№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата03.03.2017
өлшемі4,95 Mb.
#5593
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Талшын  ағашының  жаңғақтары.  Олар  крахмалдар,  жасұнық,  минералдар, 
қанттар,  басқа  жаңғақтармен  салыстырғанда  кешенді  витаминдер  А,  С  және  В, 
майлы май емес каштанды қамтиды. Бірақ ол белоктар мен көмірсулар көп мөлшері 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
109 
бар.  Қоңыр  темір,  калий,  натрий,  фосфор,  мыс,  кальций  және  магний  –  қазіргі 
минералдық заттар. 
 
Ағаш қабығында танин, esculin, triterpenoid сапониндер escin, гликозидтері бар. 
Жапырақтарында  рутин,  spireozid,  каратиноидами,  флавоноид  қосылыстары, 
aspralgin  бар.  Жылқы  қоңыр  гүл,  сондай-ақ  тым  ескі  және  flavonoevymi 
қосылыстарына бай. Оның тұқымында сапонин escin, майлы май, крахмал және илеу 
бар. 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
110 
Медицинада қолданылуы: қанның ұюын азайтады, ішек ауруларын, варикозды 
және  ревматизмді  емдейді,  көк  жөтелге  қарсы  қолданылады,  несеп  жолына  және 
бүйрекке  тас  жиналғанда  пайдалы,  жүрек  және  қан  тамырлары  ауруларында, 
бронхит және демікпе кезінде пайдаланылады. 
 
Талшын ағашының құрылысы және оның өсуі 
 
Талшын ағашынан жасалған дәрілер 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
111 
 
Талшын ағашының парфюмерияда қолданылуы 
 
 
 
 
 
Талшын ағашынан жиһаздар жасау 
 
Талшын жаңғағының ұны 
 
Талшын  ағашының  зиянкестеріне:  сымқұрт,  күйе-көбелек,  ал  талшын 
ағашының ауруларына: жапырақтың тат басуы мен ерте қурап қалуы, саңырау құлақ 
ауруы жатады. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
112 
 
 
Қорытынды.  Өмірде  әлі  мен  білмейтін  дүниелер  көп  екен.  Атамның  үйінде 
өсіп,  жайкалып  тұрған  әдемі  ағаштарды  көріп,  қызықтым.  Мен  осы  ағаштың  атын 
және қалай өсетіні туралы білгім келді. 
Үлкен қалаларда жол  бойында осы ағаштар  тізіліп өсіп тұрады. Қалаға әдемі, 
сұлу сән беріп, көрік беріп, ауаны тазартып тұруға көмектесетінін білдім. 
Талшын  ат  ағашы  (конский  каштан)  –  пайдалы  өсімдік  екен.  Осы  зерттеу 
жұмысымда  талшын  ағашынан  ұн  жасалатынын,  тәтті  тоқашқа  пайдаланатынын, 
дәрі-дәрмекке,  парфюмерияда  және  жиһаз  жасағанда  пайдаланатынына  көз 
жеткіздім. 
Келешекте бұдан да басқа тақырыпта қызықты зерттеулер жүргізгім келеді. 
 
Әдебиеттер 
1 Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. – Алматы, 1990. 
2 Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. 
3 Қазақстан «Қызыл кітап» беттерінен. 
4  Құлжабаева  Г.Ә.  Өсімдіктер  әлемі.  Оқу-әдістемелік  кешені.  Ағаштар. 
Дидактикалық материал. – Алматы, 2010. 
5 «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. 
 
Резюме 
Каштан  –  дерево  тёплого  умеренного  климата.  Древесина каштана  по 
внешнему виду и свойствам очень похожа на древесину дуба. Каштан употребляется 
в медицине, парфюмерии, в производстве мебели. 
 
Summary 
Chestnut – tree warm temperate climate. Chestnut wood in appearance and properties 
very similar to oak wood. Chestnut used in medicine, cosmetics, furniture production. 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
113 
НҰРМАНҚҰЛ Дана Алматқызы, 
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы
Жаңа жол ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТУМЕНБАЕВА Гульнара Бактыбековна, 
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі «Биология» пәнінің мұғалімі, 
Жаңа жол ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ҚЫМЫЗДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ 
 
Жобаның маңызы: 
Білімділік – қымыз туралы деректерді жинақтау; 
Дамытушылық  –  оқушының  ойлау  және  сөйлеу  қабілетін  дамытып, 
іздемпаздық қасиеттерін дамыту; 
Тәрбиелік  –  оқушыға  қымыз  халқымыздың  ежелден  келе  жатқан  сүйікті 
сусындарының бірі екенін түсіндіріп, оны бағалап, қастерлеуге тәрбиелеу. 
Кіріспе. Бұл – қымыздың көптеген пайдасы туралы жазылған жоба. 
Мақсатымыз: қымыздың түрін, пайдасын үйрету. 
Міндеттеріміз: 
- Қымызды дайындау тәсілдерімен танысу; 
- Қымыздың түрлерін ажырата білуге үйрету; 
- Қымыздың адам ағзасына пайдалылығы туралы деректер жинау
- Қымыз туралы қосымша деректер жинақтау; 
- Жылқы бағатын, сауатын адамдармен жүздесу; 
- Қымыз туралы зерттеулермен танысу. 
Жұмыстың нысаны: жылқы сүті – қымыз. 
Болжам: қымыз туралы көп білгім келеді. 
Нәтижесі:  қымызды  зерттей  отырып,  оның  жұқпалы  аурулардың  алдын  алу 
қасиеттерін ашу. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
114 
Қымызды  мен  ең  алғашында  нағашы  атамның  үйінде  ішіп  көрдім.  Мен  ес 
білгелі нағашы атам жылқы сауып, маған аш қарында саумал ішкізетін. Кешке дейін 
қымыз ішіп жүреміз. Содан бері қымызды жақсы көріп кеттім. 
Осы  жұмысым  арқылы  қымыздың  пайдасы,  оның  шөліңді  қандыратын  сусын 
және адам денсаулығына өте пайдалы екенін айтқым келеді. 
 
Қымыз – жылқы сүтінен алынатын сусын, дәмі қышқыл болып келеді. Қымыз 
туралы әңгімесізді бастамас бұрын жылқы туралы қысқаша мәлімет берейік. 
Қазіргі  жылқы  тұқымдарын  зоологиялық  тәртіппен  жіктегенде,  олар 
сүтқоректілер  класына  (Mattalia),  дара  (тақ)  тұяқтылар  (Perissodactyla)  отрядына, 
жылқы  тұқымдастарына  (Equidae),  жылқы  туыстарына  (Equus),  кәдімді  жылқы 
түрлеріне (E. caballus) жатады. 
Жылқы тұқымдары: есек, құлан, зебра және қазіргі жылқы болып төрт туысқа 
бөлінеді.  Олардың  ішіндегі  екі  түрі  жылқы  мен  есек  қана  қолға  үйретіліп,  үй 
жануарларына айналған. 
Үй  жағдайында  жылқы  етінің,  бие  сүтінің,  ірімшік  пен  іркіттің  аса  бағалы 
тамақтық  өнім  екендігі  жөнінде  ежелгі  грек  ойшылдары  Герадоттың,  Страбонның 
еңбектерінде,  сондай-ақ  Шығыстың  ұлы  ойшылы  Әбу  Әли  ибн-Синаның 
еңбектерінде айтылады. 
Шығыс халықтары жылқы етін сиыр мен қой етінен қашан да жоғары санаған, 
тамаққа  арнайы  өсірілген  жылқы  тұқымының  етін  пайдаланған.  Жылқы  етін  және 
сүтін славян халықтары да қолданған. 
Қазақстанда жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі 
және көп сырлы салалардың бірі. Жылқының еті, қымызы, сондай-ақ, қазы-қартасы, 
жал-жаясы – халықтың сүйікті тағамы. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен 
қатар,  жылқы  терісі  жеңіл  өнеркәсіптік  былғары  бұйымдарына,  вакцина  және  қан 
сарысуын (сыворатка) жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де 
жылқыға деген талап артып отыр. 
Қазақ  халқының  дастарханын  қазы-қартасыз,  жал-жаясыз,  қымызсыз  елестету 
мүмкін  емес.  Қымыз  туралы  өлеңдерде,  мақал-мәтелдерде  көп  айтылады,  әйел 
адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған екен. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
115 
Қымызды  дайындау  үшін  биеге  күтім  жасап,  оны  құнарлы  жем-шөппен 
қамтамасыз ету керек. Тұрған жері таза болса, содан кейін ғана бие жақсы сүт бере 
алады. 
Биеден  тәулігіне  11  литрден  кем  сүт  шықпайды.  Сүтті  биелерінен  15  литрге 
дейін сүт сауылады. Биенің сүт беру ерекшелігі 2 сағат сайын сауып отырады, сауған 
сайын  150-200  грамнан  ғана  береді.  Кешке  дейін  жиналған  қымызды  бір  шелекке 
сүзіп, құйып қояды. Сол кезде күбіні 2 сағат ыстайды. 
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Ысталған күбіні шайып, 
сүзгіштен шелектегі қымызды құйып, соның үстіне 1 литр ұйытқыны құяды. Содан 
кейін  негізгі  жұмыс  басталады.  Күбінің  қақпағымен  жауып,  сабымен  қымызды 
піседі, қымызды неғұрлым көп піссе, соғұрлым қымыз дәмді болады. 
   
  
Таңертеңнен  бастап  қымызды  сүзіп,  ол  ыдыстарға  құйылады.  Содан  кейін 
қымызды салқын жерде сақтайды. Егер де жылы жерде бес күннен артық сақталса, 
қымыз  күшіне  еніп,  ішкен  адам  масаяды,  оны  қазақ  халқымыз  асау  қымыз  деген 
екен. Ішер алдында жақсылап сапырып ішеді. 
Әжеміз  бізге  үнемі  бал  қымыз  жасайды.  Қымыз  құрамына  мейіз,  бал  немесе 
қант қосып береді. 
Қымыздың түрлері: 
1. Сары қымыз – шөп піскен кездегі қымыз; 
2. Түнемел қымыз – торсықта сақталған қымыз; 
3. Құнан қымыз – үш күн бойы сақталған қымыз; 
4. Бал қымыз – бал мен қант қосылған қымыз; 
5. Қысырдың қымызы – қысыр қалған малдың қымызы; 
6. Дөнен қымыз – төрт тәулік бойы ашыған қымыз
7. Бесті қымыз – бес-төрт тәулік бойы ашыған қымыз; 
8. Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз. 
Сауылатын биелердің атаулары: 
- Қыран бие; 
- Құлын бие; 
- Сақа бие. 
Қымызды сақтауға арналған ыдыс түрлері: 
Қазіргі кезде көп қолданатын түрі – күбі. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
116 
Саба – ежелгі кезде ғана қолданған ыдыс. Тек жылқы терісімен тігілетін ыдыс. 
Әл-ауқатты отбасының сабасын бәйбішелері сыртын алтын, күміспен әшекейлеген. 
Торсылдақ – ежелгі кезде ғана қолданған ыдыс. 
Қымыз  –  ауруға  ем,  сауға  қуат.  Қымыздың  денсаулыққа  тигізер  пайдасын 
айтып  тауыса  алмайсың.  Қымыз  құрамында  «С»  дәрумені  мол,  сиыр  сүтімен 
салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті 
жоғары.  Оның  адам  ағзасын  әлсірететін  созылмалы  ауруларға  қарсы  күресетін 
артықшылығын да айта кеткен жөн. 
Жетекшіміз  екеуіміздің  жүргізген  зерттеу  жұмыстарымыздан  пайда  болған 
нәтиже: 
Қымыздың құрамындағы дәрумендер: А, B1, B2, C, D, E, F. 
Қымызды  қолданатын  аурулар:  авитамиоз,  сүйек  аурулары,  жүрек-қан  тамыр 
аурулары, жүйке аурулары, зәр шығару мүшелері аурулары, асқазан ішек аурулары, 
тыныс алу мүшелерінің аурулары. 
Емдік қасиеттері. Саумалдың құрамын «Клевер-2» аппаратымен тексердік. 
Қымыздың  құрамында:  нәруыз,  май  және  көмірсулар  (лактоза,  глюкоза)  бар 
екенін анықтадық. 
           
 
Ауылдық жерлерде қымыз табыс көзі болып саналады. Мысалы: 1 литр қымыз 
500  теңге  болса,  күніне  10  литр  қымызды  сатсаң  –  5000  теңге  болады.  Жаз 
айларында  қымыз  мол  болады,  ал  күз  және  қыс  айларында  бие  суалып,  қымыз 
азаяды. Сондықтан денсаулықтарыңызды жақсартқыңыз келсе, жазда сары қымызды 
ішіңіздер. 
Тазалық – жеке гигиенаның ең негізгі талаптары: 
Қымызға  жақын  жүретін  қызметкерлер  таза,  әрі  жинақы  киініп,  қолдарын 
мұқият жуып отыру қажет. Жылына екі рет медициналық тексерістен өту керек. 
Биелерді  сауу  кезінде  дәрігерлік-санитарлық  ережелерді,  тазалық  гигиенасын, 
ветеринарлық-санитарлық  шараларды  қатаң  сақтау  қажет.  Әр  сауылатын  биенің 
жеке  паспорты  (ветеринарлық-санитарлық  мекемеден  мал  кеселдерінен  сау  деген 
анықтамасы) болу қажет. Малдың қанын жылына екі рет тексеріп отыру қажет. 
Қымыз  жасалатын  бөлмеде  және  қымыз  құйылатын  ыдыстар  таза,  шыбын-
шіркейсіз, тазатқыш медициналық сұйықтықтармен тазаланып отыру керек. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
117 
 
 
Ата-бабаларымыз төрт түлік малды ерекше қастерлеп, иесінің өз малына деген 
қамқорлығының  жоғары  деңгейде  болуын  дәріптеп,  малмен  күнделікті  қарым-
қатынастың  ізгілікті  қағидаларын  ұстану  дәстүрін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіруді 
мақсат тұтқан. 
Біздің  ата-бабаларымыз  тіршілік  арқауы  болған  төрт  түлік  малдың  қадір-
қасиетін  қастерлей  отырып,  оның  бағым-күтіміне  ерекше  мән  беру  арқылы  ет,  сүт 
өнімдерінің  қорек,  қуаттылығын  толықтай  пайдалана  білді.  Соның  арқасында  тәні 
сау, жаны таза, ақ пейілді халықты осынау ұлан-байтақ өлкенің заңды мұрагері етіп 
қалдырып кетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
118 
САБЕТАЕВА Аружан, 
№41 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшілері: 
 
КАМЗИНА Гүлза Сайлауғалиқызы, 
№41 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МАКУЛОВА Айнур Дюсенкановна, 
№13 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖАЛБЫЗ – ШИПАЛЫ ӨСІМДІК 
 
Аңдатпа.  Жер  бетінде  шипалық  қасиеттері  алуан  түрлі  өсімдіктер  өседі. 
Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалы қасиеттері алуан 
түрлі өсімдіктерді адам баласы ертеден өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш 
мың  жыл  бұрын  кейбір  шығыс  елдерінде,  қазіргі  қолданып  жүрген  дәрілік 
өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. 
Бұл  жобада  Қазақстанның  құпиясы  мол  «шипалы  қоймасы»  туралы,  соның 
ішінде  жалбыздың  емдік  қасиетінің  адам  өміріне,  денсаулығына  тигізер  жаңа 
қырларын ашуға тырыстық. 
Кіріспе  бөлім.  Өсімдіктер  әлемінің  адамзат  үшін  де,  жан-жануар  үшін  де 
пайдасы зор. Ол оттегін бөлуші, ол – табиғат көркі, ол – дәрілік препарат, ол – мал 
азығы,  ол,  тіпті,  тағамдық  өнім.  Бірақ  өсімдік  ерекшелігін  білмеген  жанға  оның 
пайдасы  мен  зияны бірдей.  Сондықтан  дәрілік  өсімдіктің  өсіп-жетілу  кезеңінің қай 
мерзімінде  жинау  керектігін  жақсы  білулері  керек.  Егер  әрбір  отбасы  жаз,  күз 
айларында  тиісті  мөлшерде  дәрілік  өсімдіктерді  жинап  алып,  дұрыс  сақтаса,  онда 
жыл бойы дәрі-дәрмек іздемейді. 
Қазіргі  кезде  медицина  ғылымдары  дәрілік  шөптерге  барынша  ден  қойып,  әр 
шөптің  организмге  қаншалықты  пайдалы  екенін  кеңінен  дәлелдеуде.  Қазақстанның 
өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің 
алатын  орны  ерекше.  Дәрілік  препараттың  40  пайызынан  астамы  дәрілік 
өсімдіктерден  жасалған.  Шөптерден  жасалған  препараттардың  химиялық  құрамы 
адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен 
ерекшеленеді. 
Дәрілік  өсімдіктердің  шипалы  қасиеттері  ерте  заманнан  (Египет,  Үндістан, 
Қытай,  Греция)  белгілі.  Дәрілік  шөптер  әлемі  әлі  де  болса  толық  зерттелген  жоқ. 
Қазақстанның әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000-дай түрлі шөптер 
өседі, олардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. 
Дәрілік  өсімдіктер  жайлы  ең  алғаш  зерттеп,  еңбек  жазған  грек  дәрігері 
Гиппократ (460-377 ж.) болған. Қазақтың халық медицинасында дәрілік өсімдіктерді 
танып, танылуына ықпал еткен ертеде өмір  сүрген Әбу Нәсір  Әл-Фараби, Әбу Әли 
Ибн  Сина,  Бернули,  Әл-Джуржани  сияқты  шығыс  ғалымдары.  Көршілес  Ресей, 
Иран, Қытай, Монғолия, Тибет халықтары медицинасы қазақ елінің дәрілік шөптер 
туралы деректерін байытты. 
Жалбызды жерде жан қалар (жалбыз туралы халық аузынан). Жалбыздың 
емдік  қасиеті  ертеден-ақ  мәлім.  Оны  халық  жүз  бір  ауруға  ем  дейді.  «Жалбызды 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
119 
жерде жан қалады, ерменді  жерде ер өлмейді» деген мақал бұл  өсімдіктің осындай 
қасиетіне байланысты айтылған болса керек. 
Ел  аузында  мынадай  аңыз  бар:  «Елге  есімі  мәлім,  атағы  жер  жарған  емшінің 
жалғыз  баласы  бірде  қатты  ауырады.  Жасаған  ем-домнан  ешқандай  нәтиже 
шықпайды.  Емшінің  тау-тасты  кезіп,  жинаған  шөптерінен  жасаған  дәрілерінен  де, 
шақыртқан  басқа  тәуіптерден  де  ем  қонбайды.  Баланың  қызуы  қатты  көтеріліп, 
сандырақтап,  ес-түссіз  қалады.  Ақыры,  ем  дамымаған  бала  қайтыс  болады.  Талай 
адамды  ажалдан  құтқарып  қалған  емші  жалғыз  баласының  ажалына  араша  бола 
алмағанына қатты қапаланады. 
Аурудың  неден  болғанын  себебін  анықтау  үшін  баласының  ішін  жарып 
көрмекші болады. Сөйтсе, ішінде бір қарыстай қап-қатты зат қатып қалыпты. Емші 
әлгі  бір  қарыс  қатты заттан  құрығына  сап  жасап  алады.  Жылқыны  айдап  жүргенде 
құрығы  жерге  салбырап  түсіп  кетеді.  Күні  бойы  жер  сызып  жүрген  құрығын  үйге 
кіргенде байқаса, басындағы қатты зат  еріп, жоқ болып барады екен. Емші  жүгіріп 
шығып, жүрген жерлерін қараса, жайқалып тұрған жалбызды жер екен. 
Жалғыз баласының дертіне ем болар шөп жалбыз екенін енді ұққан қарт емші: 
«Жалғызым-ай,  жалбыз  берсем  жаның  қалар  екен-ау»,  -  деген  екен.  Осыдан  кейін 
халық аузында «Жалбызды жерде жан қалар» деген нақыл сөз тарап кеткен екен. 
Негізгі  бөлім.  Зерттеу  жұмысы  2012  жылдың  көктем,  жаз  айларынан 
жүргізіліп  келеді.  Жалбыз  өсімдігіне  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді  ауылдан 
бастадық.  Ақсуат  ауылының  маңынан  және  қала  сыртынан  үлкендердін  көмегімен 
жалбыз  жинадық.  Жинаған  жалбызды  кептіріп,  оның  ботаникалық  сипаттамасын 
зерттедік. Жалбыз өсімдігінен гербарий жасадық.  
Жетекшілеріммен  бірлесе  отырып,  түрлі  әдебиеттерден,  ғаламтордан, 
кітапханадағы  әртүрлі  басылымдардан  дәрілік  өсімдіктер  туралы,  соның  ішінде 
жалбыз  туралы  деректер  жинадық.  Биологиялық  орталыққа  барып,  жалбыздың 
биологиялық  құрамы,  оны  жинау  тәсілі,  кептіру  тәсілімен  және  емге  пайдалану 
әдістерімен таныстық. 
Жалбыз  өсімдігіне  ең  қауіпті  –  тот  екенін,  ол  ылғалды  жылдары  және  азот 
тыңайтқышының  тым  көп  болуынан  пайда  болатынын  білдік.  Жалбыздың 
жапырақтарына,  сондай-ақ,  жапырақ  жегіш-қалқан  тұмсықты  көк  қоңыз  зиянды. 
Өсімдікті  сақтаудың  профилактикалық  шаралары  –  өсімдіктің  қалдықтарын  жою 
және  өсімдікті  қырыққан  кезде  сабақ-жапырақшаларды  қиып  тастау  керек  екенін 
анықтадық. 
Адам  баласы  әр  алуан  дәрілік  өсімдіктерді  ерте  заманнан  бері  өз  қажетіне 
жаратып келген. Халық емшілері тәжірибесін зерттеу арқылы жалбыздың бір қатар 
емдік  қасиеттерін  анықтадық.  Жалбыздың  емдік  қасиетін  тәжірибеде  сынап  көру 
үшін әр түрлі тәжірибе жұмыстарын жүргіздік. 
Жалбыздың  ботаникалық  сипаттамасы,  табиғатта  таралуы.  Дәрілік 
жалбыз  –  көп  жылдық,  шөп  тектес  өсімдік.  Оның  сабағының  биіктігі  1,5  метрге 
жетеді. Тамыры қысқа, бірақ жуан, тік орналасқан, ұзындығы  50 сантиметрге дейін 
жетеді, ірі жанама тамырлары бар. Тамырынан өсіп шыққан сабағының киіз сияқты 
ұйысқан түгі бар, түсі сұрғылт көк, жоғарғы жағындағы бұтақтары қысқа. Ара тісті 
жапырақтары кезектесе орналасқан. Олардың екі жағын да тегіс түк басқан. Төменгі 
жапырақтары  3-5,  салалы,  жүрек  тәрізді,  жоғарғы  жағындағы  жапырақтары 
жұмыртқа тәрізді боп келеді. 
Жоғарғы  жағындағы  жапырақтары  арасындағы  ашық  жерлерге  гүлдері 
орналасқан, ақшыл-қызыл түсті, тостағаншасынан ірі, сына тәрізді гүл қоршауының 
ішінде  аталық  тіндері  бірігіп,  жалпы  түтік болып,  аналық  жатынды жауып  тұрады. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
120 
Олар  ұрығы  15-тен  25-ке  дейін  жететін,  бүйрек  сықылды  кішкене  дәнекер.  Шілде 
айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. 
Бұл өсімдік ылғалды жерлерде,  егістіктердің аралықтарына, өзен жағаларына, 
тау  етектеріне,  батпақты  жерлерге  шығады.  Күзде  немесе  ерте  көктемде  өсімдікті 
қазып,  тамырын  тегіс  босатып  алады  да,  ағаш  жәшіктің  ішіне  салып  салқын  сумен 
жақсылап жуады. Тамырдың жоғарғы жағындағы сабақ бөлігін және ұсақтау жанама 
тамырларын  қиып  тастап,  10-15  сантиметрдей  етіп  бөлшектейді.  Пышақпен 
сыртындағы  қабығын  тазартып,  көлеңкелі  жерлерге  немесе  темір  шатырлы  үйдің 
шатырының  астындағы  жел  соғып  тұратын  орында  кептіреді.  Егер  тамыр  әлгі 
айтылғандай  жерде  кептірілмей  1-2  күн  қалса,  сыртының  кейбір  жерлері  сарғыш 
тартып кетеді, бұл тамырдың дәрілік қасиетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. 
Бұрыш  жалбыз  –  биіктігі  1  метрге  жететін  көп  жылдық  шөп  тектес  өсімдік. 
Тамыр  сабағы  астында  көлбеу  өседі,  жіңішкелеу  келген  көптеген  қосымша 
тамырлары бар. Сабақтары түзу, төрт қырлы, қызыл түсті әрі қысқа, ұштары сүйір, 
жұмыртқа тәрізді, бірақ ұзынша келген, шеттері өткір, ара тісті, ұзындығы 8 см, ені 2 
см  шамасында.  Жапырақтары  қарма  қарсы  орналасқан,  гүлдері  ашық  қызыл  түсті, 
масақ  тәрізді.  Гүл  тостағаншасы  түтікше  тәрізді,  бес  қалақшадан  тұрады,  тәжі  су 
құятын  воронкаға  ұқсайды,  гүл  жапырақтары  біріне-бірі  жабыса  біткен.  Шілде 
айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Өсімдіктің жағымды хош иісі бар. 
Халық  емшілігінде  жалбыз  өте  жиі  пайдаланылған.  Емдік  қасиеттері  – 
ыстықты  қайтарады,  іштің  желін  айдайды,  көзді  нұрландырады,  жұтқыншақты 
жұмсартады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет