А. Ш. Жангазин жалпы білім беру мектебінде



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#5581
1   2   3   4   5   6

Мазмұндық-

танымдық  

 

Б.Момышұлы 



шығармаларын-дағы 

патриоттық  идеялар 

арқылы 

отансүйгіштік 



туралы түсініктері  

 

-Б.Момышұлы 



шығармаларындағы 

патриоттық 

идеялары 

арқылы 


отансүйгіштік 

туралы 


түсініктері 

болуы;  


-

 

Б.Момышұлы 



шығармаларындағы 

патриоттық 

идеялардың 

мүмкіндіктерін білуі және түсінуі; 

-

 

Б.Момышұлы 



шығармаларындағы 

патриоттық  идеялардың    мазмұнымен 

таныс болуы; 

-Б.Момышұлы 

шығармаларындағы 

патриоттыққа  баулитын    бейнелердің 

өзіндік  ерекшеліктерін  көре,  түсіне 

білуі. 


Іс-әрекеттік  

Б.Момышұлы 

шығармаларын-дағы 

патриоттық  идеялар 

мен  отансүйгіштік, 

ұлтжандылықты 

оқушылардың 

тәжірибеде  жүзеге 

асыруды игеруі  

-

 

Б.Момышұлы 



шығармаларындағы 

патриоттық идеяларды  талдай  білуі; 

-

 

Б.Момышұлы 



шығармаларындағы 

патриоттыққа  баулитын    бейнелерге 

еліктеуі, үлгі тұтуы; 

-

 



Б.Момышұлының 

ерлік 


істерін, 

патриоттық  идеяларын  талдағанда  

өзінің  патриоттық  көзқарасын  көрсете 

білуі; 


-

 

Б.Момышұлы 



шығармаларындағы 

патриоттық 

идеялар 

мен 


отансүйгіштік, 

ұлтжандылық, 

елжандылық  көріністерді  әңгімелей 

білуі, оған деген өз ойын жеткізе білуі. 



 

39 


Сондай-ақ  мектепте  «Бауыржан  Момышұлы  тағылымдары» 

атты арнайы курс бағдарламасын жүргізуге болады: 

 

№ 

Тақырыптар 

Сағат саны 

Дәріс  Семинар-

практика 

Бауыржан Момышұлы -  қоғам қайраткері, жазушы, 



қолбасшы, әскери ғалым 



Патриотизм  мен ерлік ұғымының мәні мен мазмұны 





Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы патриоттық 

идеялар  





Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ұлттық тәлім-

тәрбиесіндегі - елжандылық, ұлтжандылық  





Бауыржан Момышұлы хаттарының мазмұны және тәрбиелік 

мәні 




Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер 



"Өмірінің өзі дастан..." 



Барлығы: 27 



11 

16 

 

 

6. АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ КЕШТЕРІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 

 

Еліміздің ата заңы – Конституциясының 36-бабында «Қазақстан 

Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен 

міндеті» деп атап көрсетілген. Отанының лайықты қорғаушысы болу 

–  күрделі  іс,  сондықтан  әрбір  жас  өспірім  мектеп  қабырғасынан 

бастап,  өзін  әскери  қызметке  дайындауға,  өз  Отаны  –  Қазақстан 

Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін 

кәміл ұғынуы тиіс. Осы мақсатта жастарды Қазақстандық патриотизм 

мен  интернационализмге,  Қарулы  Күштерге  деген  сүйіспеншілік, 

әскери  борышты  мүлтіксіз  орындауға  әзірлік  рухында  тәрбиелеуге 

бағытталған. 

Патриотизм  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  әрбір  азаматтың 

бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау 

деген  сөз.  Оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беруде  көптеген  озық 

тәсілдерді мысал ретінде айтуға болады. 

– Патриоттық тәрбие беруге арналған түрлі кештерді дәріптеу. 

– Әскери  борышын  өтеп  келген  жас  сарбаздармен  кездесу 

ұйымдастыру. 

– Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер. 

– Әскери  бөлімдердің  ішкі  тыныс-тіршілігімен  оқушыларды 

таныстыру, алған әсерлері бойынша оқушылармен пікір алмасу. 


 

40 


ХХ  ғасырдың  ІІ  жартысында  дүние  жүзін  елең  еткізген  Ауған 

соғысы  болды.  Жарияланбаған  соғыс  9  жылдан  астам  уақытқа 

созылған еді. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  Ауған  соғысы  туралы:  «Ауған 

соғысында  қыруар  қаржы  шығындадық,  мыңдаған  өмір  қиылды, 

бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін 

бұдан асқан қасірет бар ма?» деген ойлы сөзі бар. 

1978  жылы  Ауғанстанда  сәуір  айында  төңкеріс  болып,  оның 

арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана 

емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 

жылы  кеңес  әскерлерінің  шектеулі  контингент  Ауғанстанға  кіріп,  10 

жылға  жуық  соғыс  жүргізді.  Оған  әр  елден,  сондай-ақ  22  мың 

қазақстандық қатысты.  

Ауған  соғысы-  КСРО  Қарулы  Куштердің  Ауғанстанға  басып 

кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП 

және  КСРО  басшылығы  Ауғанстандағы  1978  жылғы  сәуір  төңкерісі 

нәтижесінде  билікке  келген  «халықтық-демократиялық  үкіметі» 

қолдап,  көршілес  елдің  социалистік  бағытпен  дамуын  көздеп, 

«интернационалдық  әскери  жәрдем  береміз»  деген  желеумен  оның 

ішкі  істеріне  араласты.  Бұл  «қырғибалық  соғыс»  кезеңі  өткеннен 

кейінгі  уақытта  да  КСРО-ның  өзге  елдерді  өз  ықпалына  қарату 

саясатының  айқын  көрінісі  еді.  1965  жылы  қаңтарда  Ауғанстанда 

Кеңес  Одағы  Мемлекеттік  қауіпсіздіқ  комитеті  (МҚК)  тыңшылары-

ның  қатысуымен  жартылай  астыртын  қызмет  атқарған  Ауғанстан 

халықтық-демократиялық  партиясы  (АХДП)  құрылып,  біраздан  соң 

ол екіге бөлінген. «Хальк» тобын Н.М. Тараки, Х. Амин, ал «Парчам» 

тобын Б. Кармаль басқарды. 

1978  жылы  Ауғанстанда  сәуір  айында  төңкеріс  болып,  оның 

арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана 

емес,  оған  сырт  мемлекеттерінің  қатысуымен  де  ұзаққа  созылды. 

Алайда  халық  күресі  одан  әрі  күшейе  түсті.  1979  жылдың  ақырында 

26  уәлаятта  18  көтеріліс  өрті  лаулады.  Сондай  жағдайда  АХДП 

басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), 

оның  өзін  Чехославакияға  елші  етіп  жіберді.  Келесі  жылғы  қыркүйекте 

Тараки  Аминнің  қолынан  қаза  тауып,  АХДП  мен  мемлекет  басына 

Амин  отырды.Бұл  жағдайды  Мәскеу  өз  мүддесіне  қауіп  ретінде 

қабылдады.  КСРО  МҚК  Аминді  қызметінен  шететтіп,  «парчамшыл-

дарды» билікке әкелуге әрекетенді. 1979 ж. 8 желтоқсанда КОКП Бас 

хатшысы  Л.И. Брежнев  кабинетінде  мәжіліс  болып,  оған  КОКП  ОК 

Саяси Бюросының шағын тобы: Ю. Андропов, А. Громыко, М. Суслов 

және Д. Устинов қатысты. Олар Ауғанстан төңірегіндегі қалыптасқан 


 

41 


жағдайларды  талдай  келіп,  екі  вариантпен  жұмыс  істеуді  шешті: 

Мемлекттік Қауіпсіздіқ Комитетінің (МҚК) арнайы қызметкерлерінің 

қатысуымен  жаңадан  үкімет  басына  келген  Ауғанстан  басшысы 

Х. Аминнің  көзін  жойып,  оның  орнына  Бабрак  Кармальды  қою;  бұл 

мақсатты  орындау  үшін  Ауғанстан  территориясына  әскердің  кейбір 

құрамаларын жіберу мәселесі қаралды. 

1979  жылдың  10  желтоқсанында  КСРО  Қорғаныс  Министрі 

(ҚМ)  Д.Ф. Устинов  Бас  штабтың  бастығы  Н.В. Огарковты  өзіне 

шақырып  алып,  оған  Саяси  Бюро  Ауғанстанға  кеңес  әскерлерін 

уақытша енгізу үшін алдын-ала шешім қабылдағанын айтып, шамамен 

75-80  мың  адамды  дайындау  тапсырмасын  берді.  Н.В. Огарков  бұл 

тапсырманы  таңдана  отырып,  75  мың  адам  ондағы  жағдайды 

тұрақтандыра алмайтынын, бұл ақылға сыймайтын іс екенін айтты 

Осы  күні  КСРО  ҚМ-нің  Бас  штаб  бастығы  Н.В. Огарков  тез 

Л.И. Брежневтің  кабинетіне  шақырылды.  Онда  «Саяси  Бюро»  деп 

аталатындар  жиналды  (Ю. Андропов,  А. Громыко  және  Д. Устинов). 

Бас  штабтың  бастығы  ауғандық  мәселені  күш  қолдану  арқылы  емес, 

саяси  жолмен  шешу  керек  екендігін  қатысып  отырғандарға  қайта 

түсіндіріп  бағуға  тырысты.  Саяси  Бюроның  бұл  кездегі  шешімі 

Н.В. Огарковтың ғана емес, оның бірінші орынбасары С.Ф. Ахромеевтің 

де  және  Бас  оперативті  басқарма  бастығы  В.И. Варенниковтің  кеңес 

әскерлерін  Ауғанстанға  енгізу  жөніндегі  ынтасын  тудырмады.  Олар 

мұндай  жолға  қадам  жасауға  тек  саяси  көзқараспен  ғана  қарап 

қоймай,  терең  ойлана  қарады.  Вьетнамдағы  АҚШ  интервенциясы 

мысалға  алынды.  Бірақ  Кремль  көсемдері  әскери  маман  кадрлардың 

уәждерін құлақтарына да ілмеді. 

Соңғы саяси шешім желтоқсанның 12-і күні түс ауа шағын ғана 

кеңес  басшыларының  тобымен  шешілді.  Онда  Брежнев,  Суслов, 

Андропов, Устинов және Громыко болды. Косыгиннің кейбір естелік 

жазбаларына  көз  тастасақ,  ол  болмағанын,  бұл  уақытта  сырқатанып 

жатқанын  жазыпты.  Осылайша  жағдай КОКП  ОК  Саяси  Бюросының 

толық мүшелерінсіз-ақ шешілді. 

Соңынан  Саяси  Бюроның  жазба  түрінде  қаулысы  шықты,  оған 

Саяси Бюро мүшелері толық өз қолдарын қойды. 

Сөйтіп  1979  жылы  25  желтоқсанда  КСРО  әскерлері  Ауғанстан 

шекарасынан  өтіп,  онда  1989  жылдың  15  ақпанына  дейін  соғыс 

қимылдарын  жүргізді.  Оған  22  мың  қазақстандық  қатысты,  олардың 

761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.  

Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі  - Ауған соғысы. Бұл 

соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. 

Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас 


 

42 


елдің  бірі  саналған  Қазақстаннан  қазақстандық  сарбаздар  да  болды. 

Жат  жерде  соғысқан  900-дей  жауынгерлердің  барлығы  кебенек  киіп 

аттанғанымен, кебін, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес. 

Бейбіт  өмірде  Отан  алдындағы  борышын  өтеп  жүрген  өрімдей 

жас  жігіттер  Ауған  соғысына  аттанды.  Олар  соғыстың  мән-жайын 

ұғар-ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған 

соғысы  он  жылға  созылды.  Мұнда  қаншама  жас  қыршынан  қиылып, 

қаншасы  мүгедек  болып  оралды.  Олардың  бір  ғана  міндеті-  бала 

жастан  санамызға  сіңірілген  патриоттық  тәрбие-  Отан  алдындағы 

борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. 

Бұл соғыстың абырой әпермейтінін Кеңес үкіметінің басшылары 

арада 3-4 жыл өткеннен кейін түсіне бастады. Бірақ бұл кезде «болары 

болып, бояуы сіңген» еді. 1983 жылдың 19 мамырында Пәкістандағы 

елші  В.Смирнов  КСРО-ның  Ауғанстандағы  әскерлер  контингентін 

алып шығуға мүдделі екендігін ресми түрде жариялады. 

Саяси  Бюро  осылайша  балшыққа  кіріп  алып,  енді  былғанбай 

шығудың  жолдарын  іздестіре  бастады.  1986  жылдың  ақпанында 

болған  КОКП  ХХVII  сьезінде  М. Горбачев  әскерді  кезеңге  бөліп, 

ауған  жерінен  шығару  жоспарын  жасау  керектігін  мәлімдеді.  Ал 

13 қарашадағы  Саяси  бюроның  отырысында  М. Горбачев:  «Біздің 

Ауғанстанда  соғысып  жатқанымызға  алты  жыл  болды.  Егер  бұл  іске 

басқаша  келмесек,  әлі  20-30  жыл  соғысатын  боламыз»  деп  мәселені 

көлденеңінен  қойды.  Оның  сөзін  Бас  штабтың  бастығы,  маршал 

Ахромеев те қолдады: «Біз Кабулды, провинцинциалдық орталықтары 

бақылауға  алдық,  бірақ  басып  алған  жерлерімізге  билік  орната 

алмадық.  Біз  ауған  халқы  үшін  күресте  жеңіліс  таптық»  деп  ағынан 

жарылды.  Сөйтіп,  осы  отырыста  Ауғанстандағы  барлық  әскерді  екі 

жылдың ішінде алып шығу туралы келісілді. 

1989  жылдың  23-26  ақпандағы  «Тайфун»  операциясы  кеңес 

әскерлерінің ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы 

шайқасы болды. Ақпанның 4-і күні Кеңес Армиясының соңғы бөлімі 

Кабулдан  шықты,  ал  15  ақпанда  40-шы  Армияның  қолбасшысы 

генерал-лейтенант  Б. Громов  Термез  қаласында  «Кеңес  әскерлері 

Ауғанстан  жерінен  толықтай  шықты»  деп  басшылыққа  баяндады. 

Қаншама  қазақ  отбасына  қасірет  әкелген  айдаладағы  Ауғанстан 

соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. 

Ауғанстандағы  кеңес  әскерлерінің  шектеулі  контингенті 

құрамында  барлығы  200153  адам  мемлекеттік  марапаттауларға  ие 

болса, оның 10955-і осы соғыста шейіт кетті. 

АДР-дағы  шектеулі  контингент  құрамында  –  86  адам  Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  алса,  кеңес  армиясының  103  әскери 


 

43 


қызметшісі  Ленин  орденімен,  1972  әскери  қызметші  Қызыл  Ту 

орденімен марапаталды. Батыр атағын алғандардың 29-ы осы соғыста 

құрбан болды. Батырлар арасында бір қазақ, бір өзбек, бір тәжік, елу 

орыс бар,  ал  қалғандары басқа  ұлт  өкілдері.  Олардың 15-і қатардағы 

жауынгерлер  мен  сержанттар,  1-уі  старшина,  62-уі  офицер,  7-уі 

генерал,  1-уі  Кеңес  Одағының  маршалы.  Бұл  ердердің  базбіреуі 

Қазақстанда туып өссе, базбіреуі республикамызда жоғары әскери оқу 

орнын  бітіріп,  елімізден  Ауғаныстанға  А. Шахворостов,  подполковник 

В. Ухабов,  полковник  Письменный  В.,  капитан  Гущин  және  т.б. 

азаматтар. 

«Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, 

«Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» 

атты  кітабы  жарық  көрген  еді.  Автордың  ерекше  ден  қойып,  назар 

аударғаны  –  тағдыр.  Адам  тағдыры.  Майдандас  бауырластарының, 

қарулас  достарының  тағдыры.  Олар  Ауғанстанда  қалай  соғысты,  не 

үшін жан қиды, тірі қалғандар бейбіт өмірге бейімделе алды ма? Осы 

жайларды айтуды өзіне міндет санаған Б. Смағұл әсіресе мына мәселеге 

ерекше ден қояды: «1943 жылы Сталинград түбінде тұтқынға түскен 

неміс фельдмаршалы Паулюс армиясының бір офицері өз күнделігіне 

былай  деп  жазыпты:  «Көсемдердің  аты  берілген  қаланы  біздің 

қарсыластарымыз  өте  бір  жанын  сала  қорғады.  Соғыстың  қызған 

уақытында  алғы  шепке  жіберілген  менің  солдаттарым  бір  уақытта 

қатты  састы,  өйткені  орыстар  қайдан  тапқаны,  әлде  биологиялық 

жолмен  шығарылған  ба,  сұрлары  орысқа  ұқсамаған,  түстері  де 

басқаша,  көздерінен  от  шашқан  адамдар  қарсылас  жақтың  окопынан 

атып  шығып,  төпеп  тұрған  оққа  қарамай,  баса  көктеп  біздің 

плацдармды басып алды. Кейіннен осы адамдардың Талғар полкының 

жауынгерлері  екенін  білдік».  Талғар  полкының  басым  көпшілігі 

қазақтар  болғаны  кім-кімге  де  белгілі.  «Елім!»  деп  туған  ерлердің 

жантүршігерлік өлімін көз  алдынан өткізген  Б. Смағұл:  «Қаруластарым-

ның өлімі маған қатты әсер етті. Әлденеге қапалана беремін, кеудемді 

өксік  буып  алған»  дей  келе,  олардың  майданда  қалай  қаза  тапқанын 

шыншылдықпен  көз  алдына  келтіреді:  «...Бас  көтертпей  атқылаған 

жаудың  оғы  Асылдың  дәл  ерніне  тиіпті.  Күрек  тісінің  бірі  сонадай 

жерге ұшып кеткен. Екінші күні Самат Баратов қаза тапты. Асылдың 

досы  еді.  Арқасынан  тиген  оқтың  екпіні  кеудесін  жарып,  жүрегін 

сыртқа  шығарып  жіберіпті.  Қасындағы  жолдастары  көпіршіп,  көбігі 

шығып жатқан жүректі жалма-жан көтеріп алып, Саматтың кеудесіне 

қайта  салып,  бинтпен  тас  қып  орап  тастапты...».  Сондай-ақ, 

дұшпандардың  озбыр  іс-әрекеттеріне  мойымаған  жауынгерлердің 

Ауған жерінде қиыншылықтарға мойынсұнбағанын көреміз. 


 

44 


«...Түс ауа қатты шаршадым. Оның үстіне тілім аузыма сыймай 

барады.  Шөлден.  Айтпақшы,  осының  алдында  ғана  біздікілер 

тікұшақпен  су  тастаған-ды.  Бірақ,  дұшпандар  мұны  дәлдеп  атып, 

жерге  түсірмей,  әуеде  жарып  тастады.  Содан  шашымнан  кішкене 

қиып  алып,  тілімнің  астына  салдым.  Тілдің  астына  салынған  шаш 

суланады  да  сілекей  бөліп  шығарады...»  Ауған  соғысы  кезіндегі 

қазақстандық  жауынгерлердің  ерлігі,  қажыр-қайраты,  олардың  бір-

біріне  деген  достық  және  бауырмалдық  көмегі,  от  пен  оқтың 

ортасындағы  жан  кешті  тағдыры  бүгінгі  жастарымызға  үлгі-өнеге 

болғандай. 

110  айға  созылған  Ауған  соғысында  қайтып  оралмаған  жалпы 

адам шығыны - 14453-ке жетті.  

Бұл Кеңес Одағы бойынша алғандағы көрсеткіш. Жалпы, Ауған 

соғысының Қазақ КСР-іне әкелген адам шығыны мен зардабы аз емес. 

1979-89  жылдарда,  яғни  10  жылға  жуық  созылған  бұл  соғыста 

көптеген  отбасының  шаңырағы  шайқалды.  Қайсыбір  ана  жалғыз 

боздағынан  айырылды,  кейбір  әйел  жесір,  кейбір  бала  әкесіз,  кейбір 

отбасы  панасыз  қалды.  Енді  ғана  азамат  атанып  әскер  атанып  әскер 

қатарына  алынған  қаншама  жігіттеріміз  ауған  даласында  жан 

тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан 

айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама! 

Ауған  соғысы  –  жүректе  жазылмайтын,  тарихта  ерекше  орын 

алатын беттер...  

Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы - Отаны үшін жанын 

пида  қылған  азаматтарын  мәңгі  есте  сақтап,  құрметтеу,  жас  ұрпаққа 

отансүйгіштіктің  үлгісі  ретінде  насихаттау  екенін  ешқашан 

ұмытпайық!  

Қазақстаннан  Ауған  соғысына  22000  адам  қатысып,  олардың 

761-і  қаза  тапты.  21  адам  хабарсыз  кетті.  Бүгінгі  таңда  Қазақ  елінде 

10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер 

қатарында.  Ауғандық  ардагерлер  қоғамы  өкілдерінің  сөзінше,  кеңес 

заманында  мемлекет  тарапынан  бұларға  айтарлықтай  көңіл  бөлінді. 

Ал  қазіргі  кезде  аталмыш  жеңілдіктер  мүлдем  алынып  тасталды. 

Елбасының  1998  жылдың  28-сәуірінде  шыққан  жарлығы  аталған 

жандарға  берілетін  қаржылық  көмектің  мөлшерін  анықтап  берді. 

Бүгін ол 8 мың теңгеден сәл ғана асады.  

Ауған соғысының ардагерлерінен құрылған қоғам мүшелері бір 

тудың астына бірікті. Аталмыш бірлестіктің ардагерлер құрамындағы 

он  шақты  адам  осыдан  бір  жыл  бұрын  бірлестікке  ту  алу  жөнінде 

ұсыныс тастаған болатын. Содан кейін интернацианалист-жауынгерлер 

дизайнерлерге тапсырыс екен. Сөйтіп, өз таңдаулары бойынша Ауған 


 

45 


жерінде  азаматтық  борышын  өтеген  жауынгерлердің  туы  әртүрлі 

түстен  құрастырылып  дайындалған.  Мәселен,  ақ  түс  –  бейбітшілікті 

білдірсе, қызыл түс – КСРО - ның символы, ал, көкшіл түс  – Егемен 

елдің  көк  байрағын  көрсетеді.  Ауған  соғысы  ардагерлер  қоғамының 

төрағасы Аслан Балқасынов:  

– Жас  ұрпаққа  патриоттық  тәлім-тәрбие  беру  мақсатында  бізге 

осы  жалау  керек  болды.  Және  барлық  мереке  кездерінде  біз  өз 

туымызды көтеріп шығатын боламыз, – дейді. 

Тәрбие  сағатының  тақырыбы:  «Ерлік-ұрпаққа  мұра».  Мақсаты: 

Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге 

тәрбиелеу.  Олардың  достық,  адамгершілік  қасиеттерін,  патриоттық 

сезімдерін дамыту. 

Көрнекілігі: шарлар, ұрандар, Ауғанстан жерінің картасы.  

Сабақ жоспары: 

І. Ұйымдастыру. 

ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж. 

ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат. 

ІҮ. Құттықтаулар. 

Өту барысы:  

І. Ұйымдастыру. 

ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж. 

Кіріспе сөз 

Сынып  жетекшісі:  23  жыл  бұрын  1989  жылдың  15  ақпанында 

Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған 

бұл соғыстан елге қйтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. 

Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 

жуық  адамы  құрбан  болды.  «Ерлік  қашан  да  елге  мұра,  ұрпаққа  - 

ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының 

ардагер  жауынгері  –  Бейбіт  Аманғалиұлы  ортамызда.  Бүгінгі  біздің 

«Ерлік-ұрпаққа  мұра»  атты  тәрбие  сағатымыз  Интернационалист  – 

жауынгер сізге арналады. 

1-жүргізуші (Фариза), ІІ-жүргізуші (Талғат) 

Фариза: Ат басына күн туса, 

Ауыздығымен су ішер. 

Ер басына күн туса 

Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979-

1989  жылдары  ауған  жеріндегі  соғыс  апатын  шеккен  азаматтарымыз 

аз емес. 



Талғат:  1978  жылдың  сәуір  айында  Ауғанстанда  революция 

жасалды.  Революциялық  кеңес  және  Республика  үкіметі  құрылып, 

төраға  қызметі  Н.М. Таракиге  жүктелді.  Жаңа  үкіметтің  нақтылы 

реформалық  іс-әрекеттері  дамыған  социалистік  елдердегі  құрылысқа 



 

46 


ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия 

арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды. 



Фариза: 1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне 

енгізілді.  Бұл  әрекет  елдегі  жағдайды  одан  ірң  шиеленістірді. 

Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 

701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер 

хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды. 

Талғат:  Міне,  осы  Ауған  соғысының  аяқталғанынан  23  жыл 

өтіпті. Сол кездегі әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс 

зардабын  тартып,  қазіргі  уақытта  Ауған  соғысының  ардагері  атанып 

отыр.  


Фариза:  Бүгінгі  біздің  «Ерлік  –  ұрпаққа  мұра»  атты  ашық 

тәрбие  сағатымызға  ауған  ардагерлері  Түсіпов  Бейбіт  келіп  отыр, 

қошеметпен қарсы алайық.  

Берік: Батырлыққа уызынан жарыған, 

Ер төркіні байрағынан таныған. 

Өзі ақын, өзі әнші халықта 

Кім айта алар 

Болмаған,-деп-Әнұран?! 

Әнұран орындалады. 



Гүлзия: Көп аузынан түспейтін, 

Отан деген немене? 

Оның тұлға, түс, кейпін 

Достым, білгің келе ме? 

Отан-сенің ата-анаң 

Отан-досың, бауырың, 

Отан-өлкең, астанаң, 

Отан-аудан,ауылың  

Отан-тарих, Отан-тіл, 

Жасаған елің, өз халқың! 

Отан-өлең, Отан-жыр 

Көтерген көкке ел даңқын. 

Отан-осыдостарым,  

Көңілге мұны түйе біл! 

Отан деп өсіп жан-жағың, 

Оны ардақтап, сүйе біл! 



Данияр: Әуелің Отан-ана алды 

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы. 

Сағынғанда тым ыстық көрінеді 

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы. 

Отан дейміз от жаққан жерімізді, 


 

47 


Отан дейміз өсірген елімізді. 

Отан дейміз туған жер, атамекен- 

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. 

Толқын: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, 

Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем, 

Мен оның қасиетті тілін сүйем, 

Мен оның қасиетті тілін сүйем, 

Мен оның құдіретті үнін сүйем. 

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, 

Бәрі маған «Отан»-деп сыбырлаған  

Жаным менің, кеудемді жарып шық та, 

Бозторғайы бол оның шырылдаған! 

Отан!  


Отан!  

Бәрінен биік екен 

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. 

Отанды сүймеуің де күйік екен, 

Отанды сүйгенің де күйік екен. 

Ән «Мен-қазақпын». 

Абзал: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы 

ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп 

келе  жатқан  өңір,  өлке  ғана  емес,  туған  шаңырағы,  ата-ана,  бала-

шағасы,  жары,  дос-жаран  туысы.  Солармен  бірге  жалғанған  көретін 

қызығы  мен  бақытты  тұрағы,  өлгеннен  кейін  де,  ұрпақтарына  рухы 

жар болып жататын топырағы.  



Тимур: Сақтады олар елін, жерін, қонысын  

Ақтады олар азаматтық борышын  

Сол үшін де қолтығынан сүйейік, 

Ардагерге-майдангерге 

Иейік біз барлық жерде 

Басымызды сол үшін. 



Әйгерім: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар 

Кел қосыл бейбітшіл шеруге 

Тыныштық жауларын жеңуге. 

Бейбіт күн тулары самғасын  

Тыныштық тулары шарласын, 

Жетім боп ана мен балалар, 

Ойран боп от басы қалмасын. 

Жол берме соғысқа азамат 

Сен ғана тыныштық қорғаны. 


 

48 


Фариза:  Ауған  соғысында  интернационалдық  борышын  өтеген 

қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 

минут үнсіздік жариялайық.  

Ерзат: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен, 

Жарқын дүние жанарынан сан көшкен. 

Ардагерлер-естелігі ерліктің, 

Ұрпақтары-бұтақтары, 

Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен. 

Талғат: Рүстемнің орындауында «Орден на продажу» әні. 

Қаламқас: Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат, 

Оған көңлің толмайтыны-ақиөат. 

Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс 

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат. 

Би:  

Серікқазы: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған 

Жасаған ерлігіне мастанбаған. 

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, 

Тарихта ардагерлер асқан бағаң. 



Данияр: Қызығы балалықтың тарқамаған, 

Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан 

Аттанып қан майданға сендерсің ғой  

Соғыстың бар азабын арқалаған. 



Фариза: Абзалдың орындауында ән: «Зачем». 

Тимур: Қазіргі бейбіт өмір солдаттары: 

Еліме сақшымын, қалқатай, 

Қазір мен, сағындым нақ шыным 

Күт мені, әзірлен,-дейді. 



Талғат: Ән «Ауылым» 

Фариза: әзіл-сықақ Дамир мен Олжастың орындауында

ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат. 



Талғат:  Құрметті  ауған  соғысының  ардагерлері,  осы  соғыс 

туралы сіздерге қоятын оқушылардың бірнеше сұрақтары бар. 



Олжас:  Адам  жүрегіне  жара,  санасынаауыр  салмақ  салып,  сұм 

соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба? 



Ернар: Соғысқа шыдамай өз-өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма? 

Руслан: Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз. 

ІҮ. Құттықтаулар. 

Оқушыларға  ақжолтай  тілегін  айтып,  жастарға  пайымдап, 

түсіндіріп  берген  қонақтарымыз  көрермендерге  үлкен  ой  салып,  үлгі 

боларлық  тағылымды  дүниелер  төңірегінде  әсерлі  әңгіме  айтты.  Өз 

ойымен бөлісіп, өміріне үлкен сабақ болған сұрапыл соғыс туралы сөз 

етті.  


 

49 


Кездесуде  әңгіме  болған  тақырып  оқушыларды  бей-жай 

қалдырмады.  Өлең  оқып,  келген  қонақтарға  құрмет  көрсеткен 

оқушылардың ыстық ықыластары айқын аңғарылды.  

Кездесу  соңында  Ауған  байланысты  фильм  көрсетіліп, 

патриоттық тәрбие беру ісіне ерен үлес қосқан қонағымызға кішкене 

сыйлығымыз табыс етілді.  

Елдік  пен  ерлікті  паш  етіп,  жастардың  рухын  көтеріп,  білімге, 

ізгілікке, адамгершілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған кездесу 

жастарды жігерлендіріп, алдағы асуларға тағы бір серпін берді.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет