№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
1
Ғылым және білім ғасыры
Век науки и образования
Science and education century
ғылыми журнал
• научный журнал
•
scientific journal
№№
1-12(81-92),
қаңтар
-
желтоқсан
, 2016
жыл
2009
жылдың мамырынан шығады • Издается с мая
2009
года
«Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар»,
«Экономика және бизнес» және «Қызмет көрсету» бағыттары бойынша
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы
зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектер жарияланады.
Білім: Педагогика ғылымдары
Образование: Педагогические науки
Education: Teaching Science
Бас редактор
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, филол.ғ.к., доцент
Ғылыми редактор
Ләззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің мерзімді баспасөз басылымдарын және (немесе)
ақпарат агенттіктерін есепке алу туралы 07.03.2013 ж. №13434-Ж куәлігі берілген.
Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі №10662-Ж, 14.04.2010 ж.
Меншік иесі және баспагер:
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында баспа ретінде тіркелген.
Халықаралық тіркеу коды 978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013ж.
Журналды тарату аумағы:
Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер
Журналдың тілі: қазақша, орысша, ағылшынша, испанша,
қытайша, арабша, французша және түрікше
Мекен-жайымыз:
010010, Астана қаласы, Алматы ауданы, Кенен Әзірбаев көшесі, 6 үй, №91 пәтер.
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53
Жазылу индексі: 74642
Біздің сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz
© «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы,
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, 2016 ж.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
2
Ғылым және білім ғасыры
Век науки и образования
Science and education century
ғылыми журнал
• научный журнал
•
scientific journal
№№
1-12(81-92),
январь
-
декабрь
, 2016
год
2009
жылдың мамырынан шығады • Издается с мая
2009
года
Публикуются научные работы по актуальным проблемам фундаментальных
и прикладных исследований в области общественных и гуманитарных наук
по направлениям: «Образование», «Гуманитарные науки», «Право»,
«Искусство», «Социальные науки», «Экономика и бизнес» и «Услуги».
Білім: Педагогика ғылымдары
Образование: Педагогические науки
Education: Teaching Science
Главный редактор
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, к.филол.н., доцент
Научный редактор
Ләззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр
Комитетом информации и архивов Министерства связи и информации
Республики Казахстан выдано свидетельство о постановке на учет периодического
печатного издания и (или) информационного агентства №13434-Ж от 07.03.2013 г.
Номер и дата первичной постановки на учет №10662-Ж, 14.04.2010 г.
Собственник и издатель:
Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші».
Зарегистрирован в Национальной государственной книжной палате РК
как издающая организация. Международный регистрационный код
978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013г.
Территория распространения:
Республика Казахстан, ближнее и дальнее зарубежье
Язык журнала: казахский, русский, английский, испанский,
китайский, арабский, французский и турецкий
Наш адрес:
010010, Казахстан, г. Астана, район Алматы, улица Кенена Әзірбаева, дом №6, квартира 91.
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53
Индекс: 74642
Наш сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz
© Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»,
№№1-12(81-92), январь-декабрь, 2016 г.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
3
Ғылым және білім ғасыры
Век науки и образования
Science and education century
ғылыми журнал
• научный журнал
•
scientific journal
№№
1-12(81-92), January-December, 2016
2009
жылдың мамырынан шығады
•
Published since May 2009
Published scientific papers on the issues of fundamental and applied research
in the social sciences and humanities directions: «Education», «Humanities», «Right»,
«Аrt», «Social Science», «Economy and Business» and «Services».
Білім: Педагогика ғылымдары
Образование: Педагогические науки
Education: Teaching Science
Editor in chief
Myrzantay Kozhabayuly JAKYPOV, PhD, Associate Professor
Scientific editor
Lazzat Baykonyrkyzy BAYBOLAT, MA
Information and Archives Committee of the Ministry of Communications and Information
Republic of Kazakhstan issued a certificate of registration of a periodical and (or)
information agency number №13434-Ж 07.03.2013.
Number and date of registration of the primary number №10662-Ж, 14.04.2010.
Owner and publisher:
Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі».
Registered in the State National Book Chamber of the Republic of Kazakhstan
as a publishing agency. International registration code 978-601-7440.
Certificate №278, 28.03.2013.
Distribution:
Republic of Kazakhstan, CIS and other countries
Language The magazine: Kazakh, Russian, English, Spanish,
Chinese, Arabic, French, Turkish
Our address is:
010010, Kazakhstan, Astana, Almaty district, street Kenen Аzіrbaev, house №6, Apart. 91.
Tel.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53
Index:
74642
Our website: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz
© Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі»,
№№1-12(81-92), January-December, 2016.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
4
«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ ҒАСЫРЫ – ВЕК НАУКИ И
ОБРАЗОВАНИЯ – SCIENCE AND EDUCATION CENTURY»
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ «БІЛІМ», «ЖУРНАЛИСТИКА»,
«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» ЖӘНЕ «САЯСАТТАНУ»
СЕРИЯЛАРЫ БОЙЫНША РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ
Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы – педагогика ғылымдарының
докторы, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті Жаратылыстану-педагогикалық факультеті «Кәсіби оқыту
теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры (Шымкент,
Қазақстан Республикасы)
Манов Борис Филипов – философия докторы, Н. Рильский
атындағы
Оңтүстік-батыс
университеті
Философия
факультеті
Философиялық және саяси пәндер кафедрасының доценті (Благоевград,
Болгария Республикасы)
Нұртазина Роза Әутәліпқызы – саяси ғылымдардың докторы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика
және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының профессоры
(Астана, Қазақстан Республикасы)
Сандыбаев Жалғас Садуахасович – философия ғылымдарының
кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық
мектебі Әлеуметтік саясат кафедрасының доценті, Астана қаласының
Дін
істері
департаментінің
сарапшысы
(Астана,
Қазақстан
Республикасы)
Федоров Александр Викторович – педагогика ғылымдарының
докторы, профессор, А.П. Чехов атындағы Таганрог институты
директорының
ғылыми
жұмыс
жөніндегі
орынбасары,
«Медиаобразование» журналының бас редакторы, Ресей Федерациясы
Президенті жанындағы Ресей экономикасын
жаңғырту және
технологиялық дамыту жөніндегі Комиссия жобалары бойынша РФ
Үкіметі жанындағы Талдау орталығының сарапшысы, РФ Білім және
ғылым министрлігінің сарапшысы, Еуропалық одақтың Еуропалық
медиабілім беру және медиасауаттылық жөніндегі EMEDUS жобасының
сарапшысы, Ресей кинематографтар Одағының мүшесі, Ресей
кинематограф өнері және ғылымдары Ұлттық академиясының академигі
(Таганрог, Ресей Федерациясы)
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
5
БІЛІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР
– ОБРАЗОВАНИЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
БАЙБОЛАТ Ләззат Байқоңырқызы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының
аға оқытушысы, филология магистрі, Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы
БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен
құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды,
үдерістерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа
технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі
уақыт сұранысының туындап отырған өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Мамандардың пікірінше, мамандығына сәйкес қазақ тілін оқыту студенттердің
таңдаған мамандықтарына қажетті білімді толық игерген кәсіби мүмкіндігі мол
маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. Студенттерге қазақ тілін оқыту болашақ
мамандардың кәсіби даярлығы мен дағдыларын қалыптастыруда атқаратын рөлі
ерекше.
Инновациялық технологиялар жоғары оқу орнында тілдік білім сапасын
арттырып, қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады:
- Әр сабақта қазақ тілін игертуге қатысты интерактивті әдістерін қолдану;
- Әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру, қазақ тілін үйренуге
деген ынтасы, зейіні, қызығушылығына көңіл аудару;
- Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін
ашу;
- Инновациялық технологиялардың тиімділігін арттыру жоғары оқу орындары
жағдайына бейімдеп меңгертеді.
Мемлекеттік тілді үйренуді түбегейлі іске асыру тіл үйренушінің іскерлігін,
коммуникативтік құзыреттілігін дамытумен тікелей ұштасып отыр. Мемлекеттік
тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мақсатымен оның ғылымда,
өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл
үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты. Жоғары оқу орындарын
бітірген әрбір жас маманның, болашақ кәсіпкердің алдыңғы қатарлы маман болуы өз
елінің тілін жоғары деңгейде білуімен де терең сабақтасады. Соңғы жылдары қазақ
тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік
мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарымен іздестіру әдіскер-
ғалымдардың назарын өзіне аударуда.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметін кеңейту мен дамыту үшін оны кәсіби
салада оқыту, сол салада қолданылатын кәсіби сөздерді, терминдерді пайдаланып
сөйлеуге жаттықтыру, оқитын мамандығына, істейтін қызметіне байланысты сөйлеу
мәдениетін қалыптастырудың қажеттігі туындайды.
Жоғары оқу орындарының орыс тілді студенттеріне тілді тереңдете үйретуге
арналған С1-С2 деңгейі бойынша оқу үдерісіне енген «Кәсіби қазақ тілі» пәнін
жүргізу барысындағы басты мақсат тілді болашақ алатын мамандығына қарай
бейімдеп үйрету болып табылады. Оның ұтымдылығын атап айтсақ, біріншіден,
студент қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана отырып, оны жұмыс
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
6
орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізе
алатын болады. Екіншіден, қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы артып, қазақ
халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы терең меңгереді.
Қазақ тілін кәсіби тұрғыда сапалы оқыту – болашақ маманның тұлға ретінде
қалыптасуына, дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туғыза отырып,
қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған мемлекеттік тілді меңгеру сияқты
өзекті мәселенің түбегейлі шешілуіне жағдай жасайды.
«Журналистика» және «Қоғамдық байланыс» мамандықтарында оқитын білім
алушыларына арналған оқу-әдістемелік кешенде, оқу құралдарында негізінен,
грамматикалық тапсырмалармен қоса, сол мамандыққа байланысты мәтіндер
ұсынылды. Ондағы мақсат, біріншіден, білім алушыларға болашақта алатын
мамандығына сәйкес мазмұнды, мағыналы мәліметтер беруді қамтамасыз ету болса,
екіншіден, оларды белгілі бір дауыс ырғағымен орнықты, мәнерлі оқи білуге
жаттықтыру және мәтінмен жұмыс істеу барысында кәсіби сала сөздерін меңгеруге,
әрі дұрыс айтуға жаттықтыру болып табылады.
Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс істеу
болғандықтан, әр мамандыққа лайықты мәтіндер тобы қарастырылады. Мысалы,
«Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандықтарына арналған «Кәсіби
қазақ тілі» пәнінде «Алғашқы қазақ баспасөзі», «Айқап» журналы», «Қоғамдық
байланыс», «Жарнама» деген мәтіндер болашақ журналистер мен қоғамдық
байланыс мамандарын мемлекеттік тілде өз мамандықтары бойынша өзара сөйлесе
білуге, ойын дұрыс жеткізуге және қатесіз жазуға үйретеді.
Ал, «Азия халықтарының баспасөзі», «Еуропа баспасөзі», «Америка баспасөзі»
атты тақырыптардың білім алушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай,
дүниетанымын да кеңейтері сөзсіз.
Әр сабақ соңында сөздік, грамматикалық минимум нақтыланып, мәтіндерді
жете меңгеруге арналған практикалық жұмыстар белгіленді. Әр сабақ тақырыбының
соңында беріліп отырған білім алушының өзінідік жұмысы және мәтіндер бойынша
берілетін ағымдық бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары білім алушылардың ой-
өрісін кеңейте отырып, оларды мемлекеттік тілді меңгеруге машықтандырады.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологиялардың да
берері көп. Түрлі әдістерді пайдалану арқылы мемлекеттік тілді үйренудің нақты
мәнін терең ашуға көмектеседі. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға
мүмкіндік туады. Олардың әрқайсының деңгейін анықтауға, студенттерді бағалауға
мүмкіндіктер мол.
Сондай-ақ сабақ барысында студенттер өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді,
студенттердің қабілеттері, ұйымшылдықтары, шығармашылық белсенділігі,
лексикалық қоры көбейеді. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын
шыңдауда, өзінің болашақ кәсібіне сенімі, қызығушылығы арта түседі. Бұған дәлел
сабақ барысындағы студенттердің өз мамандығының қыры мен сырын, оның
маңыздылығын жетік білуге әкеледі.
Осылайша, «Кәсіби қазақ тілі» пәні студенттердің болашақ кәсіби маман
ретінде сөйлеу мәнері мен сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Білім алушылардың
пәнге деген ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана,
2016.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
7
2 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы: Ы.
Алтынсарин атын. Қазақтың білім академиясының Респ. баспа кабинеті, 2000. – 207
б.
3 Шаханова Р.Ә. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдеріне
қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: Пед. ғыл.
док... диссер. – Алматы, 2002. – 327 б.
4 Көпдеңгейлік бірыңғай стандарттық оқыту жүйесі және қазақ тілін үйретудің
әдістемесі. – Астана: Келешек-пресс, 2006.
Резюме
В статье рассматривается вопрос об изучении профессионального казахского
языка будущих специалистов в сфере журналистики и связи с общественностью.
Ключевые слова: специалист, профессиональный казахский язык, методика,
журналистика, связь с общественностью.
Summary
The article discusses the professional learning of the Kazakh language of the future
experts in the field of journalism and public relations.
Keywords: specialist, professional Kazakh language, methodology, journalism, PR,
digital educational resources, Kazakh language, multimedia.
ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті
(of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD),
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ
МАМАНДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Ақпарат
және
коммуникациялар
мәселелері
бойынша
Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер
енгізу туралы» заң жобасына журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі,
медиакоммуникация секілді ақпараттық коммуникация саласының жоғары білікті
мамандарын – бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау
мәселесіне
байланысты
Ақпарат
және
коммуникациялар
министрлігінің
құзыреттіліктері мен құқықтарын нақтылайтын арнайы құқықтық қағидалар
енгізілгені жөн.
Қазіргі кезде елімізде «Журналистика», «Қоғаммен байланыс» және «Баспа ісі»
мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандар ҚР Білім және ғылым
министрлігінің жүйесімен даярланып келеді. Көп жағдайда ҚР Білім және ғылым
министрлігінің басшылары мен қызметкерлері бұл мамандықтардың ерекшеліктерін
біле бермейді және түсіне де бермейді.
Әлеуметтік желіде еліміздің Білім және ғылым министрлігі жасап шыққан
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішінің (мамандықтар
классификаторының) жаңа жобасы жайындағы пікірімізді бұған дейін де жариялаған
едік.
Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016
жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында
білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
8
бағдарламасына сәйкес Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
құрылымын ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық
стандартына сәйкес келтіруді жоспарлап отыр. Сонымен бірге мамандықтардың
жаңа жіктеуішін жедел түрде бекітіп, 2017 жылдың 2 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгізу көзделген.
Мамандықтардың жаңа жіктеуішінің жобасында түбегейлі өзгерістерге
ұшырап отырған саланың бірі – журналистика бойынша жоғары білімді мамандар
даярлау мәселесі.
Өзіміз қызмет істейтін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
Журналистика және саясаттану факультетінде болашақ журналистерге мынадай
мамандықтар бойынша жоғары білім беріліп келеді (өзіндік ерекшеліктері бар
«Саясаттану» мамандығын қоспағанда): 5В042200 – Баспа ісі; 5В050400 –
Журналистика; 5В051400 – Қоғамдық байланыс.
Қазіргі қолданыстағы мамандықтар жіктеуіші бойынша «5В042200 – Баспа ісі»
мамандығы – «Өнер», ал «5В050400 – Журналистика» және «5В051400 – Қоғамдық
байланыс» мамандықтары – «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»
саласына енгізілген. ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық
стандартына сәйкес министрлігіміз жасаған мамандықтардың жаңа жіктеуішінің
жобасында «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» атты бөлім өз
алдына бөлек жаңа ғылым саласы ретінде көрсетілген. Осы жаңа ғылым саласының
ішінде «Журналистика және ақпарат» бағыты бөліп шығарылған. Біз бұл өзгерісті
барынша қолдап-құптаймыз! Өйткені журналистика, ақпарат және коммуникация
салаларының қазіргі халықаралық жүйе мен қазақ қоғамы үшін маңызын түсіндіріп
жатудың өзі артық болар еді.
Өкінішке қарай, ҚР Білім және ғылым министрлігі ЮНЕСКО 2013 білім беру
сыныптауышының Халықаралық стандартын басшылыққа алдық деген себеппен
қазіргі қолданыста бар «5В042200 – Баспа ісі» және «5В051400 – Қоғамдық
байланыс» мамандықтарын жойып, мамандықтардың жаңа жіктеуішінің жобасына
енгізбей қойған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мұндай өзгерістерімен маман
ретінде біз мүлдем келіспейміз!
Еліміздің қазіргі экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін
сарапқа салып қарасақ, «5В042200 – Баспа ісі» және «5В051400 – Қоғамдық
байланыс» мамандықтарын бітіріп шыққан жас мамандарға сұраныс жоғары!
Алайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы жылы ҰБТ мен кешенді
тестілеу қарсаңында «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығын таңдап қойған
мектеп бітірушілерін шатастырып, біраз әуре-сарсаңға салып қойды. Бұған дейін
«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының таңдау бойынша және бейіндік
пәні «География» пәні болып белгіленіп келген болатын.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «5В051400 – Қоғамдық байланыс»
мамандығының таңдау пәнін биылғы 2015-2016 оқу жылының соңында, мектеп
түлектері ҰБТ тапсыруға санаулы күндер ғана қалған кезде, алдын-ала ешкімге
ескерту жасамай, «География» пәнінен «Қазақ (орыс) әдебиеті» пәніне өзгертіп
жіберіп, осы мамандыққа құжат тапсыру үшін географияны таңдап қойған мектеп
бітірушілері мен олардың ата-аналары арасында ерекше реніш пен түсініспеушілік
тудырды.
Осылайша, «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығын таңдап,
«География» пәнінен ҰБТ және кешенді тест тапсырып қойған талапкерлер тұйыққа
тіреліп, басқа амалдың жоқтығынан, шығармашылық естихандары бар «5В042200 –
Баспа ісі», «5В050400 – Журналистика» және басқа да мамандықтарға құжаттарын
ауыстыруға мәжбүр болды.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
9
Бұған қоса Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
«6М051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының магистратурасы бойынша
арнайы мемлекеттік лицензиясы бар екеніне қарамастан, ҚР Білім және ғылым
министрлігі біздің ЕҰУ-не «Қоғамдық байланыс» мамандығының магистранттарын
білім грантымен оқытуға неліктен бірде-бір орын бермегенін мүлдем түсіне
алмадық! Еліміздің экономикасы үшін «5В051400 – Қоғамдық байланыс»
мамандығы бойынша жоғары білімді мамандар даярлаудың қажеттілігі мен
маңыздылығы туралы дәлелдер жеткілікті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы №464
Жарлығымен
бекітілген
«Ақпаратты
Қазақстан
–
2020»
Мемлекеттік
бағдарламасының «4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту» бөлімінің «4)
Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу» атты тармақшасында былай
делінген:
«Мемлекеттің ақпараттық жұмысы азаматтарға ұсынылатын ақпараттың толық,
уақтылы және дұрыс қамтамасыз етілуіне баса назар аударылып, қайта қаралатын
болады. Ол үшін бірыңғай мемлекеттік PR-стратегияның шеңберінде мемлекетті
ақпараттық сүйемелдеу бойынша бүкіл белсенділікті біріктіру талап етіледі. Ол
мемлекет қызметінің жекелеген аспектілерін ілгерілететін, бірақ жиынтығында,
мемлекеттік ақпараттық саясат мақсаттарына қол жеткізбейтін көптеген салалық
медиа-жоспарларды алмастыруға тиіс. PR-стратегиясы тұрғындардың тыныс-
тіршілігінің барлық салаларын қамтитын болады: білім беру, еңбек қызметі,
денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, азаматтық құқықтар және т.б.».
Елбасымыз өзі бекіткен мемлекеттік бағдарламада, сонымен бірге: мемлекеттік
органдардың баспасөз-қызметтерін толыққанды PR-бөлімшелеріне ауыстыру;
мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды PR-құралдары арқылы сүйемелдеу; БАҚ-
тың және қоғамның сұраныстарына баспасөз-қызметтерінің жедел ден қоюын
арттыру; халықтың Интернет желісі мен ұтқыр коммуникация құралдарына жаппай
қолжетімділігін есепке ала отырып, мемлекеттік тапсырыстың құрылымын қайта
қарау қажеттігі атап көрсетілген.
Сондай-ақ «Ақпаратты Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасында
мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар
баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы – 100% болу қажеттігі туралы
мақсат белгіленген. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7
ақпандағы №101 қаулысымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарының бірінші кезеңінде Интернеттің әлеуметтік-саяси ықпалын талдау
бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу және мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу мәселелерін әдістемелік қамтамасыз ету көзделген.
Биылғы жылдың 5 мамыры күні Ақордада өткен кеңес барысында ҚР
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа уәкілетті мемлекеттік орган – Ақпарат және
коммуникация министрлігін құруды тапсыра отырып: қоғамдағы өзекті мәселелерді
тез анықтап, тез шара қолдану үшін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді
қоса алғанда, кез келген формадағы ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу;
өзекті тақырыптар мен мәселелер жөніндегі қоғамдық пікірлерді зерттеу, халықтың
пікірі мен ақпараттық сұрауларға сараптама жасап, болжам жүргізу; мемлекеттік
ақпараттық саясатты қолға алу; барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық
қызметі мен белсенділігін бақылау және үйлестіру; мемлекеттік ақпараттық
тапсырыс пен мемлекет бөлген қаржының тиімділігін тексеру және жоспарлау;
отандық БАҚ-ты экономиканың бір сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция мен
инновация тарту; электронды және баспа БАҚ-тарды қоса алғанда, ақпараттық
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
10
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердің сапасын
жақсарту; арналардың халықпен қарым-қатынасын жақсарту міндеттерін жүктеген
болатын.
Биылғы жылғы 31 тамыз күні осы әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында
жарияланған
жазбасында
Қазақстан
Республикасының
Ақпарат
және
коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев мырза да «қазіргі әлемде
елдік брендинг мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығының
деңгейін айқындап, өндіретін тауарларының танымал болуына, халықаралық
аренадағы беделіне, тіпті жаһандық еңбек бөлінісінен орын алуына да ықпал ететіні»
туралы тұжырымын ұсынды.
Жоғарыда айтылған «Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу»,
«Бірыңғай мемлекеттік PR-стратегиясын жасау», «Мемлекеттік органдардың
баспасөз-қызметтерін толыққанды PR-бөлімшелеріне ауыстыру», «Мемлекеттік
бағдарламалар мен жобаларды PR-құралдары арқылы сүйемелдеу», «БАҚ-тың және
қоғамның сұраныстарына баспасөз-қызметтерінің жедел ден қоюын арттыру»,
«Елдік
брендинг
арқылы
мемлекеттің
инвестициялық
және
туристік
тартымдылығының деңгейін айқындау» мәселелері – тікелей қазіргі «5В051400 –
Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша жас мамандар даярлау ісінде жүзеге
асырылып отырған ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың
негізгі салалары болып табылады.
Сол себепті ҚР Білім және ғылым министрлігінің осы саланың мамандарымен
мүлдем ақылдаспай, өз бетінше қазіргі қолданыста бар «5В042200 – Баспа ісі» және
«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандықтарын жойып, мамандықтардың жаңа
жіктеуішінің жобасына енгізбей қойған іс-әрекеті біз үшін мүлдем түсініксіз!
ҚР Білім және ғылым министрлігіне арналған біздің ұсыныстарымыз мынадай:
1) ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық стандартына
сәйкес жасалған мамандықтардың жаңа жіктеуішінің жобасында «03 – Әлеуметтік
ғылымдар, журналистика және ақпарат» атты бөлім өз алдына бөлек жаңа ғылым
саласы ретінде көрсетілуін және осы жаңа ғылым саласының ішінде «032 –
Журналистика және ақпарат» бағыты бөліп шығарылғанын барынша қолдап-
қуаттаймыз;
2) Мамандықтардың жаңа жіктеуішінің жобасындағы «032 – Журналистика
және ақпарат» бағытында көрсетілген мамандықтарды тиісінше бакалавриат,
магистратура және PhD докторантурасы бойынша мынадай нұсқада жазуды
ұсынамыз: «6В032100 – Журналистика»; «6В032200 – Кітапхана ісі, ақпараттарды
өңдеу және архив ісі»;
3) Мамандықтардың жаңа жіктеуішінің жобасындағы «032 – Журналистика
және ақпарат» бағытын тиісінше бакалавриат, магистратура және PhD
докторантурасы бойынша мынадай мамандықтармен толықтыруды ұсынамыз:
«6В032300 – Қоғаммен байланыс»; «6В032400 – Баспа ісі»;
4) ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық стандартына
сәйкес жасалған мамандықтардың жаңа жіктеуішінің жобасына «032 –
Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша енгізілетін: «6В032100 –
Журналистика»; «6В032200 – Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және архив ісі»;
«6В032300 – Қоғаммен байланыс»; «6В032400 – Баспа ісі» мамандықтары бойынша
жоғары оқу орындарында мамандар даярлау ісіне ҚР Білім және министрлігімен
бірге ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де белсене атсалысуы қажет;
5) Мамандықтардың жаңа жіктеуішінің жобасындағы «032 – Журналистика
және ақпарат» бағыты бойынша даярланатын мамандарға берілетін академиялық
және ғылыми дәрежелер тиісінше «Журналистика және ақпарат бакалавры»,
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
11
«Журналистика және ақпарат магистрі» және «Журналистика және ақпарат PhD
докторы» деп аталғаны жөн.
Біздің бұл ұсыныстарымызға ҚР Ақпарат және коммуникациялар
министрлігінің басшылары назар аударады деп ойлаймыз.
«Ақпарат
және
коммуникациялар
мәселелері
бойынша
Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер
енгізу туралы» заң жобасында біз ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарының
(БАҚ-тың) қызметкерлері дегеніміз кімдер, олар «әнші-жұлдыздар» ма, актерлер ме,
әлде журналистер ме деген мәселені анықтап алғанымыз жөн сияқты.
Біздің білуімізше, 2016 жылдың 23 шілдесінде ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі шығармашылық
бағыттағы жоғары оқу орындарының базасында бұқаралық ақпарат құралдары
(БАҚ) саласындағы мамандарды даярлау туралы кездесу өткізген. Осы кездесудің
қорытындысы бойынша түзілген хаттамада телевизия саласындағы жоғары білікті
мамандардың қажеттілігін ескере отырып, Қазақ ұлттық өнер университеті мен Т.
Жүргенов
атындағы
Қазақ
ұлттық
өнер
академиясында
«Режиссура»,
«Сценография», «Арт-менеджмент», «Шешендік өнер», «Актерлік шеберлік»
мамандықтары бойынша жаңа оқу бағдарламаларын дайындау туралы шешім
қабылданған.
Біздің түсінгеніміз – бұдан былай болашақ телевизия мамандары өнер
саласындағы жоғары оқу орындарында оқытылмақшы. Бұған қоса жоғарыда аталған
екі министрліктің басшылары БАҚ деп негізінен телевизияны ғана атап отырған
сияқты. Бүгінде «әнші-жұлдыздар» мен «айтыскер ақын-жұлдыздар» жаулап алған
телеарналарымыздың редакцияларын бұдан былай актерлер толықтырады деген сөз.
Сонда Л.Н. Гумилев атындағы және Әл-Фараби атындағы Ұлттық
университеттерінде
бұрыннан бар Журналистика факультеттерінің және
«Журналистика» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің жағдайы не
болмақ? Қос ұлттық университетте де Телерадиожурналистика кафедралары бар. Екі
ұлттық университетте де телерадио саласының мамандары ғана емес, газет-
журналдар редакцияларының, Интернет-ресурстарының, әлеуметтік желілердің
болашақ журналистері де білім алуда.
«Журналистика», «Қоғаммен байланыс», «Баспа ісі» мамандықтары бойынша
мамандар даярлау жүйесі бүгінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарайды. Ал
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдан бастап мамандықтардың жіктеуішін
өзгертеміз деп отыр. БАҚ саласындағы мамандар даярлауға бағытталған
«Журналистика», «Қоғаммен байланыс», «Баспа ісі» мамандықтарының жаңа
жіктеуіште қайсысы қалады, қайсысы қысқарып қалады деген сұрақтың жауабын ҚР
Білім және ғылым министрлігі ашық айтпай, жасырып отыр.
Осыған дейін арнайы мемлекеттік білім гранты бойынша «Журналистика»,
«Қоғаммен байланыс», «Баспа ісі» мамандықтары бойынша жыл сайын 100-ден
астам жоғары білімді маман оқу бітіріп келді. БАҚ саласындағы жас мамандарды
жұмысқа орналастыру мәселесін қадағалап отырған ешкім жоқ.
ҚР Білім және ғылым министрлігі болашақ журналистерді жұмысқа
орналастырыңдар деп – университеттен, ал университет – кафедралардан талап
етеді. Ал кафедралардың «біздің мамандықтарды бітірген жас журналистерді
жұмысқа қабылдаңыздаршы» деген өтінішін ҚР Ақпарат және коммуникациялар
министрлігіне қарайтын «Қазмедиа орталығы» ЖШС, «Қазақстан», «Хабар» секілді
телеарналардың басшылары жүре тыңдайды. Тіпті студенттерді мұндай медиа
алыптарға іс-тәжірибеге жіберу де оңай емес. Бұл жағдайды күн сайын кафедрадағы
қызметімізде көріп-біліп отырмыз.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
12
Қазақ журналистері қоғамдық өткір мәселелерді көтерген кезде батылдық
танытқанымен, өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық ахуалының қиындығы жайында
айтып, жазудан ұялып, қысылады. Журналистердің жалақысы аз екені, тұрғын үймен
қамтамасыз етілмейтіні туралы анда-санда болмаса, мүлдем сөз қозғалмайды.
Болашақ журналистерді оқытып, білім беріп жүрген оқытушылардың әлеуметтік
жағдайы да керемет деуге келмейді.
«Ақпарат
және
коммуникациялар
мәселелері
бойынша
Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер
енгізу туралы» заң жобасында «Журналистика», «Қоғаммен байланыс»,
«Медиакоммуникация»
және
т.б.
ұғымдарға
берілетін
заңдық-құқықтық
анықтамаларды нақтылап, осы салалардағы жоғары білікті мамандар даярлау,
журналистика және ақпарат қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының
қорғалуы, т.б. мәселелерге де ерекше назар аударылуы қажет.
Жақында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік
бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының
Президенті
Жарлығының
жобасы
туралы»
Қазақстан
Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлегені белгілі болды.
Жоғарыда атап көрсетілген «Журналистика», «Қоғаммен байланыс»,
«Медиакоммуникация» салаларында жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері
бүгінде орыс тіліндегі жобасы жарияланған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасының жобасына да енгізілсе дейміз.
Қорыта айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарын біліктілігі жоғары
мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешудің бір жолы
ретінде елімізде журналистика, қоғаммен байланыс, медиакоммуникация, баспа ісі
және т.б. мамандықтар бойынша магистрлер мен PhD докторларын даярлау
мақсатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тікелей бағыныстағы
дербес Ақпарат және медиакоммуникация ұлттық академиясын құруды ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |