Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Алматы ақшамы», 2007 жыл, 19 мамыр



Pdf көрінісі
бет44/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53

«Алматы ақшамы», 2007 жыл, 19 мамыр

Əлия ҚҰЛДЫБАЕВА

АЛМА МҮТƏЛІПҚЫЗЫ ҚЫРАУБАЕВА...

Бұл – Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тамамдаған 

мың да ған шəкірттер үшін, қазақ əдебиетшілері мен тарихшылары, жал-

пы жұрт шы лық үшін аса қадірлі есім. Ғалымдар үйінің үлкен залына жи-

нал ған қалың көпшілікке қарап, ол кісінің халыққа қаншалықты беделді 

бол ға нын  байқауға  болады.  Көрнекті  ғалым,  ұлағатты  ұстаз  көзі  тірі 

болса, биыл 60 жасқа толар еді. Өкінішке орай, ол кісі осыдан алты жыл 

бұ рын  қатерлі  ісік  ауруынан  көз  жұмды.  Оны  пір  тұтатын  шəкірттері 

жыл сайын туған күніне орай еске алуды дəстүрге айналдырған.

Жəнібек  ЖЕТІРУ,  Алма  апайдың  шəкірті,  кинорежиссер:  «Енді 

біз бəріміз, өзім жеке басыма келетін болсақ, Алма апайдың тікелей шə-

кір ті болып есептелеміз. Біз, жаңағы, Кеңес үкіметі кезінде баяғы жұ-

мыс сыз жүрген жастарға жеңілдік жасап, Қазақ мемлекеттік универси-

тетінде дайындық курсы болатын, сол курста алғашқы келген кезде, осы 

Алма апаймен таныстық. Ұстаздарымыз енді келіп-кетіп жатыр. Бірақ 

сонда да болса, ұстаздардың ішіндегі бір ерекшесі Алма апай болды. Ол 

кісі енді сенің бойыңда қандай қасиетің бар екенін, сенің көзіңе қарап-

ақ, аузыңнан шыққан бірауыз сөзге қарап-ақ білетін». 

Кеш барысында Алма Қыраубаеваның əдебиет тарихына сіңірген ең-

бе гі атап өтілді. Ол – ежелгі дəуір кезеңін зерттеумен шұғылданған ал-

ғаш қы қазақ əдебиетшілерінің бірі. «Қазақ əдебиеті ХV ғасырдан баста-

лады» деген көзқарасты түбірімен өзгертіп, ұлттық əдебиетіміздің тари-

хын 4–5 ғасырға тереңдетті. Бұл саланы зерттеу үшін ғалым араб, парсы, 



437

ша ға тай тілдерін жетік меңгерді. Алма Қыраубаева еңбектерінің «Түркі 

əле мі» атты 30 томдық халықаралық жинаққа енгізілуі оны ғалым ретін-

де бүкіл «түркі дүниесінің» мойындағанына дəлел болады.



Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма 

төрағасы«60–70-жылдардың ішінде көп қарсылыққа қарамай, профес-

сор Бейсембай Кенжебаев бастаған қазіргі Ұлттық университеттің біраз 

талантты, үлкен беделді ғалымдары мен шəкірттері, сол санатта Мырза-

тай Жолдасбеков бар, Мұхтар Мағауин бар, міне, Алма Қыраубаева да 

осы қатарға қосылады, сол кезең-кезеңімен, əуелі мұсылмандық дəуір, 

одан кейін Орхон-Енисей деп жатқан біздің кəдімгі əдебиет тарихына 

кір ген іргелі дəуіріміз бар ғой, көк түріктер дəуірі, сол зерттеушілердің 

тия на ғын бір тоқтамға келтіре бастап еді.»

Ел болашағын ойлаған Алма Қыраубаева ұлттық педагогикаға негіз-

делген  мектеп  бағдарламасын  да  жасап  кетті.  Сонымен  қатар  ол  се гіз 

қырлы,  бір  сырлы  тума  талант  еді.  Көбіне  айтылмай,  ұмытылып  бара 

жатқан əндерді орындап, кез келген жүректі жібіте алатын майда қо ңыр 

даусымен сол əнге екінші өмір сыйлайтын.

Алма Мүтəліпқызы рухына бағышталған талай жылы лебізді апай-

дан дəріс алу құрметіне ие болған жандардың аузынан жиі естуге бола-

ды. Шынында, апай əр шəкіртінің жан-жүрегіне үңіле білген, олардың 

бо йын да ғы ең асыл қасиеттерді оятуға күш салып, қабілет-қарымын ұш-

тау ға көмектескен. Студент-жастармен тығыз қарым-қатынаста болып, 

сыр ла су ға қашан да уақыт тапқан.

Жəнібек  ЖЕТІРУ,  Алма  апайдың  шəкірті,  кинорежиссер:  «Мен 

осы əдебиетші болып қалам ба, əлде кейін киноға кетсем бе деген сияқты 

менде ой болды. Мен бірақ оны тіс жарып ешкімге айтпайтын едім. Ал 

Алма апай, мысалы, соны, шынында, оқи білді. Сөйтіп, курс аяқталған 

кезде, маған келіп, «Жəнібек, мен сені түсінбедім», – деді. «Сен қандай 

адам сың?» деп сұрақ қоюға дейін барды. Бірақ кейіннен, əрине, біздің 

жолымыз айырылып кетті. Мен университет бітіргеннен кейін бірнеше 

жыл  өндірісте  болып,  одан  Москваға  оқуға  түсіп,  осы  кинорежиссура 

ма ман ды ғы мен 20 жылдай уақыт болды, мен кино саласында жұмыс іс-

теймін, 30-дан астам деректі фильм түсірдім. Алма апайдың сабақтары 

əлі менің есімнен кетпейді».

«Сағындық сізді, Алма апай» атты еске алу кешінде кинорежиссура 

саласында танымал бола бастаған шəкірттері Жəнібек Жетіру мен Қал-

ды гүл Жаныбаева түсірген деректі фильм көрсетілді. Бұл – шəкірттер, 

достар, əріптестер естелігі. Кезінде Алма апайдың өзі де «Жаным са да-

ға» деп ат қойып, өз шəкірттері жайлы естелік жазған еді. Ұлт мүд де сін 

жоғары қоятын ұстаз ауылдан оқу-білім іздеп келген қазақтың қара ба-

ласы үшін, шынында да, жанын садаға етуге дайын тұратын... 



«Айқын», 2011 жыл, 26 мамыр

438

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ

АЛМА АПАЙДЫҢ «БАЛАЛАРЫ»

(«Дөңгелек үстел» əңгімесі)

 

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Дөңгелек үстелдің» жүргізушісі:

– Біз Алма апай туралы естегілерімізді еске түсіріп, ұлы ұстаздың жү-

ре гі міз де қалған суретін түсіру үшін шағын «дөңгелек үстел» ұйым дас-

ты рып отырмыз. Үлкеніміз Өмекеңнен бастап, шетімізден сөз аламыз. 

Ал, Өмеке, бастаңыз?!



Өмірхан ƏБДІМАНОВ, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-

верситеті  филология  факультетінің  профессоры  (Алма  апайдың 70-

жыл дар да ғы шəкірті):

– Мен апайды дүниеден өтерден үш күн бұрын көрдім. Баласына той 

жасайтын болды. Бірақ төсек тартып жатқаннан кейін той уақытын ер-

терекке ауыстырды. Алдында Алма апай ауырып қалыпты деп естідік. 

Сонан мен хабарласып едім, Астанада ауруханада екен. Ол жердің бас 

дə рі ге рі  менің  кластасым  болатын.  Сол  жігітке  хабарласып  «сендерге 

осындай адам түсіпті» дегенімде, ол «иə, түсті, қазір ол кісіге операция 

жасалайын деп жатыр» деді. Мен ол жігітке «сен Алма апайдың жанына 

бар да, менімен апайды сөйлестір» деп өтініш айттым. Содан телефон 

ар қы лы  екеуміз  сөйлестік.  Қарағандыда  ауруханада  жатқанында  тағы 

да телефон шалдым. Тұрсынбек Кəкішев тағы басқалар болып апайдың 

ба ла сы ның үйлену тойына бардық. Барып түскеннен кейін апайдың кө-

ңі лін сұрайық деп бірінші үйіне бардық. Үш бөлмелі үй берілген екен. 

Кі ріп барғанымызда денелі, етті келген Алма апай қуыршақтай болып 

қа лып ты. Тұрсекең екеуіміз жанында отырып, көңілін жұбатып, біраз əң-

гі ме лер айттық. Сонда ол кісінің айтқаны мынау болды: «Қайтейін, Құ-

дай дан сұрағаным бұл емес еді, енді басыма салғаны осы болды» деді. 

Жа ным да ғы кісілер дастарқан жайылған бөлмеге шығып кетті. Мен жа-

нынан кете алмадым. Қолынан қысып ұстап едім, маған бір сөз айтпақ 

болды. Мен естімей қалдым. «Апай, не дейсіз?» – деп едім, «Өмірхан 

айналайын, менің аяғым ашылып қалды ғой», – деді. Көрпесін жауып 

қой дым. Сол күні кешке тойына бардық. Апай тойға келе алмады.

Сол күні кешке Алматыға қайттық. Алматыға келіп, пойыздан түсіп 

жатып естідік, апай дүниеден өтіпті.

Менің айтпағым, апай өзінің кетейін деп жатқанын біліп жатыр, бірақ 

сол өлімге де берілмей жатыр екен. Біреулер жылап-сықтап, өз-өзін қи-

нап, сөйтеді ғой. Ал бұл кісі сабырлы қалпын сақтап келді. Асылдығы 

сол кезде де білініп жатты ғой.



Гүлзада  ҚҰБАШЕВА,  ақын  (Алма  апайдың 80-жылдардағы  шə -

кірті):

439

– Мен өз анам туралы айтар теңеу таппай қиналсам, Алма апай ту-

ралы  теңеу  таба  алмай  əрқашан  қиналысқа  түсемін.  Апай  туралы  бір 

өлең жаздым. 1999 жылы сол өлеңді апайдың өзіне оқып бердім. Сон-

да  апай  риза  болып  «міне,  сен  енді  нағыз  ақын  болыпсың»  деді.  Сол 

бір ауыз сөз менің өміріме тірек болды. Меніңше, апайды ұлы Абайдан 

ке йін гі данышпан деп айтсам артық емес. Соншалықты ол кісінің ұлы-

лы ғы – мыңдаған  шəкірттерінің  ішінен  «мені  ғана  жақсы  көреді»  деп 

жүр сем, қателесіппін. Ол кісі сол мың шəкіртінің де жүрегіне жол тауып 

үл ге ріп ті.



Сара ҚОЯНБЕКОВА, ғылым кандидаты, доцент:

– Данышпан адам. Апай туралы айтылар əңгіме көп. Ол кісі туралы 

қан ша айтсақ та, бітпес жыр. Түркі халқында Күлтегіннің бір сөзі бар: 

«Түр кі халқының атақ-даңқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырма-

дым» деген. Апайдың бүкіл педагогикалық, азаматтық, тəрбиелік жұ мы-

сы ның бəрі осы сөзбен салыстыруға болады деп ойлаймын. Осы сөз ді 

өзі де жақсы көруші еді. Біз оқуды дайындық курсынан бастадық. Ол 

кезде балалық па екен, көп нəрсені аңғара бермеуші едік. Қалай уа қыт 

табады десеңші?! Сабақтан бос уақытында шығарма жаздырады, əр қай-

сы мыз дың көңіліміздегі кірбіңді байқаса, əр баламен жеке сөй ле сіп, қан-

дай тақырыпта болса да, бізге ақыл-кеңес беріп отырушы еді. Аптасына 

бір-екі  рет  жатақханаға  келіп,  бізбен  бірге  шай  ішіп  отырып,  са бақ та, 

аудиторияда үлгермеген ақылын айтушы еді.

Мен соңғы кездердегі естеліктерге тоқталатын болсам, апай док тор-

лық жұмысын жазып жүрген кезде ол кісімен көбірек араластым. Сол 

кезде денсаулығында біраз ақаулар болса керек, кішкене қи на лың қы рап 

жүр ді. Мүмкін, өзін қолдаушы адам болмағаны көңіліне кірбің тү сір ді 

ме  екен,  ол  жағын  білмедім.  Апай  біздің  іргетасымызды  қалай  біл ді. 

Дұ рыс баулып, дұрыс жолға бағыттады. Біздің жүрегімізде апай мəң гі 

өш пей ді. Кітаптарын, еңбектерін жарыққа шығаруға асықты. Ол кезде 

«Алатау» жатақханасында тұрып жатты. Бір қызығы, сол жа тақ ха на да 

үй сіз-күйсіз жүрген шəкірттеріне бір бөлмесінің жарты бұрышын бө ліп 

бе ріп паналатқанына мен куə болдым. 

Апай өзі қиналып жүрсе де, өмірдің ағысынан да қалыспады. Əйел 

адамдар жаңадан автокөлік міне бастаған кезде, апай да қолына куəлік 

алып, «Жигули» мінді. Бір күні сол көлігінде апай екеуміз кетіп бара жат-

қан да: «Көрдіңдер ме, апайларың ешкімнен қалыспайтын болды», – деді. 

Мен «Апай, сіз осылай жүре бересіз бе, біліміңіз ұшан-те ңіз, адам ды ғы-

ңыз өз алдына, сіз бір жерге басшы болып отыруыңыз керек» де ге ні ме, 

«Айналайындар-ай, мұны көретін тек сендер ғой, ай на лам да ғы лар көр-

се де, көрмегенге саяды» деп наз айтты. Ол кезде тəуелсіздікті енді ғана 

алған кезіміз болатын. Сол жылдары əскери орындарда қазақ тілін жақ сы 

меңгерген, білімді адамдарды іздеп жатты. Содан апайдың жанын қой май 


440

жүріп, əскери оқу орнына алып бардым. Ол кездегі тексерудің дə ре же сін 

қандай екенін айтпай-ақ өздеріңіз білесіздер. Ол жерде əдетте тексеру 

бір жыл-екі жылға дейін жүріп отырады. Сол жерде апайға бір-екі сұ рақ 

қойғаннан-ақ кафедра меңгерушісі деген қызметке шақырды. Ең басты-

сы, ол кісілер осындай қазақ əйелінің барына таңғалушылық біл дір ді. 

Апай «бұл бір қызық болды ғой» деп біраз қобалжып қалды. Мен апай-

ға қарап «апай, бізді өмір бойы адалдыққа тəрбиеледіңіз, бірақ осыдан 

кейде таяқ жеп те жүрміз-ау» деген едім, апай рақаттана күлді. Кейіннен 

бір топ адамдардың арасында «Сара осылай айтқан еді» депті. Апай кез 

келген жерде өзін таныта білетін. Өмірдің қысқалығына қарамастан өте 

көп  жұмыстар  жасап  кетті.  Əсіресе  ғылымдағы  еңбектерін  бі ле сіз дер. 

Апайдың бойынан барлық жақсы қасиет табылатын еді. Осының ай ға-

ғы – 1995 жылы шыққан «Жаным садаға» атты кітабы.

Біз апайды ешқашан ұмытпаймыз. Шəкірттерінің жоғары дəрежеге кө-

те ріп, жан-жақты өздерін шыңдап, жоғары қызметтерде жүруі апай дың 

ең бе гі деп білемін. Апай біздің іргетасымызды қалай білді. Дұ рыс бау-

лып, дұрыс жолға бағыттады. Біздің жүрегімізде апай мəңгі өш пейді.



Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, филология ғылымдарының кандидаты:

– Алма апай туралы 16 мамыр күні еске алу кешін өткізгелі отырмыз. 

Біздің басымызды қосып отырған да – сол кісінің шапағаты. Алма апай – 

біздің екінші анамыз. Біз сол кісіге ұқсағымыз келеді, сол кісі сияқ ты 

өмір сүргіміз келеді. Қанша жылдан кейін əрқайсымыз əр жақтан ке ліп, 

басымыз бірігіп, естелік айтып отырмыз. Қысқасы, біздің бар лы ғы мыз – 

Алма апайдың балаларымыз!

Қалдыгүл ЖАНЫБАЕВА, кинорежиссер:

– Алма апай өлген жоқ. Ол кісі əлі күнге дейін біздің қасымызда жүр. 

Бір  нəрсенің  шешімін  таппай  қатты  қиналған  сəтте  Алма  апай  есі ме 

түседі. Мен соңғы кезде таңғалатыным, шешем қайтыс болғаннан ке йін 

көптен бері хабарласпай кеткен Айсұлу маған өзінен-өзі телефон шал-

ды да, «амансың ба, мен сені көргім келеді» деді. Келгеннен кейін «екі 

күннен  бері  түсіме  Алма  апай  кіріп  жүр, «анау  қызға  барсайшы»  деп 

айтады» дейді. Сонда мен ойлаймын, апай біздің бірге жүргенімізді қа-

лап жүретін сияқты. Апай өмірге ғашық жан еді. Ортамыздан кет ке ні нің 

өзіне алты-жеті жыл болып қалыпты. Апай жасаған алпыс жыл де ген нің 

өзі не? Қазір жайнап жүретін кезі ғой.

Біздің  аяғымыздан  тік  тұрып  кетпеген,  ортадан  айырылып,  кім  бо-

ларымызды  білмей  жүрген  кезіміз,  апайдың  əбіржіңкіреп  жүрген  кезі. 

Сөй тіп, жүрген күннің бірінде Алма апай екеуміз қатар отырамыз. Апай 

«мына балалар ертең ержетеді, қыз асырап алам ба деп жүрмін» деді. 

Мен «ой, апай мені асырап алсаңызшы» дедім. Соған апай мəз болып 

«сен маған қыз болсаң, басқаның керегі жоқ» деп риза болды. Сол сөзді 

көз жұмғанша айтып кетті.



441

Жаңа Өмірхан ағай апайдың соңғы күндерін еске түсіріп жатыр. Мен 

де апайдың үлкен ұлы Ұлардың тойына бардым. Құдай сəтін салып той-

дан кейін қалып қойдым. Сонда менің екі нəрсе көңілімде қалып қой ды. 

Біздің осы топтан Қосай бар. Қосай апайдың жатқанын көргенде кө ңіл 

күйі тіптен түсіп, өліп кете жаздады. Кейін апайды шығарып сал ған кез-

де Бағиланың үйінде отырып, Жарылқапқа телефон соқтық. Сонда Жа-

рыл қап телефоннан еңіреп тұрып жылады.

Біз шешеміз қайтыс болғанда да олай жыламайтын шығармыз дедім. 

Сондай кісіден тəрбие алғанымыз, сол кісімен ортақ жұмыс жа са ға ны-

мыз  біздің  бақытымыз  болар  деп  ойлаймын.  Мүмкін,  ол  кісі  болмаса, 

бас қа ша өмір сүрген болар ма едік? Біздің басымызды қосып отырған 

да – сол кісінің аруағы. Оған мен шын көңіліммен сенемін.

Бибігүл  СҰЛТАНОВА,  Орталық  Азия  университетінің  кафедра 

мең ге ру ші сі:

– Алма апай дегенде көп нəрсе айтқың келеді. Көп нəрсенің ішінен 

апай дың жалпы болмысын анықтайтын уақиғаларды таңдап алу да оңай 

емес. Өмір хан ағай үнемі айтады: «Мықты ғалымдар көп. Бірақ Алма апа-

йы мыз дың мықтылығы – мықты педагог бола білуінде» деп. Менің кө  зім 

жет ке ні апайдың үлкен ғалымдығына үлкен педагогтігі дөп түсті. Өзі   міз 

де қа зір студенттерді тəрбиелеп жүрміз. Бірақ педагогикалық дарын мен 

шы на йы зиялылық сияқты керемет қасиеттер тумысынан келетін дү ние 

екендігіне көзім жетті. Көп нəрсені оқып алуға, үйренуге болады. Ал өз-

ге нің жүрегін жаулау оңай емес. Шыны керек, əр қай сы сы мыз дың жү ре гі-

міз ге Алма апай жол сала білді. «Жүректен шық қан дү ние ғана жү рек ке 

жетеді. Біз жүректі тыңдасақ, жалған айтпас едік» деген сөз ел ау зын да 

жиі айтылады. Сол сияқты апайдың əрбір қимылы, əр бір сөзі жү  рек  тен 

шығатын еді. Сондықтан да біздің жүрегімізге жете біл ді.

Мен  диплом  жұмысыма  Алма  апайдың  тақырыбын  алдым.  Екінші 

курста берді, сонымен 5-курсқа дейін дайындалып келдім. Соңғы кез-

де жұ мыс тың оңай емес екендігіне көзім жетті. Алма апайдың кезінде 

ғы лы ми жұмысты қалай жасау керек екендігі туралы айтқан ақылдары 

қа зір ге дейін азық болып келе жатыр. Бір күні бір дүниені жаза алмай қи-

на лып жазып отырғанымда Алма апайдың «мынаны, шынымен, өзің жаз-

дың ба?» дегені əлі есімде. Сол сөз əлі күнге дейін маған қуат береді.

Алма апайдың ғылыми ізденістері жөнінде айтылып та, жазылып та 

жатыр. Ендігі жерде апайдың педагогикалық ойлары əлі де айтыла тү-

сі луі керек. Осыны талдап, жеткізіп айту керек деп ойлаймын. Өйткені 

бұл – тəрбие. Алма апай кез келген əдеби мұраны ұлттық нəрселермен 

ұш тас ты рып  айтатын.  Жəне  жай  ғана  емес,  жүрегімізге  жеткізе  айта-

тын. Қазақ екендігімізді ұғындырып, қазақ болғанымызға қуандыра ай-

татын. Мақтаныш сезімін көңілімізге ұялата білген осы Алма апай ғой 

деп ойлаймын. Менде «ежелгі əдебиетте не бар?» деген ой болды. Бірақ 


442

бү кіл ақыл-ойдың, тереңдіктің тамыры ежелгі əдебиетте жатқандығын 

апай ұғындыра білді.

Апайдың  сабақ  жүргізу  əдісінің  өзі  өзгеше  болатын.  Оқушысына 

еш қан дай салмақ түсірмей, шаршатпай көп ойларды айта білетін. Апай-

дың сөздері өзіңнің нені білмейтініңді ұғындырып, сол арқылы Ұлт тық 

кітапханаға барып, сонан керегіңді іздендіретін. Ұстаздық əр кім нің жү-

ре гін де гі ұйықтап жатқан сезімдерді түртіп оятуында шығар деп ойлай-

мын.  Апай  ешқашан  ұрысқанды  білмейтін.  Ендігі  жерде  осы ның  бəрі 

шəкірттеріне дарысын дейміз. 



Нұрсұлу МƏТБЕК, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, фи-

лология ғылымдарының кандидаты:

– Мен Гүлзаданың айтқан ойын тірілткім келіп отыр. Əрбірден ке йін 

Алма апайдай шəкіртінің жүрегінен орын таба білген ұстаз жоқ шы ғар. 

Өйткені апай əрбір шəкіртінің жүрегіне «апайдың жақсы көретіні – мен-

мін» деген сенім ұялата білді. Содан кейін біз дайындық факультетінде 

жүргенде  апайдың  кітабы  шығып,  оған  өзінің  қолтаңбасын  қал ды рып 

жатты. Мен өзіме жазылған қолтаңбаны көріп, артынан өзім ойланып, ұя-

лып қалдым. «Үміт күткен шəкіртім Нұрсұлуға!» деп жазған екен. Бі рақ 

кейін апайға келіп тақырып алып, сол тақырыпқа кіріскеннен кейін, қиын-

ды ғын сезініп, қазіргі əдебиетке кеткім келді. Оны өзім апай ға барып айта 

алмаймын. Жолыққан жолдастарымды араға салсам, «жоқ, мен ол та қы-

рып ты тек Нұрсұлу жазады деп əдейілеп бергенмін» деп рұқ сат бермеді. 

Апай өмірден өткеннен кейін барып, қалай да болса осы жұмысты алып 

шы ғуым керек деген ой тұрды. Қанша дə ре же де шық қа нын қайдам, бірақ 

ая ғы на дейін жеткізуге тырыстым. Сол та қы рып тан қорғадым.

Айсұлу ҚАСЫМБЕКОВА, Алматы облысы Жамбыл аудандық əкім-

ді гі нің ішкі саясат бөлімінің бас маманы:

– Бəріміз де студенттік кезеңді басымыздан өткізіп, тамаша сол бір 

ға жа йып сəттерде Алма апайдан тəлім-тəрбие алдық. Ал бірақ мен апай-

дың Жандосов ауылынан ашқан гуманитарлық мектебі жөнінде айтқым 

ке ліп отыр. Алма апай мектеп ашылғаннан кейін біздің ауылға арнайы 

барды. Мен ол кезде Жамбыл ауданының біраз қашықтықта жатқан Мə-

ті бұ лақ деген ауылы бар (Кенен атамыздың жатқан жері), сол жерде жұ-

мыс істеп жатқан едім. Апай ауылға соғып, «Қызым, өзімнің группамды 

жиып, бір мектеп ашсам деген ойым бар еді. Мектебімді ашып қойдым, 

бі рақ  мен  оқытқан  тобымның  балалары  жиналмай  жатыр.  Енді  сенен 

бастайын дедім» деді. Мен қазақы жерге келін болып түскен адаммын. 

Ата-енеме жаутаңдап қарадым. Ол кісі енеме қарап батыл түрде: «Өкіл 

ше ше сі едім, осы уақытқа дейін келін қылдыңдар, енді қызымды өзіме 

қай та рып беріңдер», – деді де, жол жүріп кете барды. 

Сонымен мен ол кісінің сөзін жерге тастай алмай, сол жылы оқу жылы 

басталғанша апайдың мектебіне келдім. Ол кісі қандай қиындықта, на-



443

ғыз нарықтың қысып тұрған шағында мектеп ашты. Алма апай – идея-

лар дың тұнбасы, нағыз қайнар көзі. Ғылыми жұмыстарды жинап қо йып 

қой ған, бар ойы – мектепте. Ал біз ол кезде Кеңес үкіметінің қа лып тас-

қан мектебінде жұмыс істеп келген адамбыз. Апайдың қойған шарттары 

оған келмейді.

Апай – тума талантты мұғалім. Ондай тума таланттар ілуде бір кез-

десетін шығар. Мен əзілдеп: «ХІХ ғасырда – Ыбырай Алтынсарин, ХХ 

ға сыр да – Алма Қыраубаева» дейтінмін. Ол кісі: «əй, тым асыра айтып 

жі бер ген жоқсың ба?» – деп күлетін. Мектеп жұмысы қаржы тап шы лы-

ғы нан қатты қиналды. Екі жылдан соң мен бір күні қиналып кеткенде 

«апай, осы жерден нүкте қоя салсақ қайтеді» десем, «жоқ, əлі апробация 

аяқ тал ған жоқ қой. Қайтсек те тəжірибенің үшінші жылын меңгеруіміз 

керек» дейтін. «Апай, ғылыми жұмысыңыз қалып бара жатыр ғой?» де-

сем, «ой, мен жарты жылдан кейін директорлықты өзіңе беремін, одан 

ке йін өзім ғылыми жұмысқа отырамын» деді.

Сонда екеуміз ұстаздардың ғылыми конференцияларына қа ты са мыз. 

Апайға «жаңа үлгідегі мектеп директоры» деп арнайы сөз береді. Бар ған 

жеріне  мектеп  туралы  таныстырады.  Апай  «бұл  менің  ба ла ла рым ның 

қуа ныш мектебі болды» деп айтатын. Шындығында да, елу ба ла ның қуа-

ны шы на, бүкіл ауылдың көз қуанышына айналған мектеп болды.

Апай кез келген адамның іргетасын таба білетін. Осының бойында 

қан дай  талант  бар,  қандай  дарын  бар  деп,  жоқтан  бар  шығарып  ала-

тын.  Сіз дер  ол  кісінің  қалыптасқан  шəкірттерісіздер.  Ал  ауылдағы  ол 

кі сі нің  елу  шəкірті – аппақ  парақ  болып  келіп,  апай  жазған  жазумен 

түс кен таза туындылары. Сол балалардың бірінен-бірін бөлек көретін. 

Біз «Алма апай» деп қалай елжіресек, олар «Алма бибі» деп жүректері 

ауыздарынан шығып кете жаздайды. Біздің мектепте екі-ақ «бибі» бола-

тын. Ал енді Алма апайдың мектебі сол ашылған күйінде қалды. Алма 

апай «менің мектебім» он жыл бұрын ашылып қойған мектеп, сендер он 

жылдан кейін осы мектепті іздейсіңдер. Сол кезде мен əр шəкіртімнің 

бойынан бір тал қасиет қалғанда, кейін көресіңдер, лицейдің баланың 

жанына қандай əсер еткенін» дейді. Ал енді тек балалар ғана емес, ауыл-

дың  үлкендеріне  дейін  үлкен  ілтипатпен,  толғаныспен  еске  алғанда, 

Алма апайды танымай қаласың. Мен «ұстаз деген – пайғамбар» деп айт-

қа ным да, ол кісі риза болған.



Гүлзада ҚҰБАШЕВА, ақын:

– Мен дастарқан басында отырып, Алма апайды 20–30 жыл бойы сөз 

еткенмін, сол сөз менің балаларымның құлағына сіңіп өсті.

Сол кезде – Жарылқап староста. Мен тұрмысқа шығып, бойыма бала 

бітіп, ауырып жүрген кезім. Аяғым ауыр, ұйқыға жерік екенмін. Күн де 

екі-үш сағат ұйықтап қаламын. Жарылқап: «əй сен кешікпеймін деп көп-

ші лік тің көзінше сөз берші» дейтін. Мен «жоқ, Жарылқап сөз бере ал-


444

маймын» деймін. Ұйқының соншалықты тəтті екендігі, орнымнан тұра 

алмаймын. Сонда ұйқыға жерік екенмін. «Өзі сабаққа келмейді, сонда 

да Алма апай Гүлзада деп өліп кете жаздайды» деп қыз ға ныш пен қай-

рай тын дар да шықты. Кейін біз Тəшкенде тұрдық. Үлкен қы зым Ал ма-

ты ға оқуға түсуге келді. Содан Алма апайды, Жарылқап аға сын жазып, 

«Əде биет  айдыны»  газетіне  мақала  беріпті.  Қызым  «Қа зақ фильм де гі» 

пə те рі не апайды іздеп келсе, апай ауруханаға түсіп қалыпты. Кейіннен 

қы зым ның  жағдайын  біліп,  апайды  көріп  кетейінші  деп  келгенімде, 

Алма апай «сенің қызың келді, қалаған оқуына түсіремін деп едім, кетіп 

қал ды. Қалдырып, келін қыла салайын деп едім», – дейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет