушылар  ерлік  пен  елдік  дәстүрді 

жалғастырушы,  бабалар  өсиетінің  мирасқоры  ретінде  ұлттық 

мақтаныш сезімін жаңғыртады. 

Оқу  мекемелерінде оқу  жылы  қыркүйек  айынан  бастап,  мамыр 

айына  дейінгі  уақыт.  Әрбір  тоқсанды  жақсы  пайдаланып,  жастармен 

тәрбиелік іс-шараларды көбейту керек. Әскери-патриоттық тәрбиелік 

іс шаралар алдын ала жоспарлануы тиіс. Жоспарда тек қана оқытушы-

ұйымдастырушының  ой-пікірі  емес,  сол  оқу  мекемесінің  әрбір 

мұғалімінің  ой  үлесі  болуы  тиісті.  Қандай  да  болмасын  әскери 

патриоттық  іс-шараны  өткізу  салтанатында  Мемлекеттік  Туды  алып 

келу  және  алып  кету.  Мемлекеттік  Әнұранмен  ашу  және  жабу 

мәселелерін жоғары ұстау керек. Мемлекеттік Туды салтанатты түрде 

алып  жүру  үшін  ең  жақсы  оқитын  оқушылардан  тағайындау  керек. 

Мектепте әскери-патриоттық тәрбиені дамыту сабақ уақытында және 

сабақтан тыс уақыттағы жұмыстар арқылы да жүргізіледі. 

Әскери патриоттық іс шаралардың арасын ұзаққа үзбеген жақсы 

және олардың жиі ұйымдастырылуын қадағалау қажет. 

Жастарға  әскери  патриоттық  тәрбиені  тереңдету  үшін  әр 

аудандағы, әр қаладағы әскери бөлімдер мектеппен байланысты үзбеуі 

керек.  Мектептерде  оқушылардың  әскери  киімін  киюі  әскери 

патриоттық  тәрбиелеудің  негізгі  кілті.  Мүмкіншілік  болып  жатса, 

оқушыларға әскери киім тіктіріп, оны дұрыс киюін қадағалау қажет. 

Әскери жетекші, әскери патриоттық ұйымдастырушы өз жоспарын 

құрастырып,  оны  жайдан  жай  қалдырмауы  тиіс.  Құрастырған 

жоспарын  іске  асыру  жолдарын  қарастыру  қажет.  Әскери  мұғалімге 

оқу  мекемесінде  басшылықтан  бастап  барлық  лауазымды  адамдар 

көмектер көрсетіп, ал ата-аналар да қолдау көрсетулері қажет. Әскери 

мұғалім  ынталы  болса,  талантты  болса  және  кедергілер  болмаса 

(кедергілер  болса,  оны  жеңе  білсе)  ғана  ол  өз  жоспарын  іске  асыра 

алады. Әскери дайындық енді дамып келе жатқанда қолдау көрсетіп, 

жастардың еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне ат салысуымыз керек. 

Қазақстанның  әрбір  азаматы  –  өзінің  сүйікті  Отанының 

қорғаушысы  болуға  міндетті.  Отанымызды  қорғау  ісі  Қазақстан 

Республикасының бүкіл халқының ісі. 


 

22 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет