1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Айзат Рақышева

ТЇЙЕМНІЅ  

ЌОМЫНДАМЫН

Саясат сарын көшіп,

Босады баба тінім.

Қайран тіл

Жетімнің күйін кешіп,

Ақ сүтім — ана тілім.

Жетем деп жолға мықты,

Қазақ қып қойса мәңгі.

Ойсыздар орға жықты,

Опырып ой санамды.

Адал ұқ ар наласын,

Өкініш өткен ізім.

Жазамыз жан жарасын,

Кездіктің

Суарып кекке жүзін.

Ән кетті, жалын кетті,

Ойымды ойсыратып.

Қаталап қаным кепті

Бар ұлтты тойсыратып.

Құндылық қидаланып,

Жанымнан жақұт терген.

Еркімді билеп алып

Есерсоқ уақыт мерген.

Ғаламтор жалған бөсіп,

Дариға, мінсіз ғалам.

Адами арман көшіп,

Күн сайын құнсызданам.

Өң-түрің оңып кетті

Ана тіл — алақаным.

Ағылшын болып кетті

Ақ ұштап балапаным.

Мәуесіз мәңгім енді,

Жаралы жанды күткем.

Жақсы иттей қаңғып өлді,

Қасиет қанға біткен.

Ұлт — берен,

Тіл — дидар анам жасып,

Іздеме Хан Кенені.

Мизамда мазам қашып,

Мәрттігім мәңгі өледі.

Балапан еркем, құтым,

Сүйегім, асыл етім.

Тартасың ертең, ұлтым,

Үш тілдің қасіретін.

Қайралса, кек қалауым,

Өксіп іштей өрт ұлыңда,

Қыздығым кетті алауым

Қытайдың қолтығында.

Сөз айтсам мағыналы,

Шындықты қалайсың ба?

Ұлтымның ән ұраны

Ұрланды абайсызда.

Шалдарым, үндемейсің,

Ұяттан өліп тұрып.

Жұмекен білмегейсің,

Жақсы еттің өліп құрып.

Еріген жоқ мұзы әлі,

Қайтеміз хан-қараны.

Желтоқсанның ызалы

Кек қайнаған 

Қанды алаңы.

Көңілім көрге қашты,

Қансырап аталы арман.

Өтірік өрге басты,

Шаршадым шапан-ардан.

Ұмтылсам ұларға ізгі,

Жастандым жасын арман.

Түсіндім Тұмар қызды,

Патшаның басын алған.

Арың таза хақтың мәні,

Оян, қазақ! Тоғың мәлім.

Әлі мен аттың жалы,

Түйемнің қомындамын.

СƏУІРДІЅ САЗЫ 

ТАМШЫЛАП

Таңдарым жолды ашар деп,

Жұлдызды шақты қамшылап.

Қонасың маған қашан кеп,

Қона алмай кеткен тамшы бақ?

Бұраңсаз арман барады 

Бұлбұлды көшке ілесіп.

Қарашық жанар талады

Бұрама жолға жіп есіп.

Бүлкілдеп кеуде бұлақ ән,

Сәуірде жауған саумал жыр.

Бұрауы саздан құлаған,

Ақсауыр көштен ауған нұр.

Сағыныш бойда жанама,

Жылытпас бойды жалған жыр.

Сілтідей тұнған далама

Сілкініп жаушы, ақ жаңбыр.

Сәуірде сусып қаншама ән,

Сүмбіле сазын тамызып.

Сағыныштарым самсаған,

Көктемдер кетті қара үзіп.

БОТАДАЙ 


БОЗДАП ЇМІТ

Ботадай боздап үміт,

Ығысып, ұлып арман.

Жәдігөй жалған күліп,

Ұрсады ұры жалған.

Ірісін ірге мейлі,

Жақсының құнын алып.

Бөрібасар үндемейді,

Құлағын тығып алып.

Сүрініп Сүгір мектеп,

Күндейді қыр асқанды.

Ішінен күбірлеп кеп,

Ірейді ірі аспанды.

Санамды улап бітті,

Өрімтал ұл, қыз күткем.

Шулаған шумақ түтті,

Жасанды жұлдыз біткен.

Қалғандай жаңылып-ақ,

Саусағы самырсынның.

Күпімді жамылып ап,

Күшігі ағылшынның.

Сусамыр сусып түсті

Халықтың қармағынан.

Жағымпаз қушық күшті,

Тосқауыл бар ма бұған?

Мүлгіген мұң көбейді,

Тілегім ұлт өңін бер.

Неліктен үндемейді ,

Күмілжіп Күлтегіндер...

БАТТЫ ДА КҮН 

ҚЫЗАРЫП

Батты да күн қызарып,



Қараңғылық алып күшті.

Аулақтан жұлдыз ағып,

Талықсып тамып түсті.

Шатқалға шапалақты,

Шаттықтың құты жаушы.

Көріксіз жапалақты

Үркітіп үкі даусы.

Жүруге ерінеді,

Ай, жұлдыз сылқым бәрі.

Сұлулық керіледі

Ауылдың сыртындағы.

Не деген мөлдір еді,

Арусаз сән боятып.

Жолаушы жол күледі,

Жөргекті таңды оятып.

Қоңыр кеш қоңыр өңі,

Тербетіп қоңырауын.

Аспан — қыз

Күлкіге көміледі.

Ашып тастап омырауын.

БАЛА

КЕНЖЕБЕККЕ 



АРНАУ

Екшеген  жоқ

Өмір-өзен  елегі.

Арман күшті, ар  тұма,

Қара  бала  келеді

Қарайласам  артыма.

Жыртығыңды  жамаймын,

Амандасты  ұлы  үміт.

Жаутаң-жаутаң  қараймын,

Жас  балаға  үңіліп.

Көктем кетті, семді күз,

Қалғандаймын  жұтап  мен.

Өлең  деген  — шерлі  қыз,

Өлшенбейді  кітаппен.

Жауқазынын  жұлып  бір,

Өртенеді  өлі  өңім.

Босағаңда  ұлып  тұр

Жыртық-жыртық  өлеңім.

Қала беріп еңісте,

Шапанымды  шын  күттім.

Өлең  — бала  періште,

Шаранасы  шындықтың.

Көрместердің  көзіне,

Ерте түскен  бауырым.

Сену  керек өзіңе,

Табу  үшін

Өлең  қыздың  ауылын.

Өлең  десең  өрті  бар,

Үмітіңді  үзер  мың.

Шідеріңнің  серті  нар,

Мықты  болғай  үзеңгің.

Мен де  алау  құшып ем,

Тауға  ұмтылып іңірімді  ірегем.

Талай  күйге түсірер,

Күліп  қашып  бұл  өлең.

Көкірегімді  жұлып  қаш,

Көңілімді  жуамын.

Аспаныңды  жылытпас

Асыранды  шуағың.

Жалыныңды  жалғаса,

Айтқанымды  көп  деме.

Дұрыс  бағыт  алмаса,

Адасады  көп  кеме.

Пенделік  ит  үреді,

Сырғып  кетсе  сына бақ,

Көкте  жұлдыз  күледі.

Күймеңізден  сығалап,

Ұялайды  жырды  мұң,

Көзіңде  ұйып  көп  елес.

Болғаныңа  ырзамын,

Махамбеттер  көп  емес.

Махамбетше  күресіп,

Жаза алсам  мен  бір  өлең.

Жарқ еткізіп  жасынды,

Егер  болсам  түлеген.

Берер  едім  басымды.

Ұлтың  үшін  отқа  түс,

Сұңқарыма  балайын.

Тобыр  емес,  топқа  түс,

Томағаңды  алайын.



Ақшагүл Рамазанова

ПОЭЗИЯ

22

БІЛІМ ЖƏНЕ ӨНЕР

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Балалар санасына ұлттық  құндылықтар, 

ұлттық  дәстүрдің  қыр-сырын  сіңіру  бүгінгі 

таңда  өзекті  мәселе  екені  даусыз.  Өйткені 

«кірме»  насихат,  шетелдің  ардың-гүрдің 

атыс-шабыс, зорлық-зомбылыққа құрылған 

кино,  ойын-сауық  бағдарламалары  көгілдір 

экран  бетін  жаулап  алғандай.  Соңғы  жыл-

дары  бірқатар  отандық,  ұлттық  туынды-

лар көріне бастағанымен, ол нөпірге тойта-

рыс  бере  қоятындай  дәрежеге  әлі  жеткен 

жоқ.  Басылымдар  бұл  тақырыпты  жақсы-

ақ  жазғанымен,  оның  нәтижесі  аз  болып 

жатқаны  тағы  да  мәлім.  Осындай  тұста 

театрдың алар орны бөлек. «Наурыз көже» 

ертегісінің мақсаты — балалардың назарын 

ұлттық  құндылықтарға  аудару,  көрсеқызар 

болмауға,  өз  ұлтының  дәстүрін  ұстануға 

үйрету.  Қызық  сюжетке  құрылған,  Асан 

ата, Ақ бидай, Тары, Күріш, Айран, Бұршақ, 

Қазы  және  «Тон-тон»  кеспесі  сияқты  кіш-

кентай  көрермендерге  таныс  әрі  таңсық 

кейіпкерлері  бар  спектакль  олардың  есін-

де  қалатыны  сөзсіз.  Осы  орайда  қойылым 

оқиғасының  жеңіл,  ойнақы,  сонысымен 

де  балалар  үшін  тартымды  екенін  айтқан 

ләзім.  Кемпірі  науқастанып  қалған  Асан 

қарияның  өзі  Наурыз  көже  пісіріп,  оған  де-

меу боларлық дәм татырғысы келеді. Оған 

салынар тағамдарды, дәм-тұзды түгендейді. 

Сөйтіп жүргенде шетелдің жарқ-жұрқ еткен 

«Тон-тон» кеспесі килігеді. Шиеленіс, тартыс 

басталады. 

Ұзын-шұбақ  болып  жалықтырмайтын, 

жас  көрерменді  әңгімеге  тартып  отыратын, 

арасында әні, биі бар бұл қойылымның ко-

стюмдері  де  тамаша.  Ал  актерлер  ойыны-

на  келер  болсақ,  Асан  ата  рөліндегі  Асыл-

бек  Тәшімов,  «Тон-тон»  кеспесін  сомдаған 

Айжан  Шәріпова  көрермендермен  бірден 

байланысқа шығып, балалармен бірге ойнап 

кеткендей  өте  қызықты  әсер  қалдырады. 

Манарбек  Қыдырбайдың  Айраны,  Мей-

рамбек  Мұқатайдың  Ақ  бидайы,  Ерғанат 

Сәбитовтың    Қазысы  өзге  «дақылдардан» 

гөрі айшықтау шыққан. «Қара үзіп, жеке-дара 

көрінді»  деу  де  артық  болар.  Актерлердің 

бәрі  де  өздері  сомдаған  бейнелердің    «мі-

нез-құлқын»  ашуға  ден  қойған.  Осындай 

ниет пен ұмтылыс «Наурыз көжені»  жақсы 

деңгейде алып шыққаны анық. 

Міне,  осылайша,  Көкшетау  театры  жас 

көрермендер  (тіпті  үлкен  көрермендер 

де)  қызығып  көретін  тағы  да  бір  тамаша 

қойылымының тұсауын кесті.

 

 



 

 

 



 

Серік Сапарұлы

Астана қаласында    

Татулық пен толеранттылықты 

ту еткен Ассамблеяның 

жиырма бірінші отырысын-

да  Елбасының алдында 

қазақша сөйлеген Ольга 

Сағындықова, Юлия Дени-

сенко, неміс ұлтының өкілі 

Отт Юлия  қаймана қазақты 

шұрайлы сөздерімен  таң 

қалдыра білді. Қазақты 

қазақша сөйлете алмай   

жүргенде,  үш қызымыз 

сөздерінің соңын ұлттық 

нақыштағы әнмен аяқтап, 

қазақты таңырқатты. Қазақ 

елінің пайдасына ерен 

еңбектер атқарып, талай 

қазақты қайран қалдырған  

қыздарымыздың қазақ 

тілінде сөйлеудегі  мәнері 

көркем. Олармен  Ассам-

блея  қарсаңында  тілге 

қатысты, ел мен жер жайлы 

пікірлескен едік.



Ольга 

Сағындықова: 

«Мен  Ассамбле-

яны  бір  дастарқан 

басында бас қосқан 

татту-тәтті 

үлкен 


жанұя  дер  едім. 

А с с а м б л е я н ы ң 

н ә т и ж е с і н д е  

Қ а з а қ с т а н д а ғ ы 

әр  ұлт  өкілдерінің 

мәдени орталықтары жұмыс жасауда: мәселен, 

кәріс, неміс, украин және  т.б. Бұл, әрине, бей-

бітшілік пен татулықтың айғағы. Қазақ тілінде 

сөйлеуіме себепші болған — қазақтың қасиетті 

домбырасы.  12  жасымнан  домбыраны  қолға 

алып,  қазақ  тілін  үйрене  бастадым.  Менің 

түсінгенім: қазақ деген — домбыра, домбыра 

дегеніңіз қазақ екен. Ең алғаш  мені қазақ тіліне 

ғашық етіп, өнер жолына апарған да осы дом-

быра.  Домбыра мен қазақ тілі — тұлпарлардың 

тұяғы,  сұңқарлардың  қияғы.  Домбыраны  сүю 

арқылы    Нұрғиса  Тілендиевпен  таныстым. 

Қазақтың осынау  үлкен дарын иесімен таны-

су мен үшін үлкен мәртебе. Консерваторияда 

белгілі  күйші  Айгүл  Үлкенбаевадан  тәлім  ал-

дым. Бүгінгі таңда Шығыс өңірі әскерінің дом-

бырашысымын. Қазақ жерінде тұрып, қазақша 

білмейтін  қазақтарға  таң  қаламын.  Тілін  біл-

меген  түбін  білмейді.  Ана  тілі,  ол  —  тарих. 

Сондықтан тілге үлкен  құрметпен қарау, адам 

өзін  құрметтегенменмен  бірдей  ғой.  Жалпы 

тілге деген құрмет отбасынан басталады емес 

пе?  Ата-анам:  «Қазақ  жерінде  тұрғанымыз 

үшін  тілі  мен  мәдениетін  білуге  міндеттіміз», 

—  деп  құлаққағыс  қылып  отыратын.  Міне, 

анамның  сөзін  жерге  тастамағандығымнан 

қазақ  елі  қашанда  құшақ  жая  қарсы  алады. 

Сондықтан  қазақ  жерінде  мекен  еткен  әрбір 

ұлт қазақ тілінде сөйлей білуі керек деп ойлай-

мын. Қазір, міне, шүкіршілік!  Ата-енеге сәлем 

салған қазақтың келінімін».



Мемлекеттік дін 

істері жөніндегі 

агенттіктің белді 

қызметкері Юлия 

Денисенко:  

«Ассамблея  де-

генде  мынадай  бір 

мәтел  еске  түседі: 

«Ұлттардың  ішін-

де  жаманы  жоқ, 

адамның ішінде жа-

маны болуы мүмкін»  

—  дейді  дала  даналығы.    Қазақстанның 

болашағы біздің қолымызда, сол үшін бірлік-

те, татулықта болуымыз қажет. Ассамблея — 

өсіп-өркендеуге  деген  талпыныс.  Елбасының 

алдында өз ойымызды айту — біз үшін үлкен 

мәртебе.  Сол  үшін  Ералы  Лұқпанұлына 

алғысымыз шексіз.  Ассамблея барлық  елдер 

үшін  де  үлкен  мереке.  Қазақстан  —  әлемдік 

саяси  толеранттылық  жөнінен  көш  бастап 

келе  жатқан  елдердің  бірі.  Алла  бетін  әрмен 

қылсын,  жан-жақтағы  елдерде  болып  жатқан 

шиеленіс біздің елде болған емес, ол — біздің 

Президентіміздің  ел  басқарудағы  көреген 

саясатының  бір  жемісі.  Ассамблея  —  қазақ 

елінің татулықта, тура жолда келе жатқанының 

айғағы. 


Мен қазақ тілін мектеп қабырғасынан бастап 

үйрендім. «Егер адам бір елдің мәдениеті мен 

тілін біліп қана шектелсе, ол адам — біреу, ал 

екі немесе одан да көп тілді білген адам — бір-

нешеу»  деген  нақыл  бар.  Менің  орысшасы 

Лермонтовша, қазақшасы Абайша  достарым 

бар. Сүйсіне қарайсың. Сондықтан адамға ең 

алдымен  ниет  керек,  екінші  сол  тілді  сүю  ке-

рек. Қазір қазақ тілін үйренемін деген адамға 

тегін  үйрету  курстары  қызмет  көрсетуде. 

Менің  түсінгенім:  тамшыдай  ғана  қазақ  тілін 

білген  өзге  ұлт  өкілін  қандай  қоғамдық  орын 

болмасын қуана қарсы алады екен. Әрі ертеңгі 

күніңе деген сенімділік болады өзіңде. Өйткені 

қазақ тілінің болашағы жарқын. Кейінгі кездері 

құжаттар қаза тілінде толтырылады. Үш жасар 

балам қазақша күніне бір сөз айтса, ол мен үшін 

үлкен қуаныш, кәдімгідей марқайып қаламын. 

Меніңше,  Қазақстанда  қазақ  тілін  білмейтін 

адам болмауы керек. Мен өзім осы күнге дейін 

Қостанайда  тұрғандықтан,  ол  жақтағы  қазақ 

тілінің  жағдайы  нашар.  Қазақтардың  басым 

бөлігі тілін білмейді, тіпті ішің ашиды.   Мыса-

лы, Канадаға барар болсаңыз, ағылшын және 

француз  тілінен  сынақ  тапсыруға  міндеттісіз. 

Германия  еліне  кірер  болсаңыз,  неміс  тілінен 

сынақтан өтуіңіз қажет. Біздің елде де қандай 

ұлт  өкілі  болмасын  қазақ  тілін  білуін  заңды 

түрде талап ету керек». 

Павлодар 

қаласындағы №30 

мектептің ұстазы,  

неміс ұлтының 

өкілі Отт Юлиана: 

«Ассамблея 

— 

мемлекетіміздің бір-



лігін,  тыныштығын 

сақтайтын  бірден-

бір жоба. Қазақстан 

көп  ұлтты  мемле-

кет  болғандықтан, 

Ассамблеяның 

атқарар 

қызметі 


зор. 

Елбасымыздың  үш  тұғырлы  тіл  міндеті  баса 

назарға алынып, өз деңгейінде атқарылып ке-

леді. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, 

қазақ  тілін  үйрену  бәріне  міндеттелсе  дей-

мін.  Қоғамда  ортақ  түсінік  қалыптасар  еді. 

Елбасымыздың  «Қазақ  пен  қазақ  қазақша 

сөйлессін»  деген  пәрменін  елемей,  өз  ана  ті-

лінде мардымды сөйлей алмайтындарға ішім 

ашиды.  Аллаға  шүкір,  қай  жерде  де    қазақ 

тілінде  сөйлеуім  мерейімді  үстем  етпесе, 

төмендеген  кезім  болған  емес.  Қазақ  тілі  — 

шұрайлы, көркем тіл. Еліміздегі әрбір ұлт өкілі 

қазақ тілін білсе екен деп армандаймын. Қазақ 

тілін  білу,  сөйлей  білу  нәсілімізге,  ұлтымызға 

қарамастан, бәрімізге парыз деп ойлаймын». 



Медет Атайбеков

Айтыстың негізгі ұстанымы айтыстың 

еңсесін көтеру, білім беру, интеллекту-

алды  ой  айту,  халықтар  бірлігін  жыр-

лау,  егемендіктің кешегісі мен бүгінгісін 

жырға  қосу  болатын.    Асылында  айты-

ста  әрбір    әлеуметтік  проблема  биік 

сана, үлкен ақындық бейнелі тілмен, ша-

бытты жырмен жеткізіледі. Осы орайда, 

Сүлеймен Демирел университетінің ба-

стамасымен ұйымдастырылған,  ұлттық 

өнерді  дәріптеуді,  талантты  ақындарға 

қолдау көрсетуді көздеген еді. Сонымен 

қатар бұл айтыстың басым бір ерекше-

лігі:  ақындарды  көрермендер  жеребе 

арқылы  жұптастырды.  Яғни  жаттанды 

өлең  айтуға  тосқауылған  қойылған  бір-

ден-бір айтыс өтті десек болады.  

  Студенттер айтысының қорытындысы 

төмендегідей болды. Қазылар көңілінен 

шыққан, 16 ақынның ішінен алға шыққан 

алғашқы бес ақынға бағалы сыйлықтар 

мен  алғыс  хаттар  тапсырылды.  Осы-

лайша  айтыстың  Бас  жүлдесін  ҚХР-

дің  Күйтің  қаласынан  келген  дарын-

ды  жас  ақын  Тілеухан  Шәріпханұлы 

қанжығасына  байлады.  Ал  бірінші 

орын  қазіргі  жас  ақындардың  ішінде 

өзінің  ерекше  талантымен  топ  жарып 

жүрген  алматылық  Қанат  Мырзаханға 

бұйырды.  Жүлделі  екінші  орынға  ҚХР-

дің  Күйтің  қаласынан  келген,  айтыста 

жаулықтылардың  намысын  жалғыз 

қорғаған Нұргүл Андастанқызы ие бол-

ды.  Үшінші  орынға  қазылар  алқасы 

атақты  Шорабек  ақынның  мақамымен 

талай  қатарластарын  қапы  қалдырып 

жүрген,  қара  шаңырақ  әл-Фараби 

атындағы  ҚазҰУ-дың  студенті  Аман-

гелді  Сейтханды  лайық  деп  тапты. 

Ал  қосымша  төртінші  және  бесінші 

жүлделерді Қаскелең қаласы, Сүлеймен 

Демирел  университеті  студенті  Ал-

тынбек  Ибрагимов    пен  ҚХР-дің  Күйтің 

қаласынан  келген  Іле  педагогикалық 

институтының 

студенті 

Ерболат 


Серқажыұлы  өзара  бөлісті.  Айтысқа 

қатысқан барлық ақынға арнайы серти-

фикаттар мен сыйлықтар үлестірілді.

Десе 


де, 

жоғары 


деңгейде 

ұйымдастырылған  халықаралық  ай-

тысқа жыр тұлпарларын арнайы баптап 

келген  ақындардың  шабысы  көрермен 

көңілінен  шыға  қоймады.  Ақындардың 

бабы  келмеді  ме,  әлде  дайындықтары 

жетіспеді  ме,  әйтеуір  сахнаға  шыққан 

ақындар  жұрттың  есінде  қаларлықтай 

сүбелі  сөз  айта  алмады.  Екі  күнге 

созылған  бұл  айтыстың  алғашқы    күні 

жас  ақындар  олқылықтарға  көп  жол 

берді.  Жаттанды  өлең,  арзан  күлкі, 

тіпті  киіну  мәдениетіне  дейін  ескерме-

гендіктері  көрініп-ақ  тұрды.  Шекара 

асып  келген  кей  ақындар  да  сахнада 

кібіртіктеп,  өз  өнерлерін  ортаға  сала 

алмады.  Ал  екінші  күнгі  айтыс  көптің 

көңілінен  шыққан  дүбірлі  сөз  сайысы-

на  ұласты.  Әуелгі  қателіктердің  ор-

нын екінші күні толтырған жас ақындар 

әлеуметтік  маңызы  бар  мәселелерді, 

тақырыпқа  сай  білім  беру  жүйесін  т.б. 

тілге тиек етті. Шаппа-шап айтыс жасап, 

көрерменге  үлкен  қуаныш  сыйлады. 

Тақырып бойынша Қазақстандағы және 

шетелдердегі білім беру жүйесі сөз етіл-

ді. Оралмандардың елге оралу мәселесі 

де назардан тыс қалмады.  



Халық әртісі, Асанәлі Әшімов: 

—  Өте  керемет  ұйымдастырылған 

жас ақындардың бұл сайысы екі күн де-

генде өз мәресіне жетті. Жас ақындар өз 

шама-шарқына қарай шапты, көсілді. Біз 

соған сай өз бағамызды бердік. Ал енді 

Сүлеймен Демирел университетіне келер 

болсам,  өте  жақсы салынған  заманауи 

білім  ордасы.  Осында  оқитын  студент-

терде арман болмауы тиіс. Менің балам 

кішкентай.  Әлі  мектепте  оқиды.  Бірақ 

мектебін бітірген соң, осы университет-

те оқитын болады. Себебі бұл білім ор-

дасы менің көңілімнен шықты. Сонымен 

қатар,  білім  ордасының  басшылығына 

да  рақмет,  осындай  ұлттық  өнерді 

жастарға  жастардың  тілімен  дәріптеп 

жатқандары  үшін.  Өздеріңіздей  өнерді 

сүйетін,  айтысты  сүйетін  жастар  бар-

да  өнер,  оның  ішінде  айтыс  өнерінің 

өлмейтініне бүгін менің көзім жетті.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Он төрт ұстаз эдвайзерлер қатысқан бұл сайыстың қорытындысын 

шығару әділқазылар алқасына оңай түспегені анық. Әділқазылар 

алқасының құрамында ҚазҰТУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі про-

ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова,  университеттің «Рас» газетінің бас ре-

дакторы  М.С.Әбдіқалықов,  Жастармен  тәрбие  бөлімінің  бастығы 

А.Өмірбекова, «Алматы ақшамы» газетінің журналисі Р.Ескендіро-

ва, А.Машани атындағы Базалық білім беру институтының дирек-

торы Р.Бердібаев болды.

Бұл  үш  кезеңнен  тұратын  байқаудың  мақсаты  —  болашақ  ма-

мандарды жеке тұлға ретінде тәрбиелеудегі эдвайзерлердің қосар 

үлесін  арттыру  мен  студенттерді  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу. 

Үздік  эдвайзерлердің  өзара  тәжірибе  алмасуына  мүмкіндік  жаса-

умен  қатар,  жұмысына  шығармашылықпен  қарайтын  педагогтар-

ды  анықтау,  оқытушылардың  кәсіби  шеберлігін,  дағдысын  және 

теориялық дайындығын шыңдау — байқау мақсаттарының бірі. 

Сәуірдің  25  жұлдызында  ұзақ  уақыт  күткен  бұл  байқаудың 

қорытындысы  да  өз  мәресіне  жетті.  Барлық  қатысушылар  мара-

паттаудан  құралақан  қалған  жоқ.  Жоғары  технологиялар  және 

тұрақты  даму  институтының  эдвайзері  Бижанова  Гүлфайрус, 

Т.Бәсенов  атындағы  СжҚИ  эдвайзері  Нұрбекова  Күнсая, 

Ө.Байқоңыров атындағы ТКМИ эдвайзері Қуандықов Тілепбайлар 

үшінші  орынға  лайық  деп  танылды.  Екінші  орынды  Ақпараттық 

және телекоммуникациялық технологиялар институтының эдвайзе-

рі Оған Аткелді мен Қ.Тұрысов атындағы ГМГІ эдвайзері Нұрбекова 

Күнсая  өзара  бөлісті.  Бірінші  орын  Экономика  және  бизнес 

институтының эдвайзері Сақибаева Құралайдың қанжығасына бай-

ланды. Ал бас жүлдені иелену бақыты Ә.Бүркітбаев атындағы ӨИИ 

эдвайзері Алшынова Айманға бұйырды. Ақтық байқауға қатысқан 

эдвайзерлердің  жалақысына  ҚазҰТУ  ректоры  Ж.М.Әділовтың 

бұйрығымен, университеттегі ғылыми кеңестің қолдауымен үстеме 

жалақы қосылатыны белгілі болды. 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Жұлдыз Бағашарова,

ҚазҰТУ-дың баспасөз хатшысы

ЖАЗУШЫНЫҢ 

«НАУРЫЗ  КӨЖЕСІ» 

КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма те-

атрында Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы-драматург 

Нұрғали Ораздың балаларға арналған «Наурыз көже» атты ертегісі сахна-

ланды. Қоюшы-режиссері – Фархатбек Қанафин, қоюшы-суретшісі – Ибра-

гим Исенов, киім үлгілерінің суретшісі – Айсұлу Шайкенова.



«Тілін білмеген 

түбін білмейді»

СДУ-да халықаралық айтыс мәреге жетті

Жуырда Сүлеймен Демирел атындағы университетте «V 

халықаралық студенттер айтысы» болып өтті. Дәстүрлі түрде, 

жыл сайын ұйымдастырылатын бұл айтысқа өз аймағындағы 

ЖОО-ның ең үздік суырыпсалма ақындары іріктеліп алын-

ды. Сонымен қатар, сонау Моңғолия мен Қытайдан да жас 

ақындар келді. Ақындардың шабысына  халық әртісі, әйгілі 

актер Асанәлі Әшімов, ақын Жүрсін Ерман, айтыскер ақын 

Дәулеткерей Кәпұлы,  ақын Төреғали Тәшенов, ғалым Ты-

нысбек Қоңыратбаев бастаған бірқатар ұлттың зиялылары 

төрелік етті.  Ал айтысқа  бас демеуші Тұңғыш президент 

қорына қарасты «Қарасай аудандық білім беру қоры» болды.  

 Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 

университетінде Тәрбие жұмысы департаментінің 

ұйымдастыруымен, университеттің 80 жылдық мерей-

тойы аясында өткен  «Университеттің ең үздік эдвай-

зері» атты байқауда жиналғандарды ән, би, күй т.б. 

өнерлерімен тәнті еткен эдвайзерлер сайысы тар-

тымды да табысты өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет