Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет42/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53

Жанат АЙМҰХАМБЕТОВА

ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ ҰСТАЗ ЕДІ

Бүгінде бақилық болып кеткен Алма Қыраубаева есімі Қазақ мемле-

кеттік ұлттық университетінде білім алған студенттердің есінде ерекше 

ілтипатпен  жатталып  қалды.  Алма  апай,  ең  алдымен,  алдындағы  сту-

дентке асқан қамқорлықпен əрі мол мейіріммен қарайтын Үлкен жү рек-

ті  ұс таз  еді.  Ежелгі  дəуір  əдебиеті  пəнін  өткенімізде  апайдың  са бақ ты 

қыз ғы лық ты тартысқа құрып, топ студенттерін толық баурап алатын ше-

бер лі гі тəнті ететін. Сабаққа құлқы болмай отырғандарды қалт еткізбей 

ұға қоятын сезімталдық Алма апайдың ерекше бір қасиеті еді. Ондайда 

«Қалқам, дəлізге шығып келе ғой, кішкене сергіп қайт шы» дей тін. Неме-

се мазалап жүрген ой, қиюы келмей қалған жағдай болып жатса, ондай 


419

студенттерді жеке алып қалып, əңгімеге тартатын. Қо лы нан келген кө ме-

гін аямайтын. Апайдың араласуымен, кеңесуімен отау құ  рып, ша ңы рақ 

көтеріп,  жақсы  отбасына  айналған  студенттер  қан ша ма.  Еш қа шан  сту-

дентті жəбірлемейтін, қатты сөз айтпайтын. Студент ба сын да ғы жағ  дай -

ды түсінуге тырысып, рухани дем беретін. Алма апай тамаша ұс таз, ме йі-

рім ді ана, парасатты ана ретінде əрқашанда біз дер ге үлгі болатын. 

Аудитория, №3-4, 2002 жыл

 Балғынбек ИМАШЕВ 

 

ПАРАСАТ МЕКТЕБІ

Бір күні ойда жоқта сыртынан ұлағат тұтып жүретін ұстазым кафед-

расына  шақырды.  Қаскелең  ауданында  халықтық  педагогика  негізінде 

тəр бие беретін, Алма апайдың өзі негізін қалаған орта мектеп бар екен. 

Сол  мектептің  оқушыларымен  кездесу  өткізетінін,  сол  кездесуде  жур-

налистика  факультетінің  Есей,  Жаңылсын  деген  студенттерімен  бірге 

ақын дар айтысының үлгісін көрсетіп беруімді өтінді. Менің айтысаты-

нымды қайдан естігенін білмеймін, бірақ мен бұл кісінің Жыр алыбы 

Жам был дың немере келіні екенін, үш ұл тəрбиелеп отырғанын, өзінің 

домбырамен  əнді  жақсы  айтатынын,  ұлдарының  айтысатындығынан 

хабардар болып алғанмын. Кездесу болатын күні Алма апайымыз бізді 

ауыл да ғы үйіне алып келді. Шай үстінде өнер əлемі туралы көп əң гі ме-

лен ді. Өткір, нұрлы жанарынан мейірін төге отырып, қоңыр даусымен 

əсер лі əңгімеге бəрімізді ұйытып тастады. Мектеп қабырғасында жүр ген-

де аудан, облыс көлемінде үлкенді-кішілі айтыстарға қатысып, əр нəр се-

ні өлең өлшеміне түсіріп, жанымыздан суырып жыр айтқанымыз болма-

са, бұл киелі өнердің мəн-мағынасы, мақсаты, ел өміріндегі рөлі туралы 

көп ойланбаппын. Əйтеуір, елдің айтыс десе ішкен асын жерге қо йып, 

қызық үшін ғана емес, қаны қызып кететіндігінен, ақын атау лыны жасы-

на қарап емес, көмейдегі асылына қарап бағалайтынын, ар дақ тай ты нын 

сезінетінмін. Есей мен Жаңылсын журналистер болған соң, Есей – апай-

дың ұлы Бұланмен, Жаңылсын менімен айтысатын болды. Манадан қыз-

ға  бозбала  ретінде  əзілдемекші  болған  менің  ойымнан  Алма  апайдың 

«Айтыс – тəрбие құралы» деген сөзі шықпай қойды. Жаңылсынмен ара-

да ғы айтыс əзілі жарасқан, сыйласымдылығы басым əсерлі бағытта өр-

бі ді.  Мұнымызға  ең  əуелі  Алма  апайдың  риза  болғанын  көріп,  төбем 

көк ке жетті. Жақсы басталған кездесу дəмді аяқталды. Студент болғалы 

айтысты ұмытып жүрген кезде тынысымды қайта ашқан, көкжиегімді 

ке ңіт кен кештің ұйытқысы болған Алма апай мені өнерге қайта əкеліп 

қана қой май, қасиетті өнер арқалатар ауыр жүктің салмағын да анықтап 

берді.


420

Қаскелеңнен  қайтқанда  мен  Жыр  алыбының  шаңырағындағы  ке лі-

ні нің  көргенділігіне,  мектеп  директорының  парасатына,  университет 

ға лы мы ның біліктілігіне тұшынып, ұстаз есімін жадыма өшпестей етіп 

жазып қойдым. 

«Аудитория», №3-4, 2002 жыл

Гүлдария ЕРЖАНОВА

РУХПЕН СҰХБАТ

Алма Қыраубайқызы барлық шəкірттердің ардақтысы еді. Ақы-

лы  мен  білімі,  іскерлігі  мен  қабілеттілігі,  қайырымдылығы  мен 

қам қор лы ғы, турашыл-шыншыл сөзі оны үлкен құрметке бөледі. 

Біз қашанда ол кісінің батыл, кімді де болса иландырып, көзін 

жет кі зе  дəлелдейтін  ғылыми  пікірлеріне  қайран  қалатынбыз  əрі 

осы қасиетін мақтаныш тұтатынбыз. Керек десеңіз, санамызда əлі 

де сырласқандай боламыз. 

Шəкірт ойы: Көзі тірісінде Гомер атанған Жамбыл атамыздың жыр-

ларын көп жылдар бойы теледидардан орындап жүрдіңіз.



Ұстаз рухы: Жамбыл атаны көргентыңдаған кісілердің аузынан, өз 

баласы Тезекбай атадан, немересі Əлімқұл ағадан, келіндері жəне бас қа 

да көнекөз қариялардан естіген əуендерімді жинап, теледидардан бірне-

ше рет хабарлар жүргізіп, жырды айтып бердім. «Жамбыл салған əн еді» 

атты кітап шығардым.

Шəкірт  ойы:  Біз  университетте  əдебиет  тарихын  «Орхон-Енисей» 

жазба ескерткіштерінен бастап оқыдық. Ал сіздің «Соростан» шық қан 

кі та бы ңыз да əдебиет тарихын ары қарай шегіндіріп, біздің за ма ны мыз-

ға дейінгі уақыттарға апардыңыз...



Ұстаз  рухы:  Мен  бұл  кітабымда  ұстазым  профессор  Бейсембай 

Кенжебаев салып берген сүрлеумен жүре отырып, ары қарай тереңдей 

түс тім. Бүкіл түрік жұртының көсемі – Афрасияб, түріктер оны Алып-

Ер  Тұң ға  деген.  Афрасияб – Авеста  кітабы  жазылғанға  дейін  аңызға 

айналып  үлгерген  адам.  Біздің  аталарымыз – түріктер  оның  қазасына 

қай ғы рып, жоқтау жырын шығарған. Жоқтау Қашқари өмір сүрген ХІ 

ға сыр ға дейін жеткен. Əлкей Марғұлан «Авестаны» жазған – Əмудария 

мен Аралды мекендеген ғұндар», – дейді. Ғұндар қазақ халқын құрауға 

қа тыс қан тайпалардың бірі екені мəлім. 

Шəкірт ойы: Қазіргі уақытта мектеп мəселесі түбегейлі шешімін тап-

қан жоқ. Тəрбие – білім беру жүйесінің басты мақсаты да, құралы да. Ұлт-

тық білім беру жолы тəлім-тəрбие – білім атты сатымен жүргізілуі тиіс се-

кіл ді. Сіз осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп ашып, алғаш рет ұлт тық мек-

теп тің іргетасын қалап, осы мəселенің шешілу жолын көр сет кен еді ңіз.


421

Ұстаз рухы: Иə, баланың рухани жан-дүниесін қалыптастыру ар қы-

лы қазіргі əлемге шығару бағдарламасының жобасын жасап, сол бойын-

ша ауыл балаларын үш жыл оқыттым. Материалдық сүйеу бол ма ған дық-

тан  жабылды.  Қайырымдылық  мақсаттағы  мектеп  еді.  Уа қыт тан  ерте 

туды ғой деп ойлаймын...

Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Алма  Қыраубаева 

мар құм ның қазақ əдебиетінің тарихына қосқан үлесі зор, ғылымға бер-

генінен беретіні көп үлкен ғалымдарымыздың бірі еді. Ұстазымыздың 

тір ші лік те жасаған жақсылығы, тигізген шапағаты көңілден өшпейді. 

«Аудитория», №3-4, 2002 жыл

Гүлбиғаш ОМАРОВА

ҰСТАЗДЫҚ ТҰЛҒАСЫ

Алма  Қыраубайқызының  дəрісін  бір  семестр  тыңдаған  студенттер 

«біз Алма апайдың шəкірттеріміз» дегенді мақтан тұтады. Біздің курс та 

осындай еді. Əрине, бір ғана семестр дəріс оқыған ұстазды ау ди то рия да-

ғы алпыс шəкірттің бір кісідей қабылдап, ұйып тыңдауы, шынайы жақ-

сы көруі оңай емес. Алма апайдың ұстаздығы да осыдан көрінді. Егер ол 

кісі аудиторияға бір-ақ рет кірген болса да, студенттерден «бес жылғы 

оқу кезінде кімнің дəрісі ерекше есіңде қалды?» деген сұраққа «Алма 

апай дың» деп жауап беретініне күмəнім жоқ. 

Əрбір шəкірттің көзіне байыппен үңіле қарап, оның не ойлап, нені ар-

мандап жүргенін түсінуге тырысу, аудиторияны ортақ əңгімеге тартып, 

студенттер үшін қызықты да өнегелі пікірталас жүргізу, əрбір дə ріс тен 

қорытынды түйін жасап отыру, ең бастысы, осының бəріне ерік-жі ге рін, 

уақытын аямай, жан-тəнімен, шын ықыласымен кірісу – нағыз ұс таз дың 

қолынан келетін шаруа.

Алма апайды менің өз ұстазым санауымның ерекше себебі бар...

Мектеп  бітірер  жылы  мен  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəнінен  қалалық 

олимпиадаға қатыстым. Оның алдында екі жыл қатарынан осы сын ме-

жесінен сүрініп, республикалық олимпиадаға қатыстырар жолдамаға қо-

лым  жетпей  жүрген.  Сондықтан  да  бұл  мен  үшін  айрықша  сынақ  еді. 

Олимпиададағы алғашқы саты – шығарма жазу болатын. Бірінші күні-ақ 

«қалалық комиссия құрамында ҚазМУ-дің оқытушысы Алма Қы рау бае-

ва бар екен» деген хабарды естідік. Бұған дейін қалалық олимпиада нə ти-

же сін қалалық білім беру департаменті қызметкерлері шығаратын. Мен 

бірінші күнгі сынақтан-ақ оңбай сүріндім. Дұрысын айтқанда, Мағжан 

Жұ ма баев тың «Батыр Баян» поэмасы бойынша шығармамды аяқтай ал-

май, жартысына келгенде тапсыруға тура келді. Олимпиада тəртібі қа-

тал. Аяқталмаған, ойы бұлдыр шығарма екінші турға өтпейтінін білем. 



422

Сол күні салым суға кетіп, үйге қайттым. Бірақ «өлмеген құлға өлі ба-

лық» деп, бір күннен кейін есек дəмемен олимпиада өтіп жатқан мек-

тепке қайта келдім. Шығарма жазу сынағының нəтижесі қабырғаға ілін-

ген екен. Қарайын десем, көңілім сенбейді: менің аты-жөнім ең жо ға ры 

балл алған екі оқушының бірі ретінде тізімнің басында тұр!

Шабыттанып, марқайып, ауызша сынаққа да кірдім-ау, ақыры! Алма 

апайдың екі күннен бері атын естігенім болмаса, жүзін көріп тұрғаным – 

осы. Сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін Алма апай соңғы сұрағын 

қойды: «Кім боласың?». Бұл – мектеп бітіруші үшін ең жауыр болған 

əрі ең қиын сұрақ. Ойланбастан «философ боламын» дедім. Алма апай 

таң ғал ға нын жасырмады: «Қыз балаға философия ауыр мамандық қой, 

мүм кін филологияға немесе журналистикаға барарсың?». Мен бас шай-

қа дым.


Жеңімпаз анықталар күн де келді. Үшінші, екінші орынның иелерін 

атағаннан  кейін,  Алма  апай  бірінші  орынның  иесін  ұзақ  таныстырып, 

мақтау сөздерді үйіп-төгіп айтып жатты. Мен ол кісінің сөздерінің бі-

рін естігенім жоқ: құлағым шыңылдап, жүрегім дүрсілдеп соғып тұр ған. 

Алма апай менің аяқталмаған шығармамды мақтап тұр еді...

Республикалық олимпиада жүлдесінің арқасында ҚазМУ-дың жур-

налистика  факультетіне  түсіп,  оқып  жүрмін. 2-курстың  алғашқы  се-

местрі нің  бір  күнінде  аудиторияға  Алма  апай  кіріп  келді.  Кіре  сала 

бізбен танысып, өзін таныстырып, сабақ жоспары мен тақырыбын əң-

гі ме леп, студенттерді үйіріп əкетті. Мені таныған ыңғай білдірген жоқ. 

Са бақ со ңы нан бізге «Жаным садаға» кітабын таратты. Курстастарым 

се кіл ді мен де Алма апайдың қолтаңбасын алуға қасына жақындадым. 

Кітапты  ұсынғанда  ғана  менің  жүзіме  барлай  қарап, «Сен  де  осында 

екен  сің ғой» деді күлімсіреп. Ұстаздың шəкірті үшін қуанғанын алғаш 

сезінгенім осы еді...

«Түркістан», 2003 жыл, 10 шілде

Бибігүл СҰЛТАНОВА

«ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МƏҢГІЛІК...»

Ғалым жайлы, оның ішінде өзің ұстаз əрі үлгі тұтқан Тұлға деп са-

найтын адам туралы сөз қозғау аса қиын. Дегенмен де айтуға болатын 

сияқ ты,  егер  ол  қажеттілік  жүректен  туса.  Онда  да  ұстаздың  өнегелік 

ұс та ным да ры – адамгершілік, адалдық, борыш ұғымдары басшылыққа 

алынса... 

Бəрін де көрдіңіздер,

Бəріне көндіңіздер,



423

Бəріне сендіңіздер,

Бəрін де бердіңіздер.

Алпысқа келсек екен енді біздер...–

 

деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлаған, армандаған алпыс жасты ғазиз 



ұс та зы мыз Алма апай аман болғанда биыл тойлайтын еді. Енді ол той 

Алма апайсыз өтпек...

Алма  апай  ұзақ  жылдар  бойы  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университетінде студенттерге дəріс оқумен қатар, екінші жағынан, қа-

зақ  əдебиетінің  тарихына  үлес  болып  қосылған  ғылыми-зерттеулерін 

жүр гіз ді. Алма апайдың əдебиет тарихына қатысты еңбектері ғылыми 

ор та ға белгілі, ол – өз алдына бөлек əңгіме. 

Алма апай 1980-90 жылдары Қазақ ұлттық университетінің филоло-

гия,  журналистика  факультеттері  студенттерінің  сүйікті  ұстазына  ай-

нала білді. Əр шəкіртін құрметтеп, үміт арта қарайтын мейірім шуағы 

Алма апайдың жүрегінен шығатын.

Жүрек мəселесі – Абайдан бастап, Мағжан, Мұқағали ақындардың 

жиі-жиі оралып, қайыра айналып соғып отыратын иірімі. Сезімталдық, 

нə зік тік, ұяңдық, ұят, мейірімділік, қайырымдылық тек жүректен шы ға-

ды. Жүректен шыққан дүние ғана жүрекке жете алады. Алма апай ХХ 

ға сыр басында өмір сүрген ұлы ұстаздардың сарқытындай еді. А.Бай-

тұр сы нов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Н.Құлжанова,  С.Сей фул лин, 

М.Ду ла тов сынды даналар бойындағы сирек кездесер педагогикалық қа-

сиет тер де Алма апай бойында бар еді деуге болады. Сондықтан болар 

сту дент тер дің бəрінің де Алма апайын жақсы көруі. Ұлы Абайдың «Тіл 

жү рек тің айтқанына көнсе, жалған шықпас еді...» дегеніндей, Алма апай-

дың əр қимылы, əрекеті жүректен шықты.

1970–1990 жылдары қазақ ғылымының, білімінің, мəдениетінің Хан-

тə ңі рі сі – ҚазМУ болғанын ешкім жоққа шығармас. Бұл жылдары уни-

верситет даңқымен қатар, филология факультеті де киелі сөз өнерінің, 

ғы лы мы ның,  білімінің  ордасы  ретінде  танымал  болды.  Факультетте 

ең бек  еткен  Алма  апай  өз  шəкірттері  арасында  ерекше  сый-құрметке 

ие  болды.  Апайдың  қажыр-қайраты,  жігері,  мінезділігі,  телегей-теңіз 

білімі  арнасына  сыймай  жататын.  Сондықтан  да  қазақтың  талай  та-

лантты «Өнер алды – қызыл тіл» деп жүрген жастарының «жанам деген 

жүрегіне от берді, шабам деген жігітіне ат берді». Апайдың қысқа ғұ мы-

ры (1975 жылдан – 2001 жылға дейін) факультет өмірімен тығыз байла-

нысты болды. Алма апай факультетте аға оқытушы, доцент, профессор 

болып  өзі  өсумен  бірге  шəкірттерін  де  бірге  өсірді.  Осы  кезеңде  ака-

демик  З.Қабдолов,  профессорлар  Т.Кəкішев,  Р.Бердібаев,  Р.Нұр ға лиев, 

Х.Ка ри мов,  С.Ордалиев,  С.Мырзабеков,  Б.Сағындықов,  Т.Сай рам баев, 

Ж.Дə де баев, А.Қыраубаева, З.Бисенғали, Ш.Ибраев, А.Ай ға бы лов, Ə.Ке-


424

ри мов тəрізді ұстаздардың арқасында филология факультеті ана тілі, ата 

дəстүрі, ұлт болашағы үшін отқа түсетін ұлтжанды азаматтарды шың-

дап, шынықтырған əйгілі білім ордасы болды.

Алма апай ғалымдығымен де, ұстаздығымен де шəкірттерінің махаб-

батына бөленді. Ол əрқайсымыздың көкірегіміздегі азаматтық отты тұ-

тан ды рып, топшысы талмас қанат бітіргізді. Əрқайсымызға қа же ті міз ге 

қарай рухани қуат берді. Алма апайдың ғылыми еңбегі, ұлағатты ұс таз-

ды ғын былай қойғанда, əр студентін баулудағы мазасыз ізденісі үшін де 

борыштармыз.

Ғабит  Мүсіреповтің 1969 жылғы  жас  ақын-жазушыларға  қатысты 

айт қан  «Жас  өмірдің  балаң-балғын  шағында  аңызақ  желден  көлеңке, 

үс кі рік желден ығын керек. Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш біт-

кен тұқымын ығына қарай төгеді. Адам баласы ананың құшағында, қо-

ғам ның  шылауында  өседі.  Аға  буынның  жауаптылығы  да – осында... 

Жастарды  ерте  қартайтпауымыз  керек.  Балғын  шақтың  өз  сұлулығы 

бар,  өз  қызығы,  өз  ұшқырлығы  бар.  Буыны  қатқан,  қызығы  басылған 

аға буын аяғын қия басқан жасты дүрелей бастамауымыз керек. Əсіресе 

жас дарынның жалынын тұншықтыру – қылмыс...» деген сөздерін Алма 

апай өмірлік кредосы етіп ұстанды. Əр шəкіртін жан жүрегімен сүйді. 

Əр қай сы сы ның өз орнын табуына көмектесті. Сана, сезім, жүрекке кір-

шік түсірмей өмір сүрудің үлгісін көрсетті. 

Алма апай əр студенттің көңіл күйін тамыршыдай дөп басатын. Бір-

екі өлеңі, мақалалары басылып, əні студенттер арасында айтылып, «өзін 

ХХ ғасыр данышпанына» жатқызып қойғандарға да, «ҚазМУ-дың дип-

ломы ертең қалтаға түскелі тұр, мен білмейтін дүние жоқ, маған осы бі-

лім жетіп-артылады» деп сабаққа баруға да ерінетін тоқ ме йіл су ші лер ді 

қызбаланбай, қорқытпай, «ұятпен» ғана, елеусіздеу əң гі ме ле рі мен тəр-

бие леп алатын.

Өмір-өзен үнемі өз арнасымен аға бермейтіні белгілі. Дүниедегі сұ лу-

лық атаулы күн нұрынан, əйел ажарынан, ананың мейірімінен жаралады 

дейміз. Дей тұра «қыз жолының қылдан да жіңішке екенін» бай қа май 

қалған қыздардың нəзік жанына түскен жараны, ыстық сезімі, сү йіс пен-

ші лі гін де гі сызатты қабақтан қапысыз танитын. Осындай жағ дай лар дан 

Алма апай əр студентін көл қорыған қызғыштай қорыды. Сонымен қа-

тар Алма апай əйел бақытының отбасындағы тірліктің бе ре ке сі не, ша ңы-

рақ тың қуанышы мен шаттығына байланысты екенін əр шə кір ті не ре тін 

тауып айта білетін. 

2-курста Алма апай маған «Ахмед Иүгінеки жəне Абай» деген та қы-

рып та диплом жұмысын берді. Жай бере салған жоқ, ежелгі дəуірдегі 

əде биет тарихы бойынша диплом жұмысын жазудың, зерттеудің қиын 

еке нін, көп студенттердің оған бара бермейтінін, ежелгі дəуірге ерекше 

тө зім, жүректілік қажет екенін шегелей айтты. Алма апай айтумен ғана 


425

шектелген жоқ. Диплом жұмысын басынан аяғына дейін оқып, түзеп, ғы-

лы ми, əдеби, стильдік өңдеуден өткізді. Осы жұмысты жазу барысында 

ұлы Абайды үнемі қайта оқу керек екенін түсіндім. Абайдан бұған де-

йін ештеңе түсінбегенімді, əлі де түсінбеген дүниелерімнің көп екенін 

пайымдадым.  Абайсыз  сөз  өнері,  қазақ  мəдениеті,  қазақ  ойшылдығы 

туралы пікір айту мүмкін емес. Абайды тану қазақты тану деген пробле-

мамен тығыз байланысты. Сондықтан ежелгі дəуірлердегі əдебиет өкіл-

де рі мен  салыстыра,  сабақтастыра  Абай  мұрасын  барлау,  ақынның  ой 

тұң ғиы ғы на тереңдеу парызымыз екенін ұстаз арқылы таразылағандай 

болдым.

Əр мəселеден Алма апайдың ақыл-ой кеңдігі, парасат-пайым те рең-



ді гі  жағынан  да  өз  тұстастары  арасынан  жарқырай  көрінгенін  аң ға ру 

қиын  емес.  Мұның  əр  мысалын  ғылыми  еңбектерінен,  шəкірттерімен 

қа рым-қатынасынан қөруге болады. 

Алма апай І курста ежелгі дəуір əдебиетінің тарихы пəнінен, жо ғар ғы 

курстарда арнайы курстардан сабақ берді. Апай өзі ерекше қа дір лей тін 

ежелгі дəуірлердегі мұралардан үзінділерді əдемі қоңыр дауыспен қа ғаз-

ға қарамай жатқа оқитын.

Қазір Алма апайдың мыңдаған шəкірттері Қазақ елінің əр түк пі рін де, 

əр салада жемісті еңбек етіп жатқан сан мыңдаған қазақтың жəне дəл 

бүгінгі күні мектеп қабырғасында жүрген тағы қаншама жас ба ла лар-

дың, университеттердегі студенттердің ұмытылмас ұстазы болып отыр. 

Алма апайдың мыңдаған студенттерінің бірі ретінде биыл дүниеден оз ға-

ны на 6 жыл, туылғанына 60 жыл болған аяулы ұстаз, тəлімгер тəр бие ші-

міз дің биік рухы алдында бас иіп, жаныңыз жанатта болсын дейміз. 



Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

СІЗДІ САҒЫНЫП ЖҮРЕМІЗ, АЛМА АПАЙ!

Өзіміз тоқырау деп енші тағып берген сексенінші жылдары барлық 

жо ға ры оқу орындарының жанында дайындық бөлімдері бар-тын. Бұл 

ауылда немесе қаладағы өндіріс орындарында жұмыс істеп жүрген жас-

тар ға, азаматтық борышын өтеп қайтқан жігіттердің қалаған оқу орнына 

қа зір гі дей парамен емес, өз күшімен түсуге жəрдем болар үлкен мектеп 

еді. Бір жыл ішінде бөлім сізді алдымен білім алуға жетелесе, одан кейін 

қала тірлігіне, студенттік шақ деп аталатын ұмытылмас өмірге дағ ды лан-

ды ра тын. Қала əдебін, сəнін үйрететін ол кездің оқытушылары да қа ра-

па йым, жаны таза, оқимын деп келген қыз-жігіттердің шыққан жері мен 

қалтасына емес, ынтасына, бойындағы ұмтылыс, талаптарына көп мəн 

беріп, соны ұштауға, қанаттандыруға бар күш-жігерін жұмсайтын. Ал үл-

кен дер дің осы ықыласын сезіне білген дайындық бөлімінің тың дау шы ла-


426

ры ның да оқуға деген құштарлығы айрықша əрі ұйымшыл, шеттерінен 

өнер лі, белсенді келетін. Осы қасиеттерінен болар күндізгі бөлімнен түс-

кен дер біздерге «балалар үйінің» балалары деп əзілдейтін. Міне, осы бір 

үл кен өмірге қанаттандырып, адам, өмір тануға, əркімнің жолын адаспай 

табуына бағдаршам бола білген дайындық бөлімінде бізге қазақ əдебиеті 

пə ні нен дəріс берген Алма Қыраубаева апайды филология, тарих, жур-

налистика факультеттерінің аталмыш бөлімінде оқыған қыз-жігіттердің 

ұмы туы əсте мүмкін емес. Алма апай əдебиетші оқытушы ғана емес, жан 

танушы да болатын. Сабақта отырған əрқайсымыздың көңіл күйімізді, 

пəн  бойынша  өтілген  тапсырмаларға  дайындығымызды  көзімізден  та-

нитын. Ішкі сезіміңді дөп басатыны сонша – егер бойындағы сəл өз ге-

ріс ті аңғарды ма, үзілісте немесе сабақтан соң əңгімелесуге уақыт та-

батын.  Ол  кісінің  жаныңды  өзіне  баурап  алатыны  сол:  ешкімге,  тіпті 

анама, туған жеңешеме ашқызбаспын-ау деген жүрегіңіздің сандық кіл-

тін апайға қалай ұстата салғаныңызды аңғармай қалатынсыз. Бүкіл бол-

мысы бет-əлпетінде өрілген Алма Қыраубайқызының əңгімесін, ақы лын 

тыңдау қандай ғанибет. Қоңыр даусы жайлау көңіліңді самал болып жел-

піп, жан-дүниеңді мейірім болып өбетін! Апайдың сабақ өту тəсілі ше!

Екі сағатта отыз бала түгел сабаққа қатыстырылып, тақырып тө ңі ре-

гін де өзіндік ой-пікірін қорытындылауға дағдыланатын. Үш, бес ми нут-

тық түрлі тақырыпқа жаздыратын шығармаларын айтсаңшы. Жа қын да 

апай дың «Жанымның садағасы» деген кітабын оқи отырып, өзімнің са-

ғы ныш болып қалып бара жатқан студенттік шағым, аяулы, жаны да өзі 

де  сүйкімді,  сүйікті  ұстазыммен  сырласқан  сəттерім  есіме  түсті.  Неге 

еке нін  білмеймін  біздің  топтан  апай  мені,  Тажницаны,  Талғатты,  Жə-

ні бек ті,  отызға  да  ілікпей  ортамыздан  тым  ерте  кеткен  ақын,  марқұм 

Бауыржан Үсеновті, Ұрзаданы ешкімнен бөле жарғысы келмесе де, бір-

түр лі жақын тартып, жақсы көріп тұратын... Жазғандарымыз өзіне ұнай-

ты нын оңашада ескертіп, болашақта қандай тақырыпта жазуға қа бі ле ті-

міз дің барын айтып, ақыл-кеңесін білдіретін. Өз өмір жолынан да сыр 

тарқататын.  Бəлкім,  бізге  сабақ  болсын  деген  болар.  Біздің  студенттік 

кезде  оқытушылар,  кураторларымыз  жатақханада  кезекші  болып,  біз-

бен  етене  араласатын.  Дастарқан  басында,  қара  шайымызды  сораптап 

отырып, олармен əңгіме-дүкен құратынбыз, əркім өнерлерін ортаға са-

лып, бірі өлеңін, бірі новелласын оқыса, марқұм Бауыржан жырларынан 

нөсер төгетін. Ондай кезде апай да сырттап қалмай, домбыраны қол ға 

алып, əн-жыр термелерді төгетін. Қырғыз əнін əуелеткенде сол əуен са-

зына елітіп жастық қиялмен Алатау асып кететінбіз. Апайдың əзі лі де 

ерекше мəнді-мазмұнды. Қазір кейде сол сəттерді сағынғанда «КазГУ-

град» қалашығына тартып кетеміз. Бірақ өрекпіген көңілімізді дəл қа-

зір гі  жатақханалардағы  сүлесоқ  тірлік  ілезде-ақ  су  сепкендей  басып 

тастайды. Баяғы арқын-жарқын жастар, өз үйіндей аялайтын жа тақ ха-


427

на лар көзге шалынбайды. Тіпті кейбірін студенттен бөтен жұрт жайлап 

ал ған. Оқытушылар бойынан да дəл сол кездегі ерекше ілтипатты бай-

қай алмайтын сияқтымыз. Бірақ Алма апайды жиі көреміз. Сол баяғы 

сал мақ ты, сабырлы қалпы. Сені көрген сəтте туғанын көргендей кең құ-

ша ғы на қыса, маңдайыңнан сүйіп:

–  Қалай  дəу  жігіт  болдыңдар  ма? – дейді  бізді  əлі  де  сол  ауылдан 

келген аңқау, аңғал қалпымызда көріп. Содан кейін ай көріспеген қайын 

сің лі мен жеңгейдей сырласу басталады. Тағы да ақыл, тоқтам сөз айтып 

жөн сілтейді аяулы ұстазың. Тағы да таңырқайсың. Не деген өзгермейтін 

қалып, мінез, парасат. Оны байқаған сайын жаны таза жандардың биік-

тей түсетініне көз жеткізесің. Апай қыздармен сырласқанда ар та за лы-

ғы, кішіпейіл мінез бен сабырлылық туралы жиі айтатын. «Арың – жа -

ның  ның  садағасы»  дейтін.  Міне,  біз  осыны  түйіп  өстік  жанымызға. 

Кейде тіпті бір себептермен сабақтан қалып жатсақ, көп мұғалімге ай-

тар сылтау, өтірігімізді апайға айта алмайтынбыз. Өйткені ол кісі се нің 

ішкі терезеңе көзің арқылы үңілетін. Адам бағалап, тани білуді де Алма 

апайдан дарыттық. Апайдың не сиқыры бар екенін қайдам, қазір де под-

курс тық тар, яғни «балалар үйінің» балалары бас қоса қалса, ең алдымен 

сізді  ауызға  аламыз.  Сабақ  өту  тəсіліңіз,  өзіңізді  ұстауыңыз,  сөй ле ген 

сөзіңіз – бəрі-бəрі біз үшін таусылмайтын əңгіме. Бүгінде оқы ту шы бе-

делі туралы, əр дəрістен берілетін сабақ сапасы жөнінде сөз бола қалса 

да,  ең  алдымен  сізді,  Алма  апай,  Зейнолла  аға  Қабдоловты,  Рым ға ли 

Нұрғалиевты, əдебиет теориясынан дəріс беріп, əмəнда жетпей қал ған 

бір күніміз үшін бір бағамызды қосып беретін ақын Қадыр Мырзалиев-

ті,  сол  кездері  журналистика  факультетінің  деканы  болған  профессор, 

филология ғылымдарының докторы Темірбек аға Қожакеевті, «қыз дар-

дан журналист шықпайды, орындарың қазан-ошақтың қасы емес пе?» 

деп намысымызды қайрап, жігерлендіре түсетін марқұм Тауман Са лық-

бай ұлы Амандосовты, безендіру əлемінің қыр-сырын үйреткен Əбіл фа-

йыз Ыдырысовтарды еске аламыз. Əдетте, шəкірт үшін алғашқы ұстаз 

ұмы тыл май ды дегенді жиі айтамыз ғой, мен жəне менің замандастарым 

үшін ұстаздық тұлғаны дəл таныта білген сіздердің орындарыңыз бө лек-

ше, оның ішінде Алма Қыраубайқызы біздің сізден дəріс алған əр бір сту-

дент тің, əсіресе қыздардың өзіңізге ұқсағысы келіп, соған ұм ты ла ты нын 

білсеңіз ғой, сіз сол үшін де бақытты мұғалімсіз.

Апай, бүгін Мұғалімдер күні сізді тағы сағына еске алдық...

Мен сізді сирек те болса көріп тұратынымды айтып мақтанып жатыр-

мын. Мақтауға тұрарлық, ол арқылы мақтана алатын адамың болғаны 

да бақыт шығар, жан тазалығы – ар садағасы екенін зердемізге түйдіре 

білген аяулы ұстаз, біз сізді үнемі сағынып жүреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет