1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —


—  Сапарыңыз  барысында  жетім-



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

—  Сапарыңыз  барысында  жетім-

дерімізге  байланысты  көкейтесті 

мәселелерді    мемлекет,  үкімет  наза-

рына ұсындыңыз ба? 

—  ҚР  Сыртқы  істер  министрлігі  мен 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі, 

Балалардың  құқығын  қорғау  коми-

тетіне  шет  мемлекеттерде    өзім  куә 

болған бірталай келеңсіз оқиғалар мен 

олқылықтар туралы  мәліметтерді ті-

зіп,  арнайы  хат  жолдадым.  Осыдан 

кейін Польшада хабар-ошарсыз кет-

кен қазақстандық жетім балалардың 

мекенжайлары анықталып, олармен 

қайтадан  байланыс  орнатылды. 

Еуропадағы  бірнеше  елдердегі 

қазақ балаларымен қарым-қатынас 

қайта  жанданды.  Осылайша, 

«Қазақстан»  ұлттық  арнасының  

«Шетелдегі  қазақ  балалары»  жоба-

сы  сыртқа  ағылған  қазақстандық  жетім 

балалардың  өміріне  қадағалау  жүргізу,  бақылау 

тетіктерін  қайта  жаңғыртты  деп  толық  сеніммен 

айта  алмаймын.  Ешбір  бала  жетім  өспеуі  тиіс, 

толыққанды  отбасында,  өзін  жақсы  көретін 

адамдардың  ортасында  тәрбиеленуі  керек.  Ата-

анасы керек етпей тастап кеткен бүлдіршіндердің 

көзіндегі отты көргенде, олардың бақытты балалық 

шақтарына куә болғанда мүмкін бұл дұрыс шығар, 

мейлі  қай  ұлттың  өкілі  болсын,  жақсы  адамдар 

болса  болды  деп  ойлайсың.  Алайда  олардың 

қазақ деген халыққа жат болып ер жетіп, бой же-

тіп келе жатқандарын көргенде, ішің удай ашиды. 

Егер  Қазақстанда    жетім  бала  болмағанда,  біз 

халықаралық  бала  асырау  ісіне  араласпас  та 

едік. Бізге  шетелдіктер көз салмас та еді. Кеткен 

балалар  кетті,  енді  оларды  қайтара  алмаймыз, 

бірақ біз олармен арадағы байланысты үзбеуіміз 

керек. Ал шетелдіктер алып кеткісі келіп отырған 

балалар әлі көп. Егер қоғам болып бұл мәселеге 

атсалыспасақ, әлі талай қазақтың тұқымы шетке 

кете береді. Ал мен қарсымын, бала бермеу керек 

деген тек бос сөздер. Нақты іс атқару қажет. Елі-

мізде тұратын әр отбасы балалар үйінен бір бала-

дан асырап алса, ұрпағымыз өзімізде қалып, ата-

бабадан аманат болған жерге иелік етер ме еді? 

Дегенмен,  әлеуметтік  факторлардың  әсерінен  де 

бала алғысы келетін отбасылар бұған қол жеткізе 

алмайды. Ал бір емес, бірнеше баланы қатарынан 

алған кейбір азаматтардың ойы сауапты істе емес, 

материалдық жаққа көп кетіп қалған сынды. Жетім 

баланы бауырына басқан адам одан қандай да бір 

пайда күтпеуі қажет. Топырлатып  баланы алып, 

«жағдайымыз жоқ, бірде-біреуі көмектеспейді» де-

ген ұят нәрсе. Патронаттық жүйе, басқасы  жөнді 

жолға  қойылмай,  таза  ниетпен  бала  алғысы  ке-

летін адамдарға қолдау көрсетілмей, шетке бала 

кеткені кеткен деп ойлай беріңіз. Жақында Мәжіліс 

депутаты  Дариға  Назарбаева  еліміздегі  балалар 

үйіндегі барлық балғындарды отбасыларына орна-

ластыру арқылы жетімдер үйі деген түсінікті жоюға 

қатысты  үлкен  мәселе  көтерді.  Осыған  сәйкес 

алдағы  уақытта  халық  қалаулылары  тарапынан 

қандай  да  бір  жағымды  жаңалық  күтемін.    Жат 

елден  пана  тапқан  сегіз  мыңнан  астам  баладан 

қаншама ұрпақ өрбитін еді?!  Кең байтақ жеріміз-

бен мақтанамыз, ал ол жерге адам қоныстанбаса, 

оның несі мақтаныш?!  Шетелдіктерге бала беру-

ді  тоқтату  керек  деген  мәселені  көтермес  бұрын, 

іштегі  жағдайды  жүйелеп,  реттеу  керек.  Соңғы 

кезде  өшіріп  алған  рухани  құндылықтарымызбен 

қайта қауышсақ, қайтадан жандандырсақ, ұлттық 

тәрбиеге мән беріп, мейірімді бола түссек, жетім 

балалар  да  азайып,  балалар  үйі  деген  түсінік  те 

жоғалады деп үміттенемін.



Сұхбаттасқан — 

Нұргүл Жамбылқызы

Әділ Ахмет: 

«Ақсақалдар — ел

 бірлігін ойлайтын 

даналар»

Түркі елдері Ақсақалдар кеңесінің жетінші жиыны Алматы 

қаласында өтті. Ақсақалдар кеңесі – Түркі кеңесінің аясында жұмыс 

істейтін тұрақты консультативтік орган. Түркі кеңесінің бас хатшысы 

Халил Ақынжының төрағалығымен өткен кездесуге Әзірбайжаннан 

Ұлттық мәжілістің депутаты Фаттах Хайдаров, Қазақстаннан бұрынғы 

сенатор Әділ Ахметов, Қырғызстаннан бұрынғы мемлекеттік хатшы 

Ишенбай Абдразақов, Түркиядан Президент әкімшілігінің бас хат-

шысы Мұстафа Исен қатысты.  Жиында Түркі кеңесінің шеңберінде 

дамып келе жатқан түркі ынтымақтастығының келелі мәселелері 

талқыланды. Үстіміздегі жылдың 5 маусымында Бодрумда өткелі 

жатқан Түркі кеңесінің IV Саммитіне дайындық барысы, түркі 

диаспораларының аймақтық орталықтарын құру секілді мәселелер 

сөз болып, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ба-

яндама жасады. Жиын барысында Әділ Ахмет ағамен сұхбаттасып, 

Түркі кеңесінің Ақсақалдар кеңесі жайлы толыққанды мағлұматқа 

қанықтық.

жетім балаларды асырап алушылар көбейе бастады

«Шетелдегі қазақ 

балалары» жобасынан кейін

Жанар Байсемізова

Кішкентай Әлия франциялық әкесіме

н

Данияр Германиядағы отбасыме

н

Сарита белгиялық анасымен

Жетімдер мәселесі — көкірек көзі ояу әрбір қазақ азаматы үшін 

бей-жай қарайтын мәселе емес. Осы тұрғыдан, көгілдір экран арқылы 

көрерменге жол тартқан «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының 

көтеріп жүрген жүгі ауыр. Аталған бағдарлама арқылы тағдыр 

тәлкегіне түскен талай жетімдеріміздің жай-күйімен танысып, куә 

болдық. Самарқаулыққа салынып, бұл мәселеге салғырт қараған 

басымыз, біраз жәйттен хабардар болып, тереңірек ойланып, мұхит 

асып кеткен жетімдеріміздің тағдырына алаңдай бастадық. Қаншама 

халықтың аталған жоба арқылы шетелге бала сату мәселесіне қатысты 

сауаттары ашылып, жүректеріне мейірім ұялап, тіпті, тоғыз ай көтерген 

шараналарын қоқысқа тастай салған көкек аналардың бүгінде сол 

жетімектерін іздей бастағаны да айтылып жүр. Бүгін біз осы бір игі істі 

қолға алып, қаншама безбүйрек жандардың райларынан қайтып, 

бір сәбидің болса да жетім деген аттан құтылуына себепкер болып 

жүрген жан, «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы 

әрі жүргізушісі, журналист Жанар Байсемізованы сөзге тартып

оқырмандарымызды осы мәселемен тереңірек таныстыруды жөн 

санадық.  


18

ТҰЛҒА

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Ұ

лы Димекеңнің өмірінде және қызметінде 



«2»,  «12»,  «22»  деген  сандарға  байла-

нысты тылсым, сыры жұмбақ жағдайлар 

өте көп. Димекең 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге 

келді. 82 жасына қараған шағында 22 тамыз күні 

(1993)  дүние  салды.  Өмірінде  үлкен  қызметке  

келуі  тағы  «2»  санымен  байланысады.  1942 

жылы  комбинат  бастығынан  бірден  «совмин» 

төрағасының  орынбасары  болып,  1952  жылы 

Академия президенттігіне сайланады. 1962 жылы 

12 айда Хрущевке қарсы келіп, бірінші басшылық 

қызметтен кетуге мәжбүр болады. Арада 12 жыл 

өткен соң бұрынғы орнына қайта келеді. Алғашқы 

үлкен  Мемлекеттік  марапатты,  яғни  Еңбек  Ері 

атағын  1972  жылы  алады.  Ал  үшінші  «Алтын 

жұлдыз»  Димекеңе  1982  жылы  берілді.  Тізе 

берсек, Димекең өмірінде «тылсым сан» нысан-

дары  жалғаса  береді.  Ең  қайран  қалдыратыны 

– Димекеңнің бойында Әл-Фараби даналығы бой-

ынша кемеңгер патшаға тән «12» қасиеттің түгел 

тоғысқанына көзіңіз жетеді. 

Әл-Фарабидің  даналығында  кемеңгер  басшы 

өзінің сүйек-сыны, сыртқы тұлғасы арқылы ерек-

ше  көрінуі  керек.  Яғни  ол  адам  өте  сымбатты: 

«мінсіз, мүсіндей әдемі, иманжүзді болуға тиіс». 

Димекең  жаратылысынан  көрікті,  бойшаң  және 

жүзінен  нұр  төгіліп  тұратын  иманжүзді  кісі  еді. 

Кеңестік  дәуірдегі  мемлекет  қайраткерлерінің 

ішіндегі ең сымбатты, бой жағынан да, ой жағынан 

да ерекше бөлек тұлға Димекең екені белгілі. 

Кемеңгер  адамның  бірінші  қасиетін  айттық. 

Екінші  қасиеті  туралы  дана:  «Ол  адам  өзіне 

айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің 

жай-жағдайына сәйкес жан-жақты тез ұғып ала-

тын аса зерек болуы керек», — дейді. Димекеңнің 

зеректігі мен бәрін біліп, сезіп тұратын айрықша 

қасиеті жөнінде кемеңгер қасында жүрген дананың 

серіктері  қазірге  дейін  таңдана  айтады. 

Димекең  адамның  ішіндегісін  біліп 

тұратын,  сөзінен не ойлайтынын 

тез аңғаратын зерек жан еді. 

Димекеңнің  қариялардың 

сөзін  мұқият  тыңдап, 

сол бойынша кеңесіп, 

мәселе  шешетіні 

көптеген  естелік-

терде  айтыла-

ды. 

Ү ш і н ш і 



қасиеті  тура-

лы Әл-Фараби 

былай  дейді: 

«Ол өзі жүрген, 

көрген,  естіген 

нәрселердің  бәрін 

зердесіне  ұзақ  сақтайтын,  бұлардан  еш  нәрсені 

ұмытпайтын адам болсын», — дейді. Димекеңнің 

зерделілігі өз алдына, есте сақтау қабілеті аңызға 

айналған.  Өзі  араласқан  оқиғалардың  жыл,  ай-

күні тіпті, сағат, минутына дейін ол кісінің есінде 

өле-өлгенше сақталған. Қазақстандағы мыңдаған 

колхоз-совхоздардың,  жер-судың  және  озат  шо-

пан,  механизаторлардың  есімдерін    өмірінде 

ұмытпаған.  Өндіріс,  экономикаға  байланысты 

сандар  мен  цифрларды  кез  келген  жағдайда 

жаңылмай  айтып  отыратыны  ғалымдардың  өзін 

қайран  қалдырған.  Димекең  естілігінде  сүйген 

жары,  өмірлік  серігі  Зухра  Шәріпқызымен  қанша 

жыл, қанша ай және қанша күн бірге болып, өмір 

сүргенін жарықтық сағатына дейін есіне сақтаған 

ғой. Димекеңнің есте сақтау қабілетіне теңеу жоқ. 

Төртінші    қасиет  туралы  былай  делінеді: 

«Бірінші  басшы  терең  ой  иесі  және  жадына 

сақталғандардың    бәрін  айдан-анық  етіп  айтып 

бере алатын шебер әрі шешен болуы шарт».

Димекең естігендері мен көргендерін өте шебер 

әрі бейнелі тілмен әңгімелейтін хас шешеннің өзі 

еді. Сөз арасында әдемі әзіл айтып баурайтын. 

Белгілі қоғам қайраткері Димекең «қара сөздің 

қаймағы  еді  ғой»  деп  жазылады  естеліктерде. 

Димекеңнің  бойында  ақындық  қасиет  болған. 

Студент кезінде өлең жазған. Димекеңнің шешен-

дігі Төле би мен Бөлтірік шешеннің «сөз киесін» 

елестетеді.  Димекеңнің  өзінің  естелік  кітабында  

ел ішінде сирек айтылатын мақал-мәтелдер мен 

қанатты сөздерді орынды жерінде қолданады. 

Кемеңгер басшының бесінші қасиеті «ғылым-бі-

лім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып 

үйренуден  шаршап-шалдықпайтын  адам  болуы 

керек» екен.

Димекең туа біткеннен ғылым мен өнерді терең 

түсініп, ғылым жолында еңбектенген  білімпаз еді. 

Қонаев  ғылым  саласында  жаңалық  ашқан  және 

болжам  жобалары нақты іске асып, өндіріске ен-

ген  инженер-ғалым  еді.  Техника  ғылымдарының 

докторы  Қонаевтың бұл саладағы еңбегі өз ал-

дына.  Қаныш  Сәтбаевтан  кейінгі  Академия  пре-

зиденті Димекеңнің ғылым әлемінде өзіндік ізде-

ніс жолы болды. Академияға Димекең басшылық 

еткен жылдары «қазақ ғылымында» даму болды. 

Димекең елуінші жылдары Қытайға барған сапа-

рында Қазақстандағы геология  ғылымы туралы 

баяндама жасайды. Қапшағай теңізінің өмірге ке-

луі Қонаевтың ғылым жетістіктерін пайдаланып, 

ғылыми болжамдар мен жоба зерттеулерді еске 

алуының нәтижесі еді. 

Димекең  театрға  жиі  барды,  ақын-жазушы-

лардың  жаңа  шығармаларын  оқып,  авторларға 

өз пікірін айтып, олармен етене жақын араласты. 

Ғылым  мен  өнер  саласын  дамытудағы  Димекең 

еңбегі ұшан-теңіз. Димекең естелігінде ғылымның 

«тылсым сырлары» жөнінде терең ойлар айтады. 

Ғалым  Қонаевтың  бай  кітапханасында  атақты 

ғалымдардың кітаптары толып тұр. 

Кемеңгер елбасының алтыншы қасиеті жөнінде  

ұлы философ: «Тағамға, ішімдікке, сайран-сұхбат 

құруға келгенде қанағатшыл болу керек», — дей-

ді. 

Димекең тағамды талғап, тек адал асты ғана же-



ген. «Пейіш жемісі» — алма жеу әдеті еді. Өйткені 

алманың  ағзаға  пайдасы  мол.  Арақ-шарап  ішу 

Димекеңе жат болды. Шарапқа (коньяк) аузын ти-

гізгені болмаса, алмайтын. Анда-санда тек «ыры-

мын»  жасап,  дос-жарандарының  көңілі  қалмау 

үшін  осылай  ететін.  Басында  темекі  тартқаны 

рас.  Денсаулығына  байланысты  дәрігерлердің 

кеңесіне көніп, шылымды үзілді-кесілді қойып ке-

теді. Димекең у-шу қала өмірін ұнатпаған. Той-ду-

манда шалқып сайран салған жоқ. 

Қонаев  барлық  жағынан  қанағатшыл  болып, 

көзінің  тірісінде  шын  әулие  атанды.  Жетінші 

қағидада  айтылғандай  Димекең  «жаратылысы-

нан сауыққұмарлықтан аулақ болды».

Сегізінші  қағидада  кемеңгердің  шындықты 

сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруы жөнінде айтыла-

ды.

Димекең  өтірік-өсек  айтқандарды  жек  көрді. 



Жалған сөйлегендерді ұнатпады. 

Димекең  Колбиннің  (сол  кездегі  бірінші  бас-

шы)  өзі  туралы  жалған  сөйлеп,  Мәскеуге  өтірік 

айтқан  өресіздігі  мен  екіжүзділігін  кешірмей  кет-

ті. Желтоқсан оқиғасына байланысты Димекеңді 

Колбин орынсыз кінәлап, айыптаған болатын. 

Димекеңнің  үстінен  арыз  жазып,  өзі  тасада 

тұрған белгілі партия қайраткері кейін арыздағы 

айтылғандар  өтірік  болып  шыққанда 

Қонаевтан кешірім сұрайды.

Тоғызыншы 

қағидада 

жазылғандай,  Димекең  «жаны 

асқақ  және  ар-намысын  аса 

ардақтайтын адам» еді.

Димекеңнің кісілік, адамгер-

шілік,  бекзаттық  қасиеттері 

және  тәрбиесі  өнеге.  Мұны 

халық жақсы біледі. 

Хрущев    Димекеңді    бі-

рінші басшылық қызметтен 

алып,  қорлап,  ар-намысы-

на  тигенде  Қонаев:  «Мені 

енді  басшылық  жұмысқа 

қоймаңыз.  Инженер-гео-

логпын.  Геология  институ-

тына  кетейін»,  —  дейді.  Хру-

щев:  «Сіз  бізге  әлі  де  керек  адамсыз»,  —  деп, 

еріксіз «совминге» төраға етіп тағайындайды.

Димекең  –  ар-намысына  кір  шалдырмаған 

дана. Қарапайымдылығы мен кісілігін жоғалтқан 

жоқ.  Зейнетте  жүргенде  де  өзін  төмендетпеді. 

Сондықтан көзінің тірісінде «әлемге әйгілі әулие» 

атанды.  «Оның  жаны  жаратылысынан  пасық 

істердің бәрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға 

тиіс»,  —  деп  оныншы  қағидада  айтылғандай, 

Димекең  игі  істердің  ұйтқысы,  жасампаздықтың 

жолбасшысы еді. 

Әл-Фарабидің  он  бірінші  «қағида-қасиетінде» 

«Әділетсіздік  пен  озбырлықты  жек  көретін  адам 

болсын» деген жолдар дәл Димекеңнің өзіне ар-

налып айтылғандай әсерде қалдырады. 

Қызметтен  қуылып,  партиядан  шыққан  талай 

бастықтардың  «Қонаев  қабылдауында»  болып, 

әділ  шешімді  сол  кісіден  көріп,  көсем  жайын-

да  тебірене  айтқандарын  көп  естідік.  Димекең 

саясатқа  байланысты  сотталып  кете  жаздаған 

ақын  Олжас  Сүлейменовты  арашалап  алды. 

Мәскеуде  қиянатқа  қарсы  ұстанымын  айтты, 

ақынды ақтады.

Димекең  бар  болмыс-бітімімен  әділдікті  сүйді, 

өктемдік  пен  озбырлыққа  жол  берген  жоқ.  Мүлт 

кетіп, пендешілікке барған кездері болған шығар. 

Қатты  кетіп,  біреуді  ренжіткен  де  болар.  Бір 

қайран  қалдыратын  нәрсе  —  халық  арасында 

Қонаев  туралы  бір  қаңқу  сөз,  реніш,  өкпе  жоқ. 

Әл-Фарабидің  он  екінші  қағидасында,  яғни  бас-

шы қасиеті жөніндегі тәмсілінде мынадай жолдар 

бар:  «Өзі  қажет  деп  тапқан  істі  жүзеге  асыруға 

келгенде  шебер-шешімпаздық  танытып,  бұл 

шақта  қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін 

бірбеткей, батыл, ержүрек болуы міндет». Мұнда 

айтылатын көсемге тән батылдық пен ержүректік 

Димекеңнің  бойында  туғаннан  бар  еді.  Атасы 

Қонайдың  батыр,  қорқуды  білмейтін  ержүрек 

қазақ  болғаны  белгілі.  Оның  бойындағы  қасиет 

шөбересі Димашқа да дарыған ғой.

О баста тау-кен инженері Қонаев 

Қоңыраттағы кеніште «қауіпті 

қопарылыстар» жасау жұмысына 

жауапты болады. Жазым, жазмыш 

болып тұратын жерде Димекеңнің 

қорықпай тәуекелге барған кездерін 

халық біле бермейді. Қапшағай су 

қоймасын салу жөніндегі Димекеңнің 

батыл шешімі мен іскерлігі тарихта 

өшпестей болып жазылып қалды. 

Медеу шатқалында тау жарып, 

қопарылыс арқылы бөгесін жа-

сау «жоспар – шешіміне» басында 

кейбір ғалымдар «Алматыға қауіп 

төнеді» деп бұған қарсы болды. 

Димекең айтқанынан қайтпады. 

Соңында үрей қорқынышты елестет-

кен «қопарылыс әрекеті» сәтті болып 

тауда бөгесін жасады. Медеудегі 

кейінгі сел-тасқын (1973 жыл) кезінде 

Димекең басын бәйгеге тігіп, су көкке 

шапшыған бөгеттің үстінде өзі жүрді. 

Өміріне қауіп төніп тұрғанын елемей, 

тасқын су бойында жұмысшылар мен 

мамандарға кеңес берді. Медеудегі 

оқиғаға байланысты Кеңес Аухадиев 

өз естелігінде Димекеңнің халқы үшін 

бәріне баруға даяр шын ұлт перзенті 

екеніне көзі жеткенін айтады. 

Ораз Қауғабай, қонаевтанушы

—  Молдияр  аға,  өзіңіз  бас  болып, 

бірнеше  бұрмаланған  атауларды 

өзгертіпсіз...

— Иә, алғашқы әңгімемізді осындағы 

Каменское  платодан  бастайық.  Бірінші-

ден,  ол  жерде  тас  жоқ.  Екіншіден,  биік 

таулардың  етегінде  еш  уақытта  пла-

тина  болмайды.  Картадан  қарасаң, 

сонау  Түргеннің  бер  жағында  Шолақ 

өзенінің  маңайында  Адыратекше  бар. 

Теңіз  деңгейінен  1500  м  биіктікте.  Со-

дан  бастап,  ол  мынау  Көктөбеге  дейін 

жалғасады. Негізіне келсек, ол Көктөбе 

емес,  Көкжал  тау.  Ол  ары  қарай 

жалғасып,  текше  тауларға  ұласады. 

Осы  биіктікте  сонау  Шамалғанға, 

Үшқоңырдың етегіне дейін созылып жа-

тыр. Бұлардың бәрін текше тау дейміз, 

себебі  баспалдақ  іспетті.  Сондықтан 

үстірт деген ұғымды Каменское платоға 

дұрыс  қоймаған.  1997  жылдан  бастап, 

осы  жерлерді  зерттеп,  сол  кездегі 

премьер-министр 

Н.Балғынбаевтың 

көмегімен  Алматы  қаласындағы  7 

атауды  қазақшалап,  тарихына  сай 

өзгертіп бердім. Каменское плато үстірті 

Терісбұтақ  тауына,  Каменка  өзені 

Терісбұлақ өзеніне, Прямуха өзені Тіксай 

өзеніне, Казачка өзені Жарбұлақ өзеніне, 

Горельник өзені Күйгенсай өзеніне, Вес-

новка өзені Есентай өзеніне, Батарейка 

өзені  Беделбай  өзеніне  ауыстырыл-

ды.  Терісбұтақ  тауының  аталуының 

өзі  қызық.  Алатаудың  солтүстігінде 

қалың  өскен  шыршадан  бастап  түрлі 

ағаштарға  қарай,  теріскейге  байла-

нысты  Терісбұтақ  деп  аталыпты.  Бұл 

атауды  алғаш  1911  жылы  картаға 

түсірген  —  Румянцев  Петр  Петрович. 

Бір өкініштісі, осы мекендердің бойында 

сол  жердің  атын  атап,  түсін  түстейтін 

ешбір  көрсеткіш  жоқ.  Жарбұлақ  өзені 

әуелгіде  Казачка  аталды.  Ол  —  қазіргі 

Көкжалтаудың  (Көктөбе)  етегіндегі 

ағып жатқан өзен. Анау Шымбұлақ деп 

жүргеніміз  қателікпен  жазылған,  баста-

уына келсек «шым» емес, «Шыңбұлақ» 

деп аталады. Оның да бойына Шыңбұлақ 

деп көрсеткіш не белгі қойылуы тиіс.



— Көптеген мекендер, жер, су атта-

рының маңына белгілер қойылмаған 

болды ғой?

— Мынау мыңдаған шақырымға созы-

лып жатқан Жібек жолының ізі Алматыға, 

Райымбектің моласына дейін келеді де, 

жоғалып кетеді. Мен оның қайда екенін 

айтайын, оның жалғасы сонау Қаскелең, 

«Алтынордадан»  бері  қарай  бұрынғы 

Ташкент,  қазіргі  Райымбек  даңғылы. 

Ол  «Саяхатқа»  дейін  жалғасады. 

«Саяхаттан»  ары  қарай  Жібек  жолы 

жалғасады.  Ол  ары  қарай  Құлжа  тас 

жолына өзгерген, яғни Қытайдың Құлжа 

қаласына дейін барады.

Жетігенге  теміржол  салды.  Оның 

атауын  Жетіген  емес,  Көтентай  ба-

тыр  Өтеғұлұлының  Қорғасқа  дейін 

жалғасқан  жолы  деп  жазу  керек  еді. 

Тағы да бүлдірген. Мұның ескі орны Ни-

колаевка, 1928 жылы Көтентай станция-

сы болған. Максим Горький көшесін Жі-

бек  жолы  көшесі  деп  өзгертті.  Осында 

бір  қателік  бар.  Жібек  жолы  емес,  Са-

уда жолы деп аталуы тиіс. Қазіргі «Көк 

базар»  —  сол  Сауда  жолында  пайда 

болған базар. Одан да айырылдық.

Бутаковка  жайына  келсек,  сонда  8 

км  созылған  Бекенбай  өзені  болған. 

Мұнда 1852 жылы Талас өзеніне көшіп 

келген  Ысты  деген  рулар  қоныстанған. 

Солардың ата жайлауы, шатқалы, өзені 

болған.  Бұл  тарих  жайлы  тағы  мән  бе-

рілмей  қалды.  Мохнатка  деген  ат  бар. 

Сонда  Көкжайлау  деген  кешен  салы-

нып  жатыр.  Бұл  Көкжайлау  —  Медеу 

Пұсырманұлының  жайлауы.  Осындай 

тарихи маңызды жайттар тасада қалып 

кете береді.

—  Алматыдағы    Арасан,  Алатау 

жайлы  жіберілген  қателіктер,  еске-

рілмеген  тұстары  жайлы  айтып 

берсеңіз?..

—  Барлық  Арасандар  атауы  өзенге, 

тауға  не  қалаға  байланысты.  1931 

жылы  Мәскеуде  «Полезные  ископае-

мые  Казахстана»  деген  кітап  жарыққа 

шыққан. Сонда Арасанды Алматинский 

деп  қойған.  Алматы  Арасаны,  Көктал 

Арасаны,  Қорғас  Арасаны,  Қапал  Ара-

саны,  Бұғымүйіз  Бесмойнақ  Арасаны 

– бұлардың бәрі сол жерге қоныстанған 

руларға,  тарихқа,  шежіреге  байланы-

сты  пайда  болған.  Алма  Арасан  емес, 

Алматы Арасаны. Мәңгілік ел боламыз 

дейміз,  алайда  мәңгілік  тарихи  аттар-

дан,  жер-су  атауларынан  айырылып 

қалғанбыз.

Алматы облысында Малаводное де-

ген мекен бар. Малаводноедан Түргеннің 

жанынан  мен  жақында  картада  белгісі 

бар Әжібайдың моласын іздеп таптым. 

Атамқұл  деген  кісі,  өзі  би  болған.  Бұл 

кісі  жайлы  Тезек  төре,  Семенов  Тянь-

Шаньский  «өте  әділ  әрі  беделді»  деп 

жазып кеткен. 1856 жылы Семенов осы 

Тәңіртауға келді. Сол Заилииский Ала-

тау десе, бүгінгілер Іле Алатауы дейді. 

Бұлар  қате,  дұрысы  Алматының  Ала-

тауы.  Себебі  Алматының  түбінде  тұр. 

Іле  мен  Алматының  арасында  70  км 

қашықтық бар. Айдаладағы Ілемен ата-

май,  түбінде  тұрған  Алматымен  атау 

қажет.  Іленің  арғы  жағында  Шолақ, 

Матай, Дегірес деген таулар бар. Олар-

ды  Іле  өзенінің  таулары  деп  атамай-

ды.  Сондықтан  жердің  координатын 

дұрыс ескеру керек. Кезінде Маңғыстау 

Қаратауы қазір жай ғана Маңғыстау деп 

аталады. Жаңақорған, Шиеліден көрініп 

тұрған  Үлкен  Қаратауды  Сырдария 

Қаратауы  деген.  Бұрынғы  аттар  жойы-

лып, жаңа атаулар пайда болған. Үлкен 

Қаратау, Кіші Қаратау, Боралдай жота-

сы, Бөкей тауы — барлығын бір жүйеге 

келтіру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет