№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата03.03.2017
өлшемі4,95 Mb.
#5593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
Түйін 
 
CHLAMYDIA ТУЫСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ 
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 
Берілген мақалада хламидиоз қоздырғыштарының  классификация зерттеулері 
және таксономия мәселері толданады. 
Түйін сөздер: Chlamydia, таксономия, молекулярлық маркерлер, 16S rRNA. 
 
Summary 
 
MODERN TAXONOMIC CLASSIFICATION OF CHLAMYDIA GENUS 
This  article  analyzes  the  study  of  classification  and  taxonomy  issues  chlamydia 
pathogens. 
  Keywords: Chlamydia, taxonomy, molecular markers, 16S rRNA. 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
33 
БІЛІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ 
– ОБРАЗОВАНИЕ И ТЕХНИЧЕСКИЕ НАУКИ  
 
ӘОЖ 687.053 
 
КӨПЖАСАР Нұрхан Әбдіразақұлы, 
«Сырдария» университеті «Информатика» мамандығының 
магистранты, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы   
 
Ғылыми жетекші: ЛЕСБАЕВ Ержан Дуйсенбаевич, 
«Сырдария» университетінің оқытушысы, ғылым магистрі, Жетісай қаласы, 
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
АСПЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТІЛДІ ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУШЫ 
ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ 
РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ 
 
Кіріспе.  Нарықтық  экономикада  сапа  проблемаларына  үлкен  көңіл  бөлінеді. 
Бұл  бәсекелестік  ортаның  болуынан  туындайды.  Маңызды  бәсекелестік  күрес 
дамыған  нарық  экономикасы  бар  елдерде  сапаны  арттыру  бағдарламасын  жасап 
шығуға  түрткі  болды.  Ғылыми  зерттеулерде  және  іс-тәжірибеде  фирмалардың 
қажетті сапалық көрсеткіштерге өнімді өндіру қабілеттерін бағалау үшін объективтік 
көрсеткіштерді  жасап  шығудың  қажеттілігі  пайда  болды.  Осынау  сипаттамалар 
өнімге  сәйкестік  сертификатымен  дәлелденеді.  Көптеген  өндіруші  фирмалар 
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа жүйесіне ие. 
Зерттеудің  өзектілігі.  Қазіргі  уақытта  білім  мекемелері  қызметкерлерінің 
кәсіби  қызметтерінің  сапасын  бағалау  проблемасы  күн  өткен  сайын  өзекті  болып 
барады,  өйткені  педагогтардың  кәсіби  қызметін  тиімді  басқару  үшін  жағдай  жасау 
жауапкершілігі білім беру мекемелерінің басшыларының мойнында. Әрине, осынау 
проблеманың  шешімі,  педагогикалық  қызметкерлердің  кәсіби  қызметінің  сапасын 
бағалаудың құралдарын жасап шығу арқылы мүмкін болмақ. 
Оқу  орнын  басқару,  оның  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  етудің  стратегиялық 
міндетін  шешу  мақсатында  басқару  әсерлерінің  белгілі  бір  жиынтығын  таңдау  мен 
жүзеге асырудан тұратын күрделі үдерісті білдіреді. 
Ақпараттық технологиялар тиімді басқарудың мүмкіндіктерін едәуір мөлшерде 
кеңейтеді,  өйткені  оқу  орны  қызметкерлерінің  құзырына  ақпаратты  өңдеу  мен 
талдаудың, басқару шешімдерді қабылдауға қажетті ең жаңа әдістерін береді [1]. 
Білім беру үдерісінің субъектісі ретінде, білім берудің сапасына мүдделі, ЖОО-
ның  сапа  менеджменті  жүйесіне  тартылатын  оқытушы-профессор  құрамын 
ұғынатын боламыз.  
Қызмет  түрі  ретіндегі  басқару,  қазіргі  шектеулер  жағдайында  (материалдық-
техникалық  ресурстар,  маман-кадрлар,  нормативтік  құжаттар)  білім  беру  сапасын 
арттыру  үшін  нәтижелерді  одан  әрі  қарай  пайдалану  мақсатында  ақпаратты 
жинаудың,  талдау  мен  өңдеудің  күрделі  үдерісін  білдіреді.  ЖОО-да  білім  беру 
үдерісін  басқаруды  жетілдіру  бағыттарының  бірі,  ЖОО-ның  білім  беру  үдерісі 
субъектілері қызметінің көрсеткіштерін, ақпараттық технология құралдарының және 
деректер шоғырын сақтау арқылы мониторингтеуді ұйымдастыру болып табылады. 
Отандық білім беру саласын жаңарту оқытушылар еңбегінің сапасына жоғары 
талаптарды  қояды.  Оқытушы  қазіргі  заман  талаптарына  қандай  дәрежеде  сәйкес 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
34 
келетіндігіне  мамандарды  дайындау  сапасы  байланысты  болады.  Сонымен  бірге, 
оқытушыларды  бағалаудың  қалыптасқан  тәжірибесі  әлі  де  болса  жетілдіруді  көп 
қажет етеді, өйткені оның анық критерийлері жоқ және де жүйелі түрде субъективті 
және жалпылаушы амалдарға бейімделеді [2]. 
Қалыптасып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында оқытушының рөлі мен 
оның еңбек сипатының өзгеруі педагог тұлғасының дамуы, кәсіби білімдер жүйесін 
жаңарту және оның әдістемелік шеберлігін жетілдіру проблемасына жаңаша қарауға 
мәжбүрлейді. 
Сапалы жұмыс істеуші оқытушы «портретін» құру – білім беру мекемелерінің 
білім  алушыларға  беретін  білім  беру  қызметтерінің  өзекті  міндеті  және  сапа  кепілі 
болып табылады. 
Оқытушылар  қызметінің  сапасын  бағалаудың  автоматтандырылған  жүйесін 
енгізу кафедраны басқарудағы маңызды қадам болып табылады. 
Жұмыстың  мақсаты:  оқытушылардың  қызмет  сапасын  бағалаудың 
автоматтандырылған жүйесін жасап шығу. 
Осы мақсатқа жету үшін мына келесі міндеттер шешілді: 
- Кафедраның қызметін зерттеу; 
- Теорияны оқытушылар жұмысының сапасы бойынша зерттеу; 
-  ЖОО  оқытушыларының  қызметін  бағалау  бойынша  қолда  бар  әдістердің 
тәжірибесін зерттеу; 
- Ақпараттық-талдау жүйесі модулін жобалау және жүзеге асыру; 
-  Зияткерлік  компоненттерді  пайдалана  отырып,  оқытушылардың  жұмыс 
сапасының рейтингін бағалау әдістемесін жасап шығу; 
-  Оқытушылардың  рейтингін  ақпараттық-талдау  жүйесінің  көмегімен 
тәжірибелік тұрғыдан бағалау.  
Жұмыстың  ғылыми  жаңалығы.  Қазіргі  уақытта  қоғам  дамуының  басым 
бағыттарының бірі – адам іс-әрекетінің түрлі саласына, соның ішінде білім саласына 
ақпараттық  технологияларды  енгізу  болып  отыр.  Білім  беру  үдерісінің  сапасын 
қамтамасыз етудің аса маңызды шарттарының бірі – жоғары оқу орнының білім беру 
үдерісі  субъектілерінің  қызметі  көрсеткіштерінің  электронды  ақпараттық  деректер 
банкін  және  жоғары  кәсіби  білім  берудің  деңгейлік  жүйесіне  көшу  жағдайларында 
оларды бағалаудың рейтингтік жүйесіне өту болып табылады. 
Зерттеу әдісі. Зерттеулердің міндетіне шкалалардың, критерийлер мен олардың 
маңыздылығының  кафедраларды  бағалау  нәтижелеріне  ықпалын  қарастыру  кірді. 
Көрсеткіштер ретінде олардың жеке айырмашылықтары пайдаланылды. 
Практикалық  құндылығы.  Университеттегі  кафедра  рейтингінің  мақсаты 
біліктілікті,  кәсібилікті  арттыру,  шығармашылық  бастаманы  дамыту,  сондай-ақ 
ЖОО-ның  жалпы  білім  беру  кеңістігіндегі  имиджін  арттыру  болып  табылады. 
Жобаның  практикалық  маңыздылығы  мынадан  тұрады:  ақпаратты  сапалы  әрі 
жылдам  өңдеудің  арқасында  оқу  үдерісін  басқарумен  байланысты  шешімдерді 
қабылдауға жұмсалатын уақыт қысқаратын болады. 
Шешу әдісі. Белсенді жүйелердің көптеген Х жоспарларда көрініс тапқан YАС 
(Х, Ω) мақсаты бар делік. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін шешім қабылдаушы тұлға 
арнайы құрылымы бар ұйым құрады. Х жоспарын жасауға немесе оған қол жеткізу 
үшін,  орталық  бірнеше  басқарушылық  U  әрекеттерді  жүзеге  асырады.  Ол  үшін 
шешім қабылдаушы тұлға белсенді элементтермен  хi Î X жоспарды орындау туралы 
ақпараттар  жинайды.  Жоспарлардың  орындалуы  туралы  жоспарлардың  жиынтығы 
көпшілігі болып анықталады. 
S
~

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
35 
Өзінің  мазмұны  жағынан  бұл 
Î
ақпарат  құрады,  ондағы 
i  –  хi  белсенді 
элементтің  (АЭi)  жоспарының  орындалуы  туралы  мәлімет  болып  есептеледі. 

мәліметтерді  жинап  болғаннан  кейін,  орталық  p:X®U  жоспарлау  тәртібін  түзетеді. 
Шын мәнінде, p тәртібін жүзеге асыру үшін, 
 біз мәліметтерін жинауымыз керек, 
ал 
 әкімшілік бақылау тәртібінің көмегімен іске асады. 
Бұл тәртіпті біз АК:G(h)®
белгілейміз, ондағы hΠU: y=G(h) оның ішінде yΠA 
белсенді  жүйелердің  жағдайын  сипаттайды.  АК:G(h)®
тәртіпті  сараптай  келе,  біз 
белсенді  жүйелердің  p  жоспарларын  түзету  тәртібі  үшін  арнайы  рөл  атқаратынын 
түсінеміз. 
Шешім  қабылдау  процесінің  негізгі  принципі  нұсқалардың  нәтижелердің 
берілуі және ортаның жағдайы туралы ақпарат берілуін қажет етеді [3]. 
Х – нұсқалар тобы (альтернатив тобы); 
Y – орта жағдайы; 
А – нәтижелер тобы. 
Бұл жерде: 
Х=


n
x
x
x
x
,...,
,
,
3
2
1

Y=


n
y
y
y
y
,...,
,
,
3
2
1

A=


n
a
a
a
a
,...
,
,
3
2
1
; болып жазылады. 
Жоғарыда айтылғандай a=F(x,y). 
Мұндағы  x
X,  yY  болып,  ал  F  –  функция  ендіру  функциясы  деп  аталады 
(Кесте 1). 
Бұл функция шешім қабылдау теориясында кесте көрінісінде беріледі. 
Кесте 1 – Ендіру функциясы 

y
1
 
… 
y

… 
y

x

F(x
1
,y
1

… 
F(x
1
,y
1

… 
F(x
1
,y
m













 



x
i
 
F(x
i
,y
1

… 
F(x
i
,x
j

… 
F(x
i
,y
m



















x

F(x
n
,y
1

… 
F(x
n
,y
1

… 
F(x
n
,y
m

 
   
 
 
Мұндай жағдайда ендіру функциясы арқылы шешім қабылдау деп атаймыз. 
Жоғарыдағы  айтылған  алгоритмдердің  негізінде  қолданбалы  бағдарлама 
жасалды.  Объект  ретінде  ЖОО  таңдалды,  төменде  бағдарламаның  демонстрация 
көрінісі келтірілген (Сурет 1). 
 
S
~
S
~
S
~
S
~
S
~
S
~
S
~
S
~

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
36 
 
Сурет 1 – Мекемені тиімді басқару бағдарламасының толық интерфейсі 
1-ші  суреттен  байқағанымыздай,  бағдарлама  «Менеджер»,  «Начальник»  деген 
екі бөліктен тұрады. «Менджер» бөлімінде анықтамалықтар енгізіледі (Сурет 2). 
   
 
а) қызметтер  
 
 
 
б) тапсырмалар 
     
 
в) жауаптылар 
 
      г) қызметкер 
Сурет 2 – Бағдарламаның «Менеджер» бөлімі 
Бағдарламаның 
«Начальник» 
бөлімінде 
қызметкерлердің 
орындауға 
тапсырмаларын және есебін жүргізеді (Сурет 3). 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
37 
 
Сурет 3 – Бағдарламаның «Начальник» беті 
Жоғарыдағы  суретте  көрсетілгендей,  қызметкердің  орындаған  тапсырмалары 
ендіріледі,  біздің  жағдайымызда  қызметкер  Болат  Кошкинбаев,  қызметі  оқытушы, 
төменде  таблицалық  бөлімде  оның  орындаған  тапсырмалары  ендірілген,  әр 
орындаған тапсырмасына балл берілген. 
Осы тәртіпте қалған қызметкер жайында мәліметтер, орындаған жұмыстарына 
балдық жүйеде 3 суреттегідей ендіріледі. 
«Начальник»  бетінде  (Сурет  4)  қызметкерлердің  орындаған  жұмыстарының 
нәтижесін алу үшін «Отчет 1», «Отчет 2» қатарлар пайдаланамыз. 
Төменде  қызметкерлердің  орындаған  жұмыстарының  есебі  келтірілген  (Сурет 
4). 
 
Сурет 4 – Қызметкерлердің есебі 
Жоғарыдағы келтірілген есепте а) суретте қызметкерлердің жұмыс нәтижесі, ал 
б) суретте жекелей тапсырмалар бойынша орындалған жұмыстар есебі жасалған. 
Қорытынды.  Сапаны  үнемі  арттырып  отыру  әдістері  мен  тәсілдерін  қолдану 
әрбір  ұйымға,  олардың  қызмет  саласына  қарамастан  бәсекеге  қабілеттілігін 
арттырып отыруға мүмкіндік береді. 
Жақсарту  –  стандарттың  жай  талабы  ғана  емес.  Бұл  кез-келген  ұйымның 
қызметінің табиғы терең мәні болып табылады. Әрқашан мынаны есте сақтау қажет: 
кейбіреулер  жақсартудың  қажеттілігі  жөнінде  ойланып  жатқанда,  мұны 
тұтынушылар қалап отырады және бәсекелестер жасап жатады [4]. 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
38 
Әдебиеттер 
1  Герова  Н.В.  Автоматизированная  система  рейтингового  контроля  знаний 
студентов вуза // Программные продукты и системы. – 2009. – №4. 
2  Роговая  О.М.,  Дергачева  Ю.Ю.  Методические  рекомендации  по  созданию 
информационной  системы  управления  туристической  фирмой  //  Дистанционное  и 
виртуальное обучение. – 2012. – №5. 
3 Штойер Р. Многокритериальная оптимизация. – М.: РиС, 1992. 
4  Положение  рейтинговой  системы  оценки  деятельности  субъектов  НАУ  // 
Розраб.: А.В. Шостак. – К.: Изд-во НАУ, 2002. – 5 с. 
 
Резюме 
В  данной  работе  рассматривается  разработать  автоматизированную  систему 
оценки  качества  деятельности  преподавателей.  Практическая  значимость  проекта 
заключается в том, что за счет качественной и быстрой обработки информации будет 
сокращено  время  на  принятие  решений  связанных  с  управлением  учебным 
процессом. 
 
Summary 
In  this  paper  we  consider  to  develop  an  automated  quality  assessment  system  for 
teacher performance. The practical importance of the project lies in the fact that due to the 
high quality and fast data processing time will be reduced to take decisions related to the 
management of the educational process. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
39 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
АБИЛХАЙРОВА Гулзия Закарьевна, 
Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық 
колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 
Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Ертеңгі  келер  күннің  бүгінгіден  гөрі  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат 
қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді 
ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. 
Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету 
және  жаңа  ақпараттық  қоғамда  ақпараттық  технологияны  пайдалану,  ақпараттық 
мәдениетпен  байланысын  кеңейту  мүмкіндіктері  мол.  Өркениеттің  өсуі  ақпараттық 
қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім 
мен  техниканың  даму  деңгейі  әрбір  адамға  сапалы  және  терең  білім  мен  кәсіби 
іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап 
етеді. 
«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 
стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»,  -  деп  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп отыр. 
Білім  ақпараттық  қоғамда,  жаһандану  заманында  құнның  негізгі  көзіне 
айналуда.  Ғылым  мен  жаңа  технологияларды,  білім  беруді  дамытудың  жаһандық 
үрдістері: 
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар; 
2. Ақпараттық мәдениет орталығы. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
40 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияға 
интернет, 
теледидар, 
электрондық 
почта, 
радионы 
жатқызуға 
болады. 
Мұғалім 
ақпараттық 
коммуникациялық  технологиялар  арқылы  студенттермен  байланысын  жеке-дара 
жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. 
Мультимедия  кабинетінде  электрондық  оқулықпен  сабақ  берудің  тиімділігі 
көп:  1.  Оқытушы  білім  алушыға  білімін  бағалауды  компьютерге  жүктейді.  Бұл 
бағалау  көрсеткіштерінің  нақты,  дәл  болуын  қамтамасыз  етеді;  2.  Студент  жеке 
жұмыс  жасайды;  3.  Оқытушы  білім  алушының  жағдайын  толық  көріп,  әрбір  білім 
алушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. 
Сонымен  қатар  пәндерді  оқыту  әдістемесіне  интернет  жүйесін  қосу  сапалы 
білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту студенттердің өзара 
ақпарат  алмасуын  мүмкін  етеді,  танымдық  қызметін  арттырады,  білім  алуға 
қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. 
Студенттердің 
мұндай 
қабілеттерін 
ашып, 
танымдық 
іс-әрекетін 
қалыптастыратын, әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім 
тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  меңгеру  – 
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. 
Қазіргі  қоғамдағы  білім  жүйесін  дамытуда  ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-
технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. 
Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді, 
әрі  білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып 
табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан-жақты, 
жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  11-бабының  9-
тармағында  оқытудың  жаңа  технологияларын,  оның  ішінде  кәсіптік  білім  беру 
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез 
бейімделуіне 
ықпал 
ететін 
кредиттік, 
қашықтан 
оқыту, 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. 
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық 
кеңістікті  құру  енгізілді.  Ақпараттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті 
білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру 
саласында  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы 
білімнің  сапасын  арттыру,  білім  беру  үрдісін  модернизациялаудың  тиімді  тәсілдері 
пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. 
Білім  –  болашақ  бағдары,  кез-келген  маман  даярлайтын  оқу  орнының  басты 
міндеттерінің  бірі  –  жеке  тұлғаның  құзыреттілігін  дамыту.  Құзірет  –  білім 
алушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-
әрекетіне  қажетті  білім  дайындығына  әлеуметтік  тапсырыс.  Құзыреттілік  –  білім 
алушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. 
Ақпараттық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  тұлғаның  әртүрлі  ақпаратты  қабылдау, 
табу,  сақтау, оны жүзеге асыру  және ақпараттық-коммуникациялық технологияның 
мүмкіндіктерін 
жан-жақты 
қолдану 
қабілеті. 
Студенттердің 
түпкілікті 
құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері. Құзіреттілікті білім алушының пән 
бойынша  игерген  білім,  білігінің  жинағы  деп  қабылдауға  келмейді.  Ол  –  оқу 
нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана 
алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. 
Ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудың  басты  мақсаты  –  оқушыларды 
ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
41 
компьютерлік  технологияны  өз  қызметтеріне  еркін,  тиімді  пайдалана  алу 
қабілеттерін қалыптастыру. 
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам 
дамып  келе  жатқан  кезеңінде  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  қажетті  шартқа 
айналып отыр. 
Коммуникация  –  ақпаратты  тасымалдап  жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін 
және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. 
Ақпараттық-коммуникативтік  технология  жағдайындағы  жалпы  оқыту 
үрдісінің  функциялары:  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту,  ақпараттық  болжамдау  және 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытумен  анықталады.  Оқытудың  ақпараттық-
коммуникативтік  және  интерактивтік  технологиялары  бағыттары:  а)  электронды 
оқулықтар;  ә)  телекоммуникациялық  технологиялар;  б)  мультимедиалық  және 
гипермәтіндік технологиялар; в) Интернет ақылы қашықтықтан оқыту (басқару). 
Сабақта АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек? 
Біріншіден,  құрал-сайман,  кем  дегенде  бір  компьютер,  оқытушының  идеалды 
түрде  автоматтандырылған  жұмыс  орны,  бірнеше  оқушы  жұмыс  орны, 
видеопроектор және интерактивті тақта керек. 
Екіншіден,  компьютерде  жұмыс  істеу  дағдысы  бар  мұғалім  мультимедиялық 
проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет. 
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет. 
Интерактивтік  оқыту  технологиясы  –  бұл  ұжымдық,  өзін-өзі  толықтыратын, 
барлық  қатысушылардың  өзара  әрекетіне  негізделген,  оқу  процесіне  оқушының 
қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. 
Интерактивтік  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен  білім  алушы  мен  мұғалімнің  қарым-
қатынасы  тікелей  жүзеге  асатын  сұхбаттасып  оқыту  болып  табылады.  Сабақтағы 
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына 
қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-
қатынас жасауды дамытуды ұсынады. 
Қоғам  жағдайында  кез  келген  педагогқа  ақпараттық  білім  негіздерін  игерту, 
ақпараттық-коммуникациялық  технология  (АКТ)  құралдарын  өзіндік  білім  алуға 
қолдану  мен  оның  мүмкіндіктерін  кәсіби  қызметтеріне  танымдық  және 
дидактикалық  құрал  ретінде  пайдалану  дағдыларын  қалыптастыру  қажеттігі 
туындайды. 
Сондықтан 
әрбір 
педагог 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың  мүмкіндіктерін  базалық  тұрғыдан  игеруі  мен  оны  оқу-тәрбие 
үдерісіне  тиімді  қолдана  білуі,  интернет  желісін,  ғаламдық  ақпарат  жүйесін  кәсіби 
деңгейде пайдалана алуымен сипатталады. 
Аталған  талаптарды  іске  асыру  педагогтардың  кәсіби  құзырлылығына 
қойылған  міндеттердің  бірі  ретінде  жүктеледі.  Біліктілікті  арттыру  жүйесінде 
педагогтардың 
ақпараттық-коммуникациялық 
құзырлылығын 
қалыптастыру 
дағдыларын мына түрде жіктей аламыз: 
-  Ақпараттарды  сұрыптау  дағдысы;  кез  келген  ақпараттық  үдерістер 
(ақпараттарды  жинау,  кодтау,  жіберу,  сақтау,  өңдеу,  түрлендіру)  мен  жоғары 
деңгейдегі 
технологиялар 
құрамына 
енетін 
элементарлық 
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар; 
-  Орта  деңгейдегі  технологиялардың  қызметін  атқаруды  іске  асыратын  және 
белгілі  бір  салалар  бойынша  технологияларды  (мәтіндік  процессор,  кестелік 
процессор, деректер қоры, эксперттік жүйелер, гипер мәтіндер, модельдеу жүйелері) 
қолдануға бағытталған базалық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; 
- АКТ арқылы алған білімін практикамен байланыстыра білу дағдысы; 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
42 
- Өздігінен білім алудың ақпараттық ортасын құра білу дағдысы; 
- Онлайн режиміндегі интерактивтік сабақтарды талдай алу дағдысы; 
- Кәсіби іс-әрекетіне АКТ құралдарын сұрыптап, пайдалана алу дағдысы; 
-  Интерактивтік  қарым-қатынастар  жасау  арқылы  тәжірибелерін  ортаға  салу 
дағдысы; 
-  Цифрлық  білімдік  ресурстармен  жұмыс  жасай  алу  және  олардың  сапасын 
анықтау мен жасау дағдысы; 
-  Интернет-технология,  мультимедиа,  ақпараттық-басқарушы  жүйелер  сияқты 
базалық  және  элементарлық  ақпараттық  технологиялардан  құралған  қызметтерді 
іске асыруға негізделген жинақталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 
Аталған жіктемелер бойынша біліктілікті арттыру жүйесін деп педагогтардың 
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру технологияларын мына 
түрде топтауға болатындығы анықталды: 
- Ақпараттарды өңдеу мен сақтауға негізделген технологиялар; 
- Ақпараттар қорымен жұмыс жасауға негізделген технологиялар; 
- Құбылыстар мен үдерістерді модельдеуге негізделген технологиялар; 
- Эксперттік жүйелер технологиясы; 
- Мультимедиа технологиясы; 
- Интернет-технология; 
-  Оқытудың  қазіргі  әдістерін  меңгеруі  мен  педагогикалық  процесті 
компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы; 
-  Педагогтар  мен  оқушылардың  ХХІ  ғасырдың  ақпараттық  технологиясына 
инновациялық және базалық дайын болуы; 
- Студенттердің оқу материалын көрнекі мультимедиялық құралдарды қолдану 
арқылы жақсы меңгеруі; 
-  Ақпарат  ресурстарына  локальді  желі  немесе  Интернет  арқылы  шығуы  XXI 
ғасырдың  медиасауаттылық,  сын  және  жүйелі  ойлау,  шығармашылық  міндеттерді 
шешуге  қабілеттілігі,  командада  жұмыс  жасай  білу,  дербестік,  терең  ойлай  білу, 
азаматтық  сананың  болуы  сияқты  қасиеттерден  тұратын  сапасы  мен  білігінің  даму 
деңгейі; 
- Әлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілу; 
-  Орта  қатысушылары  арасында  мәліметтермен  ауысудың  стандартталған 
механизмдері; 
-  Халықтың  оқу  мекемелері  ұсынған  білім  беру  қызметінің  кешенімен 
қамтамасыз етілуі; 
- Педагогтер мен студенттердің оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу 
әдістемелік кешенмен және т.б. еркін таңдауының қамтамасыз етілуі; 
-  Оқытушылар  мен  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекет  мотивациясының, 
қарым-қатынас мотивациясының, қол жеткізу мотивациясының жоғары деңгейі. 
Сонымен,  біліктілікті  арттыру  жүйесінде  педагогтардың  өзінің  кәсіби-
педагогикалық  қажеттілігін  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 
негізінде  сапалы,  әрі  белсенді  түрде  қамтамасыз  ететіндей  олардың  ақпараттық-
коммуникациялық  құзырлылығын  қалыптастыру  олардың  кәсіби  тұрғыдан 
шыңдалуына көп көмегін тигізері даусыз. 
Оқытушы  үнемі  ізденісте  бола  отырып,  жаңаша  оқытудың  модульдік, 
рейтингтік  жүйе,  дамыта  оқыту,  сын  тұрғысынан  ойлау  технологияларының  әдіс-
тәсілдерін  өз  ізденісі  арқылы  оқушы  қабілетіне,  қабылдау  деңгейіне  қарай  іріктеп 
қолданғаны  жөн.  Сонымен  қатар  психологиялық-педагогикалық  білімін  жетілдіріп 
үйренумен  қатар,  сол  білімін  өз  ісінде  шабар  пайдалана  білетін  болуы  керек. 
Студенттің кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
43 
Білім  беру  құзіреттілігі  –  білім  беру  қызметінде  кәсіби  білімді,  білік  пен 
дағдыны,  мақсат  қоюшылықты  игеруге  деген  қызығушылық  және  білім  беру 
қызметінде  субъектілік  пен  креативтіліктің  дамуына  ынталылық  педагогикалық 
және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қабілеті. 
Кәсіби  құзырлылық  –  оқытушының  біліктілігін  арттыру,  қоғам  алдындағы 
жауапкершілікті  сезіну,  жоғарғы  деңгейге  үнемі  ұмтылу  мен  үнемі  ізденіс, 
жаңашылдығы  мен  жаңалықты  қабылдай  білуі  мен  қолдана  білу,  адами 
құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу. 
Мұғалім  –  сабақтағы  негізгі  әрекетті  тұлға.  Сондықтан  компьютер  мен 
мультимедиалық  құралдарды  оқытудың  тек  инструменті  (құрал-сайманы)  ретінде 
қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді. 
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен 
алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. 
Бүгінгі  бала  –  ертенгі  жаңа  әлем.  Бүгінгі  күні  ақпараттар  ағымы  өте  көп. 
Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген  педагог  өз  ойын  жүйелі 
түрде жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және  ақпараттық  мәдениеті  дамыған, 
интерактивтік  тақтаны  пайдалана  алатын,  Он-лайн  режимінде  жұмыс  жасау 
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. 
Заман  талабына  сай  жаңа  технология  әдістерін  үйрету,  бағат-бағдар  беруші  – 
біз, мұғалімдерміз. Оқушыларымыз жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға 
бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар 
қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет